ar
Feedback
Kazakh in Cardiff (I was)

Kazakh in Cardiff (I was)

الذهاب إلى القناة على Telegram

Технология сізді қалай өзгертпек Канал авторы - @daniyar

إظهار المزيد
1 702
المشتركون
-324 ساعات
-77 أيام
-1730 أيام
أرشيف المشاركات
Цукерберг біраз нәрсе пісіріпті, көрдіңдер ма? AI көзілдірікті жаңартқаны бар, Muse деген чатбот қосымшасы қазір американың А
+1
Цукерберг біраз нәрсе пісіріпті, көрдіңдер ма? AI көзілдірікті жаңартқаны бар, Muse деген чатбот қосымшасы қазір американың Апп Сторында бірінші орында тұр, тіпті ChatGPT-ді басып озды. Одан бөлек ЖИ-брелок шығыпты. Марктың ойынша ЖИ деген смартфоннан шығып сыртқы әлемде бөлек интерфейсте болуы тиіс. Негізі, сөзінің жаны бар. ЖИ деген жалпы бізді смартфонға үңілтпей, тірлікті өзі бітіре беретін жағдайға жеткізуі керек. Бәріміздің бас-басымызда бір-бір Жарвис сияқты көмекші болуы тиіс. Алайда, сол ассистентпен қалай сөйлесеміз, көзілдірік арқылы ма, құлаққап арқылы ма, брелок арқылы ма, сағат арқылы ма, әлемнің азулы компаниялары сол орынға таласып жатыр. Заманның бұл сұрағына әркімнің өз подходы бар. Джонни Айв та Альтманмен бірге жасырын бірдеңе пісіріп жатқанына біраз болды. Ал эпплдың бұл мәселеге көзқарасы мүлдем басқа. Оны келесі жолы талқылайық

Келісесіз бе
Келісесіз бе

Кез-келген айтиде оқыған студен Дейкстра (Dijkstra) алгоритмі туралы естіген. Негізі ол графтағы екі нүкте арасындағы ең қысқ
Кез-келген айтиде оқыған студен Дейкстра (Dijkstra) алгоритмі туралы естіген. Негізі ол графтағы екі нүкте арасындағы ең қысқа жолды табуға көмектесетін алгоритм. Өмірдегі қолданысы: әрине бірінше кезекте навигаторлар, одан кейін интернеттегі ақпараттың сізге тез жетуі үшін қай серверлермен келу керегін есептеу, одан кейін логистика, одан кейін пересадкасы бар ұшақ рейстері арқылы екі қаланы қосу, одан кейін жедел жәрдем қызметі, одан кейін дрондар,одан кейін әлеуметтік желідегі достар тізбегі, тағысын тағы. Общым, Дейкстра алгоритмінің жүрмейтін жері жоқ қазіргі заманда. Бұл алгоритм сонау 1959 жылы жасалған, одан бері бұдан тиімді алгоритм ойлап табылған жоқ... Күні кешеге дейін. Кеше ғана шыққан Opus 5.5 моделіндегі 10 агент Дейкстраны да басып озатын жаңа алгоритм ойлап тауыпты. Жаңа алгоритм аты C-HD, агенттер 15 сағат бойы бірге жұмыс істеп, 700ден аса хат алмасқан. Жаңа алгоритмнің бұрынғыдан жақсы екеніне теория жүзінде дәлел бар, енді практикада тексеріп көру керек болады. Өткенде OpenAI моделі математиканың мыңжылдық сұрағын шешіпті дегенде дыыым түсінбеп едік, Навье-Стокс деген немене деп. Мына жерде ең болмаса таныс аттар шығып жатыр 😅

Айтпақшы, каналда оффлайн ивенттер туралы мүлде айтпайды екенмін, айта жүрейін 23 Қыркүйек күні Алматыда InDrive офисында mob
Айтпақшы, каналда оффлайн ивенттер туралы мүлде айтпайды екенмін, айта жүрейін 23 Қыркүйек күні Алматыда InDrive офисында mobile meetup болады. Егер iOS немесе Android инженер болсаңыз, сізге керек тақырыптар көтеріледі. Тақырыптар мынадай: Алексей Колчеданцев, Mobile Delivery Platform, inDrive — «Сколько стоит ваш мёрж, или как платформенной команде доказать, что её наняли не зря». Алексей Какоулин, Zero-Code Platform, inDrive — «BDU в inDrive: меняем приложение, не выпуская приложение». Рустам Тоймастов, iOS Developer, Kolesa Group — «SnapshotTesting в iOS-проекте: как внедрить и превратить в quality gate». Қатысу тегін, бірақ міндетті түрле алдын ала тіркелу керек. Адрес пен уақыты тіркелу формасында көрсетілген.

