cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Digital Dala

Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla

Mostrar más
Kazajistán5 766Kazajo2 351La categoría no está especificada
Publicaciones publicitarias
648
Suscriptores
+424 horas
+107 días
+4530 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Photo unavailableShow in Telegram
Бәріне сәлем 👋 Сіздермен видео ойындар туралы сөз қозғайық. 🙌 Кемінде бір рет ұялы телефонға немесе компьютерге жүктеп, ойын ойнаған боларсыздар? “Сол ойындар қалай жасалады? Шығу тарихы қандай? Бір ойын жасауға қанша адам еңбектенеді? Жалпы қанша уақыт кетеді?” деген ойлар сіздерді мазалап па еді? ✍️ Әлемдегі ең алғашқы компьютер ойыны 1958 жылы 18 қазанда американың физик ғалымы Уильям Хигинботаммен ұсынылған. Қазіргі уақытта ойын жасауға арналған ең мықты 2 қозғалтқыш бар: Unity және Unreal Engine. 💡 Көптеген жасөспірімдер ойын ойнағанды, стримде видео ойыншылардың ойнағанын қарағанды жақсы көреді. Сөйтіп өздері де ойын құрастырушысы болуды армандайды. Құрастыруға кіріспес бұрын алдымен ойынның идеясын ойластырып, қандай болатынын, картасын сызып алу керек. Сосын “ойынның әр бөлімінің толық сипаттамасы, қандай бөліктерден тұрады, қандай жанрда болады, қолданушыға сіздің негізгі жеткізетін ойыңыз қандай?” деген сұрақтарға жауап беру қажет. ❓ Жаңа бір қосымша жүктеп алып, оны қалай ойнауды, не істеу керектігін сіз қалай түсінесіз? Қандай анықтамалар бар? Соның барлығы қолданушыға бірден кірген уақытта түсінікті етіп жасау ойын құрастырушысының мақсаты болу тиіс. Мысалға, тек бір Үндістанда күніне 3000 ойын жарыққа шығады, яғни бәсекелестік жоғары. Ойынның әрбір бөлігі тіптен бір кішкене тастың өзін модельдеу керек. Егер ауқымды жоба болса, онда көптеген адамдардың жұмыла жұмыс істеуін талап етеді, ал үнді-құрастырушылары әдетте кішірек жобалар жасағанда ол жұмыстың барлығын өздері атқарады. Мысалы, бөлшектердің өзін модельдеу үшін сіз Blender немесе Maya 3D сияқты бағдарламаларды білуіңіз керек. Яғни, сіз тек құрастырушы емес дизайнерлік, модельерлікте қабілетіңіз болғаны абзал. 📌 Танымал Star Wars, Tekken7, Witcher3, S.T.A.L.K.E.R.2 сияқты ойындар Unreal Engine қозғалтқышында жазылған. ⭐️ Жалпы ойын жасаудың 2 түрлі тәсілі бар: программалау тілі С++ арқылы және мүлде код жазусыз, Blueprint-тарды қолдану арқылы. 1️⃣Код жазбай-ақ ойын құрастыру жақсы естілгенімен, алдымен оның ішінде блоктарды бір-бірімен қалай байланыстыруды үйрену керек. Мысалы, ойыныңызда басты кейіпкерге бір әрекет беру үшін С++ функция жазсаңыз, бұл жерде сіз ішкі қосымшада көптеген блоктарды бір-бірімен байланыстыруыңыз керек. ✅ 2️⃣ Unreal Engine түрлі кітапханаларға, тегін ассеттерге өте бай. Негізгі шығару компаниясы Epic Game кітапханасы болғандықтан олар өзінің көптеген ресурстарын қозғалқышта тегін алу мүмкіндігін қосқан. 3️⃣ дизайнға арналған артықшылығы. Егер сіз масштабты немесе жалғыз өзіңіз визуалға фокус қойып ойын жасаймын десеңіз, онда Unreal Engine сізге тура келеді. Себебі компания өзінің жобасын жылдан-жылға түрлі ресуртарға көбейтіп ,жаңартуда. Әсіресе, Unreal Engine 5 бөлімі түрлі анимациялар мен редакторларға бай. Қозғатлқышта 2Д, 3Д ойындар жасауға болады. ✍️ Келесіде екінші қозғалтқыш Unity туралы сөз қозғайтын боламыз… 🫰
Mostrar todo...
