en
Feedback
köleñke

köleñke

Open in Telegram

Адам айналасына Аллаһ үшін пайдалы боламын деп ниет еткен кезде, Аллаһ айналасын ол үшін пайдалы етіп қояды✨ Кері байланыс үшін: @kollenke_bot

Show more
548
Subscribers
No data24 hours
-67 days
-830 days
Posts Archive

бұл өмір көңіліңді қалдыра береді. көңіліміз не нәрсеге байланады, сонымен жаралай береді. тіпті бұл дүниенің уақытша екендігі де соны айтып тұр. мәңгілік емес, мәңгі өмірге азық жинау үшін берілген уақыт. бұл төрт қабырғаға қамалып отыру деген сөз емес. өмір сүр, қателес, қайта тұр. тек адамға, мекенге, бұл дүниенің уақытша қызығушылықтарына байланба.

бұл өмірде біз - жолаушымыз. ал жолымыздың жалғыз жолбағдары - Құран.📖 жолда кездесетін қиындықтар мен уақытша аялдамаларға алданып қалмай, мақсатына нық болған жан ғана өз межесіне жетеді. Сол себепті жүрек бағытын жоғалтпасын, жолаушы табандылық танытсын. Себебі сапардың ең көркем көрінісі - соңында.🌿

“ақылым оқы дейді, нәпсім демал дейді, рухым Меккеге бар дейді. Үшеуін біріктіріп Меккеде демалып, оқу керек боп тұр” 📝Абылай ұстаз сторисінен

жаңа реакциялар қосып қойдым, қалай?☺️

Repost from N/a
Қадір түні алдағы түндердің бірінде болуы мүмкін, иншаАлла… Ендеше не істеу керек? 1. Әр түнде шынайы бір сәжде Әр түнде ұзақ бір сәжде жаса. Ол сәждеде маңдайыңнан бұрын жүрегіңді қой. Үлкен-кіші күнәларыңды есіңе түсіріп, олардың бәрі Сені жаратқан, ризық берген әрі қамқор Иеңе қарсы жасалғанын сезін. Жүрегіңді өкінішке толтыр да, Алладан оларды кешіруін, жасыруын және тәубеңді қабыл етуін жалбарынып сұра. 2. Кешірім сұрауды көбейт Ешбір түн мына дұғаны қайта-қайта айтпай өтпесін: «Аллаһумма иннәкә ‘афуввун тухиббул-‘афуа фа‘фу ‘анни» (Уа, Алла! Расында Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Ендеше мені кешіре гөр). 3. Аз болса да садақа бер Әр түнде бір садақа жаса, тіпті аз болса да. Өйткені Қадір түніндегі садақа – жай ғана садақа емес; ол мың айдан қайырлы түнде берілген садақа. 4. Әр түнді Қадір түні секілді өткіз Бұл түндерде түнгі намазды (қиямул-ләйл) қалдырма. Кімде-кім Қадір түнін иманмен әрі сауап үміт етіп құлшылықпен өткізсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі. Қай түн екенін болжаумен әуре болма; әр түнді сол түн деп қабылда. Бәлкім, ол ешкім күтпеген бір түн болар. 5. Раббыңды іштей еске ал Раббыңды ішіңде қорқыныш пен үмітпен, кішіпейілділікпен зікір ет. Өйткені: «Тазарып, Раббысының атын еске алып, намаз оқыған адам, расында, құтылды». Сондай-ақ бір адам жалғыз қалып Алланы еске алып, көзінен жас аққаны жайлы хадисті еске ал. Ал бұл – Қадір түні болғанда қалай болмақ! 6. Алланың разылығын, жәннатты және тозақтан құтылуды сұра Алладан разылығын, жәннатын және тозақтан азат етуді көп сұра. Өйткені Рамазанның әр түнінде Алланың тозақтан азат еткен құлдары бар. 7. Отбасыңды да жақсылыққа шақыр Отбасыңды оят, бірге намаз оқыңдар, бірге дұға қылыңдар. Бәлкім, Алла мейірім сәтінде сендерге назар аударып, араларыңдағы бір шынайы дұғаның берекесімен барлығыңды кешірер. 8. Жүрегіңді алаңнан сақта Бұл түндерде артық сөзді, бос араласуды азайт. Жүрегіңді толық құлшылыққа арна. Ешнәрсе осы сағаттарды ұрлап кетпесін. Егер бір нәрсе сені ашуландырса – сабыр ет, егер бір іс ойыңды бөлсе – оны кейінге қалдыр. 9. Құранға үлес бөл Бұл – Құран түні. Түндеріңді Құран оқумен және оны терең ойланумен толтыр. Оны жүрегіңмен оқы. 10. Бұл түннің мағынасын есіңде ұста Дұғаларыңды мұқият таңда. Бәлкім, бұл тағдырың өзгеретін түн болар: қайғы – қуанышқа, таршылық – кеңдікке, күнә – кешірімге айналатын түн. Сондықтан бұл түнді басқа түндер секілді өткізіп алма. Тек өзің үшін ғана емес, отбасың, жақындарың, достарың үшін де дұға жаса. Елің мен үмбетің үшін де дұға ет.

