cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Abylaikhan Suiindik

“Иордания” ұлттық университетінің «Араб тілі және әдебиеті» мамандығының магистрі. Топ мақсаты - пайдалы мәліметтерді бөлісу және араб тілін үйрету. Админ: @utlubuadmin

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
1 903
Suscriptores
+124 horas
+17 días
-2430 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Photo unavailableShow in Telegram
Бауырлар! Сіздерге Жаңаберген ұстаздың аудармасынан туындаған «100 сұрақ». Атты керемет кітапты ұсынғалы тұрмын. Бұл кітапта адал мен арамға қатысты 100 түрлі мәселенің жауабы қамтылған. Барлығы да ханафи мәзһабының негізгі классикалық еңбектеріне негізделген Сонымен қатар, кітапты алғандарға сыйлық ретінде екі кітапша беріледі екен. Кітапшаны алу үшін, осы жерді басып, уатсаб арқылы хабарласыңыз. Айтпақшы, Жаңаберген ұстазды танымайтындар болса, бұл кісі менімен бірге бір университетте оқыған, ханафи факультетінің магистранты. Қазіргі таңда менің коллегам.😉
Mostrar todo...
👍 3🔥 1
Repost from Sarf & Nahw
Сарф & Фиқһ Сарф ілімінде кейбір мәселелерде туындайтын пікірталастар, фиқһ ілімінде өз жемісін беретіні айқын біліне бермейді. Мысал ретінде "قال" етістігінің исм мафғул (مقول - мақулун) сөзін алайық. Бұл сөздің түбірі – مَقْوُولٌ (мақ-вулун). Белгілі ережелерге сай, бұл сөздің бір "уау" әріпі өшіріледі. Егер бірінші "уау" өшті деп санасақ, онда түбірдегі "уау" өшті дейміз имам Ахфаштың пікіріне сай. Ал егер екінші "уау" өшті деп санасақ, онда "исм мафғулдың уауі", яғни қосылған "уау" (заида) өшті деп санаймыз Сибауейһтің пікіріне сай. ❓️Енді осы пікірталастың фиқһ үкіміне әсері қандай? 📖 Мысал ретінде Исматулла Саһаранфури "Шарх хуласат әл-хисаб" кітабында келтірген мәселені келтірейік: Бір кісі: "Күні бойы уау заидамен сөйлемеймін, сөйлейтін болсам, саған талақ болсын", - деп әйеліне айтады. Сөйтіп сол күні "مقول" (мақулун) деп айтып қалса, әйеліне талақ түседі ме? "Мақулун" сөзіндегі бірінші "түбір уау" өшеді деген пікірді ұстанатын фақиһтар әйеліне талақ түседі деп пәтуа береді. Ал екінші "уау заида" өшеді дейтін фақиһтар, әйеліне талақ түспейді деп пәтуа береді екен. Мінеки, осы мысал арқылы ғылымдардың бір-бірімінен тығыз байланысын көре аламыз. #сарф #фиқһ
Mostrar todo...
❤‍🔥 11👍 5🔥 1
Repost from Beisenali Olzhas
https://youtu.be/eB7OF7n96qA?si=-TPlHqymS5vHUMZV Бағлан ұстаздың жобасын қолдап жіберейік
Mostrar todo...
“ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ‎(ﷺ) АЙТЫЛҒАНДА ЕҢ БІРІНШІ ОЙЫҢЫЗҒА ТҮСЕТІНІ?”- Бағлан Шежімбай

Әссәлямуъалейкум сүйікті Пайғамбарымыздың ﷺ таңдаулы үмметі! Аллаһқа сансыз шүкір, мадақ-мақтаулар болсын, Биссмилляһ деп алғашқы подкастымыз сіздердің жүрекке жол тартты! Жүректеріңізге жетер-жетпесін пікірде бөлісерсіздер! 😉👇🏽 Подкастта айтылған кітапқа алдын ала тапсырыс беру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз:

https://wa.me/message/A45BJDP62JVKH1

Сіздердің қос өмірлеріңіз берекелене түсуіне себепкер болсақ деген ниетте "Пайғамбарым ﷺ жүрегімде" атты Оны ﷺ терең тануға мүмкіндік беретін бауырлық махаббат мәжілісін жасадық. Ол ﷺ бізді “бауырларым” деп сағынған! 🥹 "Пайғамбарым ﷺ жүрегімде" подкастының Жүргізушісі: Шежімбай Бағлан Ұстаз