8🔥 8🐳 2🎄 1
Біздегі подкасттар айдары жаңа леппен қайта келді. ⚡️ Эпизод тақырыбы: Кәсіпкерліктің жол картасы: дәстүрлі бизнестен стартап әлеміне Осы жолғы қонағымыз ерекше және түсірілім барысында да команда мүшелерін өзінің тәжірибесімен таңқалдырып, шабыттандырумен болды. Бұл подкасттың қонағы - көп жылдық, ең бастысы табысты тәжірибесі бар кәсіпкер Айдос Телжан. «Rumi Group» кофаундері, Antler инкубаторының түлегі сіздермен дәстүрлі бизнес пен стартаптың айырмашылығы, бизнес майндсет, оны қалай IT бағытымен байланыстыру секілді және тағы да басқа акуталды және қызықты тақырыптар туралы ой бөліседі. Айта кетелік, Antler инкубаторы - Остин, Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Стокгольм, Бангалор, Джакарта, Сингапур, Сеул, Токио және Сиднейді қоса алғанда, алты континенттегі 27 қалада кеңсесі бар әлемдік деңгейдегі стартап инкубаторы. Қонағымыздың бұл тәжірибесі өте құнды ақпарат деп санаймыз, сондықтан подкастты жіберіп алмаңыздар! Подкаст жүргізушісі: 🎤 Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert Төменде подкаст таймкоды: ⌛ 0:00 Кіріспе 1:59 Айдос Телжанмен танысу 3:40 Айдостың ең алғашқы жобасы және кәсіп бастамасы 6:53 “Rumi” идеясының пайда болуы 9:50 “Rumi” ресторанының ашылуы, алғашқы сауда туралы 11:45 Бизнес нюанстары 12:50 “Rumi” бизнесінің дамуы, қазіргі жағдайы 15:03 Бизнесте қандай қиыншылық бар? 16:00 Бизнестің өзін ақтау уақыты 18:37 Айдостың “Tech” сферасына өту себебі 21:30 Стартапқа идея таңдау 28:20 Инкубатор мен акселераторлық бағдарламалардың айырмашылығы қандай? 30:15 Антлер бағдарламасы жайлы 31:51 Неліктен Антлер? 32:52 Антлер бағдарламасының шарттары қандай? 35:05 Бағдарлама тарапынан болған көмектер, қолдаулар 36:36 Бағдарламаға қатысу үшін идеямен бару керек пе? 37:59 PaySaction стартапы туралы 40:50 Қазақстан мен Сингапурлық нарықтың басты айырмашылықтары 44:10 Шетелге Қазақстандық стартаптарды шығару 45:12 Серіктестер таңдаудағы басты прициптер 48:05 Идеяны тексеру туралы 51:53 Бизнес бастау үшін керекті қабілеттер мен қасиеттер 53:26 Жастардың энергия мәселесі 54:43 Телефон - нығмет, ал ізденіп зерттеу қазіргі заманные ең басты қабілеті 55:22 Кәcіпкерлік жолдағы қателіктер, және олардан алған сабақтар 57:47 Қазақтарда бейімділік (adaptability) төменде ма? 59:26 Antler-ден алған ең үлкен инсайт 01:01:01 Antler-дегі қазақтардың басқа елдерден ерекшелігі 01:02:08 Инвестиция алу үшін не істеу керек? 01:05:51 Antler-ден бөлек акселераторлар 01:07:10 Кәсіпкерлерге және кәсіп бастағысы келген жандарға кеңес 01:14:03 Көрермендерге тілек - мақсаттың жоғары болуы жайлы Подкастқа сілтеме 📺 YouTube арнамызға тіркеліп, өз ойларыңызды жазып, пайдалы болса кез келген әлеуметтік желіде белгілеп инсайттарыңызбен бөлісе отырыңыздар! 🤝
Mostrar todo...
