dapterone
Kanalga Telegram’da o‘tish
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Ko'proq ko'rsatish2 492
Obunachilar
-424 soatlar
-167 kunlar
-3930 kunlar
Postlar arxiv
2 492
+6
Жақында осындай керемет кітап жарыққа шықты. Біз де сол «жарықты» жағуға тырысып, дизайнын жасадық. Пайдалы болғай!)
2 492
Бұрын адамдардың кей «қылығын» түсінбейтінмін. Кейін Алла маған сол «қылықтарды» Өзі түсіндірді…
2 492
Негізі бірнеше тақырыпта кітап басып шығару ойда бар. Солардың бірі – исламдағы әзіл тақырыбы өте өнімді еңбекпен жазылып басталған еді (50%). Алайда орта жолда мынадай ойға оратылдым: бұл кітап ат төбеліндей аз ғана жұртқа қызық-ау, өйткені тым тарөрісті тақырып сияқты. Бәлкім ең алғаш баспадан шыққан кітабым ретінде басқа мәселені қозғармын? Орамал туралы еңбегімді қайта саралап, баспаға берсем қалай? Әлде мүлде басқа тақырыпта ой өрбітуім керек пе? Білмей жүрмін...
2 492
Демалыс күні. Сағат таңғы 5. Ұйықтаудың орнына сыртқа шығып, талай шақырымдарды артқа тастап, мешітке қадам басты жұрт. Бұл жерге бірінші рет кеп тұрғандардың да қарасы көп бүгін. Немересін жетелеп келген ата, досын ертіп келген жасөспірім… Діннен алыс адамның өзі жылына екі рет келетін айт намазына баруды өзіне борыш деп санайды. «Қазақ исламнан жат» деген сөзді айтып адасқан бауырларымызға осы айт намаздары жеткілікті. Айт қабыл болсын 🤲
2 492
Біз ұмытып бара жатқан ізгі амалдардың бірі – хал сұрасу. Байқасаңыз, қазір біз «Ассалаумағалейкум» деген сөздің өзін жазуға ерінетін болдық. Сол сәлеммен қоса «Қалайсыздар?» деген тіркес жалғанған бір стикер жібере салуға құмармыз. Уақытымыз жоқ. Мүлде.
2 492
Компьютеріңнің сен білмеген мүмкіндіктерін көргің келсе, пернетақтаны кішкентай тентек балаңа беріп көр
2 492
Repost from Orientalist's Notes
Таңғы кофе ішіп отырмын. Келесі үстелде отқан адамға бір жас бала келеді де “Бата айтып берейін бе” дейді. Әлгі кісі ұялғаннан “Ну давай” деп келісті.
Қазақтың баласы. Бата айтып берді. Артынан каспиін айтты да, ақша аудартып алды.
Сосын маған келді “Бата айтып берейін бе?” деп. Келіспедім.
Кәсіптің түрі көп, алайда бата (қазақтың дұғасы) сатып кәсіп қылмаған дұрыс. Соған итермелеп отқан ата-анада мәселе бар.
Иә, бала ширасын, піссін деп түрлі іс жасатып көруге болады-ау, бірақ шекараларды білген дұрыс-ақ.
Далада жүгері сатсын, паркте балмұздақ ұсынсын… Тек қайыр тілемесін.
#ой_түймекке
2 492
Далада жүгіріп жүретіндерге қызығам. Тіпті итімен бірге жүгіріп жүретіндер болады ғой. Ал менің итпен жүгіретін бір-ақ уақытым болады: егер ол ит менің артымнан қуса.
2 492
Бізде ұмытылып бара жатқан жақсы қасиеттер:
1) Басқалар жайлы жақсы ойлау;
2) Адамдардан ұялу;
3) Ізгілермен кеңесу.
2 492
«АҚШАМ» СӨЗІНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ
Қазіргі қазақ тілінде «іңір, апақ-сапақ кез» жəне «күн батып, ымырт түскен кезде оқылатын намаз» мағыналарында қолданылатын ақшам сөзінің түп төркіні соғдының axšam сөзі болып есептеледі, орта парсы тіліндегі šam «кеш, кешкі ас», шығыс иран тілдеріндегі «кеш», «түн» мағынасындағы axšap түрінде кездеседі. Қазіргі парсы тілінде šab түрінде қолданылады.
📚 Жұбатова Б. Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер.
2 492
«Адамның хайуанаттан артықшылығы — тілі. Ал оны орынды қолдана алмаған адам хайуаннан бетер».
©️ Сағди
2 492
«Если вы считаете, что образование – это дорого, попробуйте невежество».
©️ Энн Ландерс
2 492
— Алыс сапарға көлігіңізбен шығайын деп жатырсыз. Жаныңызға әңгімесі қызық қандай 4 тұлғаны бірге алып кетер едіңіз?
— Абылай Кенжалы, Данияр Жігітбек, Дастан Құрманбаев және Ескендір Бестай.
©️Әбілқайыр Мәдиұлы
«Тура жол» / Жақында
2 492
Кринж — дағуатты мысқылдап жүргізу.
Қарсы тараптың көзқарасына күліп, оны бейшара санау — мұсылманға тән дүние емес. Ондай әдепсіздіктің кесірінен дағуат бағытталған топ та еш пайда алмайды, өйткені қасарысып, кек сақтап кетеді. Сенен бұрын-соңды қолдаушың болған, бірақ сана сәулесі сөнбеген адамдар да жиіркенеді. Тек артыңнан соқыр ерген тобыр ғана бәрекелді дер. Асылында, сенің мақсатың — сол екінші тараптың бетін бері қаратуға әрекет ету еді ғой. Ал сен тек өзіңнің және өз аудиторияңның эгосын көтерудесің.
Endi mavjud! Telegram Tadqiqoti 2025 — yilning asosiy insaytlari 
