cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Үйде жатпа!

Оқы, ойла, дамы! Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған. • Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар • Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес • Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
10 691
مشترکین
-2124 ساعت
+87 روز
-21230 روز
توزیع زمان ارسال

در حال بارگیری داده...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
تجزیه و تحلیل انتشار
پست هابازدید ها
به اشتراک گذاشته شده
ديناميک بازديد ها
01
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 🥳 Астанада 5 жасар баланы құтқарған оқушы марапатталды. Ақанның көрсеткен ерлігі - көпке үлгі!👍 🕺 Қазақстанда алғаш рет Леонардо да Винчидің La Bella Principessa туындысы көрсетіледі. Тамашалау тегін екен! Міндетті түрде барып қайтыңыз!😍 😋 Қазы – әлемдегі ең үздік шұжықтар қатарына кірді. Тамаша!🔥 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/o-ushy-tuyndy-azy-23-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #туынды
5310Loading...
02
💡💡💡💡💡💡💡 “Наурыз” ипотекалық бағдарламасының негізгі шарттары қандай? 🏠 Баспаналы болуды жоспарлағандар үшін тиімді бір мүмкіндік бар. Бұл –“Наурыз” атты жаңа ипотекалық бағдарлама. Өтінім берушілерге “Отбасы банкінен” депозит ашу мерзіміне талап қойылмайды. Тек шотта 1 млн тг болуы шарт және кейінгі 5 жылда атында үй болмауы керек. 💸 Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: ▪️халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар үшін (ХӘОТ) - 7%(ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін); ▪️тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар, қандастар мен Қазақстан Республикасының өзге де азаматтары үшін - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін). Заемның ең жоғары сомасы (жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде): • Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін. • ҚР қалған өңірлері үшін 30 млн теңгеге дейін. Алғашқы жарна: заем сомасының 20%-нан бастап; Несиелеу мерзімі - 19 жылға дейін; 🟢 Қарыздың нысаналы мақсаты: Тұрғын үй сатып алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үй сатып алу және бастапқы тұрғын үйді жөндеу. Заем сомасының 50% жинақталғаннан кейін заем бойынша мөлшерле жылдық 3,5% (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5% (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) төмендейді; 🟢 ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Жинақтау мерзімі: Отбасы банкінде депозит ашу қажет (жоқ болған жағдайда), алайда салым мерзімі ескерілмейді. Депозиттегі жинақтың ең аз сомасы: кемінде 1 млн теңге (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте депозитте кемінде 1 млн теңгеге тең болуы тиіс. Жинақтау сомасы бұдан төмен депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды). Бұл соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында аударуға болады. Тарифтік бағдарламалар: "Табысты", "Жинақ", "Арнау" тарифтік бағдарламаларын қоспағанда, барлық тарифтік бағдарламалар ("Табысты", "Жинақ" және "Арнау" тарифтік бағдарламалары шеңберінде ашылған депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды). Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау: Салымшыда "Кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға алу" және "Отау" бағдарламаларына қатысушы мәртебесінің болмауы. Салымшыда инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы: депозит қолданысына тыйым салу, инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулерден бос болуы керек. 🟢 ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР: Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қандас мәртебесі; Өтініш берген кезде қатысушының жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы керек; Соңғы 6 ай ішінде ресми табысының болуы (Кірістерге еңбек қызметінен түскен жалақы, кәсіпкерліктен түскен пайда, ақылы қызмет көрсету шарты бойынша түскен табыс, жәрдемақылар, стипендия және тұрғын үй төлемдері кіреді. Егер бағдарламаға қатысушының табысы жеткіліксіз болса, онда ол кепілгер болатын екі қарыз алушыны (туысқандық қатынастың болуы міндетті емес) тарта алады); Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйдің болмауын және тұрғын үймен жасалатылған операциялардың болмауын тексеру. Отбасы мүшелеріне: күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер қатысушы некеде болмаса, онда тұрғын үйдің бар-жоқтығы тек өзінен тексеріледі. Бағдарламаға қатысушылардың ата-аналарынан тұрғын үйдің бар-жоғын тексермейді; Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде (18 жасқа дейінгі балалар) соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша кез келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауы; Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды; Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады; Бағдарламаға қатысқаны және заем алғаны туралы ақпаратты банктің ресми сайтында орналастыруға келісім беру (бағдарламаға қатысушылар тізімінің ашықтығы үшін). "Наурыз" бағдарламасы бойынша қолжетімді барлық жылжымайтын мүлік "Баспана маркет" порталында орналастырылады. Бірінші жылы 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз және одан әрі жыл сайын 8 мың қарыз беру үшін 200 млрд теңгеден беру жоспарлануда. #қазынакеңес
7901Loading...
03
💡📆📆📆📆📆 23 мамыр 🕺Бүгін спорт сүйер қауым халықаралық күрес күнін атап өтеді. Аталмыш спорт түрі Ежелгі Грецияның өзінде Олимпиада ойындарының сәні болған. 1904 жылы 23 мамырда Венада күрестен бірінші әлем чемпионаты басталып, 2013 жылдан бері бұл күн ресми түрде тойланып келеді. Қазақстанда күрес - ұлттық спорт түрі. Осы сала бойынша спортшыларымыз әлемдік жарыстарда ұдайы жеңімпаз атанып, жүлделер иеленіп келеді. Қазақтың қай балуанын білесіз? 🩺23 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық акушерлік жарақаттан алдын алу күні аталып өтеді. Патологиялық босану кезінде ректовагиналды жарақат пайда болуы мүмкін. Сәйкесінше, қынап пен тік ішек арасының зақымдалуынан, беймезгіл уақытта зәрдің шығып кетуі немесе денсаулыққа басқа да қауіптің төнуіне жол беріледі. Бұл күн халықаралық қоғамдастықтың назарын босану кезіндегі ауыр жарақаттарға назар аударуға шақырады. Мұндай мәселелер көп жағдайда білім мен медициналық көмектің қолжетімсіз болуынан, әйелдердің босану кезіндегі ақпараттан хабарлығының төмен болуынан, ерте жаста баланы өмірге әкелуден туындайды. 🐢23 мамыр - Дүниежүзілік тасбақалар күні. Бұл ебедейсіз, бірақ өте сүйкімді жануарлар туралы көптеген миф кездеседі. Мысалы, олар 300 жылға дейін өмір сүре алады. Шындығында тасбақаның орташа өмір сүру ұзақтығы - кем дегенде 30 жыл, ал ең ұзағы - 130 жыл. Қазір тасбақалар толығымен жойылу алдында тұр. Бұған себеп - браконьерлер мен басқа жануарлардан төнетін қауіп. Сондықтан аталмыш күннің мақсаты - қоғамды осы мәселеге бей-жай қарамауға шақырады. 👥24 мамырда дүниегеке келген танымал тұлғалар. 141 жыл бұрын америкалық актер, дыбыссыз кино дәуірінің ең жарық жұлдыздарының бірі Дуглас Фэрбенкс (1883-1939) дүниеге келді. Ол “Оскар” сыйлығын тапсыратын Кинематография өнері және ғылым академиясының негізін қалаушы әрі бірінші президенті. Сонымен қатар 100 жыл бұрын “Алтын адамды” тапқан қазақ археологы Кемал Ақышев (1924-2003) өмірге келді. Қазақ археологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі 200-ден астам ғылыми еңбек пен 15 кітап жазды. Сондай-ақ дүниежүзілік маңызы бар Сарыарқаның тарихи ескерткіштері, Бесшатыр қорғандары, Отырар ескерткіштері туралы ғылыми мәліметтер жинаған. Оның есімі Қазақстанның Құрмет Алтын кітабына жазылған. #күнтізбе #23мамыр #тасбақа #күрес
9553Loading...
04
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🥳 ҰБТ-ға тіркеліп үлгермеген талапкерлерге соңғы мүмкіндік берілді. Өтініш беріп үлгермеген талапкерлерге уақытша база ашылады екен📌 🤩 Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді. Димаштың жанкүйерлері бұл жолы тағы игі іс жасады👍 👍 30 мамырда қазақстандықтарға белгілі заңгерлер мен мемлекеттік орган өкілдері тегін кеңес береді. Тамаша! Көмекке жүгінсеңіз болады🔥 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/bt-dimash-za-ger-22-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #Димаш #ҰБТ
1 0440Loading...
05
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴 Көшпелілер экономикасында жоғары бағаланған маман иелері 📌 Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері қалыптасып келеді. Олар тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Соған орай үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамып отырды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды. 🔍 Қазақ халқының қолөнерінің ішінде зергерлік ісі өте жоғары бағаланды. Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина, сырға, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты. Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған. 🔍 Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу, кілем, алаша тоқу, ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба, мес, торсық, көнек т.б жасаған. 🔍 Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған. Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты. #көшпенділерэкономикасы
1 0782Loading...
