en
Feedback
Digital Dala

Digital Dala

Open in Telegram

Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla

Show more
703
Subscribers
No data24 hours
+17 days
-130 days

Data loading in progress...

Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
January '25
January '25
+4
in 0 channels
December '24
+14
in 0 channels
Get PRO
November '24
+36
in 2 channels
Get PRO
October '24
+45
in 1 channels
Get PRO
September '24
+34
in 2 channels
Get PRO
August '24
+18
in 0 channels
Get PRO
July '24
+36
in 0 channels
Get PRO
June '24
+58
in 5 channels
Get PRO
May '24
+632
in 2 channels
Date
Subscriber Growth
Mentions
Channels
09 January+1
08 January0
07 January0
06 January+2
05 January+1
04 January0
03 January0
02 January0
01 January0
Channel Posts
🌎 Компьютерлік желілер: Wi-Fi мен сымдардың сиқыры! Сәлем, достар! 😎 Бүгін біз компьютерлік желілер әлеміне сүңгиміз. Егер
🌎 Компьютерлік желілер: Wi-Fi мен сымдардың сиқыры! Сәлем, достар! 😎 Бүгін біз компьютерлік желілер әлеміне сүңгиміз. Егер сіздің Wi-Fi тек ас үйдің бір бұрышында ұстап, қалған жерде "жоқ болып кететінін" түсінбей жүрсеңіз, немесе "протокол деген полицияның документы емес па ед?" деп бас қатырсаңыз – сіз дұрыс жерге келдіңіз. 😊 🤔 Компьютерлік желі дегеніміз не? Көз алдыңызға елестетіңіз: сізде смартфон, ноутбук, және сол өзі қайнап болмайтын "ақылды" шайнек бар. Осылардың бәрі бір-бірімен мәлімет алмасқысы келеді. Дәл осы кезде желі іске қосылады – ол гаджеттердің байланыс ортасы, бір-бірімен тіл табысуына көмектесетін құрал. 🌐 Неге желілерді түсіну маңызды? 1) Wi-Fi ұстамай қалса, бірден техподдержкаға қоңырау шалмай, өзіңіз шеше аласыз. 2) Интернет неге кейде YouTube-ті қиналмай ашады да, сурет жүктеуге минуттап кететінін түсінесіз. 3) Ең бастысы – кез келген отырыста: "Пинг деген не?" деп сұраса, еш қысылмай жауап бере аласыз! Бұл посттарды оқу барысында не үйренеміз 🤔 — Компьютерлік желілердің негіздері. LAN мен WAN деген не және олардың бізге қатысы қандай? — Интернет қалай жұмыс істейді: кабельдер, серверлер және "интернеттің ішкі асханасы". — Wi-Fi-дің құпиялары. Көрші желісінің сигналы сіздікінен неге мықтырақ 🤔 — Қауіпсіздік: "Санжардың Wi-Fi-ы" сияқты атаулар қауіпсіз бе? (спойлер: жоқ). 🛡 Желі – бұл жай ғана кабельдер емес, ол сіздің үйіңіз бен әлемді байланыстыратын көпір. Алдағы жазбаларда бәрін қарапайым тілмен түсіндіреміз. 💬 Ал әзірге сізге сұрақ: компьютерлік желілер туралы не қызықтырады? Немесе, Wi-Fi-дың қызық оқиғалары болса, бөлісіңіз! 😊 Пост авторы: Нұрбол Молдабай #бағдар #компьютерлік_желі #желі https://t.me/digitaldala

2
Онлайн көрермендерге тікелей эфир👨‍💻
607
3
Достар, Митап 3-қабатта болады Сіздерді асыға күтеміз және кешікпей келуді сұраймыз🫶
Достар, Митап 3-қабатта болады Сіздерді асыға күтеміз және кешікпей келуді сұраймыз🫶
273
4
☄️ Сәлем, достар! Product Owner & Product Manager саласында дамуды қалайтын болсаңыз, MOST IT Hub серіктестігінде ұйымдастыры+5
