cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Beisenali Olzhas

Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес. Әлеуметтік парақшаларым: Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas Кітапхана: t.me/mufakkirr

Більше
Рекламні дописи
11 945
Підписники
+124 години
+457 днів
+28830 днів
Час активного постингу

Триває завантаження даних...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Аналітика публікацій
ДописиПерегляди
Поширення
Динаміка переглядів
01
Хатим әл-Асам: Мен Шақиқ әл-Балхидың былай деп айтқанын естідім: "Беру мен алудың арасын ажырат. Егер сен, саған берушіні жақсы көрсең, онда сен дүниені жақсы көретін адамсың. Егер сен, сенен алушыны жақсы көрсең, онда ақыретті жақсы көретін адамсың". "Хильятул әулия", 6/300
1 85644Loading...
02
Әр емтихан алдында (мейлі ол жеңіл болса да) әке-шешемнен бата сұраймын. Себебі олардың дұғасы қабыл ғой.
2 73646Loading...
03
Бір күні Әбу Таммам деген ақынға біреу тиіскісі келіп: – "Неге әрдайым түсініксіз сөз сөйлейсің", – дегенде, ол: – "Неге айтылған нәрсені түсінбейсіңдер", – деп жауап қайтарыпты.
2 74621Loading...
04
Кейбір кітаптар, киноның бір отрывыгі сияқты. Бір жерден сол отрывыкті көріп қаласың да, киноны толық көріп шықсаң, сол отрывыктан басқасының барлығы онша емес болып шығады. Кітап та солай. Бір жерден кітаптың бір бөлігін оқып аласың да, кітапты толық оқып шықсаң, сол бөліктен басқа ештеңе қызық жоқ болып шығады
3 1026Loading...
05
Кітап клубымызға 11 ай болды, әлхамдулилля! 11 ай ішінде клуб мүшелері 13 адам болды Мамыр айында әдеттегідей клуб мүшелері 3-4 кітап оқып, бір подкаст тыңдап, оларға рецензия жазды. Клубтың тұрақты мүшелері кітап оқуды ғана емес, өз ойларын жинақтап пікір жазуды да үйренді. Ол жайлы бір бауырымыз: "Осы топ ашылғаннан бері топта болдым. Олжас ұстазға Алла разы болсын, біраз еңбек, кітаптар оқылып талқыланды. Рецензия жазу жаңа бір дәрежеге жетті. Бұл топқа қосылған мақсатым, кітап оқу әдетін қалыптастыру еді. Альхамдулиллах кітап оқу, өмірімнің бір бөлігің алды. Әдет қалыптасты. Өзімнің кітапқа деген талғамым ашылды", - дейді. П.с. Маусым айына қабылдау болмайды.
2 9523Loading...
06
Кеше балам 4-ке толды. Бірақ жанында бола алмадым. Білім ізденіп, шетелде қазір жалғыз жүрмін. Шыны керек оңай емес. Бұл жазбада бойдақ болып жүріп білім алу, үйленіп білім алу және үйленіп бірақ отбасыдан жырақта болудың айырмашылықтарын қысқа айтып кетейін: Уақыт жағынан: Бойдақ болып жүріп білім алудың артылықшылықтары – уақыттың көп болуы. Яғни, саған өзіңнен басқа ешкімге уақыт арнаудың қажеті жоқ. Ал минусына келетін болсақ: Егер сенің жасың келіп, бар ойың үйлену жайлы ойлап жүрсең, фокусың жоғалып кетуі мүмкін. Ал егер ондай ойлар мазаламаса, шәһуатыңа берік бола алсаң, онда білім ізденіп жүріп үйленуге асығудын қажеті жоқ. Бар уақыт пен бар қаражатыңды білімге, өзіңіді дамытуға арна. Үйленіп алып білім алудың артылықшылықтарына келсек, өте көп. Әрине саған лайықты жолдасың жолықса. "Білім жолы" не екенін түсінетін, білім жолындағы құрбандық не екенін білетін, күні бойы үйде отыра алатын, сенің бар жағдайыңды жасай алатын жұбайың болса, білім алу – өте жеңіл. Менің бойдақ кезім мен үйленген кезімді салыстырсам, үйленген шағымда менің прогрессивностім