uk
Feedback
Казахский язык за год | Қазақ тілі – 1 жылда

Казахский язык за год | Қазақ тілі – 1 жылда

Відкрити в Telegram

Наш чат @soileuchat | Сообщество @soileu_kz 09.08.24 - я решил начать изучение казахского https://t.me/SoileuKZ/2 24.05.25 - запустил Марафон «Казахский язык за год» https://t.me/SoileuKZ/199 24.05.26 - запустил второй марафон https://t.me/SoileuKZ/666

Показати більше
1 080
Підписники
+124 години
+37 днів
+1330 день
Архів дописів
🎙️ ПОДКАСТТАН ТАНЫС ЕТІСТІКТІ ЕСТІГЕНДЕ… КОГДА УСЛЫШАЛ ЗНАКОМЫЙ ГЛАГОЛ В ПОДКАСТЕ… 📌 Глагол дня: көз жеткізу — убеждаться,
🎙️ ПОДКАСТТАН ТАНЫС ЕТІСТІКТІ ЕСТІГЕНДЕ… КОГДА УСЛЫШАЛ ЗНАКОМЫЙ ГЛАГОЛ В ПОДКАСТЕ… 📌 Глагол дня: көз жеткізу — убеждаться, убедиться Шамамен бір айдан кейін қазақ тілінде мен үйренген 500 етістік деген межеге жетемін. Уже примерно через месяц я достигну отметки в 500 изученных казахских глаголов. Оған шамамен 14 ай уақытым кетті. На это мне понадобилось около 14 месяцев. Осынша уақыт жұмсауға тұрарлық болды ма? Әрине, иә. Стоило ли тратить на это столько времени? Однозначно да. Бірнеше күн бұрын таңертең велосипедпен келе жатып, бір құлағыма құлаққап тағып, қазақ тіліндегі подкаст тыңдап келе жаттым. Несколько дней назад утром я ехал на велосипеде и слушал в одном наушнике подкаст на казахском языке. Кенет подкасттан осыдан тура бір күн бұрын өткен «абыржу» деген етістікті естіп қалдым. Іштей қуанып, риза болып жымиып қойдым. Вдруг в подкасте я услышал глагол “абыржу”, который мы проходили буквально за день до этой велопрогулки. Я улыбнулся довольной улыбкой. Подкастта не туралы айтылғанын түгелге жуық түсінсем де, дәл осы таныс етістік неге екені белгісіз, мені ерекше қуантты. Хотя я понял практически всё, о чём говорилось в подкасте, но именно этот знакомый глагол почему-то особенно меня порадовал. Сол сәтте мен: «Жақында күнделікті қазақша сөйлесуде мен білмейтін сөздер азайып, тіпті қалмайтын кез де келетін шығар.» — деп ойладым. Бұл қандай керемет! В тот момент я подумал: а ведь скоро настанет время, когда в обычной казахской речи почти не останется слов, которые я не знаю. И это очень здорово! Тағы бір түсінгенім әрі өз тәжірибемнен көз жеткізгенім — ең негізгі сөздер мен етістіктерді жүйелі түрде үйренуге бір жылдан сәл артық уақыт жұмсау дұрыс шешім болған екен. А еще я понял и убедился на собственном опыте, что потратить чуть больше года на систематическое изучение самых основных слов и глаголов было правильным решением. Егер сіз әлі де тілді неден бастап үйрену керектігін білмесеңіз, осыдан бастаңыз. Если вы все еще не знаете с чего начать изучение языка, начните с этого.

❤️ НЕЛІКТЕН БІЗ АҚТАЛАМЫЗ? ПОЧЕМУ МЫ ОПРАВДЫВАЕМСЯ? 📌 Глагол дня: ақталу — оправдываться — Сен неге кесені сындырып алдың? —
❤️ НЕЛІКТЕН БІЗ АҚТАЛАМЫЗ? ПОЧЕМУ МЫ ОПРАВДЫВАЕМСЯ? 📌 Глагол дня: ақталу — оправдываться — Сен неге кесені сындырып алдың? — Мен әдейі істеген жоқпын, өзі құлап кетті! — Неге екі алдың? — Мұғалім өте қиын тапсырма берді! — Неге бауырыңды итердің? — Ол бірінші бастады! — Ты почему разбил чашку? — Я не специально, она сама упала! — Почему получил двойку? — Учитель дал очень сложное задание! — Почему толкнул брата? — Он первый начал! Бала үшін мұндай әрекет — қалыпты нәрсе. Өйткені адам өз ісіне жауапкершілікпен қарауды бірден емес, есейе келе біртіндеп үйренеді. С детства мы знаем, что значит оправдываться. И для ребенка такая реакция вполне нормальна, так как брать ответственность за свои поступки человек учится постепенно, взрослея. Ал себептеріне келсек, олардың кейбірі мыналар: Но если говорить о причинах, то вот некоторые из них: Жазадан қорқу. Өзіміздің кінәлі екенімізді мойындасақ, оның салдарына жауап беруге тура келетінін түсінеміз, ал ешкім жазаланғысы келмейді. Страх наказания. Мы понимаем, что, если мы признаемся в том, что виноваты, нам придется понести последствия, а наказанным никто не хочет быть. Көңілін қалдырудан қорқу. Жаман ісімізді мойындау — айналамыздағы адамдардың алдында абыройымыздан айырылып, олардың бізге деген жақсы көзқарасын жоғалтып аламыз деген қорқыныш тудырады. Страх разочаровать. Признаться в плохом поступке — значит потерять репутацию и симпатию окружающих людей. Ұялу. Бір нәрсені дұрыс істемей қойсақ, өзімізді жайсыз сезінеміз. Сондай кезде көзге түспей, тасаланып қалғымыз келеді немесе істеген ісімізді жасырып, өзімізді ақтап алуға сылтау іздейміз. Стыд. Когда мы делаем что-то не так, нам неприятно, и мы хотим скрыться сами или выбираем скрыть то, что мы сделали, и придумываем самооправдание. Жауапкершіліктің жеткілікті деңгейде дамымауы. Бұл — барлық мәселенің себебін өзімізден емес, айналамыздан іздеуге үйреніп қалған жағдай. Недостаточно развитая ответственность. Когда мы привыкли искать причины всех проблем вокруг себя, а не внутри. Әділдік үшін орынды ақталу. Егер біз әділетсіздік пен дұшпандық жағдайға тап болып, өз құқығымызды қорғап, әділдікке қол жеткізгіміз келсе, өзімізді ақтау кейде дұрыс, тіпті батыл қадам болуы мүмкін. Правильное оправдание ради справедливости. Если мы хотим добиться справедливости во враждебных и несправедливых условиях, то самооправдание бывает порой правильным и даже смелым поступком.

