faeramin | student 🔭
Open in Telegram
Астана 🧘🏻♀️🪷🍵 Жастарға қазақша контент🇰🇿 Beauty & brain girl goal 🧠🕊️ Ұсыныстар - direct
Show more3 661
Subscribers
-324 hours
-67 days
+8430 days
Posts Archive
3 661
2. Әдеттер трекері
Бұл өз-өзіңді бақылау және миды «дофаминмен» қуаттау құралы.
Қымбат блокноттың мүлде қажеті жоқ, кәдімгі 1000 теңгелік трекер немесе дәптер жетеді. Оған күнделікті жасағың келетін 5-6 негізгі әдетті жазып қоясың (мысалы: ерте ояну, кітап оқу, су ішу, сабақ қарау).
Әр орындалған күнге галочка немесе бояу қойған сайын мида дофамин бөлінеді. Сен кішкентай жеңісті сезінген сайын, ол әдетті ертең де қайталағың келіп тұрады. Осылайша жақсы әдеттер өздігінен қалыптасады.
3. Бір тақырыпты терең зерттеу (Конспект күнделігі)
Бұл үстіртін білімді нақты сапалы сараптамаға айналдыру жолы.
Өзіңді қатты қызықтыратын бір тақырыпты таңдайсың (мысалы: манифестация, тайм-менеджмент, психологикалық фактілер немесе тіл үйрену). Содан соң сол тақырып бойынша оқыған кітаптарыңды, қараған видеоларың мен курстарыңды жай ғана көріп кетпей, жеке дәптерге өз сөзіңмен конспектілеп отырасың.
Бұл әдіс ақпаратты мида 80%-ға артық сақтауға көмектеседі. Ал керек кезде қолыңда дайын «сараптама кітапшасы» тұрады.
3 661
+1
Мен өмірімді өзгерту үшін рассрочкаға курс алмадым, тек күнделік жазу арқылы жүйелеуді үйрендім. Күнделік ол тек проблемаңды жазатын парақ емес, сенің көмекшің бола алады. Сондықтан төменде сіздерге күнделік жазудың ең қызық/пайдалы 3 әдісімен бөлістім💗👇🏻
1. Өзін-өзі бағдарламалау күнделігі
Бұл өз ойың мен әрекеттеріңді қалаған өміріңе бұру әдісі.
Сенің қазіргі өмірің бұрынғы ұстанымдарыңның нәтижесі. Егер өміріңді өзгерткің келсе, бұрынғы ойлау жүйеңді өзгерту керек. Күнделікке 3 сұраққа жауап жазасың:
Мен қандай адаммын? Болғың келетін образды осы шақта жазасың («Мен көп кітап оқитын, сабырлы адаммын»).
Қандай адамға айналып барамын? Жаман әдеттен жақсы әдетке өту процессорын жазасың («Телефонымды азайтқан сайын, дамитын адамға айналып барамын»).
Ол үшін бүгін не істеуім керек? Нақты бір кішкентай қадам («Бүгін 20 бет кітап оқимын»).
Кейін мұнда арман-тілектеріңді де «орындалып қойғандай» етіп жаза бересің. Ми бұл жазбаларды шындық деп қабылдап, соған сай әрекет ете бастайды.
3 661
+1
Менде рубежкалар аптасы сәтті аяқталды! Баллдарым көңілімнен шығып жатыр. Және алда рубежка тапсыратын жандарға ең маңызды 5 кеңеспен бөлісейін:
1. Мұғалімнің талаптарына фокус қой. Жоғары балл алғың келсе, оқытушыдан алдын ала рекомендация сұрап ал: «Жоғары балл алу үшін не істеуім керек?» деп тура сұра. Немесе силлабус пен тапсырма критерийлерін мұқият оқып, дәл солардың пункттерін орында.
Мұғалім өзі берген критерий бойынша бағалайды!
2.Топтық жұмыстарда лидер бол. Басқалар үшін емес, бірінші кезекте өзің үшін. Бұл саған тақырыпты тереңірек түсінуге және баллыңды көтеруге көмектеседі.
3.Общагада немесе үйде ұйқың келе берсе сыртта оқы. Кафеде немесе кітапханада оқысаң, өзіңді жалғыз сезінбейсің. Жан-жағыңдағы дайындалып жатқан студенттерді көріп, күшті стади-атмосфера аласың.
