en
Feedback
Тимур Мустафаев

Тимур Мустафаев

Open in Telegram

Writing…✍️ Сұрақтар мен ұсыныстар болса 👉🏻 @timurwriter 🔴 Шығармаларымды жинақтап, кітап қылып басуға жақсы ұсыныстар мақұлданады! 📖 «Әлсіздік» кітабының, әмбе өзге бірқатар шығарманың авторы.

Show more
367
Subscribers
+224 hours
+287 days
+2830 days
Posts Archive
Құрметті оқырман! 📚 «Әлсіздік» кітабының сатылымы басталды. Сатып алу үшін төмендегі WhatsApp нөміріне жазыңыз: 📲 +7 747 27
Құрметті оқырман! 📚 «Әлсіздік» кітабының сатылымы басталды. Сатып алу үшін төмендегі WhatsApp нөміріне жазыңыз: 📲 +7 747 271 68 85 🔴 Кітап данасы шектеулі! Құрметпен, Автор ✍️

Мана бір нүкте бар еді, қайда кетті екен сол нүкте?!

Задында, терең су тыншып ағады емес пе?.. (с)🫀 Ішкі кейіпкер

Біреу кітап оқып ауырады, енді біреу жинап ауырады екен…

Айтып-айтпай не керек, әңгіменің тоқетері, бұл алғашқы кітабым болған соң тым көп бастырғым келмеді. Бірінші тираж бар-жоғы 30 дана, оның бесеуі анда-мұнда берерім, ақырында сатылымға шығатыны бар-жоғы 25-і, онымен қоса оның он шақтысына өже құда түсіп қойғандар бааар. Жалпы, қаперіме кітап сатып байып кетейін деген пиғыл кіріп шықпапты. Шынтуайтында, нақ жазушыға керегі, шығармасына оқырман санасында сан мәрте жан бітуі… (мен қазір тек шын жазушылар турасында айтып отырмын, жаңағы…) ал дүние жию екінші сатыдағы нәрсе. Менің бұ һәм өзге де еңбектерім, Литрес, My Book, Telegram арналарда тегін тұр. Алайда бұл жинаққа тек сарыны бір, көтерер тақырыбы бір мазмұнды төңіректейтін новеллалар, хронологиялық реттілікпен кіріп отыр. Сонан соң өзім де, санамнан туған ой орамдарын, бір кітап ретінде, ақ парақты парақтап, керек десеңіз иіскеп те көргім келді… ып-рас! Қатты толқып жүрмін, түн баласына әрі-бері дөңбекшіп жата алмай, құдды бір ертең ұзатылатын қалыңдық іспетті, ой, Алла-ай, десеңші. Сайып келгенде, кітап сатылымға шыққанда кім әуелгілерден болды, сол үлгерді. Сосын, басқа қалаларға тек Қазпоштамен сала аламын, Алматыда болсаңыз қолымнан Аль-Фараби бойынан алып кете аласыз, немесе шабарман қызметіне жүгінсеңіз болады. Барлық жеткізу шығыны өзіңізден, ал кітаптың бағасына келсек, 2990 теңге деп қойдық. Егер де сұраныс болса, тағы бастырып қалуым бек мүмкін. Құрметпен, автор.

📚 ӘЛСІЗДІК Жуырда жарық көретін қысқа новеллалар жинағымның парақшасы. ✦ Instagram парақша «Әлсіздік» — бұл бүгінгі қоғам ад
📚 ӘЛСІЗДІК Жуырда жарық көретін қысқа новеллалар жинағымның парақшасы. ✦ Instagram парақша «Әлсіздік» — бұл бүгінгі қоғам адамының ішкі дағдарысын көркем түрде суреттейтін, жүйке жүйесі әлсіздерге арналмаған кітап.

Айналайындар, өмірді көзі барлардан әлдеқайда артық сүйе білуіміз керек… 📖 Жылымық (с) Оралхан Бөкей

Сонда сенікінен гөрі ластау әрі ересек жүрегім өзінің бұдан он жыл бұрынғы пәктігін, жастығын сағынар… 📖 Жылымық (с) Оралхан Бөкей

Жуырда бір жаңалығым бар, бұйырса.

Себелеп жауған жауын астында, көк желектің ортасында қып-қызыл боп қу жалқы раушан әлсін-әлсін тербеткен желге бойын бір беріп, бір бермей тұр… Сол гүлге ұзақ тесілдім, тесілдім де терең күрсіндім… Қапелімде, санамның сарғыш басқан түкпірінде бір жанның есімі жаңғырық болып өтті. — Е-е, кейбір гүлдер біз ұшпайтын бақта өседі екен ғой, — деп қолымды бір сілтеп, теріске, ол жақтан тым алысқа кете бардым…

