Тимурдан Инфо | it&tech
Открыть в Telegram
✔Ақпараттық технология (ІТ), ✔кәсіп бастау, ✔Интернет маркетинг, ✔жаңа медиа, ✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын. 📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Больше3 470
Подписчики
+324 часа
+47 дней
-3530 дней
Архив постов
+1
🚀 Apple жаңа MacBook Pro мен қуатты Mac Studio таныстырды!
💻 MacBook Pro: OLED сенсорлы экран, Dynamic Island және жарқырайтын Apple логотипі. Бағасы — $2 899-дан басталады.
🔥 Mac Studio M5 Ultra: 512 ГБ бірыңғай жедел жады (RAM)! Бағасы — $22 299 (Иә, 22 мың 300 доллар).
512 ГБ RAM — бұл енді жай компьютер емес, күрделі AI модельдерін жергілікті іске қосуға арналған қуатты жұмыс станциясы.
Болашақта жасанды интеллектіні бұлтта емес, өз компьютерімізде іске қосу қалыпты жағдайға айналуы мүмкін.
⚡️Глава государства:
«Следующее. Казахстан обязан (именно обязан) создать цифровую экономику.
Будучи реалистами, правильно оценивающими свои возможности, мы должны использовать все лучшее, что могут дать новые технологии для благополучия нашего народа.
Строительство основной инфраструктуры для реализации комплексной стратегии Digital Qazaqstan уже началось.
Запущены два суперкомпьютера, до конца года будет введен в строй третий мощный суперкомпьютер.
Завершена прокладка волоконно-оптической магистрали по дну Каспия, возводятся центры обработки данных.
И это лишь малая часть работы по цифровой трансформации страны. Мы находимся в начале большого пути, ведущего к новому технологическому укладу.
Чтобы идти в ногу со временем, необходимо сосредоточиться на достижении практических результатов.
Но надо признать, что пока у нас больше слов, чем дела, реальная цифровизация порой подменяется автоматизацией существующих процессов или проведением разного рода мероприятий.
Цифровизация не должна сводиться к закупке дорогостоящих программных продуктов без понимания их практической пользы».
t.me/aqorda_resmi
Конференцияны Halyk Visa компаниясымен серіктестікте өткізеді.
📅 2026 жылғы 29 қазан
📍 ҚБТУ, Алматы
Қатысу тегін. Орын саны шектеулі. Тіркелу https://kino.kz/concert/event/11359
———
Repost from Kazakh in Cardiff (I was)
Бір мысал келтірейін.
Apple жаңа iPhone Duo дегенді қыргүйектің басында көрсетті. Сатылымға бір жарым айдан кейін шықты. Осы бір жарым айда бүкіл әлем тек презентацияда айтылғанды және сайтта жазылғанды біледі. Батареясы нақты қанша миллиампер-сағат, анау қалай жұмыс істейді, мынау не үшін бұлай емес деген сұрақтың жауабын ешкім біле қоймайды. Журналист те, блогер де құрылғыны қолына ұстап көрмей тұрғанда мұндай терең ақпаратты алатын ресурс, немесе Джон Тернустың сұхбаты мүлдем жоқ. Бұл кәдімгі ақпараттық вакуум ғой.
Енді елестетіңізші, презентациядан келесі күні сізге Apple басшысымен эксклюзив сөйлесу мүмкіндігі түсті. Әлемде әлі ешкім қоймаған сұрақты қоюға болады. Wired пен TechRadar сізден көшіріп жазады. Дәл осындай мүмкіндік бізде бүгін тұр.
Күні кеше ғана, сәрсенбіде, Берлинде NVIDIA-ның конференциясы өтті. Дженсен Хуанг RTX Spark деген ноутбук сериясын көрсетті. Ішінде 1 петафлоп қуат және 128 GB жад бар. Тура осындай қуатты 2016 жылы ол OpenAI-ға тасып апарған, ол кезде бұл екі адам әрең көтеретін шкаф еді. Ал 2008 жылы 1 петафлоп қуаты бар компьютер құру үшін тұтас бір ғимарат керек болатын. Бүгін соның бәрі бір ноутбукқа сыйып тұр. Одан бөлек сахнаға physical AI дың жаршысы ретінде кішкентай роботтар да шықты. ЖИ әлемі үшін бұл iPhone Duo презентациясымен деңгейлес оқиға.
Ал бүгін сағат 11-де Хуанг Астанада. Екі ортада ол ешкіммен сөйлесіп, бірдеңе жариялап үлгеретіндей уақыты болған жоқ. Бүгін оған неше түрлі өткір немесе инсайтфул, кешегі презентациядан кейін бәрінің ойында тұрған сұрақтарды қоюға болады. Чтобы әлемдік tech медиалар жарыса бізден көшіріп жазатындай әлгі.
