es
Feedback
QORJIN

QORJIN

Ir al canal en Telegram

QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.

Mostrar más
El país no está especificadoLa categoría no está especificada
1 665
Suscriptores
+52824 horas
+2457 días
+1 44230 días
Archivo de publicaciones
QORJIN
1 621
🛢 ҚазМұнайГаздың жартыжылдық есебі инвесторға не көрсетеді? ҚазМұнайГаз (KMG) 2026 жылдың алғашқы алты айындағы нәтижелерін жариялады. 📊 Қаржылық көрсеткіштер (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда): ✅ Түсім ⬆️23,7%-ға өсіп, Т5,57 трлн болды. ✅ EBITDA ⬆️45%-ға өсіп, Т1,66 трлн құрады. ✅ Таза пайда ⬆️69,1%-ға өсіп, Т904 млрд болды. ✅ Еркін ақша ағыны ⬆️12,2%-ға өсіп, Т765 млрд құрады. 🛢 Ал мұнай мен газ конденсатын өндіру 4,6%-ға азайып, 12,44 млн тонна болды. ❓ Өндіріс азайса, түсім неге өсті? Мұнай бағасы жоғарылады: бірінші жартыжылдықта Brent-тің орташа бағасы 28,4%-ға өсіп, барреліне $92,31 жетті. 💰 Қарызға да назар аударайық 30 маусымда жалпы қарыз Т3,41 трлн болды - бұл 2025 жылдың соңындағы деңгейден 3,2%-ға аз. Бірақ қолдағы ақша мен депозиттер 22,9%-ға қысқарғандықтан, таза қарыз Т375 млрд-тан Т983 млрд-қа өсті. Компания мұны негізінен "Самұрық-Қазына" облигацияларын сатып алумен түсіндіреді.

QORJIN
1 621
📱 Kcell-дің таза пайдасы бірінші жартыжылдықта 40,5%-ға өсті Kcell - акциялары KASE биржасында саудаланатын және KASE индексіне кіретін компания. Сондықтан оның нәтижелері қор нарығындағы инвесторлар үшін маңызды. 📊 2026 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіштер (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда): ✅ Түсім ⬆️11,1%-ға өсіп, Т135,4 млрд болды. ✅ EBITDA ⬆️13%-ға өсіп, Т53,8 млрд құрады. ✅ Таза пайда ⬆️40,5%-ға өсіп, Т7,9 млрд болды. ✅ Абоненттер саны ⬆️11,2%-ға өсіп, 9,05 млн-ға жетті. 🔻 Бір абоненттен түсетін орташа айлық табыс 3,3%-ға төмендеп, Т1 750 болды. 💰 Қарызы мен қолдағы ақшасы қандай? Компанияның займдары 7,8%-ға өсіп, Т152,5 млрд болды (2025 жылдың соңында - Т141,4 млрд). Ал ақша қаражаты 93,5%-ға азайып, Т2,1 млрд-қа түсті (2025 жылдың соңында - Т32,1 млрд). ⚖️ Инвесторға тағы нені білу маңызды? Қаржылық есепте Kcell мен Tele2/Altel операторы арасындағы сот дауы көрсетілген. Tele2/Altel Т27,2 млрд айыппұл талап етіп отыр, ал Kcell Т3,1 млрд сомасына қарсы талап қойды. Іс бойынша түпкілікті шешім жоқ. Компания бұрын құрылған резервті жеткілікті деп санайды.

QORJIN
1 621
🛢 ҚазМұнайГаз акциялары: мақсатты баға Т38 200-ге төмендеді 🎯 Freedom Broker акцияның мақсатты бағасын Т39 100-ден Т38 200-ге түсірді. Өсу әлеуеті - 9%, ұсыным "Ұстау" деңгейіне төмендетілді. 📊 2026 жылдың II тоқсанындағы негізгі көрсеткіштер (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда): ✅ Түсім мен өзге кірістер ⬆️39%-ға өсіп, Т3,5 трлн болды. Бұған мұнайдың қымбаттауы әсер етті. ✅ Түзетілген EBITDA ⬆️45%-ға өсіп, Т1,03 трлн құрады. ✅ Акционерлерге тиесілі таза пайда ⬆️53%-ға өсіп, Т520 млрд болды. ✅ Еркін ақша ағыны ⬆️111%-ға өсіп, Т843 млрд құрады. ✅ Мұнай мен газ конденсатын өндіру ⬆️2,5%-ға өсіп, 6,8 млн тоннаға жетті. ❓ Көрсеткіштер өскен болса, мақсатты баға неге төмендеді? Бағалау моделінде теңгенің нығаюы және басқа да есептік өзгерістер ескерілді. Соның нәтижесінде акцияның мақсатты бағасы төмендеді. Ұсыным - "Ұстау".

