Үйде жатпа!
رفتن به کانال در Telegram
Оқы, ойла, дамы! Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған. • Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар • Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес • Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
نمایش بیشتر9 998
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-577 روز
-22630 روز
در حال بارگیری داده...
کانالهای مشابه
ابر برچسبها
هیچ دادهای
مشکلی وجود دارد؟ لطفاً صفحه را تازه کنید یا با مدیر پشتیبانی ما تماس بگیرید.
اشارات ورودی و خروجی
---
---
---
---
---
---
جذب مشترکین
دسامبر '25
دسامبر '25
+3
در 0 کانالها
نوامبر '25
+2
در 0 کانالها
Get PRO
اکتبر '25
+4
در 0 کانالها
Get PRO
سپتامبر '25
+1
در 0 کانالها
Get PRO
اوت '250
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئیه '25
+3
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئن '25
+330
در 6 کانالها
Get PRO
مه '25
+482
در 6 کانالها
Get PRO
آوریل '25
+519
در 6 کانالها
Get PRO
مارس '25
+543
در 6 کانالها
Get PRO
فوریه '25
+656
در 6 کانالها
Get PRO
ژانویه '25
+426
در 6 کانالها
Get PRO
دسامبر '24
+405
در 4 کانالها
Get PRO
نوامبر '24
+875
در 3 کانالها
Get PRO
اکتبر '24
+712
در 3 کانالها
Get PRO
سپتامبر '24
+669
در 7 کانالها
Get PRO
اوت '24
+825
در 6 کانالها
Get PRO
ژوئیه '24
+850
در 5 کانالها
Get PRO
ژوئن '24
+811
در 7 کانالها
Get PRO
مه '24
+391
در 4 کانالها
Get PRO
آوریل '24
+541
در 4 کانالها
Get PRO
مارس '24
+1 018
در 3 کانالها
Get PRO
فوریه '24
+1 097
در 3 کانالها
Get PRO
ژانویه '24
+1 012
در 3 کانالها
Get PRO
دسامبر '23
+1 247
در 4 کانالها
Get PRO
نوامبر '23
+904
در 3 کانالها
Get PRO
اکتبر '23
+1 127
در 4 کانالها
Get PRO
سپتامبر '23
+1 164
در 0 کانالها
Get PRO
اوت '23
+645
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئیه '23
+942
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئن '23
+850
در 0 کانالها
Get PRO
مه '23
+1 036
در 0 کانالها
Get PRO
آوریل '23
+918
در 0 کانالها
Get PRO
مارس '23
+1 587
در 0 کانالها
Get PRO
فوریه '23
+1 336
در 0 کانالها
Get PRO
ژانویه '23
+1 977
در 0 کانالها
Get PRO
دسامبر '22
+2 070
در 0 کانالها
Get PRO
نوامبر '22
+2 049
در 0 کانالها
Get PRO
اکتبر '22
+1 634
در 0 کانالها
Get PRO
سپتامبر '22
+1 990
در 0 کانالها
Get PRO
اوت '22
+2 214
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئیه '22
+633
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئن '22
+665
در 0 کانالها
Get PRO
مه '22
+492
در 0 کانالها
Get PRO
آوریل '22
+2 403
در 0 کانالها
Get PRO
مارس '22
+3
در 0 کانالها
Get PRO
فوریه '22
+698
در 0 کانالها
Get PRO
ژانویه '22
+6 603
در 0 کانالها
Get PRO
دسامبر '210
در 0 کانالها
Get PRO
نوامبر '210
در 0 کانالها
Get PRO
اکتبر '21
+162
در 0 کانالها
Get PRO
سپتامبر '21
+51
در 0 کانالها
Get PRO
اوت '21
+1
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئیه '210
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئن '210
در 0 کانالها
Get PRO
مه '21
+174
در 0 کانالها
Get PRO
آوریل '21
+30
در 0 کانالها
Get PRO
مارس '21
+961
در 0 کانالها
Get PRO
فوریه '21
+252
در 0 کانالها
Get PRO
ژانویه '21
+1 932
در 0 کانالها
Get PRO
دسامبر '20
+17 655
در 0 کانالها
| تاریخ | رشد مشترکین | اشارات | کانالها | |
| 17 دسامبر | 0 | |||
| 16 دسامبر | 0 | |||
| 15 دسامبر | 0 | |||
| 14 دسامبر | 0 | |||
| 13 دسامبر | 0 | |||
| 12 دسامبر | 0 | |||
| 11 دسامبر | 0 | |||
| 10 دسامبر | +1 | |||
| 09 دسامبر | 0 | |||
| 08 دسامبر | 0 | |||
| 07 دسامبر | 0 | |||
| 06 دسامبر | 0 | |||
| 05 دسامبر | 0 | |||
| 04 دسامبر | 0 | |||
| 03 دسامبر | 0 | |||
| 02 دسامبر | +2 | |||
| 01 دسامبر | 0 |
پستهای کانال
💡💡💡💡💡💡💡
Өз ісіңізде үздік болудың 5 жолы
Уақытыңызды тиімді жоспарлап, мақсаттарыңызға жылдам жетіңіз!
1️⃣ - қадам. Уақытты дұрыс жоспарлаңыз
Кайдзен әдісіне сәйкес:
- Күн сайын 1 минутыңызды қиын көрінетін істерге арнаңыз (кітап оқу, шет тілін үйрену).
- Нәтижесінде, бір апта ішінде 7 минут жұмсау арқылы 7 күнде тұрақты дамуды көресіз.
- 30 күнде бұл 30 минутқа дейін артады, ал алты ай ішінде күн сайын шамамен 3 сағат нәтижелі әрекет жасайсыз!
2️⃣ - қадам. Мақсаттарыңыздың тізімін жазыңыз
Зерттеулерге сәйкес, қағазға жазылған мақсаттардың орындалу мүмкіндігі 42%-ға жоғары.
Мақсаттарыңызды қалай жіктеу керек:
- Үлкен мақсатты 5-10 кіші мақсатқа бөліңіз.
- Әр кіші мақсатты орындауға 3-5 қадам жасаңыз.
- Мақсатыңызға қарай күнделікті 1-2 сағат жұмсап, оларды кезең-кезеңімен орындаңыз.
3️⃣ - қадам. Ерте ұйықтап, ерте тұрыңыз
- Таңертең ерте ояну арқылы күніне орта есеппен 2-3 сағатыңыз артық болады.
- Бұл жылына шамамен 700 сағатқа дейінгі қосымша өнімділікке тең
Зерттеулерге көз жүгіртсек, ерте тұратын адамдардың 58%-ы күні бойы сергек әрі көңілді жүреді. Сонымен қатар басқаларға қарағанда жоғары табысқа жете алады.
