cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Beisenali Olzhas

Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес. Әлеуметтік парақшаларым: Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas Кітапхана: t.me/mufakkirr

Більше
Рекламні дописи
11 883
Підписники
+3224 години
+2027 днів
+35130 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
Петра
Показати все...
😍 125 22👍 21🕊 4
Күн батыстан шыққан кезде неге адамның тәубесі қабыл етілмейді? Себебі ғайып болған қиямет – анық болды. Ал, адам мүмін болу үшін ғайбқа сену керек еді. Барлығы анық болған кезде иман келтіруі, тәубе етуі кеш
Показати все...
275👍 58😢 41💯 23 6🕊 6
Бір кісі көп сөйлейтін адамға былай депті: “Біз екеуміз ешқашан келіспейміз. Сен үндемегің келмейді, мен болсам, сені тыңдағым келмейді”.
Показати все...
182👍 55🤓 21 6🎉 2😍 2💯 2
Зорлық қандай жағдайда болмасын зорлық. Ешкім ешкімге қол көтеруге ақысы жоқ. Бізде заң бар, шариғат бар. Ал “самосуд” рұқсат емес “Дұрыс болыпты” дегендерді түсінбеймін. Надандық па, басқа ма білмеймін Мен анау ахиды да құптап тұрған жоқпын. Бірақ бұндай ихтиләфи мәселелер күшпен шешілмейді. Шейх Саид Фуда айтпақшы, адасқан топтарды қамап, олар тыйым салып мәселені шешпейсің. Ғылыми алаңға шығып дәлелдеу керек. Өкініштісі, біздің жамағат ондай деңгейге әлі жете қойған жоқ. Жамағатты қойшы, кейбір молдекендер сондай төмен дәрежеде
Показати все...
👍 181 74😢 20💯 9 1
Құранның сүрелері меккелік және мәдиналық болып бөлінеді. Меккелік сүрелер – ақида, сенім, таухидті қамтыса, мединалықтар – әдеп, тәрбие, фиқһи үкімдерді қамтиды. Бұның сыры – Алла Тағала мұсылмандарға алдымен дұрыс сенімді үйретіп, кейін оларға ең керемет тәрбие берді. Осыдан үлгі алып, біз де балаларымыз алдымен дұрыс сенімді үйретуіміз қажет. Біз болсақ, балаларымызға "намаз оқы, Құран жатта, бүйт-сүйт" деп айтамыз. Алайда балаларымыз оны не үшін жасайтынын білмейді, жәннәт пен тозақты, Алланы танымайды. Сол себепті шариғат амалдарын ауыр көреді. Алайда Алла Тағала алдымен Меккелік мұсылмандарға имани тәрбие берді. Оларға ақыретте, өлімнен кейін тірілуді, есеп-қисапты айтты. Ал Мединада оларға жұма, ораза, зекет, қажылық секілді шариғи үкімдерді жүктеді, харам тағам мен ішімдіктерден тыйылуды бұйырды. Сондықтан, балаларымызға алдымен дұрыс ақиданы үйретуіміз қажет. Одан кейін шариғи міндеттерге бұйырамыз. П.с. Ал дұрыс ақиданы үйрету үшін, сол дұрыс ақиданы үйрену керек)
Показати все...
216👍 50💯 22 7😍 3🕊 2
28 параның сүрелерінің мағыналарына қарайтын болсақ, өте көп ұқсастық байқауға болады. Бұл пара әйелдер жайлы басталып, әйелдер жайлы айтып аяқталады. Сол парада келген Талақ сүресі – Алладан қорқуды бұйыратын аяттарды ең көп қамтыған сүре саналады.
Показати все...
👍 129 49😍 9🕊 4
Кітаптың атауына емес, мазмұна қарау керек алдымен
Показати все...
👍 62 27🕊 5
Фото недоступнеДивитись в Telegram
«Тоқал алма, әйел ал» кітабының сатылымы ашық, бауырлар! Бұл кітаптың ерекшелігі — тілінің ұғынықтылығы және некеге қатысты әрбір мұсылман білуі тиіс болған үкімдерді қамтуылуында. Үйленгісі келіп жүрген немесе екінші әйел алуға ниеттеніп жүргендерге пайдалы еңбек деп білемін. Алла Тағала пайдалы етсін! Кітапты алу жолы суретте көрсетілген. Немесе осы жерді басып, уатсабтан жазыңыз. Кітаптың мазмұны комментте👇
Показати все...
56👍 17😍 7
Аллаға шүкір, қазіргі таңда білім ізденушілер көбейді. Елде ғана оқып мықты болып шыққан шәкірттер көп. Шетелде әлі де оқып жатқан мықты жігіттер жетеді. Елге оралып қызмет жасап жатқан бауырларымыз да артып жатыр. Әр жерде оқығандықтан, мәнһаждарымыз өзгеше болса да, белгілі бір "фуруғи" (негізгі емес) мәселелерде ойымыз әртүрлі болса да, ол біздің арамызды бөлмеу керек. Себебі бәрімізді біріктіретін бір ғана дүние – ол дін қызметі. Дін қызметін шынайы жасайтындар – өз мүддесін жоғары қоймайды. Сондықтан, ниетімізді түзеп, дін бауырымыз үшін компромиске баруға, бір-бірімізді ренжітіп алсақ, бірінші болып кешірім сұрауға асығуымыз қажет. Ал "ихтиләфи мәселелерді" өзара ғана талқылап, ішкі кухняны сыртқа шығармай, артымыздан келе жатқан жас шәкірттерге үлгі бола алуымыз қажет. Негізі бізден алдыңғы үлкен ұстаздарымыз (Арман, Ерсін, Ризабек ұстаздар секілді) бізге көп нәрсені дайындап берді. Олар көрген сынақ пен қиыншылықтарды біз көрмедік. Алайда бізде әлі талай жұмыс бас. Оларды басымыз бірікпей жасай алмаймыз. Сондықтан бауырлар, артық "тағассубты" қояиқ. Әйтпесе, еліміздегі кейбір ағымдар сияқты бір-бірімізді көргенде тіпті қол алыспай бөлініп жүреміз. Алла Тағала содан сақтасын
Показати все...
197👍 77💯 24🕊 10😢 6😍 2🐳 1🤗 1
П.с. бұл сурет былтыр күздің басында түсірілген. Байкотқа дейін Неғымаңыздар дегенім ғой)
Показати все...
😁 106 30👍 16🐳 5