en
Feedback
SDU Media | СДУ Медиа

SDU Media | СДУ Медиа

Open in Telegram

🌐 СДУ Университеті жайлы тәуелсіз медиа. Тың ақпарат пен жаңалықтан бірінші кезекте хабардар болыңыз! ✅ Instagram парақшамызға жазылыңыз: instagram.com/sdu.media

Show more
591
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Similar Channels
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
November '23
November '23
+10
in 0 channels
October '23
+629
in 4 channels
Date
Subscriber Growth
Mentions
Channels
21 November0
20 November0
19 November0
18 November0
17 November+2
16 November0
15 November0
14 November+1
13 November+1
12 November0
11 November0
10 November0
09 November0
08 November0
07 November+1
06 November+1
05 November0
04 November0
03 November+1
02 November+3
01 November0
Channel Posts
5️⃣0️⃣0️⃣ + 🤩 Әне-міне дегенше Instagram және Telegram парақшаларымыздағы оқырмандарымыздың саны 500-ден асып кетіпті. SDU M
5️⃣0️⃣0️⃣ + 🤩 Әне-міне дегенше Instagram және Telegram парақшаларымыздағы оқырмандарымыздың саны 500-ден асып кетіпті. SDU Media-мен жаңалықтар толқынында бірге болғандарыңыз үшін, бізді таңдағандарыңыз үшін мың алғыс!

2
📀 СДУ асханасында тамақ құны сапасына сай ма? Кантиндегі өткен жағдайдан соң СДУ Медиа асханалар желісінің әкімшілігімен байланысты. Тақырыпты талқылап, репортаж түсірдік 👇 https://youtu.be/V_QQJ1PGiYc?si=eJjv0apUwSqYsr3R Көріп, өз бағаңды бер. Пікіріңді міндетті түрде қалдыр 👀
742
3
🪱 “Ішінде құрт жүр”: асханадағы тағамдар бұзылған СДУ асханаларының бірінде тағамның ішінен құрт шыққанын байқаған студенттің оқиғасы мен canteen сапасы жайлы SDU Media тілшісі @zhanibekin_a баяндайды. Кеше SDU асханаларының бірінде өте қауіпті жағдай тіркелді. Мультимедиа ғылымдарының 1-курс студенті әдеттегідей асханалардың бірінен “конверт” сэндвичін алып, ас ішуге кіріседі. Асықпай тамақтанып отырған студент конверттен жәндіктің қыбырын байқайды, анықтап қараса ол құрт болып шықты. Дәл сол сәтте тамақтануды доғарып, бірден бұл жайтты видеоға түсіріп алған. Оқиға кейіпкерінің өзі бұл жайлы: — Кеше, 11:30 уақытында, Red coffeе-ге барып, достарыммен 5 конверт алғанбыз, бағасы 350 теңгеден, сосын осы жағдай орын алды. Одан бұрын 3-4 рет ғана алғанмын. Енді асханалар тағам дайындағанда азық-түліктің балғындығына мән берсе деймін. Қайта алуға қорқып қалдық. Дәл осындай жағдайлардың бірі журналистиканың 1-курс студентімен болған: — Алғашқы оқу күнінде асханадан лағман аламын деп шештім. Қоспалар мен бұрыштың дәмі қатты сезілді, өте көп қосқан. Басында ештеңе сезбедім, бірақ кейін менің жүрегім айни бастады. Соның салдарынан мен 3 күн бойы ауырып, система алдым. 🤑 Жалпы саны 8000-нан асатын студенттері бар университетіміздің 3 қабатында да асханалар желісі жұмыс істейді. AC Catering, Belka food, Red coffee, Urbo coffee және Doner house секілді асханалардың тағамдарының бағасы күннен-күнге өсіп, дәмі мен сапасы төмендеп барады. Тағамдар сапасы жайлы 2-курс студенті Ермаханбетова Амина былай дейді: — Негізінде, тағамдардың бағасы да сапасы да мені толықтай қанағаттандыратын. Мен өзім ең жиі алатын ол ачма, пиде, ірімшікпен поча және шоколадты круассан. Осылардың ішінен соңғы кездері ачма және круассанда “начинкасы” өте аз немесе мүлдем жоқ. Содан соң барық тағамдар бұрын жұмсақ болатын ал қазір жұмсақтығын кетіріп алған сияқты. Бұл студенттер санының көбеюуіне байланысты шығар деп ойлаймын. Ал жатақханада тұратын студенттердің көбісі кешкі ас туралы арыз-шағымдарын айтып әлек. Солардың бірі Бакен Нұрдаулет өз оқиғасымен бөлісті: — Кешкі асқа кешігіп барсаң астан қағыласың. Бір рет 19:45 кезінде асханаға барып едім, барлығын жинап тастапты. Ерте барсаң әрдайым кезек, ал кешігіп барсаң бірінші тағамнан құр қаласың. Тағы бір күні кешірек барып едім бірінші тағам тұрмақ, екінші тағамды гарнирсыз берді, 3 тал тауық қанатын жеп қайттым. Мұндай шағымдарды естіп, көріп отырған асхана басшыларына жыл сайын үндеу жасалады. Алайда нәтиже жоқ. Осы жағдайлардан соң олардан тез арада жауап және түсіндіру болады деген үміттеміз. ✍️ SDU Media — Әмір Жәнібек
1 626
4
+3
No text...
