uk
Feedback
Orientalist's Notes

Orientalist's Notes

Відкрити в Telegram

Автор: Arsen Shadi #запискиВостоковеда

Показати більше

📈 Аналітичний огляд Telegram-каналу Orientalist's Notes

Канал Orientalist's Notes (@shlounak) у мовному сегменті Казахська є активним учасником. На даний момент спільнота об'єднує 11 050 підписників, посідаючи 18 004 місце в категорії Освіта та 829 місце у регіоні Казахстан.

📊 Показники аудиторії та динаміка

З моменту свого створення невідомо, проект продемонстрував стрімке зростання, зібравши аудиторію у 11 050 підписників.

За останніми даними від 29 липня, 2026, канал демонструє стабільну активність. Хоча за останні 30 днів спостерігається зміна кількості учасників на -212, а за останні 24 години на -6, загальне охоплення залишається високим.

  • Статус верифікації: Не верифікований
  • Рівень залученості (ER): Середній показник залученості аудиторії становить 12.34%. Протягом перших 24 годин після публікації контент зазвичай збирає N/A% реакцій від загальної кількості підписників.
  • Охоплення публікацій: В середньому кожен допис отримує 1 364 переглядів. Протягом першої доби публікація в середньому набирає 0 переглядів.
  • Реакції та взаємодія: Аудиторія активно підтримує контент: середня кількість реакцій на один пост – 46.

📝 Опис та контентна політика

Автор описує ресурс як майданчик для висловлення суб'єктивної думки:
Автор: Arsen Shadi #запискиВостоковеда

Завдяки високій частоті оновлень (останні дані отримано 30 липня, 2026), канал підтримує актуальність та високий рівень охоплення публікацій. Аналітика показує, що аудиторія активно взаємодіє з контентом, що робить його важливою точкою впливу в категорії Освіта.

11 050
Підписники
-624 години
-397 днів
-21230 день
Архів дописів
Алланың қалауымен, араға үзіліс салып онлайн-курстарымыз қайта оралды. ⠀ Бізде үш тіл бар: араб тілі, түрік тілі, ағылшын тілі. 🇸🇦🇹🇷🇺🇸 Осы үш тілдің біреуін таңдап, тиянақты түрде оқи аласыз. ⠀ 0-дан бастап 5 ай көлемінде осы тілдерді үйренем десеңіздер, уақытты текке жібермей, бүгіннен бастап қадам жасауға ниетті болсаңыз, біз сізді күтеміз. 😍 ⠀ Сабақ форматы гибридті болады. Біз бұны біраз зерттедік, практикалық тұрғыдан ыңғайлы екендігіне көз жеткіздік. ⠀ Жаңадан жазылған видео-дәрістер, апта бойы сабақтарыңызды тексеретін куратор қызметі ж/е әр аптаның соңында менімен Zoom платформасында байланыс (спикинг, сұрақ-жауап, еркін формат). 😮‍💨🔥 ⠀ Енді, одан да қызығы — сабақтарды тұрақты тапсырып отырсаңыз, ай сайын тіркелу құны арзандайды ж/е соңғы ай тегін болады. 😲👏🏻 ⠀ Өзім 7 тілді меңгерген адам ретінде тұлғаға әсер ететін, мотивациясы мен табандылығын ұстап тұруға көмектесетін техникалармен бөлісемін. Бұл игерген қабілеттер өмірдің басқа аспектілерінде де пайдаға асады. ⠀ Масштаб үлкен, қажырлы еңбек жасаймыз, сондықтан алғашқылардан болып тіркелуге асығыңыз! 🤝 ⠀ Төмендегі батырма арқылы толық ақпарат ала аласыз, менеджерге “курс” деп жазыңыз ⤵️

