fa
Feedback
Айсұлу Бибі🔔

Айсұлу Бибі🔔

رفتن به کانال در Telegram

Ойлар, талдаулар

نمایش بیشتر
1 983
مشترکین
-124 ساعت
-147 روز
-4530 روز

در حال بارگیری داده...

کانال‌های مشابه
ابر برچسب‌ها
هیچ داده‌ای
مشکلی وجود دارد؟ لطفاً صفحه را تازه کنید یا با مدیر پشتیبانی ما تماس بگیرید.
اشارات ورودی و خروجی
---
---
---
---
---
---
جذب مشترکین
اکتبر '26
اکتبر '260
در 0 کانال‌ها
سپتامبر '26
+15
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اوت '26
+37
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '26
+27
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '26
+11
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مه '26
+3
در 0 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '26
+6
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مارس '26
+5
در 0 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '26
+9
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژانویه '26
+15
در 0 کانال‌ها
Get PRO
دسامبر '25
+55
در 0 کانال‌ها
Get PRO
نوامبر '25
+18
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اکتبر '25
+45
در 0 کانال‌ها
Get PRO
سپتامبر '25
+14
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اوت '25
+68
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '25
+28
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '25
+17
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مه '25
+38
در 0 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '25
+33
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مارس '25
+60
در 0 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '25
+56
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژانویه '25
+80
در 0 کانال‌ها
Get PRO
دسامبر '24
+134
در 1 کانال‌ها
Get PRO
نوامبر '24
+1 080
در 2 کانال‌ها
Get PRO
اکتبر '24
+68
در 0 کانال‌ها
Get PRO
سپتامبر '24
+24
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اوت '24
+35
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '24
+284
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '24
+152
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مه '24
+197
در 0 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '24
+47
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مارس '24
+102
در 0 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '24
+146
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژانویه '24
+326
در 0 کانال‌ها
Get PRO
دسامبر '23
+208
در 0 کانال‌ها
Get PRO
نوامبر '23
+10
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اکتبر '23
+7
در 0 کانال‌ها
Get PRO
سپتامبر '23
+2
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اوت '23
+31
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '23
+13
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '23
+12
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مه '23
+24
در 0 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '23
+124
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مارس '23
+115
در 0 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '23
+680
در 0 کانال‌ها
تاریخ
رشد مشترکین
اشارات
کانال‌ها
05 اکتبر0
04 اکتبر0
03 اکتبر0
02 اکتبر0
01 اکتبر0
پست‌های کانال