4 872
5
АБАЙЛАҢЫЗ, ҚЫЗЫЛША 🆘 Құрметті оқырман! Бүгінде елімізде қызылша (корь) індетін жұқтырғандар саны өршіп жатыр. Tengrinews.kz мәлімдеуінше, республикамызда жылдың басынан бері қызылшамен ауырған 7540 науқас тіркелген. Осы орайда сізге індеттен қорғанудың келесі жолдарын ұсынамыз 👇 1. Вакцина салдырыңыз. Бұл — инфекциямен күресудің ең тиімді әдісі. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, науқастан вакцина қойылмаған адамға қызылша 100% тез жұғады. 2. Санитарлық ережелерді сақтаңыз. Бетперде тағыңыз. Қолыңызды үнемі жуып, өзіңізбен антисептик дәрі алып, лық толы жиындардан алыс жүріңіз. 3. Отыратын кеңістігіңізді жиі желдетіңіз. 4. Індетті жұқтырған науқаспен байланыспаңыз. 😷 Ескеріңіз: СДУ жатақханасы денсаулық сақтау барысында студенттерді бетперде және антисептик дәрілермен қамтамасыз етті Кеңестерімізге құлақ түріп, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз 🫶
1 082
6
ОСТОРОЖНО, КОРЬ 🆘 Уважаемый читатель! На сегодня прогрессирует число зараженных корью в стране. Tengrinews.kz сообщает, что с начала года в республике зарегистрировано 7540 случаев зараженных. На этой почве предлагаем вам следующие способы защиты от эпидемии 👇 1. Ставьте прививку/вакцинацию. Это самый эффективный способ борьбы с инфекцией. По словам вице-министра здравохранения Айжан Есмагамбетовой, корь 100% быстро передается невакцинированному человеку от больного. 2. Соблюдайте правила санитарии. Носите маску. Тщательно мойте руки, пользуйтесь антисептическими средствами. Избегайте большого скопления людей. 3. Регулярно (желательно каждые 30 минут) проветривайте пространство, в котором находитесь. 4. Не контактируйте с зараженным. 😷 Обратите внимание: мед. обслуживание общежития СДУ обеспечило студентов масками и антисептическими средствами Прислушайтесь к нашим советам и ищите путь, который не причинит боли, пока вы не начнете искать лекарство от боли 🫶
871
7
😍 Эссе жазып, Астанаға билет ұтып ал Vision және Edufaculty бірігіп, қыздарға арналған "Vision Talks" атты ауқымды жоба баст
😍 Эссе жазып, Астанаға билет ұтып ал Vision және Edufaculty бірігіп, қыздарға арналған "Vision Talks" атты ауқымды жоба бастамақшы 🎉 Оның пайдасы не?👇 • ораторлық қабілеттер; • университет сахнасында өзіңді көрсету; • нетворкинг; • түрлі активи және т.б. 🔥 Ең басты сыйлық — Астанаға тегін сапар. ❗Кастинг эссе түрінде өтеді. 🕕 Күні: 5 қазан 18:00 📍 Орны: Н01
892
8
Денсаулық — зор байлық Жыл сайын орын алатын флюраграфиялық тексеріс өтіп жатыр. Егер сіз кәмелет жасқа толмасаңыз, ата-анала+1
