en
Feedback
Пайдалы ілім

Пайдалы ілім

Open in Telegram

Өзімнің жазбаларым.. Өмірден алынған) Арна экстремизм, терроризмды қолдамайды.

Show more
1 010
Subscribers
-324 hours
-67 days
-1530 days
Posts Archive
Құран оқыған кезде, 1 бетті қанша минутта оқисыз, соны есептеңіз. Ең алғашқы күн, жəне 1 айдан кейінгі нəтиже. Барлығын ескере отырып, нəтижесіне қараңыз. Кейін 3 айдан кейінгі нəтижені салыстырыңыз… ©Құран жаттау құпиялары кітабынан үзінді📚 Осылайша сіз өзіңізге шабыт сыйлайсыз. Сол кезде Құранға деген махаббат, талпыныс арта түседі

🥰 У тебя новое сообщение!
Ғашық болып жүрсізба ағажан
↩️ жо жоқ ондай жоқ

Сұрақ-жауап t.me/anonquebot?start=uw4ot

Ғашықтың тілі-тілсіз тіл💫

Алланың қалауымен, бір жағынан досым, бір жағынан ұстазым болған жан бүгін Ақтөбеде өткен республикалық Құран жарысында 1-оры
Алланың қалауымен, бір жағынан досым, бір жағынан ұстазым болған жан бүгін Ақтөбеде өткен республикалық Құран жарысында 1-орын иеленді Бұл үлкен еңбек пен ізденістің нәтижесі МашаАлла, жеңісі құтты болсын! Алла Құранға деген махаббатын арттырып, ілімін берекелі етсін🤲🏻 Осындай қуанышты сәттерге куә болғаныма шүкір Алла тағала баршамызды қарилардың араларын етсін 🤲

Ассаляму алейкум, құрметті оқырмандар Универдің сабақтары басталып, уақыт жағынан сәл үлгермей жүрмін. Сол себепті арнаға бұрынғыдай жиі жазба сала алмай қалуым мүмкін. Бірақ қолым босаған сайын, Алла қаласа, пайдалы дүниелермен бөлісіп тұрамын

Арнаға шықпайды

Сұрак-жауап t.me/anonquebot?start=uw4ot

Repost from Olzhas Qazbek
Жоспар құру: Бүгін — 1 қыркүйек, жаңа оқу жылының басы. Егер 1-курсқа енді түссеңіз, ең алдымен ұстазыңызбен сөйлесіп, бір жыл ішінде қандай кітаптарды оқып, қандай ілімдерді меңгеру керектігін анықтап алыңыз. Содан кейін бір жылдық жоспарыңызды айларға, айлық жоспарыңызды апталарға, ал апталық жоспарыңызды күндерге бөліңіз. Жоғарылау курста оқитын біздерге де керек насихат. Мұндай бөлудің маңызы үлкен. Себебі бір жылдық жоспарға қарасаңыз, уақыт өте көп сияқты көрінеді. Ал апталық жоспарға қарасаңыз, уақыттың қаншалықты тез өтіп жатқанын сезесіз. Бұл ұстаздарымыздың насихаты.

сөз — өз иесін табады

Мені хиджаб киетін кейбір қыздардың бір нәрсесі таңғалдырудан жалықтырмайды… Өзінің фото-видеоларын ашық аккаунтқа жариялап, астына «фото мен видео аманат» деп жазады Егер аккаунт жабық болып, бөтен ер адамдар көрмейтін жерде болса, түсінікті Бірақ ашық аккаунтқа салып, оны мыңдаған адам көріп тұрса, «аманат» деген сөздің өзі қай жерде қалады? Аманат деп тек сөзбен жазу емес оны ісіңмен де қорғау керек…

Repost from Beisenali Olzhas
"Иә-иә, болды, істейміз ғой" деп бос уәде бергеннен гөрі, "жоқ, мен істей алмаймын" деп нақты жауап беруге үйрену керек. Саған "жоқ" деп жауап беретін адамның барлығы жаман емес. Керісінше, ол уақытыңды үнемдеп, "басқа жол ізде" деп өміріңді жеңілдетіп отыр

Біреулер кайф қуып, «өмір бір-ақ рет беріледі» деп жүр. Ал біреулер сол бір өмірін ілімге арнап, өзін тәрбиелеп жүр. Біреулер бүгінін ғана ойлайды, біреулер ертеңіне дайындалады. Біреулердің қолында — уақытша қызық, біреулердің жүрегінде — мақсат. Ең қызығы — екеуінің де жасы бір, уақыты бір, өмірі бір. Айырмашылығы — таңдаған жолында. Жастықты қайда жұмсасаң, ертең соның нәтижесін көресің.

