uk
Feedback

Не попадись на ботовода! Telemetrio знаходить і позначає такі канали мітками 👉 Хочеш бачити мітку, оформляй підписку

PARANOIA.KZ

PARANOIA.KZ

Відкрити в Telegram

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Показати більше

📈 Аналітичний огляд Telegram-каналу PARANOIA.KZ

Канал PARANOIA.KZ (@paranoiakz) у мовному сегменті Казахська є активним учасником. На даний момент спільнота об'єднує 11 767 підписників, посідаючи 16 556 місце в категорії Новини і ЗМІ та 764 місце у регіоні Казахстан.

📊 Показники аудиторії та динаміка

З моменту свого створення невідомо, проект продемонстрував стрімке зростання, зібравши аудиторію у 11 767 підписників.

За останніми даними від 15 жовтня, 2026, канал демонструє стабільну активність. Хоча за останні 30 днів спостерігається зміна кількості учасників на -180, а за останні 24 години на -11, загальне охоплення залишається високим.

  • Статус верифікації: Не верифікований
  • Рівень залученості (ER): Середній показник залученості аудиторії становить 31.88%. Протягом перших 24 годин після публікації контент зазвичай збирає 26.42% реакцій від загальної кількості підписників.
  • Охоплення публікацій: В середньому кожен допис отримує 3 752 переглядів. Протягом першої доби публікація в середньому набирає 3 109 переглядів.
  • Реакції та взаємодія: Аудиторія активно підтримує контент: середня кількість реакцій на один пост – 149.

📝 Опис та контентна політика

Автор описує ресурс як майданчик для висловлення суб'єктивної думки:
“Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.”

Завдяки високій частоті оновлень (останні дані отримано 16 жовтня, 2026), канал підтримує актуальність та високий рівень охоплення публікацій. Аналітика показує, що аудиторія активно взаємодіє з контентом, що робить його важливою точкою впливу в категорії Новини і ЗМІ.

11 767
Підписники
-1124 години
-287 днів
-18030 днів
Архів дописів
CNN: Украинада Patriot-қа арналған зымырандар қоры таусылды. Жақын аралықта АҚШ-тан бұл зымыран түрлерінің келуі екіталай. Жалпы әлем бойынша Patriot-қа арналған зымырандардың қоры азайған.

Bloomberg: Ұлыбритания Украинаға Storm Shadow зымырандарын жеткізеді. Саны құпия сақталуда. Украина бұл зымырандарды ресейлік
Bloomberg: Ұлыбритания Украинаға Storm Shadow зымырандарын жеткізеді. Саны құпия сақталуда. Украина бұл зымырандарды ресейлік әскери қолбасшыларды жою, штабтарды атқылауда қолданып келеді. Соңғы мәрте Донецктегі әскери штабты атқылап, 20-дан астам офицерді жойған болатын.

CNN: Украинада Patriot-қа арналған зымырандар қоры таусылды. Жақын аралықта АҚШ-тан бұл зымыран түрлерінің келуі екіталай. Жалпы әлем бойынша Patriot-қа арналған зымырандардың қоры азайған.

Хуситтер Йеменнің Аден аймағындағы президенттік ғимаратқа соққы жасады. Екі адам қаза тапқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты. Президенттер Каспий теңізінің түбі арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты. Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды. Бұл желі Қазақстанды және Орталық Азияның басқа елдерін, сондай-ақ Қытайды Еуропамен жалғайтын жаңа байланыс бағытының бір бөлігі саналады. Ол Жерорта теңізі мен Қара теңізде орналасқан байланыс жүйелеріне қосылуы мүмкін.   Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Атап айтқанда, ТОБЖ елімізде қосымша халықаралық байланыс желісін іске қосып, отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды. Ақпарат: Ақорда арнасынан

CNN: АҚШ Иранға “бомбалардың анасы” атанған 9,8 тонналық бомбаны тастауы мүмкін. Қазір Пентагон GBU-43/B MOAB бомбасын қолдан
CNN: АҚШ Иранға “бомбалардың анасы” атанған 9,8 тонналық бомбаны тастауы мүмкін. Қазір Пентагон GBU-43/B MOAB бомбасын қолдануды ойластырып жатыр. Бомба Иранның Пикакс тауындағы ядролық нысанына тасталуы мүмкін.

Repost from Usbanov ARNASY
Ресейлік репер Қазақстанда есірткімен ұсталды... Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды. Жамбы
Ресейлік репер Қазақстанда есірткімен ұсталды... Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды.  Жамбыл облысында шекарадан өтпек болған танымал ресейлік рэпер Navai (шын аты-жөні — Наваи Бахманоғлы Бакиров) есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 13 қазанда «Қордай» өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау барысында әнші отырған көлік тексеріліп, ішінен заңсыз есірткі заты табылып, тәркіленді. Әзірге тәркіленген заттың нақты қай түрі екені және оның көлемі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, рэпермен бірге көлікте болған тағы екі адам жауап алынғаннан кейін босатылған.

Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Изра
Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады. Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті. Ақпарат: Ақорда арнасынан

Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммиті өтуде. Саммитке әлемнің ондаған елінің басшыс
Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммиті өтуде. Саммитке әлемнің ондаған елінің басшысы қатысуда.

Ресейдегі Борисоглебск әскери әуежайына жасалған соққының спутник түсірілімі жарияланды. Сарапшылар кемі 4 дана Су-34 толық о
+3
Ресейдегі Борисоглебск әскери әуежайына жасалған соққының спутник түсірілімі жарияланды. Сарапшылар кемі 4 дана Су-34 толық отқа оранып, тағы екеуі жарамсыз күйге түскен дейді.

Repost from Mezgil.kz
‼АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы апталардағы күрделі саясаттағы күрт бұрылысы әлемдік ақпарат кеңістігін әрі-сәрі күйге түсірді. Ресеймен «мұнай келісімін» жасасқан Трамп өзін-өзі ақтау үшін «бар бәлеге» Киевті һәм президент Зеленскийді айыптап, «Украинаға жаңа басшы керек» деген Ресей риторикасын қайта қоздатты... ▪ТРАМП НЕГЕ ЗЕЛЕНСКИЙГЕ ШҮЙЛІКТІ? ▪КИЕВТІҢ ЖАУАБЫ: ПОЗИЦИЯДАН АУЫТҚЫМА, ТРАМП! ▪УКРАИНАНЫ ЗЕЛЕНСКИЙДЕН КЕЙІН КІМ БАСҚАРАДЫ? ⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9121

Су-34М ұшақтарының құны 50 млн долларға жуық. Егер түнгі соққыда аталмыш ұшақтың бірден 6 данасы жойылғаны спутник түсірілімд
Су-34М ұшақтарының құны 50 млн долларға жуық. Егер түнгі соққыда аталмыш ұшақтың бірден 6 данасы жойылғаны спутник түсірілімдерімен расталса, онда бұл ауқымды операцияның бірі ретінде тіркелмек.

Украина түнде Воронеж аймағындағы Борисоглебск әскери әуежайына соққы жасады. Бұл осы соғыстағы аталған әуежайға жасалған ең
Украина түнде Воронеж аймағындағы Борисоглебск әскери әуежайына соққы жасады. Бұл осы соғыстағы аталған әуежайға жасалған ең ауқымды шабуыл. Украина “Нептун” зымырандарын қолданған дейді ақпарат көздері. Шабуылда 6 дана Су-34 ұшағы жойылғаны айтылуда.

+4
Украина әуе шарлары арқылы Мәскеудің әуежайларын бұғаттауды жалғастыруда. Үш күнде 400-ден астам рейс шегерілген. Кейбірі мүлде тоқтатылған. Мыңдаған адам ондаған сағат бойы әуежайларда жатыр. Көбі турларының, бизнес кездесулерінің іске аспай, шығынға батқанын айтуда.

Пәкістанда мектептің шатыры опырылып, 29 адам көз жұмды. Олардың 28-і бала.

+4
Түркия су астында қалды. Толассыз жауған нөсер жауын Түркияның бірнеше аймағындағы өзендерді арнасынан асырып, су тасқыны болып жатыр. Ыстамбұл қаласы да табиғи қиқар мінезін сезінуде.

Зеленский Трамптың энергетикалық келісімін үш күн бұзбағанын айтты. Алайда Ресей шабуыл жасауды жалғастыруда дейді. Соған байланысты енді Ресейдің МӨЗ-дерін, энергия саласын атқылауды қайта бастаймыз деді.

Трамп Канада туралы: "Түптің түбінде олар біздің бір штатымыз болады. Мен солай ойлаймын. Бізге олардың керегі жоқ, бірақ оларға біз керекпіз. Не үшін біз оларға жыл сайын 80-100 млрд доллар қаржы бөлуіміз керек? Олар тіпті біздің аймағымыз да емес. Менің ойымша, түбінде Канада Гренландия жолымен жүретін болады", - дейді.

+3
Албания елінде де наразылық акциялары өтуде. Наразылықты студенттер ұйымдастыруда. Олар білім алу қолжетімді болсын дейді. Сонымен бірге, студенттерді қаржылай қолдау да күшейтілсін деген ойда. Қазір Албаниядағы жастардың 25 пайыздан астамы жұмыссыз. Сол үшін жұмыссыздық мәселесін шешуді де сұрауда. Наразы топ президент қызметінен кетсін деген ұранды да айтқан. Наразылық акциялары Білім және ғылым министрлігі алдында өтуде.

Малиде азамат соғысы жалғасуда. JNIM (Жамағат Нұсрат әл-Ислам уәл Муслимин) лаңкестік тобы Мали әскерінің Диура аймағындағы базасына шабуыл жасады. Шабуыл барысында базаны басып алған. Шайқаста 150-ге жуық сарбаз қаза тауып, тағы 80-і тұтқынға түскен. Жүзге жуық сарбаз әскери позициясын тастап, қашып кеткен.