екі есе артты. Кемшіліктеріне келсек, оны кемшілік деп те атауға болмайтын шығар, бірақ үйленген кезде "өзім" дегеннен "біз" дегенге үйрене алу. Өзіңе ғана уақыт арнамай, жұбайыңа да уақыт арнау қажет. Күні бойы сені күтіп, жағдайыңды жасап отырған адамның да көңілін аулау қажет. Негізі үйленіп білім алу бұрын мүмкін емес, өте қиын деп еститінбіз. Алайда, керісінше өте жеңіл екенін байқадық. Әрине бәрі өзіңе және өмірлік серігіңе байланысты. Ал үйленіп, балалы болып білім алуға келсек, ол тура сол, үйленген секілді. Алайда көбірек уақытың отбасыңа кетеді. Бірақ бұл проблема емес. Себебі шаршағаныңды басатын адамдарың бар. Бірақ егер, білім жолында ұзағырақ жүріңіз келсе, балалы болуға асықпауға да болады деп ойлаймын. Оны өздерің көресіңдер. Ал үйленіп, балалы болып, кейін отбасыңды үйде қалдырып, білім ізденуге келсек, бұл қиынның қиыны. Олай зәру жағдай болмаса, жасамауға кеңес беремін. Иә, уақытың көп, қаражат аз кетеді. Бірақ, артық уақыт пен артық қаражаттың не керегі бар, егер жаныңда демеу беруші жақындарың болмаса. Білмеймін, өз басыма қиын өтті бұл жыл. Елге екі ай сайын барып тұрсам да, оқуға оралған сайын жалғызсырап, әрең оқып, өз-өзімді алдап жүремін. Бірақ, солай жасау керек болды, бұның да қайыры бар. Қысқасы, әр адамның жағдайы әртүрлі. Білім ізденуші тек білім ізденуші болған жан түсінеді. Қандай қадам жасамас бұрын, тәжірибелі адаммен ақылдасып, Алладан қайыр тілеңіз. Алла барша білім ізденушілерге жеңілдік берсін!
3 49441Loading...
07
https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2024-06-03/44790-mdb-traasyi-amman-alasyindayi-azastandyi-studenttermen-kezdest/
3 6085Loading...
08
Білім мен амалдың ләззатының дәмін татып көрген адам – адамдардың дүниесіне қызыға бермес
4 13545Loading...
09
Зікір – ең оңай ғибадат. Бар болғаны тіліңмен “Субханалла”, “әлхамдулилля”, Аллаһу Әкбар” десең болды Бірақ бұны көбісі жасай алмайды. Себебі, “Тауфиқ” тек Алладан. Себебі, “Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ” Яғни, күш та, қуат та бір Аллада ғана бар. Оның тауфиғісіз (қолдауысыз) біз ештеңе істей алмаймыз
4 81172Loading...
10
Жұма қабыл болсын! Осы жұмадағы қуанышты хабар, Еркінбек ұстаздың Төле Би мешітіне бас имам (Ерсін ұстаз бас имам болып кеткен жер) болып тағайындалуы! МашаАлла, құтты болсын дейміз
4 7667Loading...
11
Харам айлары мен қажылық айларын шатастырмаңыз. Харам айлары дегеніміз - қасиетті айлар. Жәһилият кезінде бұл айларда соғысуға болмайтын. Ислам келген кезде бұл айлар өз қасиетін қалдырды. Олар: Мухаррам, Ражаб, Зул-қағда, Зул-хиджә. Қажылық айлары дегеніміз - қажылыққа ниет етіп, ихрам киюге болатын айлар. Олар:  Шәууәл, Зул-қағда мен зул-хиджәның алғашқы 10 күні.
5 10727Loading...
12
Әлхамдулилля, барлық нәрсе үшін әлхамдулилля)
5 23215Loading...
13
У тебя новое анонимное сообщение! Курстарыңыз неше тг Шәкірт тәрбиелеуде нені басты назарда ұстайсыз ? Қытай халқының сөзі бар Егер бір шәкірттен ештеңе шықпайтынын әу баста сезіп, сондада оқытсаң қателік.....) Сізде сондай жағдай болды ма?? Біле тұра оқыттыңызба ?! Жауап: Жеке курстарым (.....)к-дан басталады. Шәкірт тәрбиелеуде ең басты қарайтынымын оның потенциалына. Егер соны сезсем, жаймен қоштасамын. Ақша үшін ешкімді ұстап тұрмаймын
1050Loading...
