QORJIN
Ir al canal en Telegram
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
Mostrar másEl país no está especificadoLa categoría no está especificada
237
Suscriptores
Sin datos24 horas
Sin datos7 días
+130 días
Archivo de publicaciones
237
💸 Несие алудың жаңа ережесі: «8 жылдық табыс» шегі
Ұлттық банк несие алуды реттейтін жаңа көрсеткіш - қарыздың табысқа қатысты коэффициенті енгізіп жатыр. Енді банк сізге несие берерде «қалтаңыз көтере ме?» деген сұрақтың нақты жауабын осы ережемен есептейді.
📍 Бұл не деген сөз?
Ереже өте қарапайым: Сіздің барлық қарызыңыз (бұрынғы несиелер + жаңадан алғыңыз келетін несие) 8 жылдық табысыңыздан аспауы керек. Бұл көрсеткіш сіздің қарызыңыз табысыңыздан неше есе көп екенін көрсетеді.
📍 Қалай есептейміз? (Мысалы)
✅ Айлық табысыңыз: 200 000 теңге.
✅ Бір жылда табатыныңыз: 2,4 млн теңге.
✅ Енді осыны 8-ге көбейтеміз: 19,2 млн теңге.
Яғни, сіздің атыңыздағы барлық несиенің жалпы сомасы 19,2 миллион теңгеден асып кетсе, банк сізге жаңа несие беруден бас тартуы мүмкін.
📍 Неге бұлай істеп жатыр?
✅ Қарызға батпау: Адамдардың табысынан көп қарыз алып, қаржылық қиындыққа тап болмауы үшін.
✅ Тұрақтылық: Несие жүйесін теңгерімді ету және халықтың шамадан тыс қарыздануын азайту.
📍 Тағы не білу керек?
✅ Ресми табыс маңызды: 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап банктер табысты растауды қатаң тексереді. Енді тек ауызша айтқан табыс жүрмейді - зейнетақы жарналары мен медициналық сақтандыру деректері басты назарда болады.
✅ Бейресми жұмыс: Ресми табысы жоқ немесе тұрақсыз табысы бар адамдарға несие алу әлдеқайда қиындайды.
Түйін:
Мемлекет «табысыңа қарай көсіл» деген қағиданы нақты цифрмен бекітіп жатыр. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл ереже толық күшіне енеді. Сондықтан ірі несие алмас бұрын, алдымен ескі қарыздардан құтылудың маңызы артады.
Сіздің ойыңызша, бұл шектеу адамдарды қарыздан құтқара ма, әлде ақша керек кезде кедергі бола ма?
237
💰 ETF: биржада сатылатын дайын инвестициялық қоржын
Біз бұған дейін қор нарығының инфрақұрылымын: биржа, брокер және депозитарийдің қалай жұмыс істейтінін түсіндірдік. Сондай-ақ акциялар туралы - олардың қалай жұмыс істейтіні және инвесторға қалай табыс әкелуі мүмкін екені жайлы айттық.
👩💻Бүгін инвестициялық құралдармен танысуды жалғастырып, ETF қорлары деген не екенін түсіндіреміз. ETF ағылшын тілінен Exchange Traded Fund, яғни биржада саудаланатын қор дегенді білдіреді.
🍎Идеяны оңай түсіну үшін жеміс салынған себетті елестетіңіз. Сіз тек алма сатып ала аласыз. Немесе ішінде алма, алмұрт, жүзім және апельсин бар дайын себетті ала аласыз.
💰Қор нарығында ETF осыған ұқсас жұмыс істейді: инвестор бір құралды сатып алады, ал оның ішінде активтер жиынтығы болады - мысалы, әртүрлі компаниялардың акциялары, облигациялар немесе алтын.
📜Ресми түрде ETF биржалық инвестициялық қор деп аталады. Оны құрған инвестициялық компания қорды басқарады: өз стратегиясына сәйкес активтерді сатып алады, портфель қалыптастырады, кейін сол портфельдің шағын үлестерін - пайларын шығарады.
📍 ETF не үшін ыңғайлы?
✅Әртүрлі бағыттарға қол жеткізу:
ETF арқылы инвестор бір ғана компанияға емес, тұтас бір бағытқа инвестиция жасай алады: ел нарығына, белгілі бір салаға, қор индексіне, алтынға немесе облигацияларға.
