en
Feedback
ISLAMIC FINANCE - қазақша

ISLAMIC FINANCE - қазақша

Open in Telegram

Анонимді сұрақтар үшін: http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=znFLVR 🔹Процент 🔸Кредит 🔹Бизнес 🔸Қарыз 🔹Аренда және т.б.

Show more
1 086
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-230 days
Posts Archive
#offtop (тақырыптан тыс) 😅 Проектор сатылады. Модель: NEC M402H. Бағасы 220.000тг Бөліп төлеуге келісуге болады, бірақ бірін
+2
#offtop (тақырыптан тыс) 😅 Проектор сатылады. Модель: NEC M402H. Бағасы 220.000тг Бөліп төлеуге келісуге болады, бірақ бірінші төлеммен (первоначальный взнос). Қалған сұрақтар үшін @Turedin жекеме жазсаңыздар болады

Ассалаумағалейкум, Ислам экономикасы бағытында алғаш білім алып бастаған курсым. 100% тек керекті әрі пайдалы ақпарат, Шамиль ұстаз осы саладағы мықты мамандардың бірі. Сондықтан жағдайыңыз жетсе, бұл курсты міндетті турде өтуге кеңес беремін 🙂👍

Ассаламу алейкум. 1 мая 2025 года стартует курс «Исламская экономика», который теперь запускается 1 раз в год. Курс уникален тем, что: ✅ охватывает почти все темы ✅ уроки не превышают 30 минут и к ним можно возвращаться ✅ я разработал уникальные задания, 6 рубежей, которые пройдёт не каждый, а без них не будет сертификата ✅ курс прошло огромное число людей, среди них эксперты в области исламских финансов, в том числе запустившие свои курсы и проекты после обучения ✅ разные тарифы по разной стоимости, хотите минимум, пожалуйста, хотите индивидуальный подход - сделаем ✅ мы сделали график обучения, но вы можете его игнорировать, главное - сдавать задания вовремя Кстати! ✔️До 13 апреля скидка - 10%. ✔️В Инстаграм (запрещённая сеть в России) идёт конкурс с условиями. ☑️ Конкурс для подписчиков в телеграм-канале: Нужно быть подписчиком данного канала и оставить 1 комментарий «Хочу получить знания», остальные комменты будут удаляться. Я в рандомном порядке выберу победителей, услышать имена можно будет в прямом эфире 13 апреля, примерное время - 14.00. Быть онлайн обязательно! Приз: сертификат не сумму 10 000 для оплаты курса. Подробную информацию можно получить на сайте Shovkhalov.ru.

⤴️Зейнетақыдағы ақшамыз қалай көбейетінін білдік. Жинақ инвестицияға салынады, нақтырақ айтқанда — мемлекет облигация арқылы оны қарызға алып, үстемемен қайтарады. Бұл табыс шариғатта риба үкіміне жатады. Енді сұрақ: Зейнетке шыққанда сол ақшаға қолымыз жеткенде, біздің адал жарнамызға рибалық табыс араласып тұрмай ма? Иә, араласады. Адал жалақыдан ұсталса да, ол рибалық жүйеде өсіп, кейін өзімізге қайтады. Фиқһта мұндай мүлік аралас (مال مشوب) немесе мәшкүк деп аталады. Алайда бұл — адамның тікелей еркімен болған мәміле емес. Зейнетақы жүйесіне кіру — мәжбүрлі (ижбари), ал рибалық инвестиция бағытын таңдау – адамның құзырында емес. Ханафи мәзһабында мәжбүрлікпен (икраһән) араласқан рибалық табыс туралы мынадай қағида бар:
«الحرام إذا دخل في المال جبرا لا إثم فيه، لكن يجب التخلّص منه ما أمكن» «Харам мүлік малға зорлықпен (мәжбүрлікпен) араласса – күнә жазылмайды. Бірақ мүмкіндігі болса, одан арылу керек.»
Сондықтан ғалымдар былай дейді:
«Харам мен халал араласып, бөліп ажырату мүмкін болмаса, шамамен харам бөлігін садақа етіп шығару — мұсылманның тақуалығына сай амал.»
Яғни, зейнетке шыққанда шоттағы қаражаттың ішіндегі инвестициялық табыстың белгілі бір үлесін тазарту ниетімен садақа қылу керек.

