Kazakh in Cardiff (I was)
Kanalga Telegram’da o‘tish
Технология сізді қалай өзгертпек Канал авторы - @daniyar
Ko'proq ko'rsatish1 636
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
+147 kunlar
+730 kunlar
Postlar arxiv
Сөзімді қайтып алдым. Fable моделі расымен масқара екен. Opus-ты сеньор десек, Fable-ды қосып ultracode-workflow деңгейін қоссаң, стафф деңгейінде шашып парша-паршасын шығарады тапсырманың. Артық айтып қойыппын басында
Нағыз дизайнгер әріптестерге арналған ақпарат екен. Тек олар емес, өзім де кейде презентация жасағанда қолданатын болдым барлығын. Лобстерден басқасын
Repost from Qazaq Lab
Тегін Canva-да қазақша мәтін жазатын шрифтер:
1. Alice
2. Balsamiq Sans
3. CMU Serif
4. Comfortaa
5. Cormorant Garamond
6. Cormorant SC
7. Forum
8. Libra Serif Modern
9. Literata
10. Lobster
11. Lora
12. Luka
13. Marta
14. Merriweather
15. Montserrat
16. Rubik Bubbles
17. Soul Adventures
18. St Titan
19. Stitch (?)
20. TT Runs (Black, Thin)
21. Yeseva One
@qazaqlab
Мен қазіргі студенттерге: ЖИ-дан бет жоқ көшіре бермеңдер. Арасында қаншама баг, қаншама vulnerability болуы мүмкін. Кодты жақсылап оқып, түсініп алыңдар.
Өзім осыдан 5 жыл бұрын: О, мынау StackOverflow-дағы жауапта 5 лайк бар екен. Бұл дегенің пәшти что ревьюден өткен эталон ғой. Қарамай бірден көшіріп, продқа атып жібере салайын
Антропиктің Fable деген сұмдық мақтаған моделін байқап көрдіңіздер ме? Ойбай, бұл mythos-деңгей, абайламасаң пентагонды взломать етіп жібереді, шығыстағы Мтокен бағасы 50$ деген соң кеше кешке біраз байқап көргем.
Мүмкін әзірге промптым қате ме білмейм. Бірақ opus 4.8 xEffort тура сондай-ақ нәтиже беретін сияқты. 😐
Әкетіп бара жатқан сапа көрмедім фейблдан. Сіздерде қалай, қырып тапсырманы жасап жатыр ма?
Мысалы біздің елде статистика беретін мемлекеттік порталымыз бар. Data-ны осылай pdf немесе excel, word отчет форматында береді. Ыңғайлы CSV, JSON, API, graphQL деген сияқты заттар атымен жоқ.
Мына ақпаратты ЖИ тұрмақ, адамның өзі зорға өңдейді.
Кімде openClaw немесе сол сияқты жүйе бар, сіздің ЖИ агентіңіз осы порталдан бірнеше жылғы ақпаратты алып, оны бір кестеге салып, сосын сол бойынша трендтер, паттерндер шығарып бере ала ма? (One shot промпттан әрине, сіз жолда қолмен көмектессеңіз ол саналмайды)
Жаңа межеміз осы. Енді интернетті шарлап жүрген боттар саны адамнан асып кетті. Бірақ бұл әлі “өлі интернет теориясы” дегенге келмейді. Әзірге агенттер тек трафикті оқумен айналысады. Контенттің жартысын ЖИ жасап жатыр деп жатқан жоқпыз.
Мысалы сіз бір велосипед алмақ болдыңыз. Жақсысын табу үшін гуглды ақтарып бір 10 шақты сайт ашарсыз, ал ЖИ агенттер он емес жүздеген сайтты қопарып шығады. Бірақ бір проблема, қазіргі сайттар агент үшін жасалмаған, агент оны оқим дегенше қаншама токенді зая кетіреді.
Ендігі кезектегі трансформация - порталыңызды ЖИ оқуға ыңғайлы етіп жасау.
Мынау каналдағы он жыл бұрынғы жазба.
