ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
Open in Telegram
Қазақстандағы және әлемдегі ғылым жаңалықтары. Ғылыми-танымдық ақпарат. Арна авторы: Дина Имамбай, журналист, ғылымды насихаттаушы.
Show more1 273
Subscribers
No data24 hours
-77 days
-1530 days
Data loading in progress...
Similar Channels
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
September '26
September '26
+5
in 0 channels
August '26
+35
in 0 channels
Get PRO
July '26
+40
in 0 channels
Get PRO
June '26
+25
in 0 channels
Get PRO
May '26
+16
in 0 channels
Get PRO
April '26
+32
in 0 channels
Get PRO
March '26
+50
in 1 channels
Get PRO
February '26
+21
in 0 channels
Get PRO
January '26
+27
in 1 channels
Get PRO
December '25
+24
in 0 channels
Get PRO
November '25
+33
in 1 channels
Get PRO
October '25
+29
in 0 channels
Get PRO
September '25
+12
in 1 channels
Get PRO
August '25
+28
in 0 channels
Get PRO
July '25
+30
in 0 channels
Get PRO
June '25
+27
in 0 channels
Get PRO
May '25
+38
in 2 channels
Get PRO
April '25
+72
in 0 channels
Get PRO
March '25
+324
in 4 channels
Get PRO
February '25
+47
in 4 channels
Get PRO
January '25
+119
in 3 channels
Get PRO
December '24
+302
in 3 channels
Get PRO
November '24
+36
in 0 channels
Get PRO
October '24
+30
in 1 channels
Get PRO
September '24
+57
in 1 channels
Get PRO
August '24
+47
in 0 channels
Get PRO
July '24
+35
in 0 channels
Get PRO
June '24
+25
in 0 channels
Get PRO
May '24
+33
in 0 channels
Get PRO
April '24
+187
in 2 channels
Get PRO
March '24
+85
in 0 channels
Get PRO
February '24
+45
in 3 channels
Get PRO
January '24
+32
in 0 channels
Get PRO
December '23
+267
in 2 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 08 September | 0 | |||
| 07 September | +1 | |||
| 06 September | 0 | |||
| 05 September | +1 | |||
| 04 September | 0 | |||
| 03 September | +2 | |||
| 02 September | 0 | |||
| 01 September | +1 |
Channel Posts
Балабақшада орын жетіспеушілікті 5-6 жасар балаларды мектепке “тоғытумен” шешу дұрыс емес. Мектепті балабақша жасауды тоқтату керек.
Биліктегілер бала 7 жасқа толғанша балабақшада тәрбиелене алатындай жағдай жасауы керек.
Бала психологиясымен, бала денсаулығымен ойнауға болмайды!
| 2 | 📖 Бала психологиясымен, бала денсаулығымен ойнауға болмайд
Айгүл Жұмаділ, бастауыш сынып мұғалімі, ақын:
Қазіргі балаларды 5-6 жастан жылатып-еңіретіп, сүйреп әкеліп жүр ата-аналар. Ойыны қанбаған, зейіні шоғырланбаған, қабылдауы тұрақтанбаған баланың оқуға қайдан құлшынысы болсын?
Ынта-ықылассыз алған білім зердеге тоқылмайды, бос уақыт өткізу. Жасына лайықсыз ауыр материал баланы жалықтырады, психологиясын бұзады, өзін қабілетсіз сезіндіреді.
Бала 5 жаста күрт ширақ, пысық болып кетеді. Ата-аналар осыған “алданып” қалады. “Менің балам бәрін біліп тұр”, оқуға дайын деп ойлайды. Бірақ бұл толық тұрақтылық емес. 6 жаста балалардың қабылдауы, зейін тұрақтылығы “тоқырайды”. Баланың қабылдауы 7 жаста толық тұрақталады, білуге-үйренуге ғана емес, зердеге тоқуға да дайын болатын кезең - осы 7 жас. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген.
👇🏻👇🏻👇🏻 | 90 |
| 3 | Картоп сортының оригинаторлары:
Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-дің «Қайнар» аймақтық филиалы – 50%.
М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты – 50%.
