Alwayss.fm
前往频道在 Telegram
https://instagram.com/bidreamss?utm_medium=copy_link 🔗 Жұбатам сені, жарқыным... Автор: @bpoets
显示更多307
订阅者
无数据24 小时
无数据7 天
-330 天
帖子存档
307
Не хайырлы екенін қайдан білуге болады? Жыл өтіп өкінбесіме кім кепіл? Артық ойлауды қою керек еді. Мүлде тоқтатып тастаса ғой. Ешкіммен тіл қатыспай, хабарласпай жатқым келеді. Үндемейтін оразаны ұстап көру керек екен.
Адамды барлық жаратылыстан ерекшелеп тұрған ол - ой. Ең үлкен қасірет те сол.
307
Еркіндік бәріне бұйыра бермейтін бақ. Өз өміріңе өзің ие болу - сирек кездесетін игілік. Қазір адамдардың бәрі бірдеңеге тәуелді, мұқтаж. Ата-ана, ақша, жұмыс, таныс-тамыр, т.б. Жақсы өмір сүргісі келетіндер көп, сүретіндер аз. Көбі өздерінің миларында құрып алған “жақсы өмірлеріне” жету жолында мерт болады. Индивидуалдықты стандарттар құртады. Тұрақты жұмыс, пәтер, көлік, лауазым қауіпсіздік сыйлағанымен, бақыт әпермейді.
307
6шы сурет түрік дәмханасындағы ыстық түрік шайына мұз қосу. Түріктер көрсе асып тастар еді.
307
2ші сурет апайдың алдында рубежка кезінде жатқан бір бет қағаз. Яғни, біздің тағдырымыз. Сызықтан жоғары тұрсаң, бессің. Төмен тұрсаң төрттікке қанағат қыл.
307
Меніңше, кез келген комюнитиде сол жердегі құрамға әрең ілініп жүргендер болады. Оларға үздік бол деп айту өте қате пікір. Оның өз қызығушылықтары мен қолынан келер дүниелерді тәрк етіп сол жерде жүруіне қуану керек деп білем. Мысалы, бір филологияда оқуы керек студент ата-анасының ырқымен физикаға түсті дейік. Ол оған дайындалды, тапсырды түсті. Бірақ топ бастаған, физиканы сүйетіндердің қатарында емес. Ол өзінің гуманитарий екеніне кінәлі емес деп санаймын. Оның сол топқа ілініп кеткеніне де шүкір. Бірақ біздің ата-аналар не істейді? Әлбетте баласының 5ке оқуын қалайды. Адам ниеттенсе қолынан бәрі келеді деген далбаса пікір🙌.
Кейде шынымен неге бейім болсаң, соны жетілдіру абзалырақ. Бәлкім одан өте тамаша филолог шығар еді, бірақ ол үшке оқитын физик боп жүр.
307
Кейде кей заттарды жібергің келмейді. Қолымда қалса екен, пайдалансам екен дейсің. Бірақ, барлық дүниенің өз өлшеулі уақыты бар. Жапондықтар қолданған заттарына алғыс айтып, басқа жерге өткізіп екінші өмір сыйлайды екен. Сол сияқты біз де біраз нәрсені жіберуіміз керек. Әңгіме материалдық зат жайлы емес.
Біз қанша асыққанымызбен, жоспар құрғанымызбен, ойластырғанымызбен бәрі оңай бола салмайтынын ұғатын кез келді ғой. Нәтиже бізден емес. Жалпы, ештеңе бізден емес.
Қоштасуды да, кездесуді де жеңіл қабылдап үйренбек керек. Берсе ал, бермесе ол да жақсы.
Біздің болашағамыз біздің, айналамыздағылардың шешімінен емес, Құдайдың әміренен болмақ емес пе? Онда несін уайым қыламыз.
307
Талант ол - норма емес, ол - ауытқу.
©️ Дана Нұржігіт
“Кітапалға” әдемі подкаст берген екен. Кешкісін салармын.
307
Тұтас халықтан бұрын филолог мамандарға сын деп ойлаймын. Ақындар өлеңдеріндегі қатесін көрмейді, жариялай береді. Әдебиетшілер пост салдық дейді. Үтірі де, нүктесі де жоқ. “Ң” әріпін тіпті көрмей қалдық. Әр адам бір-бір саланың өкілі. Біздің айтар ойымыз да, жазарымыз да тікілей сол саланы қаншалықты меңгергенімізді көрсетеді. Өтініш, әдемі жазыңыздаршы.
307
Ты можешь стать кем угодно, но станешь только одним.
Бізде таңдаудың бар екенін айналамыздың бәрі есімізге салады. Алайда, ешкім оның жылдар өтіп жоғала бастайтынын айтқан жоқ. Біз өмірге келгенде оны қалай сүретініміздің мыңдаған нұсқасы бар еді. Есейген сайын паралельді түрде олар да жоғала бастады. Себебі, сен мыңнан бір жолды таңдадың. Немесе таңдамасаң да сонымен жүрдің. Ал басқа мүмкіндіктер үзіліп қала берді. Ағаштағы жемістер сияқты. Сен біреуін таңдап алған уақта басқа жемістер шіріп, жерге түсіп жатады. Әр таңдау - басқа нұсқаларды жою. Кейде біз байқамаған сәтте есіктер жабылып жатады.
Соңында таңдау жасау бәрібір маңызды екенін түсінесің. Себебі, таңдамау да - таңдау. Ол кезде сен бір де бір жемісті алып қала алмайсың. Бәрі күйіп кетеді.
307
Тредстен бір тармақ оқыдым. Онда қазіргі ақын-жазушыларға өкпесін айтқан екен бір ағамыз. Өздеріңнің кітаптарыңды мемлекеттік бюджеттен қайта-қайта бастыра беруді қойыңдар дейді. Сендердің ешкім оқымайтын өлеңдеріңнің орнына физика, химия, математика сияқты ғылымдардың оқулықтарын шығарайық, ғылымға көңіл бөлейік депті. Ел болып өркендеу үшін ғылымды дамыту керек деп түйіндепті.
Сөзінің жаны бар. Шынымен, біздің жазған өлеңіміз өзімізден басқа кімге керек?
现已上线!2025 年 Telegram 研究 — 年度关键洞察 