Бір айға жуық ештеңе жазбасам да оқырманым боп қалған жандарға алғыс білдіремін. Жалпы есепте осы жыл басталғалы түрлі кезеңдерден өттім, трансформацияландым. 20 — 25 жас аралығы көзді ашып-жұмғанша өте шықты. 25-ке келген кезде "пай-пай" деген шақтың өтіп жатқанын түсіне бастадым. Неге көп қаламгерлер "ай-хай 25" деп жазған, жырлаған, толғаған? Оны тек сол жасқа жеткенде ұқсаң керек... 26-ға толғанда қатты қуанбадым, 27-ге толғанда мұңайдым... Орда бұзар шаққа 3 жыл қалды, ал. Шүкір, Алла деп "Bolashaq" деген баспа үйін аштық, 27-ге кеп жеткен жетістігім осы болды. Өмірімнің соңына дейін 100 кітап шығарсақ деген арман болған, жасалып жатқан жұмыс көлеміне қарасақ, 6 айдың ішінде 100-ден асып кетіппіз. Енді ол мақсатты 1000 кітап деп көтердік. 1000-ға жеткенде 10мың кітап деп көтерерміз, оған дейін жан нәсіп. Жалпы бар ғой, құлатып барып көтереді өмір, көтеріп тұрып жылатады, кейде жылытады. (Сәл-пәл қиыннан қиыстырып, ұйқас кеп қалатыны бар, сол кезде жыламасаң да жыладым деп жазуға тура келеді 😂) Жазудан қол үзбедік, айтпағым сол. Бос нәрсе жазғанша, жазбаған абзал ғой. Мейлінше ой түймекке сеп болар дүниелер толғаймын. #ой_түймекке

Бүгінгі таңда жігіттермен бас қосып жолыққан кезде, егер олар үшінші жігітті жамандамаса (ол жерде жоқ), соның өзі үлкен олжа болып тұр. Өзге досты н/е өзге адамды сөз етпейтін дос — құнды дос. Ондай доссыз өмір бос. Ой түймекке түрткенім ғой. Осылай жазатынымыз бар еді… #ой_түймекке

Хоть ребенок и живет сегодняшней жизнью, однако он больше принадлежит будущему. (c) Bolashaq баспа үйінен шығатын кітаптан үзінді #ой_түймекке #BolashaqBooks_rus

Кітап оқуды үйретті Алла Тағала. Қазір, шүкір, кітап шығаруды үйрендік. Алланың қалауымен, Bolashaq баспа үйіміздің атынан + 4 жаңа кітабымыз басылып, дайын болып, қолымызға жетті. Енді хабарлап, контент жасап бастаймыз. 1. Студентке кеңес 2. Кәсіпкерлік пен сауда әдебі: әрбір кәсіпкер білуі тиіс 40 хадис 3. Бәрі нөлден басталады: табысты 101 бизнес-хикая 4. Өміріңді нұрландырар 50 шамшырақ 5. Аманат. Сунан әт-Тирмизидің аудармасы мен түсініктемесі. I кітап “Тазалық” пен “Намаз” тараулары Не де болса "ғалымның хаты өлмейді". Осы салаға кіргеніме, қызмет етіп жатқаныма еш өкінбеймін. Сан ғасыр өтсе де, кітап деген нәрсе қалады, маңызын жоғалтпайды. Профессор, доктор Абдулкарим Баккар айтады, бала тәрбиесінде әрбір адамның үйінде кітапхана болуы шарт деп. Сол арқылы біз ұрпақ тәрбиелей аламыз. Яғни, болашаққа үлкен мақсат, жоспар қойған адам міндетті түрде кітапқа көңіл бөледі. #ой_түймекке #BolashaqBooks

04.05.2026 — 10.05.2026 арасы тек 140 бет кітап оқи алдым. Алдыңғы апта 323 бет кітап оқыдым. Сәуір айында 541 бет ғана оқуға мүмкіндік болды. “Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды. Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады. #ой_түймекке

Таңғы кофе ішіп отырмын. Келесі үстелде отқан адамға бір жас бала келеді де “Бата айтып берейін бе” дейді. Әлгі кісі ұялғаннан “Ну давай” деп келісті. Қазақтың баласы. Бата айтып берді. Артынан каспиін айтты да, ақша аудартып алды. Сосын маған келді “Бата айтып берейін бе?” деп. Келіспедім. Кәсіптің түрі көп, алайда бата (қазақтың дұғасы) сатып кәсіп қылмаған дұрыс. Соған итермелеп отқан ата-анада мәселе бар. Иә, бала ширасын, піссін деп түрлі іс жасатып көруге болады-ау, бірақ шекараларды білген дұрыс-ақ. Далада жүгері сатсын, паркте балмұздақ ұсынсын… Тек қайыр тілемесін. #ой_түймекке

