cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

men❤️‍🩹

оқшау ой. санаға салмақ салар сөз. терең ойдың телміріп соңына ерген. ілім дәриясынан маржан терген. көрген-баққан. оқу-тоқу. жазған-сызған.

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
8 007
مشترکین
+3224 ساعت
+437 روز
+13630 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

– надан деген кім өзі? – есіл уақытын қайырсыз іске арнайтын, өз қолымен от көсеген қамсыз кісі. надан “бас көзімен” ғана ойланады. көңіл көзін шел басқан. ел көзі түсетін жерін жылтыратып сарсаңға түседі. Құдай қарайтын жүректе шатағы жоқ. терең ойдан, сау ақылдан қалған – өліммен бітіп жоғалатын нәрселерді құндылық көреді. сен өлген соң-ақ сені тастай қашатын жылтыраққа алданба. оны іздеп, уақыт арнап, жалғасын таппайтын сағымға салынба… “ғалымның хаты өлмейді” дейді қазақ. қабірден ары қарай да сенің үй жолдасың болатын жақсы амалға серік бол, көңіліңе соны медет тұт.
نمایش همه...
60💔 13❤‍🔥 5🔥 4🕊 3
күйе тимей, сия тимей кісіні кірлеп, былғайтұғын не нәрсе? ол – орынсыз жерде келген ашу. 🌷Мәшһүр Жүсіп әулие.
نمایش همه...
67💘 9🔥 7👍 4 1
бақыт деген…қолыңда барға қуанып, қолда жоққа қайғырмау. байлық деген…қолда қалған ақша емес, қолыңнан шыққан садақаң. жомарт деген…көп садақа беретін емес, аз болса да оңайлықпен беретін кісі. ілім деген…”мен білем” деп мұрын шүйіру емес, білгеніңмен амал ету. ықылас деген…күнәлі істі жақсы етіп көрсету емес, жақсы амалыңды күнәңдей жасыру. ниет деген…жақсыларды көре алмау емес, жақсылықты көрсетпей жасау. 🌜ой жүйрік қой…
نمایش همه...
133❤‍🔥 13👍 7🔥 7🕊 5💘 5 1
“елдің бәріне жағам деген кісі лидер болмайды. балмұздақ сатады”. стив жобс көкө жөн айтыпты. көп айтса көнетін, жұрт айтса бас шұлғитын, ақылдаспай, мақұлдасқыш келетін кісі көш бастамайды. оны Абай “единица болмаса, не болады өңкей нөл” деп ақжем болған алауыз ағайынды бірігуге үндейді. 🍦кемшілікті кім болса да байқағыш. оны түзету нағыз “единицалардың” ісі.
نمایش همه...
120👍 11🔥 9 5🥰 5🤝 1
шын жандылар – “жансыздар”. Аллаға қарсы шыққан қауымдарды асау толқынның астына көмген, жұтып тынған теңіз-сулар иләһи бұйырықты бұлжытпай орындаушы, дұшпан мен досты танушы “жандыларға” жатады. дәл сол теңіз-мұхит хазіреті Нұх пен Мұса пайғамбарға жар болды, құшағына алып, үстінде тасыды. теңіз танымы бұйрыққа бағынумен таразыланады. оны бұлжытпады да. Нәмрудтің жаққан жалыны хазіреті Ибраһим пайғамбар үшін гүлстанға айналып, жұпар шашты. от бұйрықты екі етпеді. демек от та Құдайы мен пайғамбарын таныған “жандылар” қатарында. ұшқан құс, жортқан аң, жайқалған гүл, атқан таң, батқан күн, тастан тартып тауға шейін өз зікірін қалтқысыз, мүлтіксіз, үздіксіз атқарады. біз жансыз санайтын жаратылыстың, расында, өз бітім-болмысы, “жаны” бар. оны бас көзімен емес, көңіл көзімен көресің. 🌊түйін: нәпсі ноқтасын шешкендер тәннің түрмесінен құтылады. ішіп-жеу, қызық қуу, бос мақтан дегендей. ал іштегі кірін кетірген кісілер Жасаған Иесінің досына айналады. бәлекеттер оған бағына бастайды. маңай-төңірегін оған бағындырып қояды.
نمایش همه...
54🔥 5💘 5👍 3🥰 1🕊 1
