1 047
Subscribers
-124 hours
-57 days
-1030 days
Posts Archive
1 048
Ережеге енгізілген жаңартулар:
•Бірінші оқу жылынан (курс) кейін білімгердің GPA 1 ден төмен болған жағдайда оқудан шығарылады, екінші оқу жылынан (курс) бастап әр академиялық семестр сайын GPA тексеріліп, шешім қабылданып отырады.
•30 ECTS және одан да көп Retake бар білім алушылар келесі семестрде ашылған Retake алған сабақтарына тіркелуге мәжбүр. Содан кейін first time-ға тіркеле алады.
•Докторанттың ғылыми компоненттер бойынша 2 retake болған жағдайда оқуға қайта қабылданбау шартымен оқудан шығарылады.
1 048
2024-2025 оқу жылы күзгі семестр
-Теоретикалық оқудың аяқталуы – 14.12.2024 ж.
-Порталда Pre-Final бағасын қою мерзімі – 25.11.2024 - 14.12.2024 ж.
-Қысқы сессия (Final) мерзімі 17.12.2024 - 28.12.2024 ж.
- Емтихан бағасын қою мерзімі, емтихан қабылданған күнді қоса есептегенде 5 жұмыс күн ішінде порталға қойылады.
-Емтихандар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.
1 048
Repost from SDU Media | СДУ Медиа
SDU-да пайдалы телеграм боттар
Студентке SDU-да қажет болатын боттар топтамасын ұсынамыз
Lost and Found боты
Университет аумағында заттарыңызды жоғалтып алсаңыз, Lost and Found-қа жазыңыз. Бот арқылы қандай затыңызды жоғалтып алғаныңызды сипаттап, көпшілікке жария ете аласыз. Не болмаса затыңызды Lost and Found каналынан тауып қалуыңыз да ғажап емес. Қысқасы, жоғалғанды табу да, табылғанды қайтару да оңай.
SDUmen боты
Студент ретінде ботқа әлеуметтік не академиялық сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сауалыңызға Advising Desk ассистенттері, SDU Government ұжымы жауап береді.
SDU Life боты
Бұл бот арқылы SDU Life ғимаратындағы румдарды әртүрлі мақсатта ала аласыз. Бұнда жиналыс жасаудан бастап жаттығу залына дейін қолжетімділік алуға мүмкіндік бар.
SDU Media боты
Бұл ботқа студенттер өз мәселелерін жаза алады. Ботқа жазылған маңызды мәселе жарияланып, мәселені SDU Media ұйымы зерттейтін болады. Бот “әлсіздің үнін шығару” мақсатында жұмыс жасайды.
Айтылмаған тағы басқа боттар бар ма? Жазып кет👇🏻
1 048
Құрметті Студенттер!
Фейк ақпарат таратылуда, сақ болыңыздар
Ешкімге өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді, мысалы, ЖСН, банк картасының деректемелері, парольдер немесе басқа да құпия ақпараттарды бермеңіз. Бұл сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін сақтау үшін өте маңызды. Есіңізде болсын, жеке ақпаратты тек сенімді дереккөздермен ғана бөлісуге болады.
1 048
🥳✨SDUmenbot өз жұмысын бастады!✨🥳
💻 Q&A - @SDUmenbot – студенттердің академиялық және әлеуметтік сұрақтарына жауап беруге мақсат еткен онлайн бот.
Келіп түскен сұрақтарға университетіміздің студенттік үкіметі, SG ұжымы, және Advising Desk ассистенттері жауап беріп отырады. 👥💬
Жауаптарыңызды кез келген уақытта, кез келген жерде @SDUmenbot арқылы алыңыздар! 😎
__________
🥳✨ SDUmenbot has started its work!✨🥳
💻 Q&A - @SDUmenbot is an online bot designed to answer students’ academic and social questions.