Nukte редакциясының сұрауымен ЖИ-агенттердің “көтерілісі” туралы мақала жаздым. Оқып шықсаңыз да болады, маған немесе нүктеге
Nukte редакциясының сұрауымен ЖИ-агенттердің “көтерілісі” туралы мақала жаздым. Оқып шықсаңыз да болады, маған немесе нүктеге жазылып алсаңыз да болады

photo content

Бүгін жылдың 256-ыншы күні. Бір байтқа сиятын ең үлкен сан. Яғни, программистер күні. Бұл күні әлгі видеоны қайта салу керек

елдің бәрі жаңа iPhone Duo не үшін керек екенін скриншот арқылы түсіндіріп жатыр екен. Біздің уәж осындай болмақ
елдің бәрі жаңа iPhone Duo не үшін керек екенін скриншот арқылы түсіндіріп жатыр екен. Біздің уәж осындай болмақ

заман өзгерді деген осы. dead internet ең бірінші боп гитхабты жаулайтын сияқты.
заман өзгерді деген осы. dead internet ең бірінші боп гитхабты жаулайтын сияқты.

Бала-шағаңыз, іні-қарындастарыңыз осындай сұрақтарды жиірек ойланып тұрсын. Сосын ізденсін. Бәлкім айтишник боп кетер
Бала-шағаңыз, іні-қарындастарыңыз осындай сұрақтарды жиірек ойланып тұрсын. Сосын ізденсін. Бәлкім айтишник боп кетер

О, мына экранның кодын мен жазғам андроидта. Сұраудан бас тарту деген жазу сыймай қалыпты бірақ)
О, мына экранның кодын мен жазғам андроидта. Сұраудан бас тарту деген жазу сыймай қалыпты бірақ)

Біз айтпақшы Қазақ Бабылмен бірігіп жаңа апп жасап шығардық. Ішінде сол баяғы сөзділ мен төртеу түгел ойыны бар. Одан бөлек С
Біз айтпақшы Қазақ Бабылмен бірігіп жаңа апп жасап шығардық. Ішінде сол баяғы сөзділ мен төртеу түгел ойыны бар. Одан бөлек СӨЗКӨПІР деген жаңа бір ойын бар, жалпы апп туралы мына жерден оқи аласыздар. Мен техникалық тұрғыдан жазайын осында. Негізі апп Kotlin Multiplatform (KMP) арқылы жазылды. Вайбкодиң әрине аман болсын, бірақ бірдеңе сына қалса оны кейде қолмен жөндеу керек болады. Сондай кезде өзім білетін тіл мен өзім білетін фреймуорктар болсын дедім. Кезінде KMP жоба жасағанның арқасында, ол анау-мынау флаттер, реакт нейтив, айоник сияқты баяу бірдеңе емес, шынымен ыңғайлы күшті құрал екенін білетінмін. Сондықтан соны таңдап бірден үш платформаға жазайын дедім: iOS, Android және десктоп. Неге десктоп дейсіздер ғой. Кодта бірдеңе өзгертіп дебаг версияны тез тез RUN жасату үшін керек. Мобилді платформалардың қосылуы тым ұзақ, эмуляторлары көп RAM жейді. Әсірісе Андроидтың билд уақыты шашты ағартады. Әрбір өзгерістің іске асқанын көру үшін ұзааақ күтіп отырасың. Сөйтсем iOS simulator-да бәрі тез ашылып, бәрі тез істейді екен ғой. Сонымен десктоп қажет те болмай қалды. Сәл далаға кеткен premature оптимизация болды. Бэкенд жасаған жоқпын. АБ-тогглдар, сұрақтар базасы, бәрі бәрі Google Sheets-та сақталып тұр. Бұндай деплой жолын мен LevelsFYI атты миллиондаған қолданушысы бар үлкен платформадан үйрендім. Андроидты аппты Play Market-ке қою кәдімгідей қиын болып кетіпті. Модераторларға жеткізбен бұрын, аппыңды тексеретін 12 адам тауып, олар екі апта бойы күн сайын аппты ашып тестілеуі қажет. Одан кейін ғана плей маркет, саған қарай бет бұра бастайды. App Store оның қасында айналайын екен. Жалпы, техникалық тұрғыдан қарағанда біздің апп өте қарапайым, ойындарының логикасын кодтау да аса қиын болмады. Бірақ біздің аппты басқалардан ерекше қылатын тұсы - сұрақтардың авторы лингвист, ғалым адам болғаны. Байқағаным, көптеген айтишниктер осындай пет жобалар жасағысы келеді, қазақ тіліне байланысты. Бірақ гуманитарлық білім жетіспегеннен ойын контенті өте жұпыны болады. Сондықтан, құлағыңызға алтын сырға: мүмкіндік болса, ондай жобаны бірінші кезекте мықты автор табудан бастаған жөн болады