Зейнетақы жинағындағы ақша рибаға араласа ма? Баршамызға мәлім, біздің жалақыдан ай сайын ұсталып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) түсетін 10% жарна кейін зейнетақы төлеміне айналады. Бұл қаражат қорда жай ғана сақталып жатпайды — ол мемлекет тарапынан инвестицияға салынады. Нақтырақ айтқанда, зейнетақы активтері мемлекеттік және корпоративтік облигацияларға орналастырылады. Облигация дегеніміз не?
Бұл — мемлекет немесе компания халықтан белгілі бір мерзімге ақша қарызға алып, сол қарызды үстемемен қайтаруға міндеттелетін қаржы құралы.
Мысалы, мемлекет:
«Маған 1 000 000 теңге бер, 5 жылдан кейін 1 200 000 теңге етіп қайтарам», – дейді.
БЖЗҚ сенің ақшаңды осындай облигацияларға салады. Нәтижесінде, мемлекет сенің қаражатыңды пайдаланып, белгілі мерзімнен кейін үстемемен қайтарады. Бұл қаражатпен мемлекет мектеп, балабақша т.б ғимараттар салуы мүикін. Мұнда табыс – жоба табысына емес, алдын ала келісілген пайыздық үстемеге негізделеді. Бұл шариғат тұрғысынан қалай бағаланады? Негізгі пікірде бұл – риба, үкім: харам Фиқһтағы негізгі мәтіндерге (المتون المعتمدة) сүйенген көпшілік ханафи ғалымдары:
«Егер қарыз үстемемен қайтарылса, бұл – риба», – деп үкім етеді. Бұған мына фиқһ қағидасы дәлел: كل قرض جر نفعا فهو ربا «Пайда әкелетін әрбір қарыз – риба (өсім)
Қазақстандағы зейнетақы жүйесі қолданатын облигациялар, мемлекетке қарыз ретінде беріліп, келісімшартта үстемемен қайтару міндеттелген. Ең жаманы қандай да бір зиянды мойындау қарастырылмаған.
Яғни бұл жерде табыс – нақты инвестициялық серіктестік емес, кепілдендірілген үстеме болып есептеледі. Мұндай келісім шариғатта риба үкіміне жатады.
Көпшілік мұсылман фиқһ кеңестері, соның ішінде AAOIFI (Ислам қаржы стандарттары кеңесі) классикалық облигацияны риба ретінде таниды. Себебі онда табыс нақты жобаға емес, алдын ала есептелген пайызға негізделеді. Ал бұған балама бар ма? Иә, бар. Шариғат классикалық облигацияға балама ретінде сұкук (sukuk) деген құрал ұсынады. Сұкук — нақты жобаға үлескерлік. Бұл құралда мемлекет халықтан қарыз алмайды, керісінше:
«Мына мектепті салуға серіктес бол. Пайда түссе, бөлісеміз. Түспесе, зиян ортақ», – дейді.
Яғни сұкукта табыс – нақты пайдаға тәуелді, ал шығын – екі тарапқа да ортақ. Бұл – шариғат рұқсат еткен серіктестік. Фиқһта мұндай келісім мудараба, мушарака, ижара секілді атаулармен белгілі.
Бұл тәсіл — қазіргі таңда көптеген мұсылман елдерінде (Малайзия, Сауд Арабиясы, Түркия) табысты қолданылып жатқан исламдық инвестиция жүйесі.
Қазақстанда да исламдық қаржы жүйесіне рұқсат беретін заңдық негіз бар. Алайда БЖЗҚ секілді ірі қаржылық құрылымдарда бұл әдістер қолданылмай отыр… Қорыта айтқанда, зейнетақы қорындағы қаражат — халық аманаты. Ол қазіргі жағдайда
классикалық облигациялар арқылы рибаға араласып отыр
Ал оны шариғатқа сай ету үшін, қарыз емес, үлескерлік негізіндегі жобалар (сұкук) қолданылуы керек. Және табыс — нақты пайдаға байланысты болуы тиіс. Зиян тәуекелі — екі тарапқа ортақ болуы шарт. Бұл мәселе фиқһтағы мына қағидамен түйінделеді:
العبرة في العقود بالمقاصد والمعاني لا بالألفاظ والمباني «Шарттағы үкім атауына емес, мақсаты мен мазмұнына қарай белгіленеді.»