☄️ Сәлем, достар! Product Owner & Product Manager саласында дамуды қалайтын болсаңыз, MOST IT Hub серіктестігінде ұйымдастырылған шарада білікті мамандарымен кездесіп, пайдалы байланыстар орнатыңыз! 👏 🎙 Спикерлер: СЕРІКБОЛОВ ӘДІЛЕТ 💼 Product Owner, core payments BCC.KZ 🖇 “Жетістікті өлшеу және пайдаланушы тәжірибесін жақсарту” ҚУАНЫШОВА АЙЖАН 💼 Product owner, Tele2, ex. Mycar.kz 🖇 “Бір фича мысалындағы Product Discovery” АУБАКИРОВ АЛМАЗ 💼 Senior Product Manager, Beeline BigData 🖇 “Продукт Менеджмент артефакттары мен Data Driven тәсілі” БЕКТЕМІР АҚТОЛҚЫН 💼 Product Manager, Home Credit Bank 🖇 “Ыңғайлы тіркелу процессі калай Retention-ге әсерін береді” БАҚТЫКЕРЕЙ ЕРҚАНАТ 💼 Product Manager, Amanat JSC 🖇 “Интеграция төңірегіндегі best practice және ондағы Product Manager-дің рөлі” 📅 30.11.2024 13:00 - 17:00 📍 Ходжанова көшесі 2/2, Most IT HUB 💵 Қатысу тегін! 📥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/hjJjroH5UszjHuL67 🔝 Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік! ☄️ Қазақша IT-ді бірге дамытайық! @qazaqtech
328
5
📣 Сәлем, IT мамандары 🔄 Қазақ тіліндегі IT митаптарымызды Most IT HUB серіктестігімен бірге жалғастырамыз Бұл жолы біз «Pro
📣 Сәлем, IT мамандары 🔄 Қазақ тіліндегі IT митаптарымызды Most IT HUB серіктестігімен бірге жалғастырамыз Бұл жолы біз «Product Owner & Product Manager» тақырыбын тереңірек талқылаймыз. Егер сізді осы рөлдер қызықтырып жүрсе, қатысып, өз сұрақтарыңызды қойыңыз ⁉️ 30 қараша, сағат 13:00-де Most IT HUB-та сіздерді күтеміз. Спикерлер жайлы ақпаратты жақында жариялаймыз 💃 🗓 30.11.2024 13:00 - 17:00 📍 Ходжанова көшесі 2/2, Most IT HUB 💵 Қатысу тегін! ✉️ Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/hjJjroH5UszjHuL67 🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік! 🔜 Қазақша IT-ді бірге дамытайық! @qazaqtech
358
6
Достар, киберқауіпсіздік айдарын жалғастырайық 🤓 Киберқауіпсіздік инженері деген кім? Қауіпсіздік инженері (Security Engineer) – ұйымның қауіпсіздік саясатын жетілдіріп, кибершабуылдардан қорғау шараларын енгізетін маман. Күнделікті міндеттері шабуылдарға тұрақты бақылау жасауды, тәуекелдерді басқаруды және оқиғаларға жауап беруді қамтиды. Міндеттеріне қысқаша тоқталсақ 💪: Тәуекелді бағалау және басқару (Risk Assessment and Management) ✔️ Ұйымның жүйелері мен желілері тап болуы мүмкін қауіпсіздік тәуекелдерін (Risk) бағалайды. Олар осалдықтарды (vulnerabilities) анықтап, мүмкін қауіпсіздік оқиғаларының талдап, сол оқиғаларының мүмкін әсерін бағалайды. Қауіпсіздік архитектурасының дизайны ✔️ Компанияның инфрақұрылымын, қолданбаларын және деректерін қорғайтын қауіпсіздік архитектурасын жобалайды, енгізеді және әрі қарай басқарды. Олар файерволдарды, шабуылды анықтау жүйелерін intrusion detection systems, шифрлау әдістері және кіруді басқару элементтері access controls сияқты қауіпсіздік технологияларын таңдайды және конфигурациялайды. Incident Response and Forensics ✔️ Инженерлер инциденттерге жауап беруді жеңілдету үшін логтарды жинау және сақтау технологияларын жобалайды және енгізеді. Бұл жерде инженерлердің жұмысы SOC талдаушыларымен аралас өтеді. Олар оқиғалардың түпкі себептерін зерттейді, залалды анықтайды және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу шараларын жүзеге асырады. Қауіпсіздікті тексеру ✔️ Инженерлер ұйымның қорғанысындағы әлсіз жақтарды анықтау үшін тұрақты қауіпсіздікті бағалау сынақтарын жүргізеді. Бұған осалдықты сканерлеу және кодты шолу code review кіреді. Сондай-ақ тұрақты аудиттер арқылы салалық ережелер мен стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді. ⁉️ Киберқауіпсіздік инженері болу үшін не және қандай техникалық дағдылары болу керек? Киберқауіпсіздік негіздері. Киберқауіпсіздік құрылымдарымен (мысалы, NIST Cyber Security Framework, CIS