en
Feedback
Хитба және неке💞

Хитба және неке💞

Open in Telegram

Үйленуге/ тұрмысқа шығуға дайындық және қарым-қатынас туралы кеңестер✨ Ер адамдар да тіркеле алады🙌🏻

Show more
553
Subscribers
No data24 hours
+17 days
+730 days
Posts Archive
Нәзіктік, әлсіздік- қызға тән. Қаталдық, батырлық - ерге тән.
Әр қыз қасында қорғайтын, қамқор болатын ер адамы болғанын қалайды. Өйткені, ол оның табиғи болмысы. Нағыз нәзік, ерке ару бола білген қыз өмірде бақытты болады. Әр ер адам қасындағы нәзік қабырғасын қорғағанды, оның жанында мықты болып, бір қадам алда жүргенді қалайды. Себебі, Алла оған сондай жаратылыс берген. Ер адам нағыз ерге тән сипаттарды сіңіргенде бақытты, табысты өмір сүреді.

Алдыңа жүрегімен келіп, адал ниетпен үйленуге ұсыныс білдірген жігіттің көкірегінен итеру — үлкен қателік. Алла Тағала Құранда: «Алланың сендерге берген игілігінен өздеріңді мақрұм етпеңдер» деп ескерткен. Жігіттің жүрегіндегі шынайы сезімді елемеу — Алланың саған берген нығметін теріске шығару. Әр адамға Алланың жазған тағдыры бар. Жақсы ниетпен келген жігітті кері қайтару — тағдырдың сыйын қабылдамау мен пара-пар. Пайғамбарымыз айтқандай: «Алланың нұрына бөленген, жүрегі таза жігітке бірден келісім беру — әйелдің ең көркем ісі». Алдарыңа құдайын таныған, адал мен арамды білетін текті ер келсе Алланың берген нығметін қабылдауға асығыңдар, қыздар! Себебі бақыттың есігін жабу — өкініштің есігін ашу.

Жаман адам болмайды. Жаман сипаттар болады.
Үйленуге дейін екі адамда бір-біріне тек жақсы жақтарын көрсетеді. Көбіне шынайы болмайды. - Бірақ оның шынайы екенін қалай білеміз? - Өзіміз шынайы боламыз. Сіз шынайы болып қателеріңізді жасыруға тырыспасаңыз, олда сізден ештеңе жасырмайды. Хитбада барлық сұрақтарға шын жауап беруге басынан келісу керек. Өтірік айту, жасырып қалу - аманатқа қиянат болады. Сіз айтпай кейін өзі білгеннен, айтып білгені жақсырақ🙌🏻

Алла берген жұбыңызға разы болсаңыз, ешкіммен салыстырмай, кінәламай қабылдасаңыз Алла сізді оған разы етіп қояды, кемшіліктерін көрсетпейді, жақсы жақтарын көрсетеді💗

Адамның өзін басқалармен салыстыруы, өзін кінәлауы дұрыс емес. Сол сияқты әйелін/күйеуін де басқамен салыстыру қате. “Сен ана әйел/күйеу сияқты емессің”, “пәленшенің әйелі/күйеуі сенен күшті, пысық, ақылды” т.б. Бәріміз білетін жұрттың баласы бар. Онымен салыстырған ешкімге ұнамайды. Үйленгеннен кейін жұрттың күйеуі, жұрттың әйелімен өзін салыстыру да адамға ұнамайды.

Тегін гайд осы жерде⬆️⬆️⬆️

Инстаграмда бәрі тек алғанын көрсетеді. Соған сенген көз алу күшті деп ойлайды. Бірақ кейде алғаннан беру күшті екенін ұмытып жатамыз. Өз қалауыңнан оның қалауын жоғары қою, оның бақытты болғанына сенің қуануың - осы шын жүректен бере алудың нәтижесі. Өз ішінде бақытты адам беруге ұялмайды, қысылмайды. Керісінше, бергеніне, басқа адамды бақытты ете алғанына қуанады. ✍🏻 Хитба және неке

Жақында қыздарға арналған подкаст канал аштым. Қарым-қатынасқа қатысты және басқа да тақырыптағы түрлі кеңестер аудио түрінде
Жақында қыздарға арналған подкаст канал аштым. Қарым-қатынасқа қатысты және басқа да тақырыптағы түрлі кеңестер аудио түрінде салынады. Бүгін осы тақырыпты қозғадым. Конфликтты дұрыс шешу, әсіресе ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас туралы. Подкаст каналға доступ алу үшін @aqguli-ге +++ жіберіңіз. Тек қыздар!