😠 ЕҢ БАСТЫСЫ — ҚАЗҒА ЖАҚЫНДАМАУ ГЛАВНОЕ — НЕ ПРИБЛИЖАТЬСЯ К ГУСЮ 📌 Глагол дня: жақындау — приближаться Мен екінші сыныпта о
😠 ЕҢ БАСТЫСЫ — ҚАЗҒА ЖАҚЫНДАМАУ ГЛАВНОЕ — НЕ ПРИБЛИЖАТЬСЯ К ГУСЮ 📌 Глагол дня: жақындау — приближаться Мен екінші сыныпта оқып жүргенде, ауылда ата-әжемнің қолында тұрдым. Когда я учился во втором классе, я жил в деревне у бабушки и дедушки. Мектепке жету үшін бүкіл ауылды басып өтуім керек еді — шамамен 2 шақырым жер. Чтобы дойти до школы, мне нужно было пройти через всё село — расстояние около 2 километров. Ауылда неше түрлі жануарлар көп болатынын білесіздер ғой? Вы же знаете, что в деревне много всяких животных? Сондықтан менің өзіме қойған бір ережем болды: сиырлар мен бұқаларға, жылқыларға, қаздар мен иттерге жақындамау және мүмкіндігінше олардан аулақ, алысырақ жүру. Так вот, у меня было правило: не приближаться к коровам и быкам, к лошадям, к гусям и к собакам и по возможности проходить как можно дальше от них. Ал ауылда бұл жануарлардың бәрі көшеде ешкімнің қарауынсыз еркін жүре береді. А в деревне все эти животные могут спокойно разгуливать по улице без присмотра. Сондықтан мектепке бару немесе мектептен қайту мен үшін кейде нағыз бір сынақ болатын. Поэтому дойти до школы или вернуться из неё для меня порой было настоящим квестом. Жолмен жайбарақат келе жатасың, ал көшеде бір қаз жүр. Идёшь себе спокойно по дороге, а по улице гуляет гусь. Оған тіпті жақындаудың да қажеті жоқ. Ол сені алыстан-ақ көріп алып, қаңқылдап, ысылдап, саған қарай жүгіре жөнеледі. И к нему даже не нужно было приближаться. Он ещё видит тебя издалека и начинает гоготать, шипеть и бежать к тебе навстречу. Ондай кезде орныңда тұрып, оның жүгіріп келгенін күтуге болмайды. Сондықтан ол мені шоқып алмас үшін қаша жөнелетінмін. В такой момент стоять и ждать, когда он подбежит, нельзя, поэтому я убегал, чтобы он меня не пощипал. Ауылдағы алғашқы кезімде бұл маған біраз қиын болды. Осы жолмен жүруге қорқатынмын. Бірақ кейін біртіндеп үйреніп, өзіме ең қолайлы жолды тауып алдым. В начале моей деревенской жизни мне было сложновато, и я боялся ходить этой дорогой, но потом привык, нашёл для себя оптимальный маршрут. Оның үстіне ауылдағы көптеген балалармен достасып кеттім. Мектепке бірге барғанда, бұрынғыдай қорықпайтын болдым, керісінше, жолымыз қызықты әрі көңілді өтетін. А ещё подружился со многими деревенскими ребятами, и вместе ходить в школу было не страшно, а весело.

📸 ВИДЕОҒА ТҮСІРІП, ИНТЕРНЕТКЕ ЖАРИЯЛАМАС БҰРЫН… ПРЕЖДЕ, ЧЕМ СНЯТЬ ВИДЕО И ВЫЛОЖИТЬ ЕГО В ИНТЕРНЕТ… 📌 Глагол дня: түсіру — с
📸 ВИДЕОҒА ТҮСІРІП, ИНТЕРНЕТКЕ ЖАРИЯЛАМАС БҰРЫН… ПРЕЖДЕ, ЧЕМ СНЯТЬ ВИДЕО И ВЫЛОЖИТЬ ЕГО В ИНТЕРНЕТ… 📌 Глагол дня: түсіру — снимать Бүгінде адамдар айналасында болып жатқанның бәрін видеоға түсіріп, интернетке жариялап жатады. Сегодня люди снимают на видео всё, что происходит вокруг, и выкладывают эти видео в интернет. Ал бұл туралы заңда не жазылған? А что об этом написано в законе? Жалпы, Қазақстанда фото және видео түсіруге арнайы нормалармен тыйым салынған немесе шектеу қойылған орындар мен жағдайлар бар. В общем, в Казахстане существуют места и ситуации, где фото- и видеосъёмка запрещена или ограничена специальными нормами. Мысалы, ерекше ережелер: • түзеу мекемелерінде; • тергеу изоляторларында; • сот отырыстары кезінде; • әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде қолданылады. Например, особые правила действуют: • в исправительных учреждениях; • в следственных изоляторах; • во время судебных заседаний; • при рассмотрении дел об административных правонарушениях. Сонымен қатар, ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабы адамның өз бейнесіне деген құқығын қорғайды. Также статья 145 Гражданского кодекса РК защищает право человека на собственное изображение. Жалпы ереже бойынша адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға болмайды. По общему правилу использовать изображение человека без его согласия нельзя. Яғни, жалпы ереже бойынша өзіңді, табиғатты, қаланы және басқа да нысандарды еркін түсіре аласың. То есть по общему правилу ты можешь свободно снимать себя, природу, город и другие объекты. Бұдан бөлек, тауар сатылатын, жұмыстар орындалатын немесе қызметтер көрсетілетін орындарға барған кезде де видео түсіре аламыз. Кроме того, мы можем снимать видео при посещении мест продажи товаров, выполнения работ или оказания услуг. Сондықтан біреу сізге видео түсіруге тек түсірілімнің өзі ұнамағандықтан тыйым салса, бұл мұндай тыйым заңды дегенді білдірмейді. Поэтому, если кто-то запрещает вам снимать видео просто потому, что ему не нравится сам факт съемки, это ещё не означает, что такой запрет законен. Адам өзін түсіруге қарсылық білдіруге құқылы, ал белгілі бір орынды немесе өнімді түсіруге тыйым салу үшін ол мұндай тыйымның заңды негізін көрсетуі керек. Человек вправе возражать против съемки себя, а чтобы запретить снимать место или продукцию, он должен указать законное основание для такого запрета.

🌿 ТАБИҒАТТЫҢ ҚИРАТУШЫ КҮШІНЕ ЕШТЕҢЕ ТӨТЕП БЕРЕ АЛМАЙДЫ НИЧТО НЕ СРАВНИТСЯ С РАЗРУШАЮЩЕЙ СИЛОЙ ПРИРОДЫ 📌 Глагол дня: қирату
🌿 ТАБИҒАТТЫҢ ҚИРАТУШЫ КҮШІНЕ ЕШТЕҢЕ ТӨТЕП БЕРЕ АЛМАЙДЫ НИЧТО НЕ СРАВНИТСЯ С РАЗРУШАЮЩЕЙ СИЛОЙ ПРИРОДЫ 📌 Глагол дня: қирату — разрушать, ломать, громить Адам — Жер бетіндегі ең үлкен қиратушы: ол қалаларды қиратады, ормандарды кеседі, жануарларды жояды, өзендер мен жер бедерін өзгертеді, қоршаған ортаны ластайды және кейде ғасырлар бойы жасалған дүниелерді қысқа уақыттың ішінде жойып жібереді. Человек — величайший разрушитель на Земле: он разрушает города, вырубает леса, уничтожает животных, меняет реки и ландшафты, загрязняет окружающую среду и порой за короткий срок уничтожает то, что создавалось веками. Бірақ адам табиғаттың күшімен теңесе алмайды. Но с силой природы человек не сравнится. Бірде әкем екеуміз балық аулауға барып, алысқа кетіп қалдық. Сол жерде мен төбелерді көріп, олардың не екенін сұрадым. Однажды мы с отцом пошли на рыбалку и далеко зашли. Там я увидел холмы и спросил, что это. Әкем бұрын бұл жерде ауыл болғанын айтты. Ал қазір мұнда бұталар, шөптер мен гүлдер өскен төбелер ғана қалған. Отец ответил, что раньше здесь была деревня. Теперь это просто холмы, покрытые кустами, травой и цветами. 2020 жылы коронавирусқа байланысты локдаун басталған кезде көліктердің қозғалысы күрт азайып, бірнеше күннің ішінде Алматының ауасы айтарлықтай тазарды. Когда в 2020 году из-за коронавируса начался локдаун, движение машин резко сократилось, и за несколько дней воздух в Алматы стал заметно чище. Қазір бүкіл әлемде табиғи апаттар мен орасан зор бүлінулер орын алып жатыр. Сейчас по всему миру происходят природные катаклизмы и большие разрушения. Бұрын мен адам өте күшті деп ойлайтынмын, ал қазір табиғатпен салыстырғанда біздің теңіздегі құмның түйіршігіндей ғана екенімізді түсінемін. Раньше я думал, что человек очень силён, а теперь вижу, что по сравнению с природой мы как песчинки в море. Ерте ме, кеш пе, табиғат өз дегенін істейді: егер біз оны құрметтеп, табиғи ресурстарды сақтауды үйренбесек, адам жасаған дүниелерді қиратып, өзінікін қайта қалпына келтіреді. Рано или поздно природа возьмёт своё: разрушит созданное человеком и восстановит своё, если мы не научимся уважать её и беречь природные ресурсы.

