cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

Ілім талап етушілерге арналған фиқһ және усуль фиқһ каналы Каналды жүргізуші: Данияр Кенжеұлы 2015-2018 Сарыағаш медресесі 2018-2022 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Бакалавр) 2022-2024 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Магистратура)

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
6 135
Suscriptores
+524 horas
+57 días
+9830 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

https://www.instagram.com/reel/C8r2J3GiPW7/?igsh=MTJwd21kOW81NDBsdg== Адамның санасы — аманат.
Mostrar todo...
👍 9🔥 3
https://www.instagram.com/reel/C8mW3HhMNPW/?igsh=MTRkMXFnZnpoYTN1MA== Бақытты отбасы формуласының бірі — екі тараптың құндылығы мен мақсаты бір болу.
Mostrar todo...
👏 17👍 15💯 5
02:34
Video unavailableShow in Telegram
Кітап сатып алып жасампазыдық жасайтындарға
Mostrar todo...
IMG_2762.MP413.30 MB
🔥 31👍 21💔 10 1
https://www.instagram.com/reel/C8kL_pvCj4l/?igsh=MWtxcnNmemU1Y2FxcA== Кейбір әйелдер көруге болмайтын тақырып)
Mostrar todo...
👍 33😁 6💔 5🔥 4
Өмірде тек жетістікке жетуді қалаған адам, өмірде не жоғалтатынына қарамайды…
Mostrar todo...
👍 53🔥 8❤‍🔥 4🤩 1
Өзіміздің қаламнан туындаған: 1. «Ғибадат тұтқасы мухтасар әл-қудури» 2. «Исламдағы әйел тазалығы» 3. «Исламдағы бөліп төлеу саудасы» 4. «Жын және сиқыр» 5. «Харам іске жәрдем беру» 6. «Күмән тудырған діни сұрақтар» 7. «Халал және харамның шариғи нормалары» 8. «Оразаны бұзатын 70 амал» 9. «Қажылық және умра» 10. «Тоқал алма, әйел ал» кітаптарын жеңілдікпен 5000 тнг алу үшін, осы жерді басыңыз. Жеңілдік бүгін түнге дейін.
Mostrar todo...
👍 28🔥 8
ШАРИҒАТТА ТИЫМ САЛЫНҒАН НӘРСЕЛЕРДІ ЖЕТКІЗУМЕН АЙНАЛЫСУ Қазіргі таңда әсіресе адамдар көп шоғырланған қалаларда жеткізу қызметі кең таралған. Жеткізу қызметі барлық дерлік дүкендер мен дәмхана және басқа да күнделікті қажеттілікке тұтынатын заттар сатылатын дүкендерде бар. Бұндай орындардың барлығы толықтай шариғат нормасына сай келетін заттарды сатады деп айту қиын. Ал көп жағдайда жеткізуші болып жұмысқа кірген адамда халал зат пен адал затты тапсырыс берушіге жеткізуде таңдау жоқ. Егер шариғатта тиым салынбаған заттарды ғана жеткіземін, десе жұмысқа тұруы екіталай. Ендігі кезекте шариғатымыз бұндай істерге не дейді, жеткізілетін заттың арам болуы табысты да арам етеді ме, жоқ па деген мәселеге тоқталып өтсек. Аталмыш мәселеде тек бір жақты қарап үкім кесуге болмайды. Себебі түрлі көзқарастарға басымдылық беріп, халыққы пәтуа ретінде ұсынылуда мүфти елдің, жеке адамның жағдайына қарайды. Соған сай мына мәселеде де пәтуа қаралуы тиіс. Имам Әбу Ханифаның пікірінде өзге дін өкілінде шарап сынды арамдығы кескінді аятпен бекітілген нәрселерді жеткізуші болып жұмыс жасауына болады. Оның табысы да – адал. (Әл-Мәбсут 16/38, Әл-бәдәәиғ 4/190) Ал имам Әбу Юсуфпен Мұхаммедтің көзқарасында харамға жақын мәкруһ. Олардың пікрініше бұлай жасау – харам іске көмектесу. Сондай-ақ Алланың елшісі шарап тасушы адамды лағынеттеген. Ал имам Әбу