14
У тебя новое анонимное сообщение! Телеграмда қандай арналарды оқисыз? Әртүрлі. Соңғы кезде көп оқитыным: сол Калейдоскоп, Абылай Кенжалы, Олжас Ханафин, Мауаранаһр, Ориенталист нотс, ЗТБ
1481Loading...
15
http://t.me/anonaskbot?start=TFsdyXFp7gMVzz4 Үй жұмысын істеп жатқанда қойып алыңыздар
2370Loading...
16
Мен бақыттымын, Себебі қалаған уақытымда Алланың кәләмін ашып, терең тәпсірін біле аламын Ғұламалардың тәпсірінен
1781Loading...
17
Айтпақшы, осы семестрде магистратурамның барлық сабақтарын бітіремін. Енді диплом жазу қалды. Ол енді бір жыр болайын деп тұрған сияқты) Алла сақтасын!
5 4571Loading...
18
Мынаны оқып болған соң тағы да бір үй жұмысы туралы жазамын, иншаАлла)
5 3161Loading...
19
екі аптадан бері бір үй жұмысын бітіре алмай, бүгін бітіріп жатырмын Үй жұмысына 5 түрлі бағыттағы тәпсірлерді классикалық тәпсірлермен салыстырып келу керек. Бірінші бағыт – ақылға басымдылық беретін бағыт. Бұл бағытқа Мухаммад Абдоның медресесі жатады. Мухаммад Абдоның "Манар" тәпсірін алып, оның Бақара сүресінің ораза жайлы аятын имам Табаридің тәпсірімен салыстырдым. Бірнеше айырмашылық байқадым. Соның ішінде Мухаммад Абдоның көпшілік ғұламалар ұстанатын пікірге қарсы шыққаны байқалды. Екінші бағыт – модернистер. Бұл бағыттың өкілі ретінде Мухаммад Шахрурдың кітаптарын имам Разидің тәпсірімен салыстырдым. Шахрур туралы көп айтуға болады. Қысқасы, бұл кісі адасқан, Рамазан оразасын қалаған адам ұстай береді. Қаламаған адам пидия төлесе жеткілікті дейді. Үшінші бағыт – ғылыми бағыт. Бұл бағыттағы тәпсіршілер Құранды заман ғылымына сәйкес тәпсірлерді. Бұл бағыттың өкілі ретінде Жауһари Тантауидің тәпсірін имам Құртубидің тәпсірімен салыстырдым. Мысал ретінде "Анкабут" сүресінің "өрмекші" жайлы айтылған 41-аятты алдым. Бұл аяттың тәпсірінде шейх Жауһари өрмекші туралы не бар, соның бәрін жазған. Сол арқылы Құранның бұл өрмекшені неліктен ерекше атап кеткенін жеткізді. Төртінші бағыт – әдеби бағыт. Бұл бағыттың өкілдері Құранды араб тілінің әдебиетіне басымдылық береді. Мысал ретінде Айша бинт Шатыи деген мысырлық ойшыл әйелдің тәпсірін алып, Асыр сүресінің тәпсірін имам Әлусидің тәпсірімен салыстырдым. Бесінші бағыт – дағуатқа басым беретін бағыт. Бұл бағыттың өкілі ретінде Саид Қутубтың тәпсірін имам Биқағидің тәпсірімен салыстырдым. Мысал ретінде Асыр сүресін тағы алдым. Шыны керек, Саид Қутубтың тәпсірі таңғалдырды. Бөлек жазу стилі, ерекше ойлар бар. Пайда алдым
5 42810Loading...
20
2024-тың жартысы ғана қалды Не бітірдің?)
4 74422Loading...
21
Өзіңнің қалаған сүйікті пәндеріңді оқып жатырсың және ол оқығаннан қатты ләззат аласың, енді не мотивация керек?? Ұстаз
4252Loading...
22
Сарф (морфология) және нахву (грамматика) бойынша дәрістер: а) Бинә кітабы - (10 видео дәріс) 5 500 тг (сарф 2-деңгей) (ә) Мақсұд дәрістер - (12 видео дәріс) 6 000 тг (сарф 3-деңгей) (б) Тасриф әл-Ғиззи (әзірше 9 видео дәріс) – 10 000 тг (сарф 4-деңгей) (в) Нахву мир (48 аудио) - 5000 тг (нахву 1-деңгей) (г) Таудых шарх Әжрумия (44 видео) 10 000 тг (нахву 1-деңгей) Алу үшін +7 707 154 0549 нөмеріне жазыңыз
5 20930Loading...
