fa
Feedback

فریب کلاهبرداران را نخورید! تل‌متریو این کانال‌ها را شناسایی و برچسب‌گذاری می‌کند 👉 برای مشاهده برچسب، اشتراک تهیه کنید

faeramin | student 🔭

faeramin | student 🔭

رفتن به کانال در Telegram

Астана 🧘🏻‍♀️🪷🍵 Жастарға қазақша контент🇰🇿 Beauty & brain girl goal 🧠🕊️ Ұсыныстар - direct

نمایش بیشتر
3 649
مشترکین
+224 ساعت
+67 روز
-1030 روز
آرشیو پست ها
Асыра сілтегенім емес, бірақ, кітабымның концепциясы мықты шығып жатыр.🥹 Жанры ~ Young Adult, ғылыми фантастика, жасөспірімдік антиутопия, детектив болады. Бегущий в лабиринте, Гарри Поттер, Сумерки, Уенсдей секілді жасөспірімдер сүйіп оқитын шығармалардай қызықты сюжетке, ерекше кейіпкерлерге, үлкен конфликттерге ие~ Арнайылап жасөспірімдерге жазып жатқандықтан, оларға не ұнайтынына фокус қоюдамын. Айтқандай, романтика да міндетті түрде болады🙂‍↕️💗 Өткен 1 айымды шығарманың канонын, кейіпкерлерін ойлап табуға жұмсадым. Қазір, тараулардың өзін жазуға біртіндеп көштім. Әрине, ұзақ уақыт алатын үлкен жоба десе де, процесс қазір ұнап жатыр. Алда продакшн барысымен бөлісетін посттар да салып отырамын. Сондықтан, менімен бірге болыңыздар📚 Ал кітаптың нақты не туралы екенін, логлайнын кейін хабарлаймын. Қазір айтайын десем спойлер болып кете ме деп қорқамын, бұған да уақыт керек екен🥢 Университеттегі оқуымен қатар, блог жүргізуді, кітап жазуды бірге алып жүрген адам ретіндегі кейсім сіздерге алда шабыт береді деп сенемін. 🙂‍↕️💗

Қалайсыздар? Жаңалық айтамын деп қайтадан жоғалып кеттім ғой🙂‍↕️ Менде триместр аяқталып жатыр, осы соңғы аптамызда рубежкал
+5
Қалайсыздар? Жаңалық айтамын деп қайтадан жоғалып кеттім ғой🙂‍↕️ Менде триместр аяқталып жатыр, осы соңғы аптамызда рубежкалар жазып, келесі аптада тіпті сессия тапсырамыз😑 Сондықтан, оқу жағы қарбалас болып кетті. Бірақ, қазірден рубежкаларымнан жақсы баллдар алып жатырмын. Ол жағы аса үлкен мәселе емес. Бұрыңғыдай синдром отличника жоқ болғасын, баға аса үлкен басымдық бермеймін. 🤗 Ал жаңалыққа келсек ~ Инста мен тиктокта 1 ай бұрын айтқанымдай, мен қазір өзімнің дебюттік фантастикалық романымды жазып жатырмын🙂‍↕️ Бұйырса, 6-7 ай осы шығарманы кітапқа басып шығарып, оқырмандарға жөнелту жоспарымда. Кітап қазақ тілінде болады, байқауымша, ана тіліміздегі отандық фантастика жанрындағы шығармалар жоқтың қасы. Әсіресе, заманауи, YA аудиториясы бос ниша болып тұр. Неге екенін білмеймін, дәл осыны өзім қолға алып, танымал қылғым келеді😆 Қанша дегенмен медиа студентімін, блог жүргіземін, болашақта сценарист болуды армандаймын. Әрі менің кітабымды алып оқитын жандардың табыларына 100% сенімдімін.

Таңертең универге барар жолда өзімше өмірге шағымданып келе жатқам: бітпейтін рутина, суық ауа райы, сенбі күнгі таңғы 08:00-
+5
Таңертең универге барар жолда өзімше өмірге шағымданып келе жатқам: бітпейтін рутина, суық ауа райы, сенбі күнгі таңғы 08:00-дегі паралар... Сосын университеттің кіреберісінде студенттерден ақша сұрап тұрған баспанасыз кісіні көзім шалды. Мен жылы ғимараттың ішіне кіріп кеттім, ал ол болса далада қала берді. Соны көргенде әлгі шағымдарымның бәрі бір заматта басылды. Маған әбден етім үйреніп, үйреншікті болып кеткен қарапайым нәрселер кей адамдар үшін мүлде жабық есік екен ғой... 💔 Қалайсыздар?🥢 Мен оралдым, жаңалығым да бар😷

