Казахский язык за год | Қазақ тілі – 1 жылда
Открыть в Telegram
Наш чат @soileuchat | Сообщество @soileu_kz 09.08.24 - я решил начать изучение казахского https://t.me/SoileuKZ/2 24.05.25 - запустил Марафон «Казахский язык за год» https://t.me/SoileuKZ/199 24.05.26 - запустил второй марафон https://t.me/SoileuKZ/666
Больше1 060
Подписчики
+224 часа
+57 дней
+1230 день
Архив постов
🥤 АСЫҚПАЙ ЖҰТ, ТАМАҒЫҢДЫ СУЫҚТАТЫП АЛАСЫҢ
БЫСТРО НЕ ГЛОТАЙ, ПРОСТУДИШЬ ГОРЛО
📌 Глагол дня: жұту — глотать, поглощать
Алматыға аптап ыстық жаз келді.
В Алматы наступило жаркое лето.
«Теректің мамығы, аптап ыстық, шілде» деген ән естеріңізде ме?
Помните такую песню: «Тополиный пух, жара, июль»?
Шынын айтсам, теректің мамығын көріп тұрған жоқпын, бірақ аптап ыстық та, шілде де бар.
Правда, тополиного пуха я не наблюдаю, но жара и июль есть.
Демалыс маусымы, шомылатын кез, саябақта серуендейтін шақ, балмұздақ жеп, әткеншек тебетін уақыт. Әрине, бұл – балалардың ең жақсы көретін мезгілі.
Время отпусков, время купания, время прогулок по парку, время мороженого и каруселей, ну и, конечно, самое любимое время для детей.
Өйткені сабақ жоқ, ештеңе істеудің қажеті жоқ, ал егер бірдеңемен айналыссаң, тек өзіңе ұнайтын іспен ғана айналысасың.
Потому что нет никаких уроков, ничего не нужно делать, а если чем-то и заниматься, то только тем, что нравится.
Алматыда жазда үнемі шөлдейсің.
В Алматы летом постоянно хочется пить.
Отбасыңмен серуендеп жүрсең, балалар үнемі салқын бірдеңе сатып әперуді сұрайды.
Гуляешь с семьёй, и дети постоянно просят купить что-нибудь холодненькое.
Оларға лимонад немесе салқын шай сатып әперіп:
Покупаешь им лимонад или холодный чай и говоришь:
— Аз-аздан ұрттап іш, тез жұтпа, тамағыңды суықтатып аласың, түсінікті ме? — дейсің.
«Пей маленькими глотками, не глотай быстро, чтобы не простудить горло, понятно?»
Олар бастарын изейді.
Кивают головой.
Асықпай ішіп тұрғандарын бақылап тұрасың.
Смотришь, чтобы не торопились.
Өздері де асықпай ішіп, саған: «Міне, осылай дұрыс па?» дегендей қарап тұрады.
Пьют потихоньку и смотрят на тебя, как бы говоря: «Вот так нормально?»
Мұның бәрі өте күлкілі көрінеді.
Выглядит это забавно.
👨👩👧👦 ОТБАСЫЛЫҚ МЕРЕКЕГЕ БАРА ЖАТЫП, ҮЛКЕН КЕПТЕЛІСКЕ ТАП БОЛДЫҚ
ЕХАЛИ НА СЕМЕЙНЫЙ ПРАЗДНИК И СТОЛКНУЛИСЬ С ПРОБКОЙ
📌 Глагол дня: тап болу — неожиданно встретиться, столкнуться
Үш күн бұрын жұбайым екеуміздің үйлену тойымыздың мерейтойы болды.
Три дня назад у нас с супругой была годовщина свадьбы.
Соған орай мен оны бірге бір жерге барып кешкі ас ішуге шақырдым.
И я пригласил её вместе где-нибудь поужинать.
Отбасылық мерекемізді атап өту үшін балаларды да өзімізбен бірге алайық деп келістік.
Мы договорились взять с собой и детей, чтобы отметить наш семейный праздник.
Сол кезде ұлым енемнің үйінде қонақта жүрген еді.
В это время сын был в гостях у тёщи.
Сондықтан алдымен ұлымызды алып кету үшін қала сыртында тұратын енемнің үйіне бардық.
Поэтому мы сначала направились за город, где живёт тёща, чтобы забрать сына.
Әдетте кешкі сағат сегізде мен қала сыртына шықпаймын. Сөйтсем, дұрыс екен.
Обычно в восемь часов вечера я за город не выезжаю. И правильно делаю.
Өйткені біз үлкен кептеліске тап болдық.
Потому что мы попали в огромную пробку.
Себебі Алматыда сырттан келіп жұмыс істейтін адамдар өте көп.
Дело в том, что в Алматы работает очень много приезжих.
Таңертең олардың бәрі Алматыға қарай жүреді.
И утром все машины направляются в Алматы.
Сол уақытта бұл бағытқа шықпаған дұрыс.
В это время в этом направлении лучше не ехать.
Ал кешке бәрі кері бағытқа қайтады.
А вечером все эти люди направляются в противоположную сторону.
Біз дәл сол көлік ағынына тап болдық.
И вот как раз в этот поток мы и попали.
Әрине, ұлымызды кештеу алып кеттік.
Конечно, за сыном мы приехали уже довольно поздно.
Соған қарамастан кейін жайлы бір дәмхана тауып, отбасылық мерекемізді өте жақсы атап өттік.
Но всё равно потом нашли очень уютное кафе и очень хорошо отметили наш семейный праздник.
Жалпы, осы уақыттарды есте сақтап, кешке қаладан шықпауға, ал таңертең қалаға кірмеуге тырысқан дұрыс. 😎
А вообще нужно помнить про эти часы и стараться не выезжать из города вечером и не заезжать в него утром. 😎
🌟 МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ҚАЙТА ҚЫЗДЫРЫЛҒАН ТАҒАМНЫҢ ЗИЯНДЫ БОЛАТЫНЫ РАС ПА?
ПРАВДА ЛИ, ЧТО ЕДА, РАЗОГРЕТАЯ В МИКРОВОЛНОВКЕ, СТАНОВИТСЯ ВРЕДНОЙ?
📌 Глагол дня: қыздыру — разогревать
Түрлі мақалаларды оқып шыққаннан кейін, микротолқынды пеш тағамды радиоактивті етпейді және оның пайдалы қасиеттерін «жоймайды» деген қорытындыға келдім.
Почитав разные статьи, я пришел к выводу, что микроволновка не делает пищу радиоактивной и не «убивает» её.
Ол тек тағамды қыздырады, ал ақуыздардағы, майлардағы және дәрумендердегі өзгерістер қайнату, қуыру немесе пеште пісіру кезіндегідей болады.
Она лишь нагревает продукт, а изменения в белках, жирах и витаминах происходят такие же, как при варке, жарке или запекании.