Digital Dala #3

🔥 9 1🕊 1🐳 1
Photo unavailableShow in Telegram
UI/UX әлемінен тағы бір сәлем 😊 Қалайсыздар, қазақ IT әлемінің жанашыр қауымы? 😍 Дизайн туралы әңгімемізді жалғастырайық. Олардың да өздерінің ережелері, қағидалары бар дейді. Олар қандай екен? 🤔 UX/UI дизайнының да басқа салалар секілді өзінің құндылықтары бар. Олардың ішіндегі ең бастысы: user-friendly принципі, яғни пайдаланушы үшін мүмкіндігінше ыңғайлы интерфейс құру, оларға ең жақын дос болу. 🤗 UX дизайны контекстінде бұл интерфейс түсінікті, ыңғайлы және пайдалану оңай болуы керек дегенді білдіреді. Бұл, әсіресе, өнімнің белгілі бір мақсатты аудиториясы үшін өте маңызды - пайдаланушылар оны оңай түсініп, өзара әрекеттесуі керек. ✅ Дизайнның UI бөлігінде көзге жағымды көрініс пен қолдау - негізгі аспектілер болып табылады. UI интерфейстегі маңызды сәттерді бөліп көрсетіп, ақпаратты түсінікті және жеңіл оқылатындай қолайлы етуі керек. Сондай-ақ, UI-дың да user-friendly болуы маңызды. Мәселен, мәтін оңай оқылуы керек, ал стиль пайдаланушыға қолдау көрсетіп, бетті толық шарлап, түсінуге көмектеседі. Бұл өнімді пайдалану кезінде пайдаланушының өзін жайлы және сенімді сезінуін қамтамасыз етеді 💻 Ал жақсы, қолыңызда бір шаруа, бір жоба бар делік. Оның дизайнын жасаудың ең тиімді әдісі қандай? 🤔 Біріншіден, бұл жобаның шын мәнінде не үшін жасалғанын түсінуі керек. Яғни, оның мақсаттары қандай? Сату ма, оқыту ма, ақпарат жеткізу ме, ойын жасау ма - соны біліп алып, есте ұстау керек. Өзіңізге "Бұның бизнеске қандай пайдасы тиеді?" деген сұрақты қойыңыз. Әрі қарай, адамдар үшін шешілетін қиындықты түсіну. Өзіңізге "Жасағаным қандай мәселені қамтиды және оны қалай шешеді?" деген сұрақты қойып көріңіз. Осылайша сіз аудиторияңызға не керегін түсініп, оларға ең жағымды, ең ұнамды өнім жасап шығара аласыз. 🥳 #uiux #bagdar #design #ui #ux
Mostrar todo...
6🔥 4 1🕊 1🥱 1🐳 1
Photo unavailableShow in Telegram
Кеш жарық, достар👋 Бүгін біз мүмкіндіктер айдарында IT мамандарының инстаграмына айналған әлеуметтік желі LinkedIn жайлы бірнеше бөлімге бөліп сөз қозғаймыз, кетті пе? 1-бөлім: 1) Жалпы ең басты нәрсе - мақсатты айқындап алу✍️ LinkedIn сізге неге керек деген сұраққа жауап беру. Егер де бұл сұрақтың жауабы, әріптестермен нетворкинг құру, соңғы жаңалықтардан бірінші хабардар болу немесе жұмыс табуға/ұсынуға керек десеңіз, онда пост сізге арналады.🥤 - Ең бірінші кезекте назар аударатын тұс - профильдің дұрыс толтырылуы. LinkedIn-де индексация маңызды, себебі сол арқылы сіздің профиліңіз сұрауларда көрінеді. Кез келген ақпаратты қоспас бұрын, мына сұрақтарды өзіңізден сұраңыз:❓ - Мен қосайын деп жатқан ақпарат жұмыс табуыма қалай көмектеседі? Мәселен, сіз оған дейін әртүрлі салада жұмыс атқарсаңыз, топтап қойыңыз. Барынша іздеп жатқан позицияға сай қабілеттер мен жетістіктеріңізді жазуға тырысыңыз. Неғұрлым айқын болса, соғұрлым жұмысты тезірек табуға мүмкіндік көп. 🔎 2) Профильді сауатты толтыру✍️ Headline немесе Title деп аталатын бөлік ең маңызды. Себебі, сол арқылы сіз өзгелерге ұсыныс ретінде шығып тұрасыз, сонымен қатар рекрутерлер хедлайндағы кілт сөз арқылы сізді таба алады. Ендеше, онда не болу керек? - Профильдің ең «индекстелген» бөлігі болғандықтан мұнда сіз өз позицияңызды көрсетуіңіз керек, бұл бөлімді жұмысыңыздағы дәрежелермен, стэкпен т.