4️⃣ - қадам. Спортпен айналысыңыз
- 30 минутқа созылған күнделікті жаттығу көңіл күйді 50%-ға жақсартады.
- Жаттығу арқылы миға баратын оттегі 30%-ға артып, ойлау қабілеті жоғарылайды.
- Аптасына 3 рет спортпен айналысу физикалық шыдамдылығыңызды 15%-ға еселейді.
5️⃣ - қадам. Миыңызды жаттықтырыңыз
- Күніне 20-30 минут кітап оқу ми белсенділігін 68%-ға арттырады.
- Логикалық сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу ми жұмысын 20%-ға жақсартады.
- Шет тілін үйрену нейрон байланыстарын 60%-ға дейін күшейтеді.
Ми жұмысын дамыту арқылы жұмысқа деген тиімділігіңізді 2 есе арттыруға болады.
Есіңізде болсын, мақсатыңыз айқын болса, жетістікке бір табан жақындай аласыз!
Осы орайда Абайдың:
Талап, еңбек, терең ой;
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс, көнсеңіз, - деген өлең жолдары көкірегіңізге сәулелі нұр құйып, алға жылжуыңызға түрткі болары сөзсіз.
| 2 | 💡📆📆📆📆📆 10 қыркүйек
🌷10 қыркүйекте түрлі-түсті гүл шоқтары күні аталып өтеді. Бүгін кез келген адамға күзгі гүл шоқтарын сыйлай аласыз. Мәселен, қашқаргүл (астра), нарғызгүл (георгин), баршынгүл (гладиолус), бақытгүл (хризантема) сынды гүлдердің ашық түсі мен тамаша реңкі көз қуантып жатады. Түрлі-түсті гүл шоқтары күні - “барқыт маусымы”әрі “қоңыр күз” мерекесімен тұспа тұс келеді. Әдетте, қыркүйек байламдары жидектерден немесе дала гүлдерінен жасалады. Сондай-ақ осы күннің құрметіне орай бүкіл әлемде гүл өсірушілердің көрмелері мен байқаулары өтеді.
Бүгін сүйіктіңізге бір байлам гүл немесе түрлі-түсті жапырақ беруді ұмытпаңыз!
👋10 қыркүйек - Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні. Өз-өзіне қол жұмсау соғыстар мен кісі өліміне қарағанда көп адамның арасында белең алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, суицидтен көз жұматындардың жалпы саны қазір жылына бір миллионға таяп қалды. Яғни, әр 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсап өледі. БҰҰ-ның айтуынша, АИТВ, безгек және сүт безі қатерлі ісігінен гөрі суицидтен көп адам қайтыс болады. Жаңалықтарға құлақ түрсең, Қазақстанда да жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеп кеткен. Бұл күннің мақсаты - адамдардың назарын қайғылы статистикаға аударта отырып, суицидтің алдын алуға шақыру.
👥10 қыркүйек - қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні. 130 жыл бұрын саясаткер, ғалым, публицист, біртұтас Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күреске қатысушы Сұлтанбек Қожанов (1894-1938) дүниеге келді. Қоғам қайраткері Ленинмен әңгімелескеннен кейін халқымыздың патша тұсында бұрмаланған “қырғыз-қайсақ” атауы Бүкілодақтық съезде тарихи “қазақ” болып түзетілді. Сондай-ақ оның табандылығының арқасында Қарақалпақстан, Сырдария облысы, Мырзакөл, Бостандық, Шыршық уездері Қазақ АКСР-ге енді. Кеңес өкіметі оны өлім жазасына кесіп, ату жазасына кесті. 1957 жылы ол ақталды. Сондай - ақ 76 жыл бұрын "Дос-Мұқасан" вокалдық-аспаптық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі әрі солисі Шәріп Омаров (1948-2007) дүниеге келді. Шығармашылық мансабынан кейін ол өзін мемлекеттік және дипломатиялық қызметке арнады. АҚШ-тың Небраска штаты мен Линкольн қаласының Құрметті азаматы.
Сізге "Дос-Мұқасан" тобының қай әні ұнайды?
👥10 қыркүйекте атақты екі шығармашылық тұлға өмірге келді. 91 жыл бұрын “Сән патшасы” атанған әйгілі дизайнер Карл Лагерфельд (1933-2019) дүниеге келді. Өзінің талғампаз стилімен көпшіліктің жүрегінен орын алған неміс кутюрьесі туған жылына байланысты әртүрлі дерек айту арқылы шынайы жасын жасырғанды ұнататын. Ол қайтыс болғанға дейін итальяндық Fendi сән үйінің және француздық Шанельдің тұрақты бас дизайнері болып қызмет етті. Сәнгер олармен өмір бойына келісімшарт жасасқан болатын.
Сонымен қатар ол Карл Лагерфельд сән үйінің негізін қалады. Бүгін криминалдық комедия жанрының үздік шебері саналатын британдық режиссер Гай Ричи 56 жасқа толды. Оның “Карта, ақша, екі діңгек”, “Жұлдыз”, “Шерлок Холмс”, “Джентльмендер”, “Адамның қаһары” және т.б фильмдері бәрімізге белгілі. Өнер иесі әнші Мадоннамен 7 жыл шаңырақ көтерді. Гай Ричи - каратэ, дзюдо және джиу-джитсудан қара белбеу иегері.
Сізге Гай Ричидің қай фильмі ұнайды?
#күнтізбе #10қыркүйек #гүл #суицид | 2 145 |
| 3 | ⚡️ Профессордың соңғы үміті: үйінен айырылған ұстаз президент Тоқаевқа үндеу жолдады...
Белгілі қаламгер, профессор Кәкен Қамзин алаяқтардың арбауына түсіп, пәтерінен айырылып қалғанын мәлімдеді.
Қартайған шағында үйсіз-күйсіз қалудың аз-ақ алдында тұрған ұстаз әзірде ғана президент Тоқаевқа үндеу жолдады деп жазады Ertenmedia.
Алаяқтардың күрделі схемасына сеніп қалған профессордың жағдайы тым ауыр.
Жетпістен асқан шағында жанарына үміттен гөрі үрей толып, көшеде қаламын ба деген уайыммен күн кешуде.
"Алаяқтыққа қарсы ешкімнің иммунитеті жоқ. Басыма түскен жағдайдан құтқарсаңыз екен. Егде тартқан шағымда үйсіз-күйсіз далада қалғалы тұрмын", - деді осы ретте Кәкен Қамзин президент Тоқаевқа жолдаған үндеуінде.
Ұлағатты ұстаздың басына түскен ауыр сынақтан сырт қалмайық.
Кәкен ағаға көмек қолын созамын деушілер мына реквизиттер арқылы қолдау білдіре алады:
📌 KASPI, HALYK: +7 775 650 5809 (Әсел Қ.)