Бибілер, сіздерді қайта көргіміз келеді 🤍 Өткен жылы кітап клубында бірге болған қыздарға арнайы жаңалығымыз бар 🌿 Биыл біз клубты жаңа форматта — «Бибілер» трансформациялық клубы ретінде жаңарттық. 5 бағыт бойынша бірге жұмыс жасаймыз: ✨ Тұлғалық даму ✨ Қарым-қатынас ✨ Қаржы ✨ Бала тәрбиесі ✨ Денсаулық Қазан айынан бастап, 9 ай бойы біз клубты жаңа форматта жүргіземіз. Бибілер трансформациялық клубында ай сайын айлық бағдарлама әзірленетін болады. Ай сайын 5 бағыт бойынша айлық бағдарлама өткіземіз. Ай сайын бір бағытқа фокус қойып, бірге жұмыс жасайтын боламыз: “Бибілер трансформациялық клубы” жайында толық ақпарат👇🏻 https://aisulubibi.tilda.ws/ Қатысу құны — 9 990 тг 🤍 Егер қайтадан Бибілер ортасында болғыңыз келсе, «ҚАТЫСАМЫН» деп жауап беріңіз 💌 ЕРТЕҢ БАСТАЙМЫЗ🎯✅

2
پیام ویدیو
128
3
پیام ویدیو
128
4
پیام ویدیو
119
5
پیام ویدیو
124
6
پیام ویدیو
125
7
پیام ویدیو
124
8
پیام ویدیو
1
9
https://youtu.be/8QclK3FtqVk?si=OdFIDNjK78wPQEEE
1
10
Бибілер, сіздерді қайта көргіміз келеді 🤍 Өткен жылы кітап клубында бірге болған қыздарға арнайы жаңалығымыз бар 🌿 Биыл біз клубты жаңа форматта — «Бибілер» трансформациялық клубы ретінде жаңарттық. 5 бағыт бойынша бірге жұмыс жасаймыз: ✨ Тұлғалық даму ✨ Қарым-қатынас ✨ Қаржы ✨ Бала тәрбиесі ✨ Денсаулық Қазан айынан бастап, 9 ай бойы біз клубты жаңа форматта жүргіземіз. Ай сайын 5 бағыт бойынша айлық бағдарлама өткіземіз. Ай сайын бір бағытқа фокус қойып, бірге жұмыс жасайтын боламыз: “Бибілер трансформациялық клубы” жайында толық ақпарат👇🏻 https://aisulubibi.tilda.ws/ Қатысу құны — 9 990 тг 🤍 Егер қайтадан Бибілер ортасында болғыңыз келсе, «ҚАТЫСАМЫН» деп жауап беріңіз 💌
290
11
Балама не керек? Отбасыма не керек? Жұмыста менен не күтеді? Ертең не істеуім керек? Ал «Мен не қалаймын?» деген сұрақты өзімізге тым сирек қоямыз. Қазан айындағы бағдарламаны дайындағанда менің ойымнан дәл осындай Айгүлдер кетпеді. Өмірі жаман емес. Бірақ өзінің өмірін бір күні кейінге қалдырып қойған әйелдер. Сондықтан бұл бағдарламада мен сізге қалай өмір сүру керегін айтқым келмейді. Оның орнына бір айға күнделікті қарбаластан сәл шығып, өз өміріңізге сырттан қарап көруді ұсынғым келеді. Қазір мен қайдамын? Осы өмірімнің қай тұсын жақсы көремін? Қай тұсын өзгерткім келеді? Менің өз қалауым қандай? Бес жылдан кейін оянатын таңымның бүгінгі таңнан несі өзгеше болғанын қалаймын? Бір айда біз осы сұрақтардың жауабын іздейміз. Он екі сабақтың әрқайсысы сізді өз өміріңізге қайта-қайта қарауға жетелейді. Жазасыз, ойланасыз, тапсырмалар орындайсыз, өміріңізге аудит жасайсыз, қалауларыңызды анықтайсыз, бес жылдан кейінгі өзіңізді елестетесіз. Өйткені кейде адамға жаңа өмір бастау үшін бәрін тастап кетудің қажеті жоқ. Алдымен қайда барғысы келетінін анықтап алу жеткілікті. Бір айлық бағдарламаның құны — 10 000 теңге. Ал мен оның ең үлкен нәтижесі мынау болғанын қалар едім: бір айдан кейін біреу сізден «Сіз қандай өмір сүргіңіз келеді?» деп сұрағанда, Айгүл сияқты ұзақ үнсіз қалмасаңыз екен…
328
12
42 жастағы Айгүлдің өмірінен… Айгүл көзін ашқанда сағат 6:47 екен. Будильник жетіге қойылған. Бірақ соңғы жылдары ол будильниктен бұрын оянатын болып жүр. Үй іші әлі тыныш. Асүйге кіріп, шәйнекті қосты да, терезенің алдына келді. Қала да енді оянып келе жатқандай. Осы он үш минутты Айгүл жақсы көретін. Күні бойы бәріне керек әйелді ешкім мазаламай, жай ғана өзі отыратын аз ғана уақыты осы еді. Дастарқанын жасап, шайын құйып, телефонын қолына алды. Инстаграмды аша бергені сол еді, теңіз жағасында жүрген әйелдің видеосы шықты. Үстінде ақ көйлек. Шашы желге ұшып тұр. Ал артында шеті көрінбейтін көк теңіз. Айгүл видеоны соңына дейін көрді. «Келесі жылы мен де міндетті түрде бір жаққа