Controls), стандарттармен және ережелерімен таныс болу керек. ➕ Қауіпсіздік архитектурасы. Киберқауіптерді азайту және деректердің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін желілерді қауіпсіз құру, жүйелерді және қолданбаларды қауіпсіз жобалауды білуіңіз қажет. Желілер, операциялық жүйелер (Windows, Linux), бұлттық платформалар (мысалы, AWS, Azure), дерекқорлар және веб-технологиялар туралы жақсы түсінік болу керек. ➕ Қауіпсіздік операциялары және инциденттермен жұмыс жасау. Қауіпсіздік инциденттері мен осалдықтарға мониторинг жасау, дер кезінде анықтау және оларға жауап беру. Ол үшін SIEM жүйелерімен, қауіп барлау платформаларымен жұмыс істей білу керек. Инциденттерді анықтау, талдау, оқшаулау, жою және қалпына келтіру процедураларында тәжірибе болғаны дұрыс. ➕ Қауіпсіздікті бағалау (Security Assessments). Ұйымның инфрақұрылымындағы әлсіз жақтарды анықтап жою үшін тәуекелдерді бағалауды және осалдықты сканерлеуді жүргізу білу қажет. Тәуекелдерді бағалау әдістемелерін, тәуекелдерді азайту стратегияларын және бизнеске әсер етуді Business impact талдауды білу керек. ➕ Identity and Access Management (IAM). Идентификация, аутентификация механизмдерін басқару және IAM шешімдерін конфигурациялап және басқара алу керек. ➕ Қауіпсіздік құралдары. SIEM платформаларымен (мысалы, Splunk, QRadar), осалдық сканерлерімен, компьютер/сервер қауіпсіздік шешімдерімен және шифрлау технологиялары сияқты қауіпсіздік құралдарымен жұмыс жасай білу керек. ➕ Файеруолл, шабуылды анықтау/алдын алу жүйелері (IDS/IPS), компьютерлер мен серверлерді қорғау, шифрлау және қауіпсіз аутентификация механизмдері сияқты қауіпсіздік құралдары мен технологияларын қолдану, конфигурациялап басқара білу керек. Ал hard skills-тан бөлек, soft skills бойынша қарым-қатынас дағдылары және мәселелерді шешу қабілеттері болса онда сіздің кәсібилігіңізді көрсетеді. Айдардың келесі бөлімінде Detection and Response Engineer (SOC Engneer/Security Analyst) туралы айтамыз. Пост авторы: Mustafa Issabayev #бағдар #ақпараттық_қауіпсіздік https://t.me/digitaldala
333
7
Сәлем, оқырман 👋 Алматы қаласында 25 қыркүйекте Яндекс мұражайы ашылғанын білесіз бе? 😉 Шағын ғана мұражай - цифрлық технол
Сәлем, оқырман 👋 Алматы қаласында 25 қыркүйекте Яндекс мұражайы ашылғанын білесіз бе? 😉 Шағын ғана мұражай - цифрлық технологиялар эволюциясын көрсетеді. 📈 Командамен біз де мұражайға жол тарттық. Технологиялар тарихымен танысып, приставкалы ойындарда ойнап қайттық. Сонымен мұнда не бар ❓ ✔️ Алғашқы приставкалы бейне ойындар эволюциясы: Бала кезіңізде ойнаған болсаңыз ностальгия сезінесіз. Сол жерде Sony PlayStation, Sega Mega Drive секілді приставкаларда ойнап көруге болады. ✔️ Компьютерлік модельдер эволюциясы: Commodore 64, ZX Spectrum, Atari 65XE, Macintosh Performa 630 IBM PC 300GL сынды және тағы да басқа алғашқы компьютер модельдері экспонат ретінде тұр. Сонымен қатар Apple компаниясының алғашқы компьютерлік продукцияларына жеке қатар бар. ✔️ Алиса виртуалды көмекшісі: Алисаны қазақ тілінде әңгімеге тартып қайттық. Қазақшасы біраз жақсырып қалыпты. ✔️ Яндекс Go тамақ тасушы роботы: Роботтың құрылымымен, жүйесімен танысуға болады. ✔️ Яндекс дүкені: Мұражайдан кәдесый сатып алуға болады. Яндекстің белгілері бар киімдер, төсбелгілер, ақылды үйге қажет технологиялар, аксессуар топтамалары сатылымда бар. Көп дүние қазақ тіліне ыңғайланған. 🔝 Шағын ғана мұражайдың алдағы уақытқа жоспарлары көп. Толығырақ білгіңіз келсе, баруға кеңес береміз. Ал біздің экскурсиямыз осында. 🔄 📎 Мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 11/1 🗓 Жұмыс уақыты: күн сайын 10.00-20.00 аралығы https://t.me/digitaldala
