es
Feedback
Alwayss.fm

Alwayss.fm

Ir al canal en Telegram

https://instagram.com/bidreamss?utm_medium=copy_link 🔗 Жұбатам сені, жарқыным... Автор: @bpoets

Mostrar más
322
Suscriptores
+124 horas
+77 días
-130 días
Archivo de publicaciones
photo content
+1

- Девушка, с вами все в порядке? - Ау? - Говорю, все ли в порядке? - Да, да, пасибо. Күзді жіберіп алмас үшін Ертістің жағасына барып, орындықта ұйықтап қалған мен боламын. Умственная нагрузка и стресс превращает нас в без чувственных людей. Даже отдохнуть не получается.

Гүлмира_Сарина_Сағыныш_Төлеген_Айбер.m4a4.17 MB

Әр нәрсенің атауы бар, ал, бірақ, Балася өлген Ата-Ананы кім дейді?

АТАУСЫЗ... Түлкіқұйрық тіршіліктің түбі азап, Түбі азаптан сақтар мінсіз мінәжат. Бес күн жалған — Бесік пен көр арасын Бір-ақ ауыз сөзбен түйген бұ қазақ! Ата сөзге тоқтамастың аты — арсыз! Аты — арсыздың Зәузаты — тұл Заты — әлсіз. Есті сөздің егесі — елім, Ежелден Ешнәрсені қалдырмаған атаусыз. Бір-ақ сәтте суып ыстық құшағы, Бір-ақ сәтте күйге түсіп құсалы, Күйеуі өліп, күңіренген әйелді — «Жесір» дейді, біздің қазақ, мысалы!.. «Жесір» дейді... Мен білмедім, неліктен? Қаңғытпаған және еншісін беріп кем. Жарым көңіл жанға айтылған демесең, Сөз емес-ау, әсте, әйелді кеміткен. Өмір — кейде көктем, кейде күзгі жел, (Ғазиз-ғұмыр үзілгенше үздігер) Ата-анасыз қалған бейбақ баланы, «Жетім» деген тағы да осы біздің ел! «Жетім» дейді... Қарап барлық көз бөтен, Өз жаныңа болмас, сірә, өзге тең. Жүрекке ауыр тигенімен, кім білсін, «Жетім» деген — «жетіл» деген сөз бе екен?.. Бір мезетте кешіп солай түрлі ойды, Көзді байлап, тілді күдік күрмейді. Әрнәрсенің атауы бар, ал, бірақ, Баласы өлген Ата-Ананы кім дейді? Баласы өліп, боздағанды кім дейді? Білмейді оны, ешбір адам білмейді. Жауабы жоқ жалғыз осы сұрақтың, Жыла, мейлі... Күл, мейлі!.. Жо-жоқ, Жо-жоқ!.. «Шерменде» емес, «Шерлі» емес, «Қубас» та емес, «Пақыр» да емес, «Пенде» емес. Әлем кезіп кетсең-дағы, бәрібір Әдемі сөз табылмайды елден еш! Тағдыр деген — тозаңы ұшқан кәрі жол, Бізді арманға жеткізер ме, тәрізі, ол? Қазағымның «Аталатсаң аталат, Боталатпа!» дегенінің мәні зор! Атам қазақ айтар еді, айт, десе, Сөз таба алмай қалған жоқ-ау, әйтпесе. Қару ұстап, Қан уыстап шашпай-ақ, Талай даудан Талай жаудан қайтты есе!.. Иә, мұнда ғибрат бар ғұмырлық, Тағдырлы елге таң — несібе, іңір — құт. «Ешбір адам баласынан айрылып Жыламасын» деген шығар, ырым ғып. Өмір мәнін білмей... Күндей батарсыз, (Өлім дәмін сіз де бір күн татарсыз) «Бар адамның баласы аман болсын» деп, Қазақ оны қалдырған-ау, АТАУСЫЗ! Атауы жоқ, Атауы жоқ, Атама! Атауы оның — Әке-Шеше! Ата-Ана! Он баласы опат болып кетсе де, Ана — Ана боп қалады екен, О, Тоба!.. Әке — Әке боп қалады екен, О, Тоба!.. (С)Қалқаман Сарин

Осының бәрі жабулы қазан күйінде қалады ғой тағы. Адам өлімі тоқтамайды. Билік үнсіз. Шешім жоқ. Бір видео салып, кешірім сұрап, ақша береміз деп қоя салады. Тек бұл жағдай емес адам өліміне әкеп жатқан. Әділетсіздік, надандық, жемқорлық осының түбіне жетеді. Ешкім иә кінәліміз демейді! Бұл оқыс оқиға деп ары қарай сол қызметте жалақысын алып отыра береді. Ал баласын күткен ата-ана ше? Жігітін күткен қалыңдық ше? Ағам деп күткен бауырлары ше? Адамның орны толмайды ғой. Толмайды. Бұрын болған қателікті қайта жасап, дәл солай өлім тудырып, қаза тапқандар деп есімдерін пабликтерге жариялата салу - топастық. Түсінсем бұйырмасын.