23
t.me/anonaskbot?start=TFsdyXFp7gMVzz4 Үй жұмысын жасап жатып кішкене ойым бөлінсін деп аноним сұрақтарды аштым
3740Loading...
24
Ұстаздар бірнеше санатқа бөлінеді: 1 - Кітапты оқып және соны аударумен ғана шектеледі. Мұндайлармен сіз тек айтылған кітаптың сыртқы мәнінен басқа ештеңе көрмейсіз. 2 - Кітаптан сіздің деңгейіңізді ескере отыра сізге қажетті жерлерін түсіндіреді. Мұндайлармен сіз кітапты оқығанмен бірге көптеген қосымша мағлұматтарға ие боласыз. 3 - Кітапты керегінен тыс түсіндіреді. Мысалы «Әль-Аджуррумия» сабағын тіл ғылымындағы квалификациясын арттырғысы келген бітіруші мамандарға арналған лекцияға айналдырып жібереді. Бұл олардың сыртынан қарағанда терең білімге ие екендігін көрсетсе де, сіздің оқуға деген ынтаңызды түсіреді. Ұстаздың көптеген ғылыми еңбектерді зерттегені және өз мамандығы бойынша терең білімі бар екендігі, оның дәрежесі өзінен төмен болған шәкірттерге сабақты дұрыс түсіндіре алады дегенді білдірмейді. Қысқасы, жақсы ұстаз іздеңіз.
5 14421Loading...
25
Хадж. Разделы: порядок хаджа. Определенные дуа в разных обрядах хаджа.
5 17129Loading...
26
Өткенде қажылық дәрістерін өткіземін бе деп едің, біраз адам жазды Алайда уақытымның ыңғайы келмей жатыр Бірақ сіздерге орыс тілінде жазылған "қажылыққа" қатысты өзімнің аудио дәрістерін ұсынамын
4 6433Loading...
27
Соңғы жаңалықтарға орай мына хадис есіме түсіп кете береді: من بطأ عمله لم يسرع نسبه "Кімнің амалы баяу болса, оның тегі оны жылдамдатпайды". (Муслимнің риуаяты) Имам Нәуәуидің хадистің түсіндірмесінде: "Яғни, кімнің ізгі амалында кемшілік болса, онда ізгілердің қатарына қосылмайды. Сондықтан, ата-тегінің құрметтілігіне сеніп қалмасын", - дейді. Менің атам молда болған деген нәрсе ертең көмектеспейді...
5 22526Loading...
28
Бір күні Жәбир атты сахаба бір дирһам ет сатып алып Омардың жанынан өтіп бара жатты. Омар оны көріп: "Мынау не?" - деді. Сонда Жәбир оған: "Бұл ет. Бір дирһамға сатып алдым", - деп жауап береді. Омар оған: "Сонда бір нәрсені қалап қалсаң, сатып ала саласың ба?!", - деп ескерту жасады. Бұл жердегі ой – қаржылық сауаттылыққа мән беріп, ақшаны үнемдеу емес. Бұл жүрдегі мақсат – нәпсіні тізгінде ұстап отыру. Оған қалаған нәрсесін бермеу. Нәпсіне бағына беретін жанға, кейін нәпсіні бағындыру қиындап кетеді. Әдһам Шарқауидің кітабынан
5 23859Loading...
29
Жұма мүбарак болсын! Ерсін ұстаз үшін қуаныштымын, Алла Тағала абыройын көтере берсін!
4 8243Loading...