Сонда мені ешкім іздемей ме? Тырысып қалдым 😔

2. Әдеттер трекері Бұл өз-өзіңді бақылау және миды «дофаминмен» қуаттау құралы. Қымбат блокноттың мүлде қажеті жоқ, кәдімгі 1000 теңгелік трекер немесе дәптер жетеді. Оған күнделікті жасағың келетін 5-6 негізгі әдетті жазып қоясың (мысалы: ерте ояну, кітап оқу, су ішу, сабақ қарау). Әр орындалған күнге галочка немесе бояу қойған сайын мида дофамин бөлінеді. Сен кішкентай жеңісті сезінген сайын, ол әдетті ертең де қайталағың келіп тұрады. Осылайша жақсы әдеттер өздігінен қалыптасады. 3. Бір тақырыпты терең зерттеу (Конспект күнделігі) Бұл үстіртін білімді нақты сапалы сараптамаға айналдыру жолы. Өзіңді қатты қызықтыратын бір тақырыпты таңдайсың (мысалы: манифестация, тайм-менеджмент, психологикалық фактілер немесе тіл үйрену). Содан соң сол тақырып бойынша оқыған кітаптарыңды, қараған видеоларың мен курстарыңды жай ғана көріп кетпей, жеке дәптерге өз сөзіңмен конспектілеп отырасың. Бұл әдіс ақпаратты мида 80%-ға артық сақтауға көмектеседі. Ал керек кезде қолыңда дайын «сараптама кітапшасы» тұрады.

Мен өмірімді өзгерту үшін рассрочкаға курс алмадым, тек күнделік жазу арқылы жүйелеуді үйрендім. Күнделік ол тек проблемаңды
+1
Мен өмірімді өзгерту үшін рассрочкаға курс алмадым, тек күнделік жазу арқылы жүйелеуді үйрендім. Күнделік ол тек проблемаңды жазатын парақ емес, сенің көмекшің бола алады. Сондықтан төменде сіздерге күнделік жазудың ең қызық/пайдалы 3 әдісімен бөлістім💗👇🏻 1. Өзін-өзі бағдарламалау күнделігі Бұл өз ойың мен әрекеттеріңді қалаған өміріңе бұру әдісі. Сенің қазіргі өмірің бұрынғы ұстанымдарыңның нәтижесі. Егер өміріңді өзгерткің келсе, бұрынғы ойлау жүйеңді өзгерту керек. Күнделікке 3 сұраққа жауап жазасың: Мен қандай адаммын? Болғың келетін образды осы шақта жазасың («Мен көп кітап оқитын, сабырлы адаммын»). Қандай адамға айналып барамын? Жаман әдеттен жақсы әдетке өту процессорын жазасың («Телефонымды азайтқан сайын, дамитын адамға айналып барамын»). Ол үшін бүгін не істеуім керек? Нақты бір кішкентай қадам («Бүгін 20 бет кітап оқимын»). Кейін мұнда арман-тілектеріңді де «орындалып қойғандай» етіп жаза бересің. Ми бұл жазбаларды шындық деп қабылдап, соған сай әрекет ете бастайды.

sticker.webp0.54 KB

Менде рубежкалар аптасы сәтті аяқталды! Баллдарым көңілімнен шығып жатыр. Және алда рубежка тапсыратын жандарға ең маңызды 5
+1
Менде рубежкалар аптасы сәтті аяқталды! Баллдарым көңілімнен шығып жатыр. Және алда рубежка тапсыратын жандарға ең маңызды 5 кеңеспен бөлісейін: 1. Мұғалімнің талаптарына фокус қой. Жоғары балл алғың келсе, оқытушыдан алдын ала рекомендация сұрап ал: «Жоғары балл алу үшін не істеуім керек?» деп тура сұра. Немесе силлабус пен тапсырма критерийлерін мұқият оқып, дәл солардың пункттерін орында. Мұғалім өзі берген критерий бойынша бағалайды! 2.Топтық жұмыстарда лидер бол. Басқалар үшін емес, бірінші кезекте өзің үшін. Бұл саған тақырыпты тереңірек түсінуге және баллыңды көтеруге көмектеседі. 3.Общагада немесе үйде ұйқың келе берсе сыртта оқы. Кафеде немесе кітапханада оқысаң, өзіңді жалғыз сезінбейсің. Жан-жағыңдағы дайындалып жатқан студенттерді көріп, күшті стади-атмосфера аласың. 4.Өзіңе қызық оқу челлендждерін ойлап тап. Мысалы: «Осы мұз ерігенше оқимын», «Таймер 5 сағатқа жеткенше» немесе «Кафе жабылғанша» деген сияқты. Азарт ең күшті мотиватор!🙂‍↔️💗