QORJIN
1 621
📈📉🇰🇿24 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша) 🔼 KCEL (Кселл): ₸3 164,19 (+0,005%) ➖ CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸4 780,00 (0%) 🔻 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 558,87 (-0,003%) 🔻 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 620,10 (-0,1%) 🔻 KEGC (KEGOC): ₸1 515,02 (-0,2%) 🔻 HSBK (Халық Банк): ₸372,00 (-0,8%) 🔻 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 286,05 (-1,3%) 🔻 AIRA (Air Astana): ₸666,00 (-1,4%) 🔻 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸30 697,70 (-1,4%) 🔻 KSPI (Kaspi): ₸42 358,00 (-3,1%) #КүнҚорытындысы

QORJIN
1 621
photo content

QORJIN
1 621
📑 Halyk Bank Т100 млрд сомасына облигациялар шығаруды жоспарлап отыр Halyk Bank (HSBK) директорлар кеңесі 2026 жылғы 21 қыркүйекте дисконттық облигациялар шығару туралы шешім қабылдады. Шығарылым параметрлері: ▫️ Жалпы сомасы - Т100 млрд; ▫️ Саны - 100 млн облигация; ▫️ Бір облигацияның номиналы - Т1 000; ▫️ Айналыс мерзімі - 12 айдан аспайды. 💡 Купондық және дисконттық облигацияның айырмасы қандай? Купондық облигация иесіне белгілі бір мерзім сайын пайыздық табыс төленеді. Мысалы, номиналы Т1 000 облигацияның жылдық купоны 12% болса, жылдық купондық табыс Т120 болады. Төлемнің жиілігі шығарылым шарттарына байланысты. Өтеу мерзімінде номинал қайтарылады. Дисконттық облигацияда тұрақты купондық төлем жоқ. Инвестор оны номиналынан төмен бағамен сатып алып, өтеу кезінде толық номиналын алады. Мысалы, Т1 000 номиналды облигация Т900-ге сатып алынса, өтеу кезіндегі айырма Т100 болады.

QORJIN
1 621
📑 Halyk Bank ₸100 млрд сомасына облигациялар шығаруды жоспарлап отыр Halyk Bank (HSBK) директорлар кеңесі 2026 жылғы 21 қыркүйекте дисконттық облигациялар шығару туралы шешім қабылдады. Шығарылым параметрлері: ▫️ Жалпы сомасы - Т100 млрд; ▫️ Саны - 100 млн облигация; ▫️ Бір облигацияның номиналы - Т1 000; ▫️ Айналыс мерзімі - 12 айдан аспайды. 💡 Купондық және дисконттық облигацияның айырмасы қандай? Купондық облигация иесіне белгілі бір мерзім сайын пайыздық табыс төленеді. Мысалы, номиналы Т1 000 облигацияның жылдық купоны 12% болса, жылдық купондық табыс ₸120 болады. Төлемнің жиілігі шығарылым шарттарына байланысты. Өтеу мерзімінде номинал қайтарылады. Дисконттық облигацияда тұрақты купондық төлем жоқ. Инвестор оны номиналынан төмен бағамен сатып алып, өтеу кезінде толық номиналын алады. Мысалы, Т1 000 номиналды облигация Т900-ге сатып алынса, өтеу кезіндегі айырма Т100 болады.

QORJIN
1 621
📩 Қаржы ұйымдарына шағымды FinOtinish арқылы жолдауға болады FinOtinish банктерге, микроқаржы ұйымдарына және басқа қаржы ұйымдарына шағым мен өтініш жіберуге арналған бірыңғай цифрлық арна ретінде іске қосылды. Платформада өтініштің мәртебесі мен қаралу мерзімін қадағалауға болады. Әзірге платформа пилоттық режимде жұмыс істейді: оған Freedom Bank, Банк ЦентрКредит, Отбасы банк және Alatau City Bank қосылған. Микроқаржы ұйымдары пилотқа қатыспайды. Пилот аяқталған соң басқа банктерді кезең-кезеңімен қосып, платформаның қолжетімділігін кеңейту жоспарланған. Сервисті пайдалану тегін әрі ерікті. АРРФР-ға e-Otinish арқылы, банк омбудсманына немесе сотқа жүгіну құқығы сақталады.

