cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Sakenkyzy

Ой жазбалар🖌

Show more
Advertising posts
560
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Салауаттың пайдасы... Кеше сыртқа дүкенге шығып, асыға үйге кірдім. Сол кезде кілт сыртта қалып кеткендей болды. Бірақ қалтамда шығар деп мән бермедім. Енді кешке сыртқа шыққалы жатқанымда, кілтті жоғалтқанымды түсіндім. Қалтамда да, үйде де жоқ. Алдында үйдің есігін ашып, кілтті сыртта тастап кеткенім бар. Сол кезде көрші: “кілтіңіз сыртта қалып кетіпті” деп ескерткен болатын. Енді бұл жолы ешкім олай келмеді. “Сонда кілтті сыртында тастап кетсем, біреу алып кеткені ме, кейін үйде болмасақ, үйге ұрлыққа түссе ше?” деген қорқынышты ойлар келе бастады. “Мүмкін, кілтті көрген біреу коммуналдық қызмет қағаздары тұратын кішкентай жәшіктің ішіне қойып кеткен болар” деген үмітпен үйдің астына түсіп оны да қарадым. Жоқ болды... Енді бүгін таң ата жоғалған кілттің уайымымен ұйқыдан тұрдым. Іштей Алладан тілеп, салауат айта бастадым. Табылар деген үмітпен тағы да үйді қарап шықтым. Салауат айтып жатып мынадай ой келді: ол кілтті біреу алып кетсе, салауат айтсам да кері қайтармайтын шығар. Жоқ, мүмкін Алланың бір құдіреті болар... деп екі ойым маған сыбырлағандай болды. Тағы да астына түсіп, кешегі жәшікті қайттан қарадым. Қағаздан басқа ештеңе жоқ. Бірақ дәл соның төбесінде шегеге ілінген кілтті көрдім. Оны ала сала сыртқы есікке салып, өзімдікі екеніне көзімді жеткізіп алдым. Қуанышымда шек жоқ. Ой, Алланың құдіреті-ай, шүкір-шүкір деумен болдым. Сонда мен ол кілтті даланың есігін ашып, сонда қалдырып кетіп, оны бір кісі алып сонда іліп қойған болып тұр ғой. Енді сол кілтті кеше көрмей, бүгін неге көрдім? Кеше мен тек уайымдадым. Алладан да сұрауды, салауат айтуды да ұмытып кеттім. Енді бүгін Алладан сұрап, салауатымды айтқанымда ғана көзімді ашқызып, басымды сол жақа қарай бұрғызып қойды. Осы орайда мына хадис еске түсіп отыр. Абдулла бин Аббас (р.а.) риуаяты: “Бір күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) артында болатынмын. Ол кісі маған: Ей, балам! Мен саған бірер сөздерді үйретемін: Алланы есіңде сақта, Алла сені сақтайды. Алланы есіңде сақта, (керек кезде) қарсы алдыңнан табасың. Бір нәрсе сұрағың келсе, Алладан сұра. Көмек қажет болса, Алладан жәрдем тіле. Біл! Егер халық жиналып саған бір пайда бермек болса Алла маңдайыңа жазған нәрседен артық бір пайда бере алмайды. Ал, егер халық саған бір зиян тигізбеп боп жиналса, Алланың саған жазған зиянынан басқа ешбір зиян тигізе алмайды. (Тағдыр жазған) қалам көтеріліп, парақтар кеуіп бітті”, – деген екен.
Show all...
Автор кітапта: модерниттер қәзіргі таңда қалауыңды жасамасаң әлсіз, ауру боласың, тіпті психологиялық проблемаларға тап боласың деп сендіреді. Ақиқатында құмарлықтармен күресу- тән, жүрек және ақыл үшін нағыз күштің қайнар көзі болып табылады” дейді.
Show all...