🛒 ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГІМ КЕЛДІ, БІРАҚ ТАҒЫ ДА АБЫРЖЫП ҚАЛДЫМ ХОТЕЛ ЗАГОВОРИТЬ ПО-КАЗАХСКИ, НО ОПЯТЬ РАСТЕРЯЛСЯ 📌 Глагол дня: абыр
🛒 ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГІМ КЕЛДІ, БІРАҚ ТАҒЫ ДА АБЫРЖЫП ҚАЛДЫМ ХОТЕЛ ЗАГОВОРИТЬ ПО-КАЗАХСКИ, НО ОПЯТЬ РАСТЕРЯЛСЯ 📌 Глагол дня: абыржу — растеряться, суетиться Сізде де біреумен қазақша сөйлескіңіз келіп, бірақ абыржып қалған кездер болды ма? Бывало ли у вас такое, что вы хотели с кем-то заговорить по-казахски и растерялись? Мысалы, дүкенге бара жатасың да, сатушымен диалогтың қалай өтетінін ойыңда алдын ала елестетіп қоясың. Ну, идешь ты, например, в магазин и уже в голове прокручиваешь сценарий, как будет происходить диалог с продавцом. Алдымен сатушыға жақындап, сыпайы түрде: «Сәлеметсіз бе!» — дейсің. Сначала ты подходишь к продавцу и вежливо говоришь: «Здравствуйте». Сатушы да саған: «Сәлеметсіз бе!» — деп жауап береді. Продавец тебе тоже отвечает: «Здравствуйте». Содан кейін себетке салған заттарыңды көрсетіп, қазақша: «Маған екі пакет беріңізші. Kaspi QR арқылы төлеймін», — дейсің. Потом показываешь продукты, которые ты набрал в корзину, и говоришь по-казахски: «Мне, пожалуйста, два пакета. Оплачивать буду через Kaspi QR». Сатушы күлімсіреп: «Сіз қазақша сондай жақсы сөйлейді екенсіз, жарайсыз!» — дейді. Продавец улыбается и говорит: «Вы так хорошо разговариваете по-казахски, какой вы молодец!» Ал сен оған: «Біз Қазақстанда тұрамыз ғой, мұнда әр адам қазақша сөйлей білуі керек», — деп жауап бересің. А ты ему отвечаешь: «Ну, мы же в Казахстане живем, здесь каждый должен уметь разговаривать на казахском языке». Сөйтіп, кенет көзіңді ашсаң, кассаның алдында тұр екенсің. И вдруг ты открываешь глаза, а ты стоишь перед кассой. Ал сатушы орысша: «У вас оплата через Kaspi?» — дейді. И продавец говорит по-русски: «У вас оплата через Kaspi?» Сен де орысша: «Да», — деп жауап беріп, үйге қайтасың ))) И ты отвечаешь по-русски: «Да» — и уходишь домой ))) Тағы да абыржып қалдым. Жарайды, келесі жолы тағы байқап көремін. Опять растерялся. Ну ладно, попробую в следующий раз.

🍞 ӘРҚАЙСЫМЫЗ БІР НӘРСЕ ӨНДІРЕМІЗ КАЖДЫЙ ИЗ НАС ЧТО-ТО ПРОИЗВОДИТ 📌 Глагол дня: өндіру — производить Бір нәрсе өндіру — адам
🍞 ӘРҚАЙСЫМЫЗ БІР НӘРСЕ ӨНДІРЕМІЗ КАЖДЫЙ ИЗ НАС ЧТО-ТО ПРОИЗВОДИТ 📌 Глагол дня: өндіру — производить Бір нәрсе өндіру — адам бойына туа біткен қасиеттердің бірі. Что-то производить — это часть природы человека, с которой мы рождаемся. Біз дүниеге келеміз, өсеміз және бірте-бірте айналысатын белгілі бір қызмет түрін таңдаймыз. Мы рождаемся, растём и постепенно выбираем себе какую-то деятельность, которой будем заниматься. Ал әрбір қызметтің өндірілуі тиіс қандай да бір өнімі болады. И у каждой деятельности есть какой-то продукт, который нужно производить. Біреу нан өндіреді, біреу шұжық өндіреді. Кто-то производит хлеб, кто-то колбасу. Бірақ өнім міндетті түрде материалдық нәрсе болуы шарт емес. Но продукт — это не обязательно что-то материальное. Қызмет көрсету де — адамдарға қажет және олар сатып алатын өнім. Услуги — это тоже продукт, который нужен людям и который они покупают. Мұғалімнің өнімі — оқушылардың білімі мен дағдылары. Продукт учителя — знания и навыки учеников. Дәрігердікі — медициналық көмек, музыканттікі — музыка, жүргізушінікі — адамды бір жерден екінші жерге жеткізу. У врача — медицинская помощь, у музыканта — музыка, у водителя — перемещение человека из одного места в другое. Адамдар өндіретін барлық өнімдердің ортақ сипаттары бар: өнім көпшілікке қажет болуы, біреудің мәселесін шешуі немесе физикалық не рухани қажеттіліктерін өтеуі тиіс. У всех продуктов, которые производятся людьми, есть общие характеристики: продукт должен быть нужен многим, он должен решать чьи-то проблемы или восполнять потребности — физические или духовные. Ал егер сіз өзіңіздің немен айналысатыныңызға қарасаңыз, қызметіңіздің өнімі осы қарапайым талаптарға міндетті түрде сәйкес келетінін көресіз. Ну и если вы посмотрите на то, чем вы занимаетесь, то увидите, что продукт вашей деятельности обязательно будет соответствовать этим простым требованиям.