sticker.webp0.34 KB

"Неге тілді қағаз кітаппен оқыған электронды форматтан тиімдірек?👇🏻 1)Мотивацияны оятады: Кітаптың иісі, сапалы парақтар мен әдемі мудборд сияқты мұқаба оқуға деген ерекше шабыт береді. Кітапханада немесе уютный кофеханада эстетичный фото жасап, атмосфераға енудің өзі бір эстетика.💗 2)Прогресті көзбен көресің: Оқыған сайын беттердің оң жаққа ауысқанын, закладканың алға жылжығанын көру ең күшті дофамин! "Бүгін тағы 20 бетті еңсердім" деген сезім өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады.💗 3)Инвестиция ақталуы керек: Тегін жүктеп алған PDF телефонда шаң басып жата береді. Ал өз ақшаңа сатып алған әдемі кітапты жайдан-жай қалдыра алмайсың, ақшамды ақтауым керек деген ішкі ниет соңына дейін оқып шығуға итермелейді.💗 4)Шынайы фокус: Телефонды бір жаққа ысырып қойып, кітаппен оңаша қалу миды демалдырып, сөздерді тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.💗 Бұл менің жеке ойым, әркім өзіне ыңғайлы нұсқаны таңдайды~ Ал келесіде арзан кітаптарды қайдан алса болады, сол туралы жазамын🙂‍↔️🫦

Достар, менің жаңалығым бар: Бізде универдің 1-курсы аса қызықты өтіп жатқан жоқ. Себебі мамандық бойынша тек 1 дисциплина(ол
+5
Достар, менің жаңалығым бар: Бізде универдің 1-курсы аса қызықты өтіп жатқан жоқ. Себебі мамандық бойынша тек 1 дисциплина(ол қатты қызық), қалғандары жай базовый курстар ғана. Сондықтан, мен алдағы 6 ай бойы өмірімді толтыратын іс таңдадым. Ол шет тілдерін хардкор режимде оқу. 🇬🇧🇹🇷🇰🇷 тілдері~ Универде кәріс тілін оқимын, түрік тілін бұрын бастағанмын, ағылшын тілін С1-ге жеткізу керек. Уже блогымды осы арнаға бұрып, кітаптар тапсырыс еттім. Меніңше, мен сияқты дамығысы, тіл үйренгісі келетіндерге қызық әрі пайдалы болады. Бүгін бірінші пайдалы постым болсын:

sticker.webp0.30 KB

Сабақ оқуға отырғанда фокусты қалай ұстаймыз? 👇🏻 Әлеуметтік желілерге кіріп кетіп, уақыттың қалай өткенін байқамай қалатын
+4
Сабақ оқуға отырғанда фокусты қалай ұстаймыз? 👇🏻 Әлеуметтік желілерге кіріп кетіп, уақыттың қалай өткенін байқамай қалатын сәттер таныс па? Фокусты ұстап тұру үшін ерік-жігер емес, жүйе керек: 📌 Физикалық шектеу: Телефон жаныңызда жатса, ми оны «жеңіл допамин» көзі ретінде көреді. Оны басқа бөлмеге немесе сөмкеге тығыңыз. 📌 «Не тревожить» режимі: Барлық хабарламаларды өшіріңіз. 📌 Уақыт блогы: 25 минут сабақ + 5 минут демалыс (Pomodoro). 📌 Ой дәптері: Кенеттен ойға келген заттарды қағазға жазып қойып, сабақтан соң қараңыз. 📌 Видеоға түсіру: таймлапс режимінде өзіңізді видеоға түсіріңіз, видеоларыңыз кейін өзіңізге мотивация болады, және телефонға қолжетімділік болмағасын кіріп кетпейсіз. 📌 Таймермен оқу: миымыз физикалық нәтижені көргенді ұнатады, егер 60 минутқа таймер қойып фокуспен оқып, нәтижесін көрсетсеңіз миыңыз тағы қайталауға мотивация алады.