30
Менің менторлығымды алып жүрген тағы да бір шәкіртімнің пікірі. Өзі қазір Индонезияда оқып жатыр: Олжас ұстаздың қадағалауымен нахудан Фауакиһ ал-Жанния кітабын оқып, емтихан тапсырдық. Емтихан кітапты мұқият оқуға көп септігін тигізді. Туындаған сұрақтарды ұстаздың жекесіне қойып, жауабын алып отырдық. Басында түсінбеген жерлер көп болды. Кейін оқи берген сайын көз үйреніп кетеді ме әлде автордың жазу стиліне үйренісіп кеткеннен кейін бе ары қарай түсіну Алланың қалауымен жеңіл болды. Бұрын толық түсіне алмаған лекцияларды, осы бір айлық менторлықтан кейін жеңіл түсінетіндей болдым. Бұл осы кітап оқудың жетіспеулігінен болар… Және емтихандарды ойдағыдай тапсырдық. Ілім жолындағы бауырларыма менторлықты алуға кеңес берер едім. Себебі, алдарыңызда осы ілім жолында үлкен тәжірбиесі бар маман тұр. Ол сіздерге не керек екенін жүйелі түрде құрып бере алады. Бұл біздің уақытымызды үнемдейді және артық “не оқимын, қалай оқимын” деп бас ауыртып энергия құртпайсыз. Ұстазға денсаулық, күш-қуат, ынта-жігер тілеймін! Алла разы болсын! ______________________ Жазда араб тілін терең жетілдірткісі келетін жандарға “наставничеством” ашық +7 707 154 0549 нөмеріне жазыңыз
5 4386Loading...
31
Саған пайдалы болатын нәрсеге ұмтыл! Муслимнің риуаяты
4 76032Loading...
32
Биыл қажылыққа аттанайын деп жатқан жандар бар ма? Қаласаңыздар сіздерге интенсивті курс ұйымдастырып бере аламын. Аллаға шүкір, бұл мәселе теориялық және тәжірибелік біліміміз бар
5 0135Loading...
33
Бұл өмір – маджаз Жәннаттағы өмір – хақиқа #баләғаоқығандартүсінеді
4611Loading...
34
Үшінші ай аптасына 6 күн дәріс алып жүрген шәкірттің өткен айға жазған қорытындысы: Тағы да бір айдың жоспарын тәмамдадық, Алланың қалауымен. Бұл жолы өткен айлардан қарағанда сабақтар көбірек болды. Жаңа екі пән - сира мен ақиданы қостық. Хадис пен нахвудан бөлім бойынша емтихан тапсырдым. Жалпы әр ай сайын бір пәнге сәл басымдылық береміз. Осы жолы нахвуға болды. Басында нахвудан жаңа кітапқа үйренісе алмай қиналсамда, көбірек оқи бастаған соң ұнап кетті. Ақида, хадис, фиқһтан шарх түрінде дәрістер алдым. Лекция түрінде емес, талдау болғандықтан, сұрақ қойып, қажетті жауап алып, теорияны бекітіп отырамыз. Миым жарылған сабақтар көп болды🔥 Құран, хадис, тахауия мәтінін жатқа тапсырдым (толық емес). Сарфтан әдеттегідей практикалық талдау сабақтары болды. Оқып шыққан дүниелерді мүлде басқа жағынан танып, нақис жерлерді толтырып жатырмын. Сирадан да ұстазбен бірге талдап, пайғамбарымыздың (саллялаху алейһи уа саллям ) өмірбаянымен танысып, арабша сөздік қорымды толтырып жатырмын. Тілдік ғибаралары өте жақсы қолданылған кітап болды мен үшін, жүрекке жетеді.. Рахмет ұстаз, Алла разы болсын!
5 6483Loading...
35
Қасиетті Құран - ойланып амал ету үшін түсірілді . Ал адамдар құран оқуды амалға айналдырып алды . Хасан Аль-Басри (Рахимаһулла)
4 17652Loading...
36
Шейх Сағид Фуда толықтай Малайзияға көшті. Енді сол жақта сабақ береді. Малайзия жақтан шейх үшін барлық жағдай жасалды. Бір жағынан көңілім түссе де (Иорданиядан кеткендіктен), екінші жағынан қуанып тұрмын. Себебі өз елінде шейх өте қатты қадірленбейді. Кезінде Тахауия дәрістеріне барып жүргенімде, басында отыратын жер таппайтын едік. Ал курстың ортасында дәрісте бар жоғы 5-6 адам отыратынбыз. Ал Амманның бас мешітінде өткізген тәпсір дәрістерінде тіпті 3-4 адам ғана дейін ғана отыратын. Бұндай әлемдік деңгейдегі шейхтың дәрісінде 3-4 адамның қатысуы өте өкінішті. Малайзияға кеткені сондықтан жақсы болды. Себебі Малайзиялық бауырлардың білімге деген ынталары көбісімізге белгілі. Қадірін білетін, жағдайын жасайтын адамдардың арасында болғаны сондықтан дұрыс.
