cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Orientalist's Notes

Автор: Arsen Shadi (Шығыстанушы-арабтанушы) Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын! #запискиВостоковеда 동양인의 메모 Бізбен байланысу: www.shadi-courses.kz

Більше
Рекламні дописи
12 934
Підписники
-2024 години
-947 днів
-20530 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
Алланың қалауымен көптен күткен «Ризық кілттері және мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы» кітабымыз жарық көрді. Бұл еңбекте мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы, ризық кілттері, исламдағы байлық пен кедейлік және басқа да тақырыптар жан-жақты қамтылған. Бұл еңбекті оқу арқылы тәуекел, ниет, шүкір, тәубе секілді көптеген жүрек ілімдерін де тереңірек түсінуге болады. Аталмыш кітап дініміздің нәзік мәселелерін оқып-білуге ықыласты барша оқырманға арналған. Бағасы – 4500 тг. Кітап қағазбаспа күйінде📚 Реквизит: Каспи: 4400 4302 8616 8023 Халық: 4405 6398 6463 6939 Чекті осы сілтемеге жіберіңіз: https://wa.me/message/ZNVV5E7ZSGX4C1
Показати все...
46👍 9🔥 5 3👏 2
Шамдық ұстазым - шейх Холид Харса (حفظه الله), күндердің-күні бір тойға барған екен. Алайда ол тойда ішімдік бар, түрлі әншілер жүрген көрінеді. Шейх өзінің әдемі сүннет киімін киіп, әтірленіп, тап-таза боп барады. Тойға бара салып ортаға шығып, әншіден микрофонды сұраған. Айналадағылар күледі дейді, микрофонды қайтесіз деп… 2-3 минут қана бере тұрсаң, айтар тілегім бар дейді. Содан микрофонды қолына алады да, былай деп айтады: — Ассаляму’алейкум уа рахматуллаһ! Мен сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін және Қиямет күнгі азабынан қорқамын. Ұлық Алладан менің және сіздердің хәлдеріңізді туралыққа салсын деп өтінемін, менің және сіздердің күнәларыңызды кешірсін деп тілеймін. Ей, Алланың пенделері, шынында Алла, сендерді Өзіне шақыруда. Ей, Алланың пенделері, тәубе етіңдер. Ей, Алланың пенделері, шынында мешіт сендерді күтуде. Ассаляму’алейкум уа рахматуллаһ! Сөйтеді де шейх шығып кетеді. Артынан 4-5 адамның бірге шыққанын да аңғарады. Тап сол адамдар артынан еріп мешітке келген. Сол адамдар мешіттің тұрақты жамағатына айналған екен. #ғалымдар_өсиеті
Показати все...
👍 204 98🔥 20😢 20💔 15🤗 4
“Балаларымды таң намазына тұрғыза алмаймын, ұйқысы қатты” деді бірісі. Сонда сұралған адам жауап берді: — Егер үйің өртке оранса, жан-жағы лапылдап жатса, не істейсің? Тұрғызасың ба? — Балаларымды ұйқысынан оятамын… — Ұйқылары қатты болса ше? — Керек болса сүйреп тұрғызамын… — Тура осылай ақырет отынан балаларыңды құтқаруға жігер танытсаң, жеңіске жеткендерден боласың. (с) Хаяти Инанч сұхбатынан #ой_түймекке
Показати все...
307👍 68🔥 26😢 17👏 10🤯 6💯 2 1🥰 1
Ажария, Батуми қаласына келдік. Бұл жақта мұсылман да көп, сәйкесінше мешіт те көп. Ажарлар - гүржі, алайда Осман империясы кезінде көпшілігі Ислам дінін қабылдаған. Кей тарихшылар оларды күштеп кіргізген дейді, алайда оған нақты дәлел-дәйек жоқ. Бүгінгі Түркия президенті - Режеп Тайып Эрдоған да өз ата-бабасының осы Ажария, Батумиден Ризеге келгенін айтады (ескі сұхбаттарында). Батумидің ерекшелігі - Қара теңіздің жағасында. Каспийде болдым, Мәрмәрда тұрдым, Жерортаны көрдім, Қызылда шомдым, енді Қараға төндім… Теңізге қарап терең ойға бату - өмірдің кереметінен болса керек… Алланың ұлылығы - шексіз. Теңіздің алыптығынан да аңғарасың… #сапар_тәлімі
Показати все...