барамын», — деп ойлады. Дәл сол кезде бөлмеден қызының даусы естілді. — Мама, менің ақ кофтам қайда? Айгүл телефонын үстелге қойды. Осыдан кейін күннің қалай басталып, қалай зулап кеткенін өзі де аңғармай қалды. Бір қызының кофтасы табылмады. Екіншісі таңғы ас ішкісі келмеді. Күйеуі кілтін іздеді. Жолда мұғалімнен хабарлама келді. Жұмысқа кіре бергенде әріптесі бір мәселені шешіп беруін өтінді. Түскі ас кезінде Айгүл сөмкесінен қалам іздеп отырып, арасында бүктеліп қалған кішкентай қағазды тауып алды. Былтыр жаңа жылда өзіне арнап жазған жоспары екен. «Ағылшын тілін бастау. Спортқа бару. Жеке жобамды қолға алу. Италияға саяхаттау». Айгүл қағазға біраз қарап отырды. Төртеуінің де қасына белгі қойылмаған. Терезеге көз тастап еді, ағаштардың жапырағы сарғайып қалыпты. «Қыркүйек те өтіп барады екен ғой…» Қағазды қайтадан сөмкесіне салды. Кешке үйге қайтарда дүкенге кірді. Үйге келген соң кешкі ас әзірледі. Ыдыс жуды. Кір жуғыш машинаны қосты. Баласының ертеңгі сабағын сұрады. Ата-аналар чатындағы қырық шақты хабарламаны оқып шықты. Сағат 22:18-де ғана диванға отырды. Теледидар қосулы тұрғанымен, Айгүл экранға қараған жоқ. Таңертең көрген көк теңіз есіне түсті. Артынша сөмкесіндегі кішкентай қағаз ойына оралды. Ағылшын. Спорт. Жеке жоба. Италия. Осы кезде бөлмесінен қызы шықты. — Мама, мен бес жылдан кейін университетке түсем ғой. Қайда оқысам екен? Айгүл бірден елең ете қалды. — Оны қазірден ойлау керек. Ағылшыныңды жақсылап оқы. Қай мамандықты қалайтыныңды анықтайық. Сосын университеттерді қараймыз. Бес жыл деген тез өтеді. Қызы басын изеп, бөлмесіне кіріп кетті. Айгүл диванда жалғыз қалды. «Бес жыл деген тез өтеді…» Жаңа ғана өзі айтқан осы сөз біртүрлі құлағында жаңғырық болып қалып қойды. Бес жылдан кейін қызының қайда түсетінін ол шамамен елестете алады. Қайда оқитынын, қандай тіл білетінін, қандай мамандық таңдайтынын — бәрін талай ойлаған. Ал өзі ше? Бес жылдан кейін Айгүл 47-де болады. Ол қайда тұрады? Таңертең оянғанда қайда асығады? Қандай іспен айналысады? Қанша табыс табады? Тәні қандай болады Кімдермен араласады? Жылына неше рет саяхаттайды? Күндері бүгінгідей өте бере ме, әлде мүлде басқа өмір сүре ме? Айгүл көзін жұмып, бес жылдан кейінгі өзін елестетіп көрді. Ештеңе анық көрінбеді. Осынысы оған ауыр тиді. Өйткені оның арманы жоқ емес еді. Арманы көп болатын. Тек сол армандардың бәрі өмірінің бір бұрышында «кейін» деген “сөреде” жиналып қалған еді. Бір күні ағылшын үйренеді. Бір күні спортқа барады. Бір күні өзінің жобасын бастайды. Бір күні Италияны көреді. Бір күні өзіне көбірек уақыт бөледі. Айгүл осы «бір күні» деген сөзді отыз екі жасында да айтқанын есіне түсірді. Отыз жеті жасында да айтқан. Қазір қырық екіде. Тағы бес жыл өткенде де осы диванда отырып, сол армандарын «бір күніге» қалдырып отырмайтынына кім кепіл? Айгүл жалқау әйел емес еді. Керісінше, таңнан кешке дейін тыным таппайтын. Бір күнде қаншама адамның шаруасын бітіріп, қаншама мәселені шешетін. Тек сол қарбаластың арасында өзінің өмірі қайда бара жатқанын сұрауға уақыт таппапты. Ол орнынан тұрып, сөмкесінен әлгі қағазды алды. Асүйдегі үстеліне отырды да, былтырғы төрт арманының астына бір сөйлем жазды: «Мен шын мәнінде қандай өмір сүргім келеді?» Қаламын қолынан түсірмей біраз отырды. Жауап бірден келген жоқ. Бәлкім, біз өзгелерге қатысты сұрақтарға жауап беруге әбден үйреніп кеткен шығармыз.