Мысалы, QQQ қоры АҚШ-тың ірі технологиялық компанияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал S&P 500 индексіне арналған қор АҚШ-тың әртүрлі салаларындағы 500 жетекші компаниясын қамтиды.
✅Диверсификация:
ETF тәуекелді бөлуге көмектеседі. Егер қор ішіндегі бір бағалы қағаз арзандаса, басқа активтер бұл төмендеуді ішінара жұмсарта алады.
Бұл диверсификация деп аталады - яғни барлық жұмыртқаны бір себетке салмау.
✅Кәдімгі акция сияқты сатып алынады:
ETF биржада саудаланады, сондықтан оны брокерлік қосымша арқылы сатып алуға немесе сатуға болады.
Инвестор үшін бұл қарапайым акция сатып алуға ұқсайды: тикерді таңдайды, санын көрсетеді және өтінім жібереді.
🇰🇿 Қазақстанда да осындай құралға инвестиция жасауға мүмкіндік бар:
✈️2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстанда KASE Индексіне арналған ETF - KASXf іске қосылды.
❇️KASXf бір пайын сатып алу арқылы инвестор Индекс KASE құрамына кіретін 10 акцияға бірден қол жеткізеді. Яғни әр қағазды бөлек сатып алудың қажеті жоқ.
❇️Бір пайдың бағасы шамамен ₸1. Бірақ биржада оның бағасы сұранысқа, ұсынысқа және қор ішіндегі активтердің құнына байланысты өзгеруі мүмкін. Сатып алу және сату кезіндегі комиссия - 0,5%.
❇️KASE индексіндегі компаниялардан түсетін дивидендтер, мысалы, ҚазМұнайГаз, Kazatomprom, Kaspi, Halyk және басқа компаниялар бойынша төлемдер, инвесторға жеке төленбей, қайтадан сол индекс акцияларына инвестицияланады. Бұл ETF құнының өсуіне әсер етуі мүмкін.
❇️KASXf брокерлік қосымшаларда тикер арқылы қолжетімді.
🥁Бұл - Қазақстанда жергілікті биржалық индекске инвестиция жасағысы келетін жаппай бөлшек инвесторға бағытталған алғашқы ETF құралдарының бірі.
ETF қорлары - инвестицияны жеңілдететін ыңғайлы құрал. ETF жаңа бастаған инвесторларға да, портфелін әртараптандырғысы келетін тәжірибелі инвесторларға да пайдалы болуы мүмкін.
☝️Бірақ ETF тәуекелсіз құрал емес. Кез келген инвестиция сияқты, оның бағасы нарық жағдайына байланысты өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін.
237
🪙 Зейнетақы: Жеткіліктілік шегін есептеудің жаңа моделі қандай болмақ?
Еңбек министрлігі мен ЕНПФ мамыр айының соңына дейін зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін шектік сомаларды қайта есептеуді жоспарлап отыр.
Бұл жолы әдістеме «болашақ зейнетақының 79%-ын қамтамасыз ету» қағидасына негізделмек.
📍 Әдістемелік өзгеріс: Не өзгереді?
Қазіргі таңда қолданыстағы шектік сомалар жинақтардың орташа есеппен 40-50%-ын құраса, жаңа модель бойынша бұл көрсеткіш 79%-ға дейін жетеді деп күтілуде.
📍 Бұл шешімнің негіздемесі:
1️⃣Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы: Соңғы 5 жылда азаматтар 5,7 трлн теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын алған. Жаңа 79 пайыздық меже - бұл азаматтардың қарттық шақтағы әлеуметтік қорғалуын нығайту үшін қажетті «қауіпсіздік қоры».
2️⃣ Инфляциялық қысымды ескеру: Жаңа есептеулер экономикалық көрсеткіштер мен болашақтағы зейнетақы төлемдерінің сатып алу қабілетін сақтауға бағытталған.
📍 Нақты сомалар қашан белгілі болады?
Бұл жерде әңгіме шектік соманың 79%-ға өсуі туралы емес, шоттағы жинақтың 79%-ын «қол тимейтін» резервте қалдыру туралы болып отыр. Есептеулердің нақты кестесі (теңгемен көрсетілген нұсқасы) мамыр айының соңына дейін ресми жарияланады.