🐈 МЫСЫҚТЫ ҚАЛАЙ ІЗДЕДІК КАК МЫ ИСКАЛИ КОТА 📌 Глагол дня: серуендету — выводить на прогулку, выгуливать Үш күн бұрын кешке а
🐈 МЫСЫҚТЫ ҚАЛАЙ ІЗДЕДІК КАК МЫ ИСКАЛИ КОТА 📌 Глагол дня: серуендету — выводить на прогулку, выгуливать Үш күн бұрын кешке аулада мысығымды серуендетуге шықтым. 3 дня назад я пошел выгуливать кота во дворе вечером. Негізі, ол үй мысығы, далаға шықпайды және ешқашан далаға сұранбайды. Бірақ кейде мен оны серуендетіп тұрамын. Вообще, он у нас домашний, на улицу не выходит и никогда не просится. Но иногда я его выгуливаю. Мен оны ауланың ортасына шығарып, ол шөптің үстінде жүргенде жанында тұрдым. Я вынес его в центр двора и стоял рядом, пока он гулял по траве. Артымнан бір әйел өтіп бара жатты, мысық одан қорқып, қаша жөнелді. Күн қараңғы болып қалған еді. Позади меня прошла какая-то женщина, кот ее испугался и побежал. Уже было темно. Ол подъездің жанындағы қалың таңқурай бұталарының арасына кіріп кетіп, шықпай қойды. Он забежал в густые заросли малины возле подъезда и не выходил. Мен жұбайымды шақырдым. Ол сыртқа шықты да, екеуміз мысықты бұталардың арасынан іздей бастадық. Я позвал супругу. Она вышла, и мы вместе начали его искать в кустах. Енді ол бізден қорқып, бір жаққа қаша жөнелді. Бұталар мен қараңғылықтың кесірінен оның қай жаққа жүгіріп кеткенін байқамай қалдық. Теперь он испугался нас и куда-то выбежал. Из-за кустов и темноты мы не поняли, куда он побежал. Жұбайым ұлыма телефон соқты, ол сыртқа шықты. Сөйтіп, үшеуіміз ауламызды аралап, қолшаммен жан-жаққа жарық түсіріп, оны: «Кіс-кіс-кіс, жирен, бері кел!» — деп шақыра бастадық. Супруга позвонила сыну, он вышел. И теперь мы втроем ходили по нашему двору, светили фонариками и звали его: «Кс-кс-кс, рыжий, иди сюда». Бір сағат өтті, жұбайымның көңілі түсіп кетті. Прошел час, супруга уже расстроилась. Бір кезде қасыма көрші подъезден бір адам келді: — Сіздер мысық іздеп жүрсіздер ме? И вдруг ко мне подходит человек из соседнего подъезда: — Вы ищете кота? — Иә. — Да. — Ол менің пәтерімнің есігінің алдында, төртінші қабатта отыр. — Он у меня возле двери квартиры на 4-м этаже. Мен оған рақмет айтып, сары мысығымызды алып, үйге қайттым. Бәріміз қатты қуандық. Я поблагодарил его и забрал рыжего домой. Все были счастливы. Сөйтсек, мысық бізден қорқып қашқан кезде көрші подъездің ашық тұрған есігінен ішке кіріп кетіпті. Содан кейін есік жабылып қалған. Оказывается, когда он нас испугался, он забежал в открытую дверь соседнего подъезда. Потом ее закрыли. Ал біз оны байқамай, мысықты іздеп, ауладағы әрбір бұтаны түгел аралап шыққан екенбіз. А мы не заметили и обошли каждый куст во дворе в поисках кота.

🥞 ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ КЕРЕК КАК ПРАВИЛЬНО ПИТАТЬСЯ 📌 Глагол дня: тамақтану — питаться, кушать Мен дәрігер де, тамақтану м
🥞 ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ КЕРЕК КАК ПРАВИЛЬНО ПИТАТЬСЯ 📌 Глагол дня: тамақтану — питаться, кушать Мен дәрігер де, тамақтану маманы да емеспін, бірақ бұл тақырыпқа қатысты менің де бір-екі ойым бар. Я не врач и не специалист по питанию, но пару мыслей на эту тему у меня всё же есть. Менің атам мен әжем ұзақ өмір сүрді, әрі олардың ешқашан өздеріне: «Қалай дұрыс тамақтану керек?» деген сұрақ қоймағанын білемін. Неге? Мои бабушка и дедушка прожили достаточно долго, и я знаю, что они никогда не задавали себе вопрос: «Как правильно питаться?» Почему? Олар өмір бойы ауылда тұрды, барлық азық-түлікті өздері өндірді. Всю жизнь они жили в деревне, и все продукты у них были собственного производства. Олар өздерін еш нәрседен шектемейтін: күн сайын майлы ауыл сүтін ішетін, қаймақ, май, нан жейтін. Они никогда себе ни в чём не отказывали: пили жирное деревенское молоко каждый день, ели сметану, масло, хлеб. Барлық көкөністер мен жемістер бақша мен бау-бақшада өсетін, ал етке қажетті мал жайылымда жайылып немесе тауықтар қорада жүгіріп жүретін. Все овощи и фрукты росли у них в саду и в огороде, а мясо паслось на лугу или бегало по курятнику. Егер біз ауылдық жерде тұрмасақ, дұрыс тамақтану мәселесіне өзімізге сұрақ қоюға мәжбүр боламыз. Если мы живём не в деревне, мы вынуждены задавать себе вопрос о правильном питании. Қалада біз аз қимылдаймыз, ал дүкеннен сатып алатын азық-түліктеріміз ауылдағыдай сапалы емес. В городе мы мало двигаемся, а продукты, которые мы покупаем в магазине, не такие качественные, как в деревне. Ал кейде олардың құрамында денсаулыққа зиянды қоспалар да болады. И порой они содержат достаточно вредные добавки. Ал менің қалай дұрыс тамақтану керектігі туралы жалғыз кеңесім мынау: сатып алатын өнімдеріңіздің құрамын мұқият оқыңыздар және көбірек қимылдаңыздар! И мой единственный совет по поводу того, как правильно питаться, будет следующим: внимательно читайте состав продуктов, которые вы покупаете, и больше двигайтесь!

👌 ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА КӨШУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ПЛЮСЫ ПЕРЕХОДА НА ЦИФРОВЫЕ ДОКУМЕНТЫ 📌 Глагол дня: рәсімдеу — оформлять Алғашқы
👌 ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА КӨШУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ПЛЮСЫ ПЕРЕХОДА НА ЦИФРОВЫЕ ДОКУМЕНТЫ 📌 Глагол дня: рәсімдеу — оформлять Алғашқы көлігімді сатып алған кезде, сатушымен бірге АвтоХҚКО-ға барғанбыз. Когда я покупал первую машину, мы с продавцом ездили в АвтоЦОН. Сол жерде сатып алу-сату шартына қол қойып, көлікті есептен шығаратынбыз, шектеулердің бар-жоғын тексеретінбіз, содан кейін оны менің атыма тіркейтінбіз. Там подписывали договор купли-продажи, снимали машину с учёта, проверяли ограничения, потом ставили её на учёт на моё имя. Кассада мемлекеттік бажды төлеп, ескі нөмірлерді тапсырып, жаңа нөмірлерді алатынбыз. В кассе оплачивали пошлины, сдавали старые номера и получали новые. Содан кейін мен сақтандыру компаниясына барып, сақтандыру рәсімдейтінмін. Потом я шёл в страховую компанию и оформлял страховку. Көлікті рәсімдеу үшін маған көп уақытымды және көптеген қағазды жұмсауға тура келетін. Чтобы оформить автомобиль, мне нужно было потратить много времени и бумаги. Осындай қағазбастылыққа соншама көп қағаз жұмсалатыны және сол үшін ағаштардың кесілетіні маған ешқашан ұнамайтын. И мне никогда не нравилось, что на эти формальности тратится столько бумаги и ради этого приходится вырубать деревья. Бірақ 2020 жылы COVID-19 пандемиясы мен карантинге байланысты ХҚКО-лар және басқа да көптеген қоғамдық мекемелер жабылды. Но в 2020 году из-за пандемии COVID-19 и карантина закрыли ЦОНы и многие другие общественные учреждения. Сол кезде маған көлігімді сату керек болды. Тогда мне понадобилось продать машину. Мен сатып алушының үйіне бардым, біз eGov-ты ашып, жарты сағаттың ішінде бәрін рәсімдедік. Мен ақшамды алып, үйге қайттым. Я приехал к покупателю, мы открыли eGov и за полчаса всё оформили. Я забрал деньги и поехал домой. Содан бері көп нәрсе өзгерді. С тех пор многое изменилось. Бүгінде біз несиелерді онлайн рәсімдейміз, электрондық шарттар мен шот-фактураларға қол қоямыз, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді аламыз. Сегодня мы оформляем кредиты онлайн, подписываем электронные договоры и счёт-фактуры, получаем государственные услуги, не выходя из дома. Цифрлық құжаттарға көшудің артықшылықтары айқын: біз ресми рәсімдерге аз уақыт жұмсаймыз және қағазды аз пайдаланамыз. Плюсы перехода на цифровые документы очевидны: мы тратим меньше времени на формальности и используем меньше бумаги. Көптеген үдерістер оңай әрі жылдам бола түсті. Многие процессы стали проще и быстрее.