06
💡📆📆📆📆📆 22 мамыр 🦎22 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық биологиялық әртүрлілік күні аталып өтеді. Биоәртүрлілік - жер бетіндегі тіршіліктің алуан түрлілігін көрсетеді. Өсімдіктер өліп жатыр, жануарлар мен ормандар жер бетінен жоғалып жатыр. Мұның көп бөлігі адам әрекетінен туындап жатыр. Қазір Қазақстанның Қызыл кітабына 400-ге жуық өсімдік пен 130 жануар енгізілген. Болашақ ұрпақ үшін табиғатымызды сақтайық! 🦷Бүгін тіс пастасы салынған сықпаның пайда болған күні. Ежелгі заманда адамзат негізінен тіс ұнтағын пайдаланды. Ал 1892 жылы 22 мамырда америкалық тіс дәрігері Вашингтон Шеффилд металл қорап түріндегі ыңғайлы пакетті ойлап тауып, тіс ұнтағын қолданыстан жойды. Әлеуметтанушылардың сауалнамаларына сәйкес, көптеген елде тіс пастасы мен щетка адамзаттың ең маңызды өнертабыстарының бірі болып саналады. Алайда мына жағдайды да ескеру керек. Себебі ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіс асқазан-ішек жолдарының жағдайына байланысты болады. Сіз тіс пастасының қай түрін қолданасыз? 👍Бүгін детектив әуесқойлары Шерлок Холмс күнін атап өтеді. 22 мамырда Ирландиядан шыққан ағылшын жазушысы, осы тамаша кейіпкерді жасаушы Артур Конан Дойл (1859-1930) дүниеге келді. Дойлдың Шерлок Холмс туралы алғашқы әңгімесі тұңғыш рет 1887 жылы баспада пайда болды. Кейінгі әңгімелері қырық жыл бойы, автор қайтыс болғанға дейін жариялана берді. Дойл Шерлок Холмс туралы 60 әңгіме жазды. Ал сізге Шерлок Холмс жайлы қай әңгіме ұнады? 👥22 мамыр - қос тұлғаның туған күні. Бүгін британдық супермодель әрі кино актрисасы Наоми Кэмпбелл 54 жасқа толды. Ол 15 жасынан бастап подиумға шығып, өнер көрсетті. Сондай-ақ Vogue және Time журналдарының мұқабаларына шыққан алғашқы қара нәсілді қыз атанды. Өнер иесі 20-дан астам фильмде ойнады. Сонымен қатар бүгін сербиялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович 37 жасқа толды. Теннисші - 24 мәрте “Үлкен дулығаны” және 38 рет “Шебер” марапатын жеңіп алған үздіктердің бірі. Ол теннис тарихында 181 миллион доллардан астам жүлделі қаражатқа ие болып, бірінші орында тұр. Сіз кімнің жанкүйерісіз: Новак Джокович әлде Рафаэль Надаль? #күнтізбе #22мамыр #табиғат #тіспастасы
1 1751Loading...
07
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 👥 Қазақстан туристік бағыттар бойынша әлемдік тізімде 52-ші орында тұр. Керемет!😍 Сіз еліміздің қандай көрікті жерлерінде болдыңыз? 🗣 “Жас қанат - 2024” байқауының қатысушылары белгілі болды. Өнер жұлдыздарына сәттілік тілейміз!👏🏻 👍 "Салбурын" мен "беташар" дәстүрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы мемлекет басшысы мәлімдеді👍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/turist-zhas-anat-m-ralar-21-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #Жасқанат
1 2350Loading...
08
💡💡💡💡💡💡💡 Уақытты дұрыс жоспарлауға арналған ТОП-5 кітап 📚 Франческо Сирильо. “Помодоро әдісі. Уақыт, шабыт және зейінді басқару” (Метод Помидора. Управление временем, вдохновением и концентрацией) Франческо Сирильо – әлемге әйгілі «Помодоро» өнімділік әдістемесін ойлап тапқан адам. Ол өз кітабында күрделі тапсырмаларға назар аударуға әрі оларды кейінге қалдырмауға қатысты кеңестермен бөліседі. Сонымен қатар әрекеттеріңізді жүйелеуге және мақсаттарыңызға жету жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды. 📚 Harvard Business Review. “Қалай өнімді бола аламыз”, (Как стать продуктивнее) Harvard Business Review мақалалар жинағы өнімділіктің барлық саласын қамтиды: тек күнді жоспарлау ғана емес, сонымен қатар назар аудару қабілеті, мотивацияны іздеу және артық жұмысқа «жоқ» деп айта алуға үйретеді. Барлығы алты бөлімнен тұратын 34 мақала. Мұнда «Түгендеу», «Күнді жоспарлау», «Көңіл бөлу», «Мотивация» және «Сапарлар» тарауларынан басқа маңыздылығы жоғары – «Демалыс» туралы да айтылады. 📚 Николай Мрочковский, Алексей Толкачев “Экстремалды тайм-менеджмент” (Экстремальный тайм-менеджмент) Бұл уақытты тиімді басқаруды қалыптастырғысы келетіндер үшін таптырмас кітап. Кітаптың оқырманға берер пайдасы көл-көсір. Бұл туындының басты кейіпкері - Глеб есімді орташа жастағы қарапайым адам. Оның өзін-өзі бағалау қасиеті төмен болады. Соған байланысты жұмысы мен жеке өмірінде көптеген мәселемен арпалысып жүреді. Қуанышына орай өміріндегі бұл келеңсіз жайттар ұзаққа созылмайды. Ол сәтсіз сәттердің бірінде табысты кәсіпкер Макспен танысады. Осылайша Макс оның өмірінің өзгеруіне айтарлықтай көмектеседі. Глеб тәлімгері ұсынған әдістерді орындау арқылы мансаптық жолы мен жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жете бастайды. Әр тараудың соңында кітап авторлары оқырманға Глебпен бірге орындай алатын үй тапсырмасы түрінде ұсынылған жаттығуларды ұсынады. Макс оқырманға өз мақсаттарын теңдестіруге көмектесетін, 8 секторға бөлінген шеңберден тұратын - "өмір теңгерімі" әдісін ұсынады. Әр сектор- адам өмірінің негізгі саласы ретінде қарастырылады. Олар: ▪️Денсаулық және спорт; ▪️Тұрақты орта, достар; ▪️Отбасы және жеке қарым-қатынас; ▪️Мансап және кәсіп; ▪️Қаржы; ▪️Руханият және шығармашылық; 📚 ШЫНАР ӘДІЛОВА "ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ" Кітапта адам баласының теңдессіз қазынасы — уақыт жайлы сөз қозғалады. Уақыттың қол үзіп қалған жағдайда орны толтырылмайтын бірден-бір нығмет екені түсіндіріліп, осы уақытты орнымен пайдаланудың қыр-сыры көрсетіледі. Заманауи тайм-менеджмент ережелерін оқырман назарына ұсына отырып, оны асыл дініміздің шеңберінде қолдану жолдары беріледі. Сондай-ақ түрлі тұлғалардың уақытты жүйелеу әдістерімен таныстырады. Кітап - уақытына бей-жай қарамайтын барша оқырман қауымға арналады. 📚 Стивен Кови. «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (Семь навыков высокоэффективных людей) Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (7 Habits Of Highly Effective People) еңбегі – әлемнің 40 тілінде 30 миллион данамен таралған жеке тұлғаның дамуы туралы танымал кітап. Бұл туынды №1 әлемдік бестселлер болып есептеледі. Кітап 4 бөлімнен тұрады. Автор жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін 7 дағдыны атап көрсетіп, әрқайсысын жеке-жеке талдайды. Алғашқы үш дағды адамның өзін-өзі басқару – толық тәуелсіздікке жету жолдары, келесі үш дағды – айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынас, соңғы жетінші дағды – адамның өзін және өзгелермен қарым-қатынасын басқара білу қабілетін үздіксіз жетілдіріп отыру тақырыбын қамтиды. Жетістікке жетудің жолы мен өмірлік маңызды негізгі принциптерді атап көрсетіп, кез келген жағдайда дұрыс әрі нақты шешім қабылдаудың әдіс-тәсілдерімен бөліседі. 📚 Франческо Сирильо. “Помодоро әдісі. Уақыт, шабыт және зейінді басқару” (Метод Помидора. Управление временем, вдохновением и концентрацией) Франческо Сирильо – әлемге әйгілі «Помодоро» өнімділік әдістемесін ойлап тапқан адам. Ол өз кітабында күрделі тапсырмаларға назар аударуға әрі оларды кейінге қалдырмауға қатысты кеңестермен бөліседі. Сонымен қатар әрекеттеріңізді жүйелеуге және мақсаттарыңызға жету жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды.
1 15712Loading...