Түйін:
Мемлекет тарапынан ұсынылып отырған бұл қадам зейнетақы активтерінің мақсатты пайдаланылуын қатаңдатуды көздейді. Бұл болашақта зейнетақы төлемдерінің көлемін арттыруға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім ретінде қарастырылуда.
237
🪙 Брокер не үшін керек: Инвестиция әлеміне жол көрсетуші
Елестетіңіз, сіз әлемдегі ең ірі дүкенге барғыңыз келеді, бірақ оның есігі тек арнайы «кілті» бар адамдарға ғана ашылады. Қор нарығында сол кілт - Брокер.
Неге сіз акцияны нан сатып алғандай биржаға барып, өзіңіз ала алмайсыз? Оның себебін қарапайым әрі қызықты етіп түсіндірейік:
📍 Негізгі себептер:
🤝 Биржадағы «визаңыз»: Биржа (KASE немесе AIX) - бұл кез келген адам кіре алмайтын жабық клуб сияқты. Оған тек лицензиясы бар мамандар
ғана жіберіледі. Брокер - сіздің сол жердегі ресми өкіліңіз.
📱 Қалтаңыздағы биржа: Бұрын акция алу үшін телефонмен хабарласып, айғайлап тапсырыс берсе, қазір брокер сізге мобильді қосымша ұсынады. Бір батырманы басу арқылы сіз бірнеше секундта алып немесе сата аласыз.
🏦 Қаржылық қауіпсіздік: Брокер сізге жеке брокерлік шот ашады. Сіздің ақшаңыз бен акцияларыңыз сол жерде есептеледі, ал меншік құқығыңызды Депозитарий ресми тіркейді. Бұл - сіздің мүлкіңіздің заңды қорғалуы.
📍 Қазақстанда кімді таңдауға болады?
Нарықта өз орны бар, сенімді ірі брокерлер:
🔸 Halyk Finance,
🔸 Freedom Broker,
🔸 BCC Invest,
🔸 Centras Securities,
🔸 Teniz Capital Investment Banking,
🔸 Alatau City Invest.
📍 Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?
1️⃣ Сіз қосымша арқылы «ҚазМұнайГаз акциясын алғым келеді» деп өтінім бересіз.
2️⃣ Брокер бұл өтінімді дереу биржаға (KASE немесе AIX) жібереді.
3️⃣ Биржада сатушы табылып, баға сәйкес келсе, мәміле жасалады.
4️⃣ Депозитарий бұл акция енді ресми түрде сіздікі екенін тіркейді.
Түйін:
Брокерсіз қор нарығына жол жабық. Ол тек делдал емес, сіздің инвестициялық сапарыңыздағы қауіпсіздік кепілі және басты көмекшіңіз. Оны таңдау - инвестициядағы ең алғашқы әрі маңызды қадам.
237
❗️ Ертеңнен бастап несие пайызына шектеу қойылады: Жаңа ережелер
🇰🇿 Ертең, 16 мамырдан бастап, елімізде несиелер мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ/ГЭСВ) жаңа шекті мөлшерлері күшіне енеді. Бұл шешімді Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі бірлесіп қабылдады.
📍 Не өзгереді? (Шекті пайыздар):
● Кепілсіз банк несиелері: Ең жоғары пайыз - 46%.
● Кепілді (залог) несиелер: Ең жоғары - 35%.
● Ипотека: 25% (ал 1 шілдеден бастап 20%-ға дейін төмендейді).
● МФО несиелері: 46%.
● «Айлыққа дейінгі» шағын несиелер (45 күнге дейін, 45 АЕК-ке дейін): күніне 0,3%-дан аспауы керек, бірақ жалпы жылына 179%-дан аспауы тиіс.
💡 Бұл қарапайым халық үшін не білдіреді?
1️⃣Шектен тыс пайыздарға тосқауыл: Енді ешбір банк немесе микроқаржы ұйымы заңда бекітілген осы пайыздардан жоғары ақша талап ете алмайды. Бұл халықтың несие жүктемесін бақылауда ұстау үшін жасалған қадам.
