журфак
Открыть в Telegram
қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. жарнама бойынша маған жаз: @ayankalmurat.
Больше1 524
Подписчики
+124 часа
+57 дней
+330 день
Архив постов
1 523
Биыл сайлауда тәуелсіз бақылаушы өте аз болды ғой. Бірақ бақылаған сол санаулының өзі-ақ өте қызық мәліметтер айтты. Мысалы, «Жария» бақылаушылар тобы Батыс Қазақстан облысында 20 учаскені бақылаған. Олардың дерегінше, сайлауға келгендер — 27 пайыз. Ал ресми деректе — 73. Үш есе көп! Бірақ ең қызығы бұл емес.
Жариялықтар бұл жолы көктемде өткен референдумда сайлаушыларының 80–90 пайызы қатысты деп хабарлаған учаскелерді әдейі таңдап алып, бақылауға барған. Бұл не деген белсенді халық деген ғой.
Бақылаушы Хаким Меңдібай №196 учаскеде болған. Референдум кезінде учаске өкілдері ондағы сайлаушылардың 81 пайызы дауыс берді деген. Ал кеше Хаким ағай бақылаған кезде бұл көрсеткіш 27 пайыз болған. «Яғни біз бақылаған учаскелерде сайлаушылардың қатысу көрсеткіші күрт төмендеп кетеді. Неге бұлай болғанын білмеймін» дейді. Мен білетін сияқтымын.
Тағы бірі бақылаушы Ғаділбек Жұбанғали Зашаған кентіндегі учаскеде отырған. Референдум кезінде ол учаскеде сайлаушылардың 90 пайызы қатысты деген. Ол кезде «Жария» бақылау жүргізбеген. Ал бұл жолы бақылаған кезде дауыс беру көрсеткіші 20 пайыздан сәл-ақ асқан.
Неге бұлай болды, қалай ойлайсыңдар? 🙂
1 523
Repost from Azattyq - Азаттық
💬Сайлаудан кейін Азаттықтың Instagram-парақшасы ашылды
Азаттықтың Instagram парақшасы бірнеше күннен бері бұғаттаулы болған. Meta платформасы парақша қауымдастық ережесін бұзды деген. Парақша 24 тамызда қайта ашылды.
Бұған дейін де аккаунтымызға күмәнді аккаунттар жаппай шағым түсіріп, Instagram парақшамыз осындай себеппен бірнеше рет бұғатталған. Бұл — шілдеден бергі үшінші бұғат болды.
Азаттықтың Instagram-парақшасына жазылыңыз!
1 523
Repost from Azattyq - Азаттық
Сайты ашылмайды, парақшасы бұғатталған. Азаттықты қайдан оқимыз?
Азаттықтың Instagram парақшасы бұғаттаулы тұр, azattyq.org сайты да Қазақстанда дұрыс ашылмайды. Бірақ редакция жұмысын тоқтатқан жоқ. Азаттықтың жаңалықтары мен видеоларын Telegram, WhatsApp, Facebook, TikTok пен YouTube желілерінен оқып, көріп жүруге болады.
1 523
Repost from Азаттык Азия
Бывшему главному редактор Orda.kz Гульнаре Бажкеновой вынесли приговор
18 августа суд Бостандыкского района по уголовным делам вынес обвинительный приговор казахстанской журналистке, бывшему главному редактору Orda.kz Гульнары Бажкеновой.
Суд приговорил ее к 8 годам лишения свободы с отсрочкой наказания на два года.
Ранее, 14 августа прокурор запросил для нее 8 лет лишения свободы с отсрочкой наказания на два года и пятилетний запрет на общественную и профессиональную деятельность.
Бажкенову обвиняют по трем статьям Уголовного кодекса: 189-я («присвоение и растрата чужого имущества»), 214-я («незаконная предпринимательская деятельность») и 274-я («распространение заведомо ложной информации»).
Бажкенова все обвинения отвергла.
Видео: Азаттык Азия
1 523
Азаттықта Қазақстандағы ең жабық психиатриялық аурухана — Ақтас ауылындағы мекеме туралы материал шығыпты. Осы жерде емделіп жүрген науқастың бірі ішке телефон алып кіріп, былтырдан бері іштегі ахуалды түсіріп жүріпті.