Енді “жігіттер неге әскерден қашады екен” деген сұрақты қоюдың қажеті жоқ. Адам өмірі үшін жауап бере алмайтын елде борышыңды өтеп ештеңе ұтпайсың.

photo content

Өсу үшін өзіңді нашар, төмен сезінетін ортада болуың керек. Тәкәппарлыққа ұрына бермей өзіңнің төмен тұсыңды мойындау қажет. Жоқ па, жоқ. Қабілетсізбін дей бергенше оқы, тырысып бақ. Аллаһ бәрімізді теңдей жаратты. Тең мүмкіндік берді. Пайдаланбай жүрген өзің. Өзіме айтып жатырмын🏔️

Адамға адам қорған болмаса, адамға адам демеу бермесе - бәрі бекер. Уақыт өткен сайын қоғамдағы орын алған жағдайларға қарап түрлі ой түйе бастайды екенсің. Әлжелі мен шетелдің насихаттап жатқаны “Мен”, “эго”, “жалғыздық”. Өзіңді дамыт, жалғыз істе, ешкімге сырыңды айтпа, өзіңді жақсы көр, бірінші бол, т.б. насихат. Иә, дамы, оқы, көр. Алайда социумнан бөлініп цевилизацияға бұрын жетем десең, қателескенің. Бізге дейін ешкім қоғамды тәрк етіп әулие болған емес, болмайды да. Қазіргі заманның пұты - “мен”. Тәкәппарлық, менмендік, өзімшілдік дегеннен басқа ештеңені көріп жүргенім жоқ. Эгоист болу үнему ұтымды шешім боп есептелмейді. Кейде икемделе білу керек болады. Бітпейтін шегі жоқ жарыстан қарапайым серуен артық. Өтінем, айналаға қарап, адамдарға назар аударып, бір-бірімізді түсінуге тырысайықшы. Онсыз да бағаны компьютер қояды, ақпаратты жи береді, үйді робот жинайды. Бізге қалған бар жұмыс өзара қарым-қатынас еді ғой. Оны да ұмытып барамыз. Олар келмесе, біз барайық. Есікті бірінші боп өзіміз қағайық. Жақсылықты үйретейік. Дединсайд боп изоляцияда жатуды қойыңдаршы.

“Өлең деген тумайды жайшылықта” деп дұрыс айтып кеткен екен ғой.

photo content
+1

Біз ұмытып кететін нәрселер: Маманың айтқаны шынымен дұрыс. Үйдің тамағы дәмді. Сағат онда ұйықтау - ең үздік шешім. Аяқ киім ыңғайлы болу керек. Телефонда аз отыру - бақыт. Өзіңе өзіңнің ғана жаның ашиды.

Repost from Ұшқын
Бізде көбі қолдан келер ісінің шебері емес, танымал болуды армандайды. Сондығынан пиарға, сыртқа көп жұмыс істейді де шеберлік екінші планға кетіп қалып жатады… Еңбек сыртқа емес, ішке, өзіңе бағытталу керек қой.

20 жастың кризисы деген рас па? Қой, тәйірі. Кезінде 20 жастағылар елді түзетеміз, кітап жазамыз, оятамыз деп еді. Біздің жүріс мынау, бітпейтін депрессия.

Біздің ішімізді сыртымызға аударса, жарамыз Аюбтен де көп болар еді💔

Қазір амал бар да, есеп жоқ. Кейін есеп бар да, амал жоқ.

Тіркеліп алдық ал💡
Тіркеліп алдық ал💡

Тамыз. Жұма. Жұмыс күні. Жібіте алмай жанымды күн ыстығы, Тұмшалайды қапырық дем алғызбай Сен қайдасың, Салқын күз тыныштығы? Шырағын жағып сөнген жанарымның, Сен келсең сағынамын қаламымды. Жан дауасы ақынның - күзді жоқтап, Тұрағы болып алды қала мұңның. Жақпай кетті бос жүріс мына маған, Күдік ойлар тынымсыз сығалаған. Қаумалаған жан-жақтан қауырт істің Қоңыр күзбен шыңына шығады адам. Алмастырып жасылды сарыға біз, Жаз кетті деп бірер күн жабығармыз. Кім не десе, о десін, сені күтем, Шабыт құшып қасымнан табылар күз. #теңізболамдегенде

Ертіске бәрін айттым. Өзің біл деді.