Ұстаздың басынан өткен жағдайды күні кеше журналист Нұрсейіт Жылқышыбай егжей-тегжейлі баян еткен. Сұхбаттың толық нұсқасы осы жерде: https://youtu.be/kvJ9Hh_QQpU
📱 Erteńmedia | 2 298 |
| 4 | конкурс июнь.pdf | 2 547 |
| 5 | Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!
Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 5 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге, театрға 2 билет немесе кітап 10.000 тг дейінгі соммаға беріледі.
Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.
Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Бүгін біз маусым айында белсенділік танытқан оқырмандарымызды марапаттаймыз!
Шарттарымыз бойынша 5 жеңімпаз анықталды. Оларға кез-келген қаладағы кез-келген фильмге,театрға 2 билет немесе кітап беріледі. Жеңімпаз желтоқсан айындағы комментарийлер саны бойынша анықталды.
Пікірлер ұпайлық жүйе бойынша бөлінді👇🏻
1. Смайлик үшін - 1 балл
2. Қысқаша жазылған пікір - 2 балл
3. Толық пікір - 3 балл
Сонымен, қараша айындағы жеңімпаздарымыз:
1️⃣ ҚАНАТГАУҺАР
2️⃣ Omirzakkyzy
3️⃣ Perizat
4️⃣ @karrwme
5️⃣ Гүлназ
(Кестеде толық мәліметтер берілген.)
Ең үздік комментарий үшін
@Azamattrg оқырманымызға тағы да 2 билет бергіміз келеді.
Қаладан тыс жерде тұратын және кинотеатрға немесе театрға бара алмайтындар үшін де мүмкіндіктер бар. Ол кезде ұтқан билет сомасындағы балама жүлде табыстай аламыз.
Ескерту:
❗️ 1 посттың астындағы 2 пікірден артық саналмайды.
❗️Комментарийда спам жасамаңыз, ол үшін сізді блоктайтын боламыз.
Біз сізге айтқымыз келеді: біздің редакция үш жыл бойы демалыссыз сіздер үшін еңбек етті. Енді шілде айында біз бір айлық демалысқа шығамыз. Баршаңызға шуақты жаз бен жақсы демалыс тілейміз!
Құрметпен,
"Үйде жатпа!" командасы☑️ | 2 547 |
| 6 | 💡📰📰📰📰📰📰
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
💪1 шілдеден бастап қазақстандық банктер мен “Қазпошта” шоттар мен салымдар туралы Ұлттық банкке жаңа форматта есеп тапсырады
Жаңа заң күшіне еніпті🟢
🙌Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынды
Тоқаев бетті тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды📌
🫂Қыркүйекте стипендия тағы көтеріледі
Тамаша!😍
💡Енді қыз алып қашқандар сотталады
Абай болыңыздар!📍
👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-107/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Ұлттықбанк #бетәлпет #стипендия #қызалыпқашу | 1 910 |
| 7 | 💡💡💡💡💡💡💡
FILA әдісі: Уақыт пен міндеттерді басқарудың тиімді тәсілі
FILA әдісі — уақытты және міндеттерді басқарудың құрылымдалған әрі икемді жүйесі. Бұл тәсіл әсіресе студенттер, зерттеушілер, кәсіпкерлер мен өзін-өзі дамытуға ұмтылатын жандар үшін пайдалы. Әдістің атауы төрт негізгі элементтен тұрады:
• F – Facts (Фактілер)
• I – Ideas (Идеялар)
• L – Learning (Оқу)
• A – Action (Әрекет)
FILA әдісінің 4 қадамы
1️⃣ Фактілер (Facts)
Жұмысқа кіріспес бұрын қажет ақпаратты жинаңыз және саралаңыз. Бұл кезеңде зерттелетін тақырып, жоба немесе тапсырмаға қатысты нақты мәліметтер анықталады. Мысалы, бастапқы деректер мен ережелерді жүйелеу.
2️⃣ Идеялар (Ideas)
Жинақталған ақпарат негізінде жаңа идеялар мен жұмыс бағыты ұсынылады. Мақсатқа жетудің балама жолдары қарастырылады, жоспар түзіледі.
3️⃣ Оқу (Learning)
Жетістікке жету үшін қандай білім мен дағдылар қажет? Бұл кезеңде жаңа ақпараттар меңгеріліп, курстар, тренингтер немесе практикалық жаттығулар арқылы білім тереңдетіледі.
4️⃣ Әрекет (Action)
Соңғы қадам – нақты іске көшу. Жоспар орындалып, жұмыс барысы бақыланады, нәтижелер сарапталады.
FILA әдісін уақытты басқаруға бейімдеу
📍 Мақсатты айқындау
• Күндік, апталық, айлық мақсаттарды нақты қойыңыз.
• Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттерді бөліп көрсетіңіз.
📍 FILA-кесте жүргізу
• Әр күнге арналған жеке жоспарды FILA құрылымымен құрыңыз.
• Жұмысыңызды күнделік немесе электронды жүйеде жазып отырыңыз.
📍 Фокус пен басымдық
• Маңызды әрі шұғыл істерді бірінші кезекке қойыңыз.
• Уақытыңызды қажетсіз немесе төмен басымдықтағы тапсырмаларға шығындамаңыз.
📍 Үзілістер мен тынығу
• 45-60 минут жұмыс істеп, 5-10 минут демалыс жасаңыз.
• Әлеуметтік желілер мен алаңдатушы факторларды шектеңіз.
📍 Нәтижелерді талдау
• Күн соңында немесе апта соңында жоспарланған және орындалған жұмыстарды салыстырыңыз.
• Тиімділікті арттыру үшін қандай өзгеріс енгізу қажет екенін анықтаңыз.
FILA әдісінің артықшылықтары
✔ Жүйелілік – Әр қадам нақты құрылымға негізделеді.
✔ Тиімділік – Уақыт жоғалтпай, басымдыққа ие істерге көңіл бөлінеді.
✔ Икемділік – Әдіс кез келген сала мен адамға бейімделе алады.
✔ Үздіксіз даму – Жаңаны үйренуге, дағдыны жетілдіруге жол ашады.
FILA — уақытыңызды басқарудың ақылды тәсілі.
Күнделікті өмірде, жұмыста, оқуда – қай салада қолдансаңыз да, сіздің өсуіңізге, тәртіп пен мақсатқа ұмтылысыңызға септігін тигізеді.
#қазынакеңес | 1 501 |
| 8 | 💡📆📆📆📆📆 30 маусым
🙌30 маусым — Дүниежүзілік әлеуметтік желі күні. Бұл мерекенің пайда болуы кездейсоқ емес. Өйткені әлеуметтік желілер сандық кеңістікте көп уақыт өткізетін заманауи адамдардың өмірінде маңызды рөл атқара бастады. Әлемдегі әрбір адам әлеуметтік желіге күніне орта есеппен 144 минут жұмсайды екен.