Сонымен қатар, пісіру уақытының қысқалығы мен судың аз қолданылуының арқасында микротолқынды пеш тағамдағы дәрумендерді кәдімгі қайнатуға қарағанда көбірек сақтайды.
Более того, благодаря более короткому времени приготовления и меньшему количеству воды микроволновка часто сохраняет больше витаминов, чем обычная варка.
Ең бастысы — қарапайым ережелерді сақтау: шыны, керамика немесе Microwave Safe деген белгісі бар арнайы ыдысты пайдалану, тағамды жарамсыз пластик ыдыста қыздырмау, қою тағамдарды біркелкі қызуы үшін араластыру және бір тағамды қайта-қайта қыздырмау.
Главное — соблюдать простые правила: использовать стеклянную, керамическую или специальную посуду с маркировкой Microwave Safe, не греть еду в неподходящем пластике, перемешивать густые блюда для равномерного прогрева и не разогревать одну и ту же пищу много раз.
Шын мәнінде, микротолқынды пештің зияны туралы айтылатын қауіптің көбі тағамды дұрыс сақтамаудан немесе микротолқынды пешке жарамсыз ыдысты қолданудан туындайды.
А вред, который приписывают микроволновке при нагревании, на самом деле может быть связан с неправильным хранением продуктов или использованием неподходящей посуды.
🚙 ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛАН-ҒАЙЫР ДАЛАСЫНДА АДАСЫП КЕТУГЕ БОЛАДЫ
В БЕСКРАЙНЕЙ КАЗАХСКОЙ СТЕПИ МОЖНО ЗАБЛУДИТЬСЯ
📌 Глагол дня: адасу — заблудиться, сбиться с пути
Қазіргі заманда адасып, бағыттан жаңылу қиын сияқты.
Кажется, в современном мире уже трудно заблудиться и сбиться с маршрута.
Себебі қазіргі әлемде кез келген жерде бағыт-бағдар алуға көмектесетін заманауи технологиялар жеткілікті.
Ведь он буквально наполнен технологиями, которые помогают ориентироваться на местности.
Мысалы, екі жыл бұрын мен өмірімде алғаш рет Алакөлге баруды шештім.
Например, 2 года назад я решил поехать на Алаколь первый раз в жизни.
Біздің үйден ол жерге дейін алты жүз алпыс шақырым.
От нашего дома это 660 километров.
Мен навигаторға біздің демалыс аймағымыздың атауын тердім де, бірден жолға шықтық.
Я просто ввёл в навигатор название нашей зоны отдыха, и мы поехали.
Сол сияқты еш қиындықсыз кері қайтып келдік.
Точно так же мы приехали назад — никаких проблем.
Бірақ әлі күнге дейін байланыс пен интернет нашар ұстайтын жерлер бар.
Но есть ещё такие места, где связь и интернет пока плохо ловят.
Соның бірі — менің атам мен әжем тұрған ауыл.
Это деревня, где жили мои дедушка и бабушка.
Үш жыл бұрын әкеммен бірге сол шалғай ауылға бардық.
3 года назад мы с папой ездили в этот далёкий посёлок.
Әкем бір мал базасының маңында қойшылармен балық аулауға алдын ала келісіп қойған еді.
Он договорился порыбачить рядом с одной скотобазой с пастухами.
Бірақ байланыс нашар болғандықтан, оларға телефон соға алмадық.
Дозвониться до них мы не смогли из-за плохой связи.
Содан кейін жарты күн бойы көлікпен жүріп, ұлан-ғайыр қазақ даласынан сол мал базасын іздедік.
И полдня ездили на машине, искали по бескрайним степям Казахстана эту скотобазу.
Ақыры мүлде адасып кетіп, оларды таба алмадық.
Но в итоге окончательно заблудились и так и не нашли её.
Қысқасы, бізге үйге апаратын жолды тауып, кері қайтуға тура келді.
Короче нам пришлось найти дорогу домой и вернуться.
Сол күні балық аулай алмадық.
В тот день мы так и не порыбачили.
👩🎓 МЕКТЕПТЕ МЕН БАСҚАЛАР ЖЫРТҚАН ЖЕРЛЕРДІ ЖАПСЫРАТЫНМЫН
В ШКОЛЕ Я ЗАКЛЕИВАЛ ТО, ЧТО РВАЛИ ДРУГИЕ
📌 Глагол дня: жырту — рвать, разрывать
Мен мектепте оқығанда, оқу жылының соңында кітаптарды кітапханаға өткізер алдында жыртылған беттерін желімдеп, ретке келтіретінбіз.
Когда я учился в школе, в конце года у нас была практика заклеивания книг перед их сдачей.
Мұғалім бізге былай дейтін:
— Балалар, ертең соңғы оқу күніміз. Содан кейін бір апта ішінде барлық оқулықтарыңды тапсыруларың керек. Бірақ жыртылған оқулықтарды қабылдамаймын. Сондықтан барлық оқулықтарыңды тексеріп, жыртылған жерлерін жапсырып, жақсы күйінде тапсырыңдар.
Учитель нам говорила так:
— Ребята, завтра у нас последний учебный день, и потом в течение недели вам нужно будет сдать все книги. Но порванные книги я принимать не буду, поэтому проверьте все свои книги, заклейте их и сдайте в нормальном состоянии.
Есімде қалғаны, менің оқулықтарым ешқашан жыртылмайтын.
Насколько я помню, у меня книги никогда не рвались.
Әрине, себебі мен сабақты онша жақсы оқымайтынмын және оқулықтарды сирек ашатынмын.
Наверное, потому что я плохо учился и редко открывал их.
Соған қарамастан, жыртылған жерлерді желімдеу бәрібір маған жүктелетін.
Но заклеивать порванные места мне всё равно приходилось.
Сонда мен былай ойлайтынмын:
— Егер жыртылған оқулықтарды қабылдамаса, онда неге маған кейбір оқулықтар сондай күйде беріледі? Демек, тапсырған кезде оларды онша тексермейтін сияқты. Бірақ жарайды, мұғалім айтты екен, демек, істеу керек.
И я думал так:
— Если книги не принимают в порванном виде, тогда почему мне некоторые книги достаются такими? Видимо, всё-таки при приёме их не проверяют. Ну да ладно, раз учитель сказал, значит, надо сделать.
Сөйтіп, кешке үйде үстелге отырып, барлық мектеп оқулықтарымды тексеретінмін.
И вечером я садился дома за стол и проверял все школьные учебники.
Жыртылған жерлерді тауып алып, бәрін мұқият желімдеп, содан кейін ғана оқулықтарды мұғалімге тапсыратынмын.
Находил порванные места, всё заклеивал, а потом сдавал учебники учителю.
🤔 АДАМДЫ ӨЛГЕННЕН КЕЙІН НЕ КҮТЕДІ?
ЧТО ЖДЁТ ЧЕЛОВЕКА ПОСЛЕ СМЕРТИ?