09
💡📆📆📆📆📆 21 мамыр 🌝21 мамыр – Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл - маңызды әрі жауапты жұмыс болуымен қатар, үлкен қабілетті талап етеді. Аталмыш маман иелері ұлттық құндылықтарымызды сақтап, рухани мәдениетімізді байытуға зор үлес қосуда. Сол себепті материалдық игіліктерден бөлек, жанды нәрлендіріп, өмірді үйлесімділік пен мағынаға толтыратын рухани құндылықтар бар екенін әрқашан есте ұстаған жөн. Айта кетейік, сонымен қатар бүгін БҰҰ-ның қамқорлығымен диалог орнатып әрі даму үшін Дүниежүзілік мәдени әртүрлілік күні де аталып өтеді. Таныстарыңыздың арасында мәдениет және өнер қызметкерлері болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз! ☕️Бүгін - Халықаралық шай күні. Оның отаны - Қытай мен Мьянма. Әлемдегі ең танымал сусын туралы ақпараттар алғаш рет 5000 жыл бұрын пайда болды. Көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда шай ежелден мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Мұнда шай ішу мен дайындаудың өзіндік дәстүрлері қалыптасқан. Сізге шайдың қай түрі ұнайды? 👍2012 жылы 21 мамырда Өзбекстанның Науаи облысы Нұрата ауданында Әйтеке би кесенесі ашылды. Әйтеке би Байбекұлы (Айтық) – қазақ халқының бірлігін нығайтып, басын біріктіруде зор үлес қосқан қазақтың ұлы биі. Бұл кесене - бауырлас қазақ пен өзбек халқы арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың жарқын бейнесі. Айта кету керек, Ташкенттің орталығында Өзбекстанда және Қазақстанның бірқатар облысында “Қарлығаш би” атанған атақты Төле бидің кесенесі де орналасқан. 👥1904 жылы 21 мамырда Парижде FIFA құрылды. Халықаралық футбол федерациясы 211 мемлекетті қамти отырып, футбол, шағын футбол және жағажай футболының негізгі басқарушы органы болып келеді. Қазақстан 1994 жылдан бері ФИФА мүшесі болып келеді. Қазір рейтинг бойынша 103-ші орында тұр. Ал ұлттық құрамалар рейтингінің алғашқы үштігіне Аргентина, Франция және Бразилия кіреді. Сіз қай команданың жанкүйерісіз? #күнтізбе #21сәуір #шәй #өнер
1 2392Loading...
10
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 👥 Биыл Қазақстанда Digital Bridge 2024 халықаралық форумы өтпейді. Айтуларынша, бұған су тасқыны себеп болған көрінеді📌 ✔️ Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы қайта құрылды. Қаулы қабылданыпты👍 💸 Алматыда мыңнан астам адам банкрот деп танылды. Бұл тізімге еніп кеткен жоқсыз ба?🤔 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/bt-bankrot-forum-20-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #банкрот #ҰБТ #форум
1 3430Loading...
11
💡💡💡💡💡💡💡 Әлем миллиардері Уоррен Баффеттің жетістік құпиясы 💸 Уоррен Баффет - дүнижүзіндегі ең бай америкалық кәсіпкер әрі инвестор. Оның инвестициялық дағдылары күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай келеді. Ендеше назарларыңызға миллиардердің табысқа жетудегі бірнеше қарапайым ережесін ұсынамыз. 📌 Баффет алғашқы инвестициясын 11 жасында салады. Бастапқыда 120 доллар жинаған кәсіпкер әпкесін серіктес ретінде тіркеп, Cities Service Preferred компаниясының үш акциясын 38,25 доллардан сатып алады. Алайда акция сол сәтте арзандап кетеді. Ал Уоррен қиындыққа мойынсұнбайды. Ол акция 40 долларға көтерілген бойда “сәтсіз жасалған саудадан” бірден құтылуға тырысады. Акциясын сатып жібергеннен кейін аталмыш қордың бағасы бес есеге өседі. Осы сәтте Баффеттің өкініші өзекті өртейді. Бұл оқиға кішкентай Уорренге көп нәрсені үйретті. Ол үшін ең маңызды өмірлік сабақтардың бірі - әрдайым шыдамдылық таныту әрі сенетін инвестициядан бірден тас тартпау болды. 📍Гарвард Баффеттің MBA бағдарламасы бойынша өтінішін қабылдамайды. Осылайша жас жігіт Колумбия университетіне түсіп, әйгілі инвестор Бенджамин Грэммен кездеседі. Грэм жиырма жасар Баффеттің тәлімгері әрі кумиріне айналады. Ал оның “Интеллектуал инвестор” кітабындағы қағидаларын Баффет күні бүгінге дейін басшылыққа алады. Олар біраз уақыт бірге жұмыс істеді. Бірақ уақыт өте келе олардың көзқарастары өзгере бастайды. Баффет компанияларды басқаруға үлкен көңіл бөледі. Ал Грэм үшін талдаудың ең маңызды құралы есеп беру болды. 1956 жылы Баффет 105 000 доллар капиталы бар басқару жүйесі бар компаниясын ашуға шешім қабылдайды. 📍Омахалық инвесторлар Баффетке сеніп артып, бар қаржысын инвестицияға салады. Ал миллиардер өз үлесін 100 доллармен шектейді. Бір жыл ішінде Buffett Associates 300 000 долларлық активтерді басқарды. Баффет басқару комиссиясын алмады. Бірақ барлық кірістің төрттен бір бөлігін алып отырды. Ол 4% -дан асты. 1972 жылға қарай оның 100 доллары 1 миллион долларға айналды. Ал қазіргі таңда Баффеттің Berkshire Hathaway компаниясы Apple, Alphabet, Amazon, S&P-500 индексіндегі сияқты ең ірі 5 компанияның біріне айналды. 💵 Олай болса Уоррен Баффеттің ұстанымдарымен танысайық: ▪️Ақшаңызды есепсіз шашпаңыз. Мәселен, казино сынды инвестицияларға жақындау тиімсіз әдіс. Сол себепті ақшаңызды салмас бұрын ең бірінші үй тапсырмасын орындаңыз. Толық көзіңіз жеткен әрі өз кәсібін жақсы түсінетін компанияларға инвестиция салғаныңыз дұрыс. ▪️№1 ережені ешқашан ұмытпаңыз. ▪️Табысты инвестор көпшіліктің пікіріне құлақ аспайды және сол пікірге қарсы шықпайды. ▪️Өзіңіз түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржы салмаңыз. Мысалы, Баффет технологияны жетік түсінбегендіктен, бұл салаға ақша салмайды. Жалғыз ерекшелік - Apple акциялары. ▪️Егер компания қарқынды дамып келе жатқан бизнеске ие болса, онда оның акция бағасы да өседі. Баффет Грэммен келісімге келіп, аталмыш компанияның үлесін сатып алу арқылы бір бөлігінің иесі атанады. Сондықтан сіз де компанияның болашағына сенуіңіз қажет. Бұл үшін операциялық қызметтің тұрақтылығына, компанияның операциялық жүйесі мен ақша ағынын қалай жасайтынын, ол өз сегментінде көшбасшы ма және оны басқару қаншалықты кәсіби екеніне көз жеткізіңіз. Егер компанияның капиталдандыруы айналысатын бизнестен аз болса, Баффет оған міндетті түрде назар аударады. ▪️Нарық алдамшы болып келеді. ▪️Жеңілдікпен орташа компанияны сатып алғаннан гөрі, әділ бағаға мықты компанияны сатып алған дұрыс. ▪️Инвестициялау кезеңі – мәңгілік. Инвестициялық портфельде акцияны қанша уақыт сақтау керек? Баффеттің айтуынша, егер акцияны он жыл бойы ұстайтыныңызға сенімді болмасаңыз, оны тіпті он минутқа да сатып алудың қажеті жоқ. ▪️Кейде ең жақсы нәрсе - ештеңе істемеу. Нақтырақ айтсақ, жарамсыз инвестициялардан аулақ болудан қорықпаңыз. ▪️Сіз қанша жерден дарынды болып, қаншама күш-жігер жұмсасаңыз да кейбір нәтижелерге қол жеткізу үшін тек уақыт қажет. Мәселен, сіз тоғыз әйелді жүкті қылсаңыз да, бір айда бала таппайсыз ғой. ✔️ Уоррен Баффет инвестицияға байланысты идеяларды күнделікті өмірден алады. Осыған орай танымал бір мысалға тоқталып өтейік.
1 2348Loading...