Денсаулық — зор байлық Жыл сайын орын алатын флюраграфиялық тексеріс өтіп жатыр. Егер сіз кәмелет жасқа толмасаңыз, ата-аналарыңыздың Egov қолданбасы арқылы тіркелулеріңізді сұраймыз. 18-ге толған студенттер өздері өтініш қалдыра алады. 🆘F блокта орналасқан флюромобиль 6-шы қазанға дейін жұмыс жасайды. Сол себепті, "Жанұя" мед.орталығы асығуларыңызды сұрайды. Тегін тапсыру үшін ”Жанұя”медициналық орталығына тіркелу қажет. ❗Тіркелу процесі жоғарыда берілген суреттегі қадамдар бойынша орындалады👆
652
9
🌊 Су тасып жатыр: жатақханадағы жағдай SDU жатақханасындағы студенттер су мәселесінің тоқтамай тұрғанын айтты. Кеше ғана Қас
🌊 Су тасып жатыр: жатақханадағы жағдай SDU жатақханасындағы студенттер су мәселесінің тоқтамай тұрғанын айтты. Кеше ғана Қаскелең тұрғындарына жайсыз хабар жеткен еді. Алдағы 3 күн бойы елді-мекендегі адамдар ауыз судан қағылатыны жайлы хабарландыру шықты. Бірақ оқу орнымыздың жатақханасында су керісінше артылып жатқан секілді. Бейнематериалға сүйенсек, жоғарғы қысымнан (напор) дәретхана мен жуынатын бөлмені су алып жатыр. 💭 Бұл жайтқа куә болған студенттің пікірі: — “Кейбір қабаттағы дәретханаларда су тоқтаусыз ағады, олардың көбінде вентиляция жұмыс жасамағандықтан жағымсыз иіс шығады. Меніңше, су мәселесімен бірге вентиляцияны да қарастыру қажет”. Оқиғаға қатысты SDU Media жатақхана басшысының орынбасарына хат жолдады, алайда сауалымыз жауапсыз қалды. ✍️ SDU Media — Жәнібек Әмір
663
10
Шәкіртақы: Банк картасын тарату басталды ❗Университет әкімшілігі бірінші курс студенттеріне шәкіртақыға арналған банк картасы+1
Шәкіртақы: Банк картасын тарату басталды ❗Университет әкімшілігі бірінші курс студенттеріне шәкіртақыға арналған банк картасын ашты. Тарату 02.10.2023 — 06.10.2023 күндері студенттік бөлімше жақта өтеді. 🆘 Өзіңізбен жеке куәлік көшірмесін алу қажет! 🕙 Уақыты: • 02.10.2023 — 13:00-16:30 аралығында • 03.10.2022 — 07.10.2023 — 10:00-16:30 аралығында Алғашқы шәкіртақыңызды қайда жұмсайсыз?😉
570
11
Жайсыз басталған қазан: Қаскелеңде алдағы 3 күн бойы ауыз су болмайды ❗“Ж Каскелен» ЖШС-і хабары бойынша, 2-4 қазан аралығында Қаскеленнің кәсіби ғимараттары мен тұрғын үйлерінде жоспарлы хлорлау процесіне байланысты таза су болмайды. Ауыз су қорын жинап алуларыңызды сұраймыз. ✍️ SDU Media — Назерке Ақберді Ақпарат көзі: Қаскелең қаласының әкімшілігі
489
12
📕 Book club: Tea Party 🙌 Классикалық романдардың, қызықты детективтердің немесе эпикалық қиялдардың жанкүйері болсаңыз, бұл
📕 Book club: Tea Party 🙌 Классикалық романдардың, қызықты детективтердің немесе эпикалық қиялдардың жанкүйері болсаңыз, бұл шай кеші сізге арналған! Book Club сіздерді кітапқұмарлармен байланысуға, жаңа әдеби қазыналарды ашуға және сыбайлас адамдарды табуға шақырады 😉 ❗️Орын саны шектеулі. Tea Party-ге тіркелу үшін осы сілтемеге өтіңіз👉 https://forms.gle/5BXyU771Cm2e815t7 📍Өтетін орны: Кітапхана, 0 қабат. 🕕Күні және уақыты: 29.09, 18:00. Іс-шарада кездескенше, booklovers! ✍️ SDU Media — Камила Жотабаева
664
13