📌 Глагол дня: қайтыс болу — умереть, скончаться
Біздің жердегі өміріміз денеміздің өмір сүру мерзімімен шектелген.
Наша жизнь на земле ограничена сроком жизни нашего тела.
Дене өмір сүруге жарамсыз болған кезде, адам қайтыс болады.
Когда тело становится неспособным к жизни, человек умирает.
Орта есеппен адамдар алпыс пен сексен жас аралығында өмір сүреді.
В среднем люди живут от 60 до 80 лет.
Ал адам өлгеннен кейін не болатыны туралы әртүрлі көзқарастар бар.
А вот что происходит после смерти — на этот счет существуют разные теории.
Материалистер мен атеистердің пікірінше, адам өлгеннен кейін ештеңе жоқ. Өйткені біздің санамыз мидың жұмысына тәуелді. Ми жұмысын тоқтатқан кезде, сана да жойылады.
Материалисты и атеисты считают, что после смерти ничего нет. Так как наше сознание зависит от работы мозга, после прекращения его работы исчезает и сознание.
Индуизмде, буддизмде және басқа да осыған ұқсас діндерде адам қайтыс болғаннан кейін қайта туу, яғни реинкарнация болады деп сенеді.
В индуизме, буддизме и других подобных религиях верят, что после того, как человек умирает, его ждет реинкарнация.
Яғни адам басқа денеде қайта дүниеге келеді: адам, жануар немесе тіпті өсімдік болып. Оның үстіне келесі өмірдің қандай болатыны алдыңғы өміріңе байланысты.
То есть ты рождаешься в другом теле — человеком, животным или даже растением. Причем качество следующей жизни зависит от предыдущей.
Толық тазарғаннан кейін адам мәңгілік рухқа айналады.
Полностью очистившись, ты становишься вечным духом.
Агностиктердің пікірінше, өлгеннен кейін бір нәрсе бар, бірақ оның не екенін біз тек сонда барған кезде ғана біле аламыз.
Агностики считают, что что-то есть, но узнать это мы сможем, только оказавшись там.
Яһудилер, мұсылмандар және христиандар жұмақ пен тозаққа сенеді. Адамның өлгеннен кейін қайда баратыны оның жасаған жақсы немесе жаман істеріне байланысты.
Иудеи, мусульмане и христиане верят в ад и рай. То, куда мы попадем после смерти, зависит от наших добрых или плохих дел.
Кейбір адамдар біз қайтыс болғаннан кейін рухқа айналып, басқа әлемде өмір сүреміз деп есептейді.
Некоторые считают, что после того, как мы умираем, мы становимся духами и живем в другом мире.
🏃♂ ӨМІРЛЕРІҢІЗДЕ БІРЕУДЕН ҚАШЫП, АЛ АРТЫҢЫЗДАН БІРЕУ ҚУҒАН КЕЗ БОЛДЫ МА?
БЫВАЛО ЛИ У ВАС ТАКОЕ В ЖИЗНИ, ЧТО ВЫ ОТ КОГО-ТО УБЕГАЛИ, А ЗА ВАМИ КТО-ТО ГНАЛСЯ?
📌 Глагол дня: қуу — гнать, догонять, преследовать
Мен мектеп кезіндегі бір оқиғаны есіме түсірдім.
Я вспомнил один случай из школы.
Ол кезде шамамен тоғызыншы сыныпта оқитынмын. Сол уақытта бізде балалар аудандарға бөлінетін.
Я учился примерно в 9 классе. Тогда у нас пацаны делились на районы.
Бір ауданның балалары екінші ауданның балаларымен жиі төбелесетін.
И пацаны с одного района дрались с пацанами с другого района.
Кейде біз аулада отырғанда, жан-жағымызға қарап отыратынбыз. Бөтен ауданның бір баласы келе қалса болды, бірден оған тиісе бастайтынбыз.
Иногда мы сидели с пацанами во дворе, выглядывали. И, как только чужой пацан заходил, мы сразу до него докапывались.
Бір күні мен басқа ауданда тұратын сыныптасыма қонаққа келдім. Біз онымен компьютерде ойнадық.
Один раз я пришёл в гости к однокласснику, который жил в другом. Мы с ним играли в компьютер.
Содан кейін үйге қайту үшін шықтым.
Проведя весело время, я пошёл домой.
Үйінен шыға салысымен, маған ысқырып, қолымен «бері кел» дегендей ишара жасап тұрған бір топ баланы көрдім.
Как только я вышел из его дома, я увидел толпу пацанов, которые начали мне свистеть и пальцем показывать, чтобы я подошёл.
Мен оларға назар аудармай, әрі қарай жүре бердім.
Я не обратил внимания и пошёл дальше.
Біраздан кейін артыма қарасам, бірнешеуі менің артымнан еріп келеді екен.
Потом я обернулся и увидел, что несколько человек пошли за мной.
Түрлеріне қарап, жақсылық ойлап тұрған адамдарға ұқсамады. Сол сәтте ішкі түйсігім маған олардың жанына бармау керек екенін айтты.
Из-за того, что у них был недобрый вид, интуиция мне подсказала не возвращаться к ним.
Сөйтіп мен жүгіре жөнелдім. Қалай ойлайсыздар, олар не істеді?
И я побежал. Угадайте, что сделали они?
Олар да менің артымнан өте жылдам қуа жөнелді.
Они погнались за мной, причём очень быстро.
Бұл өмірімдегі ең жылдам жүгірген кездерімнің бірі болды. Бақытыма қарай, мен олардан қашып құтылдым.
Это был один из самых быстрых забегов в моей жизни. Я убежал от них.
Бірақ содан кейін біраз уақыт сол сыныптасыма қонаққа бармай жүрдім.
Но потом какое-то время я временно к тому однокласснику не приходил в гости.
😴 БІЗДІҢ ҮЙІМІЗДЕ ТАҢЕРТЕҢ ӘР БӨЛМЕДЕ ӘРТҮРЛІ ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ
У НАС ДОМА ПО УТРАМ В РАЗНЫХ КОМНАТАХ ИГРАЮТ РАЗНЫЕ МЕЛОДИИ
📌 Глагол дня: шырылдау — звенеть, чирикать, пищать
Жалпы, оятқыш – шынында да, адамзаттың ең керемет өнертабыстарының бірі.
Вообще будильник, конечно, гениальное изобретение.
Бірақ соңғы кезде біздің үйде бұл өнертабыс неге екенін қайдам, жұмыс істемей қалды.
Но в нашей семье это изобретение в последнее время почему-то не работает.
Өйткені таңертең әртүрлі уақытта әр бөлмеден әртүрлі әуен естимін, бірақ неге екені белгісіз, ешкім орнынан тұрмайды.
Потому что утром в разное время я слышу разные мелодии в разных комнатах, но никто почему-то не встаёт.
Меніңше, мұның бір себебі бар.
И у меня есть предположение, почему так.
