Orientalist's Notes
前往频道在 Telegram
📈 Telegram 频道 Orientalist's Notes 的分析概览
频道 Orientalist's Notes (@shlounak) 哈萨克语 语言赛道中的 是活跃参与者。目前社区聚集了 11 050 名订阅者,在 教育 类别中位列第 18 004,并在 哈萨克斯坦 地区排名第 829 位。
📊 受众指标与增长动态
自 невідомо 创建以来,项目保持高速增长,吸引了 11 050 名订阅者。
根据 29 七月, 2026 的最新数据,频道保持稳定运转。过去 30 天订阅人数变化为 -212,过去 24 小时变化为 -6,整体触达仍然可观。
- 认证状态: 未认证
- 互动率 (ER): 平均受众互动率为 12.34%。内容发布后 24 小时内通常能获得 N/A% 的反应,占订阅者总量。
- 帖子覆盖: 每篇帖子平均可获得 1 364 次浏览,首日通常累积 0 次浏览。
- 互动与反馈: 受众积极参与,单帖平均反应数为 46。
📝 描述与内容策略
作者将该频道定位为表达主观观点的平台:
“Автор: Arsen Shadi
#запискиВостоковеда”
凭借高频更新(最新数据采集于 30 七月, 2026),频道始终保持新鲜度与高覆盖。分析显示受众积极互动,使其成为 教育 类别中的关键影响点。
11 050
订阅者
-624 小时
-397 天
-21230 天
帖子存档
11 050
Алланың қалауымен, араға үзіліс салып онлайн-курстарымыз қайта оралды.
⠀
Бізде үш тіл бар: араб тілі, түрік тілі, ағылшын тілі. 🇸🇦🇹🇷🇺🇸
Осы үш тілдің біреуін таңдап, тиянақты түрде оқи аласыз.
⠀
0-дан бастап 5 ай көлемінде осы тілдерді үйренем десеңіздер, уақытты текке жібермей, бүгіннен бастап қадам жасауға ниетті болсаңыз, біз сізді күтеміз. 😍
⠀
Сабақ форматы гибридті болады. Біз бұны біраз зерттедік, практикалық тұрғыдан ыңғайлы екендігіне көз жеткіздік.
⠀
Жаңадан жазылған видео-дәрістер, апта бойы сабақтарыңызды тексеретін куратор қызметі ж/е әр аптаның соңында менімен Zoom платформасында байланыс (спикинг, сұрақ-жауап, еркін формат). 😮💨🔥
⠀
Енді, одан да қызығы — сабақтарды тұрақты тапсырып отырсаңыз, ай сайын тіркелу құны арзандайды ж/е соңғы ай тегін болады. 😲👏🏻
⠀
Өзім 7 тілді меңгерген адам ретінде тұлғаға әсер ететін, мотивациясы мен табандылығын ұстап тұруға көмектесетін техникалармен бөлісемін. Бұл игерген қабілеттер өмірдің басқа аспектілерінде де пайдаға асады.
⠀
Масштаб үлкен, қажырлы еңбек жасаймыз, сондықтан алғашқылардан болып тіркелуге асығыңыз! 🤝
⠀
Төмендегі батырма арқылы толық ақпарат ала аласыз, менеджерге “курс” деп жазыңыз ⤵️
11 050
Бір айға жуық ештеңе жазбасам да оқырманым боп қалған жандарға алғыс білдіремін.
Жалпы есепте осы жыл басталғалы түрлі кезеңдерден өттім, трансформацияландым.
20 — 25 жас аралығы көзді ашып-жұмғанша өте шықты.
25-ке келген кезде "пай-пай" деген шақтың өтіп жатқанын түсіне бастадым. Неге көп қаламгерлер "ай-хай 25" деп жазған, жырлаған, толғаған?
Оны тек сол жасқа жеткенде ұқсаң керек...
26-ға толғанда қатты қуанбадым, 27-ге толғанда мұңайдым...
Орда бұзар шаққа 3 жыл қалды, ал.
