ch
Feedback
Kazakh in Cardiff (I was)

Kazakh in Cardiff (I was)

前往频道在 Telegram

Технология сізді қалай өзгертпек Канал авторы - @daniyar

显示更多
1 674
订阅者
+324 小时
+467
+4930
帖子存档
Сосын, NotebookLM сол баяғы 7-8 тілмен шектеліп қалмаған. 80 шақты тілде ақпаратты өңдеп шығарып бере алады. Бірақ ең қынжылтатыны - арасында қазақша жоқ 🥲

NotebookLM-да Pro немесе Ultra аккаунтыңыз бар болса, енді ол берілген ақпарат бойынша reels/tiktok/shorts жасап бере алады. Мысалы, кешегі жаңа архетиптер туралы жазбам бар ғой, соны видео қылып жаса дедім. Мынаны шығарып берді:

Claude Code-ты бәріміз білетін шығармыз Соның жетекшісі Борис Черни болашақта айти команда ішіндегі рөлдер ауысады дейді. Жазбаның сөзбе-сөз аудармасын ұсынайын. Ары қарай оның сөздері:
Инженерия, продакт, дизайн, Дата сайнс және т.б. салалар бір-бірімен сіңісіп, жаңа бір рөлге айналып бара жатқан тұста, мен болашақтағы қызметтердің қандай болатыны жайлы ойланып қалдым. Мысалы, Claude Code командасына қарап, бес түрлі архетипті байқаймын: Прототип жасаушы (Prototyper): Су жаңа идеялар ойлап табады, идеяларды толассыз шығарады, бірақ олардың басым көпшілігі релизге жетпейді. Құрастырушы (Builder): Прототипті немесе идеяны тез арада продакшнға шығарады. Алайда прототиптеушіден айырмашылығы - әрі өгізді де өлтірмейд, арбаны да сындырмайды Тазартушы (Sweeper): UI-ды ретке келтіреді, код пен жүйені жеңілдетеді, рефактор жасайды, өнімділікті (performance) арттырады. Өсіруші (Grower): Дайын болған өнімді алып, оның нарыққа бейімділігін (Product-Market Fit) жақсарту үшін қайта-қайта итерация жасайды. Қолдаушы (Maintainer): Толыққанды жүйеге иелік етіп, оның ауқымы кеңейген сайын қауіпсіз, сенімді, жылдам әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырады. Көптеген адамдар осы рөлдердің екеуін, кейде тіпті үшеуін қатар алып жүреді. Сондай-ақ, бұл рөлдердің нақты лауазымдық міндеттерге тікелей байланбағанын байқадым. Мысалы, Anthropic ішінде кейбір дизайнерлер 1-ші, енді біреулері 2-ші немесе 3-ші категорияға сай келеді; инженерлер, PM мен DS мамандарының арасында да дәл осы жағдай. Дені сау командаға, өнімнің жағдайына байланысты, осы рөлдердің үйлесімі қажет: - Жаңа әрі әлі өз орнын таппаған өнімге 1+2+3 рөлдерінде мықты мамандар керек. - Өсіп келе жатқан өнімге 2+3+4 және аздап 5-ші рөл қажет. - Аяққа нық тұрған мықты өнімге 3+4+5 және кішкене 2-ші рөл керек. Бәлкім, болашақтың product-рөлдері бүгінгідей нақты бір салаға байланған қызметтерден гөрі, осыған көбірек ұқсайтын шығар?
Бұл туралы сіз не ойлайсыз. Бұндай түбегейлі өзгерістер үлкен корпорацияларға жеткенше қанша уақыт керек болады екен

Жеп қалдым
Жеп қалдым

Ғажайып фича ғой мынау 🔥 BBC сайтында кейбір матчтарды осындай 3d симуляторда көруге болады. Тура FIFA, PES-тегі replay сияқты, қалаған тұстан қарай аласың матч барысын. Бұны VR-ға қосса мүлдем қатып кететін шығар

Сөзімді қайтып алдым. Fable моделі расымен масқара екен. Opus-ты сеньор десек, Fable-ды қосып ultracode-workflow деңгейін қос
Сөзімді қайтып алдым. Fable моделі расымен масқара екен. Opus-ты сеньор десек, Fable-ды қосып ultracode-workflow деңгейін қоссаң, стафф деңгейінде шашып парша-паршасын шығарады тапсырманың. Артық айтып қойыппын басында

Нағыз дизайнгер әріптестерге арналған ақпарат екен. Тек олар емес, өзім де кейде презентация жасағанда қолданатын болдым барлығын. Лобстерден басқасын

Repost from Qazaq Lab
Тегін Canva-да қазақша мәтін жазатын шрифтер: 1. Alice 2. Balsamiq Sans 3. CMU Serif 4. Comfortaa 5. Cormorant Garamond 6. Co
Тегін Canva-да қазақша мәтін жазатын шрифтер: 1. Alice 2. Balsamiq Sans 3. CMU Serif 4. Comfortaa 5. Cormorant Garamond 6. Cormorant SC 7. Forum 8. Libra Serif Modern 9.  Literata 10. Lobster 11. Lora 12. Luka 13. Marta 14. Merriweather 15. Montserrat 16. Rubik Bubbles 17. Soul Adventures 18. St Titan 19. Stitch (?) 20. TT Runs (Black, Thin) 21. Yeseva One @qazaqlab