Видеолар көргенге өте ауыр. Мұнда сот шешімімен мәжбүрлі емдеуге жіберілген 770-тен астам адам жатыр. Науқастар іште қызметкерлер бізді адам көрмейді дейді. Қолжуғышты жуудан бас тартқан адамды бірнеше күн төсекке байлап, тәртіпке бағынбады деп, дәрі салып тастаған. Әрдеңені сылтау етіп, өте ауыр дәрілер салады дегенді бірнеше науқас айтқан. Бұл дәрілерден соң адамның денесі құрысып, бойынан әл кетіп, әрі-сәрі күйде жатады. Дәретханаға жіберілмейді, астына жіберіп, былғанған күйі жата береді. Бұл — науқастардың сөзі.
Іштегі жағдайға шыдамай, наразылық ретінде өзіне жарақат салатындар көп дейді бір науқас. Мекеме осы деректі ғана растапты. Былтырдан бері өзін он адам түрлі жарақат салған.
Аурухана науқастардың басқа сөзін түгел жоққа шығарды. Науқасты ол өзіне не өзгелерге қауіп төндіргенде ғана байлап тастайтынын айтты. Мәжбүрлеп жұмыс істетпейді екен. Денсаулық сақтау министрлігі де тексеру жүргізіп, науқастардың сөзі шындыққа жанаспайды депті. Видеоны көріп шығыңдар.
1 523
Ахмедияровты қандай іс бойынша тергеп жатыр?
Журналист әуежайдағы оқиғаға дейін, 31 шілдеде тергеушінің шақыртуымен полиция басқармасына барып, түсініктеме берген.
Оның сөзінше, Андрей Котов деген Өскемен тұрғыны оның үстінен арыз түсірген. Соның қарсаңында әлеуметтік желіде өзін Андрей Котовпын деп таныстырған өскемендік «заңда көрсетілген құқықтарым бұзылып жатыр» деп Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің атына үндеу жолдаған.
Котов журналистің Украинадағы «Хочу жить» жобасының Ресей әскерінің қатарында жалдамалы ретінде соғысып жатқан қазақстандықтар тізімін бөліскеніне шүйліккен. Сөзінше, тізімде оның да есімі бар. Бірақ Украинада соғыспағанын, Ресейде вахтада жұмыс істегенін айтады.
Лұқпан Ахмедияров Украинаның мемлекеттік жобасы жариялаған тізімді бөлісіп, билік назарын аударуды көздегенін айтады.
— «Біз нақты білеміз, тізімдегі Қазақстанның 661 азаматының бәрі соғысқа қатысқан» деп, ешбіріміз жазған жоқпыз. Бәріміз, міне, мынандай тізім шықты деп жаздық. Менің мотивациям Қазақстан үкіметінің соған назарын аудару болды, — дейді ол.
Украинаның «Хочу жить» жобасы жариялаған тізімді Ахмедияров қана емес, елдегі көп медиа мен блогер бөліскен.
Дереккөз: Азаттық радиосы
1 523
Журналист Лұқпан Ахмедияровтың үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.
Астана қаласының полиция департаменті Азаттыққа берген жауабында Ақмедияровқа қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабымен («Көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату») тергеу жүріп жатқанын айтты.
Журналистің істегі мәртебесі жауапта жазылмаған.
3 тамызда журналист, «Просто журналистика» жобасының авторы Лұқпан Ахмедияровты Қазақстаннның Шекара қызметі елден шығармай қойған. Ол Астана әуежайынан Черногорияға отбасымен бірге ұшпақ болған жерінен кері қайтуға мәжбүр болған еді. Сол кезде Шекара қызметі Ахмедияровтың елден шығуына қалалық полиция тыйым салғанын хабарлаған.
1 523
Қазақстанда 4 шілдеден бері кемінде жеті (!) журналистің уатсап-нөмірі бұғаттаулы тұр. Оның қатарында Лұқпан Ахмедияров, Ирина Петрушова, Асхат Ниязов, Назымгүл Күмісбаева сынды әріптестер бар.
Бұғаттау схемасы бір: алдымен шетелдік нөмірден уатсапқа толассыз қоңырау түседі, артынан бір нөмірден хат келеді екен де, бірден "уатсабыңыз бұғатталды" деген ескерту хат шығады. Оның себебі жазылмайды, шешімге шағым түсіре де алмайсыз. Бір күнде бірден жеті журналистің уатсабы бұғатталып қалғаны кездейсоқтық дегенге Азаттыққа пікір айтқан әріптестердің ешқайсы сенбейді. "Бұл — тәуелсіз журналистикаға сайлау алдындағы қысым" дейді Назымгүл.