Шүкір, Алла деп "Bolashaq" деген баспа үйін аштық, 27-ге кеп жеткен жетістігім осы болды. Өмірімнің соңына дейін 100 кітап шығарсақ деген арман болған, жасалып жатқан жұмыс көлеміне қарасақ, 6 айдың ішінде 100-ден асып кетіппіз. Енді ол мақсатты 1000 кітап деп көтердік. 1000-ға жеткенде 10мың кітап деп көтерерміз, оған дейін жан нәсіп.
Жалпы бар ғой, құлатып барып көтереді өмір, көтеріп тұрып жылатады, кейде жылытады. (Сәл-пәл қиыннан қиыстырып, ұйқас кеп қалатыны бар, сол кезде жыламасаң да жыладым деп жазуға тура келеді 😂)
Жазудан қол үзбедік, айтпағым сол. Бос нәрсе жазғанша, жазбаған абзал ғой. Мейлінше ой түймекке сеп болар дүниелер толғаймын.
#ой_түймекке
11 050
Бүгінгі таңда жігіттермен бас қосып жолыққан кезде, егер олар үшінші жігітті жамандамаса (ол жерде жоқ), соның өзі үлкен олжа болып тұр.
Өзге досты н/е өзге адамды сөз етпейтін дос — құнды дос.
Ондай доссыз өмір бос.
Ой түймекке түрткенім ғой. Осылай жазатынымыз бар еді…
#ой_түймекке
11 050
Хоть ребенок и живет сегодняшней жизнью, однако он больше принадлежит будущему.
(c) Bolashaq баспа үйінен шығатын кітаптан үзінді
#ой_түймекке #BolashaqBooks_rus
11 050
Кітап оқуды үйретті Алла Тағала. Қазір, шүкір, кітап шығаруды үйрендік.
Алланың қалауымен, Bolashaq баспа үйіміздің атынан + 4 жаңа кітабымыз басылып, дайын болып, қолымызға жетті. Енді хабарлап, контент жасап бастаймыз.
1. Студентке кеңес
2. Кәсіпкерлік пен сауда әдебі: әрбір кәсіпкер білуі тиіс 40 хадис
3. Бәрі нөлден басталады: табысты 101 бизнес-хикая
4. Өміріңді нұрландырар 50 шамшырақ
5. Аманат. Сунан әт-Тирмизидің аудармасы мен түсініктемесі. I кітап “Тазалық” пен “Намаз” тараулары
Не де болса "ғалымның хаты өлмейді". Осы салаға кіргеніме, қызмет етіп жатқаныма еш өкінбеймін.
Сан ғасыр өтсе де, кітап деген нәрсе қалады, маңызын жоғалтпайды.
Профессор, доктор Абдулкарим Баккар айтады, бала тәрбиесінде әрбір адамның үйінде кітапхана болуы шарт деп. Сол арқылы біз ұрпақ тәрбиелей аламыз. Яғни, болашаққа үлкен мақсат, жоспар қойған адам міндетті түрде кітапқа көңіл бөледі.
#ой_түймекке #BolashaqBooks
11 050
04.05.2026 — 10.05.2026 арасы тек 140 бет кітап оқи алдым.
Алдыңғы апта 323 бет кітап оқыдым.
Сәуір айында 541 бет ғана оқуға мүмкіндік болды.
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке
11 050
Таңғы кофе ішіп отырмын. Келесі үстелде отқан адамға бір жас бала келеді де “Бата айтып берейін бе” дейді. Әлгі кісі ұялғаннан “Ну давай” деп келісті.
Қазақтың баласы. Бата айтып берді. Артынан каспиін айтты да, ақша аудартып алды.
Сосын маған келді “Бата айтып берейін бе?” деп. Келіспедім.
Кәсіптің түрі көп, алайда бата (қазақтың дұғасы) сатып кәсіп қылмаған дұрыс. Соған итермелеп отқан ата-анада мәселе бар.
Иә, бала ширасын, піссін деп түрлі іс жасатып көруге болады-ау, бірақ шекараларды білген дұрыс-ақ.