б. толықтыра аласыз.🧐 Мысалы: X компаниясының фронтэнд бағдарламаушысы, бұрынғы компаниялар туралы, ex Kaspi, ex Yandex және т.б деп көрсетңіз де болады. Толық мысал: 🤓 Пәленшиев Түгенше Senior Product Manager @HyperAuditor | ex-Google, ex-Vk; - Егер сізде бірнеше рөлдер болса немесе қайсысында басым фокус екеніне сенімді болмасаңыз, оны LinkedIn-де іздеп көріңіз, сізді сол позициялар қызықтырады ма? Қай позиция қызықтырады, соны бірінші жазған дұрыс; 🥇 3) LinkedIn-нің түйіндемеден айырмашылығы профиль фотосуретті қосуды талап етеді. Түріңіз анық көрінетін, қарапайым фондағы кәсіби фотоны таңдаған абзал; 🤓 - Профильге қысқа сілтеме жасап, оны түйіндемеңізге қосуды ұмытпаңыз.💡 (жалғасы келесі посттарда)
Mostrar todo...
6 4🕊 3🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
Кеш жарық, достар! Бүгін біз мүмкіндіктер айдарында IT мамандарының инстаграмына айналған әлеуметтік желі LinkedIn жайлы бірнеше бөлімге бөліп сөз қозғаймыз, кетті пе? 1-бөлім: 1) Жалпы ең басты нәрсе - мақсатты айқындап алу. LinkedIn сізге неге керек деген сұраққа жауап беру. Егер де бұл сұрақтың жауабы, әріптестермен нетворкинг құру, соңғы жаңалықтардан бірінші хабардар болу немесе жұмыс табуға/ұсынуға керек десеңіз, онда пост сізге арналады. - Ең бірінші кезекте назар аударатын тұс - профильдің дұрыс толтырылуы. LinkedIn-де индексация маңызды, себебі сол арқылы сіздің профиліңіз сұрауларда көрінеді. Кез келген ақпаратты қоспас бұрын, өзіңізден мына сұрақтарды өзіңізден сұраңыз: - Мен қосайын деп жатқан ақпарат жұмыс табуыма қалай көмектеседі? Мәселен, сіз оған дейін әртүрлі салада жұмыс атқарсаңыз, топтап қойыңыз. Барынша іздеп жатқан позицияға сай қабілеттер мен жетістіктеріңізді жазуға тырысыңыз. Неғұрлым айқын болса, соғұрлым жұмысты тезірек табуға мүмкіндік көп. 2) Профильді сауатты толтыру. Headline немесе Title деп аталатын бөлік ең маңызды. Себебі, сол арқылы сіз өзгелерге ұсыныс ретінде шығып тұрасыз, сонымен қатар рекрутерлер хедлайндағы кілт сөз арқылы сізді таба алады. Ендеше, онда не болу керек? - Профильдің ең «индекстелген» бөлігі болғандықтан мұнда сіз өз позицияңызды көрсетуіңіз керек, бұл бөлімді жұмысыңыздағы дәрежелермен, стэкпен т.б. толықтыра аласыз. Мысалы: X компаниясының фронтэнд бағдарламаушысы, бұрынғы компаниялар туралы, ex Google, ex Yandex және т.б деп көрсетсңіз де болады. Толық мысал: Пәленшиев Түгенше Senior Product Manager @HyperAuditor | ex-Google, ex-Vk; - Егер сізде бірнеше рөлдер болса немесе қайсысында басым фокус екеніне сенімді болмасаңыз, оны LinkedIn-де іздеп көріңіз, сізді сол позициялар қызықтырады ма? Қай позиция қызықтырады, соны бірінші жазған дұрыс; 3) LinkedIn-нің түйіндемеден айырмашылығы профиль фотосуретті қосуды талап етеді. Түріңіз анық көрінетін, қарапайым фондағы кәсіби фотоны таңдаған абзал; - Профильге қысқа сілтеме жасап, оны түйіндемеңізге қосуды ұмытпаңыз. (жалғасы келесі посттарда)
Mostrar todo...
