dapterone
رفتن به کانال در Telegram
2 418
مشترکین
-324 ساعت
-167 روز
-4530 روز
آرشیو پست ها
2 418
Repost from Zhumadilda Eldos
Біз бұл дүниеден алған нәрсемен кетпейміз, бәлкім берген нәрсемізбен кетеміз…
2 418
Абайдың 25-ші қара сөзінде былай жазылған: «Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?... Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен».
2 418
Repost from N/a
Павел Дуров не раз объяснял, почему не любит платформы, которые решают за тебя, о чём ты будешь думать сегодня.
Мысль у него простая. Он хочет сам выбирать, на чём фокусироваться и о чём думать. А соцсети сегодня буквально говорят человеку: думай вот об этом.
Алгоритмическая лента продаётся как удобство. По факту это управление вниманием. Ты заходишь без цели, а выходишь с чужой повесткой в голове. Поэтому Telegram устроен иначе. Ты сам выбираешь каналы. Сам решаешь, что читать. Никто не подсовывает тебе то, что должно тебя зацепить.
Threads - пик навязывания в этом плане..
2 418
«Пендешілікпен күнә жасап қойған жерден — жақсы амал қылмайынша кетпе. Ол мекенді өзіңе қарсы куә қылып қалдырма».
©️ Ибн Араби
2 418
Жүзің танымал боп, креслоң жұмсарған сайын «Уағалейкум ассалам» деген сөз ұмыт бола бастайды екен. Былай қарап тұрсаң, оп-оңай сөз ғой...
2 418
Бұрын ізгілер намазын жаумен соғысып жүрген кезде қаза етіп алса, біз нәпсімізбен соғысып қаза етіп жүргендейміз.
2 418
Арғы жақтағы мерзім – 60 жыл емес, 100 жыл емес, тіпті 1 000 000 жыл да емес. Өмірде қанша сан білесің – соның ешқайсысы емес. Одан да ұзақ. Мәңгілік. Сол үшін мына өмірдегі ұсақ-түйек дүниеге қапалана берме. Азық жина.
2 418
Repost from Ilim_ordasy📚
Уақыты өтіп, күн сайын қартайып бара жатқан жалғыз сен емес. Саған үміт артып отырғандар да қартайып жатыр…
2 418
Осындай боп қалат та енді. Біз – исламтанушылар – негізі бөлінбейміз. Өздері бөледі. Бізді ана сәбет үкіметі кезінде бөліп қойған. «Имам» деп, «молда» деп жақтырмайды да. Кезінде студент боп оқып жүрген кезде танысамыз ғой басқа студенттермен. Сонда біреулері: «СДУ, Қаскелең» десе, охооу деп… «ЕНУ, Астана» десе, уаа деп… Сосын мен: «Нұр-Мүбарак, Алматы» десем, ыһһ… Қорқа-а-ды-ы-ы! Бірақ кешіріңіздер, ол жерден небір жақсы адамдар шығып жатыр, сол үшін қорықпаңыздар.
2 418
+6
Жақында осындай керемет кітап жарыққа шықты. Біз де сол «жарықты» жағуға тырысып, дизайнын жасадық. Пайдалы болғай!)
2 418
Бұрын адамдардың кей «қылығын» түсінбейтінмін. Кейін Алла маған сол «қылықтарды» Өзі түсіндірді…
2 418
Негізі бірнеше тақырыпта кітап басып шығару ойда бар. Солардың бірі – исламдағы әзіл тақырыбы өте өнімді еңбекпен жазылып басталған еді (50%). Алайда орта жолда мынадай ойға оратылдым: бұл кітап ат төбеліндей аз ғана жұртқа қызық-ау, өйткені тым тарөрісті тақырып сияқты. Бәлкім ең алғаш баспадан шыққан кітабым ретінде басқа мәселені қозғармын? Орамал туралы еңбегімді қайта саралап, баспаға берсем қалай? Әлде мүлде басқа тақырыпта ой өрбітуім керек пе? Білмей жүрмін...
2 418
Демалыс күні. Сағат таңғы 5. Ұйықтаудың орнына сыртқа шығып, талай шақырымдарды артқа тастап, мешітке қадам басты жұрт. Бұл жерге бірінші рет кеп тұрғандардың да қарасы көп бүгін. Немересін жетелеп келген ата, досын ертіп келген жасөспірім… Діннен алыс адамның өзі жылына екі рет келетін айт намазына баруды өзіне борыш деп санайды. «Қазақ исламнан жат» деген сөзді айтып адасқан бауырларымызға осы айт намаздары жеткілікті. Айт қабыл болсын 🤲
2 418
Біз ұмытып бара жатқан ізгі амалдардың бірі – хал сұрасу. Байқасаңыз, қазір біз «Ассалаумағалейкум» деген сөздің өзін жазуға ерінетін болдық. Сол сәлеммен қоса «Қалайсыздар?» деген тіркес жалғанған бір стикер жібере салуға құмармыз. Уақытымыз жоқ. Мүлде.
2 418
Компьютеріңнің сен білмеген мүмкіндіктерін көргің келсе, пернетақтаны кішкентай тентек балаңа беріп көр
2 418
Repost from Orientalist's Notes
Таңғы кофе ішіп отырмын. Келесі үстелде отқан адамға бір жас бала келеді де “Бата айтып берейін бе” дейді. Әлгі кісі ұялғаннан “Ну давай” деп келісті.
Қазақтың баласы. Бата айтып берді. Артынан каспиін айтты да, ақша аудартып алды.
Сосын маған келді “Бата айтып берейін бе?” деп. Келіспедім.
Кәсіптің түрі көп, алайда бата (қазақтың дұғасы) сатып кәсіп қылмаған дұрыс. Соған итермелеп отқан ата-анада мәселе бар.
Иә, бала ширасын, піссін деп түрлі іс жасатып көруге болады-ау, бірақ шекараларды білген дұрыс-ақ.
Далада жүгері сатсын, паркте балмұздақ ұсынсын… Тек қайыр тілемесін.
#ой_түймекке