1 523
Жылдар бойы журналистер деп, сөз бостандығы деп, баспасөз еркіндігі деп шыр-пыр болған құқық қорғаушы Тамара Калеева туралы Азаттық деректі сұхбат жариялапты.
Қазақстан енді ғана Тәуелсіздік алған жылдары баспасөзде не болғанын, жыл сайын қысым қалай күшейгенін баяндап берген екен. Белгілі саясаткерлердің беймәлім қылықтарын да айтады. Назарбаев кетіп, Тоқаев келгенде оянған, бірақ ақталмаған үміті туралы да сөз болыпты.
Тамара апай жылдар бойы «Әділ сөз» ұйымына жетекшілік етті. Апай зейнетке шыққан соң, орнына Қарлығаш Жаманқұлова келді. Жаманқұлова — президент саясатын ашық қолдайтын, таяуда ғана құрылған «Әділет» партиясының белсенді мүшесі. Тамара апай журналистерге қорған болған ұйымның жұмысы тұралап қалғанына күйінеді, өкінеді және журналистерден кешірім де сұрап отыр.
Тамара Калеева сөз бостандығы жолындағы күресі еш нәтиже бермегенін айтса да, еңбегі ұшан-теңіз. Аман болсын апай.
Көріңдер.
1 523
Repost from Azattyq - Азаттық
🔴 "Ресейдің сұрауы бойынша". Орал полициясы журналист Лұқпан Ахмедияровты ұстады
🚓 22 маусымда Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында тәуелсіз журналист, "Просто журналистика" YouTube-арнасының авторы Лұқпан Ахмедияров ұсталғанын оның әріптесі Рауль Упоров хабарлады.
🇷🇺 Упоровтың айтуынша, полиция журналисті көшеде тоқтатып, Ресей ІІМ-і оған халықаралық іздеу жариялағанын жеткізген. Ахмедияровтың сөзінше, қылмыстық істі Ресейдің Мәскеу облыстық полициясы былтыр желтоқсанда қозғаған.
🤷♂️ Оралдағы полиция мекемесіне жеткізілген журналистің нақты қандай айып бойынша іздеуде жүргені әзірге жарияланған жоқ.
👮♂️ Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме дайындап жатқанын айтып, әзірге толық ақпарат бермеді.
🗣 Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Қазақстандағы қоғамдық-саяси мәселелер мен Украинадағы соғыс тақырыбын көтеретін "Просто журналистика" жобасының авторлары ретінде танымал.
🇺🇦 Биыл наурызда Ахмедияров, Упоров және оператор Еркебұлан Ғапуов Украинадан оралған соң Астана әуежайында қысқа уақытқа ұсталып, кейін босатылған еді.
✒🎙 Лұқпан Ахмедияров – Қазақстандағы белгілі тәуелсіз журналистердің бірі. Ол бұған дейін кәсіби қызметіне байланысты қастандыққа ұшырап, бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық істер аясында құқық қорғау органдарының назарына іліккен.
1 523
«Хабар» арнасы таңғалдырудан жалықпайды. Мына тірлігін қараңдар енді.
Жасұлан Базарбай деген әншінің қызы ерекше бала, сөйлемейді. Сөйлемейтін қызын мына хабардың журналистері ЖИ арқылы «сөйлетіп», «арманын орындап отыр» екен.
Не деген қатыгездік, не деген ценизм бұл? Қойыңдар деген бір адам болмағаны ма ұжымда? Сөзім жоқ.
1 523
"Ұлысмедианың" бас редакторы Cамал Ибраеваның гениальный монологы
"Журналистка под следствием. Сайт Азаттык не открывается. Но это не важно, да. Главное же репутация нашего президента, Азамат мырза, который вот жаны қалмай со всеми игроками ведет очень сложнейшую геополитику".
1 523
Миллиардтаған теңгенің тендерлерін алып жүрген компанияның артында президент Тоқаевтың жиендері тұр ма? Азаттық осы туралы зерттеу жасаған екен. Өте қызық, көріп шығыңдар.