348
13
Қайырлы күн, бибілерім🫶🏻 Стористе көптен бері ойымда жүрген маңызды шешіммен бөлісіп жатырмын. https://www.instagram.com/stories/aisulu.bibi/3986503224739298633?utm_source=ig_story_item_share&stkn=MWY3d3YwMHR3cW45aw==
153
14
Ақшаңыз көбейсін десеңіз, алдымен ақша туралы ойыңызды тексеріңіз «Ақша адамды бұзады». «Байлық бәріне бұйырмайды». «Көп ақша табу үшін күні-түні жұмыс істеу керек». «Маған ондай ақша қайда…» Джен Синсеро «Ты крутая!» кітабында қаржылық жағдайды өзгертпес бұрын, адамның ақша туралы қалыптасқан түсініктерін байқап көру керегін айтады. Өйткені біз кейде көп ақша тапқымыз келеді, бірақ ішімізде сол ақшадан қорқып тұрамыз. Автор бірнеше нәрсеге назар аударуды ұсынады. Біріншіден, ақшаны жаман не жақсы нәрсе деп емес, құрал деп қабылдау. Ақша өздігінен ешкімді жақсы да, жаман да етпейді. Оның қандай мақсатқа жұмсалатынын адам өзі шешеді. Екіншіден, қаржылық мақсатыңызды нақтылау. «Көп ақша тапқым келеді» — мақсат емес. Қанша? Қай уақытқа дейін? Ол ақша не үшін керек? Оған жету үшін бүгін не істей аласыз? Нақты сан болған жерде нақты әрекет пайда болады. Үшіншіден, өзіңізге инвестиция салу. Жаңа білім, жаңа дағды, жаңа орта адамның табыс табу мүмкіндігін кеңейтеді. Кейде ең пайдалы инвестиция — өзіңіздің құныңызды арттыратын білім. Төртіншіден, ақшаның қайда кетіп жатқанын білу. Көп табу ғана емес, бар ақшаны саналы жұмсау да маңызды. Импульспен алынған ұсақ-түйек кейде үлкен мақсаттарға жетуге кедергі болады. Бесіншіден, мүмкіндіктен қорықпау. Кейде табыстың келесі деңгейі жаңа жұмыстың, жаңа жобаның немесе бұрын жасап көрмеген істің артында тұрады. Бірақ қорқыныш бізді үйреншікті жерде ұстап қалады. Синсероның кітабынан шығатын маңызды ойдың бірі осы: Қаржылық еркіндік әмияннан бұрын санада басталады. Сондықтан бүгін бір сұраққа жауап беріп көріңіз: «Мен көп ақша табуға шынымен дайынмын ба, әлде ақша туралы ескі түсініктерім мені әлі де ұстап тұр ма?» Ал сіз бала күніңізде ақша туралы ең жиі қандай сөз еститін едіңіз?