Сіз әлеуметтік желісіз бір күн өмір сүре аласыз ба?
💪Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық астероидтар күні аталып өтеді. 1908 жылы 30 маусымда Сібірге Тунгус метеориті құлады. Жарылыстың күші атом бомбасындай болды. Себебі дауысы мыңдаған шақырым жерге дейін естілді. Бұл күн қоғамның астероидтар қаупі туралы хабардарлығын арттыруға және нақты қауіп төнген жағдайда қандай әрекет жасау керегін үйретуге бағытталған. Қазақтың ең атақты метеориті Аягөз маңында 1840 жылы құлаған. Оның салмағы 2,8 келі. Ол “Қаракөл” деп аталды.
🫂30 маусымда әлемде қызық екі оқиға орын алды. 1894 жылы Лондонда әйгілі Tower Bridge көпірі ашылды. Оның құрылысын жүргізу барысында 8 жыл бойы 400-ден астам жұмысшы еңбек етті. Осы жылдар ішінде Тауэр көпірі Биг-Бенмен қатар Лондонның басты көрікті жерлерінің біріне айналды. Сонымен қатар 1905 жылы 30 маусымда Альберт Эйнштейн “Қозғалыстағы денелердің электродинамикасы туралы” мақаласында арнайы салыстырмалылық теориясының негізін қалады. Ол өткен ғасырдың басында әлем туралы жалпы қабылданған идеяларды өзгертті. Бұл әлі күнге дейін ғалымдардың санасы мен жүрегін толғандырады.
👥30 маусымда өмірге келген атақты спортшылар. Бүгін әлемдегі ең атақты спортшы Майкл Фелпс 40 жасқа толды. Ол 23 дүркін Олимпиада және 26 дүркін әлем чемпионы. Сондай-ақ бірнеше дүркін әлем рекордшысы атанды. Осы жетістіктері үшін оған “Балтимор оғы” және “Ұшатын балық” атағы берілді. Сонымен бірге бүгін бокс тарихындағы ең атақты жауынгерлердің бірі Майк Тайсон 59 жасқа толды. Ол күні бүгінге әлі дейін алып күшке ие әлемдік рекордтардың иесі. Ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы (20 жас 144 күн); ең жас абсолютті әлем чемпионы (21 жаста) және т.б. Спортшы ислам дінін ұстанып, өзіне арабтың Малик Абдул Азиз деген есімін алды.
Спортпен шұғылданыңыз және жаңа рекорд орнатыңыз!
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #әлеуметтікжелілер #қазақметеориті #Тауэркөпірі #Салыстырмалықтеориясы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #МайклФелпс #МайкТайсон | 1 246 |
| 9 | 💡💫💫💫💫💫💫💫
30 маусым – 6 шілдеге арналған қаржылай жұлдыз жорамал
♈️Апта күтпеген қаржылай мүмкіндікпен басталуы мүмкін. Тоқтылар бір жерде сенімді дауыспен сөйлеп, байқаусызда жобаның жетекшісіне ұқсап қалуы ғажап емес. Сол сәтте ақша да соған ілесіп келеді. Ең бастысы — тартынбаңыз, өзіңізге сеніңіз және артқа қарамаңыз. Өйткені қаржы сенімділікті жақсы көреді…
♉️Бұл аптада Торпақтар үнемшілдіктің шеберіне айналады. Тіпті Wi-Fi-дың өзі «маған енді қажет жоқ шығар» деп өшіп қалуы ғажап емес. Алайда жұлдыздар ескертеді: өзіңізді қуантуға да ұмытпаңыз. Кем дегенде, дәмді бір бәліш алыңыз — бұл көңіл күйге салынған шағын, бірақ маңызды инвестиция.
♊️Апта бойы Егіздер әрі үнемдегісі келіп, әрі көзге түскеннің бәрін сатып алғысы келеді. Соңында олар жеті түрлі қажетсіз затты жеңілдікпен алып, мұны «керемет қаржылай шешім» деп өздерін жұбатады. Дегенмен, расын айтқанда, бақыт кейде ақшаның өзінде емес, тосыннан кездескен жеңілдіктерде жатады.
♋️Шаяндар аптаның басында әр тиынды есептеп, бәрін бақылауда ұстайды. Алайда аяқасты жүректің қалауы оянып, жан рахаты үшін бір ерекше затқа қаржы жұмсап қоюы мүмкін — мысалы, ақша иісі аңқыған хош иісті шамға. Қаржылай жағдайы тұрақты, тек кейде сезім мен логика арасындағы тепе-теңдікті сақтау қиынға соғуы мүмкін.
♌️Арыстандар, сіздер мәртебелі тұлғасыздар, бірақ жұлдыздар алтын тағыңыз әзірге бюджеттен тыс екенін ескертеді. Дегенмен, сіздің ең басты қаруыңыз — табиғи харизма! Оны пайдаланып көріңіз: жеңілдік алыңыз, бонустар сұраңыз немесе болмағанда — кассирден бір жылы сөз естіп қайтыңыз.
♍️Апта сіз үшін есеп пен тәртіп аптасы болады: түбіртектерді түгендеп, әр жұмсалған теңгенің ізіне түсесіз. Иә, сіз — қаржы сараптамасының нағыз гуруысыз. Бірақ кейде бір кесе кофенің бағасын білмей-ақ қою — өзіңізге деген мейірімділік екенін ұмытпаңыз. Бұл да — махаббаттың бір түрі.
♎️Таразылар бұл аптада «жинау керек» пен «өмір бір-ақ рет» деген екі ойдың арасында тербеледі. Ақыры, «өмір» жеңеді. Бірақ өкінбеңіз. Бір әдемі ұсақ-түйек сатып алып, оны интерьерге құйылған инвестиция деп қабылдаңыз — бұл да жан рахаты үшін керек.
♏️Апта барысында Сарышаяндар байып кетуге деген ерекше шабыт сезінеді. Мүмкін, «Ештеңе істемей-ақ миллион табу» атты онлайн-курс ашып көрерсіз? Жоқ, ашпасаңыз да — жұлдыздар сіздің табиғи тартымдылығыңыз ақша мен тегін дүниелерді өзіне тартатынын еске салады.
♐️Бұл апта “Шопинг — жанға дауа” деген ұранмен өтеді. Бірақ абай болыңыз: интернет-дүкеннің себеті — қара құрдым секілді, бәрін өзіне тартады. Қаржылай тепе-теңдікті сақтау үшін “Тапсырысты рәсімдеу” түймесін тек ішкі тыныштықпен басыңыз.