👋 Сәлем! Араларыңызда кешегі Chill out кешіне бармағандар бар ма? 🤔 Сіздер неден құр қалдыңыздар? Кешке «Freshman – 2023»,
👋 Сәлем! Араларыңызда кешегі Chill out кешіне бармағандар бар ма? 🤔 Сіздер неден құр қалдыңыздар? Кешке «Freshman – 2023», стэндапер, СДУ-дағы активитилердің жүргізушісі, 2 курс студенті, Санжар Жүнісов айтпақшы, “Мой братан не тигр, мой братан Арыстан” келді. Арыстан Оспановпен өткен бұл кеш қызықты әрі танымды болды. 👀 Арыстан Оспанов осы жылы «Work&Travel» бағдарламасымен АҚШ-қа барып келді, десе де ол үшін бұл «Work&Travel» емес, «Work&Trouble» болыпты. Неге? Себебі алғашында парк райдері болып жұмысқа кіріп, соңында парк тазалықшысына айналған. 🤑 Жалпы бағдарламаға 4500$ жұмсап, жұмыс арқылы қаражатты 2 есе қайтарып алған. Арыстанның айтуынша, студент ештеңеден қорықпай, 1 курстан кейін бірден бағдарламамен барғаны жөн. Сабақтан кейін сергіп, қонақ пен спикерлердің әңгімесін қызықтағыңыз келсе әр сәрсенбі сайын Chill Out-қа келіңіз. ✍️ SDU Media — А7, Альбина Булатова фото: @by.danialll
513
14
🎤 Damu talks: тіл және таным ▪️Ниет амал үшін бе, амалдар ниет үшін бе? ▪️Қазақ тілінің болашағы қандай? ▪️Ықыласты қайдан т+1
🎤 Damu talks: тіл және таным ▪️Ниет амал үшін бе, амалдар ниет үшін бе? ▪️Қазақ тілінің болашағы қандай? ▪️Ықыласты қайдан табамыз? ▪️Абайды білеміз, бірақ таныта алдық па? ▪️Адамның құндылықтары қандай сипатта болу керек? 👆 Осы және өзге де сұрақтарға бүгінгі Damu Club-қа қонақ боп келген филолог, редактор, аудармашы Арғынбек Құнанбай жауап берді. Семинарда ықылас пен ниет, тіл және таным, ортаның маңыздылығы, рухани даму сияқты түрлі тақырыптар қозғалды. Студенттер тарапынан “Неге инстаграм желісінде кіші әріппен жазғанды ұнатасыз?”, “Күніңізді қалай жоспарлайсыз?”, “Малайзияның Қазақстаннан айырмашылығы бар ма?” және т.с.с қызықты сұрақтар қойылды. 🧠 “Сөздік қордың кеңдігі — сананың кеңдігі. Сондықтан оқуға, білімге құштар болыңыздар және кітапты көп оқыңыздар”, — деп, Арғынбек Құнанбай өзінің семинарын аяқтады. 🧐 Damu Talks-та тағы кімді көргіңіз келеді? SDU Media — Егізбаева Нұрай
581
15
👋 Сәлем, оқырман! ❗SDU FEST-тің атмосферасын тағы бір рет сезіну үшін репортажды көруге асық 👇 https://youtu.be/Mx1n4N5nj_8?si=RPbU7754aJjlWwU2
501
16
😍 SDU FEST суреттері: https://drive.google.com/drive/folders/1zt6Ne-4X1IYyEdiurPL7g9SBkqXht7Sy
😍 SDU FEST суреттері: https://drive.google.com/drive/folders/1zt6Ne-4X1IYyEdiurPL7g9SBkqXht7Sy
638
17
❗️SDU Fest кейінге шегерілді SDU Fest — университетіміздегі клабтарға тіркелу кезеңі мен концерттік бағдарлама 22 қыркүйекке жоспарланған еді. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты бұл іс-шара бір күнге шегерілді. 👉 23 күні (сенбі), сағат — 14:00-де Club fair, ал 17:00-де клабтардың концерттік бағдарламасын тамашалауға келіңіз.
