cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

Ілім талап етушілерге арналған фиқһ және усуль фиқһ каналы Каналды жүргізуші: Данияр Кенжеұлы 2015-2018 Сарыағаш медресесі 2018-2022 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Бакалавр) 2022-2024 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Магистратура)

Більше
Рекламні дописи
6 133
Підписники
+424 години
+487 днів
+18130 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Құрбан айт осы айдың 17 нен басталады 16 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ
Показати все...
👍 66🤯 6💯 2
“Құрбандық күніне дейін шаш, тырнақ алуға болмайды” деген үкім қажылықта жүрген кісілерге қатысты. Қажылықта емес адамдар шаш, тырнақтарын алуына болады. Кейбір ханафи ғалымдары қажылықта емес адамдардың құрбандық күніне дейін шаш, тырнақ алмауды мустахаб санаған. Бұл амал парыз яки сүннет емес.
Показати все...
🔥 44👍 36 7🤯 4
https://youtu.be/sJE1tnhJV8U?si=GTwanaA9jfL0AlPD Алғашқы подкастымыз Ихсан орталығымен болды. Тыңдап қараңыздар. Қызықтың бәрі 50 минуттан кейін)
Показати все...
Podcast #18 НЕКЕ ҚИЮДЫҢ ТӘРТІБІ | Ihsan \ Ихсан

❤‍🔥 23👍 15🤩 5🔥 3
Ұстаздық қызмет күн астындағы ең қадірлі мамандықтардың бірі әрі бірегейі екені даусыз. Себебі бұл жол өзіне көп уақытты емес, барыңды салуды талап етеді. Жанкештілік пен сабыр, төзімділік дегеніңіздің бәрі осы жұмыстың негізгі кілті. Өмірін ұстаздыққа арнаған адамдарда, отбасы мен жақындарына уақыт табылмай жатады. Өйткені жұмыста барыңды беріп, үйге жеткенде сол шаршаудың бәрі шығатыны бар. Мұның бәрін өзім де шәкірт тәрбиелеп, практикадан өткізген соң сөз етіп отырмын. ‌Елімізде осынау мамандық иелеріне лайықты құрмет пен баға берілмейтінін де осы тұста айта кеткен жөн. Көп жағдайда ұстаз тәрбиелеген шәкіртінің көлеңкесінде қалып, еңбегі еленбей жатады. Тек шәкірт тәрбиелеумен шектелмей, көлеңкеде көрінбей қалатын қағазбастылық ол бар. Одан әрі әр дисциплинаға қойылған мазмұн мен міндеттерге орай өтілетін түрлі деңгейдегі сабақтар. Арагідік болса да ұйымдастырылатын іс-шаралар. Осының бәрінен бөлек еленбей қалатын ұсақ-түйек жұмыстар жетіп артылады. Бұлар да болса ұстаздардың еңбегін еш еткендегі ішкі мұңы деуге болар. Қанша жерден мамандықтың қиын екенін біліп, таңдап келсек те, адамдағы құлшыныс та ынталандыруға мұқтаж кездер болады. Себебі ұлы міндетті атқарып жүрген ұстаздар да, ет пен сүйектен жаралған пенде. Шәкірттерінен бөлек, өз балалары мен жақындары бар тұлға. Осы үшін де ұстаздарға еңбегі еленетін орта мен қоғамдық қолдау керек-ақ!
Показати все...
👍 94💯 15😢 7👏 2
دهب_الرجال_فلا_أرى_لرجال_أمتنا_أثر.mp37.35 KB
😢 43👍 14💯 6
Мүфти Иорданияға сапарында мен оқыған — “Халықаралық ислам ғылымдары” университетіне арнайы ат басын тіреп, ұстазым шейх Салахбен кездесті.🔥😍
Показати все...
🔥 69👍 27🤩 8💯 5❤‍🔥 1👎 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Мүфти Иорданияға сапарында мен оқыған — “Халықаралық ислам ғылымдары” университетіне арнайы ат басын тіреп, ұстазым шейх Салахбен кездесті.🔥😍
Показати все...
❤‍🔥 1
Сұрақ: қабірді кірпішпен қоршап, сәндеуге болады ма? Жауап: қабірді бағалы нәрсемен әшекейлеп, қоршау ысырапшылдық болғандықтан, тәхриман мәкруһке жатады. Алайда мәйіттің қабірiн жыртқыш немесе жануарлар таптап, зиян тигізбес үшін кішкене етіп қоршап қоюдың әбестігі жоқ. Имам Мұхаммедтен: «Егер мәйіт ғалым немесе танымал адам болса, қабірін биік етіп қоршауға рұқсат», - деген риуаят келген. «Раддуль Мухтар 2/123»
Показати все...
👍 92💯 4
Сұрақ: демалыс орындарындағы "аппараттарға" ақша салып ойыншық т.б нәрселерді ұтып алудың үкімі қалай болады? Жауап: ондай ойын түрлері құмар болып саналады. Құмар дегеніміз — пайда көру мен зиян көрудің ортасында болған нәрсе. Осы қағидаға сай келген ойын түрлерінің бәрі — құмар болып есептеледі. Мұсылман адам ондай істерден аулақ болуы тиіс.
Показати все...
👍 90💯 12💔 8❤‍🔥 5