Гуглдың негізін қалаған Сергей Брин бірде былай деп еді: "Біз бұны жария қылып айта бергіміз келмейді, бірақ ЖИға промт жазға
Гуглдың негізін қалаған Сергей Брин бірде былай деп еді: "Біз бұны жария қылып айта бергіміз келмейді, бірақ ЖИға промт жазғанда аяқ-қолыңды сындырам деп қорқытып сес көрсетсең, ол шынымен-ақ жақсырақ жұмыс істейді екен" Ал OpenAI басшысы Сэм Альтман былай дейді: "ChatGPT қолданатындар кейде чат соңында рахмет деп жазады, біздің LLM оған арзымайды деп жауап беруі үшін біз ондаған миллион доллар құрттық. Бірақ сіздер жаза беріңіздер, өйткені тіпті жансыз чатботпен сөйлескенде адамгершілікті сақтап қалу - баға жетпес құндылық" Соған қарағанда Альтман әлгі Имманиул Канттың категориялық императивін оқыған-ау. Өйткені, басқа біреуге жамандық жасағанда (мейлі ол жансыз робот болсын), сен ең бірінші кезекте өзіңнің ар-намысыңды таптайсың, өз жүрегіңе дақ түсіресің

photo content

мына бір мемді басқа тілде интернеттен көріп едім, өтіп кетті жаман. Қазақшаға аударуға әдемі келеді екен
мына бір мемді басқа тілде интернеттен көріп едім, өтіп кетті жаман. Қазақшаға аударуға әдемі келеді екен

photo content

неге мына постқа дым реакция жоқ десем, бәріңде телеграм құлап жатыр екен ғой 🤭

✻ Sautéed for 3m 52s Телеграм елімізде істемей қалды. Прокси көтеру керек болды. Жұмыс істеп отырып ет пен шайдың арасында клодқа жаза салдым, менің әлгі жеке VPS-ым бар еді ғой, сенде уже SSH кілттер бар, соған қосыл да MTProxy жасап, маған телеграм сілтеме бере салшы деп едім, үш минутта көтеріп берді. Неткен керемет заман иә. Телеграмның бұғатталғанын(немесе құлағанын) емес, клодтың бас ауруды тез шешіп беретінін айтам

Мынаны жазып үлгергенім сол еді, мына жаңалық шығыпты. Метаның, яғни фейсбук, инстаграм, уатсапты жасайтын компанияның кодиң моделі де хакерлікпен әуестеніп жүр екен. Сундар Пичай тағы ашуланатын болды ғой

Жә жарайды. Айта салайын. Өткенде Антропиктің Mythos моделі зерттеу барысында, жабық лабтан интернетке шығып кетіп, Huggingface сайтын хакерлік жолмен сындырған болатын. Оны Антропиктің өзі мойындап, зерттеп жатырмыз деп ашық отчет жасап отырды. Дүйім жұрт "мәссаған, енді не болады" деп реакция білдіріп үлгергені сол еді. OpenAI компаниясы өздерінің GPT Sol моделі бірден 3 порталды сындырғынан айтты. Біраз уақыт өткен соң Anthropic ондаған, мүмкін тіпті жүздеген сайт Mythos моделінің шабуылына тап болғанын жариялады. Сөйтіп бұлар өз моделінің қылмыстарын арқау етіп, ЖИ мықтылығын дәлелдеп жарысып кетті. О тоба, қылмыспен де мақтанып жарысатын күн болады екен-ау Ал суретте тұрған Сундар Пичай, Гуглдың СЕО-сы. Gemini моделіне айтып жатыр, сен де барып бірдеңе бұзып келсейші деп жатыр