290
15
Біз бастадық. Эфирге кіріңіздер❤️
256
16
https://us06web.zoom.us/j/89492642664?pwd=9sJg8VXFgaSkFcW7wb4pa7IwNSke8C.1 @⁨Клуб резиденттері⁩
https://us06web.zoom.us/j/89492642664?pwd=9sJg8VXFgaSkFcW7wb4pa7IwNSke8C.1 @⁨Клуб резиденттері⁩
279
17
Кез келген адам көп ақша таба алады. Кедергілері өзінің басында. Ойланып көрші, “На что ты променяла деньги?” - дейді автор. Сөйтіп, қызық тапсырма береді. Ақшаның орнына таңдап алғандарыңды түсіндіреді. Ақша - Құдайдың ойлап тапқаны емес. Ол жай алыс-беріс құралы. Сонда оған қалай қарау керек? Автордың кітабынан жауабын табасыздар. Свияштың кітабынан…
489
18
📚 Бибілер клубының кітапханасы Идея №2 «Мен оны білемін» деген ой неліктен қауіпті? Жаңа білім алуға ең үлкен кедергі – білімсіздік емес. Көбіне оған «мен мұны бұрыннан білемін» деген сенім себеп болады. Эллен Лангердің пікірінше, адам бір нәрсені таныс деп қабылдағаннан кейін, оны қайта зерттеуге деген қызығушылығы төмендейді. Сол себепті біз кейде: • бұрыннан істеп жүрген жұмысымыздан жаңа мүмкіндік көрмейміз; • жақын адамдарымыздың өзгергенін байқамаймыз; • бір мәселені бұрынғы тәсілмен ғана шешуге тырысамыз. Ал саналылық дегеніміз – бұрыннан таныс нәрсеге де жаңа көзқараспен қарай алу. Бүгін өзіңізге бір сұрақ қойып көріңіз: «Мен мұны шынымен білемін бе, әлде бұрынғы түсінігіме ғана сүйеніп отырмын ба?» Кейде жаңа жауап дәл осы сұрақтан басталады. 📖 Бұл идея Гарвард университетінің профессоры Эллен Лангердің «Осознанность» кітабынан. Кітаптың толық талдауын Бибілер клубының кітапханасынан тыңдай аласыз. Жалғасы бар… Келесі бөлісетін идея: Неге бір оқиғаның бірнеше дұрыс түсіндірмесі болуы мүмкін? #БибілерКлубыныңКітапханасы #Осознандық #КітапТалдауы #БибілерКлубы
578
19
📚 Бибілер клубының кітапханасынан инсайт №1. Ми бізді қалай алдайды? Бір көшемен күнде өтетін адам сол көшеде жаңа дүкен ашылғанын бірнеше апта бойы байқамай жүруі қалыпты жағдай. Бұл көру қабілетіне байланысты емес. Психолог Эллен Лангердің айтуынша, ми таныс ортаны автоматты түрде өңдейді. Ол бұрыннан белгілі ақпаратқа аз назар аударып, энергияны үнемдеуге тырысады. Дәл осы себептен біз кейде: • бір мәселеге бұрынғы тәсілмен ғана қараймыз; • адамдар туралы алғашқы пікірімізді өзгертпейміз; • күнделікті өмірдегі жаңа мүмкіндіктерді байқамаймыз. Автор саналылықты медитациямен емес, жаңа айырмашылықтарды байқай алу қабілетімен байланыстырады. Бүгін шағын тәжірибе жасап көріңіз. Үйден шыққанда немесе жұмысқа бара жатқанда бұрын назар аудармаған 5 жаңа нәрсені байқауға тырысыңыз. Мүмкін, сіз күнде көріп жүрген ортаңызда әлі байқамаған дүниелер көп шығар. 📖 Бұл Гарвард университетінің профессоры Элен Лангердің “Осознанность” деген ғылыми еңбегі. Клубта толық талдаған кітаптардың бірі. Келесі постта «Мен онсыз да білемін» деген ойдың неліктен адамның дамуын тежейтінін айтамын. #БибиклабКітапханасы #Осознанность #ЭлленЛангер #КітапТалдауы #ӨзінДамыту
469
20
Бізде ертең “Ризашылық күнделігін толтыру” марафоны басталады. Қосылам десеңіздер, сілтемеден өтіңіздер https://chat.whatsapp.com/CBwWmit5JZJLZS1PZQBarJ
393