Questions submitted are expertly handled by the Student Government (SG) team and the dedicated Advising Desk assistants at our university. 👥💬
Get answers – anytime, anywhere, with @SDUmenbot! 😎
Ссылка:
https://t.me/SDUmenbot
Link:
https://t.me/SDUmenbot
1 048
Repost from SDU Media | СДУ Медиа
Chill Out Zone ашылды: Демалыс үшін жаңа орын! 🥳
Демалыс бөлмесі Н блоктың 3-қабатында орналасқан. Кеңістік дүйсенбі-жұма күндері 8:30-дан 17:30-ға дейін ашық. Қыздар мен жігітерге бөлек қарастырылған.
Демалыс бөлмесінде сақталуы керек ережелер:
– ақырын сөйлеп, телефонның дауысын жай қойыңыз;
– жеке заттарыңызға абай болыңыз, жоғалған заттарға ешкім жауапты емес;
– сырттан сусын мен тамақ әкелмеңіз;
– ішке аяқ-киіміңізді шешіп кіріңіз.
Демалыс бөлмесінде әркім тең дәрежеде демалуға құқылы. Төтенше жағдайда бөлме шұғыл босатылып, қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс.
ps: relax бөлмесі дизайндағыдай емес, барып көрсеңіздер түсінесіздер:)
1 048
Repost from Qalaysyn 🇰🇿
🎓❓ ҰБТ-да 140 балл алу мүмкін бе?
💡 Биылғы ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған Жаннұр Еңсебек пен Айым Ержанова өз кеңестерімен бөлісті.
🤩 140 балл иегерлері сіздерге ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаудың тиімді әдістерін ұсынады. Олардың тәжірибесі сіздерге де пайдалы болады деп сенеміз!🔥👇
📚 Жүйелі дайындық – жоғары нәтижеге жетудің басты кепілі.
⏰ Дайындық барысында ми мен денеге демалыс беру маңызды. Тұрақты ұйқы мен үзілістер сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартады және шаршаудан сақтайды.
🌀 Биыл 140 балл жинаған түлектердің тәжірибесінен үлгі алып, олардың әдістерін қолданып көріңіз. Олар күнделікті дайындыққа ерекше назар аударып, бар күш-жігерін осы мақсатқа жұмсаған.
🌟 Жақсы нәтиже тек тұрақты дайындықпен келеді. Жоғары балл жинап, армандаған оқу орнына түсіңіздер! Сәттілік!
1 048
Құрметті білімгерлер!
Сіздерді SDU University, Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті мен
Бизнес мектебі бірлесе ұйымдастыратын “Жұмыстар жәрмеңкесіне" шақырамыз.
Шара 4 қараша, дүйсенбі күні, сағат 10:00-де SDU University қабырғасында өтеді.
Қатысатыныңызды растау үшін мына форманы толтырыңыз.
Сіздерді "Жұмыстар жәрмеңкесінде" күтеміз!
Құрметпен
Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Бизнес мектебі
SDU University
---------------------------------------------------------------------------------------------
Dear Students!
SDU University, Faculty of Law and Social Sciences and Business School invite you to the upcoming Job Fair.
The event will occur on Monday, November 4, at 10:00 at SDU University.
(Kaskelen city, Abylaikhan 1/1)
Please confirm your participation by filling out this form
We look forward to seeing you at the Job Fair!
Best regards,
Faculty of Law and Social Science
Business School
SDU University
1 048
Repost from SDU Media | СДУ Медиа
+1
+1 автобус🥳
Сүйінші! №7 қалалық ауруханадан SDU аялдамасына дейін жүретін жаңа №257 маршрут пайда болды.
Толық маршрутпен төмендегі суреттер арқылы таныса аласыз 👇🏻
+1 автобус🥳
Хорошая новость! Появился новый маршрут №257 который курсирует от №7 городской больницы и до остановки SDU.
С полным маршрутом можете ознакомиться в фотках ниже👇🏻
+1 bus🥳
Good news! There is a new bus №257 that goes from the №7 of the city hospital to the SDU bus stop.
You can find the full route in the photos below👇🏻
1 048
EXCHANGE программасы туралы кездесу, жіберіп алмаңыздар
Тіркелу үшін
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfLbiqWx3tCLzihgCOtMKujIqNl48TVBMdhsTqy3vIYOlpsAA/viewform
1 048
Dear student,
To enhance security, access to the university campus will be allowed only with an ID card starting from October 28. Entry for unauthorized individuals is prohibited. Please note that after this date, entry by presenting the student portal (my.sdu.edu.kz) will no longer be considered sufficient for access.