♑️Тауешкілер бұл аптада қаржы империясын құруға бел буады. Бюджет жоспарлаудан бастайды, бірақ Excel кестесіндегі түс таңдауда тұрып қалуы мүмкін. Жұлдыздар кеңес береді: жоспар құру жақсы, бірақ іс жүзіндегі әрекет те маңызды.
♒️Суқұйғыштардың ойына осы аптада ерекше идеялар келеді: бұлттан табыс табу, мемдер арқылы ақша жасау, лифтідегі би арқылы стартап бастау — бәрі де мүмкін көрінеді. Ұялмаңыз! Бәлкім, әлем дәл сіздің идеяңызды күтіп жүрген шығар. Бірақ алғашқы күні бәрін жұмсап тастамауды да ұмытпаңыз.
♓️Балықтар ағынмен жүзіп келеді… тура маңайдағы жеңілдікке қарай. Апта жеңіл, романтикаға толы өтеді. Қаржы да қолдап тұрады, тек жүрекпен емес, картамен (мейлі кешбэкімен болса да) төлеуді ұмытпаңыз.
Қаржылай аптаңыз сәтті өтсін! Табысыңыз еселене берсін!
Айта кетейік, ақша әзіл мен көтеріңкі көңіл күйді ұнатады!
Бұл жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалған. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.
#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжау | 1 316 |
| 10 | 💡📰📰📰📰📰📰
🦉 Сіз түнде осы жұмбақ дыбы ты естідіңіз бе?
Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍
https://youtube.com/shorts/wZOe45CEGko
#сова #жаңалықтар #новости #птица #үйдежатпа
#рек #казахстан #алматы #сплюшка | 1 124 |
| 11 | 💡📆📆📆📆📆 29 маусым
💐29 маусым — Халықаралық өнеркәсіптік дизайн күні. Бұл – ойлап қана қоймай, өзінің идеяларын шынайы өмірде іске асырып, қоғамға эстетикалық ләззат пен алуан түрлілік сыйлайтын мамандардың күні. Әсіресе, қазіргі таңда осы мамандардың заманауи көліктер мен жабдықтарды құрастыруда еңбек нәтижелерін көру қуаныш сыйлайды.
👤2007 жылы 29 маусымда құны 499 доллар болатын алғашқы iPhone сатылымға шықты. Мұны Стив Джобс үш өнімнің үйлесімі ретінде таныстырды. Атап айтатын болсақ, кеңэкранды сенсорлы iPod, революциялық мобильді телефон, интернет-коммуникацияға арналған жаңашыл құрылғы. Сол кездегідей, қазір де жаңа iPhone шыққанда дүкендердің алдында күндер бойы кезек күткен адамдарды көреміз. Time журналы сол жылы iPhone-ды “жыл жаңалығы” деп атады. Бүгінде бұл смартфон әлі де талғампаздықтың символы ретінде танылып, бәсекелестерден ерекшеленіп тұр.
Егер сізде де iPhone смартфоны болса, комментарийге лайк басып кетіңіз.
👀1964 жылдың 29 маусымында америкалық өнертапқыш Роберт Адлер теледидарды қашықтан басқаруға арналған алғашқы сымсыз пультті ойлап тапты. Оған дейін адамдар “Лентяй” деп аталған сымды пульттерді пайдаланып келген. Алғашқы құрылғылар тек теледидарды қосып-өшіруге және арналарды ауыстыруға мүмкіндік берді. 1970 жылдардың соңына қарай пульттер күрделене түсті: телетекст беттерін таңдау, дыбыс, жарық және түс қанықтығын реттеу сияқты қосымша функциялар пайда болды. Қазіргі таңда пульттер теледидарды ғана емес, бүкіл тұрмыстық техниканы басқаруға мүмкіндік беретін күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.
👥29 маусым — екі жазушының туған күні. 125 жыл бұрын француздың ұлы гуманист-жазушысы, эссеист әрі кәсіби ұшқыш Антуан де Сент-Экзюпери (1900-1944) дүниеге келді. Оның жарқын ғұмыры әдеби дарынының қалыптасуына зор ықпал етті. Әлемге әйгілі «Кішкентай ханзада» повесі – оның ең шоқтығы биік туындысы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде “Шайқасушы Франция” құрамында барлау тапсырмаларын орындап жүргенде, жау аумағына ұшқан сапарынан оралмай қалған. Бүгін қазақ жазушысы, ТМД Журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты Қайнар Олжай 67 жасқа толды. Ол халық арасында кең танымал ТВ-бағдарламалар мен “Бірінші” тарихи-деректі телевизиялық фильмінің авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 4 кітап шығарды.
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #өнеркәсіптікдизайн #алғашқыiPhone #алғашқытеледидарпульті #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #АнтуандеСентЭкзюпери #ҚайнарОлжай | 1 184 |
| 12 | 💡🎞🎞🎞🎞🎞
Қазақстанда тұңғыш рет ерекше балалар басты рөлде ойнаған толықметражды фильм – «Особенный доктор»
⠀
Сюжет бойынша зейнеттегі әскери адам жұмбақ клиникадан келген ерекше дәрігерден көмек сұрайды.
⠀
🎥 Бұған дейін сериал түрінде бірнеше елде марапатталған бұл жоба енді толықметражды фильмге айналды.
⠀
Ұнаса – ❤ лайк басып, пікір қалдырып, парақшаға жазылыңыз!
https://youtube.com/shorts/d90ZrnOgxuM
⠀
#ЕрекшеДәрігер #ҚазақстанКиносы #КиноШолу #ҚазақФильмі | 1 281 |
| 13 | 💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆
28-29 маусым күндері Алматы мен Астанада қайда тегін баруға болады?
Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.
АЛМАТЫ:
🤞"Қияли ойлар" көрмесі
Көрмеге қойылған туындылар көрерменге әлемді өз түйсігімен көруге, көзге көрінетін нәрсенің ар жағынан сыр іздеуге мүмкіндік береді. Бұл картиналар сананы түртіп, жанға әсер ететін қарапайым әрі күрделі оқиғалардың терең мағынасын ұғынуға жетелейді. Экспозиция көркем ойдың кеңістігінде шындық, түс және миф арасындағы шекараларды еркін аралайды.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 28 және 29 маусым, 11:00 – 19:00
👀"Композитор" фильмінің көрсетілімі
Аталған туындыда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Алматыға тап болып, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достық байланыс орнатқан қытай композиторы Сянь Синхайдың тағдыры суреттеледі. Қазақстан мен Қытай бірлесе түсірген бұл өмірбаяндық драма — тарих қойнауынан сыр шертетін терең мазмұнды шығарма.
Орны: "Арман" кинотеатры, Достық даңғылы, 104
Күні: 28 маусым, 19:00
💄GIRLHOOD көрмесі
Көрмеге қойылған суреттер әйелдер арасындағы рухани жалғасты бейнелейді. Олар бұл желіні өз ішіне бүгіп, тұйықтап қоймай, қайта оны жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. Өзге әйелдерден берілген өмірлік тәжірибе көрерменнің ішкі жан дүниесімен ұштасып, жеке әрі терең сезімге жетелейді.
Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 28 және 29 маусым, 10:00-22:00
👤AIGA әлем чемпионаты
AIGA — түрлі техника мен мектеп, әр алуан күрес стилі тоғысқан спорттық жекпе-жектің ең көрнекті түрлерінің бірі. Бұл – шеберлік пен шыдамдылық сынға түсетін, нағыз мықтылардың айқасы.
⠀
📍 Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абай даңғылы, 44
Күні: 29 маусым, 09:00 – 17:00
👥"Құмтышқанның түсі" көрмесі
Медиа суретші Алена Бражникова-Агаджикова нейрожелілердің көмегімен өзінің балалық қиялында ғана бар Түрікменстан туралы естеліктерді жандандырад. Бұл – атасының әңгімелері мен бала кезгі армандардан туған елге деген сағыныш пен естеліктің, қиял мен технологияның тоғысындағы нәзік әрі әсерлі көрме.
Орналасқан жері: 101 dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні: 28 және 29 маусым, 14:00 – 21:00
АСТАНА:
🦋"RUUIN KIM/RUHIN Kim" көрмесі
Қонақтарды Лейла Махаттың өзін-өзі анықтаудың өзекті мәселесін қозғайтын Жаңа 37 картинасы күтеді. Мұнда тамырлар туралы есте сақтаудың маңыздылығы ұрпақтар беретін рухани байлықпен тең.
Орны: LM Kulanshi Art галереясы, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 28 және 29 маусым, 10:00 - 16:00
💐"QAZAQ CONTENT" көрмесі
Көрерменге Лейла Махаттың өзіндік болмыс пен рухани тамыр жайлы ой қозғайтын жаңа 37 туындысы ұсынылады. Бұл шығармаларда адам баласының тегін ұмытпай, рухани байлығын сақтап, оны ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы көркем тілмен бейнеленген.
Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 28 және 29 маусым, 10:00 - 20:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!
#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер | 1 357 |
| 14 | 💡📆📆📆📆📆 28 маусым
👀Бүгін — Қазақстанда Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні. 1991 жылы 28 маусымда Қазақстанда алғашқы “БАҚ туралы” заң қабылданды. Айта кету керек, бұрын бұл мереке 10 мамырда аталып өттң. Себебі 1870 жылы осы күні алғашқы қазақтілді басылым — “Түркістан уәлаяты газеті” жарық көрді. Алайда кейін бұл басылымның Ресей үкіметінің қаржыландыруымен шыққаны, оның беттерінде қазақ даласын отарлауды насихаттайтын материалдар жарияланғаны анықталды.
Егер таныс журналистерді білсеңіз, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🗣28 маусымда “шынайы құшақтау” күні де аталып өтеді. Бұл күн әлемде “Счастливый день сердечных объятий” деген атпен белгілі. Ғалымдардың пікірінше, тактильді байланыс адамның өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне зор ықпал етеді. Психологтар ұзақ өмір сүру үшін күніне 4 мәрте құшақ, деннің саулығы үшін 8 мәрте құшақ және интеллектуал тұрғысынан даму мен жеке өсу үшін 12 құшақ қажет деп санайды. Бұл күннің мақсаты – виртуалды әлемде көп уақыт өткізетін адамдардың назарын жан-жарына, ата-ана мен балаға деген сүйіспеншіліктің көрінісі ретінде тактильді байланыстардың маңыздылығына аудару.
👀1997 жылы 28 маусымда бүкіл әлем көз тіккен рингте Майк Тайсон Эвандер Холифилдтің құлағынан тістеп алды. Мұндай әрекетке Майкты итермелеген жағдай — Холифилдтің басымен оның бетіне әдейі соққы жасауы еді. Жекпе-жек тоқтатылады, бірақ Тайсонға ескерту жасалғаннан кейін төреші жарысты жалғастыруға рұқсат береді. Алайда көп ұзамай Тайсон қарсыласының құлағының тағы бір бөлігін жұлып алған соң, жекпе-жек тоқтатылып, Тайсон жарыстан шеттетілді. Сондай-ақ ол 3 миллион доллар айыппұл төледі. 2009 жылы танымал телешоуда Тайсон Холифилдтен кешірім сұрады. Өз кезегінде ол “Темір” Майкқа кешірім берді.
Ұлы Тайсонның ерсі әрекетін мына жерден көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=zKPMVex-UKk
👥28 маусымда өмірге келген танымал тұлғалар. 313 жыл бұрын француз философы, жазушы, ағарту дәуірінің ойшылы Жан-Жак Руссо (1712-1778) дүниеге келді. Ол сентиментализм бағытының негізін қалаушы. Руссо табиғатқа қайтуды насихаттап, адамдар арасындағы толық әлеуметтік теңдікті орнатуға шақырды. Сонымен қатар бүгін әлемдегі ең бай адам Илон Маск 54 жасқа толды. Ол SpaceX негізін қалаушы, бас директоры әрі бас инженері; Tesla инвесторы, бас директоры; The Boring Company, Neuralink және OpenAI негізін қалаушы. 2022 жылы ол Twitter желісін сатып алды. Биыл оның байлығы 350 миллиард долларды құрады.