5 68017Loading...
37
Адам басынан өткен ауыр күндерді ұмытар, бірақ, сол күндерде бірге болған жандарды әрдайым еске алып жүреді Әдһам Шарқауи
9 51987Loading...
38
Алла Тағала Құранда: "Сен жер бетіндегі байлықтың бәрін осы жолда жұмсасаң да, олардың жүректерін дәл бұлай жарастыра алмас едің. Алайда Алла оларды жарастырды", - дейді. (Әнфал: 63) Ибн Аббас: "Берілген нығмет – шүкірсіз қалады. Туыстық қарым-қатынас – үзіледі. Алайда Алла Тағала жарастырған жүректерді ештеңе ажырата алмайды", - дейді.
7 52442Loading...
39
Алланың қалауымен, медресе-колледж аралық олимпиада араб тілін менен үйреніп бастаған бір құрметті шәкіртіміз бірінші орын алыпты. Мен бұл шәкіртке ұзақ дәріс бермесем де, алғашқы қадамын менде бастаған соң, олимпиададан кейін маған жекеге алғысын жазып, "сіздің қосқан үлесіңізді ұмытпаймын" деп жазып жіберіпті. Тәрбие берген ата-анасына, қазіргі білім мен әдепті үйретіп жатқан ұстаздарына, әсіресе Зухруддин ұстаз бауырыма Алла разы болсын Бауырымыздан болашақта көп нәрсе шығады деп үміттенеміз. Аллаһым арттыра гөр!
6 4836Loading...
Хатим әл-Асам: Мен Шақиқ әл-Балхидың былай деп айтқанын естідім: "Беру мен алудың арасын ажырат. Егер сен, саған берушіні жақсы көрсең, онда сен дүниені жақсы көретін адамсың. Егер сен, сенен алушыны жақсы көрсең, онда ақыретті жақсы көретін адамсың". "Хильятул әулия", 6/300
Показати все...
164👍 40🕊 11😢 5🆒 5 2
Әр емтихан алдында (мейлі ол жеңіл болса да) әке-шешемнен бата сұраймын. Себебі олардың дұғасы қабыл ғой.
Показати все...
260👍 48😍 16💯 15 3
Бір күні Әбу Таммам деген ақынға біреу тиіскісі келіп: – "Неге әрдайым түсініксіз сөз сөйлейсің", – дегенде, ол: – "Неге айтылған нәрсені түсінбейсіңдер", – деп жауап қайтарыпты.
Показати все...
148👍 47🤓 13 10 3🆒 2
Кейбір кітаптар, киноның бір отрывыгі сияқты. Бір жерден сол отрывыкті көріп қаласың да, киноны толық көріп шықсаң, сол отрывыктан басқасының барлығы онша емес болып шығады. Кітап та солай. Бір жерден кітаптың бір бөлігін оқып аласың да, кітапты толық оқып шықсаң, сол бөліктен басқа ештеңе қызық жоқ болып шығады
Показати все...
132👍 46😢 12🕊 2
Кітап клубымызға 11 ай болды, әлхамдулилля! 11 ай ішінде клуб мүшелері 13 адам болды Мамыр айында әдеттегідей клуб мүшелері 3-4 кітап оқып, бір подкаст тыңдап, оларға рецензия жазды. Клубтың тұрақты мүшелері кітап оқуды ғана емес, өз ойларын жинақтап пікір жазуды да үйренді. Ол жайлы бір бауырымыз: "Осы топ ашылғаннан бері топта болдым. Олжас ұстазға Алла разы болсын, біраз еңбек, кітаптар оқылып талқыланды. Рецензия жазу жаңа бір дәрежеге жетті. Бұл топқа қосылған мақсатым, кітап оқу әдетін қалыптастыру еді. Альхамдулиллах кітап оқу, өмірімнің бір бөлігің алды. Әдет қалыптасты. Өзімнің кітапқа деген талғамым ашылды", - дейді. П.с. Маусым айына қабылдау болмайды.
Показати все...