Біздің үйде әркім телефонына өзіне ұнайтын әуенді оятқыш етіп қояды.
Потому что у нас дома все выбирают себе такие мелодии на телефоне, которые им нравятся.
Сондықтан таңертең оятқыш шырылдағанда, шын мәнінде, ол шырылдамайды, тек жағымды әуен ойнайды.
И когда будильник утром звенит, то на самом деле он не звенит, а проигрывает приятную мелодию.
Ал бұрынғы оятқыштар мүлде басқа еді ғой.
То ли дело, я понимаю, раньше были будильники.
Кеңес заманында темірден жасалған, дөңгелек оятқыштар болатын.
В советское время такие железные, круглые.
Міне, сондай оятқыш шырылдағанда, орныңнан тұрмай қалу мүмкін емес еді.
Вот когда такой будильник звенел, невозможно было не встать.
Айтпақшы, дәл сол шырылдаған дыбысты қазір де кез келген телефоннан дерлік таңдауға болады.
Кстати, этот звонок можно выбрать даже сегодня практически на любом телефоне.
Бірақ біздің үйде оны неге екені белгісіз, ешкім таңдамайды.
Но его почему-то у нас дома никто не выбирает.
Өйткені, сірә, ерте тұрғылары келмейтін сияқты.
Потому что, видимо, не хотят вставать.
🤢 КҮЙІК КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚ ЕМІ ШЫНЫМЕН КӨМЕКТЕСПЕЙ МЕ?
НАРОДНЫЕ МЕТОДЫ ОТ ОЖОГОВ ДЕЙСТВИТЕЛЬНО НЕ ПОМОГАЮТ?
📌 Глагол дня: күю — обжигаться, гореть
Бала кезімде мен жиі күйіп қалатынмын. Неге?
В детстве я часто обжигался. Почему?
Өйткені мен атам мен әжемнің ауылына жиі баратынмын.
Я часто гостил у бабушки и дедушки в деревне.
Онда пешті де, моншаны да үнемі отынмен жағу керек.
А там и печку надо постоянно топить дровами, и баню.
Көбіне отты далада не үйдің ауласында жағатынбыз.
Костры часто жгли в поле или во дворе.
Сондықтан отпен жиі бетпе-бет келетінбіз.
Поэтому с огнем мы часто соприкасались.
Оның үстіне, бала емеспіз бе. Қолға таяқ алып, оны отқа тығып, ұшы жанғанда суырып алып, ары-бері бұлғаңдатып жүру қызық көрінетін.
А еще, знаете, дети же. Всегда хочется взять палку, положить ее в костер, а когда она загорится, достать ее и ходить везде, махая ею.
Қаланың балаларында қалай болғанын білмеймін, бірақ ауылда мен жиі күйіп қалатынмын.
Не знаю, как городские дети, но в деревне я часто обжигался.
Сол кезде есіме түсті: күйіп қалғанда үлкендер күйген қолымды құлақтың сырғалығына тигізуге кеңес беретін.
Так вот, я вспомнил, что при ожоге мне советовали прикладывать обожженную руку к мочке уха.
Күйіп қалғанда әжем қолымды ұнға салуды айтатын, кейде күйген жерге өсімдік майын жағып қоятын.
Также, когда я обжигался, бабушка говорила положить руку в муку или смазывала ее растительным маслом.
Бірақ, шынын айтсам, оның аса бір көмегі бола қоймайтын.
Но, вы знаете, не особо помогало.
Кеше интернеттен оқып қалдым. Сөйтсем, мұның ешқайсысы көмектеспейді екен. Керісінше, күйген жердің жағдайын одан әрі ушықтыруы мүмкін екен.
А вчера я прочитал в интернете, и оказалось, что все это не помогает, а наоборот, может ухудшить состояние.
Ендеше, мамандар не дейді? Күйген жерді шамамен жиырма минут бойы салқын ағын судың астында ұстауға кеңес береді.
Что советуют? Место, которое обожгли, подержать в прохладной воде двадцать минут.
Жақпа майлардың ішінде вазелин қолдануға кеңес береді.
Из мазей советуют вазелин.
Ал сіздер күйіп қалғанда не істейсіздер?
А вы как боретесь с ожогами?
🎂 НЕЛІКТЕН АДАМДАР ТУҒАН КҮНІНДЕ ШАМДЫ ҮРЛЕП СӨНДІРЕДІІ?
ПОЧЕМУ ЛЮДИ ЗАДУВАЮТ СВЕЧИ НА ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ?
📌 Глагол дня: үрлеу — дуть, продувать
Ұлымыздың немесе қызымыздың туған күні келгенде, біз әрдайым торт пен шам сатып аламыз.
Когда у сына или дочери день рождения, мы всегда покупаем тортик и свечи.
Мерекенің ең қызықты сәтінде шамдарды жағып, балаға тілек тілеуін айтып, содан кейін шамдарды үрлеп сөндіруін сұраймыз.
И в самый разгар праздника зажигаем свечи, говорим, чтобы ребенок загадал желание и задул свечи.
Ал сіздер де солай істейсіздер ме?
А вы так делаете?
Арғы күні тарихты аздап ақтарып көріп едім, өте қызықты бір дерекке тап болдым.
Позавчера я немного покопался в истории и вот что обнаружил.
Міне, не білгенім.
Вот что обнаружил.
Барлығы Ежелгі Грекиядан басталған екен.
Все началось в Древней Греции.
Ол кезде адамдар ғибадатханаға шамдармен безендірілген бал қосылған дөңгелек күлше әкелетін.
Там люди приносили в храм медовую лепешку, украшенную свечами.
Шамдарды үрлеген кезде, олардың түтінімен бірге дұғалары Артемидаға жетеді, ал ол оларды естиді деп сенген.
Задувая свечи, они верили, что вместе с их дымом молитвы уходят к Артемиде, которая их слышит.
Сонымен қатар, түтіннің дұғаның белгісі ретінде қабылдануы иудаизмде, православие және басқа да көптеген діни наным-сенімдерде кездеседі.
Кроме того, дым как символ молитвы встречается во многих верованиях: у иудеев, православных и т. д.
Кейінірек Рим империясының ақсүйектері арасында туған күнді атап өту дәстүрі пайда болды.
Позднее среди знати Римской империи появилась традиция отмечать дни рождения.
Ал он сегізінші ғасырда Германияда Kinderfest деп аталатын балалар мерекесі дүниеге келді.
А в XVIII веке в Германии возник детский праздник Kinderfest.
Балаларға арнап торт әзірлеп, үстіне шам жағып, олар тілек тілейтін болған.
Детям на праздник готовили торт, зажигали свечи, и они загадывали желание.
Әрине, кейбір діндар адамдарға мұндай дәстүр де, оның осындай түсіндірмесі де ұнамауы мүмкін.
Конечно, некоторым религиозным людям возможно не понравится такая практика и такое объяснение.