Жаңа сорттың авторлары: Шарипова Д.С. – 15%, Токберенова Ж.А. – 15%, Шарипов К.О. – 15%, Карпова О.В. – 15%, Қошмағамбетова М.Ж. – 10%, Сейтмұратов Б.Ж. – 10%, Қойбағаров Е.С. – 10%, Балғабаева Р.К. – 5%, Шанина Е.П. – 5%. | 130 |
| 4 | «Айтхожин» – ерте пісетін, жоғары өнімді жаңа картоп сорты. Жаңа сортты әзірлеушілердің бірі, докторант, жас ғалым Меруерт Қошмағамбетова былай дейді:
– Картоп – маңызды
ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі, қазір елде 150-ден астам сорты тіркелген. Бірақ сорттың көп болуы тұрақты әрі жоғары өнім алуға кепілдік бермейді.
✔️ Саладағы негізгі мәселенің бірі: тұқымдық материалдың фитосанитарлық жағдайы және вирустық аурулардың таралуы. Картоп дақылы вегетативті жолмен көбейетін болғандықтан, вирустар залалданған түйіндер арқылы келесі ұрпаққа беріледі. Соның салдарынан тұқымның сапасы мен жалпы өнімділігі төмендейді.
Сондықтан басты мәселе –
жаңа сорттың санын көбейту емес, жергілікті топырақ жағдайына бейімделген, жоғары өнімді, ауруларға төзімді отандық сорттар шығару және олардың тұқым шаруашылығы жүйесін қалыптастыру.
🥔Жаңа «Айтхожин» сортының шығарылуы отандық селекция үшін ерекше маңызға ие. Жаңа сорт ерте піседі, өнімділігі жоғары, картоптың мозаикалық X вирусына (PVX), альтернариоз бен фузариозды солу ауруларына төзімді. Алдағы уақытта бұл сортты мемлекеттік сорт-сынаққа ұсыну, селекциялық жетістік ретінде құқықтық қорғау және патент алу, одан әрі бастапқы тұқымдық материалын өндіру – біздің негізгі мақсатымыз.
✔️ Түпкі мақсат – импорттық материалға тәуелділікті төмендету, отандық сорттардың үлесін арттыру, тұқым шаруашылықтарын фитосанитарлық тұрғыдан таза, сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету, картоп өндірісінің тұрақтылығы мен өнімділігін арттыру.
👇🏻👇🏻👇🏻 | 112 |
| 5 | 📣 Азық-түлік дақылдары арасында халық көп тұтынатын дақылдың бірі – картоп. Картоп еліміздің көптеген аймағында өсіріледі.
✔️Осы тұста айта кететін жайт: Қазақстанда егіс алқабының көлемі – 23 миллион гектар. Жыл сайын 2 миллион тонна тұқым керек. Өкінішке қарай, тұқымдық материалдың 80-90 пайызы импорт, яғни шетелден сатып алынады. Мысалы, осы импорттың 25 пайызы Ресейге, қалғаны Қытай және т.б. елдерге тиесілі.
🥔 Картоп та солай, шаруашылықтар қымбат тұқымды Ресейден, Нидерландыдан сатып алады. 100 тонна тұқым 30 гектарға жетеді екен. Шетелдік тұқымның сапасы, біздің топырақта қалай өсетіні бөлек тақырып. Вирустар, өсімдік аурулары деген де бар.
Отандық тұқым сорттарының аздығы біздің селекционер ғалымдардың кінәсі емес. Бұл осы салада соңғы отыз бес жылда қалыптасқан жағдай.
Кейінгі жылдары ғана селекцияға – отандық тұқым өндіруге көңіл бөліне бастады. Соның көрінісі: Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен М.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ғалымдары бірлесіп, картоптың жаңа сортын әзірледі.
👇🏻👇🏻👇🏻 | 123 |
| 6 | 📣 Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері
🔹Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
🔹Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
🔹Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
🔹Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.
🔹XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.
🔹Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ.
🔹Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір.
🔹Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
🔹Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
🔹Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.
🔹Біреу — жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу — маңайымдағы елім жаман дейді. Бұлардың бәрі де бос сөз! Абақтыдан жайсыз орын жоқ, онда да отырып жұмыс істеуге болады.
🔹Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
🔹Мойныңдағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. | 158 |
| 7 | 5 қыркүйек – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
Ахмет Байтұрсынұлы – мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, түркітанушы, публицист, педагог, ақын, аудармашы, Алашорда өкіметінің мүшесі (1872-1937 жж.).
1905 жылғы Қарқаралы петициясы авторларының бірі.
Тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарушы.
Қазақ ұлттық мемлекеті идеясын жасаушылардың бірі.
Қазақ мемлекеттік педагогика институтының профессоры.
Бакуде өткен Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың төралқа мүшесі.
«Әдебиет танытқыш» зерттеуі – қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек.
Қазақ ғылымы тарихындағы ұлттық әліпби авторы.
«Тіл – құрал» атты қазақ тілінің тұңғыш оқулығының авторы.
Ахмет Байтұрсынұлы – Академиялық орталық, ғылыми-әдеби комиссия, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамын құрушы, яғни бүгінгі ғылыми ұйымдардың негізін қалаушы. | 143 |
| 8 | Жасанды интеллект «жауап беруден» жұмысты толық орындауға көшіп жатыр
3 қыркүйекте OpenAI компаниясы жаңа GPT-6 Astra моделін таныстырды.
Компания оны салық құжаттарын дайындау, бағдарламалау, архитектуралық визуализация, заңдық құжаттарды форматтау, іздеу және басқа көпсатылы жұмыстарды өздігінен орындайтын enterprise agent ретінде позициялап отыр.
Reuters келтірген OpenAI сынағында бір жұмыс іздеу тапсырмасына адам шамамен бес сағат жұмсаса, Astra оны 2 минут 51 секундта орындаған.
Бірақ осы жаңалықтың ең маңызды бөлігі benchmark емес. OpenAI Astra-ның кей жағдайда өз reasoning іздерін жасыруға бейімділігі күшейгенін, сондықтан модельдің нақты не істегенін кейін тексеру қиындай түсетінін айтты. Компания автоматты shutdown тетіктерін де әзірлеп жатыр.
Неге маңызды: AI экономикасының интерфейсі тағы өзгереді. Chatbot дәуіріндегі «маған жауап бер» біртіндеп «осы жұмысты басынан аяғына дейін жасап бер» моделіне ауысады. Тимур Бектұр. | 181 |
| 9 | 📣 Төр Алтайдағы Риддер қаласында көптен күткен "Шаңырақ" мектебі ашылды.
Құтты болсын!
Бүкіл қаладағы жалғыз қазақ мектебі.
Фото: Әскерхан Ақтай. | 242 |
| 10 | 📚 Омыртқалылар зоологиясы бойынша қазақша жаңа оқу құралы.
Авторлары: Данияр Тағаев, М.Салқымбаева.
Фото: Д. Тағаев. | 207 |
| 11 | ☀️ Бағана ғаламдық апат болса қауіпсіз ел Австралия деген ақпарат жазып едік.
Әлемде күн энергиясын өндіру бойынша көшбасшы осы ел екен.
Инфографикада бір тұрғынға шаққанда күн энергиясын әзірлеу бойынша топ-елдер көрсетілген. Австралия– абсолют көшбасшы. Адам басына 1 880 кВт-сағаттан келеді. Бұл елде үйлердің шатырында күн қуатын алатын құрылғылар көп және декарбонизация саясаты жақсы дамыған.
Бұл рейтингте Қазақстан жоқ.
Күн сәулесі мол ел болсақ та қуатын аз пайдаланамыз.
Инфографика: Мұнай-газ кеңесі. | 224 |
| 12 | Білім күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек бес жас ғалымға пәтер сертификатын табыстады. Пәтерлер өтеусіз негізде беріледі. | 226 |
| 13 | 📣 Ғылым жаңалықтары
🌏 AGI – адамзат дамуының барысын өзгертетін жалпы жасанды интеллект әзірленеді. Бұл жөнінде OpenAI компаниясының басшылығы мәлімдеді. Бұндай ЖИ адам деңгейінде міндеттерді орындайды, ол да адам сияқты абстрактілі ойлап, себеп-салдарды байланыстары алады.
🍎АҚШ профессоры жеміс, көкөніс пен дәнді дақылдардың адамға пайдасы азайғанын айтты. Вашингтон университетінің геолог ғалымы Дэвид Монтгомери – «Сіздің тамағыңыз немен тамақтанды» деген кітаптың авторы. Ол мыңдаған зерттеуді қорыта келе, азық-түлік өнімдерінің құрамында минералдар мөлшері азайғанын анықтады.