568
18
💆‍♂️ Чилл-чилл бауыр Бүгін Chill out жобасының кезекті шығарылымы өтеді. Қонағымыз — Әліби Ордабек. 🎫 Билеттер саны шектеул
💆‍♂️ Чилл-чилл бауыр Бүгін Chill out жобасының кезекті шығарылымы өтеді. Қонағымыз — Әліби Ордабек. 🎫 Билеттер саны шектеулі, 40 данасы ғана сатылымға шығарылады. Кіру билеттерін сағат 12:00-де Red Coffee маңынан сатып ала аласыз. 💰Бағасы: 500₸ 📍Өтетін орны: Mini Red Hall Қызықты кештен қапы қалмаңыз! ✍️ SDU Media – Әмір Жәнібек
536
19
🏕️ Welcome Picnic: Факультеттер іс-шарасы Кеше Инженерия және Жаратылыстану, Бизнес мектебі, Құқық және Әлеуметтік Ғылымдар факультеттері фрэшмендерге арнап таза ауада демалыс шарасын ұйымдастырды. Инженерия және Жаратылыстану факультетінен барлығы 350-ге жуық студент трипке аттанған. 14 эдвайзер барып, 7 түрлі елге бөлінген (Корея, Өзбекстан, Испания және т.б). Сол елдер бойынша топтар өзара квестке қатысып, қызықты ойындар ойнаған. Ал Бизнес Мектебінен 155 адам іс-шарада белсенділік танытты. Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінен 120-ға жуық студент таудағы демалысқа барған. Студенттер таңғы астан соң бірден түрлі активителерге кірісті және әр ойында өзара жеңімпазды анықтады. 🤑 Инженерия факультетінде квест жеңімпаздарына (1, 2, 3-орындарға) ақшалай сыйлықтар берілген. Бірінші орынға — 50 мың теңге, екінші орынға — 30 мың теңге, ал үшінші орынға — 20 мың теңге. Дәстүрге сай, түскі асқа “Палау” басылды ✨ ❗️Айтпақшы, Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенттер саны көп болғандықтан, әр мамандықтың эдвайзерлері өз тобына жеке-жеке активити істеуге келіскен. Ал сіз бұл шараларға қатыстыңыз ба? ✍️ SDU Media – Әмір Жәнібек
496
20
🌶️ SDU-да жаңа жоба: Chill Out — көрермен таңдауы Кеше университет қабырғасында Chill Out ойын-сауық бағытындағы бағдарлама+2
🌶️ SDU-да жаңа жоба: Chill Out — көрермен таңдауы Кеше университет қабырғасында Chill Out ойын-сауық бағытындағы бағдарлама өтті. “Интеллегентно қу” сынды жоба негізінде жасалған бұл бастаманың алғашқы демо-нұсқасына 60-тан астам адам қонақ болды. Бағдарлама барысы жайлы айтып өтсек, негізгі 4 жүргізуші әрі әзілкештер (Кендірбай Бақдаулет, Аманжол Рақымжан, Өмірзақов Рахым және Жүнісов Санжар) арнайы шақырылған қонақпен әңгіме айтып, көрермендердің немесе қонақтың проблемасына жауап беруге тырысады. Негізгі мақсат — жақсы көңіл-күй сыйлау. Жоба авторы — СДУ Бизнес Мектебінің 2-курс студенті және SDU life мембері, Мәди Хасен. Бұл жобаны ол көптен бері жоспарлаған және апта сайын өткіземін деген ниетте. Айтпақшы, ендігі жаңа шығарылымдар жаңа ғимаратта өтеді деген хабар бар. 🧷 Жоба парақшасы: https://instagram.com/mynda1gapbar?igshid=MzRlODBiNWFlZA== ✍️ SDU Media – Әмір Жәнібек
478