12
Баффеттің газдалған сусынға деген махаббаты ерекше болғанын атап өту керек. Ол ұзақ уақыт бойы Pepsi өнімін тұтынады. Алайда миллиардердің ойы шие дәмімен жасалған коланы ішіп көргеннен кейін толықтай өзгереді. Себебі оның бала кезіндегі естелігі Coca-Cola газдалған сусынымен тікелей байланысты еді. Кез келген адамнан газдалған брендті сұрайтын болсаңыз, көпшілігі ойланбастан Coca-Cola деп жауап беретіні рас. Осылайша Баффет Coca-Cola-ның 80 жылдық тарихына үңіледі. Баффеттің жетістікке жету құпиясы осы әрекетімен тікелей байланысты деп айтуға болады. Оны толық зерттей келе, жай ғана сироптан жасалған кола арқылы компания әр доллардан 80 цент пайда табатынына көз жеткізеді. Сонымен қатар Баффет Coca-Cola сатылымы соңғы 80 жылда жыл сайын тұрақты өскенін анықтайды. Мысалы, Ұлы депрессия, Екінші дүниежүзілік соғыс секілді бірнеше маңызды оқиғаға қарамастан газдалған сусынның сатылымы артып отырған. Осы тұста Баффет өзіне “Бес, он, елу жылдан кейін Coca-Cola-ны қанша адам сатып алуы мүмкін?” деген қарапайым сұрақ қояды. Оның берген жауабы миллиардерді қанағаттандырады. ✔️ Баффет бұл инвестиция арқылы мансап жолында жоғары табысқа шықты. Coca-Cola акциясы сол уақытта 5 доллардан төмен болды. Содан бері компания тұрақты дивидендтер төлеп, он есеге дейін қымбаттады. Жақында Қытайда Баффеттің инвестициялау дағдысына байланысты культ пайда болды. Мұнда олар миллиардердің портреті бейнеленген шие кока-коласының шектеулі санын шығарды. ▪️Қазіргі уақытта Berkshire Hathaway компаниясы АҚШ-тың қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері ретінде айтарлықтай үлкен қаражатқа ие. Бұл сома акцияларға салынған инвестицияның шамамен үштен екісіне тең. Сондай-ақ Баффеттің кеңсесінде ескі Times журналының 1907 жылғы мұқабалары және Ұлы Депрессия кезіндегі суреттері ілулі тұр. Мұны Баффет бұл дүниеде бәрі де мәңгі емес әрі бәрі де мүмкін екенін еске салу үшін іліп қойғанын жеткізді. #қазынакеңес
1 1672Loading...
13
💡📆📆📆📆📆 20 мамыр 💐20 мамыр дүниежүзілік аралар күні. Тәртіпсіздік, шамадан тыс асығыстық 20 мамыр Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік ара күні аталып өтеді. Бұл жәндік жер шарындағы азық-түліктің 90% өндіретін өсімдіктердің төрттен үш бөлігін тозаңдандырады. Мерекенің мақсаты – адамзаттың өмір сүруі үшін аралардың маңыздылығы туралы ақпарат тарату және елдерді азық-түліктің күрт қысқаруына жол бермеу үшін аралар мен басқа да тозаңдандырғыштарды қорғау шараларын күшейтуге шақырады. Қазақстанда 2002 жылы осы қызметті реттеп, араларды қорғауды жүзеге асыратын “Омарта шаруашылығы туралы” заң қабылданды. Сізге балдың қай түрі ұнайды? 👀20 мамыр - Халықаралық травматологтар күні. Мұндай жағдайда адам арнайы травматология бөлімшесіне жүгінеді. Бұл ғылым Гиппократтың "Буындар туралы" және "Сынықтар туралы" еңбектерінің арқасында медицинаның жеке саласына айналды. Оны дәрігерлер әлі күнге дейін қолданып келеді. Әрдайым сақ болыңыз және ауырмаңыз! 🦮20 мамырда кинологтар халықаралық мопс күнін атап өтеді. Мыжылған тұмсығы мен сақинаға ұқсас құйрығы бар сүйкімді иттер әлем халқының жүрегін жаулап, сүйікті жануарына айналды. Олар “Қара киімді адамдар” фильмі шыққаннан кейін ерекше танымалдыққа ие болды. Мопс - ежелгі қытай тұқымдасы. Оларды ақсүйек адамдар асыраған. Иттің маңдайдағы әжімі иероглифтерге ұқсайды және бұл империялық белгі деп аталды. Сізге иттердің қай тұқымы ұнайды? 👥Бүгін джинсы киімінің пайда болғанына 151 жыл толды. 1873 жылы 20 мамырда Levi Strauss & Co патент алып, заманауи джинсылардың прототиптерін шығара бастады. Бұл шалбар Gold Rush шыңында пайда болды. Нақтырақ айтсақ, ағылшын кенепінен тігіп, алтын өндірушілерге сатылды. Олар жоғары сұранысқа ие болды. Өйткені шалбардың құны 1,46 долларды құрады. Ол жууға ыңғайлы әрі былғары шалбар сияқты берік болды. 1960 жылға дейін джинсы ерлер киімі болып есептелді. Бұл қағиданы алғаш рет Голливуд актрисасы Мэрилин Монро бұзып, 1970 жылдан бастап әйелдер мен ерлерге ортақ киім түрі ретінде қолданысқа енді. Ал сізде неше джинсы бар? #күнтізбе #20мамыр #кинематолог #джинсы
1 3863Loading...
14
💡🎞🎞🎞🎞🎞 Бүгінгі кино шолуымыз “Тастаймын-ау сені” атты хоррор фильміне арналады. Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/mkn9vj4Krew #комедия #тастаймынаусені #хоррор #қазақстан #жұлдыздар #лечебница #кино #актер #үйдежатпа #муж #жена #фильм
1 5200Loading...
15
💡📆📆📆📆📆 19 мамыр 💫1995 жылы 19 мамырда Алматыда Банкнот фабрикасы ашылды. Бұл уақытқа дейін теңге Ұлыбританияда басылып келді. Қазір фабрикада банкноттардан басқа жүзден астам өнім түрі: төлқұжат, сертификат, диплом, акциздік маркалар шығарылады. Зауыттың іскерлік әлемде беделі жоғары. Теңгенің дизайны мен қорғалуы жағынан көптеген халықаралық марапатқа ие болды. Сіздің ойыңызша, қай купюраның дизайны әдемі? 🕺Бүгін Түркияда Ататүрікті еске алу күні, сонымен қатар жастар және спорт күні аталып өтеді. 1919 жылы 19 мамырда Ұлттық революциялық қозғалыс пен тәуелсіздік үшін соғыстың жетекшісі Мұстафа Кемал Ататүрік шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялады. Бұл Ататүрік өзінің туған күні деп санаған Түркияда азаттық соғысының ресми басталған күніне байланысты жарияланған. 1938 жылдан бастап аталмыш күн “жастар және спорт” күні болып белгіленді. Өйткені ұлт-азаттық қозғалыстың өзегін жастар құрады. Түріктердің арасында таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз! 🤷‍♂️Бүгін пазл әуесқойлары Рубик текшесінің пайда болған күнін тойлайды. 1975 жылы 19 мамырда венгр математигі Эрне Рубик осы интеллектуалдық ойыншыққа патент алды. Содан бері әлемге әйгілі басқатырғыштың 450 миллионнан астам данасы сатылды. Дүниежүзінің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде кем дегенде бір рет Рубик текшесін шешуге тырысқаны рас. Ал кейбіреуі тіпті жарыстарға да қатысты. 2018 жылы рекордсмен Қытай тұрғыны Ду Юшэн болды. Ол 3,47 секундта “сиқырлы текшенің” барлық түсін тапты. Сіз Рубик текшесінің барлық жағын сәйкестендіре алдыңыз ба? 👥19 мамырда өмірге келген танымал әншілер. Бүгін қазақтың тұңғыш продюссерлерінің бірі Қыдырәлі Болманов 60 жас мерейтойын атап өтеді. Оның “АБК” тобы, Рахат Тұрлыханов, Қарақат Әбділдина, Бангор, Нұржан Қалжан және “Ұлытау” атты жобалары халықтың ерекше ықыласына бөленді. Қазіргі таңда өнер иесі әкімшілік жұмыстармен, кәсіпкерлікпен айналысады. Сонымен қатар бүгін британдық әнші әрі композитор Сэм Смит 32 жасқа толды. Ол Грэмми, Оскар және басқа да беделді сыйлықтардың иегері. Қадырәлінің қай жобасын ұнатасыз? #күнтізбе #19мамыр #купюра #пазл
1 5161Loading...
16
💡🎞🎞🎞🎞🎞 Бүгінгі кино шолуымыз “ADAM BOL” атты комедия фильміне арналады. Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/R3NZKx8z468 #комедия #ADAMBOL #африка #қазақстан #жұлдыздар #олигарх #кино #актер #үйдежатпа #человек #адам #фильм
1 5850Loading...