409
8
📣 Сүйінші хабарландыру Қазақстандағы 8-11 сынып оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша алғашқы олимпиада болмақ! 🖥 Форматы: Әр командада 3 адамға дейін қатысады. 🗓 Уақыты: Іріктеу кезеңі 10-шы қарашада онлайн форматта өтеді, ал негізгі кезең 24-ші қарашада РФММ-да өтеді. Бұл бағдарламалау, математика және машиналық оқыту салаларында өз күшіңізді сынап көруге тамаша мүмкіндік. Сондықтан талапқа сай келетін іні-қарындастарыңыз болса, бағын сынауға таптырмас іс-шара! 📎 Толық ақпарат 📎 Telegram-дағы қауымдастық Дереккөз
502
9
Жағдайларыңыз қалай, достар? 🫰 Қазір IT нарығында қазақ тілін үйренуге арналған қосымша жасалып жатқанын білесіз бе ⁉️ Жақында осы қосымша туралы естіп, қуанып, қолдау көрсетейік деп шештік 🥳 Қосымшаны осы уақытқа дейін, App Store-дан 3000-ға жуық адам жүктеген 🎉 Айта кетелік, команда бұл жетістікке жарнамасыз, тек органикалық жолмен жеткен 📈 Команданың алдағы уақыттағы жоспарлары 🙂 ✔️ Жылдың соңына дейін Android платформасына қосымшаны шығару. ✔️ Сабақ контентін толықтай дұрыстап, деңгейлерге бөлу. ✔️ Маркетинг стратегиясын қолға алып, әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалау. Жобаны әрі қарай дамыту үшін команда iOS-әзірлеуші іздейді. Қазіргі уақытта жоба демеушісіз екенін ескерткен жөн. Сонымен қатар, егер сіз дизайнер, Android-әзірлеуші, контент жасаушы немесе басқа саланың маманы болсаңыз да өтінім қалдыра аласыздар 🖥 Иә, достар, тіліміздің мәртебесін сапалы жобалармен бірге көтерейік, сондықтан жаңа бастамаға әрбір қолдау маңызды ✉️ Қосымша туралы толығырақ білгіңіз келсе Айтпақшы, қосымша Qpia деп аталады ✨
443
10
Ақпараттық кауіпсіздік мамандығы және оның негізгі бағыттары Сонымен IT қауіпсіздік маманы деген кім ⁉️ IT қауіпсіздік маманы – компаниялар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерін қорғауға жауапты адам. Олар кибершабуылдарды болдырмау, деректерді шифрлау және жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі әдістер мен технологияларды қолданады. Ақпараттық қауіпсіздік – көп қырлы сала, оның әртүрлі бағыттары бар. Осы саладағы негізгі мамандардың бірнеше түріне тоқтала кетейік. Бұл саланың негізгі бағыттар ✔️ Security Engineer: жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі технологиялар мен құралдарды пайдаланады. Олар корпоративтік желілер мен ақпараттық жүйелерге және басқа инфрақұрылым элементтерін қорғау рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын енгізеді. ✔️ Pentester (Пентестер немесе этикалық хакер): ұйымның қорғаныс жүйелерінің осал тұстарын табу үшін жүйелердің қауіпсіздігін тұрақты түрде тексеріп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Олардың мақсаты – кибершабуылшылар кіре алатын осалдықтарды бірінші анықтап, оларды түзету. Кибершабуылдардың алдын алу шараларын жасайды. ✔️ Detection and Response Engineer (SOC Engneer/Security Analyst): жүйеде қауіптерді анықтап, оларға жылдам жауап беру шараларын ұйымдастырады. Олар инциденттерге әрекет етумен қатар, шабуылдарды ерте анықтау құралдарын (SIEM, EDR) қолданады. ✔️ Information Security Manager (Ақпараттық қауіпсіздік менеджері): ұйымдағы ақпараттық қауіпсіздік саясатын құрастырып, оны жүзеге асыруға жауапты. Олар команда жұмысын үйлестіріп, қауіпсіздік стратегиясын жоспарлайды және қауіптерді басқаруға қатысады. Компания ішіндегі қауіпсіздік стандарттарын жасап, әр қызметкердің ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді. Киберқауіпсіздік ережелері бойынша тренингтер өткізіп, ұйым ішінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады. ✔️ Cloud Security Engineer & DevSecOps Engineer: Бұл екі рөл қазіргі заманғы компаниялар үшін маңызды, себебі олардың көпшілігі бұлттық қызметтерді және DevOps процестерін қолданады. Cloud Security Engineer – бұлттық ортадағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін маман. Олар бұлтты қызметтерді (AWS, Azure, GCP) пайдаланып, деректердің қауіпсіздігін сақтайды. DevSecOps Engineer – DevOps процестеріне қауіпсіздік шараларын енгізетін маман. Қолданба жасаудағы автоматтандыру құралдары мен қауіпсіздік ережелерін бір уақытта қолданып, қауіпсіздікті бағдарламалау процесінің ажырамас бөлігі етеді. ✔️ Application Security Engineer: Қолданбаларды жасау кезінде олардың қауіпсіздігіне жауапты мамандар. Қосымшалардағы кодтарды талдап, осалдықтарын тауып, оларды жөндеу үшін жұмыс істейді. Осы бағыттардың әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленгенімен, түптеп келгенде барлығының мақсаты бір – ұйымның мәліметтері мен жүйелерін кибершабуылдардан қорғау. Бұл мамандар әртүрлі құралдарды, әдістерді және технологияларды қолданып, ұйымдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бірлесе жұмыс істейді. Айдардың келесі бөлімінде ақпараттық қауіпсіздік мамандарына қажетті негізгі дағдылар туралы айтамыз. 🧑‍💻 Оқығандарыңызға рахмет және пікір қалдыруды ұмытпаңыздар ✉️ Пост авторы: Mustafa Issabayev #бағдар #ақпараттық_қауіпсіздік https://t.me/digitaldala
383
11
Сәлем, әлем 👋 Аздап демалып алған болсақ, посттар желісін жалғастырайық 🥵
Сәлем, әлем 👋 Аздап демалып алған болсақ, посттар желісін жалғастырайық 🥵
291
12
+5
Cәлем, әлем 🫰 Сіздердің сұрауларыңызбен 12 қазан күні өткен митаптың презентациялары 🚀 Келесі митаптың қай бағытта болғанын қалайсыз? Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар 👏 Митап туралы фидбэкті төменге қалдырып кетіңіз 💌 @qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді IT-ды сапалы түрде қазақшаландыруға шақырамыз ❤️
863
13
Сәлем, достар 👋🏻 Бүгінгі митапты @digitaldala youtube арнасында тікелей эфирде тамашалай аласыздар. https://www.youtube.com/live/FrvsDdkJS1M?si=h3173ULuoa48y8u0
466
14
⚠️Cәлем, достар! Backend және Web әзірлеу саласындағы кездесуіміздің уақыт кестесін назарларыңызға ұсынамыз! 🔜 12:45-13:00 Жиналу уақыты 13:00-13:25 💭 АЙТАНОВА АҚЕРКЕ Software Engineer, ex. Home Credit Bank 📎 “Микросервис шешім емес. Микросервистік мінсіз өмірдің антиутопиясы.” 13:25-13:50 💭 ТАСЫБЕКОВ ДИМАШ Frontend Developer, Halyk bank 📎 “Javascript браузерде қалай жұмыс жасайды? Event Loop, Microtask, Macrotask.” 13:50-14:15 💭 ӘДІЛҚЫЗЫ ЖАҢЫЛ Java Developer, Tele2/Altel 📎 “2 ақпараттық жүйе арасындағы интерграция жасаудағы менің 5 қателігім” 14:15-14:40 💭 ӨТЕҒАЛИ АСЫЛХАН Backend developer, Aviata 📎 “Шифрланған деректердің ішінен іздеу алгоритмі” 14:40-15:05 💭 РАҚЫМ СӘБИТ Software Engineer, Elixirator 📎 “Elixir мен Phoenix-тің продакшндағы қолданысы” 15:05-15:30 💭 АБДУЛЛА ӘЙГЕРІМ Backend Developer, Jusan Bank 📎 “Күйзеліссіз релиз: Feature Flag - жүйені тоқтатпай жаңарту шығаруға мүмкіндік” ⌛ 15:30-17:00 Нетворкинг, сұрақ-жауап уақыты 🎤 Кездесу модераторы: Бекзат Тұраров Data Analyst, КМФ 🗓 12.10.2024 13:00 - 17:00 📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы 🔒 Қатысу тегін! 🖥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8 🔝 @qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! 🎉 Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
