fa
Feedback
Тимурдан Инфо | it&tech

Тимурдан Инфо | it&tech

رفتن به کانال در Telegram

✔Ақпараттық технология (ІТ), ✔кәсіп бастау, ✔Интернет маркетинг, ✔жаңа медиа, ✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын. 📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады

نمایش بیشتر
3 447
مشترکین
-524 ساعت
+97 روز
+20430 روز
آرشیو پست ها
ЖИ арқылы кәсіби түрде видео жасап жүрген қайсыңыз бар? Хигсфильдпен бола ма, Флоумен бола ма, немен болса да маңызды емес. Маңыздысы, кәсіби түрде 3-4 минуттық ЖИ видео жасап жүрген адам болса, жекеге жаза салыңыздаршы? Бір ұсыныс бар. Тарсырыс берушілермен жалғап жіберейін.

iPhone Ultra 🔥 Дайынсыздар ма? Шынымды айтсам, соңына дейін сенбегем. Өйткені, Әпілдегі жарықтықтар бұл құрылғыны әне шығара
iPhone Ultra 🔥 Дайынсыздар ма? Шынымды айтсам, соңына дейін сенбегем. Өйткені, Әпілдегі жарықтықтар бұл құрылғыны әне шығарамыз, міне шығарамыз деп 5-6 жылдан бері емексітіп келген еді. Бірақ бұл жолы техно-өсектерге қарасақ, бүктелмелі Айфон концепт түрінен нақты өнімге айналғаны рас секілді. Алдыңғы күні ғана Samsung Galaxy Fold алам ба деп ойлап қойғам. Енді, Қыркүйектің 9-ын күту қалды… Алар ма едіңіз мұндай бүктелетін Айфонды?

🎉 Результаты розыгрыша: 🏆 Победители: 1. Zhanatbek (@kalniyazov17) 2. Check (@innovatorrrr) ✔️Проверить результаты

IT саласы, оның ішіндегі мамандықтар, әр мамандықтың атқаратын жұмысы, жалпы ІТ сферасы туралы кітабымның бастапқы нұсқасын д
IT саласы, оның ішіндегі мамандықтар, әр мамандықтың атқаратын жұмысы, жалпы ІТ сферасы туралы кітабымның бастапқы нұсқасын даярлап боп қалдым. Бұл кітап жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына, ІТ студенттерге және өз саласын ІТ мамандыққа бұрғысы келетін ересектерге, жалпы ІТ сфера туралы білгісі, түсінгісі келетіндерге арналған. 2020 жылдан бері “Әне, міне, ертең, арғы күні…” деп жүрген шаруа еді. Бүгін жексенбі деп сәл ерігіп отырғандарыңыз болса, мұқаба таңдауға ат салысып жіберіңіздер. Солдан оңға және жоғарыдан төмен 1, 2, 3, 4 болады ғой жауаптарыңыз;) Сосын, сұрай салайын: алар ма едіңіздер жалпы?

Жұмыс аптасының аяқталуымен құттықтай отырып, Yandex компаниясымен бірлескен мына конкурстың аяқталуына аз қалғанын еске саламын. Жақындарыңызға, таныстарыңызға жіберіп қойсаңыздар. Қызық үшін қатысып қалар;) Айтпақшы, жүлдегер саны - 2-еу болады.

Ахаха “ЖИ дамыған эаманда программалауды үйрену не үшін керек?” деген сұраққа тағы бір жауап тауып әкелдім 🔥
Ахаха “ЖИ дамыған эаманда программалауды үйрену не үшін керек?” деген сұраққа тағы бір жауап тауып әкелдім 🔥

Айтпақшы… Ұмытып кетіппін жазуға. 🔥 Қазақстандық ЖИ компания Higgsfield осыдан 8-ақ ай бұрын $1.3 млрд долларға бағаланса, к
Айтпақшы… Ұмытып кетіппін жазуға. 🔥 Қазақстандық ЖИ компания Higgsfield осыдан 8-ақ ай бұрын $1.3 млрд долларға бағаланса, күні кеше $5.4 млрд долларға бағаланды. 💪 Бұл бағамға әлемдік инвесторлардан $400.000.000 АҚШ долларын тартқаны себеп болды. Керемет, ә?

ЖИ технологиясы саласындағы маңызды қабілеттер. dice.com мәліметі. 1 жыл бұрынғы ақпарат болса да біз үшін өте өзекті.
ЖИ технологиясы саласындағы маңызды қабілеттер. dice.com мәліметі. 1 жыл бұрынғы ақпарат болса да біз үшін өте өзекті.