QORJIN
1 621
📈📉🇰🇿23 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша) 🔼 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 302,98 (+2,3%) 🔼 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 645,00 (+0,6%) 🔼 AIRA (Air Astana): ₸675,33 (+0,5%) 🔻 CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸4 780,00 (-0,0002%) 🔻 KEGC (KEGOC): ₸1 518,04 (-0,1%) 🔻 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 560,00 (-0,2%) 🔻 KCEL (Кселл): ₸3 164,03 (-0,3%) 🔻 HSBK (Халық Банк): ₸375,06 (-0,5%) 🔻 KSPI (Kaspi.kz): ₸43 700,00 (-1,3%) 🔻 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸31 132,71 (-1,8%) #КүнҚорытындысы

QORJIN
1 621
photo content

QORJIN
1 621
🏦 Болашақ зейнетақыңыз: 2027 жылдан бастап не өзгереді? Қазір БЖЗҚ-дағы жинақты Ұлттық банк басқарса және оның табысы инфляциядан төмен болса, адам зейнетке шыққанда мемлекет айырмасын төлейді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл төлем болмайды. Мемлекет БЖЗҚ-ға нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасына кепілдік береді, бірақ инфляцияны есепке алмайды. Мысалы, шотыңызға жылдар бойы 1 млн теңге жарна түсті делік. Инфляцияны ескергенде бұл сома 1,5 млн теңгеге тең. Ал зейнетке шыққанда шотыңызда 1,3 млн теңге бар. Қазіргі тәртіп бойынша мемлекет 200 мың теңге айырманы өтеуі мүмкін. Жаңа тәртіп бойынша өтемейді: шоттағы сома салынған 1 млн теңгеден көп, бірақ инфляцияны жапқан жоқ. Неге ереже өзгереді? Бұрын адамдар зейнетақы ақшасын кім басқаратынын таңдай алмады. Енді жинақты Ұлттық банктің басқаруында қалдыруға немесе жеке басқарушы компанияны таңдауға болады. Еңбек министрлігі өзгерісті осы таңдау мүмкіндігімен түсіндіреді. Басқарушылардың нәтижесі бірдей ме? Біз бұл туралы бұған дейін жазғанбыз: 2026 жылғы тамыздың соңында аяқталған 12 айда Ұлттық банк басқарған зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,17%, ал жеке басқарушыларда 10,95–17,05% болды. Осы кезеңдегі инфляция - 9,8%. Бірақ бір жылдағы нәтиже келесі жылдары қайталанады деген сөз емес. 📌 Салымшы үшін не маңызды? Шоттағы ақша өскені жеткіліксіз - жинақ табысы инфляциядан жоғары ма, соны да қараңыз. Жеке басқарушыны таңдасаңыз, оның бірнеше жылдағы нәтижесін, тәуекелдері мен комиссияларын салыстырыңыз. Жеке басқарушыға берілген жинаққа инфляцияны ескеретін мемлекеттік кепілдік қазірдің өзінде қолданылмайды.

QORJIN
1 621
⛄️ Инвестициядағы "қар кесегі" қалай жұмыс істейді? Қар кесегі домалаған сайын үлкейеді. Инвестицияда да табысты қайта салсаң
⛄️ Инвестициядағы "қар кесегі" қалай жұмыс істейді? Қар кесегі домалаған сайын үлкейеді. Инвестицияда да табысты қайта салсаңыз, ол жаңа табыс әкеле бастайды. Ай сайын қосқан ақшаңыз "кесекті" одан әрі өсіреді. Мысал: бастапқы салым - $100. Жылдық өсім шартты түрде 10%. Екі жағдайды салыстырайық: ақша қоспайсыз немесе ай сайын $100 қосасыз: 📍 10 жыл: ақша қоспасаңыз, $100 → ≈ $260. Ай сайын қоссаңыз, өзіңіз $12 100 салып, инвестицияңыз ≈ $20 200 болады. 📍 20 жыл: ақша қоспасаңыз, $100 → ≈ $670. Ай сайын қоссаңыз, $24 100 салып, инвестицияңыз ≈ $72 500 болады. 📍 30 жыл: ақша қоспасаңыз, $100 → ≈ $1 745. Ай сайын қоссаңыз, $36 100 салып, инвестицияңыз ≈ $208 000 болады. Оның ≈ $171 900-і - есептік өсім. Неге доллар және 10%? Мысал АҚШ-тың S&P 500 индексіне негізделген. Оның ұзақ мерзімді табысы доллармен жылына шамамен 10% болған. Бұл - тарихи көрсеткіш, болашақ табысқа кепілдік емес.