🌾 Швейцария ғалымдары топырақтың маңызын көрсету үшін қызық сынақ жасады. Олардың тапсырмасымен 2000 адам іш киімін топыраққа көмді. Екі айдан соң қазып алған киімдерді ғалымдарға берді. Осылайша Цюрих
Университетінің ғалымдары топырақтың сапасы мен ондағы ағзалар туралы жаңа мәлімет алып, жаңа тұжырым жасады. Неліктен ішкиім? Өйткені адамдар ғылыми зерттеулерге қатысуға қызығушылық танытпайды.
🛰️ NASA ғарышқа төңкеріске тең телескоп жөнелтті. Оны «Хабблдың» анасы саналатын әйелдің құрметіне «Нэнси Грейс Роман» деп атады. Аппарат 4 миллиард доллар тұрады және ол SpaceX Falcon Heavy зымыранының бортымен ұшырылды. Хаббл 35 жылда ғарыш туралы 400 терабайт мәлімет жинаған. Ал "Роман" 500 терабайт жинамақ.
🍣 Әкесі фастфудті көп жесе – болашақ сәбиінің денсаулығына әсер етеді. Сан-Паулу университеті ғалымдарының айтуынша, ультра өңделген тағамдар адам ағзасында эпигенетикалық өзгерістер туғызады.
📱Скриншотқа әуестенбеңіз – тез ұмытасыз. Бингемтон университеті психологтары жүргізген сынаққа қарағанда, скриншот жасап сақтау жадыны нашарлатады.
🩺 Әлемде 34 млн медицина қызметкері жетіспейді. Дәрігер, медбике, акушер, тіс дәрігері, фармацевтер барлық елде тапшы. Тағы бір дерек: дәрігерлердің 71 пайызы әйелдер.
👼🏻Балалардың тілі кеш шығуы – ата-анасының гаджетке шектен тыс тәуелділігінен. Осло және Берген университеті зерттеушілері 5-7 жастағы мың шақты баланы 3 жыл бойы бақылады. JAMA Pediatrics журналына шыққан қорытындыда телефоннан бас алмайтын ата-аналар баласымен әңгімелеспейтінін көрсетілген.
🌳Қаладағы үлкен ағаштар жойылса – адам өлімі де артады. Көшелердегі бұрынғы ағаштарды сақтау керек, олар оттегі мен көлеңке береді. Асфальтты қызудан қорғайды. Ағаш азайса, әсіресе жүрегі мен өкпесі ауыратын адамдарға қиын. Мақала GeoHealth сайтында.
💫SpaceX әлемдегі ең ірі ғарыш айлағын салады. Оның құны – $100 млрд. Луизиана штатында салынатын Starbase Louisiana айлағы салынған соң жылына мыңдаған миссия ғарышқа аттанады. Қазір жылына бүкіл әлемде 250 зымыран ұшырылады. Илон Маск келешекте ғарышқа ұшу ұшақпен ұшумен бірдей болады дейді.
🌏 Ғаламдық катастрофа болған жағдайда қай ел қауіпсіз? Ғалымдардың айтуынша, бұл – Австралия. Германияның Хаген университеті ғалымдары ядролық қыс болған жағдайда осы елде аш қалмауға болады деген тұжырым жасады. Зерттеу Global Challenges журналына шыққан.
🏔️Ғалымдар: Непалдағы мұз селінің себепкері – жаһандық жылыну. Әлемдегі ең үлкен мұз қоры Гималай тауларында. Енді олар да еріп жатыр. | 221 |
| 14 | 📣 Бүгін– Білім күні
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер мен жоғары оқу орнына түскен талапкерлердің қадамы құтты болсын! Зейіндері ашылып, білім жолында жетістікке жете берсін! 💐💐💐💐💐💐💥💥💥 | 226 |
| 15 | Бүгін Түркияда Студенттерге рақымшылық жасау туралы ережені қамтитын заң Ресми газетте жарияланды және күшіне енді.
Жаңа ережелерге сәйкес, басқа адам жазған диссертация, мақала, кітаптар немесе жобалар негізінде академиялық дәреже немесе атақ алғандардың дәрежелері мен атақтары қайтарып алынады, онымен қоса университеттегі оқытушылықтан кетіріледі.