If you do not have an ID card, please follow the link https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScfi6T-VSKUO0HoXrQCQ03_Ilsub7sn44mwO9AoNqQjOl5tNg/viewform?usp=pp_url and complete the Google form by October 18, 2024, as processing will take 5 business days.
The cost of issuing an ID card is 2000 tenge. Payment can be made using the link for Kaspi Bank or QR code Halyk Bank provided below. Once the ID cards are ready, we will send you a notification to your sdu email.
Thank you for your understanding.
If you have any additional questions, please contact the Advising desk or email ssc@sdu.edu.kz.
1 048
Құрметті білімгер,
Қауіпсіздікті арттыру мақсатында университет аумағына 28-қазаннан бастап тек ID-карталармен кіре алатыныңызды хабарлаймыз. Бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады. Назар аударыңыз, көрсетілген күннен кейін порталды (my.sdu.edu.kz) көрсету арқылы кіру жеткіліксіз.
Егер сізде ID-картаңыз болмаса, сілтемеге өтіп https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScfi6T-VSKUO0HoXrQCQ03_Ilsub7sn44mwO9AoNqQjOl5tNg/viewform?usp=pp_url, Google формасын 2024 жылдың 18 қазанына дейін толтырыңыз, себебі рәсімдеу 5 жұмыс күнін алады.
ID-картаны ресімдеу құны 2000 теңгені құрайды. Төлемді төменде көрсетілген Kaspi банктің сілтемесі немесе Халық банкінің QR коды арқылы жасауға болады. ID-картаңыз дайын болғаннан кейін біз сізге электрондық sdu поштаға хабарлама жібереміз.
Түсінгеніңіз үшін рахмет.
P.S.Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, Advising desk-ке хабарласыңыз немесе ssc@sdu.edu.kz адресіне жазыңыз.
1 048
Repost from N/a
Құрметті 2, 3 және 4 курс студенттері!
Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйек 11 қазан аралығы жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өту керек. 🫁✨
Флюорография аппаратының жұмыс уақыттары:
🕐 8:30 - 16:00
⏰Түскі үзіліс: 12:00 -13:30
📍F блок
Жеке куәлігінізді алып келуді ұмытпаңыздар. Егер басқа жерде тексеруден өткен болсаңыз, қорытындының көшірмесін алып келе аласыз.
‼️Маңызды: тексеруден өтпеген немесе көшірмесін әкелмеген студенттер порталды уақытша қолдана алмайды.
Назарларыңызға рақмет!
______
Дорогие студенты 2, 3, и 4 курсов!
Напоминаем, что с 30 сентября по 11 октября нужно пройти ежегодное флюорографическое обследование. 🫁✨
Время работы аппарата:
🕐 8:30 - 16:00
⏰ Обед с 12:00 до 13:30
📍 Блок F
Не забудьте удостоверение. Если вы уже проходили обследование в другом месте, можно принести копию заключения.
‼️ Важно: студенты, которые не пройдут обследование или не предоставят копию заключения, временно потеряют доступ к университетскому порталу.
Спасибо за внимание!
_____
Dear 2nd, 3rd, and 4th-year students!
From September 30 to October 11, you need to do a fluorography check.🫁✨
The operating time of the apparatus:
🕐8:30 AM - 4:00 PM
⏰Lunch break: 12:00 PM - 1:30 PM
📍Block F
Please bring your ID. If you already did the check somewhere else, you can bring a copy of your results.
‼️Important: If you don’t do the check or bring the copy, you will temporarily lose access to the student portal.
Thank you for your attention!
1 048
Repost from SDU '28 | info
❗️Выдача банковской карты для стипендии будет проходить в E и D блоках с 02.10.2023 по 04.10.2023 с 10:00 до 16:00.
Важно: При себе иметь удостоверение личности(в бумажном варианте) и заполненные анкеты(в бумажном варианте).