QORJIN
1 621
💰Компаниялар дивидендтерді қашан және қалай төлейді? Дивидендтер деген не екенін бұған дейін жазған болатынбыз. Материалмен сілтеме арқылы таныса аласыз. ⚠️Бүгін оларды қашан күту керектігін және төлеудің қандай тәртібі бар екенін талқылаймыз. 🔹Компаниялар ақпан-нарық айларында қаржылық есептілігін шығарады. 🔹Директорлар кеңесі (ДК) аудиттелген қаржылық есептілікті бекітеді және осының негізінде таза пайданың қанша бөлігін дивидендтерге бағыттау (немесе төлемеу) керектігі туралы ұсыным береді. 🔹Одан әрі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) ДК ұсынымдарына сәйкес дивидендтер бойынша түпкілікті шешім қабылданады. Оған компанияның барлық акция ұстаушылары қатыса алады. 👉 АЖЖЖ-да бірден тізілімді жабу күні, яғни дивидендтер есептелетін тұлғалардың барлығы тіркелетін күн белгіленеді. Егер акция сатып алсаңыз, қаржылық есепті қадағалап отыру, төлемдер тарихын, компанияның өзінің дивидендтік саясаты мен ДҚ ұсынымдарын қаншалықты сақтайтынын білу маңызды. Бұған дейін біз Қазақстанның публикалық компаниялары 2025 жыл үшін қандай дивидендтер есептегені туралы жазған болатынбыз. Материалмен сілтеме арқылы таныса аласыз: https://t.me/QORJIN/274 https://t.me/QORJIN/279

QORJIN
1 621
📈📉🇰🇿 22 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша) 🔼 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸31 705,00 (+1,6%) 🔼 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 273,35 (+1,5%) 🔼 AIRA (Air Astana): ₸672,00 (+0,4%) 🔼 KEGC (KEGOC): ₸1 519,25 (+0,2%) 🔼 HSBK (Халық Банк): ₸376,76 (+0,05%) ➖ KZTK (Қазақтелеком): ₸44 650,00 (0%) 🔻 CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸4 780,01 (-0,0004%) 🔻 KCEL (Кселл): ₸3 172,64 (-0,2%) 🔻 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 450,00 (-0,3%) 🔻 KSPI (Kaspi.kz): ₸44 270,00 (-1,2%) #КүнҚорытындысы

QORJIN
1 621
photo content

QORJIN
1 621
❗️Жеке басқарушы компаниялар кірістілік бойынша БЖЗҚ-дан озды. Бірақ қазақстандықтар ақшасын оларға аударуға асығар емес. Соңғы 12 айда (тамыз айының соңындағы жағдай бойынша) Қазақстандағы инфляция 9,8% құрады. Осы кезеңдегі зейнетақы жинақтарының жылдық кірістілігі: 🔅БЖЗҚ: 6,17% 🔆Жеке басқарушы компаниялар (ЖБҰ): 10,95%-дан 17,05%-ға дейін - жылдық тарихы бар барлық 5 жеке компания инфляциядан жоғары нәтиже көрсетті. ⬇️Жеке басқарушылардың нәтижесі жоғары болғанымен, қазақстандықтар елдегі барлық зейнетақы активтерінің бары-жоғы 0,56%-ын ғана оларға сеніп тапсырған. Бұл - Т27,1 трлн ішіндегі Т151,3 млрд. Тамыз айының соңындағы жеке компаниялардың жылдық кірістілігі: ✅Centras Securities - 17,05% ✅Alatau City Invest - 13,91% ✅Halyk Finance - 11,82% ✅Halyk Global Markets - 11,3% ✅BCC Invest - 10,95% Тамыз айында жеке компаниялардың басқаруындағы қаражат көлемі 10%-ға өсті (137,5 млрд-тан 151,3 млрд теңгеге дейін), бірақ нарықтағы олардың үлесі әлі де төмен болып отыр.

