cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

ZHANNUR

Бұл – менің шығармашылық алаңым. 1️⃣ Мұнда түйген ой-жазбалар 2️⃣ “Nazik Alem” деп аталатын подкастым бар. Сілтеме: https://podfollow.com/nazik-alem 💜 Ақылы подкасттарды төлеу: 💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast)

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
6 793
مشترکین
-1424 ساعت
-257 روز
-16230 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Photo unavailableShow in Telegram
Қайырлы күн! Керемет аудио-подкаст шықты. Қонақта Табиғат Қаутай жары – Гүлзат ханым 🌷 🔹 “Мақсатыңызға ақылмен емес, жүрекпен жетесіз” деді подкастта Гүлзат ханым 😍 Одан бөлек сұқбатымызда: 🔹 Өзіңді танымай, Алланы тану мүмкін бе? 🔹 Шешім жүректен лезде шығады 🔹 Жүрек қалауын тыңдау 🔹 Ізгі аналар жайлы және т.б тақырыптар қамтылды. 🖇️ Подкастта сілтеме: https://youtu.be/fvJaq0aybSY?si=kiZIgn2MsRuIfpex Подкаст тегін. Қолдау үшін: 💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast) 🔋 Алла Тағала әркез жүрегімізді таза, ниетімізді түзу етсін! Әмин! ✨
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Бұл сіздерге 😚
نمایش همه...
Ең маңызды “ДжекПот” Алдында ойланып кетіп: “осы мен ешқашан лотерея, ұтыс ойындарынан ешқашан ұтып алмайды екенмін” деп айтып қалдым да, лезде жолдасым есіме түсіп. “Еее, Нағыз Джекпотты 2 жыл бұрын нәсіп етіп қойыпты ғой” дегенмін. Ізгі Жолдас – ең бағалы ДжекПот ұтып алғанмен тең… Сіздерге де Алладан ең маңызды джекпот нәсіп етсін!
نمایش همه...
“Егер Алланың сендерге деген шексіз шарапаты мен мейірімі болмағанда, егер Алла тәубелерді қабыл етуші һәм әр ісі, әр үкімі көптеген хикметтерге негізделген асқан дана болмағанда, көрген күндерің не болар еді?!” (Нұр сүресі, 10-аят)
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Көптен күткен керемет подкаст жарық көрді 😍 Подкаст қонақтары сүйікті ханымдарым – Жансая Шерімбаева мен Әсел Бердоңғарова 💐 Подкастта: 🔸 Кітап клубы = терапия 🔸 Тұрақты кітап оқу үшін.. 🔸 Даналықты арттыру 🔸 Тыңдарманға сыйлық 🔸 Кейіпкерді қабылдау = айналаны қабылдау және т.б тақырыптар қамтылды 💌 🖇️ Подкастқа сілтеме: https://youtu.be/-JlQ-4bTKKQ 📚 Алла әр білгенімізді амалға айналдыруды нәсіп етсін! ✨
نمایش همه...
Туған күн 🌷 Осыған дейін туған күндерімді қатты күтетінмін. Жақындағанда "Анау керек/ мынау керек" деп wish list жазатынмын. Қызық, бүгінгі туған күнде ешнәрсе күтпеудемін. Әрине, Алладан келетін кез-келген жақсылыққа зәруміз. Ол бөлек дүние. Бірақ адамдарға белгілі бір шарт қоятыным, олардан алғым келетін қалауларым (хотелка) жоқ екен. Адамдардың жай ғана бар болуының өзі – Алла Тағала жіберген ең үлкен сыйы деп білемін. Осы күйде жүргеніме 2 айдай уақыт болған шығар. Бір рақат екен! Күттірмей келгеннен кейін бәрі тосыннан, бәрі сюрприз, бәрі қызық! Жүректе шүкіршілік сезімінің жаңа қырлары ашылғандай. Алла Тағала баршамызға ең көркем сезімдерді кешуді нәсіп етіп, әрі оны ұзағынан етсін! ✨
نمایش همه...
«Бисмилля» деп бастаймыз Сіздермен бірге Жаннұр 🎧 https://youtu.be/IjTbYZ-jmPA?si=bSkutGsDxeuPA8gJ Бұл ютуб каналда подкасттарым ғана бар еді. Енді осындай влогтарды да көре аласыз, Алла қаласа. Подкасттарым сияқты ресми болмайды. Алғашқы влог болғалы тұр. Сол үшін сәл-пәл қобалжып тұрмын. Алғашқы влог подкас туралы болса дедім. Себебі, бұл менің жанымды салып жасайтын сүйікті ісім. Содан бастайын деп шештім. 🔋 Таймкод: 0:10 Сумкамды жинау 2:15 Ұшақта 4:00 Эмоциялар 4:40 Дайындық атмосферасы 4:55 Алған 3 подкасттан үзінділер 9:27 Кешкі ас 11:50 Признаюсь вам в любви 12:20 Сыйлықтар unpacking 13:33 Үйде Пікірлеріңізді влог-тың пікірлер бөлімінде күтемін 🥰
نمایش همه...
АЛҒАШҚЫ VLOG: ПОДКАСТ ҚАЛАЙ ТҮСІРІЛЕДІ? Алматыға сапар, подкасттан үзінділер, түрлі сезімдер