Бірақ менің ойымша, жүректен шыққан ізгі тілекті тілеп, оны көкке ақ ниетпен жолдаудың еш жамандығы жоқ.
Но, на мой взгляд, загадать что-то доброе и отправить в небо свое желание — это не плохо.
🤸♂️ БІЗДІҢ ДЕНЕМІЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘТТЕН-АҚ ТАҢҒАЛАРЛЫҚ ИКЕМДІЛІККЕ ИЕ
НАШЕ ТЕЛО С РОЖДЕНИЯ ОБЛАДАЕТ НЕВЕРОЯТНОЙ ГИБКОСТЬЮ
📌 Глагол дня: бүгу — гнуть, сгибать
Біздің саусақтарымыз, қолымыз, аяқтарымыз, мойнымыз, арқамыз иіледі — жалпы алғанда, денеміздегі буындардың басым бөлігі кең ауқымда бүгіле алады.
У нас сгибаются пальцы, руки, ноги, шея, спина — практически все суставы способны двигаться в широком диапазоне.
Мектепте оқып жүрген кезімде Рома деген сыныптасыма үнемі қызығатынмын.
Когда я учился в школе, я всегда завидовал однокласснику Роме.
Ол өте икемді әрі күшті болатын, шпагатқа еш қиындықсыз отыратын.
Он был невероятно гибким и сильным, легко садился на шпагат.
Негізі оның ешқандай ерекше қасиеті болған жоқ.
Хотя он не был особенным.
Оның менен айырмашылығы – кішкентай кезінен бастап дене шынықтырумен үнемі айналысқаны.
Просто с раннего детства он регулярно занимался физкультурой, в отличие от меня.
Қырық жастан асқаннан кейін оның өз денесіне жасаған еңбегінің қаншалықты құнды болғанын түсіндім.
После сорока я понял, насколько ценным оказался его вклад в свое тело.
Мұны жай ғана түсініп қойған жоқпын, денемнің икемділігі азайғанын байқап, оны өз басымнан сезіндім.
И не просто понял, а ощутил, так как заметил в своем теле потерю гибкости.
Менімен қатарлас кейбір адамдар іштері шығып кеткендіктен, тіпті еңкейіп аяқкиімінің бауын да байлай алмайды.
Некоторые мои ровесники уже не могут завязать себе шнурки из-за большого живота.
Ал көптеген қарт адамдарға қарап, денені және буындарды еркін бүгу қабілеті уақыт өте келе әлсірейтінін, әрі қарай оны қалпына келтірудің барған сайын қиындай түсетінін түсіндім.
А посмотрев на многих стариков, я понял, что способность сгибать себя и свои суставы будет ухудшаться, и дальше будет только сложнее.
Содан бері қартайғанша мысықтай икемді болып қалу үшін күн сайын қимылдап, барлық буындарыма жүктеме беріп, олардың қозғалғыштығын, икемділігін және қан айналымын сақтап тұруым керектігін түсіндім.
И теперь, чтобы сохранить эту способность выгибаться, как кошка, до глубокой старости, я понял, что мне нужно ежедневно двигаться и давать нагрузку всем суставам, поддерживая их подвижность, гибкость и кровообращение.
Сол себепті соңғы кезде дене шынықтырумен жиірек айналысуға өзімді үйретіп жүрмін.
Поэтому в последнее время я все чаще приучаю себя к физкультуре.
👩🏫 ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ ЖОЛЫМДАҒЫ ЕҢ МАҢЫЗДЫ АДАМ
САМЫЙ ВАЖНЫЙ ЧЕЛОВЕК В МОЕМ ИЗУЧЕНИИ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА
📌 Глагол дня: түзету — исправлять, поправлять, выпрямлять
2025 (Екі мың жиырма бес) жылғы 24 (жиырма төртінші) мамырда өзім үшін және қазақ тілін үйренгісі келетін барша адамға арнап қазақ тілін үйрену марафонын бастадым.
24.05.25 я запустил для себя и всех желающих марафон по изучению казахского языка.
Мен өзім ойлап тапқан тіл үйрену жүйесін қолданамын.
Я использую систему изучения языка, которую придумал сам.
Оның мәні – барлық ойларымды, естеліктерімді және идеяларымды жаңа тілде сипаттап жазу.
Она заключается в том, чтобы описывать все свои мысли, воспоминания и идеи на новом языке.
Уақыт өте келе бұл мені қазақ тілінде ойлауға үйретеді.
Постепенно это приучит меня думать на казахском языке.
Менің міндетім – барлық ойларым мен естеліктерімді жаңа тілге көшіру.
Моя задача — перевести все свои мысли и воспоминания на новый язык.
Бұл – күнделікті жұмыс.
Это ежедневная работа.
Күн сайын өз ойымнан жаңа бір тақырып таңдап, жаңа бір етістікті алып, сол бойынша шағын әңгіме құрастырамын.
Каждый день я беру новую тему из своей головы, новый глагол и составляю небольшой рассказ.
Содан кейін нейрожелі оны аударуға көмектеседі.
Потом нейросеть помогает мне с переводом.
Ал содан кейін ең маңызды кезең басталады: менің репетиторым, филолог әрі, бәлкім, қазірдің өзінде досыма айналған адам осы мәтінді барынша табиғи етіп, жасанды интеллект жіберген қателерді түзетеді.
А затем происходит самое главное: мой репетитор, филолог и, наверное, уже друг помогает сделать этот текст максимально естественным, исправляя ошибки искусственного интеллекта.
Күн сайын ол маған: «Қарап шықтым, түзеттім», – деп хабарлама жібереді.
Каждый день она отправляет мне сообщение: «Посмотрела, исправила».
Мен сол хабарламаны асыға күтемін.
И я очень жду этого сообщения.
Содан кейін мәтінді алып, онымен жұмыс істеймін.
После этого я беру текст и работаю с ним.
Жаныңда бағыт-бағдар беріп, қателеріңді түзетіп, көмектесе алатын маманның болғаны қандай жақсы.
Хорошо, когда рядом есть специалист, который может подсказать, исправить и помочь.
🚗 ЗАҚЫМДАНҒАН ҚАНАТ НЕМЕСЕ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ КЕЗІНДЕГІ ЕРЕЖЕ
ПОВРЕЖДЕННОЕ КРЫЛО ИЛИ ПРАВИЛО ПОВЕДЕНИЯ ПРИ ДТП
📌 Глагол дня: зақымдау — ранить, вредить, испортить
Бірнеше жыл бұрын менің басымнан мынадай оқиға өткен еді.
Пару лет назад со мной произошла такая история.
Мен көлікпен ауладан шығып келе жатқанмын. Қарсы алдымнан бір қыз келе жатты.
Я выезжал на машине со двора, навстречу ехала девушка.
Жол екі көліктің қатар өтуіне тым тар еді.
Дорога была слишком узкой для двух машин.