Кеш жарық, достар! 👋 Сіздердің сұрауларыңыз бойынша Qazaq Tech Meetup-пен Digital Dala бірге жасаған «Жасанды интеллект және машинаны үйрету» жайлы болған митабымыздағы баяндамалар жинағы. ✍️ Сіздерге пайдалы болады деп сенеміз, біз туралы бөлісіп отырыңыздар! Митаптан қандай инсайт алдыңыздар❓
Mostrar todo...
Zharmagambetov_Arman_qaztech_digitaldala.pdf12.25 MB
Ikram_Gaini_qaztech_digitaldala.pdf9.56 KB
Toktaganov_Adilkhan_qaztech_digitaldala.pdf5.22 MB
Amrin_Aidar_qaztech_digitaldala.pdf5.61 MB
Zharkynbek_Temirlan_qaztech_digitaldala.pdf2.34 MB
🔥 8🕊 3👍 2👏 1
00:08
Video unavailableShow in Telegram
Құрметті оқырмандар! Біздің Digital Dala медиа ресурс ұйымы өзінің веб-сайтын іске қосқанын қуана хабарлаймыз. Енді сіз біздің медиа ресурсымызға қатысты маңызды ақпаратқа, жаңалықтарға және ресурстарға ыңғайлы және заманауи форматта оңай қол жеткізе аласыз. Сіз жаңа сайттан таба аласыз: - Өзекті жаңалықтар мен оқиғалар; - Подкасттар; - Бағдарлар; - Пайдалы ресурстар; - Авторлар жайлы ақпарат; Сізді біздің сайтқа кіруге шақырамыз: https://digitaldala.kz Әзірше, Tilda деген конструкторының көмегімен сайт жасалынған, бірақ жақын арада толық қанды платформа ретінде жасауды ниеттеніп отырмыз, сол үшін командаға бағдарламаушыларды және көмек бергісі келетін жандардың бәрін күтеміз. Бүкіл қазақша авторлардың посттары бір жерде сақталуына, және бүкіл tech жайлы ақпарат бір платформа болсын деген мақсатпен жасап жатырмыз. Қазақша жазатын авторларға осы постты жіберсеңіздер немесе осы посттың астында белгілеп өтсеңіздер ⭐️
Mostrar todo...
IMG_0029.mp44.27 MB
👍 11 5💯 2🕊 1
Photo unavailableShow in Telegram
Барлықтарыңызға біздің Qazaq Meetup-пен бірге жасаған «Жасанды интеллект және машинаны үйрету» кездесуімізде болғандарыңызға алғысымызды білдіреміз 🫰 Митабымызды Әділхан AutoML жайлы бастап күшті ойлармен, және құралдармен бөлісті, сосын Темірлан Металлургия саласындағы қандай қызықты кейсттар болғанымен бөлісіп қалай оны шешіп өздерінің стартабын бастағаны жайлы айтып өтті. Біздің митабымыздың гүлі Ғайни жасанды деректерді неліктен және қалай қолдану жайлы ақпаратпен бөлісіп, жақсы сұрақ қойған тыңдаушыға сыйлығын ұсынды. Ары қарай келесі қызық тақырып ол - МЛды қалай Медицинада инсультты анықтауға қолданатын жайлы Айдар қызықты түрде айтып берді. Кездесуіміздің хедлайнері - Арман LLM Модельінің қыр сырын ашып талдап көрсетті, осында нотада бәрі қызықты да керемет өткен сияқты. 😏 Инстаграм парақшымызда екі эфир сақталып тұр, қарап көрсеңіздер болады 🤩 Және қалай өткенін көргіңіз келсе, бәрі хайлайстта жиналып тұр ✌️
Mostrar todo...
❤‍🔥 9🔥 5 1👏 1
13:20-да бастаймыз 👌
Mostrar todo...
Бізде техникалық ақаулардан, эфир инстаграмда өтетін болады: https://www.instagram.com/digitaldala?igsh=ODN1M25mbG05azNu&utm_source=qr
Mostrar todo...
👍 2😢 1👌 1
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.