fa
Feedback
Invintel

Invintel

رفتن به کانال در Telegram

Островок здравого смысла Аноним: http://t.me/anonaskbot?start=sls3qail8xiqo 6 сағатта жауап келмесе қайта жаз

نمایش بیشتر
1 182
مشترکین
+624 ساعت
+157 روز
+930 روز
آرشیو پست ها
Батыстың кинолары мен кітаптарынан жастарда мынадай ой қалыптасқан: «Если любишь, отпусти его/её» Ғдэ лоғиқа? Қарным ашса, жемей-ақ қоюым керек па? Шөлдесем су ішпеуім керек па? Ондай қияли әңгімелер өте көп.

Бұрынғылардан мынадай мағынада сөз қалып еді. Қорқақтық пен тақуалықты, әлсіздік пен сақтануды (осторожность) шатастырмаңдар. Өйткені сыртқы көрінісі ұқсас. Сондықтан әлсіздігіміз бен қорқақтығымызды тақуалықпен, ықтияттылықпен бүркемеу керек.

Бір дерт бар. Дұрыс нәрсе жасап жатырмын деп өзгеге зиян беру. Өкінішке қарай, бәріміз осы дертпен ауырамыз. Бірімізде асқынған күйде, бірімізде «безобидный» формада. Анық байқалатын түрлері совет көрген, ел ағасы жасынан асқан көкелерімізде кездеседі. Өкіметте отырғандар ақымақ емес дегенге имандай сенетіндер көп. Олай емес екені анық, өйткені олар да халықтан шығады. Әрине, тоталитаризм санасының қалдығы ғой. Дегенмен өз балаларына көптеген тосқауылдар қойған. Ең білінер-білінбесі дін атынан сөйлейтін тақиялы абзал жандарда. Олар да дін бойынша дұрыстыққа шақырып жатырмын деп ойлайды, оппоненттерін барынша қысады. Бәрі емес, көпке топырақ шашпаймын. Бірақ көбі дұрыстығына терең бойлай бермейді. Мұның бәрінен құтқаратын ем — білім. Біле түскен сайын, тұңғиығына батқан сайын, алдыңғы амалдарың қаншалықты шикі екені білінеді. Өткен іс өтті, қазіргі біліміңмен түзеуге тырысу керек. Бірақ қазіргі амалың да дұрыс екеніне кепілдік жоқ. Өмірің өзіңді түзетумен өте бермек... الله أعلم

Батыстың түсінігінде жұп деген ұғым кетіп, орнын партнёр, серіктес деген ұғым басқан. Экономикалық жағдай соған итермеледі. Әркім өз карьерасымен шұғылданып жүреді. Әйелі күйеуіне, күйеуі әйеліне опасыздық жасайтынын біледі. Сонда да қарым-қатынастарын жалғастыра береді. Француздар оны нормализациялап алған. Неге? Мүдде бір. Серіктес болғасын бір-біріне кедергі жасамау керек. Бұл – олардың түсінігіндегі отбасы форматы. Неге опасыздық жасайды? Себеп көп. Қайбірін айшықтай бересің. Оңашалану, жылулықты әріптестерінен көру, қанағатсыздық т.б. Феминизммен уланған біздің елдің қыз-келіншектері осы форматты опасыздықсыз көшіргісі келеді. Қалай жүзеге асырғысы келеді, түсініксіз. Адам фитрасындағы ер адамның үйлену мақсаты — тыныштық табу, жаны жайлану. Батыста оны сырттан, бөтеннен алу – «норма», сондықтан көз жұма қарайды. Ал карьера қуған екі адамның үйде бір-біріне көңіл бөлуі сирек құбылыс. Үйленудің аты боп, заты болмаса, отбасы боп ұзаққа бармайды. Мәнін де жоғалтады.

Кеңкелес емес феминист табу өте қиын. Басым көпшілігі исламофоб. Егер жаман үлгі ретінде Ауғанстанды мысал етсе, ол автоматты түрде исламофоб. Просто ол өзін олай ойламайды. Инертті санамен өмір сүріп жүр. Үндістанды, Солтүстік Кореяны, Африкадағы денесі шірісе де лашыққа амап қоятын тайпаларды мысал етуге болады. Бірақ оны айтпайды? Неге Сирия туралы айтпай қойды? Өйткені АҚШ бейнесіндегі қожайындары Сирияны «жақсы» деді. Дипломатиялық байланыс орнатты.