Мен тоқтадым, ал ол болса өте аламын деп ойлап, тоқтамады.
Я остановился, а она не стала останавливаться, думая, что сможет проехать.
Соның салдарынан менің көлігімнің қанатына соғылып, қорғаныш қаптамаларын зақымдап алды.
В результате она столкнулась с крылом моей машины и повредила защитные накладки.
Қыз жөндеу жұмыстарының барлық шығынын төлеп беремін деп уәде берді.
Девушка пообещала, что оплатит все расходы на ремонт.
Мен мәселе келісіммен шешілетін шығар деп ойлап, қателік жасадым — көлігімді жолдан аулаға қарай жылжытып қойдым.
Я подумал, что дело идет к расчету, и совершил ошибку — передвинул машину с дороги во двор.
Бірақ аяқ астынан ол ойын өзгертіп, ештеңе төлемейтінін айтты. Содан кейін маған жол полициясын шақыруға тура келді.
И вдруг она изменила свое мнение и сказала, что не будет ничего платить, и мне пришлось вызвать ГАИ.
Менің жолым болды: ақырында ол полиция қызметкерінің алдында өз кінәсін мойындады.
Мне повезло: в итоге она признала свою ошибку при полицейском.
Бірақ мойындамаған жағдайда, мен ештеңесіз қалуым да мүмкін еді.
Но если бы не признала, я мог бы остаться ни с чем.
Өйткені жол-көлік оқиғасы болған кезде көлікті ешбір жағдайда орнынан жылжытуға болмайды.
Потому что при ДТП ни в коем случае нельзя сдвигать машину.
Себебі бұл апаттың мән-жайын анықтауды қиындатып, тіпті оқиға орнын тастап кету ретінде бағалануы мүмкін.
Так как это может создать сложности при определении причин аварии и даже квалифицироваться как оставление места ДТП.
🙂 БАРЛЫҚ КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАР БҰЛ АТТРАКЦИОНДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ
ВСЕ МАЛЕНЬКИЕ ДЕТИ ЛЮБЯТ ЭТОТ АТТРАКЦИОН
📌 Глагол дня: айналдыру — крутить, вращать
Бәлкім, барлық кішкентай балалар ата-анасы көтеріп алып, карусель сияқты айналдырғанды жақсы көретін шығар.
Наверное, все маленькие дети любят, когда родители держат их на руках и вращают, как на карусели.
Мұндай ермек менде ұлыммен де, қызыммен де болған. Айтпақшы, бұл аттракционның да әртүрлі түрлері болады.
У меня такое развлечение было и для сына, и для дочери. Кстати, этот аттракцион бывает разных видов.
Ең қарапайым тәсілі – баланың екі қолынан ұстап алып, оны өзіңді айналдыра шыр көбелек айналдыру.
Самый простой вариант: держишь ребенка за руки и крутишь его вокруг себя.
Екінші тәсілі – баланы қолыңа алып, бір қолыңмен жамбасының астынан, екінші қолыңмен арқасынан ұстайсың. Ол аттракциондағы орындықта отырғандай отырады, ал сен оны айналдырасың.
Второй вариант: берешь его на руки, одной рукой поддерживаешь под попой, другой — под спиной. Он сидит как на стульчике на аттракционе, а ты вращаешь его.
Ал айналдырып жүргенде жоғары-төмен қозғалысты да қосуға болады.
А еще во время кружения можно добавить движение вверх и вниз.
Балаларға бұл соншалықты қатты ұнайтын, олар үнемі тағы да қайталауды сұрайтын.
Детям это настолько сильно нравилось, что они постоянно просили еще раз это сделать.
Бірақ бірнеше рет айналдырғаннан кейін менің басым айналып кететін, сонда мен: «Шаршадым, енді біраз демалуым керек», — дейтінмін. Ал олар содан кейін: «Соңғы рет айналдыршы», — деп өтінетін, содан кейін тағы да «соңғы рет» дейтін. 🙂
Правда, у меня через несколько вращений начинала кружиться голова, и я говорил: «Я устал, мне нужно отдохнуть». А они после этого просили последний раз покружить их, а после еще раз последний раз 🙂
Өкініштісі, мұндай керемет қызықтың да бір күні аяқталатыны. Өйткені бала өсіп кетеді де, оны айналдыру қиындап кетеді. Бірақ бұл қызық өмір бойы есте қалады.
Жалко, конечно, что это невероятное веселье заканчивается. А заканчивается оно потому, что ребенок вырастает, и его становится уже тяжело крутить. Но это веселье запоминается на всю жизнь.
🦁 Е, ЖАЙ ҒАНА ДОСТЫҚПЕН БӨКСЕСІНЕН ТІСТЕП АЛДЫ, ОНДА ТҰРҒАН НЕ БАР?
НУ КУСНУЛ ПО-ДРУЖЕСКИ ЗА ПОПУ, ЧТО ТУТ ТАКОГО?
📌 Глагол дня: тістеу — кусать, прикусить
«Мадагаскар» мультфильміндегі осы сәт есіңізде ме?
Помните этот момент из мультфильма «Мадагаскар»?
Бұл мультфильмде жануарлар хайуанаттар бағынан қашып, Африкаға барады.
В этом мультфильме животные сбегают из зоопарка в Африку.
Олар адам тұрмайтын аралға тап болып, жаңа өмірге бейімделе бастайды.
Они оказываются на необитаемом острове и начинают приспосабливаться к новой жизни.
Мелман, Глория және Марти шөпқоректі болғандықтан, олар тез-ақ өздеріне тамақ тауып алады.
Мелман, Глория и Марти были травоядными, поэтому они быстро нашли себе еду.
Ал Алекске шөп ұнамайды, әрі ол не жеу керектігін бірден түсінбейді, өйткені хайуанаттар бағында оған дайын ет беретін.
Алексу же трава не понравилась, и он не сразу сообразил, что ему есть, ведь в зоопарке ему давали готовое мясо.
Келесі күні-ақ оның қарны қатты ашады.
Уже на следующий день он сильно проголодался.
Достары қонақжай лемурлардың ортасында жүргенде, Алекс ішінде жатқан жыртқыштық түйсігі оянып, қиялында достарының бәрін тамақ ретінде көре бастайды.
Когда друзья были окружены гостеприимными лемурами, у Алекса просыпаются инстинкты хищника, и в своем воображении он начинает видеть всех друзей как еду.
Бір кезде Марти айқайлап жіберді: А-а-а-а-а! Кешіріңіз, сіз менің бөксеме тісіңізді батырып жібердіңіз!
В какой-то момент Марти заорал: А-а-а-а-а! Извините, вы мне зубы вонзили в зад!
Алекс: Қойшы! Жоқ!
Алекс: Да ну? Нет!
Марти: «Жоқ» емес, «иә»! Сен не істеп тұрсың?! Неге олай жасадың?
Марти: Не «нет», а «да»! Ты что себе тут позволяешь?! Зачем ты так сделал?