Бірақ меніңше бүгін ондай сұрақтар қойылмайды. Себебі форматтың өзі сондай: бұл баспасөз конференциясы емес, fireside chat. Хуангпен сахнада оны шақырған министрдің өзі ғана сөйлеседі. Залдан сұрақ қойылса да, алдын ала келісілген, протоколға сәйкес сұрақтар ғана қойылатын шығар. Ал біздің медиа «Хуанг бізге ұшып келді, біз де ЖИ әлемінде бармыз, банан елі емеспіз» деп қуанумен шектеледі. Атақ үшін қуанамыз да, ең қызық сұрақтар жауапсыз қала береді. Мүмкін қателесетін шығармын. Қателескім келеді де. Сағат 11-де әліптің артын бағайық
https://youtu.be/d0j58QNeRmc
NVIDIA басшысы Дженсен Хаңның біздің елге келгені, әрине, қызық жаңалық.
Өз басым ол жігітке тәнтімін. Құрметтеймін. “Сондай болсақ…” деп ұмтыламын.
Бірақ, асты-үстіне түсіп өліп кете жаздайтындай жалбақшуға болмайтын шығар? Сыртынан қарағанда ұяттау.
Қалай ойлайсыздар?
Керемет жаңалық!!!
🌐 OpenAI өз модельдерін Google Cloud платформасына енгізеді
OpenAI компаниясы өздерінің жасанды интеллект модельдерін Google Cloud инфрақұрылымында қолжетімді ететінін жариялады. Енді GPT өнімдері Google-дің «model garden» және Antigravity кодтау құралына алдағы апталарда қосылады. Бұл қадам OpenAI-ге Microsoft-тан тыс корпоративті әзірлеушілер нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, компания өз технологияларын әлемдегі ең ірі үш бұлттық провайдердің барлығында орналастырып отыр. Толығырақ оқу
Қыздар мен жігіттер, мен сіздерге сұмдық керемет видео алып келдім.
Бұл - Стэнфорд университетінің стартап жасау туралы шеберлік сағаты.
Әңгіме мынадай өте қуатты, алапат сөзден басталады: Talented people working on bad ideas - it’s a tragedy!
Не деген сөз!
https://youtu.be/My02IkUg7Ug?si=yMWCYLt-P8JQtTnK
Алдыңғы жазбама қатысты тұздық.
The only question is HOW?
How they can do it? And we don’t?
NVIDIA бұған дейін H200 график процесоорларын шығарды. 141GB жады, 4.8TB мәлімет өткізу қабілеті бар.
Қазір B300 шығарып жатыр. 288GB жады, 8TB мәлімет өткізуімен ерекшеленеді.
Менің ойымша, NVIDIA мұнымен тоқтап қалмақшы емес. Біз (біз болғанда, Қазақстан емес, жалпы әлем) оларды сатып алып, оларды қолданамыз дегенше, 500GB, 1TB деп көбейте береді-ау.
Осы жерде менің ақылыма қонбайтыны - дәл осылай жалғаса бермек пе? Меніңше, жоқ!
Бәлкім білерсіздер, бәлкім білмессіздер, қазіргі ЖИ инфраструктурасы һәм архитектурасы brute force әдісімен жұмыс істейді. Ол дегеніміз - кәдімгі “дүмпуі мықты болса, киіз қазық жерге кірер” деген таза қазақы стильдегі әдіс. Қара күшпен ЖИ жасау.
Ол қара күштің аты - computing power. Өте үлкен массив мәліметті есептеу күшінің алапат зор қуатымен қозғалысқа әкелу.
“Бұдан ары кете бермеу қажет” деп отырғаным осы. Бұл - уақытша шешім ғана болса керек.
Менің ойымша, ғалымдар, инженерлер ЖИ модельдерін кішірейтудің, аз энергия жұмсап көп нәтиже алудың, қанша көп мәлімет болса да террабайттаған компьютер қуатынсыз есептеудің басқа жолын табады.
NVIDIA сол шешім табылғанша темірлерін жеделдетіп сатып үлгеруге тырысады. Өйткені, ол шешім табылған кезде әркімнің қолында бар смартфондар мен ноутбуктер де қуатты ЖИ модельдерді алапат серверсіз-ақ жүргізе алатын болады.
Бұл - “Бізге математиктер не керек? Бізге инженерлер не керек? Бізге computer science не үшін оқу керек? Бізге Data science оқып не керек?” Бізге жалпы не үшін оқу керек?” деген сұрақтарға жауап.
Адамзат баласының дамуы LLM-дер мен transformer-лерге келіп тоқтайды, осымен ЖИ архитектурасы аяқталды дегенге өз басым сенбеймін.
ЖИ шықты, енді джундар не керек?
Осы сұрақты өте көп кездестіремін.
Иә, кез-келген нәрсенің басында эйфориясы болады.
Эйфория деген алғашқы бақытты сәттер. Көп нәрсені елемейтін кезең. Өте қарабайыр, тұрмыстық деңгейге түсіріп айтсақ, үйге түскен жас келіннің бойындағы сезім. Кір жуатын машинасыз да, ыдыс аяқ жуатын машинасыз да, басқа да тұрмыстық техникасыз біраз тірлік бітіре береді.