👍 ЛАЙК, ПІКІР ЖӘНЕ ЖАЗЫЛУШЫ ҮШІН ЖАНТАЛАС ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ? ОТКУДА ПОЯВИЛАСЬ ОХОТА ЗА ЛАЙКАМИ, КОММЕНТАРИЯМИ И ПОДПИСЧИКАМ
👍 ЛАЙК, ПІКІР ЖӘНЕ ЖАЗЫЛУШЫ ҮШІН ЖАНТАЛАС ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ? ОТКУДА ПОЯВИЛАСЬ ОХОТА ЗА ЛАЙКАМИ, КОММЕНТАРИЯМИ И ПОДПИСЧИКАМИ? 📌 Глагол дня: лайк басу — ставить лайк YouTube арнасының иелерінің басым бөлігі өз бейнероликтерінде лайк басуға, пікір жазуға және арнаға жазылуға шақырады. Почти каждый владелец YouTube-канала в своих роликах призывает ставить лайки, писать комментарии и подписываться. Бұрын мен кейде бұған наразылық білдіріп: «Мұны үнемі сұрай берудің не қажеті бар? Кімге қызық болса, сол өзі-ақ лайк басады, пікір жазады және жазылады ғой», – дейтінмін. Я раньше иногда возмущался и говорил: «Ну зачем постоянно об этом просить? Кому интересно, тот и сам поставит лайк, напишет комментарий и подпишется». Ал қазір өзім де YouTube арнамда осылай істей бастадым. 😆 Неге? А сейчас и сам начал так делать на своём YouTube-канале. 😆 Почему? Біріншіден, лайктар мен пікірлер алгоритмдерге контенттің адамдарға қызық екенін көрсетеді, сондықтан оны басқа қолданушыларға жиірек ұсынуы мүмкін. Во-первых, лайки и комментарии показывают алгоритмам, что контент интересен людям, поэтому его могут чаще рекомендовать другим пользователям. Екіншіден, пікірлер тікелей қарым-қатынас орнатады: адамдар бір-біріне жауап береді, жарияланымға қайта оралады, осылайша, арнаның айналасында біртіндеп белсенді аудитория қалыптасады. Во-вторых, комментарии создают живое общение: люди отвечают друг другу, возвращаются к публикации, и вокруг канала постепенно формируется активная аудитория. Демек, лайк басып немесе пікір жазып, сіз авторға оның контенті ұнағанын көрсетіп қана қоймай, арнасының дамуына да көмектесесіз. Получается, что, поставив лайк или написав комментарий, вы не просто показываете автору, что вам понравился его контент, но и помогаете его каналу развиваться. Сондықтан, достар, қысылмаңыздар: пікір қалдырыңыздар, лайк басыңыздар және арнаға жазылыңыздар! 😊 Поэтому, друзья, не стесняйтесь: оставляйте свои комментарии, ставьте лайки и подписывайтесь! 😊

😒 ЖҰМЫСТА ӨЗІ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙ, ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН АДАМДАР ҚАЖЕТ ПЕ? НУЖНЫ ЛИ НА РАБОТЕ ЛЮДИ, КОТОРЫЕ НЕ РАБОТАЮТ
😒 ЖҰМЫСТА ӨЗІ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙ, ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН АДАМДАР ҚАЖЕТ ПЕ? НУЖНЫ ЛИ НА РАБОТЕ ЛЮДИ, КОТОРЫЕ НЕ РАБОТАЮТ, А КОНТРОЛИРУЮТ ВЫПОЛНЕНИЕ РАБОТЫ? 📌 Глагол дня: қадағалау — проверять, следить, контролировать Кейбір адамдар прорабтарды, әкімшілерді, бас аспаздар мен басқарушыларды ұната бермейді, бірақ менің ойымша, олар бәрібір қажет. Некоторые люди не любят прорабов, администраторов, шеф-поваров и управляющих, но я думаю, что всё-таки они нужны. Мен бюрократияны және штаты шамадан тыс көп компанияларды ұнатпаймын. Я не люблю бюрократию и компании с раздутым штатом. Менің ойымша, әр адамның біреуге пайдасы тиетін, біреуге жақсылық әкелетін жұмысы болуы керек. Я считаю, что у каждого человека должна быть такая работа, от которой есть польза и кому-то хорошо. Бірақ қызмет көрсету және өндіріс салаларын бақылай отырып, басқарушы қызметкерлері бар компаниялар мен ондай қызметкерлері жоқ компаниялардың арасында айырмашылық бар екенін байқадым. Но, наблюдая за сферой услуг и производства, я всё же увидел разницу между компаниями, в которых есть управленческий персонал, и теми, где его нет. Әкімшісі жоқ кафелерде кейде лас үстелдерді, қызмет көрсетілмей қалған адамдарды немесе келушілерге онша сыпайы емес қарым-қатынасты байқауға болады. В кафе, где нет администратора, иногда можно заметить грязные столы, людей, которых не обслужили, или не совсем вежливое отношение к посетителям. Ал әкімші қызметкерлердің жұмысын қадағалап отырса, мұндай жағдайлар іс жүзінде болмайды. Когда администратор контролирует работу персонала, такого практически нет. Мен мұны қонақүй-туризм саласында және кейбір дүкендерде де байқадым. Я замечал это также в гостинично-туристической сфере и некоторых магазинах. Меніңше, өндіріс саласында да осындай жағдай бар. Думаю, такое есть и в сфере производства. Егер адам өз ісін шын жүректен жақсы көрсе, оны бақылаудың қажеті жоқ. Если человек от всего сердца любит своё дело, то его не нужно контролировать. Ал егер қызметкер жұмысқа тек ақша табу үшін орналасса, онда оның жұмысын қадағалау керек. А если сотрудник просто устроился на работу ради денег, тогда за его работой нужно следить.

☀️ БАЛА КЕЗІМДЕ КҮНГЕ ҮНЕМІ КҮЙІП ҚАЛАТЫНМЫН, ҚАЗІР ОНДАЙ ЕМЕС В ДЕТСТВЕ Я ПОСТОЯННО СГОРАЛ НА СОЛНЦЕ, СЕЙЧАС НЕТ 📌 Глагол д
☀️ БАЛА КЕЗІМДЕ КҮНГЕ ҮНЕМІ КҮЙІП ҚАЛАТЫНМЫН, ҚАЗІР ОНДАЙ ЕМЕС В ДЕТСТВЕ Я ПОСТОЯННО СГОРАЛ НА СОЛНЦЕ, СЕЙЧАС НЕТ 📌 Глагол дня: қызару — краснеть Бала кезімде ата-анаммен Қапшағайға шомылуға барғанымда, күнге көп жағдайда күйіп қалатынмын. Когда я в детстве ездил с родителями на Капчагай купаться, то почти всегда сгорал на солнце. Терім қатты қызарып, қол тигізсең ауыратын. Моя кожа становилась сильно красной, и при прикосновении было больно. Содан кейін анам денеме қаймақ жағатын, ал демалыстан кейінгі алғашқы күнім онша жағымды өтпейтін. Потом мама мазала меня сметаной, и первый день после отдыха был не очень приятным. Көрпесіз ұйықтайтынмын, денем ысып, тоңып қалатынмын. Ал бір қырыма аунай қалсам, қатты ауыратын. Я спал без одеяла, меня бросало в жар и морозило. А если я переворачивался, то было больно. Ол кезде бағасы қолжетімді әрі тиімді күннен қорғайтын кремдер жоқ еді, ал анамның «күн астында ұзақ отырма» деген сөздері маған әсер етпейтін. Тогда не было доступных и эффективных солнцезащитных кремов, а мамины слова «не сидеть долго на солнце» на меня не действовали. Қазір біз шомылып, күнге қыздырынуға барғанда, жұбайым SPF 50 күннен қорғайтын крем сатып алады, сондықтан күнге күйіп қалу сияқты ешқандай мәселе болмайды. Сейчас, когда мы едем купаться и загорать, моя супруга покупает солнцезащитный крем SPF 50, и никаких проблем с солнцем нет. SPF — Sun Protection Factor, яғни күннен қорғау факторы дегенді білдіреді. SPF расшифровывается как Sun Protection Factor — фактор защиты от солнца. SPF 50 кремі теріге B типті ультракүлгін сәулелердің (UVB) әсерін шамамен 50 есе азайтады. SPF 50 означает, что крем примерно в 50 раз снижает воздействие ультрафиолетовых лучей типа B (UVB) на кожу. Крем күн сәулесі түсетін дененің барлық ашық жерлеріне жағылады, соның арқасында тері күнге күйіп қалмайды. Крем наносится на все участки тела, которые подвергаются воздействию солнечных лучей, и кожа не обгорает.