Адам жаны алдымен өзі бақытты бола алуы керек. Сен іштей бақытсыз болсаң өміріңе қандай адам келсе де сені бақытты етпейді. Сол сияқты үйленгеннен кейін “бәрі күшті болады” деген иллюзияға сенбеу керек. Ол күштіні өз қолыңмен жасайсың. Махаббатты екі адам жасайды. Тек аламын деп ойласаңыз қателесесіз. Алу үшін беруді үйрену керек. ✍🏻 Хитба және неке

Екі жанның сана биігінде жолығуы - ойлы ашық әңгіме айта алуында. Сана биігінде кездесу үшін сол шыңға алдымен өзің жетуің керек. Ал жету үшін оқу, даму, ізденіс керек. Өзің жетпеген биіктен жартыңды табу қиын.

Кейде бір адамдармен әңгіме айта алмайсың. Не деп сөз бастарыңды білмейсің. Ортада үнсіздік көп болады. Ыңғайсыздық. Тез қоштасып кетіп қалғың кеп тұрады. Бұл ортақ тақырыптың жоқтығынан‼️ Бірақ сіз таңдаған адаммен сіз өмір бойы бірге тұрасыз. Ұнамаса кетіп қала алмайсыз. Сондықтан ол адаммен барынша ашық, еркін бола алғаныңыз маңызды✅

Екі адамды ортақ қызығушылық байланыстырмаса көп өтпей ортадағы сезім азаяды. Арадағы әңгіме, жоспар, болашаққа мақсат бәрі ортақ қызығушылықтан шығады. Сол үшін болашақ жарыңызды таңдарда әңгіме айтатын ортақ тақырыптың көп болуына мән беріңіз✨

басқаның сізге қалай қарым-қатынас жасағанын көрсеңіз ол сіздің өзіңізге солай қарайтыныңызды білдіреді біреу сізді кінәласа, жек көрсе, ренжітсе, ашуланса демек сіз де өзіңізге сол нәрсені жасайсыз. іштей көңіліңіз толмайды. бұдан да күшті болуым керек еді деп жүресіз. ал соны өзгертпейінше, басқалар да сізге деген қарым-қатынасын өзгертпейді.

Арада қандай жағдай болса да (ұрыс, конфликт, реніш) бәрі өткінші екенін ұмытпау керек. Соның бәрін жеңіп шығатын махаббат деген күш. Ол жағымсыз сезімдер кетеді, махаббат қалады.

Отбасылық қарым-қатынаста ең жиі жасау керек 2 нәрсе: 1) жақсы көретініңді айту: сезіміңді жиі білдіріп отыру арада болған кішкентай реніштерді, түсініспеушіліктерді жуып жібереді 2) рахмет айту: әр кішкентай ісі үшін рахмет айта алу - құрметті, сенімді көрсетеді. оның сіз үшін жасап жатқанын білесіз және көрсетесіз.

Гайдты бөлісуге, каналдарға таратуға болмайды‼️ Тек рұқсатпен салсаңыздар!

Гайдтың пайдасы тигеніне қуаныштымын😍🙌🏻
Гайдтың пайдасы тигеніне қуаныштымын😍🙌🏻

Қайырлы күн! Гайдты алған қыздарға арнап жеке парақшамда сұрақтарға талдау жасаймын дегенмін⬇️ https://www.instagram.com/aqgu
Қайырлы күн! Гайдты алған қыздарға арнап жеке парақшамда сұрақтарға талдау жасаймын дегенмін⬇️ https://www.instagram.com/aqguli_private?igsh=dHVkNWN4Ymg3Z2dp&utm_source=qr Тек қыздар ғана запрос жібере алады! Фейк аккаунттар қабылданбайды!‼️

Бұл каналда алдағы уақытта үйлену/хитбаға дайындық т.б тақырыптарда мәліметтер салып отырамын. Сондықтан шығып кетпеңіздер🫂🙂

😁😁😁 +10 сұрақ сыйлыққа 50 сұрақ деп бастағаныммен кейбір сұрақтарды қосу керек болды тақырыпқа бөлген соң🙌🏻
😁😁😁 +10 сұрақ сыйлыққа 50 сұрақ деп бастағаныммен кейбір сұрақтарды қосу керек болды тақырыпқа бөлген соң🙌🏻