Үй алуға жиналған ақшадан зекет беріледі ме?! Ақша жинап, болашақта үй сатып алғысы келетін адамның қаржысы нисап мөлшеріне (2 млн 400 мың) жетсе немесе асса, әрі бір жыл өтсе, зекет беруі парыз ба? Бұл мәселе фиқһ мәтіндерінде екі түрлі көзқараспен түсіндірілген. Бірінші пікір – зекет беріледі Мәзһабтағы негізгі мәтіндерге (المتون المعتمدة) сүйенген көпшілік ғалымдар, ақшаның болмысы өсімді мүлік (مال نامي) болғандықтан, оны қандай ниетпен ұстағанына қарамастан, егер нисапқа жетіп, жыл толса – зекет парыз деп тұжырымдайды. Бұл пікір әл-Һидая, әл-Бахр, әл-Бәдәәиғ, әл-Ми‘раж секілді сенімді қайнарлардан көрінеді. Қағида ретінде:
الزكاة تجب في النقد كيفما أمسكه، للنماء أو للنفقة Яғни, ақша – өсімге жарамды мүлік ретінде қарастырылады, оны үйге, нәпақаға жұмсау ниеті зекетті тоқтатпайды.
Екінші пікір – зекет берілмейді Кейбір ханафи ғалымдары, соның ішінде Ибн Мәләк, егер ақша нақты түрде адамның негізгі қажеттілігіне (الحاجة الأصلية) арналса, мысалы үй, қарыз, кәсіп құралы секілді нәрселер, онда ол ақша шариғатта «жоқпен тең» деп бағаланады дейді. Олар мына қағидаға сүйенеді:
المشغول بالحاجة الأصلية كالمعدوم
Яғни, егер мүлік адамның тіршілігіне тікелей қажетке жұмсалуы тиіс болса, онда ол зекеттен босатылады. Алайда бұл пікір көпшілікке қарсы және мәзһабтың негізгі мәтіндерінде келген түсініктен алшақ.
Ханафи мәзһабының ғалымы Ибн Абидин бұл екі көзқарасты талдай келе, өз ұстанымын былай негіздейді:
فإذا كان معه دراهم أمسكها بنية صرفها إلى حاجته الأصلية لا تجب الزكاة فيها، لكن إن لم تكن مستحقة الصرف عند تمام الحول وجب إخراج الزكاة Егер адамның қолында белгілі бір негізгі қажеттілікке жұмсалуы тиіс деп ниет етіп ұстаған ақшасы болса – оған зекет парыз емес. Алайда, егер жыл толған сәтте ол ақша шынайы түрде сол қажеттілікке арналмаған болса, яғни нақты шығындалу міндеті туындамаған болса – зекет беруі қажет.
Яғни, тек ниет жеткіліксіз. Мүліктің зекеттен босатылуы үшін оның нақты түрде қажеттілікке арналуы, сол кезде соған жұмсалуы шарт. Қорытындылай келе: Үй алу мақсатында жиналған ақша, егер нақты түрде сол мақсатқа жұмсалуы бекітілмесе – зекет парыз. Мысалы, шарт жасалмаған, үй таңдалмаған, тек оймен сақталып тұрса – мүлік өсімге жарамды деп есептеліп, зекеттен босатылмайды. Бұл мәселе шариғаттағы мына қағидамен түйінделеді:
العبرة في الزكاة بحقيقة الحال لا بمجرد النية
Зекетке қатысты үкім – мүліктің нақты жағдайымен өлшенеді, құр ниетпен емес.

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ 10 КҮНІ құрметіне орай 📈 «Ислам және экономика» 💰 «Ислам және қаржы» атты авторлық эл.кітапшаларға 50%
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ 10 КҮНІ
құрметіне орай 📈 «Ислам және экономика» 💰 «Ислам және қаржы» атты авторлық эл.кітапшаларға 50% жеңілдік 🤩🥳 Байланысу үшін: Ерлер - @Turedin Қыздар - @Ifqaz 💳 Каспи/Халық/Фридом: 8 747 242 64 98 Абылайхан Т.