Толық подкастын қарамадым. Көрермен көзайымы Рабиға бұл жолы қатты сүрінді. Өзі естігендеріне амал етіп жүрген шығар. Оның маманданған саласы фиқһ емес. Алдында әйелдерге микрофон бермеу керек дегенімде сексизм мен мизогинияда айыпталғам. Мәселе жеке тұлғада емес, қоғамдық түсінікте. Өкінішке қарай, пікірде қанша ескерту берілсе де, осы сәтте Рабиғаны қолдап жатқан қыз-келіншектер өте көп. Уәждері: Азһар бітірген, қари пәленбай қырағат иесі, "білімді" әйел. Олар Рабиғаның қайда қателесіп тұрғанын түсініп тұрған жоқ. Тек ЖЕНСКАЯ СОЛИДАРНОСТЬ. Өкінішті жағдай. Бұл бастамасы. Ертең тағы бірнешеуі шығады. Дайындала беру керек. الله المستعان

Кейінгі кездері әркімнің 18+ видеосы шығып, адамдар өзара тарата бастады. Ол нәрсе болашақта әлі талай адамның айыбы ашылуына әкеле ме деп қауіптенем. Әрбір таратушы біреудің айыбы ашылуына үлескер ғой. Соның салдарынан бұл нәрсе көбейіп (келешекте олардың да айыбы ашылып), кейін қалыпты жағдайға айнала ма деген ой келеді. Ерлі-зайыпты болса да, ондай видео түсірген жөн емес. Алаяқтар телефоныңа доступ алса, жүктеп, тарата салады немесе сонымен бопсалайды. Бір шулап, ел де ұмытар. Бірақ ол балаларының болашағына әсер етеді. «Тексіз» деп құдандаласудан қашады немесе келінді (бетіне басып) басынатын болады. Обал ғой... Ондай айыпты таратпаңдар. Өздерің де көрмеңдер. Басқаларға да ескертіңдер. Аллаһ عز وجل баршамызды тура жолға салсын.

Ол сектада жүйе жоқ. Араб тілі де маңызды емес. Фиқһты пысқырмайды да! Гугл аудармамен өз ойларымен қияс жасап, үкім ала беретін, сүннетті терістейтін теріс ағым. Аз болғасын топ секілді көрінеді, қарасы көбейсе өз-өздері қарсы шығып, қырық пышақ болары анық. Данияр коранит емес. Арабша білетін, фиқһ оқыған жігіт. Кейбір пәтуалары тым жеңіл көрінсе, ол ойдан шығарып жатқан жоқ. Мазһабта бар пәтуаны жеткізіп жатыр. Оған дейінгі имамдар жалпылама пәтуа беріп, сала бойынша кіруден сақтанды. Тақуалыққа жақын болатын үкімдер жайлы хабар беріп жүрді. Данияр салаларға кіріп, нақты мұқабасыз, бүкпесіз, жалаң үкімдерді жеткізіп жатыр. Базовый минимумды. Тақуалық етсең, одан жоғарғысын ұстанасың, бірақ базовый минимумды қанағат ететіндерді күнәда айыптай алмайсың.

Қартайсаң да өстеді, тыныштық жоқ, тәкшто босаңсымаймыз жігіттер)