17
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆 Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз. АЛМАТЫ: 🌖Мұражай түні - 2024 Биыл Қастеев мұражайының қорында жапон өнерінің каталогы мен көрмесінің тұсаукесері айтулы оқиғаның бірі болды. Соған байланысты осы жылы “Музей түні” жобасы Жапонияның бай мәдениетіне, талғампаз өнері мен философиясына арналады. Орны: Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Көктем-3, 22/1 ш / а Күні: 18 мамыр, 14:00-21:00 🌱Тэоман Хостың графикалық жұмыстарының көрмесі Суретші ұсынылған туындыларында дүние құмарлықтарын, соғыстар мен диктатураларды, құдайлық пен адамдық туралы ойлайды. Ол қарапайым материалды таныс бейнелерге айналдырып, сөздерін ағашқа бейнелейді. Орналасқан жері: Oner Coner, Шевченко көшесі, 51 Күні: 18 және 19 мамыр, 14:00-21:00 ⭐️"Ауырмайды" экокөрмесі Көрме мақсаты қоршаған ортаға аз да болса үлес қосудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Ашылу барысында эко-дүкендерді, орман атмосферасын, шеберлік сабақтарын, іс-шараларды, әндер мен билерді тамашалауға мүмкіндік бар. Орналасқан жері: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101 Күні: 19 мамыр, 16:00-22: 00 💫Ашық есік күні Акция Халықаралық мұражай күніне орай ұйымдастырылған. Бұл күні келген қонақтар үшін барлық зал бөлмесі ашық болады. Орны: ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы, шағын аудан. Самал 1, Д. 44 Күні: 19 мамыр, 09:00-18:00 АСТАНА: 🌚Мұражайдағы түні - 2024 Қонақтарды балаларға арналған экскурсиялар, мұражай кітаптарының тұсаукесері, мүсін және кескіндеме бойынша шеберлік сыныбы, “Жанды экспонаттар” мұражай сабағы, сондай-ақ “Астана сазы” фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламасы күтеді. Орны: ҚР Ұлттық мұражайы, Тәуелсіздік даңғылы, 54 Күні: 18 мамыр, 18:00 - 23:59 ✍️Cycle түркі заманауи бейнелеу өнері көрмесі Мұнда үш түрлі суретшінің жұмыстарын тамашалай аласыз. Негізгі тақырыптар: цикл, өмір шеңбері, өлшем бірлігі мен өзгеру, тарихи кезең. Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1 Күні: 18 және 19 мамыр, 10:00 - 20: 00 ШЫМКЕНТ: 🏛Мұражай түні - 2024 Келушілер мүсін және кескіндеме бойынша шеберлік сабақтарын, балаларға арналған экскурсияларды және лекцияларды тамашалай алады. Сондай-ақ атақты кондитерлік фабриканың арнайы сатылым ыұйымдастырылады. Орны: Бейнелеу өнері мұражайы, Мадели кожа көшесі, 2Б Күні:18 мамыр, 10:00 - 22: 00 Естеріңізге сала кетейік, киноға, кез келген фильмге, Қазақстанның кез келген қаласына тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өткізетін викторинада ұтып алуға болады. Сіз сондай-ақ ең көп пікір жаза аласыз, ең белсенді үш оқырманға, айына 1 рет, біз де кино билеттерін береміз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілеймін!
1 6661Loading...
18
💡📆📆📆📆📆 18 мамыр ✍️Бүгін - Қазақстанда “түркі жазуы” күні. 2014 жылдың 18 мамырында Моңғолиядан Астанаға Күлтегін тас тақтасының көшірмесі жеткізілді. Көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп те аталады. Орталық Азия территориясынан түркі жазуының көптеген ескерткіші табылды. Олардың ең танымалына Солтүстік Моңғолияда Орхон, Селенга және Тола өзендерінің жағасынан табылған ескерткіштер жатады. Руна жазуы түркілердің атақты билеушілері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке арналған. 🏛18 мамыр – Халықаралық мұражай күні. Бұл мерекені 150-ден астам ел атап өтеді. Қазіргі таңда да мұражайлардың маңызы зор, сонымен қатар күні бүгінге дейін адамның мәдени-ағартушылық дамуында үлкен рөл атқарып келеді. Мәселен, саяхатқа шыққан туристер сол елдің мұражайына міндетті түрде бас сұғып, маңызды нысандар мен этнографиялық көрмелерге ерекше назар аударады. Қазақстанда 150-ге жуық мұражай бар. Олардың көпшілігі бүгін ашық есік күнін өткізіп жатыр. Бұл күні кез келген адам барлық көрме мен экспозицияны тегін тамашалай алады. Сіз мұражайларға жиі барасыз ба? ✔️Бүгін поэзия сүйер қауым Омар Хайямның (1048-1131) туған күнін атап өтеді. Аты аңызға айналған ғалым әрі философ түрлі салада еңбек етіп, кең танымалдыққа ие болды. Атап айтатын болсақ, тарих, математика, астрономия, әдебиет, тіпті аспаздық білімі де болды. Ол философиялық рубаилардыңтавторы ретінде Иран мен бүкіл Шығыс тарихындағы көрнекті тұлғаға айналды. Омар Хайямның қай рубаиасы есіңде қалды? 🥳18 мамыр - қазақтың қос тұлғасының туған күні. Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, дипломат, әдебиеттанушы Олжас Сүлейменов 88 жасқа толды. Ол - Кеңес өкіметі цензурасымен тыйым салынған “Игорь жасағы туралы жыр” және “Аз и Я” түркі элементтері туралы лингвистикалық зерттеулердің авторы. Сонымен қатар Невада-Семей ядролық қаруға қарсы қозғалыстың негізін қалаушы. 62 жыл бұрын әнші, композитор, A'Studio тобының негізін қалаушы әрі алғашқы солисі Батырхан Шүкенов (1962-2015) дүниеге келді. Өнер иесі өзіндік табиғи сүйкімділігі мен ерекше дауысының арқасында халық арасында танымалдыққа ие болды. Оның әндері әлі күнге дейін радиостанцияларда қойылып, бейнебаяндары мыңдаған қаралымға ие болуда. Сізге Батырхан Шүкеновтің қай әні ұнайды? #күнтізбе #18мамыр #мұражай #түркі
1 5202Loading...
19
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🤩 Қазақстан президентін әлем лидерлері құттықтады. Бүгін Мемлекет басшысы 71 жасын атап өтуде👏🏻 🎉 Қазақстандықтар маусымда неше күн демалатыны белгілі болды. Маусымда ел азаматтары Құрбан айт мейрамын тойлайды.📌 🥳 Жоғары оқу орындарында әскерге барғандарға 1 500 тегін орын бөлінді. Керемет! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!👍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/demalys-sker-o-u-17-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #оқу #новости #жаңалықтар #елденеболды
1 6900Loading...
20
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады! 1 шілде күні мамыр айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз! ‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️ Егер бүгін біреу билет ұтып алмаса, уайымдамаңыз, біз билеттерді әр жұма сайын таратамыз. Арнамыздағы ақпаратты қадағалап отырыңыз. Келесі жолы сұрақтарға бірінші болып жауап бересіз! Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 3 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге 2 кинотеатр билеті беріледі. Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек. Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз. Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз. Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 шілде шығарамыз. Коммент жазыңыздар!
1 4410Loading...
21
Толығырақ сайттан оқыңыз🥳
1 3840Loading...
22
Сұрақтар 3: 1)Мелбикелер күні қашан? 2)Қай жылы Қазақстанның Айрақты-Шоманай таулы алқабында алғаш рет геоглифтер галереясы құрылды? 3)14 мамыр дүниеге келген танымал адамдар?
1 2650Loading...
23
Сұрақтар 2: 1)Соңғы аптадағы кино шолулар? 2)11 мамыр дүниеге келген танымал адамдар? 3)Бақбақ күні қашан?
1 2170Loading...
24
Сұрақтар 1: 1)Қай жылы әлем бойынша ең ұзақ “Дом-2” реалити-шоуы ТНТ арнасынан көрсетіле бастады? 2)12 мамыр дүниеге келген танымал адамдар? 3)Вазелиннің пайда болған күні қашан?
1 2690Loading...
25
‼️‼️💡❓❓❓❓❓‼️‼️ Кез-келген викторинадан ұту жолын тауып алатын өте пысық оқырмандарымыз бар 😄 Оқырмандарымыз әділдік сұраған соң, жаңа форматта өткізуді жөн көрдік☑️ Сол себепті, шарттар біршама өзгерді. Сағат 18:00-де, 18:10-да, 18:20-да 3 пост шығады (3 түрлі сұрақтары бар). Әр посттың астында бірінші болып жауап берген қатысушымыз жеңіске жетеді. Егер біздің арнамызды мұқият оқып жүрсең, барлық сұраққа дұрыс жауап бере аласың. Сәттілік! Шарт: ✅Тез әрі дұрыс жауап жазу. ✅Біздің инстаграм парақшамызға тіркелу. https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link ЕСКЕРТУ! Жауап есептелмейтін жағдайлар: 1. Өз жауабыңның астына инста-аккаунтыңды жазып кетпеген кезде; 2. Жауап өзгертілген жағдайда; 3. Соңғы айда викторина жеңімпазы атанған жағдайда;
1 4510Loading...