Бірақ уақыт өте ол эйфория басылады. Әлгі кір жуу, ыдыс аяқ жуу, тағысын-тағы күйбең тірлік 24/7 айналып келе береді, келе береді. Сосын әбден жалықтырады. Бүкіл энергияны алып қояды. Мұны рутина дейді.
Мына бүкіл әлемдегі мидлдар мен сениорлар да солай басында құтырды. “ЖИ тұрғанда джун не керек бізге?” деп. Таза эйфория.
Бірақ уақыт өтпей ме? Қазақта мақал бар “Малшыға да жалшы керек” деген. ЖИ бақылау да кәдімгідей бір адамның уақытын алатын шаруа. Тіпті күйбең тірлік. Кәдімгідей рутина. Ал менің ойымша, сол шаруаның барлығы мидл мен сениор жасайтын жұмыстар емес.
Ал енді?
Әрине, джун керек. ЖИ басқаруды, қалып-күйге келтіруді, ұсақ-түйек девопс шаруалар мен тестілеуді, бастапқы деплой мен гитхаб синктерді джун істемегенде, сениор істей ме? Егер сениор істесе, онда ол өз орнында отырған сениор емес. Не айлығын азайту керек, не дәрежесін мидл не джунға түсіру керек.
Яғни… джун керек. Тіпті бұрынғыдан да көп джун керек. Ана оркестрацияны басқаратын да бір оператор команда қажет емес пе?
Бүкіл әлемнің әлеуметтік желісін жарып жатқан жаңалық - жаңа Tesla Roadster 🔥
100 км/сағ жылдамдыққа 0.8 секундта жетеді. 280 км/сағ жылдамдықпен жүреді 🤯
🇰🇿🇦🇿Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
🔹Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.
🔹Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды.
🔹Бұл желі Қазақстанды және Орталық Азияның басқа елдерін, сондай-ақ Қытайды Еуропамен жалғайтын жаңа байланыс бағытының бір бөлігі саналады. Ол Жерорта теңізі мен Қара теңізде орналасқан байланыс жүйелеріне қосылуы мүмкін.
🔹Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Атап айтқанда, ТОБЖ елімізде қосымша халықаралық байланыс желісін іске қосып, отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.
Perplexity - ең сүйікті құралдарымның бірі еді. Тіпті Pro тарифін де алғанмын бір жылға. Соңғы 3-4 айда қатты топастанып кетті. Жұрт agentic, web rendering, outcome preview sidebar жасап жатқанда, бұл 2022 жылғы чатбот деңгейге дейін түсіп кетіпті. Қайта-қайта, "бүйтейін бе, сөйтейін бе?" деп сұрай беретін. Эх...
Маған мынау қызық боп тұр…
ChatGPT 2022 жылдың соңында шықты. Содан бері нарыққа шыққан Gemini, Claude, барлығы-барлығы ай сайын, тіпті күн сайын тек модель дамытып жатқан жоқ. Олар соңғы миль парадигмасына жататын барлық сервистерге бәсеке жасап, нарықтан ысырып келе жатыр.
Мысалы, GPT-3.5 кезде 1 жылдай жақсы ақша тапқан стартаптардың бірі - pdf to chat. Яғни PDF файлмен сөйлесу. Ол кезде (2023 жылдар) LLM модельдер өз-өзін дамытумен айналысып жатты да қосымша сервис көрсету жағына мән бермеді.
Қазір 2026. Енді барлық чатботтар MCP арқылы, тікелей плагин арқылы, API арқылы, llm-wrapper-лердің бизнесін бір күнде жойып жатыр.
Қазір қарап отырсам, OCR жасау модельдері күн сайын шығып жатыр.
Енді осы жерде сұрақ: біз де OCR жасау, embedding жасау, tokenization жасау сияқты жұмыстарды қолға алуымыз керек пе әлде бигтех компаниялардың модельдері біздің ол жұмысты бір күнде жоққа шығаратындай модель жасап тастар ма екен?
Шынымды айтсам, соңғы 4-5 айда біртіндеп бірдеңе жасау деген энтузиазм құлдырап барады.
Күніне 30.000 code changes.
Мамырда 2.500 болған.
Масштаб деген осы екен…
Тәжірибелі, жұмысын жаңадан бастаған backend-әзірлеушілерді Алматы қаласындағы http://Kaspi.kz кеңсесінде өтетін офлайн-кездесуге шақырамыз!
📆 15 қазан
🕓 16:00
Мұнда:
• ірі өнімнің backend-әзірлемесі қалай жұмыс істейтіні,
• оңай пайдаланылатын кодты қалай жазуға болатыны,
• сервисті тоқтатпай, өзгерісті қалай енгізуге болатыны туралы айтылады.
Тіркелу: https://bit.ly/4e9V5bD
#жарнамаЕМЕС