Илон Масктың туған күніне қандай жылы лебізіңізді білдіресіз?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #ҚазақстанныңБАҚтары #тактильдібайланыс #Тайсонныңтістеуі #Туғанкүндер, #ЖанЖакРуссо #ИлонМаск | 1 268 |
| 15 | 💡📰📰📰📰📰📰
Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
👀Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріледі
Министрлік жақсы жаңалықты жеткізіпті💸
👇Tele2/Altel-дің сатылымынан бюджетке 76 миллиард теңге түсті
Аталған байланыстарды қатарлықтар иемденді 📌
🙌2025 жылдың басынан бері Қазақстанға 5,5 мыңға жуық қандас көшіп келді
Тамаша!👍
👀Астанада Sergek жүйесімен жабдықталған дрондар сынақтан өтеді: енді тәртіп бұзғандар әуеден анықталады
Мәссаған, бұған не дейсіз?😮
👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-9/
#Қазақстан #Жаңалықтар #еңтөменгіжалақы #Tele2 #Altel #қандас #Sergek #тәртіпбұзғандар #дрон | 1 432 |
| 16 | 💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞
🎬"Қара дуа"қорқынышты фильмі. Бай отбасының қызы Айжан дуаның құрбанына айналады. Оның жақындары балгерге жүгініп, қыздың үстінен дұға оқиды. Бірақ сиқырдың салдарынан Айжанның денесіне жын қонады. Басты рөлдерде: Нұрзат Болотбекова, Айсалқын Күйікбаева. Жас рейтингі: 18+
Біздің кино обзор мына жерде: https://youtube.com/shorts/xgaQIxMhJ1c?si=3yIPG9MFZTx59Fo4
🎬"Особенный доктор" мистикалық детективі. Контузиядан кейін басы ауырып жүрген запастағы әскери интернеттен “Ерекше дәрігер” деген клиниканы табады. Бұл жерде кез келген дерттен бір сеанспен айығуға уәде беріледі. Алайда ол кішкентай қыз-дәрігермен танысқан соң, өз ауруын ұмытып, балалар еңбегін заңсыз пайдаланғандарды әшкерелеуге кіріседі. Басты рөлдерде: Азиз Бейшеналиев, Галина Табала, Алексей Шемес, Шыңғыс Капин.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=nQWvjdnumDI
🎬"F1" спорттық драмасы. Формула-1 жарысының жұлдызы Сонни Хэйс 1990-жылдары болған ауыр апаттан кейін спорттан кеткен. Жылдар өткен соң жарыс командасының иесі одан команданың данышпан жас шабандозына тәлімгер әрі екінші пилот болуын сұрайды. Басты рөлдерде: Брэд Питт, Симон Эшли, Хавьер Бардем.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TOWNc5IgoII
🎬"Шпионская свадьба" комедиясы. Тропикалық арал, танымал аспаздардан дәмді ас, ақ көйлек – бәрі мінсіз той үшін дайын. Бірақ қалыңдықтың жан құрбысы – әлемдік қылмыстық ұйымдар көздеген құпия агент. Мереке қарсаңында қарулы жалдамалылар бай қонақтарды кепілге алады… Басты рөлдерде: Ребел Уилсон, Анна Кэмп. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Yag1EHaGFyA
🎬"Великая Лилиан Холл" өмірбаяндық драмасы. Аты аңызға айналған Бродвей актрисасы Лилиан Холл жаңа рөлге дайындалып жүр. Бірақ ол тез өршіген деменциямен күресіп, театрға деген махаббатын соңғы рет сахнада көрсетуге тырысады. Басты рөлдерде: Джессика Ланг, Пирс Броснан. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=rztMyqFzEzU
🎬"М3ган 2.0" триллері. М3ГАН-ның қанды оқиғасынан екі жыл өткен соң, оның жасаушысы Джемма жаңа қауіп – әскерилер жасап шығарған Амелия атты кибер-қауіпті тоқтату үшін М3ГАН-ды қайта тірілтуге мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Джемейн Клемент, Эллисон Уильямс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=_KpAXPQBGIs
🎬" Астрал. Остров проклятых" қорқынышты фильмі. Жас жігіттер мен қыздар яхтамен серуен кезінде беймәлім аралға тап болады. Бұрын мұнда психиатриялық аурухана болған екен. Аралда қамалған зұлым рухтар бостандыққа ұмтылады… Басты рөлдерде: Тускя Намя, Ханна Ханнон. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=eMiGgMlMXIw
🎬"100% тигр" мультфильмі. Тео — тасман жолбарысы, өз түрінің соңғы өкілі. Оны сәби кезінде кенгурулар тауып алып, өсірген. Бірақ бір күні Тео өз өткені мен түп-тамыры туралы аян көріп, жоғалған отанын құтқаруға аттанады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=DhPoDnQt0i8
🎬"Джамбо и маленькое приведение" мультфильмі. Донды бәрі “Джамбо” деп атайды — ол толық, шапшаң емес және спортқа ебі жоқ. Бірақ ол өзін дәлелдегісі келіп, “Голос” ән байқауына қатысуға бел буады. Оған көмектесуге кішкентай, сүйкімді елес келеді.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=YO4koXGXj3o
#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #аптаныңафишасы #Қазақстанкинотеатрлары #ерекшедәрігер #Қарадуа | 1 252 |
| 17 | 💡📆📆📆📆📆 27 маусым
🙌27 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен микро, шағын және орта кәсіпорындар күні аталып өтеді. Бұл – құрамында 250 адамға дейін жұмыс істейтін компаниялар. Шағын болғанымен, олар кез келген елдің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосады. Алайда мұндай кәсіпорындар көбіне бюрократиялық кедергілер мен қаржылай қиындықтарға тап болады. Осы күннің мақсаты – әлем елдері басшыларының назарын шағын бизнесті қолдау қажет екеніне аудару.
Биыл Қазақстанда 2,2 миллионнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Олар 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
👇27 маусым – Дүниежүзілік балықшылар күні. Қазіргі таңда әлемдік кәсіби балық аулау көлемі жылына шамамен 90 миллион тоннаны құрайды. Оның 90%-ы теңіздерден, қалғаны ішкі су айдындарынан ауланады. Балық шаруашылығы тікелей және жанама түрде 120 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл сала – халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік әл-ауқатты арттырудағы маңызды күш.
Таныс балықшыларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
👀Сондай-ақ 27 маусым – Дүниежүзілік микробиом күні. Адам ағзасындағы микробтардың саны адам жасушаларынан он есе көп. Олардың жалпы салмағы 5 килограмға дейін жетуі мүмкін. Ағзамыздағы бұл микроағзалар ас қорыту жүйесінен бастап көңіл күйге дейінгі барлық процеске әсер етеді. Әр адамның микробиомы ерекше және ол үш жасқа дейін ана сүті мен табиғи факторлардың ықпалымен қалыптасады. Кейін бұл жүйе өмір салты мен қоршаған ортаға байланысты өзгеріп отырады.
Бұл күн – өзіңді ішкі әлеміңмен жақынырақ таныстыратын ерекше мүмкіндік.