757
15
типа так
1
16
💥 Cәлем, достар! Backend және Web әзірлеу саласының мамандарымен танысып, олардың тәжірибесі мен инсайттарын тыңдауға келіңі+5
💥 Cәлем, достар! Backend және Web әзірлеу саласының мамандарымен танысып, олардың тәжірибесі мен инсайттарын тыңдауға келіңіздер ‼️ 🔈 Спикерлер: 💭 ТАСЫБЕКОВ ДИМАШ Frontend Developer, Halyk bank 📎 “Javascript браузерде қалай жұмыс жасайды? Event Loop, Microtask, Macrotask.” 💭 АЙТАНОВА АҚЕРКЕ Software Engineer, ex. Home Credit Bank 📎 “Микросервис шешім емес. Микросервистік мінсіз өмірдің антиутопиясы.” 💭 ӨТЕҒАЛИ АСЫЛХАН Backend developer, Aviata 📎 “Шифрланған деректердің ішінен іздеу алгоритмі” 💭 ӘДІЛҚЫЗЫ ЖАҢЫЛ Java Developer, Tele2 📎 “2 ақпараттық жүйе арасындағы интерграция жасаудағы менің 5 қателігім” 💭 РАҚЫМ СӘБИТ Software Engineer, Elixirator 📎 “Elixir мен Phoenix-тің продакшндағы қолданысы” 💭 АБДУЛЛА ӘЙГЕРІМ Backend Developer, Jusan Bank 📎 “Күйзеліссіз релиз: Feature Flag-тар - жүйені тоқтатпай жаңартуларды шығаруға мүмкіндік” 🎤 Кездесу модераторы: Бекзат Тұраров Data Analyst, КМФ 🗓 12.10.2024 13:00 - 17:00 📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы 🔒 Қатысу тегін! 🖥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8 🔝 @qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! 🎉 Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
478
17
Тестілеушіден QA инженеріне дейін Сәлем, оқырман! 👋 Интернет домбырасын еске түсірейікші. Сондағы домбыраның құлағын тестіле
Тестілеушіден QA инженеріне дейін Сәлем, оқырман! 👋 Интернет домбырасын еске түсірейікші. Сондағы домбыраның құлағын тестілеу мамандары деп алдық, себебі құлағы оның үнінің дұрыс шығуын қадағалап, керек дыбыс шықпаса бұрайды. Домбыраның құлағы қаншалықты маңызды болса, IT саласында да әзірлеушілердің жұмысын тексеретін QA мамандары соншалықты маңызды. «QA», «QC», немесе «тестілеу» терминдерін естігенде тек IT саласын елестетуіңіз мүмкін, бірақ бұл ұғымдар бастапқыда өндіріс пен қызмет көрсету салаларынан шыққанын білдіңіз бе? ⁉️ Орта ғасырлардан бастап сапаны қамтамасыз ету, әсіресе өнеркәсіптік революция кезеңінде, еңбек бөлінісі мен мамандандырылған бақылау жүйелерінің пайда болуымен дамыды. Бүгінде сапаны қамтамасыз ету әрбір салада маңызды рөл атқарады, соның бірі - IT индустриясы. Ал енді негізгі ұғымдарға тоқталайық: 🟢 QA (Quality Assurance) – бұл процестерді бақылауға бағытталған жоғары деңгей. Ол қателердің алдын алу үшін бүкіл команданың жұмысын үйлестіреді, процестерді орнатып, өнімді тексеруді ұйымдастырады. 🟢 QC (Quality Control) – QA бөлімі, сапаны бақылауға жауапты. Ол өнімнің талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тексеруге бағытталған (верификация). Егер осы ұғымдарды толығырақ түсінгіңіз келсе тестілеу маманы Али Ахметов жазған мына мақалада мейрамхана мысалы арқылы QA, QC, тестілеу үдерістерінің қалай жұмыс істейтіні ҚАЗАҚША түсіндірілген. 🔝 Интернет домбырасы туралы толығырақ 🖥 #бағдар #QA #тестілеу Арнамызды оқи жүріңіздер 🤓 https://t.me/digitaldala