Далада жүгері сатсын, паркте балмұздақ ұсынсын… Тек қайыр тілемесін.
#ой_түймекке
11 050
Қай күннің таңын қалай қарсы алсаң, сол күннің кеші де солай батады. Ұйқыдан тұрған бойда бірден телефонға үңілу – үлкен қателік. Егер тек сағатты көру үшін ғана ашсаңыз жарайды, алайда одан әрі әлеуметтік желімен жалғасып кетпеу керек. Телефоннан бұрын өзіңізге көңіл бөліңіз.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
11 050
Академиялық дәреже алған кейбір адамдарда менмендік мінез байқалады. Шын мәнінде, бұл – үлкен сын.
Соңғы жылдары мұндай адамдарға ренжімеуді үйрендім. Себебі ғылыми атақ пен шынайы білім – екі түрлі дүние.
Адам білімі артқан сайын тәкаппар бола түссе, онда ол білімнің шынайы мәнін терең түсіне алмаған деген сөз.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
11 050
Кітап оқу арқылы демалу ең жоғары деңгейдегі интеллектуалды демалыс деп ойлаймын. Алайда кітапты дұрыс таңдай білу маңызды. Ғылыми күрделі еңбектер емес, шабыттандыратын, қызықты көркем әдебиеттер мен мотивациялық кітаптар миды тынықтыруға жақсы.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
11 050
Repost from shalqarmyn 📝
Кеше сағат 11-лерде үйге қайту үшін такси шақырдық. Күн ыстық. Аялдамаға барып, көлеңкеде яндекс күтіп тұрғанбыз. Сол кезде аялдамаға мас адам келіп, жұрттың мазасын ала бастады.
Бір уақытта қолында кішкентай бөпесі бар келіншек келіп, автобус күтіп тұрды. Іштей ыңғайсызданып тұрғаны байқалды. Дәл сол сәтте таксиіміз де келіп қалды. Сосын келіншекке “баратын жеріңізге тегін апарып тастайық” деп ұсыныс айттық. Ол кісі қуанып, алғысын айтып, таксиге бірге мініп кеттік. Клиникаға бара жатыр екен…
Біреуге қауіпсіздік сезімін сыйлау, жолын жеңілдету, көңілін тыныштандыру – жақсылық деген осы емес пе?
Жұма күні осындай ізгі амал жасауға мүмкіндік берген Аллаға шүкір 🤲
11 050
Хабиб пен Ислам Махачев спорласады ғой. Сол кезде маған Исламның позициясы жақынырақ. Хабиб та өзінше дұрыс нәрсе айтып жатыр, тек пайдалы нәрсе оқу керек деген.
Алайда Ислам оған өз позициясынан қарағанда, ол да пайдалы нәрсе оқып жатыр, содан ой түйіп, байланыстырып, интеллектуалды, рухани және моральды пайда алуда.
Біз вакуум ішінде өмір сүрмейміз, әлем жаһандық, глобалды. Сол себепті дұрыс жүзе білу үшін, кеңістікті игере алу үшін жан-жақты білім алып, түрлі әдебиеттер оқығанды қолдаймын.
#ой_түймекке
11 050
Алдыңғы апта (27.04.2026 — 03.04.2026) 127 бет кітап оқи алдым. Кейде жұмыс көп боп кетіп, алаңсыз кітап оқи алатын кездерді сағынамын.
Студент кез, шетелде оқуда жүрген шақтар қайталанбас қымбат кезеңдер екен, шынында. Мейлінше оқи беру қажет екен. Өмір додасында алдыңыздан шығады, пайдаға асады оқыған нәрселеріңіз.
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке
11 050
Біздің баспа үйінен орыс тілінде де кітаптар шығады, Алла жазса. Бірқатары дайын.
Әлеуметтік, тәрбиелік, қоғамға маңызды деген кітаптарды таңдаудамыз, күні-түні сол жолда жұмыс істеп жатырмыз.