2️⃣ Ипотеканың қолжетімділігі: Шілде айынан бастап ипотека бойынша шекті мөлшерлеменің 20%-ға дейін түсуі тұрғын үй несиесін реттеуге бағытталған.
3️⃣ Ашықтық: Несие алған кезде келісімшарттағы ЖТСМ (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) көрсеткішіне назар аударыңыз. Ол жоғарыда көрсетілген сандардан аспауы керек.
Түйін:
Мемлекет несие нарығындағы «ойын ережелерін» қатайтып жатыр. Егер сіз ертеңнен бастап несие рәсімдеуді жоспарласаңыз, бұл жаңа ережелер сіздің құқығыңызды қорғауға және артық пайыз төлемеуіңізге көмектеседі.
237
🌱💸Дивиденд деген не және ол акционер үшін неге маңызды?
Қор нарығындағы инвесторлар акциядан екі негізгі жолмен табыс таба алады: акция бағасының өсуі арқылы және дивиденд арқылы.
Бұған дейін біз акция деген не және одан қалай табыс табуға болатынын түсіндірген едік.
Бүгін дивидендтер туралы сөйлесеміз: дивиденд деген не, ол акционер үшін неге маңызды және компаниялар оны әрдайым төлей ме?
💵Дивиденд - бұл компанияның өз акционерлеріне төлей алатын пайдасының бір бөлігі.
Қарапайым тілмен айтқанда, акция сатып алған адам компанияның ортақ иелерінің біріне айналады.
🍰Егер бизнес пайда тапса, компания сол пайданың бір бөлігін акция иелерімен бөлісуі мүмкін.
☝Бірақ мынаны есте сақтау маңызды:
Дивиденд - кепілдендірілген табыс емес.
❌Компания дивидендті әрдайым төлеуге міндетті емес.
Ол пайданы бизнесті дамытуға, жаңа өнімдерді іске қосуға, жабдық сатып алуға, командасын кеңейтуге немесе қарыздарын азайтуға жұмсауы мүмкін.
Бір қарағанда бұл күрделі көрінуі мүмкін: акция, пайда, акционер, төлем деген ұғымдар.
Сондықтан мұны күнделікті өмірден алынған қарапайым мысалмен түсіндірейік:
➡️Тауық = акция;
➡️Жұмыртқа = дивиденд;
➡️Сатып алу бағасы = тауыққа немесе акцияға қанша төлегенің.
Мысалы, сен тауықты ₸10 000-ға сатып алдың дейк. Бір жылда ол саған, мысалы, 60 жұмыртқа берді. Егер бір жұмыртқаны шартты түрде ₸45 деп бағаласақ, онда бір жылда тауық саған ₸2 700 көлемінде өнім берді (60 × ₸45 = ₸2 700), яғни бір жылдағы жұмыртқаның құны тауық бағасының шамамен 27%-ына тең болды.
📊Акциялармен де логика ұқсас. Мысалы:
✅акция бағасы - ₸10 000;
✅компания бір акцияға ₸2200 дивиденд төледі.
➡️Онда дивидендтік табыстылық акция бағасының 22%-ын құрайд.
☝️Инвестор үшін тек соңғы дивидендтің көлеміне ғана емес, компанияның бұрын дивидендті қалай төлегеніне де қарау маңызды.
Бұл мынаны түсінуге көмектеседі:
📌тұрақты төледі ме;
📌төлемдер өсті ме;
📌әлде төмендеді ме;
📌дивиденд төленбеген жылдар болды ма;
📌компания пайданың қандай бөлігін әдетте акционерлерге бағыттады.
Дивидендтік тарихтың іс жүзінде қалай көрінетінін түсіну үшін Қазақстан ұлттық электржелілерінің операторы KEGOC компаниясының мысалын қарастырайық.
💵IPO-данбері, яғни 2014 жылдан бастап, KEGOC дивидендті жылына екі рет төлеп келеді.
Соңғы жылдары KEGOC-тың бір жай акцияға шаққандағы жиынтық дивидендтері мынадай болды:
🌱2020 ж. - ₸152,10;
🌱2021 ж. - ₸135,57
🌱2022 ж. - ₸116,03
🌱2023 ж. - ₸157,24
🌱2024 ж. - ₸161,90
🌱2025 ж. - ₸161,90.