💃 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚОШТАСУ ӨЛЕҢІ СТИХОТВОРЕНИЕ-ПРОЩАНИЕ В КАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ 📌 Глагол дня: қоштасу — прощаться Қазақ ә
💃 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚОШТАСУ ӨЛЕҢІ СТИХОТВОРЕНИЕ-ПРОЩАНИЕ В КАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ 📌 Глагол дня: қоштасу — прощаться Қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиетінде қоштасу өлеңі деп аталатын көне жанр бар. В казахской литературе и устном народном творчестве существует древний жанр — «стихотворение-прощание». Ол сонау ерте замандарда ертерект шыққанымен нақты қай кезеңде пайда болғаны белгісіз. Он возник ещё в глубокой древности, однако точное время его появления неизвестно. Адам туған жерінен кетерде, жақындарынан айырыларда немесе өмірінің белгілі бір кезеңімен қоштасарда өз сезімін өлеңмен не әнмен жеткізген. Покидая родную землю, расставаясь с близкими или прощаясь с определённым периодом своей жизни, человек мог выразить свои чувства в стихах или песне. Мұхтар Әуезов қоштасу өлеңдерін бірнеше негізгі түрге бөлген: туған жермен және елмен қоштасу, өмірдің өткен шағымен қоштасу және өтіп бара жатқан заманмен қоштасу. Мухтар Ауэзов выделял несколько основных видов: прощание с родной землёй и народом, с прошедшим периодом жизни и с уходящей эпохой. Шығармаларда сондай-ақ ата-анамен және туған-туыстармен, сүйген адаммен, өлім алдында өмірмен, кейде тіпті сүйікті жүйрік атпен немесе қыран құспен қоштасу да кездеседі. В произведениях также встречаются прощания с родителями и родственниками, с любимым человеком, с жизнью перед смертью, а иногда даже с любимым конём или ловчей птицей. Жанрдың негізгі мәні — айырылысудың мұңын білдіру, жүрекке қымбат дүниелерді еске алу және қоштасуға тура келген адамға, елге немесе жерге арнап сөз айту. Суть жанра — выразить печаль разлуки, вспомнить дорогое сердцу и обратиться к тому, с чем приходится расставаться. Оның белгілі үлгілерінің бірі «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырында кездеседі. Онда Ай мен Таңсық туған жерінен көшіп бара жатып, өскен елімен және жерімен қоштасады: Известный пример встречается в эпосе «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», где Ай и Таңсық, покидая родные места, прощаются с аулом и с землёй, на которой выросли: «Балталы, Бағаналы ел, аман бол, «Прощай, земля Балталы и Бағаналы, Бақалы, балдырғанды көл, аман бол! Прощай, озеро, богатое лягушками и зеленью. Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, Земля, где меня омыли и перерезали мою пуповину, Ойнап-күліп ержеткен жер, аман бол!» Земля, где я играла, смеялась и выросла, — прощай!»

🍌 МЕН БАНАНҒА МІНУДІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН-САУЫҚ ДЕП ОЙЛАППЫН Я ДУМАЛ, ЧТО ПОЕЗДКА НА БАНАНЕ — ЭТО ДЕТСКИЙ АТТРАКЦИОН 📌 Г
🍌 МЕН БАНАНҒА МІНУДІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН-САУЫҚ ДЕП ОЙЛАППЫН Я ДУМАЛ, ЧТО ПОЕЗДКА НА БАНАНЕ — ЭТО ДЕТСКИЙ АТТРАКЦИОН 📌 Глагол дня: тартылу — подтягиваться, тянуться Жалпы, алдыңғы күні балалар мені бананға мініп көруге көндірді. В общем, позавчера дети уговорили меня прокатиться на банане. Мен құтқару кеудешесін кидім, үшеуіміз бананға отырып, жүріп кеттік. Я надел спасательный жилет, мы сели втроем на банан и поехали. Мен балалардан бізді бананнан неше рет суға лақтыратынын сұрадым. Балалар үш рет деп айтты. Я спросил детей, сколько раз нас будут выбрасывать с банана. Дети сказали, что три раза. Катер жылдамдығын арттырып, біз де бананмен бірге жүйткіп келе жатқанда, адреналин көтеріледі. Когда катер разгоняется и мы вместе с ним мчимся на банане, это поднимает адреналин. Аузыңды қатты ашпайсың, өйткені сені қазір суға лақтыратынын білесің де, бар назарыңды катерге аударып, күтіп отырасың. Ты не слишком широко открываешь рот, потому что тебя скоро выбросят в воду, и ждешь, максимально сконцентрировав свое внимание на катере. Содан кейін катер кілт бұрылады да, сен ұшып кетесің ))) Потом катер поворачивает резко, и ты летишь ))) Бірақ ең қызығы әлі алда екен. Но самое интересное, оказывается, впереди. Катер саған жақындап келгенде, судың ішінен бананға қайта өрмелеп шығуың керек. Когда он подъезжает к тебе, тебе нужно на него вскарабкаться прямо из воды. Сөйтсем, бұл оңай емес екен. Банан судан тайғақ болып кетеді. И, как оказалось, это не так просто. Он скользкий от воды. Мен оған тартылып шығуға тырысқанда, ол аударылып кетеді. И когда я пытаюсь подтянуться, он переворачивается. Ұлым екінші жағынан салмағымен басып, ұстап тұрды, ал мен қолыммен тартылып шығып жаттым. Сын висел с другой стороны, удерживая вес, а я подтягивался на руках. Бананға шығып алған соң, ұлым мен қызыма да шығуға көмектестім де, әрі қарай жүріп кеттік. Взобравшись на банан я помог взобраться сыну и дочери и мы поехали дальше. Жалпы, бұл ойын-сауық маған ұнады. Барлығына ұсынамын! В целом мне понравилось это развлечение. Всем рекомендую!