572
18
Сәлем, IT мамандары!👋 📣Қазақ тілді митаптарымыз жалғасуда, бұл жолы жаңа тақырыпты талқылаймыз! 💥Келесі митаптың тақырыбы
Сәлем, IT мамандары!👋 📣Қазақ тілді митаптарымыз жалғасуда, бұл жолы жаңа тақырыпты талқылаймыз! 💥Келесі митаптың тақырыбы – «Backend және Web Әзірлеу»! Веб және серверлік бағдарламалаудың қыр-сырын білгіңіз келсе, осы шараны жіберіп алмаңыз! 🗓12 қазанда, сағат 13:00-де AlmaU университетінде сіздерді күтеміз. Спикерлер жайлы ақпаратты жақында жариялаймыз. 📅12.10.2024 13:00 - 17:00 📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы 💵 Қатысу тегін! 📥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8 🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік! ☄️ Қазақша IT-ді бірге дамытайық! @qazaqtech
384
19
"Ақпараттық кауіпсіздік деген не?" тақырыбына бірге тоқталайық. 🤓 Ақпараттық технологиялар дамыған сайын, соған сай киберқауіптер де артып келеді. Сондықтан IT қауіпсіздік саласындағы мамандардың рөлі бұрынғыдан да маңызды. Оның негізгі принципі – CIA Triade жайлы айтып көрелік. 💬 Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттық жүйелер мен деректердің құпиялығын, бүтіндігін және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар мен технологиялар жиынтығы. Деректер мен ақпараттық жүйелер қауіпсіз болып саналуы үшін, CIA Triade деп аталатын үш принцип сақталуы керек. Олар: 1️⃣ Confidentiality (Құпиялылық): Деректерге немесе ақпараттык жүйелерге рұқсат етілмеген адамдардың қол жеткізуін шектеу. Confidentiality бұзудың көптеген жолдары бар. Оларға тікелей шабуыл (hacking attack), фишинг арқылы қол жеткізу немесе желіні тыңдау арқылы (Man-in-the-middle attack) кіреді. Осындай шабуылдарды болдырмау үшін деректерді шифрлау, көп факторлы аутентификация (MFA) және access control сияқты іс шаралар мен технологиялар қолданылады. 2️⃣ Integrity (Бүтіндік): Деректердің өзгеріссіз сақталуын қамтамасыз ету. Деректерге ешбір рұқсатсыз өзгеріс енгізілмеуі керек. Тіпті өзгертілген жағдайдың өзінде, оның кіммен және қашан өзгертілгені анықталуы қажет. Бүтіндікті бұзудың мысалдары ретінде файл конфигурацияларын өзгертілуі немесе деректер базасындағы мәліметтерді өзгертуді айтуға болады. Деректердің тұтастығын қорғау үшін көбінесе хэштеу, шифрлау, цифрлық сертификаттар немесе қолтаңбалар пайдаланылады. 3️⃣ Availability (Қолжетімділік): Деректерге рұқсат етілген тұлғалардың керек кезінде қол жеткізуі мүмкіндігін қамтамасыз ету. Деректер құпия және оның тұтастығы сақтағанымен де, олар қолжетімсіз болса, онда олардан пайда жоқ. Сол себепті жүйелер үздіксіз жұмыс істеп, қажетті мәліметтер әрқашан қолжетімді болу керек. Мұны қамтамасыз ету үшін резервті желілер мен серверлер, (DoS) шабуылдарына қарсы құралдар мен сақтық көшірмелер (backup) көмектеседі. Келесі посттарда әр принципке тереңірек тоқталып, оларды қамтамасыз етуге бағытталған әрбір шара мен технологиялар жайлы айтамыз! Жіберіп алмаңыз. 🫰 #бағдар #ақпараттық_қауіпсіздік https://t.me/digitaldala Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👌
421
20
Сәлем, әлем 👋 Арнамызда бағдар бойынша жаңа рубрика және сіздермен байланыста Мұстафа Исабаев 📞
Сәлем, әлем 👋 Арнамызда бағдар бойынша жаңа рубрика және сіздермен байланыста Мұстафа Исабаев 📞
363