Қай күннің таңын қалай қарсы алсаң, сол күннің кеші де солай батады. Ұйқыдан тұрған бойда бірден телефонға үңілу – үлкен қателік. Егер тек сағатты көру үшін ғана ашсаңыз жарайды, алайда одан әрі әлеуметтік желімен жалғасып кетпеу керек. Телефоннан бұрын өзіңізге көңіл бөліңіз. (c) «Студентке кеңес» кітабынан

Академиялық дәреже алған кейбір адамдарда менмендік мінез байқалады. Шын мәнінде, бұл – үлкен сын. Соңғы жылдары мұндай адамдарға ренжімеуді үйрендім. Себебі ғылыми атақ пен шынайы білім – екі түрлі дүние. Адам білімі артқан сайын тәкаппар бола түссе, онда ол білімнің шынайы мәнін терең түсіне алмаған деген сөз. (c) «Студентке кеңес» кітабынан

Кітап оқу арқылы демалу ең жоғары деңгейдегі интеллектуалды демалыс деп ойлаймын. Алайда кітапты дұрыс таңдай білу маңызды. Ғылыми күрделі еңбектер емес, шабыттандыратын, қызықты көркем әдебиеттер мен мотивациялық кітаптар миды тынықтыруға жақсы. (c) «Студентке кеңес» кітабынан

Repost from shalqarmyn 📝
Кеше сағат 11-лерде үйге қайту үшін такси шақырдық. Күн ыстық. Аялдамаға барып, көлеңкеде яндекс күтіп тұрғанбыз. Сол кезде аялдамаға мас адам келіп, жұрттың мазасын ала бастады. Бір уақытта қолында кішкентай бөпесі бар келіншек келіп, автобус күтіп тұрды. Іштей ыңғайсызданып тұрғаны байқалды. Дәл сол сәтте таксиіміз де келіп қалды. Сосын келіншекке “баратын жеріңізге тегін апарып тастайық” деп ұсыныс айттық. Ол кісі қуанып, алғысын айтып, таксиге бірге мініп кеттік. Клиникаға бара жатыр екен… Біреуге қауіпсіздік сезімін сыйлау, жолын жеңілдету, көңілін тыныштандыру – жақсылық деген осы емес пе? Жұма күні осындай ізгі амал жасауға мүмкіндік берген Аллаға шүкір 🤲

Хабиб пен Ислам Махачев спорласады ғой. Сол кезде маған Исламның позициясы жақынырақ. Хабиб та өзінше дұрыс нәрсе айтып жатыр, тек пайдалы нәрсе оқу керек деген. Алайда Ислам оған өз позициясынан қарағанда, ол да пайдалы нәрсе оқып жатыр, содан ой түйіп, байланыстырып, интеллектуалды, рухани және моральды пайда алуда. Біз вакуум ішінде өмір сүрмейміз, әлем жаһандық, глобалды. Сол себепті дұрыс жүзе білу үшін, кеңістікті игере алу үшін жан-жақты білім алып, түрлі әдебиеттер оқығанды қолдаймын. #ой_түймекке

Алдыңғы апта (27.04.2026 — 03.04.2026) 127 бет кітап оқи алдым. Кейде жұмыс көп боп кетіп, алаңсыз кітап оқи алатын кездерді сағынамын. Студент кез, шетелде оқуда жүрген шақтар қайталанбас қымбат кезеңдер екен, шынында. Мейлінше оқи беру қажет екен. Өмір додасында алдыңыздан шығады, пайдаға асады оқыған нәрселеріңіз. “Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды. Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады. #ой_түймекке