Repost from N/a
Студенттерге жаңа оқу жылына  айтар кеңестерім: • Кез-келген сабақта жаңа тақырып өтпес бұрын үйде зерттеп, алдын-ала ізден. Егер арабша мәтіндермен сабақ өткізілетін болса, алдын-ала аудармай барма! Сенің ілім ізденуші екендігіңді көрсететін амал осы. • 4 жыл оқимыз деп келдіңіз бе? Ендеше басқа нәрсемен басыңыз ауырмасын) Қыдырып та, тұрмысқа шығып та, ойнап та үлгересіз. Тек қазір емес) • Төрт жылыңыз біткенге дейін сізді басқа жаққа алып кеткісі келетін дүниелер болады. Тіпті, рұқсат етілген нәрселерден де сақ болғайсыз... • Ұстаздар жағымпаздық қылу қылығыңызбен болмасын. Қылығыңызды сонау ата-анаңыздың үйінде тастай тұрыңыз. Кейін жолдасыңыздың үйіне барарда алып кетесіз сол кезде қаттырақ керек) Жәй ғана алдыңғы орынға отырып, сабақты зейін қойып тыңдап, білім мен әдепте озық болсаңыз жеткілікті. Ұстаздар ондайды қатты байқайды. •  Рухани хәліңіз ләйліп жүрсе білім қонбай, жәй ғана уақытша бас жағыңызда қона алмай ұшып жүреді де, диплом алған соң басқа жаққа ұшып кетеді) • Құран жаттап бірақ сабағыңыз жайына қалып жатса ұғыңыз сіз қарилық медреседе емессіз. Бакалаврдың дипломының сұрауы бар... Сабағыңыз бірінші орында. 🤍 • Ата-анадан болдым, кеттім, өстім, оңдым демеңіз. Хабарласып, әр маңызды сәтте батасын алуды ұмытпаңыз❤️ Қыз баласының университетке түсті дегені махрамның рұқсатынсыз шығуға болады деген сөз емес. Бір жаққа барсаңыз рұқсатын аласыз. • Инстаграм, гүлге толы стористер, сәнді киімдер сенің теңің емес. Уақытша тәрк ету қажет болады немесе мәңгіге)) • Таңғы-кешкі дұға, университет табалдырығынан өтіп бара жатсаңыз да Алланың Фәттәх есімін көп айтыңыз, фатиханы оқыңыз. Дұғасыз алынған ілім қауіпті! • Таңғы уақыттың берекесінен құр қалмаңыз. Онсыз толиб толиб емес. • Дұрыс тамақтаныңыз. Өзіңізге тамақ істеуден ерінбеңіз. Жыл сайын анализдер тапсырып витаминдер қабылдаңыз. Денсаулық болмаса ешкім емессің. • 4 жылым көп екен деп ойламаңыз. 4 күндей өте шығады❤️‍🩹 Алғыңыз келетінін аларсыз құрметтім🌷🌸 Қатты айтты демеңіз, бастан сипайтындар жетеді... Жаңа оқу жылына сәттілік ✨

Арнаға шықпайды

Repost from N/a
Кітап сатушы дүкеніне бір кісі келіп: 🧔🏻‍♂️: Маған тез оқылатын, жеңіл кітап беріңізші, — дейді. Сатушы бір кітап ұсынады. Әлгі кісі кітапты қолына алып: 🧔🏻‍♂️: Бұл қанша уақытта оқылады? — деп сұрайды. Егер шынымен қызықсаңыз, бір түнде оқып шығасыз, — дейді сатушы. Кісі ойланып тұрып: — Ал қызықпасам ше? Сатушы күлімсіреп: Онда бір жыл бойы қолыңызда жүреді, — дейді.

Сұрақ-жауап t.me/anonquebot?start=uw4ot

Жұма Мубарак

وَكَانَ عُمَرُ بْنُ عَبْدِ الْعَزِيزِ يَقُولُ: إِنِّي أُوصِيكَ يَا مَيْمُونُ بْنُ مِهْرَانَ، إِيَّاكَ أَنْ تَخْلُوَ بِامْرَأَةٍ غَيْرِ ذَاتِ مَحْرَمٍ، وَإِنْ حَدَّثَتْ نَفْسَكَ أَنْ تُعَلِّمَهَا الْقُرْآنَ. «Уа, Мәймун ибн Михран, саған өсиет айтамын: махрамы жоқ әйелмен оңаша қалудан сақтан, тіпті оған Құран үйретуді ойласаң да»