что не умеет наш мозг? сүйікті куала-лумпурдағы 3-күн. кезінде сабақ берген студенттерім оқу бтіріп, “дәу жігіт” боп, диплом алып жатыр екен. көріп қуанып қалдым. жасарып жатпағанымды, кешегі ғана шапанымыздан шыққан шикіөкпелерің пісіп-жетілгенін көріп жырғап отырмын. магистратураға түсіңдер, қарғаларым. түсейін бе, жоқ па деп көп ойланбай, түсіп алыңдар. әйтпесе, кезінде ағылшыннан дәріс оқыған профессор Светлана апай Әшімханова айтпақшы, “системный прогульщик” боп кетесіңдер. магистратураның ең үлкен тақауыры – дайын кестең болады. егер ерте тұрып, ерте жүру дағды-машыққа айналмаса тіптен жақсы, бос жатып, ит аузына ағаш тықпайсың. сабағың, ортаң, ұстазың, кітабың, әрбірден соң барар жерің бар. тіпті болмаса кітапханаға кіріп, тегін алар кітабың даяр. ол біле-білген адамға нығмет. магистратура – дайын нетворкиң. әлі талай көзің жетер, Құдай саған маңайыңда жүрген замандас-қаламдас арқылы түрлі-түрлі ризық есігін ашады. сеп, себепкер болады. бакалаврда бір-біріне мұрнын шүйіргендер магистратурада шүйіркелесе келе шаңырақ көтеріп жатқандар қанша…ай сайын алатын 100 мың теңгең қалтаң теспейді Алматыда. жұмсалар жерің дайын. түсіп ал! саған ұнап-ұнамауы шарт емес. бастапқыда тыржиған нәрселердің астарында ат басындай алтын жатады. дайын қамшы. дайын орта. дайын кесте. ми бос емес. 🧠 жә, что не умеет мозг? мозг не умеет не учиться. оқың сондықтан)
نمایش همه...
145🤝 14🔥 13💘 6 2😍 1💋 1
бұрынғының дін ұстанғаны мұсылман еді. қазір оларды “діншіл” деп шеттетеді. бұрынғының тіл мамандары тіл тазалығын дәріптеді, емле түзді, сөздік шығарды, газет басты. қазіргінің граммаршылары тіл-тіл деп алып, дінмен алысып кетті. баласы орыс мектебіне беріп, блогын орысша жүргізгенімен шатағы жоқ кекірт кісілер тап тілге келгенде емешегі езіліп, “арабизацияның” жалауын желбіреткіш. оның ар жағында мұсылмандық болмысты жатырқау жатады. оны және мойындамай арамтер. бұрын пәлен ғасыр бойы араб-парсы тілінде оқыған, қазақ зиялылары аударған жыр-дастан, қисса-хикаяларға қазрігі қоғам әлдебір “изациялардың” ноқтасын кигізгісі келеді. ілгерінің ізгілері тілім-тілім болған тілін ойлап, жоба тауып, жол көрсетсе, кейінгілер “арабизация” деген желеумен ислами құндылықтарды тұншықтырып, тұқыртқысы келеді. бұрынғының қазағы исламды атам діні, бабам ділі деп білсе. қазіргілер “арабқұлдану” құралы қып көрсеткісі келеді. бірақ ол туралы арабтардың хабары жоқ) бұрынғының қазағы дінді қазық етсе, қазіргінің қазағы азық етті. материалдық құндылықтарды көбейтудің жолы етті. қай жерге барма, байлық, баю, ризық туралы әңгімеге ислами дәм беріп айтады. иманын арттыру емес, қалта қампайту тәрізді. дінді дүнеуи мақсатқа жетудің қолжаулығы етуге әсте болмас. ақыреттік ұғымдарды пәни, төменшік мақсатқа жығып бермеу лазым. әйтпесе дұғаны тек жағдай жақсарту үшін оқитын ұрпақ келеді. ешбір құлшылық пәни, пендеуи мақсатты діттемесе керек. солай…
نمایش همه...
109👍 13🔥 10❤‍🔥 6 5🕊 4💔 4🥰 1🎉 1
Photo unavailableShow in Telegram
бос отырған екі адамнан шайтан қашады. оларды азғырып керек емес. екеуінің бостығы Алланы ұмыттыруға жетіп артылады.
نمایش همه...
76🕊 22💘 12👍 10🥰 2🔥 1🎉 1
ойлы оқырман, амансыздар? сапарға шығып барам. ақ жол тілеп, дұғаларыңызға қосарсыздар. көп тілеуі – көл. бір бауырына дұға еткен адамның тілегінің қабыл болуын мейірімді Алла дұға еткен адамның өзінен бастайды… 🇹🇭29-30 маусым арасы Тайландтың Бангкок, Паттайа қалаларындамыз, бұйырса. 🇲🇾30 маусым мен 2-3 шілде Малайзияның Куала-Лумпур, Путражайа қалаларындамыз, бұйырса. 🇮🇩4-5-6 шілде Индонезияның астанасы Жакартадамыз, бұйырса. Ары қарай аралдарына да барып қалармыз. кезігем, бір шыны шай ішіп, қауқылдасып қалайық дейтін ағайындар болса, мархабат💖
نمایش همه...
104👍 26😍 18🤩 8🥰 6🎉 5💘 5🕊 3🤗 3🔥 2🤝 1
00:41
Video unavailableShow in Telegram
video.mp45.18 MB
🔥 24💘 6🕊 2
یک طرح متفاوت انتخاب کنید

طرح فعلی شما تنها برای 5 کانال تجزیه و تحلیل را مجاز می کند. برای بیشتر، لطفا یک طرح دیگر انتخاب کنید.