cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

PARANOIA.KZ

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Більше
Рекламні дописи
11 684
Підписники
+1124 години
+77 днів
+14430 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

БАҚ: Мысыр шекарашылары мен Израиль әскерінің арасында “Рафах” бекеті маңында атыс болды. Тараптар кінәлі ретінде бір-бірін айыптауда. Мысыр атысты Израиль бастады десе, Израиль атысты Мысыр шекарашылары бастады деуде. Ақпарат көздеріндегі қаза тапқандар мен жараланғандар жайлы мәліметтер сәйкес келмеуде. Мысыр тарапы екі Израиль әскерінің оққа ұшқанын айтса, Израиль тарапы үш Мысыр сарбазы оққа ұшты дейді. “Рафах” бекеті маңындағы жағдай ушыққан күйде тұр.
Показати все...
👍 77😱 22👀 6 4🤔 2
Repost from N/a
‼️Әлем лидерлерінің тікұшақтары қандай? АҚШ пен Ресей және т.б. әлем лидерлері қандай тікұшақ мінеді? Қазақстан басшысында қандай тікұшақ бар? ▪️ТІКҰШАҚ АПАТТАРЫ: МЕРКЕЛЬ ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛДЫ? ▪️ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАНДАЙ ТІКҰШАҚ МІНЕДІ? ▪️ПУТИН МЕН ЛУКАШЕНКО ДА «МИ-8-БЕН» ҰШАДЫ ▪️БАЙДЕН НЕМЕН ҰШАДЫ? ▪️ЕРДОҒАН: «КӨК МЫРЗАСЫ» БІЗДЕ! Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5433
Показати все...
Раиси опат болды, Пашинян аман қалды: Әлем лидерлері қандай тікұшақ мінеді?

Әлем лидерлерінің тікұшақтары қандай? Қазақстан басшысында қандай тікұшақ бар?

👏 33👍 5
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Ердоған Түркияға жаңа конституция қажет екенін айтуда. “Біз бүлікшілер жасап шыққан қазіргі Конституциямен алға жылжи алмаймыз. Мен жаңа Конституцияны жасап шығу ұлттық борышымыз деп санаймын”, - деді. Қазіргі конституция кезекті әскери төңкерістен кейін 1982 жылы қабылданған болатын. Ердоған Конституцияны өзгертуге қатысты соңғы екі жылда бірнеше мәрте айтты.
Показати все...
🤣 96👍 53🤔 18🤡 10 2🤯 1
00:31
Відео недоступнеДивитись в Telegram
24-мамыр күні Папуа-Жаңа Гвинеяда сел болып, мыңдаған адам топырақ астында қалған еді. БҰҰ 600-ге жуық адамның көз жұмғанын болжаған болатын. Алайда Папуа-Жаңа Гвинеяның Төтенше жағдайлар басқармасы 2000-нан астам адамның көз жұмғанын мәлімдеді. Жүздеген үй мен ауыл шаруашылық алқаптары да талқандалып, топырақ астында қалған.
Показати все...
😢 68😨 13👏 1
БҰҰ-ның 2023 жыл қорытындысы бойынша, босқындар саны көп елдер айтылды. Олар: Сирия - 13,5 млн босқын (2,9 млн қайтып оралған), Украина - 12,6 млн босқын (5,4 млн қайтып оралған), Венесуэла - 10,2 млн босқын (3,9 млн қайтып оралған), Ауғанстан - 9,7 млн босқын (дерек жоқ), Колумбия 7,8 млн босқын (дерек жоқ), Конго - 7,5 млн босқын (дерек жоқ), Палестина - 6,1 млн босқын(дерек жоқ), Сомали - 4,9 млн босқын (дерек жоқ), Йемен - 4,6 млн босқын (700-800 мың қайтып оралған), Судан - 4,2 млн босқын (дерек жоқ).
Показати все...
😱 71👍 5 1👌 1🤨 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
BILD: Украинаны жақтайтын кей елдер Киевке көрсетілетін көмекті арттыруды ұсынуда. Көмекті арттыруға Эстония, Ұлыбритания, Польша, Канада, Литва, Франция дайын, ал АҚШ пен Германия қарсы. Қазіргі уақытта көмекті арттыру бойынша бірнеше нұсқа қарастырылуда. Украинаның жүздеген мың сарбазын Еуропаға оқытуға жібергенше, жүздеген инструкторды Украинаға жіберіп, сарбаздарды тікелей Украина жерінде дайындауды ұсынатындар саны артты. НАТО Бас хатшысы бұл идеяны қолдамайтынын айтса да, НАТО-ның жекелеген елдері жаттықтырушыларын жіберуге әзір. Ұлыбритания, Канада мен Эстония қаруды тек Украина шекарасына дейін емес, сонымен бірге тікелей майдан даласына жеткізіп беруді ұсынуда. Украинаның батысының әуе қорғанысын күшейту ұсынысы айтылуда. Польша Украина шекарасына жақын маңға ПВО/ПРО жүйелерін қойып, Украинаның батысындағы бірнеше облысты зымыран және дрон соққысынан қорғауға дайын екенін айтты. Ұсыныс талқылануда.
Показати все...
👏 173👍 48 8🔥 5
Финляндияның Yle басылымына Эстония президенті Алар Карис сұхбат берді. Былай дейді: “Батыс елдері Ресейге жасалған қысымдарын арттыра беруі тиіс, тіпті қарапайым ресейліктердің өзі бірдеме өзгерту керек дейтіндей қысым болуы қажет. Ресей 90-жылдары өзгеріс жасауға мүмкіндік алды, алайда басқа бағытта жылжыды. Біз Ресейді тізе бүктіру үшін бәрін жасаймыз. Сол сәтте ғана Украина соғысын аяқтауға қатысты шынайы келіссөздер болуы мүмкін”.
Показати все...
👍 285👏 19🔥 13 9
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Telegraph: Он жыл бұрын Қытай билігі кеме жасаушы компанияларға арнап кеме жасау стандартын енгізді. Стандарт жүк кемелері мен азаматтық мақсатта қолданатын кемелерді қажет уақытта әскери мақсатта қолдана алатындай етіп жасауға мүмкіндік берді. Осылайша Қытай Тайуанға қарсы соғыс бастаса, мыңдаған кемеден жасақталған армада шығара алмақ.
Показати все...
🤬 108👍 13 6🤨 3👎 2🤡 2🔥 1🥴 1
00:52
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Путиннің Ташкентке сапары басталды. Сапар екі күнге созылып, экономика, саясат тақырыбындағы келіссөздер өтеді.
Показати все...
🤣 126🖕 71🤡 44🥴 6👍 4👏 4 3
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Тайуанға АҚШ-тың 6 конгрессмені бармақ. Олар Қытайдың ауқымды әскери жаттығуынан кейін, Тайуанды қолдайтынын көрсетпек. Ал Тайуан президенті Қытайды “жағдайды ушықтырмай, диалог орнатуға” шақырды.
Показати все...
👍 184 10🤨 2