Біздің баспа үйінен орыс тілінде де кітаптар шығады, Алла жазса. Бірқатары дайын. Әлеуметтік, тәрбиелік, қоғамға маңызды деген кітаптарды таңдаудамыз, күні-түні сол жолда жұмыс істеп жатырмыз. Қазір бір кітапты фикс оқудан өткізіп отырғам (қорытынды оқу), сол жерде Пайғамбарымыздың отбасыға қатысты хадисін келтірген.
Семья должна оставаться крепкой. Общество, состоящее из крепких семей, само становится крепким. Словами: «Кто настраивает жену против ее мужа, тот не из нас», Пророк указал на опасность вмешательства в семейные дела извне.
Шынында, бүгінде сыртқы араласудан көп проблема келеді. Ондай сыртқы араласу тікелей болмауы да мүмкін. Жанама түрде, тіпті айдаладағы "блогер" н/е "коуч" себепті де өршуі ғажап емес. #BolashaqBooks

Алдыңғы апта (20.04.26 — 26.04.26) 88 бет кітап оқыппын. Күніне 10 беттен оқып отқанмен тең екен. 😃 Аз, бірақ осы апта көбірек оқылды (түнгі 00:00-ден соң жазамын). Баспа үйінің редакциясы мен корректурасындағы кітаптардан бірнешеуін бастан-аяқ оқыдым. Өзге тілден аударылғандықтан, оригинал тілдегі мен аудармасын бірге оқып, салыстырып шықтым. Бүгін жаңа кітаптар бойынша жаңалық болады. 😍🥳 “Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды. Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады. #ой_түймекке

Біздің кітапқа жеңілдік жүріп жатыр екен kaspi-дүкенде. 📚 Студент іні-қарындасқа, 9-10-11 сынып мектеп оқушыларына таптырмас
Біздің кітапқа жеңілдік жүріп жатыр екен kaspi-дүкенде. 📚 Студент іні-қарындасқа, 9-10-11 сынып мектеп оқушыларына таптырмас сыйлық. Төмендегі сілтеме арқылы өтіп тапсырыс бере аласыз. https://l.kaspi.kz/shop/EqepsAin8Qwn6kD

Бүгін үлгерем деушілер болса, соңғы күн. 🤝🥳

Достар, көптен бері тіл бойынша курстарымызды сатылымға шығармадық. Арасында сұрап тұратын оқырмандар бар (блогерлікпен "мың қырық" адам сұрап жатыр демеймін😂). Бұрынғы ескі курстар топтамасы енді сатылымда болмайды. Жаңа сабақтардан тек келесі бес курс бар: 1. Ағылшын тілі (Beginner) 2. Араб тілі жалғастырушы топ (әл-Китабуль Әсәси) 3. Түрік тілі А2 4. Араб тілі 0-ден + Тәжуид 5. TilBil Polyglot курсы Әрбірінің үстін басып, таныса аласыз. Бұлар телеграм арнада емес, өзіміздің жеке веб-сайтымызда (shadi-courses.kz) Сабақтар сайтта болғандықтан шектеулі орын ашамыз, себебі аккаунттар саны шектелген. Осы бес курстың әрбірін бөлек-бөлек 10мың тг-ден шексіз доступпен алу мүмкіндігі бар. Бұған интенсивті жарнама жасалмайды. Тек қызыққан, алам деуші жандарға арналған ұсыныс. Бұл баға мүмкіндігі бүгін және ертең. 🥳 Төлем жасау үшін: https://pay.kaspi.kz/pay/s97k4dfk Чек жіберу үшін: https://wa.me/77011343738

Балаға инвестиция жасау дегеннің ләззаты тым бөлек. Ол нәрсені кейде біз шығын н/е қалтадан ұратын нәрсе деп қарауымыз мүмкін ғой. Алайда жоқ, бұл олардың келешегі үшін қажет, пайдасын беретін дүние деп сенсек, онда мәселе басқа болады екен. Ертеректе Брюс Ли палуанның бір сөзімен бөлісіп едік: “Саған ешқашан әпермеген затты балаңа әпергенше, саған ешқашан үйретпеген нәрсені балаңа үйрет. Зат тозады, білім озады”. #ой_түймекке

"Bolashaq" баспа үйін ашып едік қой, естеріңізде ме?! Алла жазса жақында жаңа кітаптар шығады. Өте таңдаулы, халыққа пайдалы болады деген туындылар. Осы апта үзінділерін жариялап, қандай кітаптар екені жайында хабардар етемін. #BolashaqBooks