en
Feedback
Olzhas Qazbek

Olzhas Qazbek

Open in Telegram

Рухани ізденіспен бөлісу алаңы.

Show more
The country is not specifiedThe category is not specified
269
Subscribers
-124 hours
No data7 days
-630 days

Data loading in progress...

Similar Channels
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
September '26
September '26
+5
in 2 channels
August '26
+7
in 0 channels
Get PRO
July '26
+17
in 1 channels
Get PRO
June '26
+189
in 2 channels
Get PRO
May '26
+65
in 5 channels
Get PRO
April '260
in 0 channels
Get PRO
March '26
+31
in 1 channels
Date
Subscriber Growth
Mentions
Channels
10 September0
09 September0
08 September+1
07 September+2
06 September0
05 September0
04 September+1
03 September0
02 September+1
01 September0
Channel Posts
Кезінде Ибн Хажар әл-Асқалянидің (رحمه الله) қабіріне барғанымызда, білімім аздау болып, ол кісіні аса тани қоймайтынмын. Ол
+1
Кезінде Ибн Хажар әл-Асқалянидің (رحمه الله) қабіріне барғанымызда, білімім аздау болып, ол кісіні аса тани қоймайтынмын. Ол кезде хадис іліміне әлі кіріспеген едік. Ал қазір еңбектерін оқып, қандай мықты ғалым болғанын білген сайын таңқалудамыз. Тоғыз жасында Құранды толық жаттап, әр саланың ең мықты ұстаздарынан білім алып, өзінен кейін теңдессіз еңбектер қалдырған. Сол еңбектері ғасырлар өтсе де әлі күнге дейін оқылып, талай адамға пайдасын тигізіп келеді. «Аллаһ Тағала хайырлы ғұмыр берсін» деген — осы шығар... Бірінші фото — ескі нұсқасы екен. Екіншісін галереямнан тауып алдым.