Ханифаның пікірінде біріншіден: берілетін ақы шарапқа емес тек жеткізу ісі үшін. (Раддул мухтар 6/392, Бәхр раайқ 8/231) Жеткізуші бұл жерде басып өткен шақырымы, кеткен уақыты, белігілі түрде жеткізуде көрген қиындығы үшін ақы алады. Бұл жердегі қағида «істеуші өзінің ісінде ерікті» (Тәбинул хақайқ 6/29, Раддул мухтар 6/392) яғни шарапты алған адам онымен не жасаса да өз еркі. Екіншіден: Алла елшісінің жеткізуші адамды лағынеттеуіне келсек, хадистен мақсат – жеткізуші адамның шарапты ішу ниетін көздеу. (Тәбинул хақайқ 6/29, Раддул мухтар 6/392) Қорыта келе, бұл мәселеде Әбу Ханифаның рұқсат етуі мұсылман адам өзге дін өкілінің шарабын жеткізуінде ғана. Мұсылман адамға бұндай арам нәрселерді жеткізумен айналысуға болмайды. Себебі бұл жерде күнә шараптың өзіне байланған. Жоғарыдағы мұсылман адамның екінші мұсылманға шарап жасау үшін жүзім сатуын бұл мәселеге қиястауға болмайды. Себебі жүзімнің өзі адал болғандықтан күнә жүзімге емес, жүзімнен жасалатын шарапқа байланған. Сол үшін де жүзімді шарап жасайтын адамға сатуға болады. Шарапты мұсылман адамға жеткізуге болмайды. Өйткені шараптың арамдығы кескінді аятпен бекітілген. Ал арамдығы күмәнді заттарды жеткізуші болып жұмыс жасауға болады деуге негіз бар. Себебі ондай заттарда күнә жеткізілетін затқа байланбаған. Күмәннан сақтану үшін, егер мүмкіндік болса басқа жұмыс жасағаны абзалрақ.
Mostrar todo...
👍 35🔥 10🤯 2
Каналымыздың жазылушылар саны аз болған кезде ғылыми мәселелер көп шығатын еді. Себебі ол кезде канал толықтай ғылыми бақытқа арналған етін. Қазақ тіліндегі фиқһи жалғыз канал болды деп айта аламын. Қазір жазылушылар саны көбейді. Бірақ каналдың бағыты баяғыдай емес. Баяғыдай болса көбі түсінбей қалады. Сол үшін арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмеуге тырысып жүрміз…
Mostrar todo...
👍 92❤‍🔥 14👏 6💯 5🫡 4
АРАҚ-ШАРАП ДҮКЕНІНДЕ САТУШЫ БОЛЫП ЖҰМЫС ЖАСАУ Бұл мәселенің үкіміне қатысты сөз қозғамас бұрын шарап пен арақ сынды адамды масайтатын ішімдіктерді ажырату ләзім. Шарапқа құранда хамр деп айтылған. Бұл жайлы аятта: «Уа, иман келтіргендер! Шарап және өзге де құмар ойындары, табыну үшін орнатылған бұттар және жебелер мен бал ашу — шайтанға ғана тән лас істер», делінген. Ханафи мәзһабында хамр деп — тек жүзімді ашытып, қайнату арқылы көбігі кеткенше тұндырып қоятын шарапқа ғана айтылады. Бұл шараптың азы да көбі де – арам. Мас қылмайтын деңгейде өте аз мөлшерде ішкен адамға да дүре соғылады. Білімі жеткен күйде шарапты адал деген адам діннен шығады. Шарапты мұсылман адам мүлік ете алмағандықтан, оны сатуына да болмайды. Сатқан жағдайда сатып алған адамға әлгі шарап мүлік болмайды. Дәл сол секілді шарапқа қарымта ретінде алған қаражат та сатушының мүлкіне кірмейді. Шараптан тыс мас қылушы ішімдіктер деп – жүзімнен басқа нәрседен жасалатын арақ сынды масайтқыш ішімдіктерге айтылады. Мұндай мас қылушы ішімдіктердің үкімі тура шарап сияқты емес. Өйткені, шараптың арам болуы Құрандағы нақты кескінді аятпен келген. Ал масайтушы ішімдіктердің арамдығы