Современные вызовы ИсламуАвтор: Дэниел Хакикатжу Страниц: 328 Предлагаемая вашему вниманию книга Дэниела Хакикатджу — одна из первых попыток на русскоязычном пространстве затронуть тему принципиальной несовместимости традиций и установок Ислама с программами и идеологиями, которые навязывает нам современный Запад. Автор изучал физику и философию в Гарвардском университете, так что пишет со знанием дела и видит уловки врагов Ислама насквозь. Он блестящий полемист, иногда резкий, но всегда отстаивающий право мусульман оставаться самим собой, не подстраиваясь под повестку, которую нам навязывает Запад. Вы можете заказать эту книгу в любую точку России и мира по номеру WhatsApp +7 989 651-83-18 Скачать: disk.yandex.ru/i/wMIvFp4tnJVRgw Источник: https://t.me/muslimbooks
Show all...
Керемет кітап. Қәзіргі таңда ақиқат деп жүрген дүниелерге ислам дінінің ақиқатымен жауап берген.
Show all...
Балалық шақ. 5 жас шамасындамын. Анам жұмысына киініп, дайындалып жатқанда, аяғынан құшақтап: мен де базарға барамын деп жылайтынмын. Анам төртеумізді асырау үшін базарға асықса, мен ол жерге қызық үшін асығатынмын. Түрлі адамдар, у-шу, сауда-саттық... ⠀ Үйде анамды жұмысынан кеш болғанша асыға күтетін едік. Қайта-қайта терезеден қарап, көлеңкенің түсіп жатқанын аңдитынмын. Шақырайған күнді көрсем көңілім түсетін. Ал кеш болғанда далаға шығып, жолдың бер жағында әр автобустан сіңіліміз екеуміз анамызды тосатын едік. Әр автобус тоқтағанда үмітпен қарайтынбыз. Ал анам көліктен түскенде қолында міндетті түрде пакеті болатын. Ұзын, нәзік саусақтарымен ауыр тауарларды көтеріп үйренген анамның қолына жарамасатынбыз. Анам қаншама ауыр жұмыстарды жасаса да, нәзік қолдары сол қалпында әдемілігін жоғалтпаған еді. Ал қыста базардан келгенде қолдары, беттері қып-қызыл болып келетін. Аяқ киімін шешіп, су өткен ұлтарағын жайып қоятынбыз. ⠀ Бірде анам әкелген тәттісінен төртеумізге өз үлесімізді бөліп берген. Сол кезде кіші сіңілім тез-тез бәрін тауысып қойып, анамның үлесінен дәметіп қарап отырды. Бала ғой. Анам көңілін қимай сол тәттісінен берді. Сол кезде біз кішкентай сіңілімізге: “мама да жесін, олай дәмеленбесейші” дедік. Ал анам: “жоқ жей берсін, мен тойып тұрмын” деп өтірік айтатын. Бұндай өтірік барлық аналарға тән емес пе?... ⠀ Ал жазғы демалыста ауылға баратынбыз. Күндіз ойынмен алданып, ал кеш батқан сәтте анамды сағына бастайтын едім. Ешкімге көрстепей тығылып жылап алатынмын. Ал телефонмен тілдесерде сөйлей бастағанда-ақ дауысым дірілдеп жылап қалатынмын. Анаммен кіндігімнің үзілмеген шақтары ғой... ⠀ Күз айы жақындағанда әр қайсымызды базарға әкеліп киіндіретін. Ол киімдерді оқу басталғанша жүз қайтара киіп шешетінбіз. Мектепке киіп барған соң ғана қызығы басылатын. Солай бірінші тоқсан аяқталып демалысқа шығамыз. Жаңбырлы күзде төртеуміз көрпе жамылып, теледидар көрумен демалысымыз өтетін. Ал анам үйге бір қорап печенье, толтырып жаңғақ, бір бөшке бал толтырып қоятын. Осылай біздің көңіліміз де, қарнымыз да тоқ болатын. ⠀ Анам тірлігін өте адал жасайтын. Біз жазда қымыз сататынбыз. Сонда бір клиентке қымыз дайындап жатты. Баклашканы тазалап жуды да, жерге қайта-қайта сілкіледі. Сілкілеп жатып бізге: қымызға бір тамшы су да араласпау керек деді. Сондай адалдығы, аппақ көңілі үшін, әке орнына әке болса да өз нәзіктігін жоғалтпаған анама алғыс білдіремін! ⠀ Алла аналарымыздың өмір-жасын ұзақ етіп, бізді олардың көз-қуанышы етсін деп тілейміз🤲🏻💗
Show all...