Қазір бір кітапты фикс оқудан өткізіп отырғам (қорытынды оқу), сол жерде Пайғамбарымыздың отбасыға қатысты хадисін келтірген.
Семья должна оставаться крепкой. Общество, состоящее из крепких семей, само становится крепким. Словами: «Кто настраивает жену против ее мужа, тот не из нас», Пророк указал на опасность вмешательства в семейные дела извне.Шынында, бүгінде сыртқы араласудан көп проблема келеді. Ондай сыртқы араласу тікелей болмауы да мүмкін. Жанама түрде, тіпті айдаладағы "блогер" н/е "коуч" себепті де өршуі ғажап емес. #BolashaqBooks
11 050
Алдыңғы апта (20.04.26 — 26.04.26) 88 бет кітап оқыппын. Күніне 10 беттен оқып отқанмен тең екен. 😃
Аз, бірақ осы апта көбірек оқылды (түнгі 00:00-ден соң жазамын). Баспа үйінің редакциясы мен корректурасындағы кітаптардан бірнешеуін бастан-аяқ оқыдым. Өзге тілден аударылғандықтан, оригинал тілдегі мен аудармасын бірге оқып, салыстырып шықтым.
Бүгін жаңа кітаптар бойынша жаңалық болады. 😍🥳
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке
11 050
Біздің кітапқа жеңілдік жүріп жатыр екен kaspi-дүкенде. 📚
Студент іні-қарындасқа, 9-10-11 сынып мектеп оқушыларына таптырмас сыйлық.
Төмендегі сілтеме арқылы өтіп тапсырыс бере аласыз.
https://l.kaspi.kz/shop/EqepsAin8Qwn6kD
11 050
Достар, көптен бері тіл бойынша курстарымызды сатылымға шығармадық. Арасында сұрап тұратын оқырмандар бар (блогерлікпен "мың қырық" адам сұрап жатыр демеймін😂).
Бұрынғы ескі курстар топтамасы енді сатылымда болмайды.
Жаңа сабақтардан тек келесі бес курс бар:
1. Ағылшын тілі (Beginner)
2. Араб тілі жалғастырушы топ (әл-Китабуль Әсәси)
3. Түрік тілі А2
4. Араб тілі 0-ден + Тәжуид
5. TilBil Polyglot курсы
Әрбірінің үстін басып, таныса аласыз.
Бұлар телеграм арнада емес, өзіміздің жеке веб-сайтымызда (shadi-courses.kz)
Сабақтар сайтта болғандықтан шектеулі орын ашамыз, себебі аккаунттар саны шектелген.
Осы бес курстың әрбірін бөлек-бөлек 10мың тг-ден шексіз доступпен алу мүмкіндігі бар.
Бұған интенсивті жарнама жасалмайды. Тек қызыққан, алам деуші жандарға арналған ұсыныс.
Бұл баға мүмкіндігі бүгін және ертең. 🥳
Төлем жасау үшін:
https://pay.kaspi.kz/pay/s97k4dfk
Чек жіберу үшін:
https://wa.me/77011343738
11 050
Балаға инвестиция жасау дегеннің ләззаты тым бөлек.
Ол нәрсені кейде біз шығын н/е қалтадан ұратын нәрсе деп қарауымыз мүмкін ғой. Алайда жоқ, бұл олардың келешегі үшін қажет, пайдасын беретін дүние деп сенсек, онда мәселе басқа болады екен.
Ертеректе Брюс Ли палуанның бір сөзімен бөлісіп едік:
“Саған ешқашан әпермеген затты балаңа әпергенше, саған ешқашан үйретпеген нәрсені балаңа үйрет. Зат тозады, білім озады”.
#ой_түймекке
11 050
"Bolashaq" баспа үйін ашып едік қой, естеріңізде ме?!
Алла жазса жақында жаңа кітаптар шығады. Өте таңдаулы, халыққа пайдалы болады деген туындылар. Осы апта үзінділерін жариялап, қандай кітаптар екені жайында хабардар етемін.
#BolashaqBooks