Қаржылық сауаттылықтың мақсаты
📈 Қаржылық сауаттылықтың басты мақсаты – табыс пен шығысты дұрыс басқару арқылы қаржылық тұрақтылыққа жету. Ислам тұрғысынан қаржылық тұрақтылық тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілу ғана емес, сонымен бірге харамнан аулақ болу арқылы Алланың ризашылығына жету.
Қаржылық тұрақтылықтың маңыздылығы
Харамнан сақтану: Риба, құмар ойындар және басқа да харам жолдардан аулақ болу. ✅ Зекет пен садақа беру: Табыстың бір бөлігін мұқтаждарға бере алатындай дәрежеге жету. ✅ Отбасын халал жолмен қамтамасыз ету. ✅ Қарыздан аулақ болу: Қарыз – мұсылман үшін ауыр жүк. Қаржылық тұрақтылық арқылы қарызға кіруден сақтануға болады. ✅ Болашақ күтпеген жағдайға дайындалу.

Байлық пен қанағат
Көп адамдар қаржылық тәуелсіздікті байлыққа жету деп түсінеді. Алайда Исламда байлықтың мағынасы тереңірек: ол тек материалдық игілік емес, сонымен бірге ішкі қанағат пен Алланың ризашылығына жету.
Исламда байлық деген не?
Байлық – Алланың берген нығметі. Оны дұрыс пайдалану – мұсылманның міндеті. Нағыз байлық – бұл жүректегі қанағат. Артық дүние жинауға емес, Алланың бергеніне шүкіршілік етуге мән беріледі. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген: "Нағыз байлық – бұл дүние мүлкінің көптігі емес, нағыз байлық – бұл жүректегі қанағат." (Бұхари, Муслим)
Байлық пен қанағаттың айырмашылығы
1. Байлыққа ұмтылу – харам емес, егер ол халал жолмен келсе және зекет пен садақа берілсе. 2. Қанағат – бұл азға разы болу, бірақ кедейлікті қабылдау емес. 3. Байлық – сынақ. Байлық адамды жақсылыққа немесе жамандыққа жетелеуі мүмкін. Мұсылман үшін ең дұрысы – байлық пен қанағаттың арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Дүние жинауға ұмтылғанда жүрекке қанағат орнатып, табыстың бір бөлігін садақа мен зекетке жұмсау – нағыз қаржылық тәртіптің белгісі.

КІРІСПЕ
🤔Қаржылық сауаттылық деген не және ол не үшін маңызды?
Қаржылық сауаттылық – бұл жеке қаржыны тиімді басқару қабілеті. Ол табыс, шығыс, жинақ, инвестиция және қарыз сияқты негізгі қаржылық аспектілерді түсінуді қамтиды. Қаржылық сауаттылық адамның өз ақшасын саналы түрде басқаруына, болашаққа жоспар құруына және күтпеген қаржылық қиындықтардан қорғануына көмектеседі.
🌙 Ислам тұрғысынан қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы:
✅ Дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау – бұл аманат. ✅ Харамнан аулақ болып, халал табыс табу. ✅ Жинақ пен инвестиция арқылы болашаққа дайындалу – отбасы мен ұрпақ алдындағы жауапкершілік. ✅ Қарызды уақытылы қайтару.
💰 Неге қаржылық сауаттылық маңызды?
✅ Қаржылық тәуелсіздікке жетуге көмектеседі. ✅ Қарыздан құтылуға және оны болдырмауға үйретеді. ✅ Жинақ жасау мен инвестициялауды үйретеді. ✅ Табыс пен шығысты теңгерімді ұстауға көмектеседі. ✅ Отбасылық қаржыны дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.

ХАБАРЛАНДЫРУ
Ин ша Аллаһ, ертеңнен бастап күніне 2 пост шығатын болады. Таңертең шамамен 8:00-10:00 арасында Ислами фильтрмен қаржылық сауаттылық және экономикалық жаңалықтар тақырыбында, ал кешкі 18:00-20:00 арасы әдеттегідей кітап бойынша тақырыптар шығады. Бұл ойға қалай қарайсыз? Басқа қандай ұсыныстарыңыз бар? 👍 - жақсы идея 🤔 - керек емес

Ассалаумағалейкум, құрметті бауырлар! Баршаңызға Рамазан айы мүбәрак болсын 🌙🙂 Тілеген дұға-тілектеріңіз, жасаған амал-құлшылықтарыңыз қабыл болсын 🤲🏻 🌙

УАҚФТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ
(2/2 бөлім) 🌐 Омар رضي الله عنهم уақфты мемлекеттің кірісін және экономикалық қуатын арттыру үшін қолданған. Ол мұсылмандардың басшысы болып, жаңадан жауланған жерлерді жауынгерлерге олжа ретінде бөліп бермей, барлық мұсылманға уақф ретінде қалдырды. Бұны "Егер Ирак пен Шам жерін барлығына бөліп берсек, онда шекараны қай қаражатқа қорғап, жетім мен жесірлерге нені қалдырамыз?" деп түсіндірген. Уақф — кедейлік және ауру-сырқау сияқты қоғамдық мәселелердің шешімі болуы қажет. Зекетте шарттарды сақтау керектігі сияқты, уақфта да сондай мәселелерді ескеру керек. Мысалы: қайырымдылық уақф бай немесе (өз қолымен табыс таба алатын) күші жетіп тұрған адамға берілмеуі. Егер уақфқа шамадан тыс қатынас жасалса, онда бұл тоқырауға (застой) алып келеді. Мысалы: бір кісі уақфқа деп жер телімін беріп, бірақ уақф басқарушылары ол жерді игере алатындай шамада болмаса, онда ол жер текке тұрып қалып, ақысы толық өтелмеген болып саналады. Сондықтан уақфқа берілетін мүліктің өзін оңды-солды шашуға болмайды.

УАҚФТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ
(1/2 бөлім) 🌐 Уақф — қайырымдылық әрі экономикалық әрекеттерді қамтитын жоба. Бұл жобаны назыр, мутауалли, қайим сияқты адамдар басқарады. Олар уақф мүлігінің сақталуын, одан түскен пайданың тиісті жерге жұмсалуын қамтамасыз етеді. Уақф түрлері: — қайырымдылық: бұндай уақф аты аталып тұрғандай тек қайырымдылық мақсатқа жұмыс жасайды. Соған сәйкес, одан түскен пайданы да тек қайырымдылыққа жұмсау қажет болады. — қоғамдық инфраструктура: жол, көпір, бөгет, су қоймасы, асхана, қонақ үй және т.с.с. — денсаулық сақтау: аурухана, емхана, дәрі-дәрмек және т.с.с. — білім (қабілет): мектеп, университет, ғылым ордасы, кітапхана және т.с.с. Алайда бұндай уақфқа қойылатын шарт — адамзатқа пайдалы діни әрі дүнияуи білім беруі қажет.

УАҚФҚА ҚАРСЫ ПІКІРЛЕР
1️⃣ «Уақф мүлікті қолдануға шектеу қойып, экономикалық тоқырауға (застой) ұшыратады. Оданда сол қаражатты айналымға (оборотқа жіберсе, көбірек пайда болар еді» Иә, экономикалық тұрғыдан айналымға жіберу көбірек пайда береді. Алайда уақфты тек экономикалық обьект ретінде қабылдамауымыз керек. Жоғарыда айтылған тезис бәлкім уақытша уақф-қа айтылса жөн болады, алайда ұзақ мерзімді уақф та қоғам үшін үлкен пайда әкеледі. 2️⃣«Уақф белгілі бір тараптың меншігі болмағандықтан оған тән тиесілі көңіл бөлінбей, уақыт өте келе құндылығын жоғалтады» Иә, жеке меншікті басқару қоғамдық меншікті басқаруға қарағанда оңайырақ. Алайда әрбір мүліктің өз функциясы және қолдану аясы болғандықтан, бұл тезисті жалпы ортаға ала алмаймыз. Сонымен қатар, қазіргі заманда мүліктің иесіне қарағанда мүлікті жалдаушы тарап жақсырақ қарым-қатынас жасайтындығын көреміз. Және соңында қосарымыз, уақфтың иесі - Алла. Ал Ол басқарушылардың ең жақсысы. 3️⃣ «Уақф өзіне тиесілі болған топқа зиян тигізіп, оларды жалқау қылады» (яғни оларды асырайтындығына үйреніп қалады) Бұны тек уақфтық садақаға емес, кез келген садақа түріне қолдануға болады. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ "садақаны бай адамға және күш-қуаты бар сау адамға беруге болмайды" деген¹. ¹ Абу Дауд, 1634-хадис