4.Өзіңе қызық оқу челлендждерін ойлап тап. Мысалы: «Осы мұз ерігенше оқимын», «Таймер 5 сағатқа жеткенше» немесе «Кафе жабылғанша» деген сияқты. Азарт ең күшті мотиватор!🙂↔️💗
3 661
"Неге тілді қағаз кітаппен оқыған электронды форматтан тиімдірек?👇🏻
1)Мотивацияны оятады:
Кітаптың иісі, сапалы парақтар мен әдемі мудборд сияқты мұқаба оқуға деген ерекше шабыт береді. Кітапханада немесе уютный кофеханада эстетичный фото жасап, атмосфераға енудің өзі бір эстетика.💗
2)Прогресті көзбен көресің: Оқыған сайын беттердің оң жаққа ауысқанын, закладканың алға жылжығанын көру ең күшті дофамин! "Бүгін тағы 20 бетті еңсердім" деген сезім өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады.💗
3)Инвестиция ақталуы керек:
Тегін жүктеп алған PDF телефонда шаң басып жата береді. Ал өз ақшаңа сатып алған әдемі кітапты жайдан-жай қалдыра алмайсың, ақшамды ақтауым керек деген ішкі ниет соңына дейін оқып шығуға итермелейді.💗
4)Шынайы фокус:
Телефонды бір жаққа ысырып қойып, кітаппен оңаша қалу миды демалдырып, сөздерді тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.💗
Бұл менің жеке ойым, әркім өзіне ыңғайлы нұсқаны таңдайды~
Ал келесіде арзан кітаптарды қайдан алса болады, сол туралы жазамын🙂↔️🫦
3 661
+5
Достар, менің жаңалығым бар:
Бізде универдің 1-курсы аса қызықты өтіп жатқан жоқ. Себебі мамандық бойынша тек 1 дисциплина(ол қатты қызық), қалғандары жай базовый курстар ғана. Сондықтан, мен алдағы 6 ай бойы өмірімді толтыратын іс таңдадым. Ол шет тілдерін хардкор режимде оқу.
🇬🇧🇹🇷🇰🇷 тілдері~
Универде кәріс тілін оқимын, түрік тілін бұрын бастағанмын, ағылшын тілін С1-ге жеткізу керек. Уже блогымды осы арнаға бұрып, кітаптар тапсырыс еттім. Меніңше, мен сияқты дамығысы, тіл үйренгісі келетіндерге қызық әрі пайдалы болады. Бүгін бірінші пайдалы постым болсын:
3 661
+4
Сабақ оқуға отырғанда фокусты қалай ұстаймыз? 👇🏻
Әлеуметтік желілерге кіріп кетіп, уақыттың қалай өткенін байқамай қалатын сәттер таныс па? Фокусты ұстап тұру үшін ерік-жігер емес, жүйе керек:
📌 Физикалық шектеу: Телефон жаныңызда жатса, ми оны «жеңіл допамин» көзі ретінде көреді. Оны басқа бөлмеге немесе сөмкеге тығыңыз.
📌 «Не тревожить» режимі: Барлық хабарламаларды өшіріңіз.
📌 Уақыт блогы: 25 минут сабақ + 5 минут демалыс (Pomodoro).
📌 Ой дәптері: Кенеттен ойға келген заттарды қағазға жазып қойып, сабақтан соң қараңыз.
📌 Видеоға түсіру: таймлапс режимінде өзіңізді видеоға түсіріңіз, видеоларыңыз кейін өзіңізге мотивация болады, және телефонға қолжетімділік болмағасын кіріп кетпейсіз.
📌 Таймермен оқу: миымыз физикалық нәтижені көргенді ұнатады, егер 60 минутқа таймер қойып фокуспен оқып, нәтижесін көрсетсеңіз миыңыз тағы қайталауға мотивация алады.
3 661
+5
Мектептен/универден шаршап келгеннен кейін де қалай оқуға болады?📚🍁📍
Күні бойы сабақта отырып келгенде бірден кітап ашып, 3 сағат оқуға отыру өте қиын. Сондықтан алдымен ми мен денеге демалып алуға мүмкіндік бер👇🏻
Біріншісі - қысқа ұйқы. Қатты шаршасаң, үйге келе сала 10–15 минут көз іліп ал. Бірақ ұйқыны ұзартпауға тырыс, әйтпесе одан сайын мең-зең болып оянасың.
Екіншісі - жылы тамақ іш. Аш болып отырып сабақ оқу да қиын. Алдымен дұрыс тамақтанып ал да, содан кейін оқуға отыр.
Үшіншісі - кішкентай уход жаса. Бетіңді жуып, киіміңді ауыстырып, өзіңді сергітіп ал. Бұл миға «универ/мектеп бітті, енді басқа режим басталды» дегендей сигнал береді.
Төртіншісі - бірден бірнеше сағат оқимын деп жоспарлама.
Помодоро техникасын қолдан: мысалы, 25 минут оқу + 5 минут демалу. Біртіндеп бірнеше цикл жасай аласың.
Бесіншісі - денеңді де ұмытпа. Күні бойы отырып келген соң 5–10 минут созылып, көзге арналған жаттығулар жасап, иық пен мойынды қозғалтып ал. Денең жеңілдесе, сабаққа қайта отыру да оңайырақ болады.
