Тимур Мустафаев
Открыть в Telegram
Writing…✍️ Сұрақтар мен ұсыныстар болса 👉🏻 @timurwriter 🔴 Шығармаларымды жинақтап, кітап қылып басуға жақсы ұсыныстар мақұлданады! 📖 «Әлсіздік» кітабының, әмбе өзге бірқатар шығарманың авторы.
Больше381
Подписчики
-124 часа
-17 дней
-530 день
Архив постов
https://www.threads.com/@timur_writer_kz?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==
Бұйырса, ендігі көп ойларымды осы трэдске жазатын болам.
Почему слово, уместное в устах маленькой брюнетки, звучит совершенно фальшиво и смешно в устах полной блондинки? Почему шаловливый жест одной не подходит другой? Почему некоторые ласки прелестны, когда они исходят от одной женщины, и только стеснительны для нас со стороны другой? Почему?
(с) Ги де Мопассан
Спорт туралы шығарма жазатын реуіштімін… 😅
П.С. Әй, осы доңғалақ қып видео жіретін еді ғой, сол қалай екен таппай жатырмын ше.
Айтпақшы, естідіңдер ме? Мураками жаңа романын шығарыпты. “Кахо туралы повесть”. Автор алғаш рет бас кейіпкерді 26 жасар қыз қылыпты. Сол қыз әлгі, “свидание вслепуюға” барады екен де, онда оған жігіт : Сен — мен осы уақытқа дейін кездестірген адамдардың ішіндегі ең ұсқынсыз адамсың. Дейді. Қыз оның ол сөзді не үшін айтқаны туралы терең тұңғиық ойға батып кетеді… Жазушы аталмыш еңбегін ғұмырының 77 жұлдызында ауыр халде жазыпты-мыс. Кім білсін, бәлкім, бұл оның соңғы мәтіні де шығар… Айтпағым, құздың шетінде тұрған адам тек шындығын айтады ғой (әлгі, Достоевскийдің өмірінің соңғы сәттерінде “Ойыншы” романында өзінің қандай ойыншы болғандығын жайып салғанындайын). Е-е, алайда оны қазақ тілі түгіл, сары көршілеріміздің тіліне бүгін ертең аударуы неғайбыл…
Нұрбек мырза кітабыма тамаша шолу жасапты. Қарап, пікірлеріңізді білдіріп кетіңіздер!
https://youtu.be/fE6MQ9fSnlQ?si=84mdgbmXJ3RowrOh
Анооугүні, бір “кітапқұмарлар” тобында менің “Қызыл көздерімді” жамандап отырғанын маған бір оқырманым хабар етті. Е е, олар оны ұқпаған ғой. Меніңше, тіпті біздің көп оқырманның сапасы сын көтермейді де! Муракамидың әлгі “Норвег орманын” әр екі бет сайынғы пері* үшін оның бар айғайы сол ғана дей салатындар қайдан ғана түсінсін…
Тегінде, ол өлімнен қорықты… Ол ұмыту мен ұмыт болудан зәредей сескенді… Естеріңде ме, кітаптың басында: «Мен көзімді жұмып, сол шақтарға қайта барғым келеді… Алайда, әр мәртебе сайын оны еске түсіруім қиындап барады… Сол үшін, міне, жазуға кірістім…» (осы мағынадағы сөйлеммен басталмаушы ма еді, бас кейіпкер ұшақта отырғанда.)!
Менің бір шығармамды мыңдаған адам оқыды. Алайда ол бір адамға арналып жазылған-ды. Ең несін айтайын ба, ол кісі оның барын да білмейді…
P.S. Пушкиннің неге 127 әйелге құмар болғанын ұға бастағандаймын…
Көбісін таңға таяу өшіріп тастаймын, тек қазір сәл ғана… Шахризаданың қойнында сайраған әлгі патша тәрізді болайыншы…
Ұстазым:
— Задында, кітап деген – өздігінен өлі дүние ғой.
— Оны тірілтетін – оқырманы…
P.S. Шәкірті жоқ ғалымның тұл болғаны реуішті, жазуы оқылмаған жазушы – жетім.
