uk
Feedback
Alwayss.fm

Alwayss.fm

Відкрити в Telegram

https://instagram.com/bidreamss?utm_medium=copy_link 🔗 Жұбатам сені, жарқыным... Автор: @bpoets

Показати більше
321
Підписники
Немає даних24 години
+17 днів
+1130 день
Архів дописів
Адамға таңдауды бекер берген бе деймін кейде.

Repost from Alwayss.fm
Мәуліт жыры Ол келгенде көктен түсті алып нұр, Оны барлық әлем жақсы танып тұр! Таулар жылжып, теңіз толқып тынымсыз Ол келгенде бола алмапты қалыпты. Қараңғылық жайлағанда жер бетін, Түзу жолды нұсқайды екен елге кім? Деген талас тудырғанда ойшылдар Көрсетіпті Ол өзінің келбетін. Тас мүсінге табынғанда адамдар, Көбейгенде қатігездер, надандар, Хақ тағала бір Елші жіберіпті, Дегендей қып: "Дінсіздерге жазам бар!" Арқалаған ауыр жүкті, міндетті, Үлгі етсін деп дүйім халық сүннетті, Әділетсіз, теңдігі жоқ заманның, Нәби келіп ұстанымын күйретті. Хира үңгірі оранғанда жарыққа, Салғандай боп Оны бейне қалыпқа, Бір алып күш "Оқы!" деді жар салып, "Пайғамбарсың, ештеңеден тарықпа." Болсадағы Меккеліктер наразы, Ауыр тартар әділдік бар таразы. Сахабалар қорғағанда Елшісін, Мүшріктердің таусылды ғой жазары. Сейілгендей күдік атты қара бұлт, Мұхаммедке иланды енді қала, жұрт. Махаббатқа шөлдеп тұрған рухтарды Сусындатты Ол әкелген жаңалық. Саған жаным құрбан болсын, ардақтым, Үмметіңе жүк қалдырдың салмақты. Өзің келіп кеуделерге орнаттың Мейірім мен иман дейтін тармақты. Лайықпыз ба мына біз үмметіңе? Лайықпыз ба мына біз сүннетіңе? Жер дейтін алып кілем жайып еді, Аллаһым бір өзіңнің құрметіңе... Саған деген сағыныш басылар ма? Жалғасады қызметің ғасырларға. Жәннат бақта кездесу өзіңменен Бізге нәсіп болар ма, Расул Алла? #теңізболамдегенде © Бинұр Садақова

Repost from kelâm
Мәуліт — Ардақты Пайғамбарымыздың (с. а. с.) туған күні — қыркүйектің 25-іне түсіп тұр, яғни басталуы — ертең кешке🌹 мұнша керемет кешті дүйсенбі күнгі сүннет оразамен қарсы алсаңыздар нұр үстіне нұр болмақ✨

Сажай семена и иди.

Достарлар, хочу с кем-то поговорить и обсудить разные темы, идеи. Бір unusual community болғанын қалаймын. Ондағы адамдар өте толерантты, сауатты әрі қиял болулары абзал. Біз бір-біріміздің нашар тәжірибелерімізді мойындап, объективті пікір алмасып, кез келген тақырыпта ой өрбіте алсақ. Білім, дін, соңғы технологиялар, жаңалықтар, саясат, теоремалар, мәдениеттер, саяхат, әдебиет, т.б. Болады ғой кинода, сенбі күні таңғы кофеге жиналып, еш себепсіз әңгімелесу. Жақындарыңмен ондай орта құра алмайсың. Ол жерге көңілге қарау, сезімдер, ара-қатынас араласып кетеді.

Кімді қолдаймыз?

Тамыз. Жұма. Жұмыс күні. Жібіте алмай жанымды күн ыстығы, Тұмшалайды қапырық дем алғызбай Сен қайдасың, Салқын күз тыныштығы? #теңізболамдегенде

Ықтималдылыққа сүйеніп, менің сүруім мүмкін өмірлердің қайсысы менікі екенін тауып алуға бола ма? ©️Математиктің ойлары

Repost from N/a
Тірі кезінде адам баласының денесін көгертпегеніміз абзал, өлген соң онсызда ол дене өзі - ақ көгереді .

