en
Feedback
köleñke

köleñke

Open in Telegram

Адам айналасына Аллаһ үшін пайдалы боламын деп ниет еткен кезде, Аллаһ айналасын ол үшін пайдалы етіп қояды✨ Кері байланыс үшін: @kollenke_bot

Show more
548
Subscribers
No data24 hours
-67 days
-830 days
Posts Archive
Адамдардың назарынан жасырын бол, сонда саған Алланың назары түседі. Олардың мақтауы мен қошеметінен сақтан, сонда Раббың саған көңіл бөледі. 📖 тәжул-арус

Зәмзәм суын ілімді болу үшін іштім. Алла соған сай ілім берді. Әттең, ықыласты болу үшін ішкенімде еді. ©️Имам Шафиғи

Бағытын білген адамға жол қорқынышты емес.

Құран жаттаушы шәкіртке хат Бұл жол – жеңіл жол емес. Бұл жолда жалғыздық та болады, түсінбеушілік те кездеседі, шаршау да келеді, кейде тіпті өз-өзіңе деген күмән да пайда болады. Бірақ дәл сол сәттерді сен жай ғана қиындық деп емес, Алланың сені тәрбиелеп жатқан сәттері деп түсін. Себебі Құран – кез келген адамға берілетін аманат емес. Ол жүректі таңдайды. Егер сен осы жолда жүрсең, демек Алла сені таңдады. Ал таңдалған адам әрқашан сыналады. Ешқашан өзіңді басқамен салыстырма. Әркімнің жолы бөлек. Біреу тез жаттайды, біреу баяу, бірақ ең маңыздысы – тұрақтылық (истиқама). Кішкентай болса да күн сайынғы қадамың – үлкен жетістік. Бүгін бір аят болса да, ертең тағы бір аят. Осылайша сен бір күні толық Құранды жүрегіңде алып жүретін адам боласың. Есіңде болсын: Қиындық – тоқтау белгісі емес, ол өсу белгісі.

Аллаға апарар жолдарды айттық, енді оған амал ететін кісі бар ма?! 📖 тәжул-арус

- Алла сізді осы жерге ең әуелі Өзі үшін әкелді.

бұл кітапты оқып отырып көзге жас алмау мүмкін емес, “йа Аллааа, субханАлла” деумен болдым😢 бұл кітапты жоғары бағалаған ғалым Туртуши (Алла оған разы болсын) былай деген екен: «Бұл еңбекті оқып, мінезін кемел қылған адамға таң қалмаймыз. Алайда кітапты оқи отырып, мінезін кемеліне келтіре алмаған кісіге таң қаламыз»

Сен өзіңнің шамаңа қарай салауат айтасың. Ал Алла Тағала Раббылық дәрежесіне сай сауап береді. 📖 тәжус-арус

Алла Тағала сенің Оны жақсы көретін құл болғаныңа емес, Өзі сені жақсы көрген құл болғаныңа разы болады. Ал сүйген мен сүйіспеншілікке бөленгеннің арасы - жер мен көктей! 📖 тәжул-арус

Алла Тағала қайсыбір пендеге Пайғамбарға еру есігін ашса, бұл - Алланың оны жақсы көретінінің белгісі. 📖 тәжул-арус

Құранға ғашықтарға - ғашық бол.

көп нәрсе жазғым келді, жүрегімде сақтауды жөн көрдім.🤍

😊
😊

Бауыр болса сенде қамал қорған бар, Дауыл соқса ық боп тұрар орман бар, Жылу табар құшағынан бауырдың, Мына өмірдің суығына тоңғандар.

Баршаңызға айт құтты болсын!🤍 تقبل الله منا و منكم🤍

Айт күні жасалуы керек ізгі амалдар: • Ғұсыл алу • Жақындарды құттықтау • Ең жақсы киіммен, хош иіс себініп мешітке бару (ерлер) • Айт намазына бармастан алдын 1-3-5 (тақ) құрма жеп шығу. • Садақа беру • Көңілді жүру🙂 Айт күні көңілсіз жүру – күнәлі амалдың бір түрі. Жүзіңдегі қуанышың білінсін🙌🏻🎉😍

1 жыл бұрын осылай жазған екенмін🥹 алғашқы тарауихын, алғашқы ауызашарларын қасиетті мекенінде өткізу нығметін Бұйырған Раббыма сансыз шүкірлер😭🤍

«Рамазанның алғашқы күні бір айлық ораза тым ұзақ секілді көрінеді. Алайда рамазанға қазір қарасаң, небәрі бір сағатта зымырап өте шыққандай». (Шейх Али әт-Тантауи жазбаларынан🔖)

Repost from köleñke
Рамазан айында өзімізді ояту мақсатында әрекет жасап тырысып жатырмыз ба, осы ояу хәлімізді қалған 11 айда ұстап қалу керекпіз. ©️Рабиға Төлебай

Repost from köleñke
Сіздің жүрегіңіздегі нәрсені Біліп, аузыңыздағы шығып жатырған дұғаңызды есту арқылы келесі тағдыр түнге дейін тағдыр жазылады. Сіз сұраған тағдыр, сіздің дұғаңыздағы тағдыр…