Морис: Өйткені сен ол үшін түскі ассың!
Морис: Затем, что ты для него обед!
Джулиан: Қойшы, Морис! Жай ғана досша бөкседен тістеп алды. Онда тұрған не бар? Мә, мені де тістеші! )))
Джулиан: Брось, Морис! Куснул по-дружески за попу, и что тут такого? На, на, кусни меня! )))
🤍 АЛ СЕН БІЗГЕ ТҮНДЕ НЕГЕ КЕЛДІҢ?
А ТЫ ПОЧЕМУ К НАМ НОЧЬЮ ПРИШЛА?
📌 Глагол дня: шағу — жалить, кусать
Үш күн бұрын таңертең оянып кетсем, жанымда қызым жатқанын көрдім.
3 дня назад я проснулся утром и увидел, что рядом лежит дочка.
Мен одан не болғанын және неге өз бөлмесінен шығып кеткенін сұрадым.
Я спросил у неё, что случилось и почему она ушла из своей комнаты.
Ол түнде бөлмесінде масаның ұшып жүргенін естігенін, сондықтан бізге келгенін айтты.
Она сказала, что ночью услышала, как в комнате летает комар, и поэтому пришла к нам.
Мәселе мынада: егер оны маса шақса, ол жерді қатты қасиды да, терісі тітіркеніп кетеді.
Дело в том, что если её кусают комары, она сильно начинает чесать это место, и там появляется раздражение.
Адамдардың маса шаққанда терісі әртүрлі әсер береді.
У всех по-разному реагирует кожа, когда их кусают комары.
Мысалы, мені маса шаққанда, ол маған мүлде әсер етпейді.
Например, когда меня кусает комар, меня это вообще не беспокоит.
Ал мен бала кезімде қызым сияқты болатынмын.
А в детстве я был таким же, как моя дочь.
Маса шаққан жерде тітіркену пайда болып, мен оны үнемі қаси беретінмін, тіпті жара қылып жіберетінмін.
На месте укуса появлялось раздражение, и я постоянно чесал его, даже до болячек.
Қазір болса, маса шаққан жерлер мені мазаламайды.
А сейчас места укусов меня уже не беспокоят.
Сөйтсек, оның бөлмесіндегі терезенің масадан қорғайтын торы жыртылып кеткен екен. Сондықтан ол бізге келген.
Так вышло, что у неё в комнате порвалась москитная сетка на окне, поэтому она пришла к нам.
Сол күні-ақ мен жаңа маса торына тапсырыс бердім, кейін оны орнатып қойдық.
В тот же день я заказал новую москитную сетку, мы её установили.
Енді оның бөлмесіне ешқандай маса кірмейді.
Теперь никакие комары больше не залетают в её комнату.
🧹 АНДРЮША, АУЛАНЫ СЫПЫРЫП ЖІБЕРШІ, ӨТІНЕМІН!
АНДРЮША, ПОДМЕТИ ПОЖАЛУЙСТА ДВОР!
📌 Глагол дня: сыпыру - подметать, сдирать, снимать
Қазір мен ауланы сирек сыпырамын және сыпырғышты да көп қолданбаймын, көбіне үй жинағанда шаңсорғыш пайдаланамын.
Сейчас я редко подметаю и пользуюсь веником, в основном для уборки я использую пылесос.
Ең көп сыпырған кезім — бала күнімде, әжем мен атама ауылға барған уақыттарым.
Больше всего я подметал в детстве, когда ездил в деревню к бабушке и дедушке.
Үйде үй жануарлары көп болып, жеміс ағаштары, үлкен бақша мен көкөніс егетін жер болса, онда үйдің ауласы сабан, жапырақ, бұтақ, отынның жаңқалары және басқа да қоқыстарға тез толып кетеді.
Когда дома много домашних животных, много фруктовых деревьев, большой сад и огород, то двор возле дома достаточно быстро покрывается всяким мусором в виде соломы, листьев, веток, щепок от дров и прочего.
Ал кейде тауықтар аулада еркін жүріп, өздерінің «тірліктерін» істеп кетеді :)
А иногда куры проходят по двору и делают свои дела :)
Сондықтан әжем маған әр апта сайын сыпырғыш беріп:
Поэтому бабушка каждую неделю выдавала мне метлу и говорила:
— Андрюша, ауланы сыпыру керек, — деп айтатын.
— «Андрюша, нужно подмести».
Мен сыпырған кезде жан-жаққа шаң ұшатын.
Когда я подметал, во все стороны летела пыль.
Сонда атам жаныма келіп, сабырлы дауыспен:
Ко мне подходил дедушка и говорил спокойным голосом:
— Қарашы, Андрюша, сыпырғышты арыққа малып алып, содан кейін қоқысты асықпай сыпырасың,
— «Смотри, Андрюша, нужно взять метлу, обмакнуть её в арыке и потом спокойными движениями подметать мусор,
Сонда шаң көтерілмейді, — дейтін.
чтобы пыль не летела».
Бала кезімде үнемі жүгіріп, ойнағым келетін, жалпы жұмыс істеп, үй шаруасына көмектескім келмейтін.
Будучи ребёнком, мне всё время хотелось бегать, играть и вообще не трудиться и не помогать по хозяйству.
Бірақ мені үнемі еңбекке баулып, жұмысқа үйреткені үшін ата-әжеме алғысым шексіз.
Но за то, что мои бабушка и дедушка постоянно приучали меня к труду, я им благодарен.
💐 БІЗДІҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫМЫЗ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК
ВОСПОМИНАНИЯ О СВАДЬБЕ
📌 Глаголы дня: үйлену - жениться, тұрмысқа шығу - выйти замуж
Мен екі мың жетінші жылдың жетінші шілдесінде үйлендім.
Я женился 7 числа, 7 месяца 2007 года.
Бұл менің өмірімдегі ең тамаша күндердің бірі болды.
Это был один из самых замечательных дней в моей жизни.
Таңертең ерте қолыма ақ раушан гүлін алып, болашақ жарым тұратын үйге келдім.
Рано утром я приехал к дому, где жила моя будущая супруга, с белой розой в руках.
Есікті қағып едім, ол ашқан кезде оған тұрмысқа шығуын сұрадым.
Постучал в дверь и, когда она открыла, попросил её выйти за меня замуж.
Ол маған «иә» деді.
И она сказала мне «да».
Әрине, ол маған бұл күннен екі жыл бұрын-ақ «иә» деген болатын.
Конечно, она сказала мне «да» ещё за 2 года до этого дня.
Алайда дәл бүгін — ең маңызды, ең ерекше күннің сәті туды.
Но именно теперь наступил самый важный день.
Біз сенуші адамдар болғандықтан, таңертең ерте Алматыдағы Көк-Төбеге барып, дұға жасадық.
Так как мы верующие люди, рано утром мы поехали на Кок-Тобе в Алматы и совершили молитву.