QORJIN
1 621
Жеке басқарушы компаниялар кірістілік бойынша БЖЗҚ-дан озды. Бірақ қазақстандықтар ақшасын оларға аударуға асығар емес Соңғы 12 айда (тамыз айының соңындағы жағдай бойынша) Қазақстандағы инфляция 9,8% құрады. Осы кезеңдегі зейнетақы жинақтарының жылдық кірістілігін салыстырып көрейік: БЖЗҚ: 6,17% Жеке басқарушы компаниялар (ЖБҰ): 10,95%-дан 17,05%-ға дейін — жылдық тарихы бар барлық 5 жеке компания инфляциядан жоғары нәтиже көрсетті. Жеке басқарушылардың нәтижесі жоғары болғанымен, қазақстандықтар елдегі барлық зейнетақы активтерінің бары-жоғы 0,56%-ын ғана оларға сеніп тапсырған. Бұл — 27,1 трлн теңгенің ішіндегі 151,3 млрд теңгесі. Тамыз айының соңындағы жеке компаниялардың жылдық кірістілігі: Centras Securities — 17,05% Alatau City Invest — 13,91% Halyk Finance — 11,82% Halyk Global Markets — 11,30% BCC Invest — 10,95% Тамыз айында жеке компаниялардың басқаруындағы қаражат көлемі 10%-ға өсті (137,5 млрд-тан 151,3 млрд теңгеге дейін), бірақ нарықтағы олардың үлесі әлі де төмен болып отыр. 📌 Түйін: Тамыздағы қорытынды бойынша жеке басқарушы компаниялар БЖЗҚ-ға қарағанда тиімдірек жұмыс істеді, бірақ салымшылардың басым бөлігі ақшасын мемлекеттік қорда ұстауды жөн көреді.

QORJIN
1 621
💰 Kaspi, Қазатомөнеркәсіп және ҚМГ: Инвесторлар 2025 жылы дивидендтен қанша тапты? Кеше KASE индексіндегі дивидендтік кірістілік бойынша көшбасшыларды (Halyk, KEGOC, ҚазТрансОйл) қарастырдық. Бүгін тізімдегі қалған компаниялардың көрсеткіштерін талдаймыз. Қазатомөнеркәсіп - 4,2% 💰 Төлем көлемі: бір акцияға Т1292,27. Kaspi.kz - 1,9%. 💰 Төлем көлемі: бір акцияға Т850.   ҚазМұнайГаз - 1,6% 💰 Төлем көлемі: бір акцияға Т573,6.   Air Astana - 1,5%. 💰 Төлем көлемі: бір акцияға Т9,92.   Қазақтелеком - 0,7%. 💰 Төлем көлемі: бір акцияға Т321,06.   Компаниялардың дивидендтік кірістілігін олардың қазіргі нарықтық бағасына қарай есептеп шықтық.   ❌ Кімдер дивиденд төлеген жоқ? KASE индексіндегі Банк ЦентрКредит (БЦК) мен Kcell бұл кезеңде акционерлеріне дивиденд төлемеуді шешті. 💡 Инвестор үшін маңызды: Бұл пайыздар депозитке қарағанда төмен болып көрінуі мүмкін. Алайда, акция ұстаушылар тек дивидендтен емес, екінші жағынан - бағалы қағаздардың нарықтағы бағасының өсуі есебінен де қосымша табыс табады. 👇 Портфеліңізде осы компаниялардың акциялары бар ма?

QORJIN
1 621
🏦Halyk бизнес үшін QR-комиссияны төмендетеді Банк кәсіпкерлерге арналған арнайы ұсынысын іске қосты: 2026 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Onlinebank қосымшасы және банкаралық QR арқылы төлем қабылдау комиссиясы 0,5%-ға дейін төмендейді. 📌 Арнайы тарифтің шарттары: Төмендетілген мөлшерлеме: Әрбір транзакция үшін 0,5% (стандартты 1,25% комиссияның орнына). Мерзімі: 2026 жылдың 21 қыркүйегінен 2027 жылдың 31 нарызына дейін. Кімдер қосыла алады: Halyk-тың жаңа және әрекеттегі серіктестері - жеке кәсіпкерлер (ЖК), шаруа қожалықтары (ШҚ), жеке нотариустар мен жеке сот орындаушылары (ЖСО). Оборот шегі: Арнайы тариф қосылған сәттен бастап жиынтық айналым 45 млн теңгеге жеткенге дейін қолданылады.

QORJIN
1 621
📈📉🇰🇿 21 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша) 🔼 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 255,00 (+1,8%) 🔼 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸31 194,99 (+1,3%) 🔼 KSPI (Kaspi.kz): ₸44 800,00 (+0,5%) 🔼 KCEL (Кселл): ₸3 178,00 (+0,3%) 🔻 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 559,97 (-0,0001%) 🔻 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 650,01 (-0,04%) 🔻 KEGC (KEGOC): ₸1 516,00 (-0,1%) 🔻 CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸4 780,03 (-0,2%) 🔻 AIRA (Air Astana): ₸669,01 (-0,3%) 🔻 HSBK (Халық Банк): ₸376,58 (-0,3%) #КүнҚорытындысы