26
Бүгін сағат 18:00-де әдеттегідей сіздер үшін кинотеатр билеттерінің ұтыс ойынын өткіземіз. Естеріңізге сала кетейік, бізде әдеттегідей 3 жеңімпаз болады. Сондай-ақ, викторинаның барлық қатысушылары Instagram желісінде бізге жазылуы керек https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link Ақпаратты біздің арнадан қадағалаңыз! Біз кейде қитұрқы сұрақтар қоямыз. Мұқият оқып отырыңыздар. Бәріңе сәттілік! Құрметпен, Uide zhatpa командасы
1 5590Loading...
27
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞 🎬"Тастаймын-ау сені" комедиясы. Жарас пен Алмагүлдің шаңырақ көтергендеріне 10 жылдан асты. Жарас үлкен компанияда белді қызмет атқарады. Ал Алмагүл жұмыс істемейді, бірақ тұлға ретінде дамығысы келеді. Жарас Алмагүлдің пікірін сұрамай, оның қажеттіліктерін ақшамен ғана жауып отырады. Күйеуінің немқұрайлығынан баз кешкен Алмагүл ішімдікке салына бастайды. Бір күні ол мас күйінде Жарасты бастығының көзінше масқарасын шығарады. Мұндай жағдайға төтеп бере алмаған Жарас әйелін мықты дәрігерге қаратуға шешім қабылдайды. Ал дәрігердің бақылауында Алмагүлден бөлек отбасымен тіл табыса алмаған Коля, әскери қызметте мансап құра алмаған Сабырхан және ешкіммен шаруасы жоқ Қанат та болады. Бастапқыда олар бір-бірін ұнатпағанымен, уақыт өте келе әңгімелері жараса бастайды. Тіпті бірге ішуге тырысады. Бұл жағдайдан соң оларды қорқынышты көріністер мазалай бастайды: дүрбелеңнің ортасында дәрігер Қанатты өлтіріп жатады. Осы оқиғадан кейін емделіп жатқан үшеуі қашуға бел байлайды. Басты рөлдерде: Дариға Бадықова, Олжас Абай, Әлихан Ыдышева, Қуандық Шәкіржанов. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=nwVUby-S92A 🎬"Adam bol" комедиясы. Бай олигархтың ұлы Арсен көзін ашқаннан бастап балқып-шалқып өмір сүреді. Шамадан тыс еркелік оны ессіз тәкаппарлыққа итермелейді. Баласының өмірге деген немқұрайлылығын байқаған Болат Арсенге ультиматум қояды. Ол АҚШ-қа барып, серіктестерімен келісім-шартты жаңартуы керек. Егер келісім сәтсіз өтсе, Арсен асып-тасыған өмірінен айырылады. Бастапқыда қиындығы жоқ секілді көрінеді. Ішіп-жеу мен қыдыруды ғана білетін Арсен өзінің күшіне күмән келтіріп, келіссөздің сәтті өтетініне сенімсіз болады. Сөйтіп ол кәсіпте тәжірибесі бар Мәди есімді досының көмегіне жүгінеді. Бұған қоса, Мәдидің ағылшыншасы да жақсы болады. Кездесу барысында Мәдиге ескі досы Тоқтар келіп, қарызға ақша сұрайды. Ал Арсен оған жақсы ақшалай сыйақыға ие болуы үшін олармен бірге шетелге қызметші есебінде баруды ұсынады. Осылайша Арсен, Мәди және Тоқтар АҚШ-қа бірге ұшады. Кенет түсініксіз себептермен Нью-Йоркке бет алған ұшақ Лагосқа қонады. Нағыз сұмдық осы жерден басталады. Ал екінші ұшаққа отыру уақыты 15 сағатты құрайды. Сөйтіп үшеуі қалаға баруға бел байлайды. Бірақ бұл үлкен қателік болып шығады. Басты рөлдерде: Қуаныш Құдайберген, Рысқұл Қонақбаев, Рауан Романи, Chimezie Imo. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=44lWCjnK4-U 🎬"Шпион на всю голову" экшн-фильмі. Арнайы агент Пит зейнетке шығуға дайындалады. Алайда ол соңғы жұмысын аяқтап, бір істі межесіне жеткізуі керек болады. Оның міндеті - провинциялық қаланың төмен жағын мекен еткен қауіпті қылмыскерлерді анықтап, оларды жою. Өкінішке қарай мұндай кәсіпқойға оңай көрінетін тапсырма орындалмайтын миссияға айналады. Басты рөлдерде: Джет Жандро, Кевин Спейси. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=CBZ8OXnjddg 🎬"7 дней, 7 ночей" комедиясы. Бір кездері тату әрі сүйіспеншілікте өмір сүрген Гуреевтер отбасы бүгінде ажырасу алдында тұр. Себебі ерлі-зайыпты Ольга мен Сергейдің бір-біріне деген сезімі суып кеткен еді. Ал балалары Антон мен Настя ата-анасы үшін қатты алаңдайды. Осылайша сән фотографы Сергей көрмеге ұшуға тапсырма алады. Алайда ол қызы Настяның туған күніне байланысты іссапардан бас тартпақ. Күйеуінің әрекетінен көңілі қалған Ольга бұл жолы ажырасу үшін арыз беруге дайын болады... Бірақ олардың сегіз жастағы қыздары Настя берілген ақшаға бүкіл отбасына Арменияға жолдама сатып алады. Енді Гуреевтер отбасын алда 7 күн және 7 түнге жоспарланған жергілікті орынның ойын-сауық алаңы мен шытырман оқиға күтіп тұр! Олар мұнда өмірде ең құнды әрі маңызды нәрсені түсінуге көмектесетін өз сынақтарынан өтеді. Басты рөлдерде: Зоя Бербер, Сергей Марин. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=snhO_U7y5xY 🎬"Воображаемые друзья" отбасылық фильмі. Беа қожайындары тастап кеткен қиялдағы достарымен танысады. Басты рөлдерде: Райан Рейнольдс, Джон Красинский. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=B1lefoWiqr4
1 3371Loading...
28
Сегодня в 18:00, как обычно, мы проведем для вас розыгрыш билетов в кино. Помнить Обратите внимание: как обычно, у нас будет 3 победителя . Также всем участникам викторины необходимо подписаться на нас в Instagram. https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link Следите за информацией на нашем канале! Иногда мы задаем глупые вопросы. Внимательно прочитайте. Желаю вам всем удачи! С уважением, команда Уиде жатпа.
10Loading...
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 🥳 Астанада 5 жасар баланы құтқарған оқушы марапатталды. Ақанның көрсеткен ерлігі - көпке үлгі!👍 🕺 Қазақстанда алғаш рет Леонардо да Винчидің La Bella Principessa туындысы көрсетіледі. Тамашалау тегін екен! Міндетті түрде барып қайтыңыз!😍 😋 Қазы – әлемдегі ең үздік шұжықтар қатарына кірді. Тамаша!🔥 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/o-ushy-tuyndy-azy-23-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #туынды
نمایش همه...