Егемендік алғалы бері әлі шешімін таппай жүрген отбасылық бір мәселе бар. Ол — келіннің мойнына бүкіл әулеттің хақсыз мініп алуы. Бөлмесіне рұқсатсыз кіру, мезгілсіз қызмет талап ету, бір үйде тұратын адамдардың лайықсыз киінуі (мысалы қайын атасы мәйкі-шорты), қапаста ұстап (күйеуімен) ешқайда шығармауы, әулеттің балаларын қаратып қоюы, енді босанған болса да қонақ күткізіп қоюы, әркім кеп лекция оқып үйретсінулері тағы басқа... (Иә-иә, пикми пост) Сондықтан да қыздардың ата-енемен тұрудан безініп тұрулары қалыпты жағдай. Оларда қорқыныш бар, қорқынышы да орынды. Өйткені жауапкершілік алған күйеулері шегарасын сызып, ақысын қорып бере алмайды. Өздері шешіп алуына үміттеніп, араласпай, жексұрын болатын майданға итеріп тастай салады. Ол келін бұрышқа тығылған тышқан мысыққа атылғандай, не 1-2 жылда қасқыр келін боп, аралары алыстауына әкеледі. Немесе жанашыры жоқ бейшара келін боп, Роза-коуч сияқтылардың кезекті құрбанына айналады. Өйткені не күйеуінен қайран жоқ, не төркінінен қайран жоқ. Негізінде, келіндік қызметтің өз орны, абзалдығы бар. Ағайынның тойы болғанда барып, енесінің бақылауымен көмектесіп қайтуы туыстық қарым-қатынасты жақсартады. Бірақ сол үй бүкіл тірлігін көмектесуге келген қонақ-келінге артып тастап, өздері өсек соғып, шәй ішіп отырса, жақсармайды, алыстайды. Ондай мысал көп. Ата-ананы өзгерте алмайсың. Көнесің, қабылдайсың. Басқалар ондай емес. Үйленген соң ер адамға: тұрмысқа шығарда бәрін тастап келген, ата-енемен тұруға келіскен қызды бағалап, ешкім оның ақысына кірмеуін қадағалауы — міндет. Міндетін орындамаса, тез солады, тозады, әбіржіп кетеді. Әйелінің алдында абыройы да кетеді, сәйкесінше балалары да сыйламайды. Баланың әкесін сыйлауы шешесіне байланысты. Сосын берекесі кетіп, әркімге қызығып жүреді. Аманат етіп алғасын, «шыдайды, қайда барады» деп ойламай, аманатқа қиянат жасамай, қадірін білу керек. Оның шүкірі – қамқорлық пен қорған. Аллаһ عز وجل салихалы, жақсы әйел берген болса, оны қор ету – берілген нығметке күпірлік еткенмен тең. Сұрауы болады. الله أعلم

Кейінгі кездері тарап жүрген контент түрі. Ері әйелінің немесе жігіті қызының (осуждаю) сілекейінен жиіркенетін пранк. Яғни, күйеуі әйелі тістеген жерден тістемей, кесіп тастайды. Сүйген болса, бетін сүртіп тастайды. Әзіл үшін жасалып жатқаны түсінікті. Егер адамның табиғатында ондай брезгливость бар болса, проблема жоқ, әңгіме айта алмайсың. Алдын ала келісіп өмір сүре берсе болады. Ал әдейілеп, демонстративно олай жасаған жақсы емес. Әйелдің көңіліне ауыр тиеді. Бірақ кері реакция әлдеқайда жаман боп тұр. Жеп жатқан тамаққа түкіріп, ерінің аузын ашып тұрып, қайталап түкіріп, басының төбесінен бірнеше рет тартып жіберуі, нәскиін шешіп аузына тығып жіберуі – абыройың плинтустан төмен екенін білдіреді. Планета ауыстыру аз. Әйелі ашуланғанда білгенін істей алуы психокоучтар айтпақшы өзін еркін және қауіпсіз сезіне алғаннан емес. Достары мен бауырларының арасында как-никак қандай да абыройы бар шығар, бірақ ол әйелінің алдындағы ЛОХ. Бұл хәл әйелін де қанағаттандырып тұр. Яғни лохтың әйелі болғанына өзі де разы, әзірше түсінбей тұрған шығар. الله المستعان