Рамазанның соңғы 10 күндігі🌙 жыл сайын бұл қасиетті айдың бара-бара тез өтіп жатырғанын байқайсың, кеше ғана басталып жатырған секілді еді, енді міне соңғы күндеріне де келіп жатырмыз💔 бұл күндерде Қадір түні жасырылған, Раббым баршамыздың құлшылықтарымызды қабыл етсін 🤲

Алла – шексіз мейірімді ғой. Күнәларың кешірілсін деп Рамазанды сыйлады. Егер 30 күнді толық құлшылықпен өткізе алмасаң, соңғы 10 күнінде ерекше ықыласты бол деді. Оған да шамаң жетпесе, тым болмаса бір түнді құлшылықпен өткізуің үшін Қадір түнін нәсіп етті. Ал оны да құр жіберіп алсаң, кемшілігіңді өтеу үшін пітір садақаны бекітті…

книги делали её счастливой📖
книги делали её счастливой📖

مَّنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا فَلِنَفۡسِهِۦۖ وَمَنۡ أَسَآءَ فَعَلَيۡهَاۗ وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّٰمٖ لِّلۡعَبِيدِ Кімде-кім жақсылық жасаса, өз пайдасына, сондай-ақ кім жамандық жасаса, өз зиянына. Раббың құлдарына әсте зұлымдық жасамайды. 📖 Фуссиләт, 46-аят

Жүрек кімге тиесілі екенін ұмыта бастағанда, уайым көбейеді.

түн сен туралы түк айтпаса, әлеуметтік желіде сен жайлы айтылып жатырған нәрселерден не пайда?! қашан біз Алланың алдында өсуді уайым қыламыз? қашан біз Оның Разылығына ұмтыламыз?💔 ©️ Ерлан Ақатаев ұстаз

Аузың кеуіп, қатты шөлдегенде суға қалай асығып, оны аңсайсың – дәл солай жүрегің де Құранды аңсасын. Құранға деген махаббаты
Аузың кеуіп, қатты шөлдегенде суға қалай асығып, оны аңсайсың – дәл солай жүрегің де Құранды аңсасын. Құранға деген махаббатың, шөлдеген сәттегі суға деген ықыласыңнан да артық болсын.

26.02💌 осы арнаны ашқаныма 4 жыл болыптыы, уақыт қалай тез өтеді🥹

«Аллаға мақтаулар болсын! Біз Ол үшін санаулы сағат қана ораза ұстаймыз, ал Ол бізге бірнеше жылдардың күнәларын кешіреді😢». ©️шейх Ғанзи

не деген жаңалық бұл💔😍 алып үлгергендеріңіз бар ма?)
не деген жаңалық бұл💔😍 алып үлгергендеріңіз бар ма?)

осы жазбамды көріп, көзіме жас келіп отыр😭💔 альхамдулиллааһ

لَبَّيْكَ ‌اللَّهُمَّ ‌لَبَّيْكَ، ‌لَبَّيْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ، لَا
لَبَّيْكَ ‌اللَّهُمَّ ‌لَبَّيْكَ، ‌لَبَّيْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ، لَا شَرِيكَ لَكَ🤍

Repost from Beisenali Olzhas
Ер мен әйел үйдің соғыс аланы емес екенін түсіну керек Неке сәтсіз болса, кім жеңді, кім жеңілді деген сөз болмайды. Не екеуі бірге жеңеді немесе бірге жеңіледі Әдһам Шарқауи