74👍 17🐳 4🆒 2💯 1
Кеше балам 4-ке толды. Бірақ жанында бола алмадым. Білім ізденіп, шетелде қазір жалғыз жүрмін. Шыны керек оңай емес. Бұл жазбада бойдақ болып жүріп білім алу, үйленіп білім алу және үйленіп бірақ отбасыдан жырақта болудың айырмашылықтарын қысқа айтып кетейін: Уақыт жағынан: Бойдақ болып жүріп білім алудың артылықшылықтары – уақыттың көп болуы. Яғни, саған өзіңнен басқа ешкімге уақыт арнаудың қажеті жоқ. Ал минусына келетін болсақ: Егер сенің жасың келіп, бар ойың үйлену жайлы ойлап жүрсең, фокусың жоғалып кетуі мүмкін. Ал егер ондай ойлар мазаламаса, шәһуатыңа берік бола алсаң, онда білім ізденіп жүріп үйленуге асығудын қажеті жоқ. Бар уақыт пен бар қаражатыңды білімге, өзіңіді дамытуға арна. Үйленіп алып білім алудың артылықшылықтарына келсек, өте көп. Әрине саған лайықты жолдасың жолықса. "Білім жолы" не екенін түсінетін, білім жолындағы құрбандық не екенін білетін, күні бойы үйде отыра алатын, сенің бар жағдайыңды жасай алатын жұбайың болса, білім алу – өте жеңіл. Менің бойдақ кезім мен үйленген кезімді салыстырсам, үйленген шағымда менің прогрессивностім екі есе артты. Кемшіліктеріне келсек, оны кемшілік деп те атауға болмайтын шығар, бірақ үйленген кезде "өзім" дегеннен "біз" дегенге үйрене алу. Өзіңе ғана уақыт арнамай, жұбайыңа да уақыт арнау қажет. Күні бойы сені күтіп, жағдайыңды жасап отырған адамның да көңілін аулау қажет. Негізі үйленіп білім алу бұрын мүмкін емес, өте қиын деп еститінбіз. Алайда, керісінше өте жеңіл екенін байқадық. Әрине бәрі өзіңе және өмірлік серігіңе байланысты. Ал үйленіп, балалы болып білім алуға келсек, ол тура сол, үйленген секілді. Алайда көбірек уақытың отбасыңа кетеді. Бірақ бұл проблема емес. Себебі шаршағаныңды басатын адамдарың бар. Бірақ егер, білім жолында ұзағырақ жүріңіз келсе, балалы болуға асықпауға да болады деп ойлаймын. Оны өздерің көресіңдер. Ал үйленіп, балалы болып, кейін отбасыңды үйде қалдырып, білім ізденуге келсек, бұл қиынның қиыны. Олай зәру жағдай болмаса, жасамауға кеңес беремін. Иә, уақытың көп, қаражат аз кетеді. Бірақ, артық уақыт пен артық қаражаттың не керегі бар, егер жаныңда демеу беруші жақындарың болмаса. Білмеймін, өз басыма қиын өтті бұл жыл. Елге екі ай сайын барып тұрсам да, оқуға оралған сайын жалғызсырап, әрең оқып, өз-өзімді алдап жүремін. Бірақ, солай жасау керек болды, бұның да қайыры бар. Қысқасы, әр адамның жағдайы әртүрлі. Білім ізденуші тек білім ізденуші болған жан түсінеді. Қандай қадам жасамас бұрын, тәжірибелі адаммен ақылдасып, Алладан қайыр тілеңіз. Алла барша білім ізденушілерге жеңілдік берсін!
Показати все...
282👍 69😢 24🕊 9💯 6 2
Білім мен амалдың ләззатының дәмін татып көрген адам – адамдардың дүниесіне қызыға бермес
Показати все...
242👍 47 10 8😢 2💯 2
Зікір – ең оңай ғибадат. Бар болғаны тіліңмен “Субханалла”, “әлхамдулилля”, Аллаһу Әкбар” десең болды Бірақ бұны көбісі жасай алмайды. Себебі, “Тауфиқ” тек Алладан. Себебі, “Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ” Яғни, күш та, қуат та бір Аллада ғана бар. Оның тауфиғісіз (қолдауысыз) біз ештеңе істей алмаймыз
Показати все...
271👍 60💯 17🆒 6 5😢 4🕊 2
Жұма қабыл болсын! Осы жұмадағы қуанышты хабар, Еркінбек ұстаздың Төле Би мешітіне бас имам (Ерсін ұстаз бас имам болып кеткен жер) болып тағайындалуы! МашаАлла, құтты болсын дейміз
Показати все...
262👍 49😍 18💯 11🕊 8 3