Маған әлеуметтік желіде дұға мен салауатты шешуші фактор етіп ұсынатыны ұнамайды. Ішкі ниеттерін білмеймін, бәлкім охват көтеру үшін, бәлкім өзінің жетістігін сонымен байланыстырып өзгеге де солай көмектеседі деп ойлайды. Ол сүннетте келген дұға болса екен, мейлі, жаттап, берекесін аласың ғой, сүннетті орындағаның үшін қосымша сауап беріледі. Кейбіреулер өзінің қиыннан қиыстырып, сөздерін ұйқастырып, қазақшасы міндеттеп тастайды. Олардағы сенімділік сондай — Аллаһтан عز وجل тап солай қабыл ететініне кепілдік алып қойған секілді. Дұғаның ең маңыздысы – ішіңнен шыққан қалау. Әдемі сөздер емес. Мейлі, қазақша жасай бер, бірақ оны елге ұсыну түрін дұрыс көрмеймін. Аллаһ عز وجل дұғаңа жауап береді. Бірақ сен қалағандай емес, Өзі қалағандай. Қаласа, сен қалағанды береді. Қаласа, сен қалағаныңдай көлемдегі бәлені кетіреді. Қаласа, Ақыретке сауаптар мен сый-сияпат етіп сақтайды. Желідегі «жанашырлар» образды түрде «сен қалағанды береді» дегенге тіреп тастаған. Мүмкін, күнәларың дұғаңның жауабын кешіктіріп жатқан болар, саған келер нығметті тосып жатқан болар. Оны намаз бастап, бірнеше діни кітап оқып, кішкене база қалыптаса бастаған мұсылман түсінер. Бірақ әлі тәубесіне келмеген инста мен ТТ аудиториясы түсіне бермейді. Ынтасы оянып тұрғанда, тура сен айтқан салауатты 478 рет, сен айтқан дұғаны 34 рет жасап, нәтиже көрмесе, көңілі құлазып, «өй қойшы, неше түрлісін жасадым» деп салы суға кетер. Осылайша олардың көзінде құнсызданып көрінеді. Дінге сыртқы ритуал ретінде қарай бастайды. Амалдың жақсы болуына жақсы ниет жеткіліксіз (дұға үйреттім, салауат айтқыздым, әр жағы өзімен өзі боп кетеді деу қате). الله أعلم

Незаметно дей ме, жаңа емес тағы бір пікір ақырын тарап бастады (набирает обороты).
Әйел адам – еркегінің қасында басы істемей қалуы керек
Бір қарағанда «мило». Жоқ! Екінші жағынан әйелдерге жағымды. Келтіретін мысалдарында құрылым жоқ. Араластырып жіберген. Әйелдер үшін жағымдысы: 1045 ойланбау, тынығу, жауапкершілік алмау. Онда неге проблема секілді жазып отырмын. Өйткені ортақ стандарт жоқ. Әркімде әрқалай. Әркімнің сезінуі әртүрлі. Біреудің мысалы екіншісіне жүрмейді. Сондықтан сен, еркек ретінде, өзіңе «менің жанымда әйелімнің басы істемей қалу керек» деп мақсат қоя алмайсың. Ол приятно ма? Иә, приятно. Контрольға келе ма? Жоқ. Сенің мықты, абыройлы еркек екеніңнің білдіре ме? Жоқ, жанама кездейсоқ белгісі ме? Иә. Астарына үңілсек, әйелдің разылығын іздеуге кетіп қалады.. Әйел тараптан қарайтын болсақ, инфантильді детская позиция. Мелочьқа дейін бақылап, ақылыңды шұғылдандырып қоятын кішкентай қызың емес қой. Ересек адам. Қай дүкенге баруға болатынын, неше дана қызанақ алатынын шешіп беретін ерлер бар. Олар «аюдың қамқорлығын» жасап жүр. Таңдау жасауда, шешім шығаруда жауапкершілік алғаның жақсы. Бірақ әйеліңде де өз шеңберінде кішкене жауапкершілік болуы тиіс. Шариғат рұқсат еткен сен сызып берген шеңбердің ішінде еркін әрекет жасай алуы және жасауы қажет. Түптеп келгенде, бізге өмірлік серік керек қой, кішкентай қыз емес, солай ма?