Е-е, қарап отырсам, келесі айдың жиырмасы әдебиет әлеміне, Елжан төрекемнің — әй, мынауыңызды неге жариялап көрмеске? — деп дем беруімен қадам басқаныма бір жылға толады екен. Ой, Алла-ай, бұл уағ аралығында нелер болып, нелер болмады десеңші. Әдепкіде шығармаларың түкке тұрғысыз, іліп алары жоқ деп құсып, кейін тұрақты оқырманыма айналғанды да, әлі күнге дейін не жазсам да қара күйесін жағуға таярын да, талай-талай оқырман көрдік. Жалпы, жалпақ есеппен алсам, туындыларымды 20,25 мың адам оқыпты. Жансарайымнан туған шығармаларым мұншама адамның көкейінен қандай да бір орын тауыпты дегенді ойласам — иә, жасырмаймын, қуанып қалам… Алла құдай: “Қаламға және қалам иелерінің жазғандарына серт!” (68:1) деп ант ішкені әсте бекер емес, ып-рас-ақ қаламның өзіндік бір тылсым әрі тәтті сиқыры бар. Абай атамыздың әлгі Лермонтовтың бір өлеңін аударғанындағы алғашқы екі шумақта: Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнері дертпен тең. Дегеніндей, сөздің де кей тұста әкеп соғар соқпақтары кездеспей қалмайды… Сайып келгенде, Жаппар иемнен тілерім, Мұхтар Мағауиннің “менінде” жазғанындай: Бисмиллаһ ир-рахман ир-рахим! Өзіңе тура баста…

Осы сәт… жан байыз тапқан, көңіл тыншыған кез. “Қаламға және қалам иелерінің жазған-дарына серт!” «Қалам» сүресі 68:1
Осы сәт… жан байыз тапқан, көңіл тыншыған кез. “Қаламға және қалам иелерінің жазған-дарына серт!” «Қалам» сүресі 68:1

Парадокс в том, что когда мне реально очень плохо, нет ни души рядом… Сказал однажды некто.

Сана-сезіміңді нендей ойлар билеп жүр өзі? Қаперіңе келім-кетімнің бәрі сендік екеніне кепілің не? Мүмкін, ол сырттан таңылған пікір шығар? Тіпті өз-өзіңе де сенбе! Тек Жаратқан Иең — жарылқаушың… (с)🫀 Ішкі кейіпкер

Сараңдық бөлісуді білмейді, ол сіздің жүрегіңізді жомарттықпен бөлісе алмайды…
Сараңдық бөлісуді білмейді, ол сіздің жүрегіңізді жомарттықпен бөлісе алмайды…

Сарандық бөлісуді білмейді ол сіздің жүректі жомарттықпен бөлісе алмайды…
Сарандық бөлісуді білмейді ол сіздің жүректі жомарттықпен бөлісе алмайды…

Промокнуть под дождем? Пойдем, но только если мы вдвоем!

Бүгін ботаникалық баққа бардым. Алла құдайдың сұлу табиғатын тамаша қылдым. Биік-биік қарағайлар, қайың мен емен арасы біраз жүрдім. Сан алуан аттарына тілім келмейтін гүлдер, өсімдік пен жасыл алаңқай көздің шырымын алып, жаның бір байыз табады екен. Бақтың ішін кезіп, табиғаттың тылсым әуенінен бөлек дүниелерді де құлағым шалды. Бір әйелдің: Мен үйде төрт баламен отырам, олардың тамағы, сабағы тағы бар… деп ер азаматына шағымданып жатқанын естіп — Е-е, мұнда мұндай да мәселемен келеді екен ғой дедім ішімнен. Соңсоң тағы біршама жүріп, қалың ағаш арасы, қосаяқ жолға түсіп алдым. Жасыл желекпен жүріп келем, кенет көзім бір қыпша бел қызды өзіне икемдеп жатқан жігітке түсті, мені көріп сасып қалды. Жандарынан жылдам өткенімде ғана мені сезген қыздан, моншаның ескі есігінің шиқылына ұқсас: “ХхааааАА” деген қатты дыбыс шықты. Екеуін артқа қалдырып баратып, жақсы ойда болайын деп, жас жұбайлар болар деп пайымдадым. Бақта түрлі адамдарды көрдім, тіпті скандинавиялық жүріспен айналысатын апаны кездестірдім, қызық, өмірдің өзі үлкен бір театр, сол театрдың көп кейіпкері бүгін тап осы мекенге шоғырланғандай… Әрине бір жазушының — Философияны боқтың үстіне де құрауға болады — деп айтқанындай бұл түйгенім сізге түкке тұрғысыз сандырақ дәрежесінде болуы бек мүмкін. Әйткенмен, көп ойдың ішінен теріп алғаным: Мына ғұмырда адамның ең көркем түрде өз рөлін сомдап шығуына сеп бола тұғын нәрсе, ол сыйластық! Әбден кезіп аяғым ауырды, екі үстелдің біріне жайғасып, Дадзаймен бірге 20-шы ғасырға бір сапарлап қайттым, соғыстан кейінгі ауыр кезең, патшаларының өзін пенде деп мойындауы, адам жанының дағдарысы… айта берсең көп. Аз өтпей жатып жаныма екі апа келіп, оой, аста-төк дастархан жайып, шай ішті. — Әй балам! Кел бізбен бірге тамақ же! — деп екі шақырды. Алғысымды айтып сыпайы бас тартып отырсам, бір кезде бірісі бір ыдыс тола әрнәрсесін маған қарай созып, дәмнен алып отыруымды және мәрте өтінген соң, қылдай кесілген қиярды салып кеп, қытыр-қытыр еткіздім. Сайып келгенде, бір кездері ботаникалық бақта, жарықтық әруағынан айналайын, Дінмұхаммед Қонаев атамыздың өмір сүретіндейі бар екен… П.С. Шабыт шіркін төніп кеп, жаңа шығарманың шеті көрінер ме екен деп дәметіп келгенімді де жасырмаймын. Иә, соңғы кездері қалам жүргендегі тәтті сезімді сағынып жүрмін…