Біреуге ғылыми жұмыс жазғандар мен жазғызғандар сот арқылы жазаланады. | 420 |
| 16 | ЖИ-ді пайдаланудың да жөні бар ғой
«Қазақстан Республикасының көмірхимия кластерін дамыту стратегиясы» мәтінінің 80 пайызының авторы ChatGPT екен.
Шенеуніктер өз интеллектін де іске қосуды ұмытып кеткен бе...
2026-2031 жылдарға арналған ҚР көмірхимия өнеркәсібін дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы биыл 30 сәуірде Үкіметте қаралған болатын. | 381 |
| 17 | 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантын иеленді.
Төрт жыл бұрын да 70 мыңдай грант бөлінген болатын, олар биыл дипломдарын қолына алды.
Бірақ жұмыс табу жағынан көпшілігінің маңдайы тасқа тиіп жатыр. Мамандық бойынша жұмыс табу оңай емес. Мамандықтар мен нақты жұмыс орындары арасында сәйкессіздік бар. Тағы бір себебі – оқу барысында берілетін тәжірибе жеткіліксіз, ал жұмыс берушілер бірнеше жылдық еңбек өтілін талап етеді.
Ұсынылатын жалақы да жастардың көңілінен шыға бермейді. Осындай неше түрлі себептерге байланысты жастардың басым көпшілігі дипломдарын сандықтың түбіне салып, сауда кешендері мен мейрамханаларда жұмыс істеуге мәжбүр. | 361 |
| 18 | 💥 Falcon 9 зымыраны Айға соғылды
Кеше оның екінші сатысы Ай бетіндегі Эйнштейн кратерінің маңына құлады.
SpaceX зымыраны ғарышқа Blue Ghost және Resilience аппараттарын шығарғаннан кейін бір жарым жыл бойы аспанда мәңгіріп бостан-босқа сандалып жүрді.
Отын жетіспеушілігінен ол не Жерге қайтып орала алмады, не атмосферада жанып кете алмады. | 320 |
| 19 | 🌱Ғарыштағы астық науқаны
Тайконавтар мамыр айында «Тяньгун» станциясына жеткізілген тұқымнан өсірілген күрішті жинап алды. Бұл туралы ҚХР Орталық телевизиясына сілтеме жасаған Global Times хабарлады.
🌾 Мақсат — екі түрлі әдіспен күріш өсіру және ұзақ уақытқа созылған салмақсыздық өсімдіктер генетикасына қалай әсер ететінін түсіну.
Эксперимент екі бағытта жүріп жатыр: бір топ әдеттегідей тұқым арқылы көбейсе, екіншісі — вегетативті түрде, яғни тамырынан көбейеді. Ғалымдар қай әдістің ғарышқа жақсырақ бейімделетінін салыстырады.
2022 жылы да «Тяньгунда» күріш өсірілген болатын: ол кезде 6 тұқымнан 59 тұқым алынған еді. Енді солар тағы да пайдаланылуда.
Қарашада тайконавтар Жерге тұқымды, сабақтарды және мұздатылған үлгілерді алып келеді. Бұл ғарыштық ауыл шаруашылығының ең үздік моделін таңдауға көмектеседі. | 263 |
| 20 | ✍️ Бұл жаттығулар мидың қартаюын баяулатады
Дауыстап оқу, жазу және математика егде жастағы адамдардың есте сақтау қабілеті мен зейінін сақтауға көмектеседі.
Джордж Мейсон университетінің Эмили С. Ихара бастаған зерттеушілер тобы осындай тұжырымға келді.
Ғалымдар StrongerMemory бағдарламасын қолданды: қатысушылар күн сайын 10 минуттан дауыстап оқып, қолмен жазды және қарапайым арифметикалық есептерді шығарды.
Олар кітаптар мен жазуға арналған тақырыптарды өздері таңдады. Мұндай жаттығулар жиынтығы мәтінді қабылдау, есту, ұсақ моторика мен логиканы қамтиды.
Тәжірибеге есте сақтау қабілетіне шағымданған, бірақ деменциясы жоқ, 59 жастан асқан 102 адам қатысты. Нәтижесінде олардың когнитивті тест бойынша көрсеткіштері өсті. Қатысушылардың өздері де жады жақсарғанын айтты.
Ең жақсы нәтиже — жеке өзі тұратын қарияларда байқалды. Ғалымдардың пікірінше, күнделікті тіршілікті жоспарлау миды қосымша жаттықтырады. | 221 |
