cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Абылай Кенжалы

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Show more
Advertising posts
36 068
Subscribers
+16824 hours
+4867 days
+2 45630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

1992 жылды емес, құдды бір дәл қазіргі уақытты дәлме-дәл сипаттағандай болды.
Show all...
👏 1
Біз – соңғы жетпіс-сексен жыл аралығында адамзат өмірінде сан ғасырлар бойы қалыптасқан сана-сезімнен, наным-сенімнен адалану, мінез-құлық пен іс-әрекет мизанын мансұқтау, мәңгүрттену бағытында тәрбиеленген ұрпақпыз. Дін бізге басымызды айналдыратын апиын ретінде, озықтық атаулыға бөгет ретінде, ескіліктің қалдығы, кешегінің кесірі ретінде ұғындырылып, оның тәрбиелік тағылымдарынан, рухани тазалықты талап етер шарттарынан ат-тонымызды ала қаштық. Дінсіздік, құдайсыздық мақтанға айналды. Сөйтіп жүріп өзіміздің құлқымыз бұзылғанын, адал мен арамды айыра алмас кем ақыл, көн жүрек, көрсоқыр бола бастағанымызды білмей қалыппыз. Әр нәрсенің күнгей және көлеңкелі жағы болатыны сияқты, діннің де рухани дәру болар дәрмені, дүниәуи қару болар қуаты, адамгершілік пен ақиқатқа бастар пәрмені барлығына мән бермедік, көңіл қоймадық, сөйттік те одан бірбеткей безіне бердік. Бұрынғының бәрін талғаусыз тәрік етіп, жаңаның бәріне талғамсыз тәнті болдық. (Мұхтасар 1992 жыл, Алғы сөз)
Show all...
244👍 39🔥 15👏 12💯 10😭 8 2
Адамды аздыру үшін ең алдымен оны сенімінен айыру керек. Ешнәрсеге, ешкімге сенбейтін адамнан жаманшылық атаулының бәрі де шығады. Адамды тоздыру үшін үміттен айыру керек. Сенімі семген, үміті үзілген, тауалы қайтқан адамның тілеуі де кесілген. Оның бойында күші де болмайды, оңға басар ісі де болмайды. (Мұхтасар 1992 жыл, аударған Ә. Жәмішұлы)
Show all...
277👍 47😭 27🔥 7👏 5💯 4🤯 1
Осы арнада күн сайын 15-20 жазба жазуға болады. Бірақ ол кезде сөздің құндылығы азаятыны рас. Арна құдды бір еш оқылмайтын газет секілді боп қала ма деймін)
Show all...
👍 489 184😭 86💯 74👏 24🔥 5 3
«Кімде-кім мешітке келсе, Аллаға қонақ болып, Оны зиярат еткені. Расында, кез келген үй иесі өз қонағын құрметтеп, оған үйіндегі бар жақсылығын беруге даяр”. [ Хадис, ибн Хиббан📚 ] Алла Тағала өз қонағын сый-сыяпатсыз қалдырмайды🤍
Show all...
540👍 83😍 46🔥 21😭 16🤯 5 2
Бір курс яки кітаптың прогреві сияқты кетіп жатыр ма?) Ондай ештеңе жоқ. Жәй анда-санда осылай шығарып тұрамын😁
Show all...
👍 238 105😁 59🔥 18👏 8😍 2
“Әйелдеріңмен көркем мәміледе болыңдар”. ( хадис) Әйел – табиғаты мүлде бөлек жаратылыс. Саған қызық болған тақырып, қоғамдық проблема, экономика, фильм, хобби түрлі нәрселер оған да қызық болуы қажет деген қағида жоқ. Осы бір сөзді жақсы ұғыну қажет. Жұбайыңның табиғаты, ойлауы, сезімдерін жеткізуі мен қызығушылықтары да сенен тым бөлек екенін терең түсіне біл. Әйел мен ердің арасында туындайтын жанжалдың басты себебі осыда. Ер адам әйелдің болмысы мүлде басқа екенін толық ұғынбаған. Дәл солай, әйел де ердің болмысы мүлде басқа екеніне толық иланбаған. Екеуі бір-біріне өз қызығушылықтарын тықпалаумен әлек. Бұл мүмкін емес нәрсе. Тіпті бір үйде тәрбиеленіп, бір нанды бөлісіп жеген туған бауыр қыз бен ұлдың өзі өсе келе табиғаты бір-бірінен мүлде бөлек адамдарға айналатынын білесің ғой! [Конспект📚]
Show all...
413👍 89 16🔥 10👏 8💯 8
Кеше бір кофейняда тапсырысымды күтіп отырғанымда бір кітапты көзім шалып қалды. Алғашқы сөйлемін оқып-ақ өзіме жеткілікті инсайт алдым. Контекст былай: «Кімде-кім өзін дұрыс басқаруды үйренбесе, қол астындағыларды еш уақытта дұрыс басқара алмайды». Джон Б. Отбасы, бала-шаға, қол астыңдағы қызметкерлер, тіпті шәкірттеріңді де дұрыс басқара алмаудың құпиясы осында. Ең алдымен өз өміріңді дұрыс жүйелеуді үйрен.
Show all...
665👍 152👏 35😍 30🔥 20
Соңғы кітапшаларға ақша аударып, әлі чек жібермей жоқ боп кеткен кісілер осында жазыңыздар) t.me/pdf_kitaptar Осы чатқа жіберіледі.
Show all...
👍 32 25😭 2
Ең алғаш түскен бес аят. Бұл бес аятта ғылым-білімге қатысты бес сөз қолданылды. Сол бесеудің екі сөзінде “оқы!” деп бұйырылса, қалған үш сөзінде “қаламмен жазуды үйретті, білмегенін үйретті” деп айтылды. Бұл дін – ғылымның діні. ©️Шейх Әдһәм әл-Ғасими
Show all...
828👍 92😍 31💯 25😭 21🔥 19👏 8 3🤯 2🎉 2