Әңгіме президент Тоқаев билікке келген соң тасы өрге домалаған «ВД Строй-инжиниринг» дейтін компания туралы. Бұл қазір президенттің атқорасы мен бәйге алаңын, Қызылорда мен Семейде стадион, Алматыда мұз айдынын, Түркістанда ипподром, Астанада «Қазанат» атшабары мен «Жерұйық» саябағын салып жатыр. Жобалар тізімі ұзақ, ауқымы үлкен.
Президент Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастина мен оның ұлы Бекет кезінде «KZK Group» пен «KZ DEVELOPMENT» дейтін компанияларды басқарған. Бұл екі компанияны кейін Панамада тіркелген құпия офшор иеленіп, оған Бағдат Өміржанова дейтін әйел жетекшілік ете бастайды. Дәл осы Өміржанова 2020 жылы «ВД Строй-инжиниринг» компаниясының құрылтайшысы болып бекітіледі. Өміржанова бұдан бөлек 2021 жылы президенттің тағы бір жиені Дана Медеуовамен Астанада «Сал сері» атты компания құрады.
Зерттеу анықтаған тағы бір дерек — бір жылдары осы «ВД Строй-инжинирингінің» директоры болған Рустам Қарағойшин мен президенттің тағы бір жиені Қаныш Ізбастиннің биографиясындағы сәйкестіктер. Қаныш мемлекеттік «БРК-Лизинг», «ҚазАгроФинанс» пен «Бәйтерек» ұлттық холдингілерін басқарған жылдары Қарағойшин де сол компанияларда лауазымды қызметтер атқарған. 2021-2023 жылдары «ВД Строй-инжиниринг» компаниясын басқарған Қарағойшин Forbes-тің дәулеттілер рейтингіне кірген еді.
Азаттық президент әкімшілігі мен Тоқаевтың жиені Қаныш Ізбастинге компанияның ірі мемлекеттік тапсырыстарды ұтып алуына олардың туыстық қарым-қатынасы қалай ықпал етті, бұл компания артында жиендердің өзі тұр ма деп сауал жолдаған екен. Бірақ жауап ала алмапты.
1 523
Repost from Власть - Новости Казахстана
Комитет по защите журналистов, Норвежский Хельсинкский комитет, Международное партнерство по правам человека, Civil Rights Defenders, Международный институт прессы и Freedom For Eurasia обратились к президенту Казахстана Касым-Жомарту Токаеву с призывом остановить преследование журналистов и освободить представителей СМИ, находящихся под следствием.
С декабря 2025 года четверо журналистов были помещены под домашний арест, троим из них предъявлены обвинения по статье 274 Уголовного кодекса о распространении заведомо ложной информации. Авторы обращения отметили, что статья имеет чрезмерно широкую формулировку, а в случае признания журналистов виновными, им может грозить до трех лет лишения свободы.
Организации призвали Токаева обеспечить освобождение всех журналистов и снять с них обвинения, инициировать декриминализацию статьи 274, которая в силу широкой формулировки создает возможности для злоупотреблений.
1 523
17 жасында ауылында төрт жігіттен зорлық көріп, оны 49-ға жеткенде бір-ақ жария айтқан Наташа Қалымбетованың әңгімесі жүректі ауыртты.
Отыз жылдан аса уақыт осындай ауыр жүкті көтеріп жүрген, жақындарыңнан қолдау көрмеген, ешкімге сенбей өмір сүрген қандай ауыр...
Наташа Батыс Қазақстанның бір ауылындағы сол төрт жігітті жауапқа тартысы келеді. Полиция іс қозғаған.
Әңгімесінен бір үзінді салайын. Қалғанын өздерің тыңдап көріңдер.
«Бұл оқиғаны ұмыту үшін, ойламас үшін, жылдар бойы күнде шаршап жұмыс істедім, ойламайыншы дедім. Бірақ ауырып қалсам да, бір стресс болса да, жолым болмаған сәттерде де, жұмыстан үлгермеген кезде де, баламмен ренжісіп қалсам да — әйтеуір не болса да, сол күні болған оқиғаны еске аламын. Соның бәрі есіме түседі. Ол оңай нәрсе емес.
Мен неге қиналып жүруім керек? Неге олар осылай тайраңдап өмір сүріп, тамағын ішіп, ұйықтап, әке болып, ата болып, құда болып, құдағай болып тойлап жүр? Бұл — менің кегім, ренішім, ашуым. Бұл оларға жетуі керек. Енді олар да қиналуы керек. Мен 30 жыл қиналдым, қалған қиын өмірімді соларға беремін».