🌊 АДАМДАР, АДАМ БОЛАЙЫҚ! АЛАКӨЛГЕ ҚОҚЫС ТАСТАМАЙЫҚ! ЛЮДИ, БУДЬТЕ ЛЮДЬМИ! НЕ БРОСАЙТЕ МУСОР НА АЛАКОЛЕ 📌 Глагол дня: қынжылт
🌊 АДАМДАР, АДАМ БОЛАЙЫҚ! АЛАКӨЛГЕ ҚОҚЫС ТАСТАМАЙЫҚ! ЛЮДИ, БУДЬТЕ ЛЮДЬМИ! НЕ БРОСАЙТЕ МУСОР НА АЛАКОЛЕ 📌 Глагол дня: қынжылту — огорчать, расстраивать Бүгін — Алакөлдегі демалысымның соңғы күні. Сегодня последний день моего отдыха на Алаколе. Жалпы, маған бәрі ұнады. Ауа райы тамаша болды, суы да жайлы, қызмет көрсетуі де өте жақсы. В целом мне всё понравилось. Погода была замечательная, вода приятная, сервис отличный. Сондай-ақ Алакөлдің Қазақстандағы курорттық аймақ ретінде дамып келе жатқанына өте қуаныштымын. Также я очень рад, что Алаколь развивается как курортное место Казахстана. Бірақ мені қатты қынжылтқан бір нәрсе бар. Но есть одна вещь, которая меня очень сильно расстроила. Келген күні-ақ, бірінші күннен бастап жағажайда қоқыстың көп екенін байқадым. Когда я приехал, то уже в первый день заметил на пляже много мусора. Тіпті суда пластик бөтелке қалқып жүрді. Даже в воде плавала пластиковая бутылка. Екінші күні біз әдетте шомылатын жерге келгенімде, тура жағада пакет пен жаңа ғана желінген жүгерінің өзектерін көрдім. На второй день, когда я пришёл на место, где мы обычно купаемся, прямо на берегу я увидел пакет и огрызки недавно съеденной кукурузы. Ал төртінші күні көргенім жағамды ұстатты. А на четвёртый день я увидел то, что меня действительно шокировало. Таңертең шомылуға барғанда, жағаға жақын жерде қалқып жүрген өлі балықты байқадым. Утром я пошёл купаться и заметил мёртвую рыбу, плавающую возле берега. Әкем жағалаумен серуендеп жүріп, осындай жиырма шақты балық көргенін айтты. Бұл мені қатты қынжылтты. Мой папа прогуливался вдоль берега и сказал, что видел около двадцати таких рыб. Меня это очень сильно огорчило. Кейбір адамдар Қазақстанда айыппұл тым көбейіп кетті деп шағымданады. Некоторые люди жалуются, что в Казахстане стало слишком много штрафов. Бірақ менің ойымша, бұған көбіне өзіміз кінәліміз. Но я думаю, что во многом мы сами в этом виноваты. Осы айыппұлдарға табиғатты ластағаны үшін салынатын қомақты айыппұлды да қосар едім. К этим штрафам я бы ещё добавил серьёзный штраф за загрязнение природы. Егер біз қолымыздағы табиғи байлықтарға ұқыпты қарамасақ, бір күні олардан айырылып қалуымыз мүмкін. Если мы не будем бережно относиться к тем природным богатствам, которые у нас есть, однажды мы можем их потерять.

🌊 НЕГЕ МЕН АЛАКӨЛГЕ ҮНЕМІ КЕЛЕ БЕРЕМІН ПОЧЕМУ Я ПОСТОЯННО ПРИЕЗЖАЮ НА ОЗЕРО АЛАКОЛЬ 📌 Глагол дня: қалқу — плавать, держатьс
🌊 НЕГЕ МЕН АЛАКӨЛГЕ ҮНЕМІ КЕЛЕ БЕРЕМІН ПОЧЕМУ Я ПОСТОЯННО ПРИЕЗЖАЮ НА ОЗЕРО АЛАКОЛЬ 📌 Глагол дня: қалқу — плавать, держаться на поверхности Мен Алматының маңындағы Первомай тоғандарында, Қапшағай су қоймасында, Ыстықкөлде, Лепсі өзенінде, әрине, Алакөлде де шомылдым. Я купался на Первомайских прудах рядом с Алматы, в Капчагайском водохранилище, на Иссык-Куле, в реке Лепсы ну и, конечно, в озере Алаколь. Неге мен және басқа да көптеген адамдар Алакөлге келуді таңдайды? Почему я и многие другие выбирают приехать на Алаколь? Мұнда жұрттың бәрі суы үшін келеді. Оның суы шынымен де ерекше. Все сюда едут из-за воды. И она действительно необычная. Көл атауының өзі «ала көл», яғни «алуан түсті көл» деген мағынаны білдіреді. Само название озера переводится как «пёстрое озеро». Ауа райына, желге, жарыққа, тереңдікке және су бетінің күйіне байланысты көлдің суы көгілдір, көк, болат түстес сұр, жасылдау, тіпті қараға жақын болып көрінуі мүмкін. В зависимости от погоды, ветра, освещения, глубины и состояния поверхности вода в озере может выглядеть голубой, синей, серо-стальной, зеленоватой и почти чёрной. . Бұл алуан түстілік судың әртүрлі тереңдігіне, көл табанының ерекшеліктеріне, суда қалқып жүрген бөлшектерге, сондай-ақ күн сәулесінің көл бетіне шағылысып, шашырауына байланысты пайда болады. Такая пестрота возникает из-за сочетания разной глубины, особенностей дна и взвешенных в воде частиц, а также из-за того, как солнечный свет отражается и рассеивается на поверхности озера. Алакөлге 15-тен астам өзен құяды. Олар көлге әртүрлі минералдар мен заттарды алып келеді, бұл судың құрамына және белгілі бір дәрежеде оның түсіне әсер етеді. В Алаколь впадает более 15 рек, приносящих в него различные минералы и вещества, что влияет на состав воды и отчасти на её цвет. Көптеген адамдар Алакөлге денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу үшін келеді. Многие люди приезжают на Алаколь для оздоровления и профилактики. Суының өзі керемет жағымды. Мұнда күні бойы дерлік шомылсаң да, судан шыққың келмейді. Сама вода невероятно приятная. В ней можно купаться почти целый день, и не хочется выходить. Ал құрамындағы тұздар мен минералдардың әсерінен суда дене бетінде жеңіл қалқып, басқа өзендер мен көлдерге қарағанда жүзу әлдеқайда оңай. А из-за солей и минералов держаться на поверхности и плавать гораздо легче, чем в других реках и озёрах. Мұнда бір рет шомылғаннан кейін, қайта-қайта келгің келеді. Искупавшись здесь однажды, хочется приезжать сюда снова и снова.

🧳 СӘТСІЗ БРОНДАУ ҚАЛАЙ СӘТТІЛІККЕ АЙНАЛДЫ КАК НЕУДАЧНАЯ БРОНЬ ОКАЗАЛАСЬ УДАЧЕЙ 📌 Глагол дня: брондау — бронировать Бірнеше
🧳 СӘТСІЗ БРОНДАУ ҚАЛАЙ СӘТТІЛІККЕ АЙНАЛДЫ КАК НЕУДАЧНАЯ БРОНЬ ОКАЗАЛАСЬ УДАЧЕЙ 📌 Глагол дня: брондау — бронировать Бірнеше жыл бұрын мен отбасыммен Алакөлге баруды жоспарлап, жолдама сатып алғым келді. Несколько лет назад я планировал поехать с семьёй на Алаколь и хотел купить путёвку. Өзім білетін демалыс орнына қоңырау шалдым, бірақ онда барлық орындар бос емес екен. Маған басқа жер іздеуге тура келді. Позвонил в зону отдыха, которую я знал, но там уже все места были заняты. Мне пришлось искать другое место. Жақсы пікірлері бар бір демалыс орнын таптым. Я нашёл одну зону отдыха с хорошими отзывами. Бірақ біз келген кезде, ол жердің біз ойлағандай жақсы емес екені белгілі болды. Но когда мы приехали, оказалось, что там всё не так хорошо, как хотелось бы. Бөлмеде біреудің лас сүлгісі ілулі тұр екен, ал себезгі бөлмесінен жағымсыз иіс шығып тұрды. В номере висело чьё-то грязное полотенце, а в душевой стоял неприятный запах. Фотосуреттерде тоңазытқыш болғанымен, бөлмеде ол жоқ болып шықты. В комнате не оказалось холодильника, хотя на фотографиях он был. Ауа баптағыштың де пульті болмады. А от кондиционера не было пульта. Әкімшіден пульт сұрағанымда, ол өзім барып, көршілерден сұрап алуымды айтты. Когда я попросил пульт у администратора, она сказала, чтобы я сам пошёл и попросил его у соседей. Түскі ас уақыты болғандықтан, біз асханаға бардық. Было время обеда, поэтому мы пошли в столовую. Тамақтың бәрі жаңа дайындалмаған еді. Еда была несвежей. Асханада отырғанымызда, қонақтар мен әкімшінің арасындағы екі жанжалға куә болдық. Пока мы сидели в столовой, нам довелось услышать два скандала между гостями и администратором. Асханадан қайтып келе жатып, есіктің астында бір үйме нәжіс жатқанын көрдім. Вернувшись из столовой, я увидел под дверью кучку фекалий. Бұл менің шыдамымның соңғы шегі болды. Это стало последней каплей моего терпения. Мен ол жерден шығып, дәл қасынан бір бос бөлме тауып алдым. Я вышел оттуда и буквально по соседству нашёл один свободный номер. Бөлме маған ұнады, сондықтан оны бірден брондап қойдым. Он мне понравился, поэтому я сразу же его забронировал. Содан кейін бұрынғы демалыс орнына қайтып барып, ақшамды қайтаруды талап еттім. Олар ақшамды қайтарып берді де, біз көрші демалыс орнына көшіп кеттік. Потом я вернулся назад, потребовал вернуть деньги, мне их вернули, и мы ушли в соседнюю зону отдыха. Содан бері бұл — біздің ең сүйікті демалыс орнымыз. С тех пор это наше любимое место отдыха.