Айналайын джундар мен студент жастар! Өтінемін, менің атымнан осында қатысыңыздаршы? Сіздер үшін өте пайдалы! Бұны ұйымдастыр
Айналайын джундар мен студент жастар! Өтінемін, менің атымнан осында қатысыңыздаршы? Сіздер үшін өте пайдалы! Бұны ұйымдастырып жатқан азаматтар сіздерге үлкен мүмкіндік пен тәжірибе ұсынып жатыр. Пайдаланып қалыңыздар👇👇👇 https://freedom-one.kz @timurdaninfo

Warp қолданатындар лайк басып кетіңіздер👍
Warp қолданатындар лайк басып кетіңіздер👍

Жай ғана менен инсайдерлік ақпарат: 2024 жылдың алғашқы тоқсанында OpenAI модельдерін ұстап тұруға э 120,000 A100 картасы қызмет еткен. Ал GPT-4 моделін олар 25,000 картаның күшімен үйреткен. Meta-лық LLAMA-3-405B болса, 16,000 (алайда күштірек) карта арқылы үйретілген. Енді сұрақ: бұл 2024 жылғы мәлімет болғанда, біз 2026 жылы не істеп жатырмыз? “Қазақстан ЖИ дамуы жағынан елдің алдында” деген әңгіме орынды ма?

Ресейлік Mash телеграм-каналы shymzz13 деп аталатын хакердің даркнетте 15 миллион қазақстандық тұрғынының мәліметтерін сатуға
+1
Ресейлік Mash телеграм-каналы shymzz13 деп аталатын хакердің даркнетте 15 миллион қазақстандық тұрғынының мәліметтерін сатуға шығарғанын хабарлады. Сатушы бұл базаны eGov жүйесін бұзу арқылы алғанын айтып, файл құнын шамамен 32 мың долларға бағалаған. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі электронды үкімет жүйелерінің бұзылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен, ведомство даркнетте орналастырылған Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің қолды болуы туралы ақпаратты тексеріп жатыр. @timurdaninfo

Халықаралық тренд: ChatGPT, мен сені өшіріп, орныңа Gemini мен Claude орнатқалы жатырмын деп чат джипитиге жазып көріп, осында оның қандай жауап бергенін бөліс.

Жаз – бір сәт аялдап, ой сергітіп, жақсы сыйлық ұтып алатын керемет мезгіл 🎁 Жақында Yandex Ads маған «Форма» студиясымен бі
Жаз – бір сәт аялдап, ой сергітіп, жақсы сыйлық ұтып алатын керемет мезгіл 🎁 Жақында Yandex Ads маған «Форма» студиясымен бірге әзірлеген ерекше керамика жиынтығын тарту етті. Маған ұнағаны – оның астарындағы ой. Кейде дұрыс шешім табу үшін асықпай, аздап тынығып, назарды басқа нәрсеге аудару керек. Бұл әдемі жиынтық үйімнен өз орнын тапты. Енді дәл осындай сыйлықты сіздердің араларыңызда ойнатқым келеді. Қатысу шарттары өте қарапайым: • менің арнама жазылыңыз; • Yandex Ads Қазақстан @YANtechKz арнасына жазылыңыз; • осы жазбаның астындағы «Қатысу» батырмасын басыңыз. Жеңімпаз 20 тамыз күні кездейсоқ таңдау арқылы анықталады. Сыйлықты Қазақстанның кез-келген өңіріне жеткіземіз.

Айтпақшы, ертең бір конкурс жариялаймын. Жеңімпаздарға өте қызық жүлде бар. Сондықтан, менің каналымнан алыстамаңыздар. Сондай-ақ, тамыр-таныстарыңызға менің каналыма қосылуға @timurdaninfo шақырып қойсаңыздар болады ✊