🔥 4👌 1
💡💡💡💡💡💡💡 “Наурыз” ипотекалық бағдарламасының негізгі шарттары қандай? 🏠 Баспаналы болуды жоспарлағандар үшін тиімді бір мүмкіндік бар. Бұл –“Наурыз” атты жаңа ипотекалық бағдарлама. Өтінім берушілерге “Отбасы банкінен” депозит ашу мерзіміне талап қойылмайды. Тек шотта 1 млн тг болуы шарт және кейінгі 5 жылда атында үй болмауы керек. 💸 Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: ▪️халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар үшін (ХӘОТ) - 7%(ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін); ▪️тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар, қандастар мен Қазақстан Республикасының өзге де азаматтары үшін - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін). Заемның ең жоғары сомасы (жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде): • Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін. • ҚР қалған өңірлері үшін 30 млн теңгеге дейін. Алғашқы жарна: заем сомасының 20%-нан бастап; Несиелеу мерзімі - 19 жылға дейін; 🟢 Қарыздың нысаналы мақсаты: Тұрғын үй сатып алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үй сатып алу және бастапқы тұрғын үйді жөндеу. Заем сомасының 50% жинақталғаннан кейін заем бойынша мөлшерле жылдық 3,5% (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5% (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) төмендейді; 🟢 ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Жинақтау мерзімі: Отбасы банкінде депозит ашу қажет (жоқ болған жағдайда), алайда салым мерзімі ескерілмейді. Депозиттегі жинақтың ең аз сомасы: кемінде 1 млн теңге (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте депозитте кемінде 1 млн теңгеге тең болуы тиіс. Жинақтау сомасы бұдан төмен депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды). Бұл соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында аударуға болады. Тарифтік бағдарламалар: "Табысты", "Жинақ", "Арнау" тарифтік бағдарламаларын қоспағанда, барлық тарифтік бағдарламалар ("Табысты", "Жинақ" және "Арнау" тарифтік бағдарламалары шеңберінде ашылған депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды). Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау: Салымшыда "Кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға алу" және "Отау" бағдарламаларына қатысушы мәртебесінің болмауы. Салымшыда инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы: депозит қолданысына тыйым салу, инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулерден бос болуы керек. 🟢 ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР: Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қандас мәртебесі; Өтініш берген кезде қатысушының жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы керек; Соңғы 6 ай ішінде ресми табысының болуы (Кірістерге еңбек қызметінен түскен жалақы, кәсіпкерліктен түскен пайда, ақылы қызмет көрсету шарты бойынша түскен табыс, жәрдемақылар, стипендия және тұрғын үй төлемдері кіреді. Егер бағдарламаға қатысушының табысы жеткіліксіз болса, онда ол кепілгер болатын екі қарыз алушыны (туысқандық қатынастың болуы міндетті емес) тарта алады); Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйдің болмауын және тұрғын үймен жасалатылған операциялардың болмауын тексеру. Отбасы мүшелеріне: күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер қатысушы некеде болмаса, онда тұрғын үйдің бар-жоқтығы тек өзінен тексеріледі. Бағдарламаға қатысушылардың ата-аналарынан тұрғын үйдің бар-жоғын тексермейді; Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде (18 жасқа дейінгі балалар) соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша кез келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауы; Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды; Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады; Бағдарламаға қатысқаны және заем алғаны туралы ақпаратты банктің ресми сайтында орналастыруға келісім беру (бағдарламаға қатысушылар тізімінің ашықтығы үшін). "Наурыз" бағдарламасы бойынша қолжетімді барлық жылжымайтын мүлік "Баспана маркет" порталында орналастырылады. Бірінші жылы 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз және одан әрі жыл сайын 8 мың қарыз беру үшін 200 млрд теңгеден беру жоспарлануда. #қазынакеңес
نمایش همه...
👍 4 2😱 1👌 1
💡📆📆📆📆📆 23 мамыр 🕺Бүгін спорт сүйер қауым халықаралық күрес күнін атап өтеді. Аталмыш спорт түрі Ежелгі Грецияның өзінде Олимпиада ойындарының сәні болған. 1904 жылы 23 мамырда Венада күрестен бірінші әлем чемпионаты басталып, 2013 жылдан бері бұл күн ресми түрде тойланып келеді. Қазақстанда күрес - ұлттық спорт түрі. Осы сала бойынша спортшыларымыз әлемдік жарыстарда ұдайы жеңімпаз атанып, жүлделер иеленіп келеді. Қазақтың қай балуанын білесіз? 🩺23 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық акушерлік жарақаттан алдын алу күні аталып өтеді. Патологиялық босану кезінде ректовагиналды жарақат пайда болуы мүмкін. Сәйкесінше, қынап пен тік ішек арасының зақымдалуынан, беймезгіл уақытта зәрдің шығып кетуі немесе денсаулыққа басқа да қауіптің төнуіне жол беріледі. Бұл күн халықаралық қоғамдастықтың назарын босану кезіндегі ауыр жарақаттарға назар аударуға шақырады. Мұндай мәселелер көп жағдайда білім мен медициналық көмектің қолжетімсіз болуынан, әйелдердің босану кезіндегі ақпараттан хабарлығының төмен болуынан, ерте жаста баланы өмірге әкелуден туындайды. 🐢23 мамыр - Дүниежүзілік тасбақалар күні. Бұл ебедейсіз, бірақ өте сүйкімді жануарлар туралы көптеген миф кездеседі. Мысалы, олар 300 жылға дейін өмір сүре алады. Шындығында тасбақаның орташа өмір сүру ұзақтығы - кем дегенде 30 жыл, ал ең ұзағы - 130 жыл. Қазір тасбақалар толығымен жойылу алдында тұр. Бұған себеп - браконьерлер мен басқа жануарлардан төнетін қауіп. Сондықтан аталмыш күннің мақсаты - қоғамды осы мәселеге бей-жай қарамауға шақырады. 👥24 мамырда дүниегеке келген танымал тұлғалар. 141 жыл бұрын америкалық актер, дыбыссыз кино дәуірінің ең жарық жұлдыздарының бірі Дуглас Фэрбенкс (1883-1939) дүниеге келді. Ол “Оскар” сыйлығын тапсыратын Кинематография өнері және ғылым академиясының негізін қалаушы әрі бірінші президенті. Сонымен қатар 100 жыл бұрын “Алтын адамды” тапқан қазақ археологы Кемал Ақышев (1924-2003) өмірге келді. Қазақ археологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі 200-ден астам ғылыми еңбек пен 15 кітап жазды. Сондай-ақ дүниежүзілік маңызы бар Сарыарқаның тарихи ескерткіштері, Бесшатыр қорғандары, Отырар ескерткіштері туралы ғылыми мәліметтер жинаған. Оның есімі Қазақстанның Құрмет Алтын кітабына жазылған. #күнтізбе #23мамыр #тасбақа #күрес
نمایش همه...
😍 8 3👌 2 1
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🥳 ҰБТ-ға тіркеліп үлгермеген талапкерлерге соңғы мүмкіндік берілді. Өтініш беріп үлгермеген талапкерлерге уақытша база ашылады екен📌 🤩 Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді. Димаштың жанкүйерлері бұл жолы тағы игі іс жасады👍 👍 30 мамырда қазақстандықтарға белгілі заңгерлер мен мемлекеттік орган өкілдері тегін кеңес береді. Тамаша! Көмекке жүгінсеңіз болады🔥 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/bt-dimash-za-ger-22-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #Димаш #ҰБТ
نمایش همه...
👌 5👏 1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴 Көшпелілер экономикасында жоғары бағаланған маман иелері 📌 Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері қалыптасып келеді. Олар тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Соған орай үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамып отырды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды. 🔍 Қазақ халқының қолөнерінің ішінде зергерлік ісі өте жоғары бағаланды. Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина, сырға, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты. Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған. 🔍 Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу, кілем, алаша тоқу, ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба, мес, торсық, көнек т.б жасаған. 🔍 Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған. Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты. #көшпенділерэкономикасы
نمایش همه...
🔥 6 3👍 1👌 1🍌 1🤝 1
💡📆📆📆📆📆 22 мамыр 🦎22 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық биологиялық әртүрлілік күні аталып өтеді. Биоәртүрлілік - жер бетіндегі тіршіліктің алуан түрлілігін көрсетеді. Өсімдіктер өліп жатыр, жануарлар мен ормандар жер бетінен жоғалып жатыр. Мұның көп бөлігі адам әрекетінен туындап жатыр. Қазір Қазақстанның Қызыл кітабына 400-ге жуық өсімдік пен 130 жануар енгізілген. Болашақ ұрпақ үшін табиғатымызды сақтайық! 🦷Бүгін тіс пастасы салынған сықпаның пайда болған күні. Ежелгі заманда адамзат негізінен тіс ұнтағын пайдаланды. Ал 1892 жылы 22 мамырда америкалық тіс дәрігері Вашингтон Шеффилд металл қорап түріндегі ыңғайлы пакетті ойлап тауып, тіс ұнтағын қолданыстан жойды. Әлеуметтанушылардың сауалнамаларына сәйкес, көптеген елде тіс пастасы мен щетка адамзаттың ең маңызды өнертабыстарының бірі болып саналады. Алайда мына жағдайды да ескеру керек. Себебі ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіс асқазан-ішек жолдарының жағдайына байланысты болады. Сіз тіс пастасының қай түрін қолданасыз? 👍Бүгін детектив әуесқойлары Шерлок Холмс күнін атап өтеді. 22 мамырда Ирландиядан шыққан ағылшын жазушысы, осы тамаша кейіпкерді жасаушы Артур Конан Дойл (1859-1930) дүниеге келді. Дойлдың Шерлок Холмс туралы алғашқы әңгімесі тұңғыш рет 1887 жылы баспада пайда болды. Кейінгі әңгімелері қырық жыл бойы, автор қайтыс болғанға дейін жариялана берді. Дойл Шерлок Холмс туралы 60 әңгіме жазды. Ал сізге Шерлок Холмс жайлы қай әңгіме ұнады? 👥22 мамыр - қос тұлғаның туған күні. Бүгін британдық супермодель әрі кино актрисасы Наоми Кэмпбелл 54 жасқа толды. Ол 15 жасынан бастап подиумға шығып, өнер көрсетті. Сондай-ақ Vogue және Time журналдарының мұқабаларына шыққан алғашқы қара нәсілді қыз атанды. Өнер иесі 20-дан астам фильмде ойнады. Сонымен қатар бүгін сербиялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович 37 жасқа толды. Теннисші - 24 мәрте “Үлкен дулығаны” және 38 рет “Шебер” марапатын жеңіп алған үздіктердің бірі. Ол теннис тарихында 181 миллион доллардан астам жүлделі қаражатқа ие болып, бірінші орында тұр. Сіз кімнің жанкүйерісіз: Новак Джокович әлде Рафаэль Надаль? #күнтізбе #22мамыр #табиғат #тіспастасы
نمایش همه...