Кім Алла Тағаламен шыншыл болса, Алла Тағала оны һидаятқа бастайды. Оған жәрдем береді. Кім Алладан басқаға өзін әдемілесе (пенделердің арасында әдемі болып көрінгісі келсе), Алла Тағала оны масқаралайды. Кім Аллаға тәуекел ететін болса, Алла оған жеткілікті. Кім Алладан басқаға сенім артып, жүрегін байлайтын болса, Алла Тағала оны жек көреді. Кім Алладан қорықса, Алла оған амандық береді. Кім Аллаға шүкіршілік етсе, Алла Тағала оған тағы да артығымен береді. Кім Аллаға итағат етсе, Алла Тағала оны ардақты етеді. Кім Алла Тағаланы басқа нәрселерден артық көретін болса, Алла Тағала оны жақсы көреді. Ал кімді Жаратушысы жақсы көрсе, ол жеңіске жетеді. ✍️ ұстаз Ерсін Әміре дәрістерінен
Show all...
Балалық шақ. 4-5 жас шамасындамын. Анам киініп жұмысына қарай кеткелі жатыр. Ал мен жылап аяғынан құшақтап: мен де барамын деп
Show all...
Repost from Olzhas Hanafin
قال ابن الجوزي رحمه الله: "ينبغي لمن كان عنده مصحف أن يقرأ فيه كل يوم آيات يسيرة لئلا يكون مهجورا". 📚‏[الآداب الشرعية] Ибн Жәузи (Алла рахым етсін) айтты: “Кімде Құран кітап болса, ол оны тәрк еткендерден болмас үшін күнде ең болмағанда азғантай аяттарды оқуы керек”
Show all...
Бүгін сыртта қызық жағдайдың куәсі болдым. Кофе клуға кезекте тұрдық. Алдымда тұрған жігіт сатушыға: “beyaz chocolate mocha” деді. Сатушы қыз: “a?beyaz?” деп түсінбегендей болды. Ал жігіт сәл қысылып: “evet beyaz...white white” деп түсінбеген соң ағылшын тілінде айтты. Бірақ негізінде сатушы қыз түрік. Беяз деген ақ деген сөз. Соны түсінбей, “ағылшын тілінде айтсаңшы” дегендей әлгі жігітті ыңғайсыз жағдайға түсірді. Біздің елде орысша сөйлеген адамды заманауи деп санағандай, дәл солай бұл жақта да ағылшын тілін білген түрік заманауи болып есептеледі. Осы жайытты көріп “е-е-е, мұнда да сол жағдай екен ғой” дедім іштей... 💭
Show all...
Күз. Оның суығымен тоңасың. Бірақ жылулықты сол суық арқылы сезінесің. Далаға қарасаң тіршілік тоқтағандай. Дала жым-жырт. Барлығы тоңып жылы үйлеріне асығуда. Сыртта бөрек сататын ағайдың да саудасы саябырсығандай. Қызыл шәйін асықпай ұрттап, ойға шомып отыр. Ал қоқыс тасушы ағай күнделікті әдетінше арбасын айдап кетіп бара жатыр. Көзілідірігінің арғы жағынан көзінен мұң көрінеді. Қолдарының күстенгенінен ендігіде ешқандай жұмыстың ауырлығын сезбейтіндей. Білмеймін, әйтеуір оны көргенде көзге жас келеді. Олардың ең тәтті уақыты- отырып демалу сияқты. Өйткені Стамбұл көшелерімен ойға түсіп, қырға шыққанда өкпең өшіп қалардай болады. Ал ауыр үлкен қоқыс салынған арбаны екі иығына салғанда, жерге кіріп кетердей болады. Нәпақа.. Тағдыр..Қарап шүкір етерміз. Бірақ шүкірдің ең мақтаулысы - нашар жағдайыңмен жағдайы жақсыға қарап, сонда да шүкір етуді тоқтатпауың.
Show all...