«Бисмилля» деп бастаймыз Сіздермен бірге Жаннұр. Бұл ютуб каналда подкасттарым ғана бар еді. Енді осындай влогтарды да көре аласыз, Алла қаласа. Подкасттарым сияқты ресми болмайды. Алғашқы влог болғалы тұр. Сол үшін сәл-пәл қобалжып тұрмын. Алғашқы влог подкас туралы болса дедім. Себебі, бұл менің жанымды салып жасайтын сүйікті ісім. Басты жұмысым болмаса да, хоббиім. Содан бастайын деп шештім. Сіздерден қолдау, пікір, лайк күтемін! 😊 Insta: @zhannur_talasbayeva 💌 🔋 Таймкод: 0:10 Сумкамды жинау 2:15 Ұшақта 4:00 Эмоциялар 4:40 Дайындық атмосферасы 4:55 Алған 3 подкасттан үзінділер 9:27 Кешкі ас 11:50 Признаюсь вам в любви 12:20 Сыйлықтар unpacking 13:33 Үйде

Photo unavailableShow in Telegram
🎙️ Қонақта ТӨРЕБЕК БЕКБАЕВТЫҢ ШӘКІРТІ коуч, психосоматолог Әсел Бердоңғарова 💎 🎉 Қайырлы кеш! YouTube, Podcast платформаларында керемет аудио-подкаст шықты 🎉 🖇️ Подкастта: 🔸 Әке 🔸 Измена 🔸 Екінші әйел 🔸 Жаратылыс хикметі 🔸 Әйелдің еркекке айналуы 🔸 Ақшадан қорқыныш қашан? және т.б тақырыптар талқыланды 🍃 🖇️ Подкастқа сілтеме: https://youtu.be/z5pZOxGK0z0 💌 P.S: Подкасттың алғашқы 34 минуты тегін. Толық тыңдау ақылы. 2000тг. Қай бөлімі ақылы екені подкастта да ескертіледі. 💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast) 🔋 Алла Тағала әркез рухымызды биік, жүрегімізді таза, ниетімізді түзу етсін! Әмин! ✨
نمایش همه...
Repost from Zhantore Rakymbek
Рух күткен көктем Қасиетті 3 ай – Ережеп, Шағбан, Рамазан – туралы уағыздан түртіп алғандарым: Әр адам суық күз, аязды қыстан кейін көктемді күтеді. Көктемде көктен жаңбыр жауып, барша әлем қайта тіріледі. Дәл солай адам рухы да көктемді күтеді. Рух үшін көктем – Қасиетті айлар. Жаратылыс қар астанда қалса, рух нәпсі астында қалады. Ішкі тынышсыздық – қазіргі деңгей мен адам өзі жете алатын деңгей арасындағы айырмашылықтан туады. Мұсылман болу әсте әсте. 90 күнде 90 саты. Ережеп – егін салу, Шағбан – суару, Рамазан – ору. Кім нені ексе, соны орады. Кім егін екпесе, өкініште қалады. Аспаннан алтын, алмаз жауғандай мейірім, береке жауатын өте қасиетті айлар, бағалы күндер келіп жетті. Шүкіршілігі – ысырапсыз қолдану. Ерік-жігерді тиімді әрі барынша пайдаланып, мейірім мен берекет жаңбырымен қайта жандану. Кейінге қалдырмау. Кейінге қалдыру – кесел. Ражаб – ұлықтау, құрметтеу деген мағына береді. Ережептегі қасиетті түндер: Рағайып; Миғраж. Қасиетті түндерде Қадір түніне дайындық жасау. 1. Бұл айдың басым-көпшілік күндерін оразамен өткізген дұрыс. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл айда көп ораза ұстаған. 2. Қаза оразасы болса қазасын өтеу. 3. Құран оқуға әрекет жасап, оны түсінуге тырысып, Рамазан айына дайындалу. 4. Жаңа ғибадат бастау. Ұмыт болғанды жақсы әдеттерді, ғибадаттарды қайта жандандыру. 5. Рамазаннан кейін келесі рамазанға дейін сол деңгейді сақтап қалу. #уағызданүзінді
نمایش همه...
Photo unavailableShow in Telegram
Шымкент ✨
نمایش همه...