https://www.instagram.com/shezhimbai

Жобаға жауапты: Сания Шермахмедова

https://www.instagram.com/suiykty_paigambarym

ұжымы 00:00:00 - Интро, подкаст мақсаты, қонақтарды таныстыру 00:01:57 - Құран мен хадис жарыстары, Шәмәйл Мұхаммадия кітабынан өткен жарыс 00:04:48 - Мәуліт кешінде өткен қойылым 00:05:42 - Осы подкасттың жасалуына себеп 00:07:00 - Мен подкастқа не үшін келе жатырмын? 00:11:03 - Мәуліт айындағы қойылымнан Мадияр Ұстаз қандай сезімде болды? 00:11:30 - жобада қызметтегі жандар, “Salem_qyzdar” еріктілер тобы туралы 00:12:39 - Пайғамбарымыз صلى الله عليه وسلم өмірден өтейін деген шақ | Әбу Бәкір сыддық 00:15:04 - Пайғамбарымыз ‎(ﷺ) айтылғанда ең бірінші ойыңызға түсетін ақпарат? (Бағлан ұстаздың жауабы) 00:16:34 - Пайғамбарымыз ‎(ﷺ) айтылғанда ең бірінші ойыңызға түсетін ақпарат? (Мадияр ұстаздың жауабы) 00:18:50 - Мадияр ұстаздың Пайғамбарымызды (ﷺ) түсінде көруі 00:21:00 - Бағлан ұстаз мен Мадияр ағаның ілім жолына түсуі қалай орын алды? Алғашқы ұстазы кім? 00:21:40 - Дін жолындағы қызмет қалай басталды? 00:22:21 - Аманат ұстазбен танысу 00:23:11 - Аманат ұстаздың Шәмәил Мухаммадия кітабына қатысты пікірі 00:24:30 - Әр сахабаның өз орны (Әбу Бәкір туралы оқиғаның әсері) 00:26:20 - Пайғамбарымыз ‎(ﷺ) айтылғанда ең бірінші ойыңызға түсетін ақпарат? (Аманат ұстаздың жауабы) 00:29:24 - Ілім көркем мінезден (әдептен) тұрады, әдеп - қызметтен тұрады 00:30:30 - Пайғамбарымыздың (ﷺ) жұмсақ мінезі 00:33:02 - Яхуди баланың айтатын уағызы 00:36:08 - Нұр-Мүбәрәк ғалымдарының Пайғамбарлың (ﷺ) атын естігенде ойына не келеді? 00:38:06 - Мұхаммед (ﷺ) жайлы сіз үшін ең әсерлі оқиға? (Бағлан ұстаз) 00:42:57 - Мұхаммед (ﷺ) жайлы сіз үшін ең әсерлі оқиға? (Мадияр ұстаз) 00:49:44 - Пайғамбарды жақсы көру эмоциямен емес, ақылмен сезіну/ Сахабалардың Оған (ﷺ) деген махаббаты 00:52:44 - Пайғамбарымыз (ﷺ) жайлы сіз үшін ең әсерлі оқиға?(Аманат ұстаз) 00:57:14 - Пайғамбарды (ﷺ) сағынып жылаған тас 01:04:08 - Берекелі жерге айналған Мәдина қаласы 01:06:06 - Құраннан кейін әрбір мұсылманның үйінен табылған кітап 01:11:05 - Қазақтар жатқа білген діни мәтіндерді қолжазбамен қалдыруы 01:12:50 - Дәләйл Хойрот кітабының құндылығы мен оны насихаттау 01:13:48 - Дәләйл Хойрот кітабын қазақ қоғамына төл тілімізде ерекшелеп ұсыну 01:14:38 - Дәләйл Хойрот кітабының қазақша атауы 01:15:35 - Кітапты сатып алу үшін осы нөмерге хабарласыңыздар Бұл подкасттағы құнды ақпараттарды көпшілікке сапалы нұсқада бөлісуді қаласаңыз арнайы видеоматериалдарды мына сілтемеден ала аласыз😍👇🏽:

https://t.me/+G7_16qrdPQ1kYjFi

🔥 3👍 2👏 1
Photo unavailableShow in Telegram
Елдос Жұмаділда:
Намазды қалай оқу керек екенін үйреніп алдық, енді, оның Рухани сырларын ашатын кез келді. Намаз оқып, иманның ляззатын сезіндіруге септігін тигізеді деген оймен, аталмыш кітапша оқырманға жол тартты. Аллаһ сәттілік беріп, Намаздарымыздың күшейуіне септігін тигізеді деген ойда осы кітапшаны ұсынып отырмыз.
Кітапшаны сілтемеге басу арқылы алуға болады👇 https://t.me/namazsyrlary_bot
Mostrar todo...
👍 10
Repost from Beisenali Olzhas
Mostrar todo...
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АММАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Иордан Хашимит Корольдігіне жұмыс сапарымен барған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел астанасы Амман қаласындағы Дүниежүзілік Ислам ғылымдары университетінде оқып жатқан бір топ қазақстандық студенттермен жүздесті.

👏 4👍 1
https://youtu.be/aRvW0HeZ6QU?si=Sk67CoUx252Vq7_T Шейх Әли Һәнидің (хафизаһулла) YouTube желісіндегі арнасымен танысу.
Mostrar todo...
فيديو تعريفي بالقناة

👍 5
Араб тілін жазғы демалыста бастаймын деп жүрген бауырларға жақсы мүмкіндік.
Mostrar todo...
👍 16
Repost from Kalima
Photo unavailableShow in Telegram
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته Құрметті араб тілін үйренгісі келетін жандардың назарына, араб тілінен онлайн сабақтарымызға қабылдау басталғандығын хабарлаймыз! Оқылатын оқулық: әл-арабия бәйнә ядәйк Сабақ zoom қосымшасы арқылы Сабақ аптасына 4 күн Уақытын топпен келісеміз (Бір топта 4 оқушы) Оқу ақысы айына: 22 500₸ Ұстаз: Иордания мемлекеттік университеті, филология факультеті, араб тілі және әдебиеті бөлімінің түлегі. @Abdulhamid1492 осында жазыңыздар
Mostrar todo...
👍 17🔥 4
Мына дәріс енді сұмдық дим! Айболат ұстаз өте керемет бастаманы қолға алыпты. Шыны керек күнделікті оқып жүрген сүрелерімізде кейде біз байқамайтын қателер болуы мүмкін. Соларды ескеріп, түзейтін керемет мүмкіндік. Айболат ұстаз — Иорданияда ханафи факультетін және ислам экономикасын өте жақсы деңгейде оқыған ағаларымыздың бірі. Мына дәрісті міндетті түрде қарап шығыңыз. Ерекше форматта түсірілген. https://youtu.be/s8SLrRrMHwM
Mostrar todo...
ҚАТЕСІЗ ҚҰРАН | «Фатиха» сүресі | Айболат Төлебайұлы

Қысқа сүрелер — біздің әр намазымызда өте көп оқитын сүрелеріміз. Намаздың қабыл болуының бір парызы қырағаттың қатесіз, дұрыс оқылуы болып есептеледі. Алайда, көпшілік қауым сол қысқа сүрелерді оқуда жіберетін қателіктерін байқай бермейді. Осы орайда, бұл дәрістер топтамасы Құран оқуда жиі кездесетін қателіктерді түзеу турасында болады.

👍 12👏 6
Photo unavailableShow in Telegram
«Тоқал алма, әйел ал» кітабының сатылымы ашық, бауырлар! Бұл кітаптың ерекшелігі — тілінің ұғынықтылығы және некеге қатысты әрбір мұсылман білуі тиіс болған үкімдерді қамтуылуында. Үйленгісі келіп жүрген немесе екінші әйел алуға ниеттеніп жүргендерге пайдалы еңбек деп білемін. Алла Тағала пайдалы етсін! Кітапты алу жолы суретте көрсетілген. Немесе осы жерді басып, уатсабтан жазыңыз. Кітаптың мазмұны комментте👇
Mostrar todo...
👍 14🔥 2
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.