Құдайдан жаңа отбасымызға батасын беруін сұрадық.
Мы попросили Бога благословить нашу новую семью.
Кейін достарымыз келді, біз әдеттегідей қала аралап қыдырдық.
Потом приехали друзья, и мы, как обычно, катались по городу.
Сол күні үйлену тойлары өте көп болды, барлық неке қию сарайлары жас жұбайларға толы еді.
В тот день было очень много свадеб, и все загсы были заполнены молодожёнами.
Ал бізге сәті түсті.
А нам повезло.
Біздің үйдің маңындағы неке қию сарайын жақында ғана жөндеп қойған еді.
Недалеко от нашего дома недавно отремонтировали загс.
Ал көп адам жөндеудің әлдеқашан бітіп қойғанын әлі білмеген еді.
И многие ещё не знали, что ремонт уже закончился.
Сондықтан онда адам онша көп болған жоқ.
Поэтому там было не так много людей.
Тағы бір қызығы, мен салтанатты неке қию рәсімі үшін ақы төлемеген едім.
Ещё я не оплачивал торжественную церемонию регистрации.
Бірақ бізге оны тегін сыйлады.
Но нам её подарили просто так.
Сол күні қонақтар көп болды, қуаныш та мол болды, әрі көптеген бақытты сәттерді бастан өткердік.
В этот день было много гостей, радости и счастливых моментов.
❄️ АҒАШТЫ СІЛКІП, БІРЕУДІ ҚАРҒА КӨМІП КӨРДІҢІЗ БЕ?
А ВЫ ТРЯСЛИ ДЕРЕВЬЯ СО СНЕГОМ, ЧТОБЫ ЗАСЫПАТЬ КОГО-ТО?
📌 Глагол дня: сілку - трясти, встряхивать
Біз бала кезімізде қар жауған кезде осындай бір қызық ойын ойнайтынбыз.
У нас в детстве была такая забава, когда выпадал снег.
Достарымызбен далада жүретінбіз.
Мы гуляли с друзьями на улице.
Біріміз ағаштың жанына барған кезде, екіншіміз ағаштың діңін теуіп қашып кететін, ал әлгі досымызды ағаштағы қар басып қалатын.
И когда кто-то из нас оказывался рядом с деревом, другой пинал по стволу и убегал, а друга засыпало снегом.
Сосын әлгі досың кек қайтарғысы келіп, сенің ағаштың қасына қашан баратыныңды аңдып жүретін.
Потом этот друг, желая отомстить, караулил, когда ты будешь рядом с деревом.
Ыңғайлы сәт туса, ағашты сілкіп жіберіп, өзі қашып кететін.
Чтобы потрясти его над тобой и убежать.
Осылайша аулада жүгіріп жүріп, қар басқан ағаштардың бәрін сілкілейтінбіз.
И вот так мы бегали по двору и трясли все заснеженные деревья.
Бұл өте көңілді әрі у-шулы ойын еді.
Это было очень шумно и весело.
Мен өскен сайын, неге екенін білмеймін, қардың астында қалудың өзі маған ұнай бастады.
Когда я подрос, мне почему-то уже стало нравиться быть засыпанным снегом.
Кейде әйеліммен немесе балаларыммен бірге ағаштың астына тұрып, оны сілкілейтінбіз.
И мы с женой или детьми вставали под дерево, трясли его.
Сонда үстімізге қар жауып, ерекше әсер сыйлайтын.
Снег падал, и возникали очень интересные ощущения.
Айнала тап-таза, бәрі аппақ. Бір сәтке ештеңе көрінбей қалады.
Свежесть, всё белое, ничего не видно.
Содан кейін бір-бірімізге қарап тұрамыз.
А потом стоишь и смотришь друг на друга.
Бәріміз қардан жасалған аққалалар сияқты көрінетінбіз, себебі үсті-басымыздың бәрін қар басып қалатын.
Все стоят и выглядят, как снеговики, потому что вся одежда в снегу.
🥶 НЕЛІКТЕН АДАМДАР ТОҢҒАНДА ДІРІЛДЕЙДІ?
ПОЧЕМУ ЛЮДИ ДРОЖАТ, КОГДА ИМ ХОЛОДНО?
📌 Глагол дня: дірілдеу - дрожать
Өмірімде қатты тоңған кездерім көп болған жоқ.
Я не так часто в жизни замерзал.
Бірақ менің есімде қатты тоңғаным туралы бір көңілді оқиға сақталып қалған.
Но в моей памяти сохранилось одно весёлое воспоминание о том, как я замёрз.
Ол ауылда болған еді.
Это было в деревне.
Біз сол кезде өзенге көп шомылатынбыз.
Мы тогда много купались в речке.
Кеш болып қалған, ал су салқындау еді.
Уже был вечер, и вода была прохладной.
Біз бірнеше бала едік.
Нас было несколько детей.
Шомылып болған соң жағалауға шықтық.
Когда мы накупались, вернулись на берег.
Ата-аналарымыз үстімізге үлкен сүлгілер жапты.
Родители накинули на нас большие полотенца.
Біз бір-бірімізге қарап тұрдық. Көгерген еріндерімізбен қалшылдап тұрғанымыз қызық көрінетін.
Мы стояли и смотрели друг на друга, как мы стоим и дрожим с посиневшими губами.
Біз шамамен былай істейтінбіз: «ды-ды-ды-ды-ды» деп тісіміз сақылдайтын. Өзіміз де дірілдеп тұратынбыз.
Делали мы примерно так: «ды-ды-ды-ды-ды», и тряслись.
Бір-бірімізге сондай күйде қарау неге екені белгісіз, өте көңілді болатын.
Смотреть друг на друга в таком виде почему-то было весело.
Сонда адамдар неге тоңғанда дірілдейді?
Так почему люди дрожат, когда им холодно?
Адамға суық болған кезде, ағза дене температурасын шамамен 36,5–37 °C (отыз алты жарымнан отыз жеті градусқа дейінгі) деңгейінде сақтауға тырысады.
Когда человеку холодно, организм пытается сохранить температуру тела около 36,5–37 °C.
Қосымша жылу шығарудың ең жылдам тәсілдерінің бірі — бұлшықеттерді тез жиырылуға мәжбүрлеу.
Один из самых быстрых способов выработать дополнительное тепло — заставить мышцы быстро сокращаться.
Біз дірілдеген кезде бұлшықеттерде көптеген өте жылдам, еріксіз жиырылулар болады.
Когда мы дрожим, происходит множество очень быстрых непроизвольных сокращений мышц.
Осындай жұмыс кезінде бұлшықеттер энергия жұмсап, жылу бөледі.
Во время такой работы мышцы расходуют энергию и выделяют тепло.
Сол жылу денені жылытуға көмектеседі. Міне, сондықтан адамдар тоңғанда дірілдейді!
Это тепло помогает согреть тело. Вот так!