👍 118 42🔥 11❤‍🔥 9🥰 2👏 1
Гүржі тілінде парсы элементтерінің біраз бар екенін байқадым, таныс сөздерді естіп қап жатырмын. Грузиндер байлықты “Барака” деп айтады, ал. Гүржілердің өзі оны персизм сөздер деп білсе, біз парсы тіліне арабшадан және өзге де түркі тілдерінен сөздер енгенін жақсы білеміз. Төменде теріп шыққан сөздерімді қарап көре аласыздар, қазақша-арабша-парсыша-түрікше білетін адамға қызық болар: ფანჯარა (панджара) - терезе; ქარხანა (кархана) - зауыт, фабрика; Кар / кор - парсыша “жұмыс” деген мағына береді. Кархана - сөзбе-сөз “жұмысхана”. ნამუსი (намуси) - намыс; ჯარიმა (джарима) - айыппұл, штраф ხანჯალი (ханджали) - қанжар; ბიჭი (бичи) - бала; შაირი (шаири) - өлең; ჯანი (джани) - денсаулық; ფული (пули) - ақша; სუფრა (супра) - отырыс; საპონი (сапони) - сабын; ხალხი (халхи) - халық; პალავანი (палавани) - батыр, палуан; ჩანთა (чанта) - сөмке; ფარდა (парда) - перде; ჩაიდანი (чаидани) - шәйнек; ზარალი (зарали) - шығын; ბაღი (баги) - бақша; აბდალი (абдали) - ақымақ; ჯამი (джами) - мешіт; ქალაქი (калаки) - қала. #запискиВостоковеда
Показати все...
👍 98 24👏 12🤯 10😍 6💯 3 2❤‍🔥 1🔥 1🤩 1🫡 1
Ыстанбұлда болғанда Ризе есімді атамен таныстым. Түрікше сөйлейді, қараймын, түрі қазаққа ұқсайды, содан “Nerelisiniz, amca?” дедім… — Алтай қазағы десең болады, қазақпын, айналайын, — деп қазақша жауап қатты. 1653-те келген екен Анадолыға. Оған дейін Пәкістанда болған. Түркияға алғаш келгенде жасы 1-де екен. Демек, атамыз 1952-жылғы, шамасы. Қазақтар келгенде Конья, Кайсери, Бурса аймақтарынан “гөчмендерге” арнайы жер берген, үй берген Түркия үкіметі. Алла разы болсын. Кейіннен бұлар Ыстанбұлға орналасыпты. Ыстанбұлдағы қазақтар тері кәсібімен белгілі, ертеден Ыстанбұлда тұратын жергілікті халық жақсы біледі бұны. Алғашында 10 жылдай Зейтінбурнуда жасаған, кейіннен Гүнешліге орныққан көкеміз. Алла тілден сақтасын, бала-шағасы жақсы орындарын тауыпты қоғамда. Бір ұлы имамдық бітіріп, қазір Англияда мешітте имам, отбасымен сонда тұрады. Қазақ. Бір қызы Голландияда IHH деген ұйымның Еуропаға жауапты бөлімін басқарады. Қазақ. 4 немересі қари-хафиз. Қазақтар. Ертеде жан сақтау үшін, мал сақтау үшін мүмкіндігі бар адамдар шекара асып кетті орыстың озбыр саясатынан қашып. Оларды айыптамаймын. Айыптауға ақым да жоқ. Сіздің де… Құдай аштықпен сынамасын, әйтпесе шаймен тәтті жемесе ашуланатын біз бен сіз ол сынақтан өте алмай қалармыз… Қарын сипап отырып “Олар Отанын тастап кеткен сатқындар” деп айыптау оп-оңай… Басқа түссе көрерсің… Алла сақтасын! #ой_түймекке #запискиВостоковеда
Показати все...