Ішінде ешбір қайшылығы жоқ әлемде тек бір-ақ кітап бар. Ол — Құран. Қияметке дейін де жалғыз боп қалатын осы кітап — адамзаттың Басты кітабы. Басқа кітаптар, әдеби өрнектеуімен таңдандырса да, логикалық қателіктерге бой алдырып жатады. Не болмаса логикалық силлогизмы дұрыс болса да, біржақты көзқарас боп қалады. Не болмаса заман өзгеруімен өзектілігін жоғалтады. Осының өзін мектеп деңгейіндегі химиямен түсіндіріп көрейікші. Әзірге 118 химиялық элемент белгілі. Болашақта ашыла жатар, алайда ашылса да олар кең тараған боп саналмас. Композит деген ұғым бар. Оны да қарапайым түсіндірсек, екі немесе одан көп заттың қоспасы. Қосынды заттың күрделі болуына қарай, қосындысының физикалық және химиялық қасиеттері өзгеріп, түрлене береді. Қарапайым судың өзі 2 сутегі атомы мен 1 оттегі атомының қосындысы (молекуласы). Табиғатта таза темірдің өзі берік емес, морт сынғыш, тез таттанғыш, майысқақ. Бірақ беріктігі жағынан тарихта теңдесі жоқ дамаск болаты бар. Ол: 98% темірден, 1-1,5% көміртегіден, 0,5-1% ванадий, хром, никель, молибденнен тұрады. Химиялық құрамы белгілі екен, бірақ неге қайталай алмайды? Бұл қоспалармен қалай жұмыс жасау керегін білмейді, ол қолөнер ұмытылған. Түркістандағы бір шаммен ысыған монша технологиясы секілді. Сонымен, бізде екі негізгі тірек пайда болды. Элементтер және технология. Кәләм ғалымдары Құранға кәләм көзімен қарайды, араб тілін меңгергендер тілдің көзімен қарайды, фақиһтар үкім көзімен қарайды. Ал жан-жақты қарастыра алатын мүмкіндігің болса ше? Нұр үстіне нұр емес пе? Шариғат ғылымдары бір-бірін байытып тұрған құралдар іспетті, сенің Құранды байытылған түсінікпен қарауыңа мүмкіндік береді. Шариғат білімдерін негізгі элемент деп қарастырған жөн. Қоспа элементтер ше? Үлесі аз болса да, әсері мол ғой. Құранға математика, физика, химия, медицина көзімен қарасаң ше? Ондай тәпсірді бізге Фахруддин әр-Рази رحمه الله ұсына алды. Өкінішке қарай, оған арабтардың да тісі бата бермейді. Өйткені оны түсіну үшін тіл мен мантық жеткіліксіз. Технология қалай? Қай мөлшерде меңгеру керек?

«Жене не комфортно, когда мужу комфортно»
Әзілмен осындай қанатты сөз пайда болған. Безобидный көрінгенімен қисықтықтың пропагандасы дерсің. Үй ер адамның демалыс мекені емес, тылдағы майданы боп кетті. Біреу күйеуіне жағдай жасаса, жер жебіріне жетіп, пікірлерімен түтіп жібереді. Ер адам ешкімді айыптамай, қандай жар керек екенін рилс түсіріп, текспен нақтылап жазса (ұнжырғасы түскенде жігерлендіретін, әр кіші жетістігіне қуанып, әр қызметіне рақмет айтатын жар керек деп): «ондай қызды бағаламайды, опасыздық жасайды, өзгеріп кетеді» - деп жазатындар көп. Длб* жігітке басы кетіп, соған өзін баты бүтін арнап, артынан соры шыққанда, барлық еркек атаулыны бір қораға кіргізіп тастау әдеттегі жағдай. Мүмкін, длб* жігітті емес, адекватты жігітпен отау құрса, ондай болмас па еді? Мұсылмандар үстемдік ететін, сырттан қауіп жоқ Америкадай державада өмір сүрсең, осы тентектіктің бәріне «тойып секіріп жатыр» деп түсінуге болар еді. Өткен ғасырда қазақ оянуға мұқтаж болса, қазір зәру. Моралдық тұрғыда бұзылып емес, шіріп бара жатыр. Араға ай салмай біреудің 18+ видеосы шығып, соны өзекті етіп жайып жүргендер қаншама... Физикалық қатерден бөлек, осындай моральдық қатер төніп жатқанда, сыраның су жаңа "патшасы" мен Баянның "махаббатын", "комфортын" талап еткенде фрустрация сезінесің. Хиджаб – адекваттылықтың көрсеткіші емес екенін ендігі қабылдай бастадық. Өкінішке қарай... Өйткені олар да осы әлем.желінің тұтынушылары. Фундамент қалыптаспаған. Шариғи білім алған, алып жүрген қыздар да амбивалентті күйді тудырады. Сонда НМУ, Азхар, Түркияның медреселерінде фиқһтан, Құран жаттатудан өзге нәрсе оқытпай ма? Мұсылмандық мораль ше? Әлде "үй шаруасына көмектесу – сүннет" дегенді Құранша жаттата ма? Әйелдерін жөнге салатын ерлер оянбай жатыр. Өздерін бағалап, оянып, әрекет ететіндер, заңмен мүлкі тәркіленіп, балаларымен кездесе алмайтын болғасын бейшара халге көндігуге мәжбүр боп өмір сүруде. Қоғамдық рухани сілкініс айналып келгенде адекватты, сау қыздардың еншісіне қалуда. Шықса, солар тұрмысқа шыққан отбасылардан шыға жатар. الله أعلم