3 661
+5
Универ/мектепті романтизациялап, выгорание-ден сақтану үшін:
Универ/мектеп тек сабақ, дедлайн және емтиханнан тұрмауы керек. Әйтпесе күйіп кетуің мүмкін🥹🍂
Оны романтизациялап, көңіл-күйіңді бақылап отыру өз қолыңда. Өміріңді оқудан басқа осы заттарға толтыруды ұсынамын👇🏻
☕️ Сабаққа сүйікті сусыныңмен бар(кофе, шай, лимонад)
🎧 Жолға арнайы плейлист жаса(әсіресе күздік вайбтағы)
📖 Сабақ арасында өзіңе ұнайтын кітапты оқы(әсіресе әдебиет, өмір тек пайдалы заттан тұрмауы керек)
📸 Күнделікті кішкентай сәттерді суретке түсір(кейін жылулықпен еске аласың, тг канал ашып сақтап отырсаң болады)
🌿 Аптасына кем дегенде бір рет өзіңе ұнайтын нәрсемен айналыс(шоппинг, сериал қарау, сурет салу, жүгіру т.б)
Мектептен/универден бөлек те өмірің болсын🍁
Әр күніңді «тағы бір тапсырманы жабу» емес, өміріңнің бір эпизоды ретінде қабылда.
Универді/мектепті жақсы көру міндетті емес. Бірақ осы кезеңнен өзіңе әдемі естеліктер жасау өз қолыңда. 🤍
3 661
Бір нәрсені түсіндім: Қазақстан тарихынан жақсы нәтиже алу үшін міндетті түрде қымбат курс сатып алу керек емес. Егер материал, дұрыс жүйе және өзіңді оқуға мәжбүрлейтін дисциплина болса, өз бетіңмен де дайындалуға болады.
Сондықтан кейін дәл осындай дайындық жүйесі керек оқушыларға арнап жабық канал аштым.
Каналдың ішінде Қазақстан тарихының кітаптары, база, квиздер, тесттер және қалай оқу керегіне арналған дайын жүйе бар. Бонус ретінде өзімнің МС-дан конспекттерімді де қостым.
Келесі аптада каналды жаңартып, тағы да жаңа материалдар қосамын.
Қазір каналға 2490 теңгеге қосылуға болады, ал қолжетімділік мәңгілікке.
Егер өз бетіңмен Қазақстан тарихына дайындалғың келсе, маған жекеге «тарих» деп жаза ғой❤️
@faeramin
3 661
+2
Қалай өзім дайындалып,
1,5 айда Қазақстан тарихынан 19/20 алдым?
Алдымен шағын хикая. Мен ҰБТ-ға дайындалмай жүрдім, өйткені ҰБТ-дан гөрі НУ-ға түсемін деп сенімді болдым. Бірақ НУ-ға баллым жетпейтінін білгенде, ҰБТ-ға небәрі 1,5 ай қалғанын түсіндім.
Қорқынышты, иә? 🥲
Тарихтан миымда түк жоқ. Бірақ енді отыра беруге болмайды, әрекет ету керек болды.
Сондықтан өзіме нақты дайындық жүйесін құрып алдым.
Келесі 1,5 ай бойы күн сайын мектеп оқулығын оқыдым. Өзімді өзім мәжбүрлеп, күн сайын дисциплинамен оқыдым.
Алдымен қиын сөздер мен оқиғалардың контекстін түсінуге тырыстым. Түсінгеннен кейін ғана маңызды ақпараттарды жаттадым.
Сосын оқығанымды квиздер мен тесттер арқылы бекіттім. Әр аптаның соңында пробный тапсырып, қай жерде қателесіп жүргенімді қарап отырдым.
Біртіндеп пробныйдан 18-19 алып жүрдім. Ал нақты ҰБТ-да қалаған нәтижеме жетіп, 19/20 алдым.
3 661
Достар, бүгін қалай Қазақстан тарихына 1,5 ай өзім дайындалып 19/20 алғаным туралы айтқым келеді🇰🇿📜💯
Any reactions 🫦
3 661
+5
Мен бұрын мамандықтан қателескен адам ретінде қазір қай мамандықты таңдадым?🙂↔️
Өте қызық болар👇🏻
Менін программам - Media Technology
Иә, иә, именно осы үшін ғана екінші рет ұбт тапсыруга өзімді мәжбүрледім, еще АЙТУ-ға түстім. Бұл программа болмағанда биыл
ешқайда түспес ем ба деймін, себебі өзіме осы ғана кызык. Вообщем…🎬🎞️
Медиа технологиялар - технология мен шыгармашылыкты біріктіретін мамандық.
Қарапайым тілмен айтканда, мұнда видео, кино, анимация, графика, дыбыс, визуалды контент жене цифрлык медиа жасауға қажет технологияларды үйренесің.
Өте қызық программа, қызық болса ғаламтордан зерттеп көріңіздер🪄