Рас айтады
Рас айтады

Мен қазіргі студенттерге: ЖИ-дан бет жоқ көшіре бермеңдер. Арасында қаншама баг, қаншама vulnerability болуы мүмкін. Кодты жақсылап оқып, түсініп алыңдар. Өзім осыдан 5 жыл бұрын: О, мынау StackOverflow-дағы жауапта 5 лайк бар екен. Бұл дегенің пәшти что ревьюден өткен эталон ғой. Қарамай бірден көшіріп, продқа атып жібере салайын

Антропиктің Fable деген сұмдық мақтаған моделін байқап көрдіңіздер ме? Ойбай, бұл mythos-деңгей, абайламасаң пентагонды взломать етіп жібереді, шығыстағы Мтокен бағасы 50$ деген соң кеше кешке біраз байқап көргем. Мүмкін әзірге промптым қате ме білмейм. Бірақ opus 4.8 xEffort тура сондай-ақ нәтиже беретін сияқты. 😐 Әкетіп бара жатқан сапа көрмедім фейблдан. Сіздерде қалай, қырып тапсырманы жасап жатыр ма?

Қайтадан ЖИ жаңалықтары
Қайтадан ЖИ жаңалықтары

ЖИ ЖИ деп осындай жиза нәрселерді ұмыта бастадық
ЖИ ЖИ деп осындай жиза нәрселерді ұмыта бастадық

Мысалы біздің елде статистика беретін мемлекеттік порталымыз бар. Data-ны осылай pdf немесе excel, word отчет форматында бере
Мысалы біздің елде статистика беретін мемлекеттік порталымыз бар. Data-ны осылай pdf немесе excel, word отчет форматында береді. Ыңғайлы CSV, JSON, API, graphQL деген сияқты заттар атымен жоқ. Мына ақпаратты ЖИ тұрмақ, адамның өзі зорға өңдейді. Кімде openClaw немесе сол сияқты жүйе бар, сіздің ЖИ агентіңіз осы порталдан бірнеше жылғы ақпаратты алып, оны бір кестеге салып, сосын сол бойынша трендтер, паттерндер шығарып бере ала ма? (One shot промпттан әрине, сіз жолда қолмен көмектессеңіз ол саналмайды)

Жаңа межеміз осы. Енді интернетті шарлап жүрген боттар саны адамнан асып кетті. Бірақ бұл әлі “өлі интернет теориясы” дегенге
Жаңа межеміз осы. Енді интернетті шарлап жүрген боттар саны адамнан асып кетті. Бірақ бұл әлі “өлі интернет теориясы” дегенге келмейді. Әзірге агенттер тек трафикті оқумен айналысады. Контенттің жартысын ЖИ жасап жатыр деп жатқан жоқпыз. Мысалы сіз бір велосипед алмақ болдыңыз. Жақсысын табу үшін гуглды ақтарып бір 10 шақты сайт ашарсыз, ал ЖИ агенттер он емес жүздеген сайтты қопарып шығады. Бірақ бір проблема, қазіргі сайттар агент үшін жасалмаған, агент оны оқим дегенше қаншама токенді зая кетіреді. Ендігі кезектегі трансформация - порталыңызды ЖИ оқуға ыңғайлы етіп жасау.

Мынау каналдағы он жыл бұрынғы жазба. (бұл каналдың ашылғанына да он жылдан асып кетіпті ғой😱). Осы статистикадан кейін әлем
Мынау каналдағы он жыл бұрынғы жазба. (бұл каналдың ашылғанына да он жылдан асып кетіпті ғой😱). Осы статистикадан кейін әлемде тренд басталды, енді вебсайтыңды міндетті түрде смартфонға бейімдеп жасау керек деген принцип пайда болды. Қазіргі заманда смартфонның құлағында ойнайтын, алайда компьютердегі файл дегеннің не екенін білмейтін жастар көп. Осылайша он жылда мейнстрим интернет толық трансформациядан өтті десе болады. Енді жақында осыған ұқсас басқа бір маңызды межеден өттік, ол қандай меже деп ойлайсыз?

Жасанды интеллект те көмектеспейді-ау

Жасанды интеллект те көмектесе алмайды ау

Айтпақшы, Гугл шынымен ғарышта ЖИ-Инфраға арналған деректер орталығын жасап көрмек. Себебі ғарышта энергия көзін алатын күн сәулесі қашанда бар, жерден сегіз есе өнімдірек етіп алуға болады. Оның үстіне салқындату проблемасы да өзімен-өзі шешіліп тұр. Алайда, одан бөлек проблемалар да көп: Радиация, тұрақтылық, ғарышта құрылғының қимылын басқару, және ғарышқа құрылғыны жеткізу шығыны. Сәттілік тілейміз не болса да

SpaceX компаниясы айды старлинкпен қаптап ай мен жердің арасына интернет осылай тартамыз дейді. Кейін сол жаққа да бір датацентр қойып, cloud tech жолда қалдып, ай технологиясын пайдаланатын да заман келетін шығар