Вопрос: Совершает ли жена грех, если не готовит мужу, не убирает в доме и не стирает его одежду ? Ответ: Да, она совершает грех. Потому что, служить своему мужу для неё обязательно. Аллама Шейх Нидал аль-Ханафи

Араб тілін үйреніп жүргендер, жалпы қызығып жүргендер әсерленіп қалуы қалыпты жағдай. Тек арабтар емес, ыстық мекенде өмір сүретін халықтар сезімтал келеді. Кейде қыздар түріктердің, арабтардың, үндістердің пікірге түрлі сөздер жазып, ғашық екенін жазып шағымданатыны бар. Кейде осындай сиқырлы сөздерге алданып қалып та жатады. Кейде мұндай теңеулер шектен шығып жатады. Мұндай сөзді саған айтса, басқаға айтпайды дегенді білдірмейді)) Осылай сезімге берілгіштік біраз елде ездіктің кең тарауына әсер етті. Романтика – бақытты өмірдің кілті де, кепілдігі де емес. Азы пайдалы болғанымен, көбі зиянды.

Феминизмнің логикалық қайшылықтары көп. Соның бірі: 1. «Бұрын еркектер әйелдерді күң секілді көрген. Оқытпаған. Жұмыс істетпеген. Дауыс беру құқығы болмайтын. Сөз бермейтін, ол үшін шешім қабылдайтын». 2. «Қазір еркектер майдаланып кеткен. Мамсик, абьюзер, тиран, мямля. Бұрынғының еркектері нағыз еркек еді». Қызығы, екеуін де ыңғайлы тұста пайдаланады)

Мұхтар Шаханов атамызды Аллаһ рахметіне алсын. КСРО кезінде қайсарлықпен билікке қарсы тұрып, тура сөзді айтып, желтоқсаншылардың сөзін сөйлеген адам ретінде, Қазақстанда жер реформасы кезінде шетелдіктерге сптылмасын деп қозғалыстың алдында жүрген адам ретінде есімде.

Былай ханафи және шафиьи мәзһабтарындағы дереккөздерге қарасаң: «Әйелі шариғатқа қайшы келмейтін кез келген істе еріне бойсұну керек» делінген. Ханбали мәзһабында әйел үшін күйеуінің ақысы өз ата-анасының ақысынан жоғары екені айтылады. Мәлики мәзһабын білмедім. Қазылық тұрғыда міндет емес істерді әйеліңе міндет ете аласың. Бұрын сәләфилер себепті ақиданы жаппай үйренген болсақ, қазір әйелдердің феминистік бас көтерулері фиқһты жаппай үйренуімізге себеп боп жатыр. Мұның да қайыры бар екен. Енді сәләфилерді тойтарғандай, женский фиқһ өкілдерін тойтарсақ, жақсы буын тәрбиеленетін секілді.