🧳 СӘТСІЗ БРОНДАУ ҚАЛАЙ СӘТТІЛІККЕ АЙНАЛДЫ КАК НЕУДАЧНАЯ БРОНЬ ОКАЗАЛАСЬ УДАЧЕЙ 📌 Глагол дня: брондау — бронировать Бірнеше жыл бұрын мен отбасыммен Алакөлге баруды жоспарлап, жолдама сатып алғым келді. Несколько лет назад я планировал поехать с семьёй на Алаколь и хотел купить путёвку. Өзім білетін демалыс орнына қоңырау шалдым, бірақ онда барлық орындар бос емес екен. Маған басқа жер іздеуге тура келді. Позвонил в зону отдыха, которую я знал, но там уже все места были заняты. Мне пришлось искать другое место. Жақсы пікірлері бар бір демалыс орнын таптым. Я нашёл одну зону отдыха с хорошими отзывами. Бірақ біз келген кезде, ол жердің біз ойлағандай жақсы емес екені белгілі болды. Но когда мы приехали, оказалось, что там всё не так хорошо, как хотелось бы. Бөлмеде біреудің лас сүлгісі ілулі тұр екен, ал душ бөлмесінен жағымсыз иіс шығып тұрды. В номере висело чьё-то грязное полотенце, а в душевой стоял неприятный запах. Фотосуреттерде тоңазытқыш болғанымен, бөлмеде ол жоқ болып шықты. В комнате не оказалось холодильника, хотя на фотографиях он был. Кондиционердің де пульті болмады. А от кондиционера не было пульта. Әкімшіден пульт сұрағанымда, ол өзім барып, көршілерден сұрап алуымды айтты. Когда я попросил пульт у администратора, она сказала, чтобы я сам пошёл и попросил его у соседей. Түскі ас уақыты болғандықтан, біз асханаға бардық. Было время обеда, поэтому мы пошли в столовую. Тамақтың бәрі жаңа дайындалмаған еді. Еда была несвежей. Асханада отырғанымызда, қонақтар мен әкімшінің арасындағы екі жанжалға куә болдық. Пока мы сидели в столовой, нам довелось услышать два скандала между гостями и администратором. Асханадан қайтып келе жатып, есіктің астында бір үйме нәжіс жатқанын көрдім. Вернувшись из столовой, я увидел под дверью кучку говна. Бұл менің шыдамымның соңғы шегі болды. Это стало последней каплей моего терпения. Мен ол жерден шығып, дәл қасынан бір бос бөлме тауып алдым. Я вышел оттуда и буквально по соседству нашёл один свободный номер. Бөлме маған ұнады, сондықтан оны бірден брондап қойдым. Он мне понравился, поэтому я сразу же его забронировал. Содан кейін бұрынғы демалыс орнына қайтып барып, ақшамды қайтаруды талап еттім. Олар ақшамды қайтарып берді де, біз көрші демалыс орнына көшіп кеттік. Потом я вернулся назад, потребовал вернуть деньги, мне их вернули, и мы ушли в соседнюю зону отдыха. Содан бері бұл — біздің ең сүйікті демалыс орнымыз. С тех пор это наше любимое место отдыха.

🚙 БІЗ ОТБАСЫМЫЗБЕН АЛАКӨЛГЕ КЕЛДІК МЫ ПРИЕХАЛИ С СЕМЬЁЙ НА АЛАКОЛЬ 📌 Глагол дня: демалу — отдыхать Кеше біз отбасымызбен Ал
🚙 БІЗ ОТБАСЫМЫЗБЕН АЛАКӨЛГЕ КЕЛДІК МЫ ПРИЕХАЛИ С СЕМЬЁЙ НА АЛАКОЛЬ 📌 Глагол дня: демалу — отдыхать Кеше біз отбасымызбен Алакөлге, өзіміздің сүйікті «Алма-Ата 2» демалыс орнына демалуға келдік. Вчера мы с семьёй приехали отдыхать на Алаколь, на нашу любимую зону отдыха «Алма-Ата 2». Таңғы сағат 5:50-де Ақши станциясында пойыздан түстік. Утром, в 5:50, мы вышли из поезда на станции Акши. Бізді алдын ала келісіп қойған такси жүргізушісі күтіп тұр екен. Нас уже ждал таксист, с которым я заранее договорился. Басқа жолмен келе жатқанымызды байқап, одан неге дәл осы жолмен келе жатқанымызды сұрадым. Я заметил, что мы поехали по другой дороге, и спросил его, почему мы едем именно так. Ол бұл жолдың биыл ғана ашылған жаңа жол екенін айтты. Он ответил, что это новая дорога, которую открыли только в этом году. Содан кейін мен оған қазақша: «Негізі, мен қазақша түсінемін», — дедім. Потом я сказал ему по-казахски: «Вообще-то я понимаю по-казахски». Ол күлімсіреп, содан кейін екеуіміз қазақша сөйлесуге көштік. Он улыбнулся, и мы перешли на казахский язык. Такси жүргізушісі бұрын бұл жерде теміржол өткелінде үнемі кептеліс болатынын, ал қазір көліктер жаңа жолмен демалыс орындарына тоқтамай бара алатынын және кептеліс енді болмайтынын айтты. Таксист рассказал, что раньше здесь постоянно образовывались пробки на железнодорожном переезде, а теперь машины могут без остановок ехать к зонам отдыха по новой дороге и пробок больше нет. Содан кейін ол бүгін ауа температурасы шамамен 35 градус болатынын және бұл ауа райы суға түсуге өте қолайлы екенін айтты. Потом он сказал, что сегодня ожидается температура около 35 градусов и погода будет идеальной для купания. Біз келгенде, ол жүксалғыштан сөмкелерімізді шығарып беріп, жақсы демалып қайтуымызды тіледі. Когда мы приехали, он достал наши сумки из багажника и пожелал нам хорошо отдохнуть. Ал мен онымен қазақша сөйлескенде, оның жүзі бақыттан бал-бұл жанып, дәл жаңа ғана ұлды болғанын естіген адамдай ерекше қуанып қалды. А когда я разговаривал с ним по-казахски, у него было такое счастливое лицо, как будто ему только что сообщили, что у него родился сын.