(бұл каналдың ашылғанына да он жылдан асып кетіпті ғой😱). Осы статистикадан кейін әлемде тренд басталды, енді вебсайтыңды міндетті түрде смартфонға бейімдеп жасау керек деген принцип пайда болды. Қазіргі заманда смартфонның құлағында ойнайтын, алайда компьютердегі файл дегеннің не екенін білмейтін жастар көп.
Осылайша он жылда мейнстрим интернет толық трансформациядан өтті десе болады. Енді жақында осыған ұқсас басқа бір маңызды межеден өттік, ол қандай меже деп ойлайсыз?
Айтпақшы, Гугл шынымен ғарышта ЖИ-Инфраға арналған деректер орталығын жасап көрмек. Себебі ғарышта энергия көзін алатын күн сәулесі қашанда бар, жерден сегіз есе өнімдірек етіп алуға болады. Оның үстіне салқындату проблемасы да өзімен-өзі шешіліп тұр. Алайда, одан бөлек проблемалар да көп: Радиация, тұрақтылық, ғарышта құрылғының қимылын басқару, және ғарышқа құрылғыны жеткізу шығыны. Сәттілік тілейміз не болса да
SpaceX компаниясы айды старлинкпен қаптап ай мен жердің арасына интернет осылай тартамыз дейді.
Кейін сол жаққа да бір датацентр қойып, cloud tech жолда қалдып, ай технологиясын пайдаланатын да заман келетін шығар
Негізі осы слопшеймиң туралы өзім жазғым келді. Бірақ мүмкін бұндай ақпаратты видеомен жеткізген тиімдірек болатын шығар деп ойладым. Бірақ мен видео түсіруге ерінем құрылғы, жарық қою, монтаж дегенге қолым үйренбеген. Сол үшін идеяны Жомартқа жібердім, ол видеоны тез арада түсіріп жариялап тастады. Алайда, осындай аздап танымдық видеолар түсіріп инстада жариялап отырсам деген ой соңғы кездері қатты мазалап жүр. Егер түсіріп бастасам көресіздер ма?
Слопшеймиң - соңғы кездегі маған ең қатты ұнаған AI термин.
Ол не тағы да десеңіз, мына видеоны көріңіз.
Бүгін дейли стендап кезінде, компаниямыздағы мықты прогер, staff engineer бір тапсырманы талқылай келе "мен бүгін жасап бітірем деп ойлағам, бірақ бір аптаға берілген токендердің бәрін жағып тастадым, енді ескі методпен қолмен істеу керек болады" деп айтып қалды. O tempora, o mores!
Жалпы Линус Торвальдс, Роберт Мартин сияқты адамдардың өзі клаудқа жатып алдым деп мойындап отқан кезде, біз қайда барамыз деймін да
Достар, мынадай челлендж жасамадық па
Жақында қандай мәселені ЖИ арқылы оп-оңай шешіп алдыңыз? Соны комментке жаза кетіңіз. Қалай, не үшін, қандай промпт қолдандыңыз, қандай модель дегендей. Кеттік мақтанайық бәріміз.
Мен бастайын. Бүгін пайдалы бір видео көрдім. Мобильді апптың system design-ын жасағанда, неге жіті мән беру керек деген. Көріп отырып, мынаның бәрін бір тізім қып жазып алатын екен, келесі жолы сол тізімді чеклист қылып қолданам деген ой келді. Артынша бірден Gemini-ге айттым, мына видеоны көр да, маған чеклист тізім қылып шығарып бер дедім. Гемини ютуб видеоларды күшті көре алады, бірден жасап бере қойды. Сосын "осы чеклисті шпаргалка қылсам қайтеді" деген ой кетті. Оны ChatGPT Images 2.0 арқылы істедім, себебі ол инфографика, мәтінмен жұмыс дегенді қатырады. Нәтижесін, промпттарды бірінші комментте қалдырамын
Endi mavjud! Telegram Tadqiqoti 2025 — yilning asosiy insaytlari 