👥27 маусым — атақты екі адамның туған күні. Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкант Байғали Серкебаев 67 жасқа толды. Ол аты аңызға айналған A'Studio тобының продюсері әрі тұрақты жетекшісі, атақты опера әншісі Ермек Серкебаевтың ұлы. Сонымен қатар бүгін америкалық актер және продюсер Тоби Магуайр 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол “Өрмекші адам” трилогиясында (2002-2007) басты кейіпкерді сомдады, кейін 2021 жылы “Өрмекші адам: үйге жол жоқ” (2021) фильмінде бұл рөлді қайта ойнады. Осылайша, Марвел суперқаһармандары арасында бір кейіпкерді ең ұзақ сомдаған актер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Сізге Marvel суперқаһарманынан кім ұнайды?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшедата #шағынжәнеортабизнес #балықшыларкүні #Микроағзалар #Туғанкүндер #Танымаладамдар #БайғалиСерікбаев #AStudio #Өрмекшіадам. | 1 086 |
| 18 | 💡📰📰📰📰📰📰
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
✔️Алдағы уақытта зейнеткерлер мен әлеуметтік осал топ өкілдеріне несие рәсімдеу шектелуі мүмкін
Құлаққағыс!📌
🙌Қазақстандықтар өз үйлерінің шатырына күн батареяларын орнатып, табыс табуларына болады
Министрлік халыққа тиімді ұсыныс айтыпты😍
👥2024 жылға арналған жылжымайтын мүлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 қазанда аяқталады
Мемлекеттік кірістер комитеті ескерту жасады📍
🙌Алдағы уақытта барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталады - ҚТЖ
Жақсы жаңалық екен!👍
👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-106/
#Қазақстан #Жаңалықтар #зейнеткерлер #әлеуметтікосалтоп #несие #үй #шатыр #күнбатареясы #жылжымайтынмүліксалығы #пойыз | 1 295 |
| 19 | 💡💡💡💡💡💡💡
Жанға жақын хоббиді қалай табуға болады? ТОП-5 кеңес
🟢 Күн сайын жұмыс, оқу, әлеуметтік желідегі дүрбелең, жауапкершілік… Адам кейде осының бәрінен шаршап, “маған не нәрсе шын мәнінде ләззат сыйлайды?” деген сұраққа тіреледі. Жанға жақын хобби өзіңізді қайта табуға, ішкі тыныштыққа қол жеткізуге, өмірді жаңа бояумен көруге көмектеседі.
1️⃣ Балалық шағыңызға үңіліңіз
Сіз кішкентай кезіңізде немен айналысқанды ұнаттыңыз? Сурет салу ма еді, билеу ме, әлде ермексаздан мүсін жасау ма? Көп жағдайда жанымызға ең жақын нәрселерді бала күнімізде сеземіз, бірақ есейгенде ұмытып кетеміз.
2️⃣ Жаңа нәрсе байқап көріңіз
Хобби іздеу кезінде қателесу – қалыпты нәрсе. Бірнеше апта тоқу үйреніп, кейін орта жолдан қалдырсаңыз өзіңізді жазғырмаңыз. Ол бекер кеткен уақыт емес. Себебі сіз өзіңізге сай келмейтін істі түсінесіз. Мүмкін керамика жасау жаныңызға жайлылық сыйлар, не болмаса табиғатта серуендеу, яки жазба жазған ұнайтын шығар?
3️⃣ Қандай күйде өзіңізді еркін сезінесіз?
Кей адамдар жалғыздықта шығармашылықпен айналысқанды ұнатады. Ал біреулер керісінше, ұжымдық істерден шабыт алады – волонтерлік, би топтары, дебаттар немесе командалық спорт түрлері. Өз энергияңызды не көтеретінін байқаңыз.
4️⃣ Хобби – табыс көзі емес, жан тыныштығы
Хобби табысты кәсіпке айналса жақсы, әрине. Бірақ бастапқыда сізге нағыз қуаныш сыйлайтын нәрсені іздеңіз. Ол үшін ешкімге есеп берудің қажеті жоқ. Бұл – сіздің жеке кеңістігіңіз, рухани демалысыңыз.
5️⃣ Өзгерістен қорықпаңыз
Қызығушылықтар уақыт өте өзгереді. Бүгінгі хобби ертең сіз үшін қызықсыз болып қалуы мүмкін – бұл табиғи құбылыс. Ең бастысы жаныңыз дамып, үнемі жаңа нәрселерге ашық болуыңыз.
✔️ Қорытынды
Хобби табу – өз жүрегіңе құлақ асу. Ол – ішкі баламен қайта табысу, өмірге деген құштарлықты ояту. Сондықтан жанға рахат сыйлайтын істі іздеуден шаршамаңыз, байқап көріңіз, құлшынысыңызды тоқтатпаңыз.
#қазынакеңес | 1 089 |
| 20 | 💡📆📆📆📆📆 26 маусым
🙌26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні аталып өтеді. БҰҰ мәліметінше, кейінгі 10 жылда нашақорлар саны 22 пайызға артқан. Әлемде 275 миллион нашақор болса, оның 18 мыңнан астамы қазақстандықтар. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да аз емес. Есірткіден болатын өлім-жітім бойынша Қазақстан 93 елдің ішінде 33-орында тұр. Көріп отырғанымыздай, нашақорлықпен күресте тек құқық қорғау шаралары жеткіліксіз. Оған халықтың өзі ғана нүкте қоя алады.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
😨Сонымен қатар бүгін халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні. Бұл күнді БҰҰ адамға жасалатын азаптаулар мен ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді жою мақсатында атап өтеді. 1987 жылдың 26 маусымында Азаптауға қарсы конвенция күшіне енді. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда жаппай тұтқындау орын алды. Прокуратураға құқық қорғау органдарының азаматтарды азаптау және құқықтарын бұзу фактілері туралы арыздар келіп түсті, олардың кейбір фактілері расталды.
👍Бүгін — тіс щеткасының пайда болған күні. Адамзат ауыз қуысының гигиенасына ерте кезден бастап мән берген. Ол үшін әртүрлі заттарды қолданған – матаның қиындылары, бұтақтар мен таяқшалардан жасалған арнайы тазалағыштар. Дегенмен оларды пайдалану әрдайым ыңғайлы бола бермеген. 1770 жылы 26 маусымда ағылшын азаматы Уильям Эддис алғашқы арзан әрі қолжетімді тіс щеткасын өнеркәсіптік жолмен өндіре бастады. Оның ойлап тапқан щеткасы қазіргі үлгіден айтарлықтай ерекшеленбейді.
Сіз қандай тіс щеткасын қолданасыз?
👥26 маусым — атақты екі әншінің туған күні. Бүгін OneRepublic ән жазушысы әрі вокалисі Райан Теддер 46 жасқа толды. Өнер иесі Адель, Бейонсе, Дженнифер Лопес, Элли Голдинг, Maroon 5 секілді әлем жұлдыздарына арнап ән жазған. Райан тоғыз рет “Грэмми” сыйлығына ұсынылып, оның үшеуін жеңіп алған. 2014 жылы Billboard басылымы оны “Поп-музыканың құптя королі” деп атады. Сонымен қатар бүгін ерекше дауыс тембрі бар америкалық әнші Ариана Гранде 32 жасын атап өтеді. Оның кәсіби мансабы бала кезінде Nickelodeon арнасынан бастау алды. Бүгінде ол альбом жазып, фильмдерде, телехикаяларда және театрда өнер көрсетеді. 2019 жылы Ариана Givenchy сән үйінің бет-бейнесіне айналды.
Сізге кім ұнайды: Арина Гранде немесе Райан Теддер?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Есірткігеқарсыкүрес #Азаптауқұрбандары #Тісщеткасыныңойлаптабылуы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #РайанТеддер #АрианаГранде | 1 076 |