УАҚФТЫ ЖАЛҒА БЕРУГЕ БОЛАДЫ МА?
🌐 Негізінен көпшілік ғалымдар уақф мүлігін ұзақ мерзімге жалға беруді дұрыс емес деп санаған¹: «тұрғын үйді немесе сауда орнын - 1 жылдан артық, егістікті - 3 жылдан артық мерзімге жалға беруге болмайды²». Себебі экономика тұрақсыз заманда, ұзақ мерзімді келісімшарттар белгісіздік (ғарар) тудыруы мүмкін. Сондықтан бұндайдың алдын алу үшін қолданылған шара. Сонымен қатар ұзақ мерзімге жалға берудің келесідей негативті факторлар бар: 1️⃣ Жалға алушы тараптың сипаты. Яғни оның құзыреті жоқ (некомпетентный) адам иемденуі мүмкін. Одан бөлек уақф иесі қайтыс болса, адамдар уақфтың иесі деп жалға алушы тараптың ойлап қалуы мүмкін. 2️⃣ Төлемнің құнсыздануы. 3️⃣ Төлемді есептеу қиыншылықтары. ¹ ибн Абидин, Хашия, 4-т., 408-б. ² Ахмад ибн Ибраһим, Муамалят, 344-б.

УАҚФ ШЫҒЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
1️⃣ Уақф құрушысының мүлкінен 2️⃣ Уақф берілген тараптың мүлкінен 3️⃣ Уақфтан түскен пайда 4️⃣ Басқа уақфтан түскен пайда 5️⃣ Осындай мақсатта ашылған қордың мүлкінен 6️⃣ Түскен пайдадан жиналған қор 7️⃣ Уақфтың (қалған бөлігін қамтамасыз ету үшін) бір бөлігін сатудан түскен пайда 8️⃣ Уақфты жалға беру (толығырақ келесі постта) 9️⃣ Қайырымдылықтан түскен пайда 1️⃣0️⃣ Уақф атынан қарыз алу

УАҚФТЫ АЛМАСТЫРУ (ЗАМЕНА)
⚠️ Мысалы: уақфтың ғимараты балалар үйі ретінде қолданылып, бірақ уақыт өте келе балалар үйіне қажеттілік туындамай қалса, осы ғимаратты сатып, балалар үйіне мұқтаж басқа өңірде ашуға болады ма деген сынды сұраққа жауап. 🌐 Алмастыру (ауыстыру) - мүлікті сақтау жолдарының бірі. Уақфтың сақталуы соған берілген мүліктің сақталуына байланысты. Алмастыру - уақфтың қолдану мақсатын сақтайды, бірақ сыртқы бейнесін емес. Сондықтан бұл жерде ғалымдардың бірнеше көзқарасы бар. Бір топ ғалым алмастыруға түбегейлі қарсы болса, басқа топ өте қатаң шарттарды сақтау арқылы рұқсат еткен. Екінші топтың пікірінше, егер уақф ешқандай пайда әкелмесе ғана ауыстыруға болады, бірақ пайда әкелетін мақсатта ғана. Бұл мәселеде қатаңдық танытқан адамдар уақф мүлігін тоздырмайтындай немесе барынша әдеппен қолдануды көздеген болса керек. Одан бөлек алмастыру кезінде уақф мүлігі өзінің әуелгі қалпына жоғалтып, тіпті жеке меншікке кетіп қалуы мүмкін деген көзқарасты ұстанды. Ал жеңіл көзқараста болғандар, уақфтан барынша көп пайда алынғанын қаласа керек.

Толықтырылды

УАҚФ
(2/2 бөлім) 🌐 Уақф-ты қолдану иелігіне уақыт шектеулігін қоюға болмайды. Сонымен қатар, уақф ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікті беруге болады. Кейбір ғалымдар уақф ретінде ақшалай қаражатты қарыз ниетімен және мудараба үшін беруге де рұқсат еткен. Уақф басқарушысы бекіткен шарттар міндеттілігі жағынан Шариғи үкім іспеттес. Яғни оның қалауы болмайды, бәлки оның айтқаны Шариғатқа қарсы болмаса ол орындалуы тиіс, ал егер Шариғатқа қарсы болса онда оның сөзі қабылданбайды (орындамауға болады).