2
+1
No text...
113
3
Араб тілін үйренуде сөздер мен сөйлемдер жаттаумен қатар, хадис жаттаудың да пайдасы зор. Бұл әрі тілді дамытады, әрі Пайғамбарымыздың ﷺ хадистерін үйренуге себеп болады. Осы мақсатта Бекболат ұстазымыз «Сөзбе-сөз аударылған 500 хадис» кітабын аударып шығарған еді. Бір кітаппен әрі хадис, әрі араб сөздерін бірге меңгеруге болады. Бұл кітап арқылы көптеген шәкірттер пайда алуда. Сатып алғыңыз келсе, маған жазыңыздар: +7 705 351 5071 (Олжас) Постты бөлісіп қойсаңыздар болады.
154
4
Мешітке кіргенде ілім талап етушілерді көремін. Бірден мешітке кіре сала отыра кетеді. Сәлем намазы қайда?! Намазға дейінгі және кейінгі сүннеттер қайда?! Намаздан кейінгі зікір қайда?! Тарауық намазын сегіз рәкәғатпен шектейді. Аллаһқа жақын болғысы келетін ілім талап етуші қайда?! Ілім — амалмен болады. Шейх Абдус-Сәләм Шәннәр әл-Ханафи (حفظه الله تعالى)
119
5
Егер саған қандай да бір ілім ауыр болып жатса, сол ілімнен сабақ беріп жүрген ұстазыңа дұға қыл. Усама әл-Әзһари (Абылай Кенжалы ұстаз)
154
6
Жоспар құру: Бүгін — 1 қыркүйек, жаңа оқу жылының басы. Егер 1-курсқа енді түссеңіз, ең алдымен ұстазыңызбен сөйлесіп, бір жыл ішінде қандай кітаптарды оқып, қандай ілімдерді меңгеру керектігін анықтап алыңыз. Содан кейін бір жылдық жоспарыңызды айларға, айлық жоспарыңызды апталарға, ал апталық жоспарыңызды күндерге бөліңіз. Жоғарылау курста оқитын біздерге де керек насихат. Мұндай бөлудің маңызы үлкен. Себебі бір жылдық жоспарға қарасаңыз, уақыт өте көп сияқты көрінеді. Ал апталық жоспарға қарасаңыз, уақыттың қаншалықты тез өтіп жатқанын сезесіз. Бұл ұстаздарымыздың насихаты.
414
7
No text...
10
8
Ұзындау болса да, оқып көріңіздер)
171
9
Жақында бір ұстаз туралы шәкіртінен өте ғибратты оқиға естідім: Бір күні ұстаз автобус күтіп тұрған кезде, жан-жағында жатқан қоқыстарды жинап жүр екен. Сонда шәкірті: — Ұстаз, не үшін қоқыс жинап тұрсыз? деп сұрады. Сонда ұстазы: — Бәрібір жай тұрмын ғой. Тым болмаса қоқыс жинап, сауап алайын, — деген екен. Шәкіртінің таңғалғанын көрген ұстаз оған мына хадисті айтыпты: «Иманның жетпістен аса тармағы бар. Оның ең жоғарғысы — “Лә иләһә иллаллаһ” деп айту. Ең төменгісі — жолдан зиянды нәрсені алып тастау. Ал ұят — иманның бір тармағы». Сосын ұстазы: — Мен бар болғаны иманның ең төменгі тармағын жасап тұрмын ғой, — деген екен. Өзім үшін өте үлкен ғибрат болған оқиға. Кейде біз үлкен амалдар жасауды ойлап жүреміз де, дәл алдымызда тұрған кішкентай жақсылықтарды елемей кетеміз. Ал Алланың разылығы кейде біз мән бермеген қарапайым ғана істердің ішінде болуы мүмкін.
206
10
Әрбір ілім талап етуші меңгеруі керек негізгі ілімдер үшке бөлінеді: 1. عِلْمُ الآلَة - Құрал ілімдері: Сарф, нахву, бәләға, мантық. 2. عِلْمُ الأُصُول - Усуль ілімдері: Усуль фиқһ, усуль әд-дин, усуль тәпсір, усуль хадис. 3. عِلْمُ الفُرُوع - Фуруғ ілімдері: Фиқһ, ақида, тәпсір, хадис. Бекболат ұстаз
191
11
Білім алғыңыз келе ме? Онда мына аятқа мән беріңіз: ﴿وَاتَّقُوا اللَّهَ وَيُعَلِّمُكُمُ اللَّهُ﴾ «Аллаһқа тақуалық етіңдер. Сонда Аллаһ сендерге білім үйретеді». («Бақара» сүресі, 282-аят) Аллаһ Тағала Бұл аятта бізге білімнің тек көп ақпарат жинау емес екенін ескертеді. Адамның ақпаратты көп білуі оның шынайы білім иесі болғанын білдірмейді. Білімнің берекесіне жетудің жолдарының бірі — тақуалық. Сондықтан білім іздегенде, ақпаратты көбейтумен қатар, тақуалығымызды да арттыруға мән берейік.
170
12
Мәшһүр Жүсіп атамыздың шынымен де ұлы тұлға болғанына күннен күнге көзім жетіп келеді. Еңбектері тұнып тұрған шариғат, терең+2
Мәшһүр Жүсіп атамыздың шынымен де ұлы тұлға болғанына күннен күнге көзім жетіп келеді. Еңбектері тұнып тұрған шариғат, терең ілім. Басында Құран бағыштап, үйіне кіріп, кітаптары мен заттарын көріп қайттық. Кең даланың төсінде кішкентай ғана үйі болған екен. Сол үйде ғибадат етіп, зікір айтып, талай еңбегін жазғанын көз алдыңа елестетесің. Кесенесінің жанында музейі және өзі өмір сүрген үйі бар. Аллаһ нәсіп етсе барлық ұстаздарымызды қонаққа шақыру мақсатымыз бар.
245
13
Естен шығармау керек насихат: Екі түрлі адамға ілім қонбайды: 1. Ұялшақ адам. 2. Тәкәппар адам. Ғалымдарымыз осы тізімге тағы бір адамды қосқан: Ұстазын ренжіткен шәкіртке де ілім қонбайды. Бекболат ұстаз
215
14
Кани Весттің концертіне 300 мың теңгеге билет алғанда «Керемет!», «Жарайсыңдар!» деп қолдайтын қоғамымыз: Мешіт пен медресе құрылысына арналған видеоны көргенде, 300 теңге садақаның өзін бере алмай, керісінше видеоны комментарийде даттап, өзінің жаман пікірін қалдыратын қоғамда өмір сүріп келеміз.
249
15
Су жаңа еңбек!
294
16
Сәруар.pdf
243
17
Аллаһтың қалауымен, Бағлан ұстазымыздың Павлодарға сапары сәтті өтіп, оқырмандарымен керемет кездесу болды. Ұстазымызбен екі күн бойы бірге жүріп, көптеген керемет насихаттарын тыңдап, өзімізге мол пайда алдық. Ұстаздың мына бір сөзі ерекше ой салды: «Негізінде, Әбу Ханифаны көтерген — шәкірттері. Әбу Ханифаның үлкен ғалым болғанына еш күмән жоқ. Онымен қоса, шәкірттерінің де үлесі зор». Содан шыққан ой: Қазір біздің жерімізде ұстаздар мен ғалымдар көбейіп келе жатыр. Сол кісілерді халыққа таныстыру, кездесулер ұйымдастыру, еңбектерін насихаттап, кітаптарын тарату — біздің міндетіміз. اللهم استعملنا ولا تستبدلنا
287
18
لو يعلم أحدكم حقيقة جهنّم؛ لصرخ منها حتى ينقطع صوته، ولصلّى حتى ينكسر صلبه عمرو بن العاص (رضي الله عنه) Егер сендердің біреуің тозақтың шынайы болмысын толық білсе, қорқыныштан дауысы үзілгенше айқайлар еді, әрі белі сынғанша намаз оқыр еді. Амр ибн Ас (Аллаһ разы болсын)
246
19
Өлімнің хақ екенін көрсең де, Өлместей омыраулап шатасың. Тозақтың барын біліп жүрсең де, Күнәға, әлің келсе, батасың. Сауап көп ғибадатта десең де, Жалығып, жалқауланып жатасың. Алланың адал ризығын жесең де, Арамды әдейі іздеп татасың. Шәкәрім Құдайбердіұлы
876
20
Бағлан ұстазымыз Павлодарға келеді. Павлодар өңіріне осындай білімді ұстаздардың келіп, халыққа насихат айтып, ілім таратып жүргені көңілге қуаныш сыйлайды. Осындай қадірлі ұстаздардың жамағатымызбен жүздесуіне үлес қосып жүргенімізге Аллаһқа шүкірлер болсын. Мұндай игі істердің көбейіп, өңірімізде ілім мәжілістері үзілмей жалғаса беруін Аллаһ нәсіп етсін.
224