Abylaikhan Nurlanuly📚
Open in Telegram
2 150
Subscribers
No data24 hours
-27 days
-1630 days
Posts Archive
Бірде сахабалар арасынан бір адам тұрып:
“Көп дұға етейік” депті. Сонда Алла елшісі ﷺ :
“Алла одан да көбірек…” деп жауап берген екен. (Хадис. Тирмизи)
Яғни, “Алла сен дұға еткеніңнен де көбірек жауап береді” деген сөз.
Абдулла Сирадж ад-дин
“Дұға” кітабы.
Раббыңмен қарым-қатынасың иттікіндей болмасын…
Ит алдына лақтырылған сүйекті ғана көріп, сүйекті беруші иесін ұмытып кетеді.
Хикам Атойя дәрісінен түйген ой…
Қиындықта жүрген, қарызданып қалған жандарға таптырмас дұғалардан…
Ибн Масғудтан (Алла одан разы болсын) жеткізіледі:
اللهم يا ذَا المَنِّ ولا يُمَنُّ عليه، يا ذا الجَلالِ والإكْرَامِ، يا ذا الطَّوْلِ والإنْعَامِ، لا إله إلا أنت: ظَهْرَ اللَّاجِين، وجَارَ المُسْتَجِرِين، ومَأْمَنَ الخائِفِين، إن كُنْتَ كتَبْتَنِي شَقِيًّا فامْحُ عَنِّي اسْمَ الشَّقَاء، وأثْبِتْنِي عِنْدَكَ سَعِيدًا، وإنْ كُنْتَ كَتَبْتَنِي مَحْرُومًا مُقَتًّرًا علَيَّ رِزْقِي فامْحُ حِرْمَانِي ويَسِّرْ رِزْقِي، وأثْبِتْنِي عِنْدَكَ سَعِيدًا مُوَفَّقًا للْخَيْرَات، فإِنَّكَ تَقُولُ فِي كِتَابِكَ الذِي أنْزَلْتَ : "یَمۡحُوا۟ ٱللَّهُ مَا یَشَاۤءُ وَیُثۡبِتُۖ وَعِندَهُۥۤ أُمُّ ٱلۡكِتَـٰبِ"
“Уа қайыр-шарапат иесі, аса ұлы, ерекше жомарт, құдіретті әрі нығметке бөлеуші, Өзіңнен өзге тәңір жоқ - Аллаһым…!
Босқындардың панасы, жәрдем сұраушылардың тірегі, үрейленіп, қорыққандардың амандығын беруші, уа Алла!
Егер мені бақытсыз деп жазған болсаң, менен бақытсыздық атаулысын кетірші. Мені Өз құзырыңда бақытты деп жазшы!
Егер мені ризығы аз, мақрұм етіп жазып қойған болсаң, мені мақрұм етпей ризығымды жеңілдетші. Сөйтіп, Өз құзырыңда жақсылыққа қолы жеңіл, бақытты деп жазып қойшы!
Себебі, сен былай дейсің ғой:
“Алла қалағанын өшіріп, қалағанын бекітеді. Және негізгі кітап тек оның құзырында” “
Еркек пен әйел 21-ғасырда ғана пайда болған ба дерсің қазір болып жатқан жағдайларға қарап, саралап, ойланып отырып…
Неге бұрын соңды “абьюз”, “токсик” т.б. болмайтын түсініктер болмады?
Неге ер мен әйел қауымының арасында ашық айқас болмады?
Әлде нағыз ақылды, ойшыл даналар тек осы ғасырда пайда болып, адыңғылардың бәрі білімсіз надан болғаны ма?
Осы кезге дейін ер мен әйел Алла жаратқан болмыстарына сай әдемі тандемде өмір сүріп келді.
Ер әйел, әйел ер болуға талпынбады…
Не болса да, бұның артында тек исламның емес, күллі адамзаттың жаулары тұрғаны көзі ашық, көкірегі ояу адамға айдан анық деп ойлаймын.
Құрметті бауырлар, әпке-қарындастар, дінімізге қайтайық, білім алайық. Қиямет жақындағанда адамның өз дінін ұстануы - шоқ ұстағанмен бірдей болатынын естен шығармайық. Сол уақыттарда өмір сүрудеміз…
Дұға етсем қабыл болмай қала ма деп уайымдаймын…
Сахаба Омар (Алла одан разы болсын) айтады:
“Мен дұғаның қабыл болу-болмауын уайымдамаймын, дұға етуді ойлаймын.
Егер дұға дұрыстап жасасам, бір жауабы боларына күмәнім жоқ…”
Абдулла Сираджуд-дин (Алла оны рақымына алсын) кітабынан…
Кітап оқу - хобби емес. Кітап оқу - міндет.
Шейх Әдһәм әл-Ғасими (Алла панасына алсын)
Адамдар үшін бір амалды жасамай қою - рия.
Адамдар үшін амал жасау - Аллаға серік қосу.
Ықылас - Алланың сені осы екеуінен амандықта сақтауы.
Фудайл бин Ияд (Алла рақымына бөлесін)
📚 Әл-азкар
Батысты (Европаны) негізге алынатын, оған қайтатын нүкте емес, жай әлемдегі өмір салттарының, мысалдардың бірі деп қана көрсек, үлкен іс бітірген болар едік…
Наиф бин Наһар
Repost from ТОҚТАР АСҚАРОВ
📚 Исламға алғашқы қадам осы кітаптан басталады!