sticker.webp0.56 KB

Емтиханға дайындық кеңестер🍁 Келесі апта бізде рубежкалар басталады😔🙏🏻
+7
Емтиханға дайындық кеңестер🍁 Келесі апта бізде рубежкалар басталады😔🙏🏻

sticker.webp0.51 KB

Мектептен/универден шаршап келгеннен кейін де қалай оқуға болады?📚🍁📍 Күні бойы сабақта отырып келгенде бірден кітап ашып,
+5
Мектептен/универден шаршап келгеннен кейін де қалай оқуға болады?📚🍁📍 Күні бойы сабақта отырып келгенде бірден кітап ашып, 3 сағат оқуға отыру өте қиын. Сондықтан алдымен ми мен денеге демалып алуға мүмкіндік бер👇🏻 Біріншісі - қысқа ұйқы. Қатты шаршасаң, үйге келе сала 10–15 минут көз іліп ал. Бірақ ұйқыны ұзартпауға тырыс, әйтпесе одан сайын мең-зең болып оянасың. Екіншісі - жылы тамақ іш. Аш болып отырып сабақ оқу да қиын. Алдымен дұрыс тамақтанып ал да, содан кейін оқуға отыр. Үшіншісі - кішкентай уход жаса. Бетіңді жуып, киіміңді ауыстырып, өзіңді сергітіп ал. Бұл миға «универ/мектеп бітті, енді басқа режим басталды» дегендей сигнал береді. Төртіншісі - бірден бірнеше сағат оқимын деп жоспарлама. Помодоро техникасын қолдан: мысалы, 25 минут оқу + 5 минут демалу. Біртіндеп бірнеше цикл жасай аласың. Бесіншісі - денеңді де ұмытпа. Күні бойы отырып келген соң 5–10 минут созылып, көзге арналған жаттығулар жасап, иық пен мойынды қозғалтып ал. Денең жеңілдесе, сабаққа қайта отыру да оңайырақ болады.

پیام ویدیو00:09

Универ/мектепті романтизациялап, выгорание-ден сақтану үшін: Универ/мектеп тек сабақ, дедлайн және емтиханнан тұрмауы керек.
+5
Универ/мектепті романтизациялап, выгорание-ден сақтану үшін: Универ/мектеп тек сабақ, дедлайн және емтиханнан тұрмауы керек. Әйтпесе күйіп кетуің мүмкін🥹🍂 Оны романтизациялап, көңіл-күйіңді бақылап отыру өз қолыңда. Өміріңді оқудан басқа осы заттарға толтыруды ұсынамын👇🏻 ☕️ Сабаққа сүйікті сусыныңмен бар(кофе, шай, лимонад) 🎧 Жолға арнайы плейлист жаса(әсіресе күздік вайбтағы) 📖 Сабақ арасында өзіңе ұнайтын кітапты оқы(әсіресе әдебиет, өмір тек пайдалы заттан тұрмауы керек) 📸 Күнделікті кішкентай сәттерді суретке түсір(кейін жылулықпен еске аласың, тг канал ашып сақтап отырсаң болады) 🌿 Аптасына кем дегенде бір рет өзіңе ұнайтын нәрсемен айналыс(шоппинг, сериал қарау, сурет салу, жүгіру т.б) Мектептен/универден бөлек те өмірің болсын🍁 Әр күніңді «тағы бір тапсырманы жабу» емес, өміріңнің бір эпизоды ретінде қабылда. Универді/мектепті жақсы көру міндетті емес. Бірақ осы кезеңнен өзіңе әдемі естеліктер жасау өз қолыңда. 🤍

Бір нәрсені түсіндім: Қазақстан тарихынан жақсы нәтиже алу үшін міндетті түрде қымбат курс сатып алу керек емес. Егер материал, дұрыс жүйе және өзіңді оқуға мәжбүрлейтін дисциплина болса, өз бетіңмен де дайындалуға болады. Сондықтан кейін дәл осындай дайындық жүйесі керек оқушыларға арнап жабық канал аштым. Каналдың ішінде Қазақстан тарихының кітаптары, база, квиздер, тесттер және қалай оқу керегіне арналған дайын жүйе бар. Бонус ретінде өзімнің МС-дан конспекттерімді де қостым. Келесі аптада каналды жаңартып, тағы да жаңа материалдар қосамын. Қазір каналға 2490 теңгеге қосылуға болады, ал қолжетімділік мәңгілікке. Егер өз бетіңмен Қазақстан тарихына дайындалғың келсе, маған жекеге «тарих» деп жаза ғой❤️ @faeramin