249👍 60💔 40 10🔥 5🤩 3😍 2💯 1
“Шешендіктің шегі — кісінің көңіліне тимей сөз айту”. Бақа би Айбекұлы (1827-1911)
Показати все...
💯 114 62👍 31🔥 5🤯 2 1🐳 1
Гүржістан астанасында жалғыз ғана “Жұма мешіті” деп аталатын мұсылмандардың құлшылық орны бар. Кеше ақшам намазын, бүгін жұма намазын оқуға бардық. Мешіт имамы - әзери. Жұма уағызы 2 тілде болды: гүржі және әзери. Гүржістанда гүржілердің өзінен кейін саны жағынан екінші орында - әзерилер, содан да мұсылман дін қызметкерлері әзірбайжан өкілдері. Әзерилердің басым бөлігі шииттер (шиға - адасқан бағыт), аз бөлігі сүнниттер. Тифлистегі мешіттің ішінде екі михраб көріп таңданғаным бар, екеуінің арасын мінбар бөліп тұрады. Сөйтсем, бір бөлігі - сүнниттер үшін, бір бөлігі - шииттер үшін екен. Әзірбайжан - түрік (түркі) халқы, алайда оларға Иранның ықпалы қатты болды, сол себепті де шиғалық кең тараған. Ойлап қараңыздаршы, Әзірбайжан деген ел бар, халық саны 10 млн.-нан асады, ал Ирандағы әзерилердің үлесі 30 млн.-нан асып жығылады. #запискиВостоковеда
Показати все...
92🤯 45👍 35🔥 5😍 2 1💯 1
Гүржістан астанасы - Тифлис қаласындамыз (ескі атауы). Кешегі КСРО құрамында болған, қазақтар көп келетін елдердің бірі. Шыны керек, Гүржістанға арнайылап келу дегенді ойымызға да алмайтынбыз, алайда осы постта жазғанымыздай, Құрбан Саидтың (лақабы) бестселлері түрткі болып, ат басын бұрдық. Қызық, кітапта оқыған жерлерге сапар шеккенді ұнатамын. Оқу барысында көп нәрсені көз алдыма келтіріп, нәтижеде ойымдағы кейіппен шынайы бейнені салыстыруға мүмкіндік аламын. Дүниені осылай тану жолын таңдадым… Әлем - біз бен сіз ойлағаннан да кең. Қазақстан үшін визасыз елдердің тізімін тауысамын дегенше де біраз уақыт… #запискиВостоковеда
Показати все...
126👍 36🔥 16💯 5👏 3
Қосымша өзге жұрттың тілін үйрену - миды дәйім тонуста ұстап тұратын жаттығулардың бірі. “Ойбай, қазақшаны жоғалтамыз” деген даурығумен келдік бүгінге дейін. Иә, өз тілінен айырылып қала жаздаған халық үшін қалыпты жағдай. Тіл мәселесін көтеру керек, қозғау керек, алайда солай даурығатындардың көбі, әлі күнге дейін сол тақырыптан шыға алмай қалған. Шыға алмай қалғаны соншалық, тек қиямет төндіруді біледі. Позитивті өзгерістер де бар ғой, бірақ ондай адам позитивтерді байқамайды, байқай алмайды. Қазір қазақ тілі - трендте. Сұраныс бар. Ол сұранысты тудыратын - сіз бен біз. Өндіруші бар, тұтынушы бар. Көп жағдайда “ойбайлай” беретіндер - тіл үшін ештеңе жасамайтындар. Дамыған, жан-жақты қазақ болсақ деймін. #ой_түймекке
Показати все...
170👍 52🔥 17💯 11👏 10🫡 3🤩 2🕊 2🤯 1
Оберіть інший тариф

На вашому тарифі доступна аналітика тільки для 5 каналів. Щоб отримати більше — оберіть інший тариф.