cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

журфак

қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Больше
Рекламные посты
1 571
Подписчики
+224 часа
+17 дней
-530 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Бүгін Путиннің инаугурациясы өтіп жатыр. «Новая газета» оны бұдан былай «президент» деп жазбаймыз деп жатыр екен. «Сайлауды, оның нәтижесін мойындамаймыз» дейді. Басқа тәуелсіз басылымдарды да солай етуге шақырып жатыр.
Показать все...
💯 19 6👍 1
Журналист Әлия Әшімнің орыстандыру саясаты жайлы мына жұмысын көріп шығыңдаршы 😍 Мазмұнын неткен бай, түйіні қандай тамаша! Асанқайғыланып аһ ұрып отыра бермейік, қазақша өнім көбейтейін дейді. Келісемін 💯 Контенттен бөлек, оның қалай өңделгені де бөлек әңгіме. Архив видеоларды өте сәтті, әсерлі қолданған екен. Сол кезеңге түсіп кеткендей боласың. Вижуал монтажы да сапалы, видеоның динамикасы күшті 🔥 Мынау, шынымен де, басқаша деңгей. Әлия ханым мен командасына мың алғыс! Көріп шығыңдар 🫂
Показать все...
👍 44 14💯 2
«Қатал редактор» Болатбектен бір ереже.
Показать все...
💯 18👍 6🤬 1
өте ауыр видео... екі жарым жыл өтті, жара әлі жазылған жоқ.
Показать все...
💯 2
📹 Қаңтарда туыстары қаза тапқан бір топ адам Алматыда өтіп жатқан JAD көрмесіне келіп, марқұмдарды еске алды. Бірнеше ата-ана оққа ұшқан балаларын сотпен ақтауды, оларға арнайы статус беруді талап етті. Суретші Асхат Ахмедияровтың JAD көрмесі Қаңтар оқиғасы мен оның құрбандарына арналған. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
Показать все...
💔 12😢 2🤬 1
Ақтөбе облысында тасқын толық қиратқан Екпетал деген ауыл бар. Ондағы үйдің бәрі ауданға көшіп кетіпті. Көшпей қалған жалғыз отбасы бар екен. Мақсат ақсақал жол апатынан қаза тапқан жалғыз ұлы Арман жерленген ауылдан кетпеймін деп отыр. Азаттықтағы әріптесім Жаңагүл әпке жалғыз үй қалған ауылға барып, қариямен, ауылдың басқа адамдарымен сөйлесіп қайтты. Мақсат ақсақал күйеу балалары мен жиендерін жинап, құлаған үйін қалыпқа келтіріп жатыр екен. Бір жиені генератор әкеліп, үйге жарық қосып беріпті. «Бір жақсысы, Екпеталда Мақсат Қалиев жалғыз емес. Жанында өмірлік серігі Қалимаш пен марқұм ұлынан қалған тұяқ — немересі Ислам бар. Биыл 9-сыныпты бітіретін бала Екпеталда ата-әжесімен бірге тұрады» дейді Жаңагүл әпке мақаласында. Қарияның сөзінен бір үзінді келтірейін: «Менің үйге де, малға да онша басым ауырмайды. Қимайтындай байлығым да жоқ. Бірақ ауылымның суға кеткенін ойласам, жылағым келеді. Туып-өскен жерім ғой... Ана дүниеге осы арадан кеткім келеді... Басқа ештеңе де жоқ... Тек сол. Ауылым менің... Қимаймын... Мен үйге де қиналмаймын, мен малға да қиналмаймын. Өзімнің табиғатым, туып-өскен жерімнің қазіргі жай-күйіне қиналамын. Бұл жерден кету қиын маған. Кеткім келмейді. Жарар, балам. Мен ары қарай айта алмаймын, — деп жүзін бұрып әкеткен ақсақал көз әйнегін көтеріп, жасын сүрте бастады». Екпеталдан репортаж көріңіздер. Мақаласын оқыңдар.
Показать все...
💔 19😢 7👍 1
Мемлекеттік арналар тасқын туралы “Біз біргеміз” деген телемарафон жүргізіп жатыр екен. Қалай боп жатыр? Көргендер жаза отырыңдар.
Показать все...
🤬 14 1
Орал қаласында сот тәуелсіз журналист Рауль Упоровқа айыппұл салды. Полиция оны "БҚО төтенше жағдайлар департаментіне дөрекі сөйлегені үшін" ұстаған. Упоров биліктің журналистерге су басқан жерлерден ақпарат таратуына тыйым салғанын сынап, инстаграмда сторис жариялаған. "Нағыз журналистер өзі болуы керек жерден хабар таратуы керек" деп, сөз соңында боқтық сөз қолданған. Сол сөзі үшін оны "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік жауапқа тартып, 20 АЕК, яғни 74 мың теңгедей айыппұл салды.
Показать все...
🤬 9 1
Ресейдің танымал журналисі Алексей Пивоваровтың Қазақстан туралы репортажы шығыпты. Біраз адам үн қосып жатыр. Соларды оқып-ақ мазмұнын түсіндім. Ашқан да жоқпын. Пивоваров бұған дейін де Тоқаевтан сұхбат алған. Біржақты, алдын ала келісілген сұрақтар екені анық көрінді. Жалпы аудиториясы көп орыс либералдарының Қазақстанға түкіргені бар. Өз елдерінде Путинмен «арпалысып», репутациясы үшін күйіп-піседі. Қазақстанға ақша табуға ғана келетін сияқты 😁 Саясаттанушы Екатерина Шульман ара-тұра келіп, «Қазақстан неткен керемет, Тоқаев қандай тамаша» дегендей пікір айтып кетеді. Біздікілер суретке түсіп мәз боп, соған ұйып, әр сөзін цитата қылады. Зыгарь да былтыр Қазақстандағы билікшіл басылымға сұхбат беріп, өзі білмейтін елдегі процестер туралы айтып, халықты ұстамды болуға шақырғаны есімде. Екеуі ақша алды ма, жоқ па — білмеймін. Бірақ ішім сезеді. Жұрт кімнің кім екенін, олардың неге келгенін,«музыкаға кім тапсырыс бергенін» біліп отыр. Тек Қазақстандағы саяси технологтердің солар айтқан сөзді абырой санауы, халық та соларды пір тұтады деп ойлайтыны өкінішті.
Показать все...
32💯 13👍 4
Какая замечательная у нас традиция бить и убивать женщин, братья казахи 👍🏼👍🏼👍🏼 А если серьезно, что за бред, «Новая газета»? Не пишите ничего о казахах, пока не излечитесь от своего империализма.
Показать все...
👍 26💯 12🤬 8 4💔 2😢 1