Ақын – екі дүние елшісі. Ол кейде пенде қатарына түсіп, кейде Періште қанатында ұшып жүреді. Алланың азат құсы да бір, ол да бір. Алланың азат құсы аспаннан жерге түсіп азапты ғұмыр кешіп жүрсе – қанатынан қайырылғаны, қадірінен айырылғаны. Күндердің күнінде бәрібір өзінің мейірімді мекеніне ұшып кетеді. Наласы да, тобасы да ішінде… Өлеңі қалып, өзі кеткен ақында өлім болмайды. Абай әлемін, Мағжан мұңын, Мұқағали мұратын, Жұмекен жұмбағын, Төлеген төркінін, Жұматай жұмағын таныған жұрт – ардақтауға, абзалдауға тұратын ұлт. Исрайл Сапарбай «Абай пайғамбар емес» https://t.me/kitapuzindisi

Алматыдағы “Аққу”🦢
+5
Алматыдағы “Аққу”🦢

Біздің тау деп жүргеніміз біреулерге төмпешік.

photo content

photo content

Бірақ қазіргі тірлігі күйкі, мимырт. Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірді? Жарайды, уақа емес, емтиханнан шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кеткен жоқ па… Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па… Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге жете қойсаң жақсы, үлесіңе берілген өмір өлшеулі, одан әлдеқайда аз болса қайтпексің? Тағдырдың пешенеге жазған еншісі қарашы жұрттан өзгеше болса, өзгеше екеніне сенімді болсаң неге еңбек етпейсің, неге жан қинап терлемейсің? Бар ойы – қарын қамынан аспаған қаса наданнан не айырмаң бар? Мұхтар Мағауин «Көк мұнар» https://t.me/kitapuzindisi

Сергелдеңге түсіріп үміт мені, Аздырды, Адастырды, Үгіттеді. Санамды шырмауыққа орап алған Үміт емес, күдік пе еді? #теңізболамдегенде

Жаздағы жеткен жетістігің не десе “Қан мен терді” оқығанымды айтам😂 Рас. Көзге ауыр көрінді. Оның үстіне драма оқымаймын дегенмін. Аша салғандағы автордың Қарақатынды сипаттауынан сескеніп ем. Ешқандай спойлерсіз оқыдым. Жалпы, қызық болды. Мұңмен оқылатын кітап екен. Қайран қазақтың әйелдері-ай… Не салса да көніп, тағдырына мойынсұнып, еріне салмақ салмай ұлттың жүгін көтергендер. Өз жұртына да, қайын жұртына да жат болғандар. Теңізбен үнсіз тілдескендер. Бәрінен бұрын солардың өмірлеріне алаңдадым. Кейіпкерлері сондай тамаша ашылған. Сол ауылдарда өзім тұрып шыққандай болдым. Халқымыздың басынан кешкен қасіреті бұл алты жүз бетті аздық етіпті. Бәріне оқыңдар деп кеңестемеймін. Талғам әртүрлі заман. Бірақ, ішіндегі Кенжекей, Айғанша, Бөбек деген қыздардың болмысы кімге болса да ой саларына сенімдімін.

Өнерді өмірдің мәні деп қабылдама.
Деп еді айтыскер ақын Жұлдызай Маратбекқызы. Көзім мөлдіреп, әрине дедім. Сол сәтте көңілімде бірдеңе дұрыс орнықпай қалғандай болды. Мен осы күнге дейін өнер үшін бәрін құрбан етуге даяр жандардың қатарынан едім(әлі де солай!) Кім не десе де, сөзден, күйден, әуенен, бояудан биігі жоқ дейтінмін. Өнер - адамзаттың қолындағы ең ғажабы ғой. Одан айырылса, бәрі құрыды дей бер. Ғылымды жоққа шығармаймын, алайда диф. теңдеуде отырғанда өлең оқуға Ертіске барғым кеп тұратын. Өзімді мамандығымның тұтқынындай сезінетін едім. Алайда мен тілдескен бірде бір өнер адамы өз ісіне разы екенін айтқан емес. Сол статистикаға сүйенсем, өнер өмір болу үшін, тәуелсіз болуың керек. Қазір өнер сүйген жүректерге тұрмыс құрығын салған уақыт. Пұл табу деген ой көкейге қонған соң, көп адамның көңілі өлең болудан қалған екен. Маған салса теңіздің жағасында түрік шайын ішіп, кітап оқып өмірімді өткізер едім🍇

Біреудің жанында гүл атып, Біреуге ой сыйлап өрелі; Біреуге мұң болып, біреуді жұбатып Тағы да кеш түсіп келеді… Біреуді сағынып күні-түн, Біреудің төзімі бітеді… Тағы да сабырын ұмытып, біреулер біреуді күтеді… Адамның ойлы екен дені көп: Бұл кештің мұңдылау кескіні; Біреудің баратын жері жоқ, Біреудің жоқ екен ешкімі… Тағы да түрлі ойлар санада, Жоқ оның шет-шегі, дерегі; …Сан тағдыр тоғысқан қалаға Тағы бір кеш түсіп келеді… ©️Индира Керей

Repost from Ұшқын
Күнім, өмірдің бір кезеңі аяқталғанда абдырап, не істейтініңді білмей қалатын кездер болады. Ары қарай жасалатын қадамың түнекке бастайтындай. Бірақ еш қорықпа. Сенің жүріп өткен жолың алдағы күніңе жасаған дайындығың. Ендеше сенің бойыңда түнекке төтеп берер күш бар. Сарқылғаныңда өзіңе өзің сен. Сен бақыттың өзісің…