KEGOC-тың IPO-дан бергі дивидендтіктарихын мына жерден көруге болады.
Дивидендтік тарих компанияның дивидендті бір рет қана төлеп қоймағанын, жыл бойы тұрақты түрде төлеп келгенін көрсетеді.
Бірақ мұндай жағдайда да инвестор тек өткен төлемдерге ғана қарамауы керек. Ол тек инвесторға компанияның пайданы бөлуге деген көзқарасын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
☝️Компанияның қазіргі жағдайын да бағалау маңызды: пайдасы, қарызы, инвестициялық жоспарлары және бизнестің болашағы.
237
📉 Цифрлар сөйлейді: Қазақстандықтардың қарыз жүктемесі қандай?
Бүгінгі таңда елімізде несиесі жоқ адамды кездестіру қиын. Ресми деректерге қарасақ, жағдай мынадай:
● Т26,8 триллион - 2026 жылдың басында халықтың банктерге қарызы осы сомаға жетті.
● 53% - елдегі барлық несиелердің жартысынан астамы бизнеске емес, қарапайым халыққа тиесілі.
● 45%-ға өсім - бір жыл ішінде несиесін 90 күннен астам уақыт төлей алмай жүргендер (NPL) саны осыншама артқан.
📍 Орташа статистика: Қазір әрбір қазақстандықтың мойнында орта есеппен екіден астам несие бар. Бұл тек ипотека емес, көбінесе бөліп төлеу (рассрочка), кредиттік карталар мен шұғыл қажеттілікке алынған тұтынушылық несиелер.
💡 Қалай «ақылды» түрде қайта топтастыруға болады?
Егер сізде әртүрлі банктерден алынған 2-3 несие болса, олардың пайызы мен төлем күндері әртүрлі. Бұл - бюджеттің берекесін алатын басты фактор. Оны шешудің жолы - рефинансирование.
Halyk Bank-тің 31 шілдеге дейін жалғасатын акциясы арқылы не істеуге болады:
1️⃣ Барлығын бір жерге жинау: Бөліп төлеуді де, басқа банктен алған несиені де бір жерге біріктіресіз. Нәтижесінде - бір күн, бір банк, бір төлем.
2️⃣ Пайызды бекіту: Акция аясында мөлшерлеме 29% (ЖТСМ 32,9-33,2%) болып бекітіледі. Бұл ескі, жоғары пайызды несиелерден құтылуға көмектеседі.
3️⃣ Ай сайынғы жүктемені азайту: Төлем мерзімін ұзарту немесе пайызды төмендету арқылы ай сайын бюджеттен шығатын ақшаны азайтуға болады.
4️⃣ Қосымша сома: Ескі қарыздарды жабумен қатар, үстіне қосымша ақша алып, жаңа несие алмай-ақ басқа қажеттілікке жұмсай аласыз.
💸 Қарапайым тілмен айтқанда:
Егер сіздің де мойныңызда бірнеше «ұсақ-түйек» несие жиналып қалса, оларды бір жүйеге келтіру — қаржылық еркіндікке жасалған алғашқы қадам. Бәрін бір жерге жинап, ай сайынғы төлемді азайту арқылы сіз жүйкеңізді де, ақшаңызды да үнемдейсіз.
Бұл процесті Halyk SuperApp қосымшасында небәрі бірнеше минутта онлайн жасауға болады.
Сіз қалай ойлайсыз: үш түрлі банкке үш рет ақша аударған ыңғайлы ма, әлде бәрін бір жерден бақылаған дұрыс па?
237
🇰🇿 Теңге неге нығайды?
Сәуір айында теңге долларға шаққанда 3,9% нығайып, баға 463,09 теңгеге дейін төмендеді. Бұл соңғы екі жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Оның негізгі себептері:
● Валютаның көптігі: Нарықта доллар ұсынысы сұраныстан әлдеқайда көп болды.
● Ірі инвестициялар: Сарапшылар мұны елге келген ірі шетелдік инвестициялармен байланыстырады.
● Алтын сату: Ұлттық банк алтын сатып, оның орнына нарыққа валюта шығарды.