Бүгін зерттеуге өте қызықты әрі биотехнология мен есептеуіш жүйелердің тоғысында өрбіп жатқан жаңа тақырып — Synthetic Biology & Biological Computing (Синтетикалық биология және ДНҚ-есептеулер). Тақырыптың мәні неде? Бұл бағыт титан, силикон (кремний) чиптердің орнына ДНҚ молекулаларын, белоктарды және биологиялық жасушаларды ақпаратты сақтау мен өңдеу драйвері ретінде қолдануды зерттейді. Бұрын биология тек табиғатты бақылау ғылымы болса, қазір ол «бағдарламаланатын материяға» (programmable matter) айналып келеді. ДНҚ коды тікелей A, T, C, G негіздерінен тұратын төрттік (quaternary) бағдарламалау тілі ретінде қарастырылады. Неліктен бұл тақырып дәл қазір өзекті? Тығыздығы орасан зор ДНҚ-жад (DNA Data Storage): Әлемдегі деректер көлемі геометриялық прогрессиямен өсіп жатыр, ал кремний ресурстары шектеулі. 1 грамм ДНҚ молекуласына ~215 петабайт (215 000 терабайт) дерек жазуға болады. Тіпті бүкіл адамзаттың ақпараттық архивін шағын бөлмеге сыйғызу теориялық тұрғыда мүмкін. Жасушалық компьютерлер (Cellular Computing): Ғалымдар генетикалық схемалар (genetic logic gates: AND, OR, NOT) арқылы тірі жасушаларды белгілі бір логикалық алгоритм бойынша жұмыс істеуге бағдарламалап жатыр. Мысалы, организмде рак жасушасын тапқанда ғана іске қосылатын «ақылды» дәрілер. Экологиялық тұрақтылық: Классикалық дата-центрлер орасан зор электр энергиясы мен салқындатуды талап етсе, биологиялық сақтау жүйелері мыңдаған жылдар бойы қуатсыз-ақ сақтала береді. Қай бағыттарды тереңірек зерттеуге болады? ДНҚ-да ақпаратты цифрлау: Екілік кодты (0 мен 1) ДНҚ типіне (A, T, C, G) түрлендіру алгоритмдері және оқу/жазу жылдамдығын арттыру (DNA synthesis & sequencing). Синтетикалық логикалық схемалар: BioBrick бөлшектері, CRISPR негізіндегі генетикалық редакторлар және жасушалық автоматтар. Бағдарламалық құралдар: Генетикалық кодтарды жобалауға арналған бірыңғай орталар — Cello (Verilog тілін генетикалық ДНҚ тізбегіне трансляциялайды) немесе SBOL (Synthetic Biology Open Language). Осы тақырыптың қай бағыты (ДНҚ-да деректерді сақтау, генетикалық logic gates немесе Cello сияқты бағдарламалау құралдары) сізге көбірек қызықты?

IT мамандығына түсіп, енді ол саланы толыққанды біліп алғысы кеп жүргендерге арналған нұсқаулықтар жасап шықтым. https://guide.timur.academy/index.html

ChatGPT шыққалы, біздің жалпы қазақ бұқарасы ЖИ дегенді естіп-білгелі 3-4 жыл болды. Осы 4 жылда 20-30 сұқбат берген болармын. Шынымды айтайын, біраз жалығып та кеттім. Өйткені, “ЖИ адамды алмастыра ма, жоқ па? Ол не үшін керек?” деген сияқты тақырыптан шыға алмай жүрміз. Осындай себептерге байланысты “Сұқбат бермеймін, ол туралы 100 рет айтып тастадым” деп ренжітіп алған журналистерім де көп. Қайтейін енд;)) Обшым, 101-ші рет тағы сол ЖИ туралы сұқбат бердім. Бүгін жарияланды. Уақыттарыңыз болса, тыңдап көрерсіздер. Ұнаса, лайк басып, пікір жазарсыздар. Тіпті, көрмей-ақ лайк басып, 🔥🔥🔥 тастап кетсеңіздер де болады. Әйтеуір, біреуге пайдалы боп қалар. https://youtu.be/8ZNoiYwVjcg?si=SyVE-fxYpX_oFemH

Timur-Bektur-AI-Engineer-Roadmap-KZ.pdf1.15 MB

Қысқасы... Құрметті, қазақ тілін сүйетін ағайын. Оның ішінде өзім де бармын. Бізде мынадай 2 проблема бар. Екеуі бір-біріне к
Қысқасы... Құрметті, қазақ тілін сүйетін ағайын. Оның ішінде өзім де бармын. Бізде мынадай 2 проблема бар. Екеуі бір-біріне кереғар. Мен осы мәселеге басым қатқаннан кемі 4 жылымды құрттым. ChatGPT шыққалы. Ол: 1) Әлемде шыққан барлық ЖИ-ге қатысты жаңалықты өзім қазақшаға сауатты түрде аударып, сапалы контент жасау. Бұның проблемасы: оған менің шамам жетпей қойды. Тым көп уақыт, энергия, ресурс алады. Оның үстіне, сонша энергия алатын контентті оқып жатқан қазақтар да жоқ. Осындағы менің жазбаларым әрі кетсе 300-400 қаралым жинайды екен. 2) ЖИ арқылы ЖИ қатысты материалдарды автомат аударып ұсыну. Мұның проблемасы: қазақша өте сәтсіз аударылады. Қателер мен орашолақ сөйлемдер байқалады. Бірақ жылдам, тез. Бұл жағдайда маған сын көбейеді. Алайда, мен жеңілдім. 300-400 адам ғана оқитын, түбінде ешкім мән бермейтін контент үшін ЖИ қолдана салған дұрыс деп шештім.