👍 8👌 2👏 1
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 👥 Қазақстан туристік бағыттар бойынша әлемдік тізімде 52-ші орында тұр. Керемет!😍 Сіз еліміздің қандай көрікті жерлерінде болдыңыз? 🗣 “Жас қанат - 2024” байқауының қатысушылары белгілі болды. Өнер жұлдыздарына сәттілік тілейміз!👏🏻 👍 "Салбурын" мен "беташар" дәстүрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы мемлекет басшысы мәлімдеді👍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/turist-zhas-anat-m-ralar-21-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #Жасқанат
نمایش همه...
👌 5👏 1
💡💡💡💡💡💡💡 Уақытты дұрыс жоспарлауға арналған ТОП-5 кітап 📚 Франческо Сирильо. “Помодоро әдісі. Уақыт, шабыт және зейінді басқару” (Метод Помидора. Управление временем, вдохновением и концентрацией) Франческо Сирильо – әлемге әйгілі «Помодоро» өнімділік әдістемесін ойлап тапқан адам. Ол өз кітабында күрделі тапсырмаларға назар аударуға әрі оларды кейінге қалдырмауға қатысты кеңестермен бөліседі. Сонымен қатар әрекеттеріңізді жүйелеуге және мақсаттарыңызға жету жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды. 📚 Harvard Business Review. “Қалай өнімді бола аламыз”, (Как стать продуктивнее) Harvard Business Review мақалалар жинағы өнімділіктің барлық саласын қамтиды: тек күнді жоспарлау ғана емес, сонымен қатар назар аудару қабілеті, мотивацияны іздеу және артық жұмысқа «жоқ» деп айта алуға үйретеді. Барлығы алты бөлімнен тұратын 34 мақала. Мұнда «Түгендеу», «Күнді жоспарлау», «Көңіл бөлу», «Мотивация» және «Сапарлар» тарауларынан басқа маңыздылығы жоғары – «Демалыс» туралы да айтылады. 📚 Николай Мрочковский, Алексей Толкачев “Экстремалды тайм-менеджмент” (Экстремальный тайм-менеджмент) Бұл уақытты тиімді басқаруды қалыптастырғысы келетіндер үшін таптырмас кітап. Кітаптың оқырманға берер пайдасы көл-көсір. Бұл туындының басты кейіпкері - Глеб есімді орташа жастағы қарапайым адам. Оның өзін-өзі бағалау қасиеті төмен болады. Соған байланысты жұмысы мен жеке өмірінде көптеген мәселемен арпалысып жүреді. Қуанышына орай өміріндегі бұл келеңсіз жайттар ұзаққа созылмайды. Ол сәтсіз сәттердің бірінде табысты кәсіпкер Макспен танысады. Осылайша Макс оның өмірінің өзгеруіне айтарлықтай көмектеседі. Глеб тәлімгері ұсынған әдістерді орындау арқылы мансаптық жолы мен жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жете бастайды. Әр тараудың соңында кітап авторлары оқырманға Глебпен бірге орындай алатын үй тапсырмасы түрінде ұсынылған жаттығуларды ұсынады. Макс оқырманға өз мақсаттарын теңдестіруге көмектесетін, 8 секторға бөлінген шеңберден тұратын - "өмір теңгерімі" әдісін ұсынады. Әр сектор- адам өмірінің негізгі саласы ретінде қарастырылады. Олар: ▪️Денсаулық және спорт; ▪️Тұрақты орта, достар; ▪️Отбасы және жеке қарым-қатынас; ▪️Мансап және кәсіп; ▪️Қаржы; ▪️Руханият және шығармашылық; 📚 ШЫНАР ӘДІЛОВА "ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ" Кітапта адам баласының теңдессіз қазынасы — уақыт жайлы сөз қозғалады. Уақыттың қол үзіп қалған жағдайда орны толтырылмайтын бірден-бір нығмет екені түсіндіріліп, осы уақытты орнымен пайдаланудың қыр-сыры көрсетіледі. Заманауи тайм-менеджмент ережелерін оқырман назарына ұсына отырып, оны асыл дініміздің шеңберінде қолдану жолдары беріледі. Сондай-ақ түрлі тұлғалардың уақытты жүйелеу әдістерімен таныстырады. Кітап - уақытына бей-жай қарамайтын барша оқырман қауымға арналады. 📚 Стивен Кови. «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (Семь навыков высокоэффективных людей) Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (7 Habits Of Highly Effective People) еңбегі – әлемнің 40 тілінде 30 миллион данамен таралған жеке тұлғаның дамуы туралы танымал кітап. Бұл туынды №1 әлемдік бестселлер болып есептеледі. Кітап 4 бөлімнен тұрады. Автор жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін 7 дағдыны атап көрсетіп, әрқайсысын жеке-жеке талдайды. Алғашқы үш дағды адамның өзін-өзі басқару – толық тәуелсіздікке жету жолдары, келесі үш дағды – айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынас, соңғы жетінші дағды – адамның өзін және өзгелермен қарым-қатынасын басқара білу қабілетін үздіксіз жетілдіріп отыру тақырыбын қамтиды. Жетістікке жетудің жолы мен өмірлік маңызды негізгі принциптерді атап көрсетіп, кез келген жағдайда дұрыс әрі нақты шешім қабылдаудың әдіс-тәсілдерімен бөліседі. 📚 Франческо Сирильо. “Помодоро әдісі. Уақыт, шабыт және зейінді басқару” (Метод Помидора. Управление временем, вдохновением и концентрацией) Франческо Сирильо – әлемге әйгілі «Помодоро» өнімділік әдістемесін ойлап тапқан адам. Ол өз кітабында күрделі тапсырмаларға назар аударуға әрі оларды кейінге қалдырмауға қатысты кеңестермен бөліседі. Сонымен қатар әрекеттеріңізді жүйелеуге және мақсаттарыңызға жету жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды.
نمایش همه...
👍 4👌 4😨 1
💡📆📆📆📆📆 21 мамыр 🌝21 мамыр – Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл - маңызды әрі жауапты жұмыс болуымен қатар, үлкен қабілетті талап етеді. Аталмыш маман иелері ұлттық құндылықтарымызды сақтап, рухани мәдениетімізді байытуға зор үлес қосуда. Сол себепті материалдық игіліктерден бөлек, жанды нәрлендіріп, өмірді үйлесімділік пен мағынаға толтыратын рухани құндылықтар бар екенін әрқашан есте ұстаған жөн. Айта кетейік, сонымен қатар бүгін БҰҰ-ның қамқорлығымен диалог орнатып әрі даму үшін Дүниежүзілік мәдени әртүрлілік күні де аталып өтеді. Таныстарыңыздың арасында мәдениет және өнер қызметкерлері болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз! ☕️Бүгін - Халықаралық шай күні. Оның отаны - Қытай мен Мьянма. Әлемдегі ең танымал сусын туралы ақпараттар алғаш рет 5000 жыл бұрын пайда болды. Көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда шай ежелден мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Мұнда шай ішу мен дайындаудың өзіндік дәстүрлері қалыптасқан. Сізге шайдың қай түрі ұнайды? 👍2012 жылы 21 мамырда Өзбекстанның Науаи облысы Нұрата ауданында Әйтеке би кесенесі ашылды. Әйтеке би Байбекұлы (Айтық) – қазақ халқының бірлігін нығайтып, басын біріктіруде зор үлес қосқан қазақтың ұлы биі. Бұл кесене - бауырлас қазақ пен өзбек халқы арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың жарқын бейнесі. Айта кету керек, Ташкенттің орталығында Өзбекстанда және Қазақстанның бірқатар облысында “Қарлығаш би” атанған атақты Төле бидің кесенесі де орналасқан. 👥1904 жылы 21 мамырда Парижде FIFA құрылды. Халықаралық футбол федерациясы 211 мемлекетті қамти отырып, футбол, шағын футбол және жағажай футболының негізгі басқарушы органы болып келеді. Қазақстан 1994 жылдан бері ФИФА мүшесі болып келеді. Қазір рейтинг бойынша 103-ші орында тұр. Ал ұлттық құрамалар рейтингінің алғашқы үштігіне Аргентина, Франция және Бразилия кіреді. Сіз қай команданың жанкүйерісіз? #күнтізбе #21сәуір #шәй #өнер
نمایش همه...
4👍 2🎉 1👌 1

🤔 3👌 2👍 1