📉 Болашақта не күтіп тұр?
Қазіргі нығаюға қарамастан, Halyk Research мамандары жыл соңына қарай теңге әлсірейді деп болжайды.
Жыл соңына болжам: 1 доллар = 540 теңге.
Бұған не әсер етуі мүмкін?
● Инфляция: Бағаның өсуі теңгеге қысым түсіреді.
● Мұнай бағасы: Болжам мұнайдың орташа бағасы $85 болады деген есеппен жасалған.
● Ұлттық қордан сатылымның азаюы: Былтырғымен салыстырғанда Ұлттық қордан валюта сату айтарлықтай қысқарады.
💸 Қарапайым тілмен айтқанда:
Қазір теңгенің күшті болуы - нарыққа түскен қосымша валютаның (инвестициялар мен алтын сатудың) нәтижесі. Алайда, бұл көздер таусылғанда немесе азайғанда, теңгенің бағамы қайтадан нақты экономикалық факторларға (инфляция мен экспортқа) сүйеніп, төмендеуі мүмкін.
Түйін: Қазіргі «арзан» доллар - бұл тұрақты тренд емес, уақытша мүмкіндік болуы ықтимал.
237
📈🍎 Сәуірде баға неге өсті және бізді не күтіп тұр?
Halyk Research сарапшылары сәуір айының қорытындысын шығарды. Қысқаша айтсақ: дүкендегі бағалар наурызға қарағанда тезірек өсе бастады, бірақ мамандар «бәрі жоспар бойынша» деп бізді тыныштандырып отыр.
📍 Не болды?
Сәуірде айлық инфляция 0,8% болды. Бұл наурызбен салыстырғанда жоғары. Негізгі себеп - 1 сәуірден бастап коммуналдық қызметтер мен бензин бағасына қойылған шектеулердің (мораторий) аяқталуы.
📊 Не қымбаттады, не арзандады?
● Жеміс-жидек: Теңгенің нығаюы арқасында банан мен апельсин 3%-ға арзандады. Бірақ жүзім (+5,6%) мен картоп (+0,8%) сәл қымбаттады.
● Тұрмыстық техника: Кір жуғыш машиналар мен теледидарлар бағасы сәл де болса төмендеді.
● Қызметтер: Көлік қатынасы мен медицина бағасы байқаусызда секіріп кетті (шамамен +1,5%).
💡 Неге болжам әлі де жақсы?
Мамандар жыл соңына дейін инфляция 10,5–11,5% деңгейінде болады деген болжамын өзгерткен жоқ. Неге десеңіз:
1. Коммуналдық қызмет: Тыйым салынса да, үкімет бағаның бірден шарықтап кетуіне жол бермей отыр.
2. Ақша аз: Халықтың сатып алу қабілеті сәл төмендеген, ал несие алу қиындаған. Сұраныс азайса - баға да қатты өспейді.
3. Мықты теңге: Доллардың арзандауы шетелден келетін тауарлардың бағасын ұстап тұр.
🛒 Түйін:
Баға өсімі бар, бірақ ол «есеңгіретіп» тастайтындай емес. Қазіргі жағдайда үнемдеп үйренген жөн, өйткені жалақы өсімі инфляциядан сәл қалып бара жатқан сияқты.
🗣 Halyk Research не дейді? «Сәуірде бағаның өсуі күтілген жағдай еді. Коммуналдық қызметтердің баяу қымбаттауы мен теңгенің нығаюы жағдайды тұрақтандырып тұр».
237
Бір қуанып қояйық! 🇰🇿
Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, жан басына шаққандағы ЖІӨ (ВВП) көрсеткіші бойынша Қазақстан көршілерінің алдына шықты.
Көрсеткіштер қалай бөлінді?
✅ Қазақстан ($14.77K): Біздің еліміз барлық көршілерін, соның ішінде Қытайды да басып озып, өңірдегі көшбасшылығын дәлелдеп отыр.
✅ Түрікменстан ($13.34K): Халқы аз әрі мұнай-газ ресурсы мол экономикалардың (біздің ел сияқты) жағдайы халқы көп, шикізатқа тәуелді емес елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көруге болады.
¡Ya disponible! Investigación de Telegram 2025 — los principales insights del año 