хадиспен бекітілген. Масқылатын кез келген ішімдіктердің ішілуі харам болғанымен тікелей ластыққа жатпайды. Имам Әбу Ханифаның пікірі бойынша, тиген жерлерді нәжәс қылмайды. Сонымен қатар, бұл ішімліктер мас қылмайынша дүре соғылмайды. Имам Әбу Ханифаның пікірінде хамрдан басқа ішімдіктерді сатқан адамның саудасы дұрыс. Бірақ ісі арамға жақын мәкруһ. Саудасы дұрыс деген сөзге тоқталып өтсек. Сауда келісіміндегі басты қағидаттардың бірі – келісім аяқталған соң, сатылған зат алушының мүлкіне кіреді, ал қарымта ретінде берілген қаражат сатушының мүлкіне өтеді. Екі тарап өздері иемденген затты қалағанынша жұмсай алады. Хамр, яғни, шарапты сатуда зат (шарап пен қарымта ретінде берілген қаражат) екі тараптың да мүлкіне кірмейді. Себебі шараптың арамдығы және нәжастығы Құранмен бекітілген. Қорыта келе, шараппен басқа мас етуші ішімдіктердің айырмашылығы: • Шараптың арамдығы құранмен бекітілген. Оны адал деген адам діннен шығады. • Мас қылушы ішімдіктердің арамдығы хадисті негізге алып қияспен бекітілген. Хадис кескінділікті білдірмегендіктен, арақты немесе сол секілді ішімдіктерді халал деген адам діннен шықпайды. (Раддуль мухтар 6/454) • Шарап тек жүзімнен жасалады. • Мас қылушы ішімдіктер басқа да жемістерден жасалады. • Шарапты саудалаған адамның саудасы дұрыс емес. • ⁠Мас қылушы ішімдіктерді саудалаған адамның саудасы дұрыс. Бірақ ісі харамға жақын мәкруһ. Бұл имам Әбу Ханифаның пікірінде. Ал екі шәкіртінің пікірінде барлық мас етуші ішімдіктер шараптың үкіміне кіреді. Қазіргі таңда пәтуа имам Мұхаммедтің пікірімен берілген. Яғни шарапты саудалау қалай дұрыс болмаса, мас қылушы ішімдіктерді сату да тура солай дұрыс емес. Тек иман мәселесінде үш имам бір көзқараста. Яғни арақты адал деген адам діннен шықпайды. • Шарапты ішу харам болғанындай арақ сияқты ішімдіктерді ішу де – харам. (Раддул мухтар 6/454) Мұсылман адам кез келген мас қылушы арам ішімдіктерді сатуына, сатып алуына болмайды. Себебі мұндай ішімдіктерді ішу – харам. Күнә тікелей ішімдікке байланған соң, оны саудалауға да болмайды.(Тәбинул-хақайқ 6/29, Әл-Мухит Бурһани 7/141) Бұл үкім мас қылушы ішімдіктерді сатып алып, оны дүкенге қойып сатқан адамға қатысты. Ал егер дүкенге сатушы болып жұмысқа кірген адамның жұмысы арақ шараптан басқа заттарды сатумен шектелген болса, ондай дүкенде жұмыс жасауға рұқсат. Бастысы арақ-шараптың өзін сатпау керек. Себебі жоғарыда айтқандай күнә тікелей арақ-шарапқа байланған. Ал қағида бойынша күнәға тікелей қатысы бар затты сатуға болмайды. Аталмыш мәселеге пәтуа имам Әбу Ханифаның пікірімен берілсе де, мас қылушы ішімдіктерді сатуға рұқсат жоқ. Себебі имам Әбу Ханифада ондай заттарды саудалау — харамға жақын мәкруһ. Түйіндейтін болсақ, кез келген мас қылушы ішімдікті сатуға төрт мәзһаб бойынша рұқсат етілмейді. Ал ішімдігі бар дүкенге жұмысқа тұру мәселесінде арақты сатуына болмайды. Дүкендегі басқа адал заттарды сатумен айналысуына рұқсат.
Mostrar todo...
👍 57🔥 11 2
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.