“Бір Аллаға сыйынып кел, балалар, оқылық!” – деп басталатын бұл кітап әр балаға иманның дәнін себеді.
👦👧 Ұлдарға бөлек, қыздарға бөлек дайындалған арнайы нұсқалар!
Бала өзіне түсінікті тілде, қарапайым әрі жүрекке жақын форматта үйренеді.
🌞 Жазғы демалыста пайдалы әрі мағыналы уақыт өткізсін десеңіз — дәл осы кітап керек!
🏡 Ата-анамен бірге оқуға да өте ыңғайлы!
⸻
Ішінде не бар?
✔ Балаларға арналған қысқа, есте қалатын хадистер
✔ Күнделікті дұғалар мен зікірлер
✔ Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірінен әңгімелер
✔ Күнделікті қолдануға болатын сүннеттер
✔ Ақида мен фиқһтың негіздері
✔ Тәрбиелік мәні зор мақал-мәтелдер
⸻
✅ Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған!
Бұл – жай ғана кітап емес, баланың жүрегіне иман ұялататын жолбасшы.
Бағасы: 1990тг
Тапсырыс беру үшін:
wa.me/77059089874
Repost from Sakenkyzy
Мүмкін бойдақтың қараңғы түнде оқыған намазынан, сәбидің күлкісі Аллаға жағымдырақ.
✍️ Мустафа ас-Сибаи р.һ
❣️Олжас ұстазымыздың(رحمه الله)
“Махаббат&бойдақтарға кеңес” атты видео дәрістері
(тегін, барынша таратсақ)⤵️
https://t.me/boidaktargakenes
Repost from Nurbol Rakhmatilla
Арафа күні жақындап қалды…
Бұл — дұғалар көкке көтеріліп, қабыл болатын ұлы мүмкіндік күні.
Аспан есіктері ашық… жүрек тілегін Аллаға жеткізер ең қадірлі сәттер.
Сіз өз дұғаңызды дайындап қойдыңыз ба?
⠀
Мен сіздер үшін осы күнге арналған ерекше дұғалар жинағын әзірледім.
Оның ішінде Пайғамбарымыз ﷺ және ізгі құлдардың
жүректі толқытатын дұғалары бар.
Бір өтініш:
Қажылықта жүрген таныстарыңыз болса, бөлісіп жіберіңіз.
Себебі олар таңнан кешке дейін дұғада болады.
Кейде не айтарын таппай қалған сәтте — осы дұғалар көмек болады.
Жақсылықпен бөліскен жанға Алла екі есе сауап жазады!
⠀
Сіз бөлісесіз — олар оқиды — Алла барлығына береке жазады. 🤲🏻
Алла құзырындағы дәрежеңді білгің келсе, сені немен шұғылдандырып қойғанына қара…
Ізгілер сөзі
Махаббат - көп сөйлеуде емес. Бәлки, үнсіз тұрсаң да сенің жүрегіңді тыңдай алатын адамды табу.
🖋️ Шейх Юсуф Хаттар
Зуль-хиджа айының алғашқы түніне де кірдік. Аллаһым ізгі амалдарда тұрақтылық танытуды нәсіп етсін🤲🏻
Бірде Алла елшісі ﷺ :
“Аллаға басқа күндерде жасалған ізгі амал осы он күндіктегіден ұнамдырақ болмайды. [Яғни, зуль-хиджаның он күндігі]”, - дейді.
Сонда сахабалар:
“Тіпті Алла жолындағы күрестен де артық па?”, - деп сұрайды.
Алла елшісі :
“Тіпті Алла жолындағы күрестен де…”, - деп жауап береді.
(Хадис, Бухари)
📚Латаиф әл-мағариф
Сенде бәрі жақсы кезде жұмсақ, жылы жүзді әрі көркем мінезді болу - жеңіл.
Нағыз көркем мінез - жағдайың мәз емес кезде көрінетін нәрсе
Ең қайырлы мал-мүлік - саған жеткілікті болғаны.
Ең қайырлы бауырың - сені жұбатып, қолдағаны.
🖋️Әли бин Мухаммад әл-Ләйси
Repost from Nurbol Rakhmatilla
Жоғалттым деп едің…
«Сен жоғалттым деп жүрген нәрсең – Алланың есігін қағып, Оған бет бұруыңа себеп болған болуы мүмкін.
Ал сол нәрсенің болуы – сені дәл сол Алладан алыстатып, өзіне байлап қоюы мүмкін. Бұл жиі кездесетін жағдай.
Мысалы, егер осы сынақ болмағанда, сені Алланың есігінен көрмес едік.
Демек, бұл – сынақ ішіндегі жасырын нығмет.»
©️Имам Ибн Жаузи
(Рахимаһулла)
Дұға етіп жүрейік. Өзіңіз де рухани жағдайыңыздағы өзгерісті байқай бастайсыз.
Дұға жасап жүрген кез бен дұға жасалмай жүрген кездің айырмашылығы - жайлы, жылы үй мен қаңыраған үйдің айырмашылығындай.
Тіпті, бір күн толықтай дұғаны тастап қою - макруһ дейтін ғалымдар бар)
